Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда интерактивті оқыту технологиясының құрылымдық-жүйелік моделі



Дата18.03.2017
өлшемі91,07 Kb.
#11693
Сағатова Ш.Б.

филология ғылымдарының кандидаты

Қазақ экономика, қаржы, және халықаралық сауда университеті

Астана
Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда интерактивті



оқыту технологиясының құрылымдық-жүйелік моделі
Заманауи педагогика білім алушының оқуға, өзінің танымдық қуатын ашуға, жаңа білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу үдерісінің нәтижелі болуы оқытушының студентпен, олардың өзара бір-бірімен, әр студенттің оқытушымен, студенттің ұжыммен өзара қарым - қатынасына тікелей байланысты.

Оқыту әдістемесі дегеніміз не? Бұл – білім алушының ойлау қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін оқытушының білім алушылармен жүйелі жұмыс істеу тәсілі, сонымен қатар білімді және ептілікті меңгеруі, оны тәжірибеде қолдана білуі.

Педагогикада оқыту әдістерін топтастырудың бірнеше түрі бар. Дәстүрлі түрде оларды пассивті, активті (белсенді) және интерактивті (интербелсенді) деп үш топқа бөледі[1].

Пассивті – бұл оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекет ету формасы. Мұнда оқытушы негізгі әрекет етуші тұлға және сабақ үдерісін басқара отырып ұйымдастырушы, ал білім алушылар оқытушы нұсқауына бағынатын пассивті тыңдаушылар (орындаушылар) рөлін атқарады. Оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс түрлі сұрақтар, жаттығулар, бақылау жұмыстары, тест жұмыстары арқылы іске асады. Заманауи педагогикалық технология тұрғысынан алғанда, мұндай әдіс тиімсіз болып саналады. Сөйте тұра, артықшылықтары да жоқ емес. Ол оқытушының сабаққа оңай дайындалуына және шектеулі уақыт аясында оқу материалдарын көбірек беруіне мүмкіндік береді. Осы артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген оқытушылар басқа әдістерге қарағанда пассивті әдісті дұрыс көреді.

Активті әдіс – білім алушы мен оқытушының сабақ барысындағы өзара әрекеті арқылы іске асатын әдіс, мұнда білім алушылар пассивті тыңдаушысы емес, сабақтың белсенді қатысушылары болады. Пассивті сабақта негізгі әрекет етуші тұлға оқытушы болса, мұнда екеуі әрекет тұрғысынан тең дәрежелі болады. Бұл тәсіл демократиялық стильге негізделген. Негізгі жұмыс түрлері – шығармашылық тапсырмалар, білім алушылардың оқытушыға, оқытушының білім алушыларға сұрақтар қоюы, пікір алысуы.

Оқытудың интерактивті әдісі оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Мұнда оқытушы мен білім алушы оқу үрдісінің субьектісі болып табылады. Оқытушы ұйымдастырушы, топтың көшбасшысы, ақыл-кеңес беруші, білім алушының әрекет етуіне жағдай туғызушы қызметін атқарады. Білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмысын бағалауда, талдауда білім алушылар өздері жетекшілік рөл атқарады, сонымен қатар өздерінің тәжірибесіне сүйенеді. Оқытушы шығармашылық жұмыстарды орындау барысында тыңнан проблемалық жағдаяттар туғыза отырып, білім алушылардың таным белсенділігін арттыруды көздейді. Туындаған мәселе туралы білім алушылар өз пікірін, көзқарасын білдіреді және өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдей отырып, ойды жүйелі жеткізуге, өз ойын қорғай білуге үйренеді. Білім алушылардың жаңа білімі, шеберлігі осындай тәжірибе негізінде қалыптасады. Интерактивті оқыту білім алушыныңсанасына ғана әсер етіп қоймайды, олардың сезіміне, еркіне (әрекетіне, дағдысына) жағымды әсер етеді [2]. Сөйтіп, оқытушы білім алушыларды олардың өздерінің тәжірибесі негізінде баулиды. Ғалымдардың зерттеуі де интерактивті тәсілдер арқылы білім алушының оқу материалдарын жылдам меңгеретіндігін дәлелдеген.

Оқытудың интерактивті тәсілдері мынандай міндеттерді шешуге көмектеседі:

– әрбір білім алушының оқу материалын меңгеру үрдісіне белсенді араласуы;

– танымдық уәждемесін арттыру;

– табысты қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру (бірін-бірі тыңдай білу, сөйлесім құра білу, сұрақтар қоя білу);

– өзіндік оқу қызметінде дағдыларын дамыту: жетекші және аралық тапсырмаларды анықтау, өз таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу, оны объективті бағалау;


  • лидерлік қасиеттерін тәрбиелеу;

– топпен және топ ішінде жұмыс істей алу;

– біріккен және жеке қызметте жетістіктерге жетудің жауапкершілігін сезіну.

Оқытудың интерактивті әдістерінің көпшілігі бірнеше тәсілдердің күрделі өрілуі болып табылатындықтан оларды топтастыру өте қиын. Әдістің қандай да бір түрін таңдау бірнеше себептерге, нақты айтқанда сабақтың мақсатына, қатысушылар мен оқытушының тәжірибесіне, олардың өресіне байланысты. Сонымен қатар, мұндағы көптеген әдістердің атаулары шартты екендігін де айта кеткен жөн. Бір ғана атау бірнеше мағынаны білдірсе, кейде бір ғана әдіс түрлі атаулармен кездеседі.

Олар:


шығармашылық тапсырмалар;

– шағын топтармен жұмыс;

– ойындар (рөлдік, іскери, білімдік).

– сергітулер (сергіту минуттары немесе сәттері);

– туындаған мәселелердішешужәнеталқылау (жобалауәдісі, пікірсайыс, зерттеу);

– жаңаматериалдыигеружәнебекіту (білімалушыжаңа материалды түсіндіруші ретінде, көрнекіқұралдарменжұмыс, тәжірибелік сабақтар);

– әлеуметтікжобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер);

– қоғамдықресурстардыпайдалану (мамандардышақыру, саяхаттар немесе экскурсиялар ұйымдастыру).

Бұл әдістің басты шарттарының бірі – білім алушыларды топқа бөлу. Білімалушылардыоқутоптарынабөлудіңбірнешетәсілдері бар. Топ мүшелерініңтізіміналдын ала анықтап, іліпқоюғаболады. Білімалушылардытопқабөлудіңеңқарапайымжолы – «бір», «екі» сандарыменсанату. Бірсанынатағандарбіріншітопты, екі санына тағандар екінші топты құрайды. Сандардыңорнынатүстердінемесежылмезгілдерінт.б. атауғаболады. Ендібіржолыбілімалушылардыңкөзқарастары мен ұстанымдарыбойынша (өзқалауымен) құрауғаболады. Қажеттіуақытбойы топ құрамыныңтұрақтысақталуыбілімалушылардыңтоппенжұмысістеудежетістіккежетушеберліктеріншыңдайды. Интерактивтіоқытудатұрақты топ болмайды, оларүнеміауысыпотырады. Ал топ құрамыныңауысуыбарлықбілімалушыларғаәртүрліадамдарменжұмысістеугежәнеолардытануғамүмкіндікбереді. Топтықұраотырып, мынандайжағдайларғакөңілбөлген дұрыс: білімалушылардыңтоптықжұмыстыорындауғабілімі мен іскерліктерініңжететіндігінекөзжеткізу. Нұсқаулардымейліншеанықжасау керек. Оларды тақтаға немесе карточкаларға жазған жөн. Тапсырманы орындауға уақытжеткілікті болу керек. Тапсырманы басқа топтардан бұрын аяқтаған топтың немен айналысатынын да алдын ала ойластырған дұрыс. Бағалау және марапаттау тәсілдері топтық жұмысты қолдануға қалай әсер ететінін де ойлап қойған жөн. Топтың өз күшімен жеткен жетістіктерін топтық марапаттаумен қамтамасыз еткен дұрыс. Топішілік басқару мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Егер бір білім алушы топтың жұмысы туралы есеп берсе, оған әділ шешім жасалу керек. Топтың әр мүшесінің бір-бірінің құқығын қалай сыйлайтынына көңіл бөлінгені, бірігіп әрекет етуге тән жұмыс барысындағы шуларға дайын болған, шағын топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу нәтижесін ойластған дұрыс болады.

Сонымен қатар келесі жайттарды есте сақтаған жөн:

1. білім алушыларды тапсырма түрімен олар топқа бөлінбей тұрып таныстыру;

2. тапсырманың түсінікті екендігін білім алушылармен бірге талқылау;



3. топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіру.








Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері

1-сурет – Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері

Интерактивті әдістер жетістікке жетудің сенімді тәсілі болып саналады.

Білім алушылардың табысқа жетуіне жағдай жасау. Интерактивті оқыту – танымдық әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және болжанған мақсаттарды көздейді. Осындай мақсаттардың бірі – білім алушы өзінің табыстылығын, ой-өресінің қаншалықты биіктігін сезіне алатындай, оқуға жайлы жағдай жасау. Интерактивті оқытудың мәнісі – оқу үдерісін барлық білім алушыларды тәжірибелік тұрғыда таным үдерісіне жұмылдыратындай етіп ұйымдастыруда[3]. Білім алушылардың таным үдерісінде бірлесе әрекет етуі, оқу материалын меңгеруі бұл үдеріске әрқайсысының өзіндік жеке дара үлесін қосатындығын, білімдерімен, идеяларымен, әрекет тәсілдерімен бөлісетіндігін білдіреді. Бұл білім алушылардың жаңа білім алып қана қоймай, танымдық әрекеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі өзара қолдау жағдайында өтеді және бірлесу мен ынтымақтастықтың аса жоғары формасына айналады.

Қуаныш және оған бөлену сәтін күту білім алушының өмірі мен оның әрекетінде үнемі орын алуы тиіс. Тіпті ересек адамдар үшін де қуанышты сәтті күту – оның ісінің алға жылжуының қайнар көзі болып табылады. Қуанышқа адам табысқа қол жеткізгенде бөленеді және ол адамды қанаттандырады. «Дефицит радости познания порожден дефицитом радости преподавания» [4]. Сондықтан оқытушы әрекетінің мәні – әр тәрбиеленушінің табысқа жетуіне жағдай жасау. Олардың әрқайсысының өз табысына қуануына, өз мүмкіндігін сезінуіне, өзіне сенуіне мүмкіндік жасауы керек. Баланың табысқа жету жолындағы бір сәттік күйзелісі оның психологиялық көңіл күйін түп-тамырымен өзгертуі де, тұлғаның болашақ іс-әрекетінің, қиындықтарға қарсы күш-қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы да мүмкін.



Білім алушылардың тілді меңгеру қабілеті әртүрлі. Сондықтан оқытушы жеке деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. Топтық әрекетте артта қалмас үшін тілді жоғары деңгейде меңгерген білім алушылар білімі төмен достарына көмектеседі. Интерактивті оқыту технологиясы тілді меңгеруді бірігіп шешуді үйретеді. Сонымен қатар білім алушылардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Қазақ тілін интерактивті оқыту технологиясының дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы оқытушының шеберлігіне байланысты.
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі:

  1. Инновационные технологии. www. mgimo.ru.

  2. Қ. Қадашева. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми – әдістемелік

негіздері. Алматы, 2002ж.

  1. Ф.Оразбаева .Тілдікқатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы ,

2005ж.

  1. Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать? -М.: «Просвещение», 1991.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет