Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Мектептің әдістемелік тақырыбы



Дата21.04.2017
өлшемі73,25 Kb.
#14450
түріСабақ
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім мамұнын жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру құралы ретінде оқушы тұлғасының функционалды сауаттылығын қалыптастыру».

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қатысымдық , ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: «Оқушының бойына әлеуметтік орын табуға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді дамыту

Күні: 27.02.2017 ж. 11 сынып

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар»

Мақсаты:

Міндеттері:




Тілдік құрылымдар негізінде оқушылардың Қазақстан жеріндегі табылған

«Алтын адамдар» жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру.

Лексикалық тақырып аясында түйіндеме үлгісімен таныстыру.

Оқушылардың тілдесім барысында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Қазақ тіліндегі мәтін арқылы халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу.


Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» Алдаспан оқулығы

Жетістік критерийлері (күтілетін нәтижелер)

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): «Алтын адам» туралы ақпарат

береді, оны өзгелерге таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): өз сөзімен Алтын адамның тарихы

туралы сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында

сыныптастарымен «Алтын адам» туралы тілдеседі, қазақша сөйлеу

үлгілері арқылы диалог құра алады.


Негізгі түсініктер:

Шошақ төбелі, алқа, алтын бұйымдар әшекейлер, қорған,олжа, біздің дәуірімізге дейін, құйма алтын

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, плакат, маркерлер, аудиожазба, бағалау парағы


Оқыту әдістері:

Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс,

«Кроссенс» әдісі, постер, пікірталас, «Болжау» стратегиясы, ПОПС формуласы




Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздіктер


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушыныңіс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

амандасады

Өткен сабақты тексеру

Миға шабуыл. Қазақстан туралы сұрақтар қояды

(тілдік жаттығу) Алдыңғы сабақта өткен тақырыптарды еске түсіреді.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.


Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту

Қазақстанның тарихи ескірткіштері туралы білімдерін бекіту мақсатында үй жұмысы тексеріледі.

Критериалды бағалау арқылы бағаланады

Кроссенс технологиясы арқылы «Қазақстан» тақырып көлемінде сөйлемдер құрастырып, жаңа тақырыпқа түседі


Бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды

Алдынғы сурет пен келесі суретті байланыстырып сөйлемдер құрастырады.



ІІ. Мағынаны тану



Мәтіналды жұмыс

Емтханға дайындық мақсатымен «Алтын адам» туралы аудиожазба тыңдалып, тест тапсырмалары орындалады..



1. Түртіп алу әдісі арқылы мәтінді оқып, таныс емес сөздердің астын сызғызады.

1. Сөздікпен жұмыс.

А) интербелсенді тақта арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Түртіп алу әдісі арқылы аударылмай қалған сөздер болса, оларды аударады


4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Сынып үш топқа бөлінеді.

І топ – Бірінші «Алтын адам»

ІІ топ – Екінші «Алтын адам»

ІІІ топ – Үшінші «Алтын адам» туралы оқып, аударады, плакатқа түсіріп, әр қатар өз жұмысын тақтаға шығып қорғайды.



«Бағдаршам» әдісі арқылы бағдаршам түстері бойынша әр топ бір- бірлеріне сұрақтар қойып отырады.Қызыл түс- түсініксіз, сары түс сұрағым бар, жасыл түс – бәрі де түсінікті.


Тыңдалым.

Мәтінді тыңдайды, тест тапсырмаларын орындап, өздерін бағалайды.


Жазылым. Айтылым.

Оқылым. Сөздерді

орыс тіліне аударады,

мағынасына қарай

сәйкестендіреді.



Тыңдалым. Оқылым.

Айтылым. Мәтінді оқиды, негізгі ұғымдарды

табады, жаңалық болған ақпаратты дәптерлеріне жазады, талдайды


Оқылым. Айтылым.

Жазылым. Мәтінді

бөліктерге ажыратады,әр топ өз бөліктерін аударып,

өз сөзімен баяндайды;

Бір топ екінші топқа сұрақтар қойып отырады.



Ойтолғаныс


Мәтінсоңы жұмыс

А) Жазылым. Айтылым.

Мәтінннен сан есімдерді тауып астын сызып, олардың түрлерін белгілеу үшін, сан есімдерді қайталап шығады.

Ғаламтор желісіне жығып «е- ://learning бағдарлама бойынша оқушы алдын ала дайындап келген тапсырма орындалады.


В) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Тілдесім.

«ПОПС» формуласы бойыша оқушыларға өз ойларын айтқызадыі.Қорытынды пікір айтқызады.

  • Менің ойымша, ... »

• «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »

• «Осыған байланысты мен мынадай

қорытынды шешімге келдім ... »
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым.

Айтылым. Оқулықтағы

10-тапсырманы

орындатады.



Қолдану

Жағдаят:

Шетелде сенің досың бар. Ол саған қонаққа келмек болды. Қазақстанда “Алтын адам” табылғанын естіп, сеннен сол қазба туралы айтып беруін сұрады. Сен оған не айтар едің?




.

Оқылым. Жазылым.

Айтылым. Тілдесім.

Мәтінннен сан есімдерді белгілейді.

Ульяна дайындап келген «Сан есімнің түрлерін белгілеу» тапсырманы орындайды.


«ПОПС» формуласы бойыша оқушылар өз ойларын жеткізеді.Қорытынды пікір айта біледі.

..

Постер жасайды,



сипаттайды.
Оқушылар жағдаяттан шығу жолын айтады.

IV. Бекіту


Интербелсенді тақтада жазылған сөз тіркестерді Бірінші Алтын адам, Екінші Алтын адам, Үшінші Алтын адамға жататын сөздермен сәйкестендіреді.

Оқушылар берілген сөздерді интербелсенді тақтада сәйкестендіреді

V. Бағалау


Формативті бағалау. Мұғалім

оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.



«Ішкі және сыртқы

шеңбер» техникасы

бойынша өзара бір-бірінбағалайды.


VI. Үйгетапсырма


  • Мәтінді әңгімелеу.

  • Жаңа сөздерді жаттау.

  • Шығармашылық  тапсырма: «Алтын адам» туралы эссе жазу.




Күнделіктеріне үй жұмысын жазады.

VII. Рефлексия


Суретте еттурағыш, сандық, қоқыс себеті іліп қояды.

Еттурағыш-білімдерін әлі толықтырып, білімдерін кеңейту керек.

Сандық – білім алдым, толықтырдым;

Қоқыс себеті – бұл білім керек емес



Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.

Каталог: uploads -> doc -> 12f1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f1 -> Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмұны
12f1 -> Ж Ұ мысд ә птер І 6б сынып оқушысы Пән мұғалімі: Адий Аманжол 2016-2017 оқу жылы Сабақ
12f1 -> Сабақтың мақсаты: а Білімділігі: Синтаксис тақырыбына толықтай тоқталып


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет