Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған


Жұмыс дәптерінің спецификасы



бет2/5
Дата25.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#8069
1   2   3   4   5

Жұмыс дәптерінің спецификасы:

1.Тақырыбы: Қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арналған тапсырмалар топтамасы.

2.Мақсаты: Арнайы дайындалған тапсырмалармен жүйелі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы үлгерімі төмен оқушыларға материалды меңгерту.

3.Міндеттері:1.Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын көтеру.

2. Қазақ тілі пәнінен оқушының білім деңгейін анықтау.



4. Тапсырмалар мазмұны: Тапсырмалардың қиындығы әр тақырып бойынша үш деңгейде беріледі, мемлекеттік стандарт негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай бағыттағы тапсырмалардан тұрады. Бірақ бала үлгерімі ескеріліп, тапсырмалар міндетті түрде үлгісімен, бір-екі дұрыс жауабымен жалғастыру мақсатында беріледі.

5. Тапсырма жоспары: Әр сабақта 3 тапсырмадан орындайды.

6. Күтілетін нәтиже:
1. Қазақ тілі пәнінен меңгерілуі қиын материалды міндетті деңгейде үйреніп шығады.
2. Жекелей берілген тапсырмаларды орындау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасы артады.
3. Сауатты жаза алатын, сөздік қоры молайған оқушы тәрбиеленеді.

1-сабақ.

1 тапсырма

  1. У дыбысының қай сөзде дауысты, қай сөзде дауыссыз етіп екіге топтастыр.

Ауа, тау, улы, айту, дауыс, тоқу, оқу, отау, сауысқан, егеу, керуен, сурет, елу, зәулім, сатушы, сусын, келу.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Оқушылар сер..енге шықты. 2. Қонақтардың қолына с... құйды. 3. Олар қолдарын ж...ды. 4. Қымыз – шипалы с...сын. 5. Аш...дастың емдік қасиеті көп.

2 тапсырма

  1. Сый, тый және бұлардан таралған сөздер құрастыр.



Сый






Тый






























  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Күр...к, Ақт...бе, өск...ле..., күнд...з, ұз...н, үск...р...к, жұлд...з, түй...нш...к, күңг...рт, бүт...ндей, құм...рсқа, қ...лақ, алаб...ға, б...лб...л, м...хит, ала...ай, та...ертең, к...тер...л...п.

3 тапсырма

  1. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз:

Еңбекті... на... ы тәтті, Жалқауды... жа... ы тәтті.

  1. Ңғ, нг,ңг әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.

Жауы(ңғ, нг)ер, се(нг, ңғ)іш, бұры(нг, нғ, ңғ)ы, ша(нг, ңғ)ы, ә(ңғ, ңг)іме, үзе(нг, ңғ, ңг)і, қара(ңғ, нғ)ы.

2- сабақ.

1-тапсырма.

Сөздердегі дауыссыз дыбыстарды дөңгелет.
Үтір, нүкте, сызықша, тырнақша, жол, оқиға, сабақ, парақ, тақырып, мәтін.

2-тапсырма.

Төмендегі шарттарды орында

а)Жуан және жіңішке буынды сөздерді тап

ә) Қатаң,ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап

б)Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат
Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім. Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым. Аспаннан күн сәулесі түскенде, сен оны аппақ жарық ретінде көресің. Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл,қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түсті болады.


3-тапсырма.

Төмендегі сөздермен сөйлем құрастыр.
Үлгі: Мен бесінші сыныпта оқимын.
Екінші, жаңа, қызыл, барамын, ертең.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3-сабақ.
1-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.


  1. Аяғын, басады, әрең, құлыншақ

  2. Адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп.

  3. Үйлер, көрінді, биік, алыстан.

  4. Бар, кітаптар, қызық кітапханада.

2-тапсырма.

Сөйлем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма? Жақшаны ашып, дұрысын жаз.

1.Түскі тамаққа кешік(пе). 2. Орталыққа кеткендер келіп(пе). 3. Айтқанды түсіндің(бе). Қараңғыға қал(ма). 4. Күн суытты(ма). 5. Әрқашан қатарыңнан қал(ма). 6. Қосымша сабаққа қалды(ма).




3-тапсырма.


Берілген сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.

Ернардың жазуы әдемі. Әнші болсам ба екен? Менің туған жерімнің табиғаты сұлу. Мен көк аспанға самғайтын ғарышкер болғым келеді.





4-сабақ.

1-тапсырма. Ашық буынға 10 мысал келтір.Ол жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады. М: а-на.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.

Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).




3-тапсырма. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз.

Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.

Кім?

Не?


Кімдер?

Нелер?




Каталог: soch37 -> wp-content -> uploads -> sites -> 130 -> 2015
2015 -> Бастауыш сыныптарға арналған құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың өздігінен танып білу дағдыларын дамыту» Абдрахманова Б. М. «Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебі «Жастары білімді елдің жүзі жарық
2015 -> Қарым-қатынаста жетістікке жету 1-сабақ: Мақсаты
2015 -> 11 – сынып оқушыларына Ұбт-ға дайындалу мақсатында ұйымдастырылған тренинг жаттығулары мен кеңес берулері Мақсаты
2015 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрліп павлодар қаласы білім беру бөлімі
2015 -> Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет