Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы



Дата15.09.2017
өлшемі152,93 Kb.
#33499
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы
Аға оқытушы: Нурекешов Т.К. Магистрант: Гапуов А.Е. Магистрант: Алиханұлы Е. Магистрант:Тілеубекова Н.Т.
Правовые основы алиментных обязательств: история и современность

Вопросы предоставления содержания одними членами семьи других ее членов актуальны для любой правовой системы на любом уровне ее развития; законодательство о внутрисемейном содержании обычно входит в систему семейного законодательства и напрямую зависит от уровня развития экономики государства и от тех функций, которые государство берет на себя, регулируя отношения в семье.

Нормы алиментных правоотношений составляют один из самых важных семейно – правовых институтов.

Алиментные обязательства известны еще Римскому праву. Такое обязательство носило название «алиментарного обязательства» — обязательства содержания.


Legal frameworks of alimentary obligations: history andcontemporaneity

The questions of grant of maintenance are actual one familyof other her members members for any legal system at anylevel of her development; a legislation aboutвнутрисемейном maintenance is usually included in thesystem of domestic legislation and straight depends on thelevel of development of economy of the state and from thosefunctions that the state undertakes, regulating relations infamily.
Norms of alimentary legal relationships make one of mostimportant domestically - legal institutes.

Alimentary obligations are known yet to the Roman law.Such obligation carried the name" of alimentary obligation" –obligation of maintenance.

Алименттік міндеттемелердің құқықтық негіздері: тарихы мен қазіргі жағдайы

Алименттік міндеттеме Рим құқық саласына тән. Мұндай міндеттеме «алименттік міндетеме» -«міндетеме мәні» деген мағына білдіреді. «Бірге тұрып өмір сүру билігінен босатылып, туысқандық қандық қатынастың бар тұлғалар арасындағы бірін-бірі күтіп бағу қаражатымен қамтамасыз ету байланысы алименттік міндеттеме деп аталады».

Римдік құқық бойынша алименттік міндеттемені күшіне енгізу үшін жақын туысқандарымның құқықтық қарым-қатынастың жүзеге асырылуы қажет еді. Тиісті борышты орындау бірінші әкесіне қатысты болады, сосын анасына содан соң барып, маңайындағы тікелей әкесімен шешесінің балаларға қатынасы бар туысқандарына жүктеледі, екінші жағынан, балалардың да құқығы әкесімен шешесіне және айналасындағы туысқандарына да дәл сондай жағдайда асырау міндетті жүктелді. Қысқасы, таза римдік заңдарда әкесімен некесіз баласы арасында мұндай міндеттемелер жоқ, канондық заңдардың күшімен мұнда әкесінің некесіз балаларына да асырау міндеттемесі енгізілді. Рим құқығында екі алиментарлық сервитут белгілі: a) habitatio, яғни, бөтеннің үйінде мәңгі бірге тұру құқығына ие болуы; b) operae servorum, бөтен құл еңбегіне өмір бойы құқықтық негізде ие болу. Сервитуттер римдік құқығындағы алименттік сипаттаманың белгілі артықшылықтары бола отырып, материалдық көмекке зәру жаққа көмек көрсетумен белгіленеді. Алименттік міндеттіліктің қалыптасу алғышарттарын орыс заңнамаларының алғашқы даму сатыларынан көруге болады. Орыс заңнамаларының қалыптасуы қазақ даласына да өз әсерін тигізді. Бұдан қазақ жеріндегі алименттік міндеттемелік заңнамалардың қалыптасуы тарихы ресей заңнамаларымен тығыз байланысты болды. Тарихқа көз жүгіртсек ежелгі дәуірлерінде әйелдер еркектермен мұрагерлікті иеленуде тең құқылы болмаған кезде тұрмыс құрмаған қыздарға мұрагерлік бөлуде өз жабдығымен шығаратын болған. Ал боярлар әлеуетіндегі ағайындылар өз қарындастарына мүмкіндіктеріне қарай жабдықтығын дайындап бөліп, еншілеп беретін болған, князда да осындай жүктемесі болған. Бұл тек Русская Правда беттерінде ғана жарияланған мәліметтері бойынша анықталып отырғандары және бұл мәскеулік қалаларымен байланыста белгілі оқиғаларда көрініс тапты. А.И. Загорский бізде әлдебір уақытта ата-анасы қызына жасау дайындау туралы заңды міндеттілік бекіту ешқашан болмағандығын алға тартады. Шындығында XVI ғасырда неке ғұрыптарының заңдылықтарына сай қайтаруларына құқықтары болған және осы заңдылықтардан байқайтынымыз, қыздары үшін жабдық-жасауын дайындау міндетті болғанын бірақ, қыздың өзі талап ету мүмкіндігі жөнінде ешқандай мәлімет кездестіре алмаймыз [3;45 б].

Еліміздің заңнамасы жалпылама туысқандар арасындағы алиментті міндеттемелерді білмей ( балалары жеке шыққан немесе шықпаған болсын, бәрібір) балаларын ата-аналары жетіспеген тамақ және басқа да керекті қажеттіліктерімен ақырға сапарларына дейін қамтамасыз етіп, бағуға міндеттеді. Кедейшілік пен жетіспеушілікте қалған ата-ананаларын балалары бағуға міндетті болуы алименттік заңнаманың ертеден қалыптасқан қағидаларының бірі. Тағы да Русская Правда материалдары бойынша аналық мұрагерлік балаларының қайсысы өз қолына алып тұрған және тамақтандырған болса сол баласына қалдырылады. Псковтық Сот Грамотасында, егер баласы әке-шешесінің көзі тірісінде оларға қамқорлық жасамаса және кейін ортақ шаруашылықтан(«үйден») өз үлесін дәметсе, онда ол өзінің мүрагерлік құқығынан айрылады десе, ал Алексея Михайловича бойынша- "қыз болсын, ұл болсын ата-анасын қартайған шағында бағып-қақпаса, ата-аналары мемлекеттен қамқор күтсе, онда олардың балаларына қатаң жаза қолдана отырып, қамшымен аяусыз дүре соғып, ата-анасының айтқандарын тыңдауға бұйрық беру керектігін айтқан" [4;75 б].

Алименттік құқықты зерттеу инстуты орыс құқығының революцияға дейінгі кезеңінде де кең зерттеу жүргізеді, бірақ ревллюцияға дейінгі кезеңде алименттік құқықпен алименттік міндеттемелік құқықы ғылымында тұлғаның мүліктік міндеттемелік алиментті төлеуін ғана қамтып қоймайды мұнымен қоса, мүліктік емес міндеттемелердің де қатарын қарастырады. А.И. Загоровский ескерткеніндей, біздің заң саласында ата-ананың алименттік міндеттемесіне тек қана "тамақ пен киім" ғана емес, бұдан басқа ата-аналардың жағдайларына қарай "тәрбиеде" кіреді, яғни оның қоғамдағы орнына байланысты. (172 б, Пр., 287). Егер бұған қатысты ұқсас зерттеулерде ерінің әйеліне қарауына қатысты заңның екі анықтауларына сәйкес кейбір өзгешіліктерді көреміз: күйеуі әйеліне азықпен қамтамасыз ете отырып, егер өзінің жағдайына қарай бағуына болады [5;106б]. Соңғы енгізілген ұстанымдар бойынша балалар жоқ деп есептелінген жағдайда да балаларға қарау немесе бағу ата-аналарының мүмкіндіктерінің болу-болмауларына байланысты. Бұл алименттік міндеттеменің басты тірегі болып саналады. Осыдан барып шығатын дүние, не болмақ егер ата-анасында баласының шығындарын жабуға немесе жай түрде міндетттемелігін орындауына да таппаса, оның жеке мүлкі және ол мүліктен түсетін кірісі болады әрі кеткенде сол мүліктің құндылық қаржысы баланың шығыны жабуға тартылады. Балалардың шығын есептері бақылаусыз болмайды себебі мұндай жағдайдың өзінде әкесінің өзі оның тірегі болып саналады [6;226 б].

Екі жақта тең құқықта балаларының ата-аналарынан қалдырылған мұрагерілігінен әртүрлі себептерге қарай құр қалуы, ата-аналарының өз қалауларынсыз некеге тұруы сияқты ұқсас қаулыларды қарастыра алмаймыз, біздің заңдарымызда мұндай қаулылар әлі жоқ. Алименттік міндеттіліктің мөлшері ата-анасының балаларының алдында парызы ата-аналарының мүліктік және өмір сүру жағдайына қарай ата-анасының жағдайындай баласына да сондай жағдайда үлес берілуі тиіс. Санкциялық алым және қылымыстық заңда: төлемді өтеуден бас тарту жағдайында үш айға дейін белгіленген қамауға алынады (қаулы. жазалау.,. 143б). Бұндай жағдайда әртүрлі елдереде алиментарлық міндеттемені өтеу мәселесі түрлі жолдармен шешілді. Алименттік ісінде бұлар ақшалай қаражаттық түрде, ал кейбіреулерінде- заттық мүлік арқылы өтеледі. француз заң ісіндегі қызық жағдай балаға алиментті төлеу мынадай жағдайда жойылады, егер ата-анасы баласын қандай да болсын бір қолөнер саласына оқытса, ондай жағдайда алименттік төлемін өткерген болып саналады. Ресейлік алименттік төлемді өтеу құқығы міндетті жақтың өмір сүру деңгейіне, жағдайына тәуелді.

Бұл жерден ескере кететін бір жәйт, революцияға дейінгі кезеңде қазіргі кезеңде кең өріс алған неке бұзу айтарлықтай сирек кездесетін оқиға болып саналған. Жұбайлардың ажырасуында екеуінің біреуінің кемшілігінен ажырасып жатқан жағдайда балалары біреуінде қалдарылып, екіншісі оған алимент төлейді, ал бұндай жағдай өсіру мен тәрбиелеудегі кедергілер әке жаққа қалдырылып, анасы тек жағдайы жасалған жағдайда ғана ие бола алады, ал әкесі жағында мұндай құқық жоқ.

Қазақстан Республикасы заңнамасында ата-анасы тек алименттік міндеттемені өтеп қана қоймай мұнымен қоса, баланың жеке өмір сүру мен алдына өмірлік мақсат қоюына, ұлының мамандық немесе жеке кәсібін ашуына ата-анасы жағдайына қарай көмек беріп, қызының тұрмысқа шығуына да атсалысуы тиіс. Кеңестік кезеңдегі заңнамада жалпы отбасы құқығына өзгеріс енді, жекелей алғанда алименттік міндеттемеге де енді. Революциялық заңнамада «некені сақтап қалу көздерін» талқылауға ұсынды. Кеңестік ажырасу және неке жөніндегі жарлықтар одан кейінгі 1918 жылғы Заңнамадан соң бұрынғы қалыптасқан көзқарастарға батыл шараларды әкелді. 1918 жылға Заңнама бойынша қандай жағдай болмасын, некенің одан әрі жалғасуы жұбайлардың келісімге келуіне мүмкіндік туғыза отырып, жұбайлардың біреуінен ажыраспауға деген тілек пайда болып, ажырасуға немесе некені бұзуға міндетті емес екендіктеріне көздері жетеді [7;123 б]. Қарастырылып отырған жағдайға қатысты балалардың да пікірлерін қорғау мақсатында заңда шаралар қарастыруды қажет етеді. 1918 жылға неке және отбасы Заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған балаларға (яғни, жасы 18-ге толмаған балаларға) сонымен қатар, кәмелетке толған бірақ еңбек қабілеттілігінен айырылған және қамқорлықты қажет ететін балалрға ата-аналары тарпынан қамқорлық көрсетілуі тиіс. Осы арқылы Жоғарғы Сот төралқасы мойындағандай алименттік мөлшер ата-анасының қаражаттық табысына, жағдайына қарай бекітіледі. Екі жақты мысал ретінде, егер ата-анасы мемлекеттен көмек алмаған жағдайда балалары ата-аналарына жағадай жасау керек. ( 163б КоБС 1918ж.). Мұндай бір-бірімен байланысты міндеттемелер 1918 жылғы Заңнамада бекітілген, сонымен қатар, көмекке зәру және еңбекке жарамсыз ата-аналар туысқандық неке және некеден тыс айырмашылықытарға қарамастан өзінен тараған ұрпақтарынан (немерелері және т.б.), өзінен бұрынғылардан (аталары және т.б), ағаларымен сіңлі-әпкелерін қоса ( бір тектен шыққан, бір тектен шықпаған бірақ, қандары бір жақындарынан ) қамқорлыққа ие бола алады. 20-сыншы жылдары алименттік төлмақы әлеуметтік қамсыздандырудың біртүрі ретінде санау таралып кетті.Әлеуметтік қамсыздандырудың дамуының салдарынан алименттік төлемді өтеу біртіндеп жойылады деген ой-пікірлер айтыла бастады [8:172 б].

Бұл кезеңдегі отбасылық заңнамадағы белгілі жағдайларда ғана алименттік құқықтардан босату тіркелмеген жұбайларға сонымен қатар, отбасындағы әкесі жұмыссыз болған жағдайлары ескеріліп іске асты. Отбасы заңнамасына сәйкес жұбайлардың алименттік төлемдерді өтеулерінің уақытын ажырасқан уақыттарынан бастап белгіледі және еңбекке жарамсыз болған жағдайда бір жыл, ал жұмыссыздарға жарты көлемінде уақыттық шек берді. 30-ыншы жылдарға қарай алименттік міндетемені зерттеу жүйелері пайда болды. Алименттік міндеттемелер тек некелік заңдар жинағымен ғана реттеліп қоймайды мұнымен қоса, , алимент төлеу уақындағы мөлшерлерді бекітетін арнайы қарарларды қарастырады, бірнеше шешімін таппаған мәселерді реттейді (мысалы, ата-аналары балалрын бөліп алған жағдайда алиментті қалай төлейді)

1969 жылы неке және отбасы Заңнамасында бекітілген қарар бойынша, баласы ата-анасынан алиментті өндірудің мөлшері енгізілді: бір балаға – бірден төрт бөлігін, екі балаға – бірден үш бөлігін, үш және одан көп балаға–ата-анасының жалақысының,табысының жарты бөлігін рублмен немесе шет ел ақшасымен төлейді. Кеңес Үкіметі кезінде заңнамалық әдебиеттерде алименттік міндеттемелер жөніндегі құқықтарды анықтауда келесідей нәтижелерге қол жеткізді [9;112 б]:



  • Алименттік міндеттемені реттеу аясында диспозиттивті құқықтың санын өсіру қажет, аталған зерттеу саласында диспозитивті бастауды баютуға күш салу керек;

  • Алименттік төлемді төлеу жөнінде келісімнің қолданыс аясын кеңейту және үлкен құқықтық негіз бере отырып, одан біржақтың бас тартуына тиым салу;

  • Некенің бұзылуындағы себеті табу деген түсінікті енгізу сол арқылы алиментті өндіруде ол жағадайларды есепке алу.

Қазіргі таңдағы алименттік міндеттеменің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасы отбасылық заңнамасы негізінде іске асырылады. Мысалы, еркек және әйел бостандықтарының тең құқықтары жөнінде конституциялық міндеттер, екіжақты ата-ананың тең құқықтарымен міндеттері[1], балалардың қажеттіліктерімен тәрбиелеріне екіжақты ата-аналарының тең құқықты міндеттерін бастау жөнінде алғашқы Қазақстан Республикасы неке және ртбасы заңзамасында көрініс табады, соған сәйкес отбасылық қарым-қатынасты реттеу отбасындағы жұбайлардың тең міндеттерінің негізінде отбасылық баланы тәрбиелеу, олардың тұрмыстық жағдайларына және жетілулеріне көмектесу, отбасындағы кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелерінің қажеттіліктеріне сай құқықтық сауаттылықпен қорғау міндеттері кіреді. Осы арқылы Қазақстан Республикасының субьект заңы Қазақстан Республикасының субьектілерін тануға және отбасылық мәселеріне жатқызылған бірақ шешімін таппаған отбасылық қарым-қатынастарды реттейді. Отбасылық құқық негіздері Қазақстан Республикасының субьект заңнамасында қарастырыла отырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуі керек. Жоғарыда айтылған мәселерге қарай тәжірибеде мынадай сұрақ туындауы мүмкін, Қазақстан Республикасының тұлғасының құқығын заң шығарушы орган өзгерте ала ма, мысалы, алименттік міндеттемелердің мөлшері мен алиментті төлеу тәртібіне өзгеріс енгізе ала ма? Берілген сұраққа қатысты бірақ жауап болуы мүмкін: Қазақстан Республикасы субьектісінде мұндай құқықтық билік жоқ, біріншіден, алименттік міндетемені реттеу Қазақстан Республикасының субьект тану пәніне жатпайды, екіншіден, аталған жағдай толыққанды түрде басты отбасылық заңнамамен ғана реттеледі.

Белгілі жағдайларда алименттік төлемді өтеуде азаматтық заңнама бәрінен бұрын Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасын қолданады. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылғандай, отбасы мүшелерінің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес мәселелерін отбасылық заңнамамен реттей алмаған жағдайда азаматтық заңнама қолданылады, қалай болғанда да заң қолднысы отбасы қарым-қатынастарына кері әсерін тигізе алмайды. Жекеленген жағдайларда мысалы, алименттік келісімнің құқықтық режимін анықтауда, отбасы заңнамасы тікелей мәселені ҚР АК-не жолдайды.

Отбасы мүшелерінің қарым-қатынастары отбасылық заңнама немесе келісімдермен шешілмесе, азаматтық құқық жүйесін қарастырмай тұрып, аталған қарым-қатынасты тікелей реттеуге егер олардың қолданысы кері әсер етпейтін болса, отбасылық және азаматтық құқық жүйелері арқылы тиісті қарым-қатынасты реттейді (заңдар ұқсастығы). Мұндай заңдардың қолданысынсыз отбасы мүшелерінің міндеттері отбасылық және азаматтық құқықтарының негізінсіз (ұқсас заңдар) адамгершілік міндеттерін қоса, ақылдылық пен әділділіктері арқылы байқалады.

Отбасылық қарым-қатынаста шет елдік азаматтармен тұлғалардың қатысуымен азаматтық алмағандармен қарастырлатын істерде заңнама қатаң тәртіпте жүргізіледі. ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексіне сәйкес ата-аналармен балалардың міндеттерімен құқықтары сонымен қатар, баланы бағудағы ата-ананың міндеттерін қоса алғанда олардың тұрғылықты жерлерінде мемлекеттің заңнамасымен анықтайды.Алименттік міндетемені талап етуші мен ата-аналар арасында және балалар міндеттеріне қатысты істер олардың тұрғылықты мекен-жайларынның территориясындағы мемлекеттік заңнамасымен қарастырылады[2].

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұның мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын өзге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардың кәмелетке толмағандығы және басқалары);

• тараптардың алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірп алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

•ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананың жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады.

Сот балалардың мұқтаждығын нақты жағдайларды ескере отырып анықтайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұқтаж деп танылады, екіншіден, егер тапқан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен).Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін сома айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995, 30 тамыз

2.Қазақстан Республикасы неке(ерлі-зайыптылық) және отасы Кодексі., 27 желтоқсан 2011 жыл., Алматы «Юрист» 2012 ж.

3.Пчелинцева Л.М. Ресей отбасы құқығы. М., 1996 ж. 361б.

4.Азаматтық құқық.Т.1. ЖОО-на арналған оқулық (академиялық курс) / ред.: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы, 2000. 562б.

5.Карутц Р. Свадьба и брак // Қазақтың ата заңдары; Құжаттар, деректер және зерттеулер / Древний мир права казахов: Материалы, документы и исследования: 10 томдық. Қазақша, орысша, түрікше, ағылшынша / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов.  2-бас., өзгерт., толықтыр. – Алматы: Жеті жарғы («Интеллектуал – Парасат» заң компаниясы ), 2006.  VII т. – С. 581–590.

6.Новицкий И.Б., Лунц Л.А,. Міндеткерлік туралы жалпы оқулық. М.,1950. С.58. Иоффе О.С. Міндеттемлік құқық. М., 1975. 14-15б.

7.Брагинский М.И. Шаруашылық шарттар туралы жалпы оқулық.-Минск 1967. 30б.



8.Комментарий к Кодексу о браке и семье Казахской ССР / Под ред. Ю.Г. Басина и М.А. Ваксберга. - Алмат-Ата: Казахстан, 1972. – 228 с.

9.Красавчиков О.А. Міндеттеменің жеке түрлерінің жүйесі // Кеңестік Әділет. 1960,№5. 42-43б.
Каталог: uploads -> doc -> 0bda
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bda -> Күні: 10. 12. 2015 ж Сабақтың тақырыбы
0bda -> Сабақ тақырыбы: Бала Мәншүк. Мектеп: Күні: 26. 04. 2016. Мұғалімнің есімі: Ерғалиева. С
0bda -> Сыныбы: 7 «Б» Сынып жетекшісі: Оразчаева М. О
0bda -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өтетін күні Грамматика Аймақтык компоненті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет