Қазақ тiлi пәніне тест сұрақтары. Сұрақ кітапшасы 35 нұсқа



бет3/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,73 Mb.
#4406
1   2   3   4   5   6   7   8

23. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.

A) Оқиға толық айтылмай тоқталса.

B) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.

C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.

D) Ой санамалап айтылса.

E) Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.

24. Төл сөздің жетпеген (қойылмаған) тыныс белгісін табыңыз.

Аты Төлеген екен, Жібегін іздеп жүрген көрінеді, - деп, күлісті құрбылары.

A) Үтір.

B) Дефис.

C) Қос нүкте.

D) Сызықша.

E) Нүктелі үтір.

25. Антонимді табыңыз.

A) Ақ - қызыл.

B) Көп - қыруар.

C) Бұзу - жөндеу.

D) Дос - жолдас.

E) Халайық - әлеумет.

26. Үстеудің қызметін анықтаңыз.

Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

A) Пысықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Анықтауыш.

D) Толықтауыш.

E) Баяндауыш.

27. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.

A) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.

B) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.

C) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.

D) Жарқ етіп шам жанды.

E) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.

28. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Екі қолын жылы суға салды.

B) Тәтем көршімен әңгімелесті.

C) Балаларға сыныпта секіруге болмайды.

D) Түс ауа жайлауға келдік.

E) Жандос қалада тұрады.

29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.

A) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?

B) –Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?

C) –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?

D) –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?

E) –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.

30. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Нүкте.

B) Қос нүкте.

C) Үтір.


D) Нүктелі үтір.

E) Көп нүкте.


9 нұсқа
1. Синоним сөзді көрсетіңіз.

A) Шын, өтірік.

B) Жаңбыр, дауыл.

C) Қарулы, нашар.

D) Оқулық, оқушы.

E) Құнды, бағалы.

2. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Кету.


B) Жүру.

C) Жету.


D) Секіру.

E) Қайту.

3. Зат есімді көрсетіңіз.

A) Өлең айт.

B) Осында.

C) Әдемі.

D) Білім.

E) Сұр.


4. “Дейін, шейін, таман” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.

A) Жалғаулық.

B) Септеулік.

C) Болжалдық демеулік.

D) Демеулік.

E) Шектік демеулік.

5. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.

Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.

A) Бірыңғай толықтауыш.

B) Бірыңғай анықтауыш.

C) Бірыңғай баяндауыш.

D) Бірыңғай пысықтауыш.

E) Бірыңғай бастауыш.

6. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Қара қой.

B) Ақ үй.

C) Бас штаб.

D) Жылқының.

E) Өмірінде.

7. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

A) - лар.

B) - кеш


C) - ым.

D) - лық


E) - шы.

8. Туынды сөзді көрсетіңіз.

A) Үсті.

B) Соң.


C) Қуырдақ.

D) Алыстан.

E) Қызғылт.

9. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

A) Ауылданбыз.

B) Табалдырық.

C) Санақ.

D) Сепкіш.

E) Кеншінің.

10. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

A) Әсемпаз.

B) Әлдеқайда.

C) Жайраңда.

D) Отыздарда.

E) Ешқайсысы.

11. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

A) Оқыды.

B) Салғыз.

C) Жалпаңдау.

D) Оқыған.

E) Бесеу.

12. Атаулы сөйлемді табыңыз.

A) Сайын дала.

B) Ауа желсіз екен.

C) Жарыс жалғаса берді.

D) Баламен ойнады.

E) Бізге уақытты ұту керек.

13. Құрамында бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай аталатынын табыңыз.

A) Сатылы бағыныңқылы.

B) Аралас құрмалас.

C) Көп бағыныңқылы.

D) Жарыспалы бағыныңқылы.

E) Көп басыңқылы.

14. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.

B) Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.

C) Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.

D) Білім адамның – қанаты.

E) Бозбаламын – мен де енді.

15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Жұт.

B) Қаралы.



C) Мін.

D) Ара.


E) Найза.

16. Терминдерге тән белгілерді табыңыз.

A) Көнерген сөздер болады.

B) Ғылым, техника салаларына телінген сөздер.

C) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер.

D) Жаңа сөздер болады.

E) Кәсіпке байланысты сөздер.

17. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Машина.

B) Мәдениет.

C) Добым.

D) Қамысбай.

E) Жанбады.

18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.

A) Алыс-жақын.

B) Үп-үлкен.

C) Қып-қызыл.

D) Балалы-шағалы.

E) Төбе-төбе.

19. Сын есім - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.

Еркін сабағын жақсы оқитын.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Анықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Толықтауыш.

20. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Әрең қозғалады.

B) Жолшыбай кездесті.

C) Әрқашан біргеміз.

D) Анағұрлым көп.

E) Елжіреді.

21. Сөйлемдегі сан есім қандай мағынада жұмсалып, сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз.

Еламан жеті-сегіздей балықшымен ұлы теңізге қарай беттеді.

A) Жинақтық, баяндауыш.

B) Топтау, пысықтауыш.

C) Болжалдық, анықтауыш.

D) Болжалдық, пысықтауыш.

E) Бөлшектік, толықтауыш.

22. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.

A) Ісің өнімді болсын, Қуат.

B) Алматы - Республиканың ең үлкен қаласы.

C) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.

D) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды.

E) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.

23. Қойылуға тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз.

Дауысты а дыбысы - жуан дыбыс.

A) Сызықша.

B) Нүктелі үтір.

C) Дефис.

D) Тырнақша.

E) Үтір.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

A) Елге мойнымды созам: көрінбейді.

B) Елге мойнымды созам- көрінбейді.

C) Елге мойнымды созам,- көрінбейді.

D) Елге мойнымды созам; көрінбейді.

E) Елге мойнымды созам, көрінбейді.

25. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз.

Бір шөкім …

A) тұз

B) бұлт


C) нан

D) шай


E) сөз

26. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.

Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.

A) Кеңк-кеңк етіп.

B) Түнеріп өтті.

C) Сұр жапалақ.

D) Қайта-қайта түнеріп.

E) Төбеден өтті.

27. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Малдың тұяғын да іске асыруға болады.

B) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді.

C) Артында қалған бір тұяқ бар еді.

D) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар.

E) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады.

28. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Мен оқыған кітап қызық-ақ!

B) Түн.

C) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.



D) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

29. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Розаның ’’Әлиясын’’бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.

B) Апасының ’’кішкенесі’’- 20 жаста.

C) ’’Шұға айныса, амалым жоқ,’’- деді Әбдірахман.

D) Өлеңдері ’’Жас Алашта’’ жарияланды.

E) Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.

30. Автор, шешеннің дәлелдеп қорғайтын түйінді қорытындысының атауын табыңыз.

A) Конспект.

B) Рецензия.

C) Аннотация.

D) Резюме.

E) Тезис.


10 нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A) Қара сиялы қалам.

B) Қисық бұтақ.

C) Қоңыр дауыс.

D) Білімді оқушы.

E) Қызыл гүл.

2. Дауыстылар ерін мен езудің қатысына қарай қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.

A) 8.


B) 3.

C) 4.


D) 1.

E) 2.


3. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Қазақтың тілі.

B) Құрбы-құрдас.

C) Ашудас.

D) Көкшіл.

E) Жезтырнақ.

4. Жалқы есімді табыңыз.

A) Қарлыға.

B) Дуадақ.

C) Қарға.

D) Сауысқан.

E) Тауық.

5. Топтау сан есімді табыңыз.

A) Екіден.

B) Қырыққа таяу.

C) Екі жарым.

D) Ондаған.

E) Алпыстай.

6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған

жалғауды табыңыз.

A) Hольден.

B) Бинокльінен.

C) Лагерьге.

D) Артельде.

E) Рульді.

7. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз.

A) Бейсембі.

B) Өнөр.


C) Күндүз.

D) Еңкею.

E) Жұлдұз.

8. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

A) Маған айтты.

B) Аяқ-табақ.

C) Айнашпен сөйлесті.

D) Жақсы жаман.

E) Үйдің іші.

9. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.

A) Жатырсың.

B) Жатырсыз.

C) Жатырмыз.

D) Жатырсыңдар.

E) Жатырмын.

10. мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.

A) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.

B) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.

C) Машина(мен) келдім.

D) Ықылас(пен) тоқылық.

E) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

11. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз.

A) Үшінші сынып.

B) Отыр екен.

C) Үйге келсем.

D) Қызыл сиыр.

E) Өзің үшін үйрен.

12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.

Мектепте алты жүз бала оқиды.

A) Сан есім.

B) Сын есім.

C) Есімдік.

D) Етістіктің есімше түрі.

E) Зат есім.

13. Қуанышты жасыруға болмайды.

Сөйлем түрін анықтаңыз.

A) Жақты.

B) Құрмалас.

C) Атаулы.

D) Жақсыз.

E) Толымды.

14. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен.

A) Ресми.

B) Ғылыми.

C) Публицистикалық.

D) Көркем әдебиет.

E) Ауызекі.

15. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.

A) Екпін.

B) Сингармонизм.

C) Дыбыс үндестігі.

D) Буын үндестігі.

E) Үндестік заңы.

16. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

A) Гүлге, ерге.

B) Қысқы, басыңқы.

C) Қызыл ала, үлкенірек.

D) Бермес, назар.

E) Кеше, бүгін.

17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.

A) Баршамыз.

B) Біздің.

C) Өзіміздің.

D) Бәріміз.

E) Қайсыбіреу.

18. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

A) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.

B) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

C) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.

D) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

E) Тәрбие тілден басталады.

19. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

A) Ыңғайлас.

B) Қарсылықты.

C) Түсіндірмелі.

D) Кезектес.

E) Талғаулы.

20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

B) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

C) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.

D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.

E) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

21. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз.

A) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.

B) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.

C) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр", - дейді.

D) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: "Өзіңе лайықты орын тауып отыр" дейді.

E) Шаhар әміршісі әл-Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.

22. Одағай сөзді табыңыз

A) Ахмет, Ержанды шақыршы.

B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.

C) Жарайды, тазалығыңа сендім.

D) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.

E) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

23. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты - жөндерінен кейін қойылатын белгіні табыңыз.

A) Нүктелі үтір.

B) Жақша.

C) Көп нүкте.

D) Қос нүкте.

E) Нүкте.

24. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.

²Қалауын тапса, қар жанар² деген мақал - үлкен философия.

A) Диалог.

B) Төл сөз.

C) Объекті етіп алынған мақал.

D) Объект етіп алынған сөз.

E) Дәйексөз.

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

A) Театрға жастар көп келді.

B) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.

C) Кеш көңілді өтті. Қателегімді кеш.

D) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.

E) Менің басым ауырды. Бас ауырса, дәрі ішу керек.

26. Антонимді табыңыз.

A) Соқтығыс - қақтығыс.

B) Маңдай алды - бетке ұстар.

C) Нәтижелі - жемісті.

D) Жомарт - сараң.

E) Жоламау - жуымау.

27. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

A) Күзем.

B) Немесе.

C) Жануарлары.

D) Алатау.

E) Сана.

28. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

B) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.

C) Шарасыздан айтқанға келісті.

D) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

29. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

A) Бала, бала деп құрақ ұшады.

B) Ескертуден қорытынды шығар, бала.

C) Келіп кеткен - сол бала.

D) Бала тілі - бал.

E) Бала, баланың ісі - шала.

30. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз.

A) Ежелгі-дос.

B) Турсун-заде.

C) Алты аласы-бес бересі.

D) Жүре-сөйлеу.

E) Микро-биология.


11 нұсқа
1. Көп нүктенің орнына қай дауысты дыбысты қойғанда бір буынды сан шығатынын белгілеңіз. Б…р

A) о.


B) ы.

C) ү.


D) і.

E) е.


2. Зат есім нені білдіретінін белгілеңіз.

A) Заттың мөлшерін.

B) Заттың санын.

C) Заттың атын.

D) Заттың сапасын.

E) Заттың қимыл-әрекетін.

3. Қатыстық сын есімді табыңыз.

A) Қызғылт орамал.

B) Орманды алқап.

C) Жап-жасыл жер.

D) Тәуірлеу қағаз.

E) Ащы дәм.

4. Есептік сан есімнің сұрағын табыңыз.

A) Нешінші?

B) Қаншадан?

C) Нешеу?

D) Нешеден?

E) Неше?

5. Тұйық етістікті анықтаңыз.

A) Көрсет.

B) Дәлелде.

C) Көмектес.

D) Түсіндір.

E) Шегелеу.

6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A) Сен менің оң қолымсың.

B) Қолды болып жүрме.

C) Ол қол ұшын берді.

D) Қолы жеңіл.

E) Қолыңды көтер.

7. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

A) Неге?


B) Бес-бестен.

C) Тәрбие.

D) Мін.

E) Құдірет.



8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

A) Шыбын - шіркей.

B) Бұлғақтау - бұралаңдау.

C) Көктем - жазғытұры.

D) Аштық - тоқтық.

E) Аға - әке.

9. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз.

A) Р,л,й,у.

B) М,н,ң,һ.

C) У,л,м,т.

D) Б,в,й,ж.

E) Н,л,г,ғ.

10. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.

A) м


B) с

C) а


D) т

E) в


11. “Ешқандай, ешқайдан” сөздері тән қатарды белгілеңіз.

A) Үстеуші есім.

B) Өздік етіс.

C) Белгісіздік есімдігі.

D) Болымсыз етістік.

E) Болымсыздық есімдігі.

12. "Мыс", "міс" - шылауларының мағынасын анықтаңыз.

A) Сұраулық.

B) Шектік.

C) Болжалдық.

D) Лептік.

E) Күшейткіш.

13. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.

A) Кезектес салалас.

B) Себеп-салдар салалас.

C) Ыңғайлас салалас.

D) Талғаулы салалас.

E) Қарсылықты салалас.

14. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

A) Сөйтіп.

B) Алақай.

C) Моһ-моһ.

D) Арман.

E) Айт.


15. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Тастай қатты.

B) Бейсенбай.

C) Айжан.

D) Сағындық.

E) Қырманнан қайтты.

16. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз.

A) Атты адам.

B) Кітап оқы.

C) Кеше келді.

D) Малды ауыл.

E) Ертең барам.

17. Мекен үстеуін табыңыз.

A) Ертең.

B) Сонша.

C) Былтыр.

D) Жоғары.

E) Жедел.

18. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.

Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.

A) Бірыңғай пысықтауыш.

B) Бірыңғай анықтауыш .

C) Бірыңғай бастауыш.

D) Бірыңғай баяндауыш.

E) Бірыңғай толықтауыш.

19. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер.

B) Жалқаулық аздырады; еңбек оздырады.

C) Жұлдыздар сиреп, түн қараңғыланды.

D) Қазытай өте орынды ақыл айтты.

E) Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы –ой.

20. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.

Сұрғылт тұман дым бүркіп,

Барқыт бешпент сулайды (Абай).

A) Есімше.

B) Ортақ етіс.

C) Көсемше.

D) Етістікке септік жалғауы.

E) Шартты рай.

21. Көп құрамды төл сөзді табыңыз.

A) Ыбырай Алтынсарин: «Кел, балалар, оқылық!» – деген.

B) – Дұрыстап көшіріп жаз! – деді Ушаков. – Сосын мына жерге іліп қой! – деді зілмен.

C) – Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.

D) «Биік мансап – биік жартас,» – дейді Абай.

E) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.

22. Қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын белгілеңіз.

Дайындалып келдім, айта алмадым.

A) Қос нүкте.

B) Нүктелі үтір.

C) Сызықша.

D) Дефис.

E) Көп нүкте.

23. Тырнақша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.

A) ’’Мемлекеттік Опера және балет театры’’.

B) ’’Арман’’ кинотеатры.

C) ’’Абай’’ романы.

D) ’’Алтын алқа’’ белгісі.

E) ’’Қазақстан әйелдері’’ журналы.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді табыңыз.

A) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу кұралы.

B) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа,жеткізу құралы.

C) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.

D) Жазу: белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.

E) Жазу белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы!

25. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Шөлейт.

B) Техника.

C) Шекара.

D) Шеше.

E) Аққу.

26. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.

A) Әкел.


B) Ешқашан.

C) Кейбір.

D) Мұратәлі.

E) Алатау.

27. Күрделі сөз қатысқан тіркесті табыңыз.

A) Зәулім ағаш.

B) Қара торы қыз.

C) Ағаштардың жапырақтары.

D) Торы ат.

E) Кеш суықтау.

28. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қонақ үйде әзілдесіп отырдық.

B) Мейіріммен сүйеді ол бар адамды.

C) Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім!

D) Толқыны тулаған көк теңіз.

E) Ана тілімізді қадірлеу- бәрімізге міндет.

29. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз.

Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

A) Тек қана қыстырма сөз.

B) Қаратпа сөз, жалғау.

C) Одағай сөз, қаратпа сөз.

D) Қаратпа, қыстырма.

E) Қаратпа, шылау.

30. «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.

A) Ахмет Югнаки.

B) Қожа Ахмет Яссауи.

C) Махмұд Қашқари.

D) Жүсіп Баласағұн.

E) Сайф Сарай.
12 нұсқа
1. Омоним сөзді көрсетіңіз.

A) Тайпа.

B) Ел.

C) Сөз.


D) Ат.

E) Салу.

2. Жалқы есімді көрсетіңіз.

A) Өзенді.

B) Ақылбай.

C) Гүлдер.

D) Ауасыз.

E) Таулы.

3. Дара сын есiмдi табыңыз.

A) Тұп-тұнық.

B) Жақсы-жаман.

C) Сары ала.

D) Биiктеу.

E) Қара күрең.

4. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

A) Он тоғызыншы.

B) Екі жарым.

C) Сегіз.

D) Жүздеген.

E) Төртеу.

5. Көсемшені табыңыз.

A) Жазып.

B) Жазба.

C) Жазған.

D) Жазбақ.

E) Жазар.

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.

A) Еңбек.

B) Адамгершілік.

C) Ерлік.

D) Достық.

E) Егіншілік.

7. Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, о, ө, е, ...

A) Ұ.

B) И.


C) Ы.

D) Ү.


E) Э.

8. Кейінді ықпалды табыңыз

A) Сауыншы.

B) Жұлдызша.

C) Ерлік.

D) Екеуміз.

E) Пәлеқор.

9. Туынды түбірді табыңыз.

A) Айтыс.

B) Аяқ.


C) Жеті.

D) Дос.


E) Жол.

10. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

A) Көріксіз.

B) Күз.


C) Кітап.

D) Қағазды.

E) Қашты.

11. Сілтеу есімдігін табыңыз.

A) Тақ, жүз, оқы.

B) Он, алтау, бір.

C) Бүгін, кеше.

D) Үйде, кеште.

E) Осынау, анау.

12. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

A) Жүйрік-ақ екен.

B) Сең үстінде кету.

C) Ақ көбейді.

D) Жаңбырдан соң.

E) Ойылға таман жылжу.

13. Еліктеудің қай түрі, анықтаңыз.

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

A) Дыбыстық.

B) Туынды еліктеуіш.

C) Дара бейнелеуіш.

D) Негізгі еліктеуіш.

E) Күрделі бейнелеуіш.

14. Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды табыңыз.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім …

A) Ж.Молдағалиев.

B) С.Торайғыров.

C) М.Дулатов.

D) І.Жансүгіров.

E) А.Байтұрсынов.

15. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.

A) Ашық.


B) Жіңішке.

C) Еріндік.

D) Үнді.

E) Езулік.

16. Дұрыс жазудың кепілі не, белгілеңіз.

A) Синонимдік сөздік.

B) Орфоэпиялық сөздік.

C) Терминологиялық сөздік.

D) Аударма сөздік.

E) Орфографиялық сөздік.

17. Қосарлама қос сөзді табыңыз.

A) Бақа-шаян.

B) Сұп-сұр.

C) Өзіне-өзі.

D) Медпункт.

E) Қайта-қайта.

18. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

A) Мен жазда келдім.

B) Алға қарай тез адымда.

C) Ол да барар.

D) Асанда кітап бар.

E) Жуырда келмекші.

19. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.

B) Саят өте еңбекқор еді.

C) Пайда, мақтан - бәрі тұл.

D) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы.

E) Ол да, ол тұрған село да жас еді.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет