Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар



Дата26.08.2017
өлшемі39,7 Kb.
#28002
түріСабақ
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы

Сөздік диктант № 1


Мақсаты

Оқушыларға сөздік диктант орындау барысында сөздердегі дауысты және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлап, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Міндеті

Оқушылардың сөйлеу тілі дамиды. Сөзді, мәтінді талдауды меңгереді. Сөздегі дауысты дыбыстардың біріңғай жуан немесе жіңішке болатынын үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Белсенділік, ауызбіршілік қасиеттер қалыптасады

Ресурстар

Оқулық, суреттер, сызбалар

Әдіс-тәсілдері

жеке-топтық жұмыстар

Сабақ жоспары

Сабақтың жүрісі

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


Ұйымдастыру


2 минут

Психологиялық дайындық

Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам. 
Жамандықтан жиреніп, 

Үлгі аламыз жақсыдан. 





Үй тапсырмасы


3 минут

Ережелер сұрау

Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үндесіп

айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды.

Сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.Оның себебі қосымшалар түбір сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғануын буын үндестігі деп атайды.








Негізгі бөлім



25 минут

Сөздік диктант

Теңіз, түлкі, ұйқы, айран, жеміс, өзен, үйеңкі, сазсырнай, тәуелсіздік, бейбітшілік,құмыра, құлпынай.

-жуан дауысты дыбысы бар сөздердің астын бір сызықпен, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздің астын екі сызықпен сызу.

Топпен жұмыс

1- топ: бейбітшілік, өзен

2- топ: тәуелсіздік, теңіз

3- топ: сазсырнай, құмыра

4- топ: құлпынай, үйеңкі

- сөздерге дыбыстық талдау жасау



Сөздік диктант

Сарыарқа, Сарыөзек, Жетіарал, жеті ешкі, жүре алмады, қала іші, сары аяз, алты ай, Қаракерей, қосшы

- сөздердің айтылуы мен жазылуында өзгерісті ажыратып жазу:

Айтылу Жазылуы

Сарарқа Сарыарқа

Сарөзек Сарыөзек

Жетарал Жетіарал

Жетешкі жеті ешкі

Жүралмады жүре алмады

Қаліші қала іші

Сараяз сары аяз

Алтай алты ай

Қарагерей Қаракерей

Қошшы қосшы


Топпен орындайды.

Алдымен сөздердің айтылуын, соңынан жазылуын жазу



Рефлексия

Сабақты бекіту

6 минут

Тапсырмаларды орындау барысында, ережелерді басшылыққа алдыңдар ма?

Буын үндестігі мен дыбыс үндестігін енді ажырата аласыңдар ма?


Сұрақ- жауап



Сабақты бағалау

3 минут

Жұмыстарын бағалау




Үйге тапсырма

1 минут

27-ж, ереже жаттау




Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Боранқұл орта мектебі

Нурекешова Тойган
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет