Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л. Оңалбекқызы Әдебиетті оқытудағы интербелсенді оқушы даярлау жолдары



Дата10.03.2017
өлшемі227,3 Kb.
#11242
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Оңалбекқызы

Әдебиетті оқытудағы интербелсенді оқушы даярлау жолдары

Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба алатын іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Ал әдебиет пәні мұғалімдерінің алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені абзал. Әдебиет пәні – жан-жақты ойлантудың, терең пікірдің пәні. Бұл пәннің ерекшелігі өзіндік ойлау мен өзіндік пікірді айта білуде жатыр. Сезім, эмоция,әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді. Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі» деп аталады. Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, ғылыми саладағы интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және педагогикалық интеграцияның формалары, түрлері мен әр түрлі бағыттарында көрініс табады. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейінде дерлік қолданылуы (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар) орын алуда. Электронды оқулықтар – техникалық құралдар (компьютер) арқылы көрсететін, көз алдына есту, көру арқылы өзіндік ой қорыта алудың бір түрі. Абай атамыз айтқандай, көріп,сезініп, тұшыну арқылы бойға алған материалды жинақтау.

Егер бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекіліктер үлкен рөл атқарса, орта буын үшін қызығушылықтары жан-жақты бола бастайды. Ал, оқытудың техникалық құралдары еске сақтауды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Олар алынған білімнің жарқын, маңызды сәттерін ажырата отырып, ұғымның бекітілуіне ықпал етеді. Оқытудың техникалық құралдары арқылы көрсетілетін ақпарат сапасы жаңа, ерекше, динамикалы, бейнелі контрастілі болғандықтан, оқушы зейінін еріксіз аударады. Компьютерлік бағдарламаны құру кезінде оны тек түсінікті ғана емес, сонымен бірге эпизодтары қызықты, монтажға, кадр композициясына күтпеген жағдайларды қиюластыру, ұлғайтып көрсететін нәрсенің аса әсерлі болуын, диктор дауысының, қатысушы кейіпкер сөздерінің және музыканың бір мезгілде әсер етуіне назар аударады, әрі материалдың еріксіз жадта сақталуына септігін тигізеді.

Қазақтың төл әдебиетін оқытуда компьютерді, электронды оқулықтарды қолданудың тәсілдері де әр түрлі: барлық топпен де, кіші топпен де, жеке оқушылармен де жұмыс істеу қиындық келтірмейді. Бұл мұғалімнің өз шеберлігіне тікелей байланысты.

Сондай-ақ М.Жанпейісова ұсынған модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияның мазмұны төмендегідей:

Мысалы бір блокты меңгертуде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:

Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.

М.Жанпейісованың оқыту технологиясы жаңа талаптарға сәйкес келеді, оқушыларды өзін-өзі жетілдіруге бағыттайды.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты бағдарламасын Шығыс Европа және Орталық Азия үшін ұсынып отыр. Бағдарламаның мақсаты – кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарауды үйрету. Бұл технологияда сабақтар құрылымы негізінен үш кезеңге бөлінеді деуге болады.

Бұл технологияның «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу жүйесі», «Венн диаграммасы» т.б. көптеген стратегиялары бар. Осы технология бойынша оқушылар:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жасағанда әсіресе, ұжымдық жұмыс істеуде оқушылар сыйластығы артып, пікір айтуға, шығарманың идеясын табуға, өз бетімен тұжырымдар жасауға үйренеді. Мен өзім қолданғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің артқандығын, жылдам шешім қабылдай алғандығын байқадым. Соның дәлелі ретінде мектепішілік «Жаңа технология сабақта» атты семинарда өткен үлгі сабағым болатын. Және сабақ өту барысында «Дебат» әдісінің тиімділігі жайында да айта кеткен жөн болар. Себебі, мұнда бір тақырыпқа екі көзқарас қалыптастыру, тиімділігі мен зияндылығы жайлы өз пікірлерін нақты дәлелдерімен (аргумент) көрсетеді. Және ізденімпаздыққа баулиды.



«Дебат»

«Венн диаграммасы»:

«Түртіп алу жүйесі»

Білемін

Сәйкес келмейді

Мен үшін жаңалық

Таңқалдым













Мінекей, әрбір сабақта баланы қызықтырып, оған дұрыс бағыт бере білуде, білім сапасын арттыруда, баланы ізденімпаз етуге жол сілтейтін бірден-бір әдіс – тәсілдер осылар деп білемін. Мұғалім әр сабақта оқушылар арасында, бағалау кезінде, рейтингісін шығарып отыру керек. Бала бұл сабақта мен неге кейін қалдым деп өз қателігін түзетуге талпынады. Әрине бағыт-бағдар беруші өзіміз боламыз. Қазақ әдебиеті – ананың сүті мен күннің нұрынан жаралған пән. Демек, ана сүті мен күн нұрынан жаралған пәнді сүйе білу, төл әдебиетімізді құрметтеу жолында ерінбей етуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 11,2004 ж

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 6 2008 ж

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 1,2009 ж

  4. «Ашық сабақ.Факультативті сабақтар» журналы №1,2009 ж

  5. Сарманов Е,Сапаров С. Сабақта жаңа технологияларды қолдану. Шымкент -2007 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Қалқаман, Көкенай, Әнет Баба әрекеттеріне баға беру.

Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, слайдтар, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, әдеп.

Сабақтың түрі: семинар сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,сахналық көрініс.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұлы Абайдың ізбасар інісі.

  2. «Қалқаман-Мамыр» тарихи хикая (мазмұндау, көрініс, талдау, жинақтау).

  3. Шығарманың композициялық құрылымымен жұмыс.

  4. Кейіпкерге баға беру.

  5. Бекіту.

1-кезең. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1. Балалар, қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім туралы кім не біледі?

2. Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: «Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген». Бұл пікір Шәкәрімдей дарынға халық тарапынан берілген әділ баға. Абайдай дананың ақындық дәстүрін заңды түрде жемісті жалғастырған. Ол өзі өмір сүрген күрделі кезеңнің ащы шындығын өз туындыларында тап басып суреттеген. Сол шығарманың бірі - өздерің мазмұнымен танысып келіп отырған «Қалқаман-Мамыр» дастаны.

2 кезең.


Мұғалім: Балалар, үйде поэманың мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғларға назар аударып, мазмұндап көрейік.

  1. Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар?

  2. Ал енді дастанда Мамыр бейнесі қалай суреттеледі?

  3. Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастыратын тосын оқиға болады. Кім айтады?

  4. Бастаңғы деген не?

  5. Келесі кезекті Қалқаман мен Мамырдың әңгімесіне кезек берейік. Екі оқушы рөлге бөліп, жырдан үзінді оқиды.

  6. Міне, балалар, Қалқаман мен Мамырдың арасындағы сырды таныдық. Бұдан нені түсіндік?

1 көрініс:

Әнет баба ойланып отыр.

Олжай: О қасиетіңнен айналайын, Әнет бабам! Қапы қалдық.

Әнет: О, құдайым. Өзің сақтай гөр. Жүрісің суыт, не хабармен келдің?

Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба?

Әнет: О,құдайым! Бір сорға душар қылайын дегенің бе? Түнде бір жаман түс көріп едім. Неге жорырымды білмей отыр едім. О,тоба! Артының қайырын бере гөр, Алла. Қайран ерім Қалқаманым, қателесесің-ау. Бітіспейтін іске кез болдың-ау, балам. Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?

Сосын Олжайға:

Уа,Олжай болар іс болды. Тобықтыға хабар қыл. Малды аямасын. Мәмбетейдің көмейін малмен тығығындасын.

Олжай: Құп болады, баба! Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткізейін.

2-кезең:


Мұғалім: Балалар, үйде поэманың мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік.

  1. Әнет баба, Мәмбетилерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар?

  2. Ал енді дастанда Мамыр бейнесі қалай суреттеледі?

  3. Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастыратын тосын оқиға болады. Кім айтады:

  4. Бастаңғы деген не?

  5. Келесі кезекті Қалқаман мен Мамырдың әңгімесіне кезек берейік. Ек іоқушы рөлге бөліп, жырдан үзінді оқиды.

  6. Міне балалар, Қалқаман мен Мамырдың арасындағы сырды таныдық. Бұдан нені түсіндік?

Көрініс. 1

Әнет баба ойланып отыр.

Олжай: О, қасиетіңнен айналайын, Әне бабам! Қапы қалдық

Әнет: О, құдайым. Өзің сақтай гөр. Жүрісің суыт, не хабармен келдің?

Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам, Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба?

Әнет: О, құдайым! Бір сорға душар қылайын дегенің бе? Түнде бір жаман түс көріп едім. Неге жорырымды білмей отыр едім. О, тоба! Артының қайырын бере гөр, Алла. Қайран елім Қалқаманым, қателестің –ау. Бітіспейтін бір тіке кез болдың-ау балам. Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?

Сосын Олжайға:

Уа, Олжай, болар іс болды. Тобықтыға хабар қыл. Малды аямасын Мәмбетайдың көмейін малмен тығындасын.

Олжай: Құп болады, баба! Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткізейін.

Көрініс 2

Қыз –келіншектер мен Мамыр келе жатады.

Бірінші қыз: Мамыр –ау, ауылға да келіп қалдың. Мына қырдың асты сенің ауылың

Екінші қыз: Иә, ауылыңды да сағынған шығарсың.

Мамыр: Иә, сағындым ғой. Қайран менің туған ауылым. Самал желіңді сағындым –ау. Жұпар аңқыған көк шөбіңді сағындым.

Жеңгесі: Иә, қарағым –ай! Қайтсін –ай, енді! Жүре ғой қарағым, үй жаққа.

Сол кезде қара киімді Көкенай шығады.

-Әй, қойшы бала, анау келе жатқан топ кімдер? Айт, Жаныңның барында.

Қойшы: Ол Мамыр көкем ғой, төркіндеп келе жатқан

Көкенай: Аһ, жүзі қара. Сенің құның бір оқ қана. Әй, ессіз, малғұндар. Былай кетіңдер, ана жүзіқараның қасынан. Былай тұрыңдар, егер өлгілерің келмесе. Қазір атамын, атаңа нәлет, жүзі қараны!

Мамыр: О, Алла жаным!

Көкенай қарғамаймые сені. Ақтық сөзімді тыңда. Менің тісім ақ. Жазығым тек Қалқаманды сүйгенім: Сенен өлер алдыңдағы ақтық тілегім. Қалқаманды өлтіре көрме. Обалына қалма жазықсыз жанның. Мойныңа бір қан жүктегенің жетер. Өлтіре көрме Қалқаманды.

Қалқаман қош, аман бол!

Мұғалім: Балалар, осы екі көріністен кімдердің бейнесін байқадыңдар? Әнет баба мен Көкенай бейнелерін «Венн диаграммасы» арқылы салыстырып көрейік.

Әнет баба Ортақтығы Көкенай



Мұғалім: Сонымен балалар жыр жыр оқиғасы немен аяқталады?

Мұғалім: Ал, балалар жыр өздеріңе таныс, енді шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайық.

Байланысты Дамуы Басталуы




Композиция

Шешімі Шарықтау шегі

Мұғалім: Балалар, жырдың композициялық құрылысы бойынша жақсы жұмыс жасадың. Енді кейіпкерлер тағдырына терең үңілейікші.

Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашып айтып мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық.



  1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғанын дұрыс дейсіңдер ме? Бұрыс дейсіңдер ме?

  2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? Теріс пе?

  4. «Егер мен Қалқаманның орнында болсам» шығарма жазу

Сабақты бекіту: Мұғалім пысықтау сұрақтарын қоя отырып, сабақты бекітеді және үйге тапсырма береді.

Үйге тапсырма: Ш.Құдайбердіұлының поэмаларын оқып келу.



Қазақ әдебиеті 11 «А» сыныбы

Пән мұғалімі: Л.Оңалбекқызы.

Сабақтың тақырыбы : С.Торайғыров. «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе, кейіпкерлер дүниесі, романның қазақ әдебиетіндегі маңызы мен ерекшелігіне талдау жасату,романға әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;



Тәрбиелік:

Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, достық қасиеттерін бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу



Дамытушылық:

Оқушының шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру,қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды саралай отырып,өзіндік өмірге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал ету



Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау, 5 жолды өлең, тұжырым кестесі,проблемалық сұрақ, автор орындығы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару

Саламатсыздар ма, балалар! (диалогтік сұхбат) Сіздерге бір сұрақ:

-Шәкірт үшін ең басты мақсат не және оқудағы басты мақсатымыз не болмақ?

-Ондай болса, сіздердей қара көздерді сауаттандыру мақсатында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болуды армандаған», аз уақыт өмірі ішінде еліне бай да мағыналы қазына қалдырған ақын туралы білетіндерімізді ортаға салайық!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С.Торайғыров. «Қамар сұлу» романы

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында сұрақ-жауап кезеңін жүргіземін.



С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ-жауап кезеңі:

  • Ақын өмір сүрген жылдар?

  • Ақынның біліммен сусындаған Білім Ордалары туралы баянда.

  • Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?

  • Ақын поэмаларын атаңдар.

  • Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?

  • «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?

  • «Айқап» деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?

  • Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?

  • «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?

  • Шығарма неліктен «Қамар сұлу» деп аталған?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны жағынан талдау жұмысын орындатамын.

Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.

1 -бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...»

2-бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары

3-бөлім. Күндестік оты жанғанда

4- бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет

5-бөлім.Қырын келген құдалық

6- бөлім. От ортасында ойрандалған Омар

7- бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар

8-бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі

9- бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар

ІҮ. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында 3 қатарға бөлінген топтар өзара сұрақ алмасады.

Ү. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында « Романнан алған әсерім» оқушылар ой бөліседі.

ҮІ. Жаңа сабақ.

-Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің

іс-әрекетіне қарап, жан-жақты ой саралап көрейікші.



ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.

1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай -күйлері қалай берілген? Әңгімеле

2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса

3. Нұрым- қандай адам?

4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?

5. Сол замандағы бақсы-балгерлердің іс-әрекеті романда қалай берілген?



ҮІІІ. Проблемалық сұрақ. Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде ? Неліктен «қатігездік-надандық белгісіне» саналады?

Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.



ІХ. Тапсырмалар. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.

-Мына шумақтардан қазақ қызына тән қандай қасиеттерді көруге болады?

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай?!

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай?!

Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай?!

Жұп-жұмсақ бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай?!

Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі онан асып.

Өзгеден сып-сыпайы Һәм сүйкімді ,

Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.

Талайы бозбаланың болған ғашық,

Уай, шіркін!Болсайшы деп бізге нәсіп.

Егер де Қамарменен тіл қатысса,

Құдай ұрып жым болар қара басып.

-Үзіндіде кім суреттелген? Жазушы сөзінің мағынасын аш.

«Қан-жыны араласып қалған неме ғой, қия алмады. Қырық жылқы, он түйе, бес жүз сом ақшаға Қамардың сорын қайнатып, саудасын пісіріп қойды».

-Үзіндіде қазақ халқының қандай салт-дәстүрі бейнеленген?



Жазушы оны қандай бояумен,қандай әдіс-тәсіл арқылы жеткізеді?

«Уәделі күнінде басшы, қосшы, сауықшысымен сәулеттеніп, ілу-жыртыс, кәдені адам айтар емес мол қылып, көшкен елдей , пай шіркін , біздің ынтығып отырған болыс күйеуіміз де келіп қалды-ау!»



Х .Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Тұжырым кестесін» толтыртамын.

Кейіпкерлері

Адами қасиеттері

Іс-әрекеттері

Қамар

Ахмет


Омар

Жорға Нұрым

Оспан би

Қалтан қажы









ХІ.Ақын стилі мен шығарма тіліне талдау .Кейіпкерлер портретін қалай береді?

  • Қамар

  • Ахмет

  • Нұрым

ХІІ. Қ.Бітібаева әдістемесі бойынша шығарманы модельдеу жүргіземін

І бөлім.Шығарма тақырыбы:Әлеуметтік теңсіздік,әйел теңсіздігі

ІІ бөлім. Шығарма идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым

ІҮ бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер: Қалтан,Оспан, Қасен, Жәуке,Жұмабай, Бәтек молда

Ү бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм,жанры-проза, поэзия+проза

ҮІ бөлім. Шығармадағы монологтерді тапқызу.

Ахметті сүйемін-ақ,сүйгенім үшін күйемін-ақ,

Ал енді шыдамадым... қараландым...

Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,

Қамар мені сүйді ме,сүйгендіктен күйді ме?...

  • Монолог кімдікі,қандай жағдайда айтылған?

ҮІІ бөлім. Шығарманың көркемдік ерекшелігі

ҮІІІ бөлім. Шығармадағы суреттелетін салт-дәстүр: Атастыру, қызды қалың малға сату, жар-жар, үшкіру, кәде беру

ІХ бөлім .Қолданылған мақал-мәтелдер:

«Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Кәріліктің алды жігіттіктің соңы», «арсызға алты күн мейрам», «Суға кеткен тал қармайды», «Теңі келсе, тегін бер», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді», «Бір тойған – шала байдық», «Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас», «Сокырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас», «Ит үрді, керуен көшті», «Бастан құлақ садақа».



Х бөлім. Кейіпкерлердің мінез-құлқы: Зұлымдық, іштарлық, ақпейілдік, үрей

ХІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:Указной молда,школа, шаһыбаз, чаходка,сүре

ХІІ бөлім. Шығарма құрылысы:

1. Басталуы: Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі;

2. Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауап;

3. Шиеленісуі: Олардың әлеуметтік жағынан сәйкес келмеуі,күндестікке толы ауылдағы өсек, қудаланған Ахметтің оқуға кетуі

4. Оқиғаның байланысы.Нұрымның әйелі қайтыс болуы, Нұрымның Қамарға кісі жіберуі

5. Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы



6. Шешімі: Ахметпен кездесуі, өлімі

Х. Жаңа сабақты қорыту мақсатында «Егер мен Қамардың орнында болсам, қиындықты былай жеңер едім» немесе «Егер мен жазушы болсам...» тақырыбында ойтолғау жазу.

ХІ.Қорытынды. Барлық ойды түйіндеу, оқушыларға ой тастау

Ойтүйін. Қашан да әділеттіліктің жаршысы болыңдар!

ХІІ. Бағалау

ХІІІ. Үйге тапсырма:

1.Шығармаға дайындық. «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі

2.Шығармадан қалауы бойынша үзінді жаттау



Оңалбекқызы Ләйла С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

11-сынып. Қазақ әдебиеті.

Сабақ тақырыбы: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша қайталау сабағы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Балаларды еркін сөйлеуге, өз ойын түгел жеткізе білуге, сөз мәдениетіне, тіліне, Отанға деген махаббатын, құрметін ояту, сүйіспеншілігін арттыру, төл тарихын таныту.

Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, ғылымға қызықтыру, сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, тіл өнері мен тарихы арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қалыптан тыс сабақ.

Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, «Көшпенділер» фильмі, буклеттер, сұрақтар жазылған конверттер.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. «Көшпенділер» филімін көру.

  4. Пікірталас өткізу.

  5. ҰБТ негізгі және таңдау пәндері бойынша сұрақтар.

  6. Сабақ қорыту.

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сыныпты сабаққа даярлау. Сабақ құрылымы 90 минуттан тұрады. Алғашқы 45 минутында 3 кітаптың жалпы мазмұнымен таныс боламыз.Электронды оқулықтан І.Есенберлиннің портреті көрсетіліп тұрады.

Кіріспе: «Кешегі тарихты оқымай, бүгінгі жас ұрпаққа дұрыс тәрбие бере алмаймыз. Тәрбиенің қайнар көзі, бастауы тарихымызда, тереңде жатыр. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызда теңізге құйған тамшыдай болса төл тарихымызды танысын деген ниетті ұстандым.»

Үй тапсырмасын сұрау: Үйге «Көшпенділер» трилогиясының құрамындағы 3 кітап: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарын оқып келу болатын. Қане, бірінші кітапта не жөнінде айтылған екен, оқып келген оқушыны тыңдайық. Арасында осы оқушы басқа оқушыларға сұрақтар қояды. Келесі кітапты оқыған оқушы мазмұнын айтады. Бұл оқушы да басқа оқушыларға осы кітаптағы қызықтырған логикалық сұрақтарын қояды. Үшінші кітапты оқыған оқушымыз да оқыған кітабында қандай оқиғалар орын алғандығын және сұрақтарын қояды.

Жаңа сабақ:

Үш кітапты да оқыдық. Ал, балалар сендер осы аттас фильмді көрдіңдер ме? Ал назарымызды экранға аударайық деп, фильмнен үзінділер көреміз. Фильмдегі болған оқиғалар кітапта бар ма, немесе кітаптағы оқиғалар түгел қамтылған ба деген сұрақтар қоя отырып, жауап аламын. Экранды өшіріп, ендігі кезекте «Егер де мен режиссер болсам...», «Егер де мен актер болсам...» деген тақырыпта шағын пікірталас өткізіп, балалардың пікірін тыңдаймын. Және осы пікірталаспен бірінші сабақты аяқтаймын.

* * * * * * * * * * * *

Қоңыраудан кейін балаларды таңдау пәндері бойынша отырғызамын. Содан соң алдарына бірінші кезекте қазақ тілі пәніне байланысты сұрақтарды конвертке салып тастаймын. Онда 145-беттегі парақта жазылған мәтін ішінен:



  1. Толықтауышты тап.

  2. Анықтауышты тап.

  3. Пысықтауышты тап.

  4. Бірыңғай мүшені тап.

Бұл тапсырма орындалған соң, математика пәні бойынша жалпылама сұрақ қойылады:

  1. Абылай ханның қанша әскері бар?

  2. Онда қанша түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы бар?

Бұл сұраққа дұрыс жауап берген бала бағаланады. Келесі сұрақ орыс тілі пәні бойынша болады:

  1. Алдарыңда қазақ тілі пәні бойынша берілген сұрақтардың орысша анықтамаларын айтып бер.

Келесі сұрақты қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі:

  1. Осы фильм мен кітаптағы оқиғалар қай жылдар аралығын қамтыды?

  2. Трилогияны жазуға негіз болған жылнаманы авторымен ата.

Ендігі кезекте таңдау пәндері бойынша сұрақтар беріледі:

Қазақ әдебиеті:

  1. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын атап өт.

  2. «...Өкінішім – үш жүздің басын қоса алмадым... Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой» деп өкініш білдірген кім екендігін табыңыз.

  3. «Көшпенділер» трилогиясының жазылу тілі.

Ағылшын тілі:

  1. «Көшпенділер» трилогиясы туралы ағылшын тілінде айтып бер.

Физика:

  1. Арақашықтық 1 шақырым деп алғанда, 10 минутта аттың шабу жылдамдығын анықта.

  2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын айт.

  3. Ньютонның заңдарын ата.Бірінші заңы инерция заңының ережесін айт.

  4. Күш дегеніміз не? Үшінші заңы мен формулаларын жаз.

  5. «Алма ағашынан алысқа түспейді» деген мақал қай заңға бағынады?

  6. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде қандай ағыс түрі сипатталған?

Биология:

  1. Қазақстанның өсімдіктер әлемі туралы не білесің?

  2. Жергілікті жерде қандай өсімдіктер өседі?

  3. Тастүлек дегеніміз не?

  4. Қанның биологиялық құрамы қандай?

  5. «Көшпенділер» трилогиясында сипатталған «Алмалық» шаһар бағының жемістерін ата.

  6. Өз өлкеңде өсетін дәрілік өсімдіктерді ата.Оларды қандай мақсатта пайдаланады?

  7. Өсімдік жасушасының құрылысын ата.

  8. Тірек-қимыл жүйесін ата.

  9. Қымызды неден жасайды, емдік қасиетін білесің бе?

  10. Ертедегі қазақтардың денсаулығы неге мықты болған?

  11. Жылқы малының ата-бабаларымыз үшін атқарған ролі қандай?

  12. Сексеуіл ағашының қасиетін ата.

Ал балалар сендердің ҰБТ-ға дайындық деңгейлеріңді көрдік. Енді қазақтың батырлары мен олардың өмірі мен қоғамдағы қызметі туралы жинаған деректеріңді тыңдалық деп тапқан мәліметтерін ортаға салады.

Сабақ қорыту: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, бүгінгі ұрпақ кешегі тарихын білмесе, елдігімізге сын болары хақ. Еліміздің ертеңі болар ұрпақтың алдындағы бір парызымызды өтеуді жөн санадым.

Үйге тапмсырма беру: «Көшпенділер» филіміндегі оқиғалар трилогиядағы оқиғалармен қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтап келіңдер.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет