Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілінен үйірме жұмысын ұйымдастыру жолдары



Дата09.06.2017
өлшемі56,26 Kb.
#18312
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Елемесова Ж., - 117-13 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Молдалиева Д.Ә. – ф.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент



Резюме

В данной статье описываются приемы организации кружка казахского языка в школах с неказахским языком обучения.

Summary

In this article describes receptions of organization Kazakh language section with the Kazakh language teaching.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік т.б ұлт өкілдері оқиды. Бұл мектеп оқушыларында сабақ олардың өз ана тілінде жүргізіледі.

Қазақ тілінен ж.ргізілетін сыныптан тыс жұмыстар қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының өзекті бір бөлігі болып саналады. Сыныптан тыс жұмыс барынша жанданған кезде ғана оқушылардың қазақ тіліне деген ықыласы толық артады. Өйткені қандай бір пән болмасын бағдарлама бойынша берілген сағат мөлшерінде ол пәннен әрі білім беріп, әрі ол сабаққа деген қызығушылық арттыру мүмкін емес. Оқушылар сабақта алған білімдерін сабақтан тыс уақытта пән мұғалімінің ұйымдастырылуымен жүргізілетін түрлі үйірме жұмыстарында жалғастыруы керек [1].

Қазақ тілінде оқытпайтын мектеп оқушылары өздерінің күнделікті өмірде теледидар мен радиодан, газет-журналдардан қазақ тілін үйренудің қажеттілігі, мемлекеттік тілге деген құрмет жайында мәліметтер алуда. Осыған орай бұл мектептерде істейтін өз пәнін сүйген қазақ тілі мамандары өзге ұлт өкілдеріне осы пәнді үйретуде өздерінің бар білімін, шеберлігін ортаға салып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оны оңай жолмен меңгеруге жол ашып, «тілдік орта» жасауға оқушыларды белсене араластыруы керек деген [2].

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп-ақ. Олар: қазақ тілі үйірмесі, түрлі тақырыптық конкурстар, викториналар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер, ертегілер, санамақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер конкурстары, әңгіме, кештер, кездесулер, жазушыларға, композиторларға, өнер адамдарына арналған кештер, мерекелік кештер, достық, танысу кештері, қазақ тілі апталығы, қазақ тілі олимпиадасы, сонымен бірге газет, стенд шығару, альбом жасау, театр, киноға, саяхатқа бару, түрлі ойындар ұйымдастыру т.б. сыныптан тыс жұмыстарда шек жоқ [1].

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда көзделетін негізгі мақсат – «тілдік орта» жасау, оқушылардың тілін ұстарту, тілді практика жүзінде қолдануға жағдай жасау, қазақ тіліне деген құрметті арттыру. Сыныптан тыс жұмыстардың осы айтылған мақсатқа сай жүргізілуі пән мұғалімінен ұйымдастыру жұмысындағы аса шеберлікті талап етеді [2].

Ұсынылып отырған бұл жұмыста сыныптан тыс жұмыстардың ең өзектісі қазақ тілі үйірмесі жайында әңгіме болмақ. Бұл жұмыстың мақсаты қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде істейтін қазақ тілі мамандарына қазақ тілі үйірмесін ұйымдастыруда әдістемелік жол көрсетіп, мүмкіндігінше жәрдем беру.

Әдетте үйірме жұмысы айына екі рет жүргізіледі. Үйірме жұмысының жоспары оқу жылының басында мектептің әдістемелік бірлестігінде бекітіледі. Үйірме жұмысында тіл дамытуға байланысты барлық тақырыптарды қамту мүмкін емес. Сондықтан үйірме жетекшісі алдымен үйірменің бір жыл бойында жүргізілетін жұмысының негізгі бағытын, тақырыбын, мақсатын белгілейді. Мысал ретінде «Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлері» тақырыбында жүргізілетін үйірме жұмысын жоспарлап көрелік [2].

Мұндай тақырыпта жүргізілетін үйірме жұмысының мақсаты оқушыларды қазақ халқының мәдениетімен, тұрмыс-салт дәстүрлерімен таныстырып, білімін арттыру арқылы тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу, оқушылардың қазақ тіліне деген ықыласын арттыру. Үйірме жұмысының жоспарына кіретін тақырыптар да осы мақсатқа сай алынады. Әр үйірме сабағының мазмұны үш бөлімнен тұрады: 1) Тіл дамыту және әдепті сөйлеу үлгілері; 2) Ұлттық дәстүрлер. Ұлттық тағамдар; 3) Ұлттық ойындар.

Үйірме жұмысының қызықты өтуі жетекшіден де, оқушылардан да көп ізденісті талап етеді. Үйірменің ең алғашқы ұйымдастыру сабағында үйірме жетекшісі оның мүшелеріне үйірме сабақтарының тақырыптарымен таныстырып, әр оқушыға өзіне тиісті тапсырмаларды беріп, оны қай кезге қалай дайындайтынын түсіндіреді. Оқушылардың өз бетінше жүргізетін бұл жұмысына үйірме жетекшісі басшылық етіп, көмек көрсетіп отырады. Мысалы, оқушыларға қажетті әдебиеттер тауып беру, ол әдебиеттерден керекті материалдар алу және оны өз сөзімен айтып беру, не қысқаша әңгіме құрастыру [2].

Мысалы, жоспар бойынша, қыркүйек айында өтілетін үйірме сабағы «Менің отбасым» деген тақырып бойынша оқушылар өздерінің отбасы жайында әңгіме құрастырып, диалог жасап, осы тақырыпқа байланысты сөздік қорын молайтады. Өз жанұясы, не болмаса еліне қадірлі, еңбегі сіңген белгілі адамдардың отбасы, өмірлері, еткен қызметтері жайында мәліметтер әкеліп, оны өз сөзімен айтып береді.

Бұл тақырып бойынша оқушылар өздеріне белгілі «ана, ата, әке, әже» т.б. сөздерден басқа «аға, іні, қарындас, әпке, сіңлі, көке, жеңеше» т.б. сөздермен танысады. Осы сабақта жоспар бойынша «Қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздары» деген тақырыпта игеріледі. «Отбасы» тақырыбы бойынша оқушылар ауызша сөйлеп үйренсе, енді «Қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздары» деген тақырып бойынша оқушылар мұғалімнің оқушылардың осы сабаққа алып келген қазақтың оюларымен, үй жиһаздары жайында мәліметтермен танысады. Оюдың негізгі түрлері: қошқар мүйіз, сынық мүйіз, арқар мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз, түйе табан т.б. болып аталатынын оқушылар біліп қана қоймай, оларды сурет дәптеріне салып та үйренеді. Ал үй жиһаздарына келетін болсақ, олар: алаша, аяққап, бөстек, кебеже, сандық, сырмақ, текемет, тұскиіз, жүкаяқ т.б. Оқушылар үй жиһаздарының атқаратын қызметімен танысып, жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, оны дұрыс айтып үйренеді. Қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздары жайында сөз еткенде әңгімені жергілікті өлкетану мұражай материалдарымен байланыстырған жөн [2].

Әр үйірме сабағы ойын үйренумен аяқталады. Қыркүйек айының бұл үйірме сабағында «Айгөлек» ойынын үйрену жоспарланған. Бұл сабақта оқушылар «Айгөлек» ойынын жүргізу әдісімен танысып, сөздерін жазады да, мұғаліммен бірге ойнап үйренеді [3, 4].

Келесі екінші сабақта енді тіл дамыту, жоспар бойынша, әдепті сөйлеу үлгілерімен жүргізіледі. Мысалы, «Сәлемдесу», «Қоштасу» т.б. Мұғалім сөйлеу үлгілерімен таныстырып болған соң, оқушылар оны рөлдік ойындар барысында игереді. Оқушылар сәлемдесу мен қоштасу жалпыға белгілі түрлерімен яғни, «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?» деген қарапайым түрлерімен ғана танысып қоймай сонымен бірге басқа да «Кеш жарық» - «Добрый вечер», «Қайырлы таң» - «Доброе утро», - «Қош келдіңіз» - «Добро пожаловать» т.б. түрлерін айтып үйренеді [1].

Жүйелі түрде ұйымдастырылған үйірме жұмысы өз нәтижесін де беретіні сөзсіз. Әр үйірме сабағында оқушылар қазақ тілінен жан-жақты қызықты деректер алып, білімін байытып қана қоймайды, сонымен бірге сөйлеуге үйренеді, яғни тілін дамытады. Осылай үйірме сабағы мұғалімнің шеберлігімен ұйымдасқан қызықты әңгіме сабағына айналуы керек.

Үйірме жұмысының нәтижесі мейрамдарда ашық үйірме сабағы ретінде сахна ойынын көрсету арқылы, түрлі әдеби монтаждарды, кештерді, конкурстарды т.б. ұйымдастыру арқылы көпшілік жұртқа таратылады. Әсіресе, Республика күнін тойлағанда, Наурыз мейрамдарында, қазақ тілі апталығын өткізгенде, қазақ тілі олимпиадасында білім сайысына түскенде үйірме жұмысы өз нәтижесін көрсетеді. Үйірме жұмысы оқушыларды тек қана қызықтырып, білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа баулиды, адамгершілікке, тілді құрметтеуге тәрбиелейді.

Қорыта келгенде, тіл үйірмесінің жұмысы, әсірісе мектебіндегі қазақ тілі үйірмесінің жұмысы, осылай жан-жақты жоспарланып, түрлі қызықты материалдармен қамтамасыз етіп, оқушыларды барынша қызықтырып ұйымдастырғанда ғана өз мақсатына жетеді.



Орыс мектебіндегі қазақ тілі үйірмесі – осы мектептерде оқитын түрлі ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудегі бірден бір қажетті сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыс. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі сабағының сапасы қазақ тілі үйірмесі жұмысының дұрыс жолға қойылып, өз дәрежесінде жүруімен анықталады десек артық болмас.
Әдебиеттер:

  1. Ысқақ Б. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар. – Шымкент, 2014, -160б.

  2. Молдалиева Д., Жұмалиев О. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінен кластан тыс жұмыстар. – Алматы, 1988

  3. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1993

  4. Арутюнов А.Р. Игровые задание. – Москва, 1984

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет