Азаматтық сектор қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алады?



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі386,22 Kb.
#4670
  1   2   3

3 желтоқсан 2015 жыл

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен




2015 жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы Сарапшылық клубтың жұмысы аясында және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен сарапшылар кездесуін өткізді. Онда азаматтық сектор бұрынғы және қазіргі даму сын-қатерлері жағдайында қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алатыны жайлы талқыланды.

Азаматтық сектор қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алады?

(сарапшылық кездесудің қағаз бетіне түсірілген нұсқасы)

Динара Хайрикенова, модератор: Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырып отырған сарапшылық клубтың соңғы отырысына жиналып отырмыз. Мен Қозғалыстың үйлестірушісі болып табыламын, үкіметтік емес ұйымдардағы менің жұмыс өтілім 4 жылға жуық. Осыған дейін мен «Қазақстан азаматтық альянсында» жұмыс істеп, біраз уақыт әлеуметтік зерттеулермен айналысқанмын. Бүгін біз көтеріп отырған тақырып белгілі бір деңгейде маған өте жақын. Біз бүгін екі спикерді шақырдық. Осы екі адам бүгінгі таңда біз үшін өте маңызды екі сұраққа жауап іздейді. Олар: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Василий Валерьевич Порубаймех және Павлодар облысындағы «Таңдау» қорының атқарушы директоры Ирина Бобкова. Осы жерде отырған екі адамның көзқарасын біліп, пікірлерін тыңдау бәріміз үшін қызық. Ал біз бүгін көтеретін мәселелер туралы сәл кейінірек айтып өтермін. Білуімше, олардың байланыс нөмірлері папкаларда бар. Сіздер оны қарап, пікірталас уақыты келген кезде диалог бастай аласыздар. Бұл тақырыптың өзектілігі баяғыда-ақ әріптестермен жүргізілген талқылаулар, әңгімелер барысында пісіп жетілген. Елімізде тағы да дағдарыс басталған кезде, азаматтық сектор ретінде өз тарапымыздан қандай үлес қоса аламыз деп ой үстінде жүрдік. Қазір бизнеске басымдық беріліп отырғаны түсінікті, яғни кәсіпкерлер қалай да экономиканы көтеру жолдарын табу керек, алайда, шын мәнінде бізде тағы бір үшінші сектор – азаматтық сектор бар. Онда терең ойлы, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы бар, қоғамдық-саяси өмірдің бел ортасында жүрген білімді адамдар жұмыс істейді деп санаймыз. Олардың өз айтары, бөлісер өз ойы, ұсына алатын белгілі бір шешімдері бар. Екінші бір тұсы – егер байқағандарыңыз болса, екі апта бұрын Ресейде жалпыресейлік азаматтық форум өтті. Жақын шетелдегі біздің әріптестеріміз не туралы талқылайды, қандай ойлар айтады деген ой мені де қызықтырды. Елдің дамуына қатысты өте мәнді әрі маңызды мәселелерді көтеруде. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан, мен өткен аптада Астана қаласының Азаматтық форумында болдым. Өкінішке орай, ол жерде көтерілген мәселелерге менің көңілім толған жоқ, олар маған қызық болған жоқ, біз қазір өмір сүріп отырған уақытқа орынсыз көрінді. Міне, осыдан барып маған ой келді. Ең алдымен, әрине, Мәдениет және спорт министрлігіне тапсырыс беріп отырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Осы іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп отыр, олар бұл тақырыпты құптады. Әңгіме өте қызық өрбиді деген сенімдерін білдірді. Біз бүгін қандай деңгейде талқылау жүргіземіз? Негізінде бұл өте қиын сұрақ, оған жауап беру үшін бүгінгі таңда аталмыш сектордағы жағдай қандай екенін жақсыланып ой елегінен өткізу қажет. Негізінде азғантай болса да, тәуелсіз ғылыми зерттеулер қажет. Бұл жағынан азаматтық секторда қиындықтар бар, оны бәріміз түсінеміз. Алайда, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Саяси менеджмент мектебіне қаржы бөлініп, «Нұр Отан» тапсырыс алған болатын. Оның өкілдері ортамызда отыр. Бүгін қойылған сауалға жан-жақты жауап беруге көмектесетін кейбір маңызды тұстарды олардың аузынан естірміз, мүмкін. Бірақ қанша айтсақ та, бір ғана зерттеу ештеңені шешпейді. Сондай-ақ, онымен ешқайсысымыз әлі танысқан жоқпыз. Сондықтан біз бүгін, әзірше, пайымдауларымызды, болжамдарымызды, жеке пікірлерімізді ортаға салып, ақыр соңында кім қалай ойлайды дегеннің ортақ бір бейнесін жасармыз. Және бұл өте маңызды. Әркімнің көзқарасы әртүрлі болатынын білгендіктен, бәріңізді ұстамды, бір-біріңізбен диалог құруға ашық болуға шақырамын. Нақты талқыланатын мәселеге қарай ойысайық. Сіздердің алдарыңыздағы экранда бес сұрақ жазылып тұр. Олар таратылған ақпаратта да болған еді. Мемлекет азаматтық қоғамсыз тиімді бола ала ма? Азаматтық қоғам институтына деген сұраныс, тағы сол сияқтылар. Мен оларды пікірталас барысында айтып отырамын. Бүгінгі екі спикерлер құрығанда екі сұраққа жауап беруге тырысады. Сұрақтар, меніңше, қиын, бірақ өзінше қызық. Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Василий Валерьевич Порубаймехке сөз беруден бастайын. Бірақ ең алдымен, сөз бермес бұрын, пікірталасқа сыни реңк беру үшін, өз сөздеріңіздің артын мына сұраққа жауап берумен ұштастырарсыздар деймін. Екі жыл бұрын мен бір зерттеуге қатыстым, нақтырақ, ұйымдастырдым десе болады. Ол азаматтық секторды дамыту мәселелеріне қатысты болды. Біз ол зерттеуді өз сұрағымыздан емес, басқа сұрақтан бастадық. Бұл сұрақты 1999 жылы шетелдік ғалымдар қойған. Олардың айтуынша, қазір өте қызық қарама-қайшылық байқалады. Оны қазақстандық парадокс деп атаған, бірақ былай қарасаң, ол барлық Орталық Азия елдеріне ортақ. Қарама-қайшылық неде – бір жағынан, Қазақстанда белгілі бір уақыт аралығында үкіметтік емес ұйымдар қатты қарқынмен дамып, олардың саны күрт өсті, ал екінші жағынан, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың рөлі төмендегенін байқалды. Бұл қалайша өлшенді? Егер 2020 жылы 1000 ұйым болса, ал бес жылдың ішінде 2000 ұйым тіркелген, олардың саны 20 мыңға дейін жетуі мүмкін. Менің әріптесімнің айтуынша, егер мұндай өсу байқалса, онда азаматтардың белсенділігі артып, бір-бірімен араласып, қоғамдық ұйымдарға бірігіп жатыр деп болжауға болады. Яғни Қазақстандағы қоғамдық өмір қызу даму үстінде болуы тиіс. Алайда, біз мұндай құбылысты онша көріп отырған жоқпыз, себебі егер осы үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың санына қарайтын болсақ, онда көреміз, ол туралы біз өткен сарапшылық клуб отырысында да айтқанбыз, сөз сөйлеген [түсініксіз], ол ҮЕҰ-дар саны онда жұмыс істейтін адамдар санынан көп деген болатын. Яғни бір ұйымға 0,5 адамнан келеді. Бұл құбылыс бүгінде аталмыш секторға тән. Осы орайда, бірнеше зерттеушілер бір қорытындыға келіп отыр, олардың айтуынша, бұл Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар халықпен жұмысты дұрыс жолға қоймағанымен және халықпен қарым-қатынасты дамытуға онша ынта білдірмеуімен байланысты немесе осы айтылғанға келе жатыр. Қаржы бөлушілерге көп көңіл бөледі. Осыдан шығатын сұрақ: бұған министрлік өкілі қалай қарар екен? Екінші сұрақ – бүгінгі таңда азаматтық қоғам институты сұранысқа ие ме? Егер «иә» болса, тұрғындарға болмаса, кімге қажет? Үлкен рахмет.

Василий Порубаймех, ҚР МСМ: Бүгінгі біздің пікірталасымызға келгендеріңіз үшін рахмет. «Қазақстан 2050» қозғалысы бізбен серіктес болып отыр. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзарақатынасы саласына қатысты әртүрлі қызықты мәселелерді талқылауға тек ҮЕҰ қатарындағы азаматтарды ғана емес, жалпы, ниеттес, белсенді, бейжай қарамайтын барша азаматтарды тартуды көздегенбіз. Бүгінгі біздің тақырыбымыздың астарында жатқан сұрақ жағдайды айтарлықтай ушықтыратын сипатта. ҮЕҰ секторында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандарға бұл сұрақ әсер етті, олардың ой түкпірлерінде бір қарсылық бой көтерді. Осы бір жан айқайды бүгін ортаға салып, ой бөліссек, пікірталас ұйымдастырсақ деп ойлаймын. Мемлекет пен ҮЕҰ-дардың өзарақатынасына қатыстының бәрі айтылса деймін. Бүгінгі жағдай қандай? Құрылымдық позитивті бастама, қоғам идеялары әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы үшін, осы ресурсты әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік қарсылықтарды азайтуға немесе игілікке, әл-ауқатты жақсартуға пайдалану үшін жергілікті жерлерде, республикалық деңгейде көбірек арналар, көбірек мүмкіндіктер ашуға мемлекет тарапынан бастама жасалады. Қазір мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара қарым-қатынас жүйесі үш заңға құрылған. Бұлар – қоғамдық бірлестіктер туралы заң, коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң. Кеше соңғы заңға түзетулер енгізіліп, бүгін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ-дың гранттары мен сыйақылары туралы заң деп аталады. Мен бұған әлі бөлек тоқталамын. Бүгінгі таңда азаматтық сектор қандай? ҮЕҰ-дармен өзарабайланыс тәжірибесі және нормативтік базаны дамыту мәселелерімен айналысатын шенеуніктің түсінігі. Бір-екі сөзбен. Қағаздағы статистика бойынша бүгінде 30 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар бар. Белсенді кеңістікте есеп беретіндер 7800-7900 ұйым бар, бұлар салықтық есептерді тұрақты тапсыратындар. Бұдан да белсенді кеңістікте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында жобаларды жүзеге асырып жүрген ұйымдар, олардың тұрақты ақпарат тарату тетіктері, тұрақты мақсатты тобы бар, мұндай ұйымдардың саны 1000-ға жуық. Бұрынғы кездесулерде ҮЕҰ-дар жабық, түсініксіз деген пікірлер, сондай-ақ статистика бойынша қызметкерлерінен гөрі ҮЕҰ-дардың саны көп деген пікірлер де айтылды. ҮЕҰ-дардың жұмысы туралы ақпарат беріп отыратын нақты, бір жүйеге келтірілген құрылымның болмауынан бүгінде осы қиындықтар туындап отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарға қарағанда үкіметтік емес сектор көпшілікке белгісіз. Себебі қоғамға өзі туралы ақпаратты жариялағысы келмегендіктен ешқандай ақпарат көздері жоқ. Жаңа ғана айтылған «Азаматтық альянстің» өзінде әлі күнге дейін өз сайты жоқ, егер сіз «Азаматтық альянс» туралы бірдеңе білгіңіз келсе, оны анықтау үшін көп уақыт пен күш жұмсайсыз. Бұл жағдай қоғаммен жұмыс істеу үшін, белгілі бір жетістікке жету үшін қоғамдық ұйымға қандай-да бір ақпараттық арна қажет емес дегенді білдіреді. Министрлік өз жұмыс барысында немен айналысады? Негізгі бағыт – заңнамаларды жетілдіру, үздік тәжірибелерді, үздік шетелдік тәжірибелерді тарату, азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде ҮЕҰ-дардың қажеттілігін анықтап, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет пен қоғамның азаматтық институттары арасында оңтайлы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін нормативтік және практикалық құралдарды біздің өмірімізге енгізу және жетілдіру бойынша ортақ желі қалыптастыру үшін жалпыұлттық диалог ұйымдастыру. Мен осы тұсына баса назар аударып отырмын. Біз өз жұмысызда әлеуметтік мәселелерге басымдық береміз, себебі саяси істер саласындағы мәселелер үшін бізде саяси партиялар бар, ал ҮЕҰ, өз болмысы жағынан, - жай ғана, ортақ идея төңірегінде біріккен, бастамашыл адамдар тобы. Ал осы идеяның негізінде белгілі бір әлеуметтік мәселе немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың әл-ауқатын арттыру міндеті жатыр. ҮЕҰ-дар неге бірден көбейіп кетті? Өйткені бізде ұйымды тіркеу өте оңай, жаңа жылдан кейін одан да оңай болады, бірақ оны жабу өте қиын болады. Қағаз жүзінде үкіметтік емес сектор 30 мың және одан да жоғары. 2002 жылдан коммерциялық емес ұйымдар туралы заң қолданыста, ол бойынша қоғамдық бірлестіктер құруға болатын әртүрлі заңды формалар бар. Міне, осы тұста құрылған ұйымдар қандай-да бір өз сұрақтарын шешіп, бастама бітті, бастамашыл топта ұйымның жұмысына араласу ниеті жойылды. Бірақ ұйым қағаз жүзінде жұмыс істей береді, себебі оны жабу үшін көп күш жұмсау керек. Адамдар жан-жаққа тарап кетті. Сосын тағы бір бастама бой көтеріп, тағы да бір ұйым ашылды. Міне, осы кесек 2002 жылдан ұлғайып келеді, осылайша қазір осындай санға жетіп отырмыз. Мәселенің басын ашып алу үшін біз әртүрлі қадамдарға барамыз. Биыл Мәдениет министрлігі секторды тексеру үшін, әрқайсысын жеке аралап, статистиканы зерделеп, кабинеттік зерттеулер жүргізу үшін өз жобасын ұсынған. Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың жалпы жағдайын түсініп, анықтау үшін барлық ақпарат көздерін көтеру керек. Бұл қиын міндет екені басынан белгілі болды, себебі коммерциялық емес ұйымдардың заңды формалары соншалықты кең болғаны сондай, басынан бастап алға қойған мақсатқа бір жылдың ішінде қол жеткізу мүмкін емес болды. Сондықтан біз өзіміз үшін бұл міндетті жеңілдетіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға жиі қатысатын және донорлармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жүргізетін заңды тұлғаларды ғана бағдарға алдық. Жалпы, жүзеге асты. Біз қоғамдық бірлестіктердің, корпоративтік, қоғамдық, жеке меншік қорлардың, жеке меншік мекемелер мен заңды тұлғалар бірлестіктерін зерттедік. Мұндай ұйымдар көп жиналып қалған екен, жалпы біздің назарымызға 7 мыңнан астам ұйымдар түсті. Жағдай өте ауыр екен, себебі біз тауып, өз мәліметтер базамызға енгізбек болғандардың көбімен, 80%-ынан артығымен байланысу қиынға соқты, олардың жұмысынан әлеуметтік жобаларды, бірлескен бастамаларды табу мүмкін болмады. Тіпті, ҮЕҰ-дардың көлеңкеде жүру үрдісі кең таралып отыр, заңды тұлғалардың деректер базасында, статистиканың деректер базасында бар байланыс мәліметтері бойынша және мекен-жай бойынша бұл ұйымдарды және оның құрылтайшыларын таба алмадық. Бұл мысал бұдан шығатын қорытынды маған ұнамайтынын көрсетіп отыр. ҮЕҰ көтерген бастама адамдарды айналасына жинай алатындай соншалықты мықты немесе ол басынан бастап болған жоқ, ал ұйым қандай-да бір нақты жобаны жүзеге асыру үшін, донорға немесе қандай-да бір мемлекеттік тапсырысқа негізделе ғана ашылған. Осы ұйымның құрамында болған адамдардың қызығушылығы жойылды, ұйымның жұмысын жалғастыруына мүдделі мақсатты топ та, бенефициарлар да жоқ, жұмысты жалғастыру үшін ынталандыру құралдары да жоқ, ол мүлдем жоқ, құрыды, күші таусылды, осыдан барып, ұйым тек қағаз жүзінде ғана қалады. Осыдан бір сағат бұрын Сыртқы істер министрлігінің алаңында БҰҰ өкілдерімен және басқа да халықаралық ұйымдармен пікірталас ұйымдастырылды. Онда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапына бірқатар кесімді ойлар айтылды: бүгінде Қазақстанда жұмыстар жасалуда, барлығы жақсы, ризамыз, белсенді азаматтық қоғам, сандар бәрін айтып тұр, бірақ сіздерде ашық, демократиялы болуға ұмтылыс жоқ, тіпті, азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін өлшейтін критерилер де жоқ. Осы бағытта жұмыс жүргізу керек, халықаралық серіктестеріміз айтқан дүниелерге құлақ асуымыз қажет. Егер бұл жағдайға шенеунік ретінде қарайтын болсақ, қоғамдық бастамаларды дамыту және мәселелерді шешуде азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту үшін мемлекеттік саясат шеңберінде өте нақты әрі жүйелі қадамдар жасалуда деп айта аламын. Біріншіден, бізде 2006 жыл мен 2011 жыл аралығында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы жұмыс істейді, еріктілер қызметін, қайырымдылық мәдениетін дамыту, әлеуметтік жобалар аясындағы ҮЕҰ-дар мен мемлекет арасындағы өзарақатынас рәсімдерін жеңілдету ауқымды кешенді шаралар қарастырылған. 2005 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң қолданысқа енді. Ол мемлекеттік сатып алулар туралы заңның базасында жұмыс істей бастады. Азаматтық қоғам тұжырымдамасы жұмыс істеп тұрған кезде бұл рәсімдер едәуір жеңілдетілген, ҮЕҰ-дар үшін талаптар азайтылды. Қазіргі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алу рәсімінде барлық коммерциялық ұйымдар алатын мемлекеттік тапсырыстан үлкен айырмашылығы бар. Яғни конкурс болады, бірақ ол электронды түрде емес, қағаз күйінде жүргізіледі, ҮЕҰ-дар ешқандай қамтамасыз ету, жарналар төлемейді, салық туралы анықтама, банктен анықтама әкелмейді. Жалпы, мемлекеттік тапсырыс туралы заңның аясында бұл рәсімдер барынша жеңілдетілген. Бірақ заң нормалары бойынша, жарғылық құжаттар, тіркеу құжаттары бойынша талаптар қалып отыр. Бұл, көптеген ҮЕҰ-дардың ойынша, өте үлкен тосқауыл болып табылады екен. Ал ең басты тосқауыл – мемлекеттік тапсырыс бойынша алған ақшаны ҮЕҰ тек қызмет көрсетуге ғана және еңбекақыны төлеуге ғана жұмсауы тиіс. Мықты институционалдық база қалыптастыру негізінде үкіметтік емес секторды дамытудың бұл идеялары, бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмдері, әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұру жағдайында, әлдеқашан ескірген. ҮЕҰ-дардың бастама көтеруі бойынша 2013 жылдан бері ҮЕҰ жұмысын қаржыландыру жүйесін және заңнаманы қарапайым ету, сондай-ақ институционалдық базаны нығайтуға болатындай ету бағытында жұмыс жасап келеміз. Нәтижесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйақылар туралы заң пайда болды. Ол, біріншіден, мұндай мүмкіндікті ҮЕҰ-дарға беруді және мемлекет қаржысының бір бөлігін өзін дамытуға қалдыруға жол ашуды, екіншіден, конкурсқа қатысудың барлық рәсімдерін барынша жеңілдетуді және белгілі бір әлеуметтік мәселелерді шешу идеяларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беруді көздейді. Тағы бір маңызды тұсы – бұл заң бойынша ҮЕҰ-дардың мәліметтер базасы жасалмақшы, ол еліміздегі барлық ҮЕҰ-дарды бір ақпараттық ресурсқа жинақтауға және ҮЕҰ-ның жұмысы туралы, құрылтайшылары туралы, мүлікті қалыптастыру тетіктері туралы ақпаратты қоғамға, шетелдік және мемлекеттік серіктестерімізге беруге мүмкіндік береді. Қалай дегенмен бұл заң қолданысқа енді, оны жақтаушылар да, даттаушылар да бар. Даттаушылардың көбі ҮЕҰ-ның ақшасы қайдан алынатыны туралы қоғамға түсінік беретін ақпарат көздерін құруға қарсы. Бұл тұсына қатысты әртүрлі көзқарастар бар. Солардың бірі – қоғамдық институттар ашық, айқын болған сайын, бір-бірімен жұмыс істеу оңай бола түседі, халықтың талабы да қанағаттандырылады. Сонымен қатар, осындай қалыпта, кез келген азамат ақпаратқа қол жеткізе алатын осындай жағдайда ҮЕҰ-ды қаржы жымқыру институттары ретінде пайдалана алмайды. Өйткені бұрын ҮЕҰ-ды мұндай рөлде жиі пайдаланған, әсіресе, мемлекеттік сыңайлы сектордан немесе халықаралық сектордан ірі көлемдегі қайырымдылық қаржысын бөлу кезінде.

Динара Хайрикенова, модератор: Көп рахмет. Екінші спикерімізге сөз бермес бұрын, мен Сізден екінші бір сұраққа нақтырақ жауап беруді өтінемін. Азаматтық қоғам институтының кәдеге асуы және ол кімге қажет? Сіздің айтқаныңызға қарасақ, оны мемлекет жақсы пайдалануда сияқты. Ал бірақ, егер жақсылап ойлансақ, мықты азаматтық қоғам деген не? Мүмкін біз Алматыда байқап отырғандай жағдай болар, яғни азаматтар ортақ мүдделері төңірегінде бірігіп, қаланы абаттандыру мәселесіне қатысты өз ойларын ашық білдіріп, қала әкімшілігіне жеткізуге тырысып бағуда. Яғни бұл – бір нәрсеге үнемі көңілі толмай жүретін адамдар жиыны, ал мемлекеттік органдарға келіп, талап қоятын адамдар үнемі көңілдері толмай жүреді. Менің түсінігімде, мықты азаматтық сектор туралы айтқанда, бұл - өз құқығын, тіпті, қарапайым, тұрмыстық құқығын, жақсы өмір сүре алу құқығын белсенді қорғай алатын адамдар. Меніңше, қазіргі таңда, Алматыдағы сел жүру оқиғасы көрсеткендей, біздің мемлекеттік органдар олармен жұмыс істегісі келетін шығар, мықты азаматтық қоғамның болғанын қалайтын шығар. Мүмкін олармен жұмыс істеуге дайын емес те шығар, тым құрыса мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орната алатын бір-де бір адам болмаған кезде белгілі бір рәсімдер, қалыптасқан арналар бойынша жұмыс істеуге дайын шығар. Олармен маңызды мәселе бойынша хабарласа алатындай бірыңғай телефон нөмірі жоқ. Яғни мемлекетке көбінің ұжымдық пікірін білдіретін бір немесе бірнеше ҮЕҰ болғаны жеңіл, ал бірақ пікірлердің осылайша әртүрлі болуы оған өте қолайсыз.

Василий Порубаймех, ҚР МСМ: Болу иә болмау ма? Шындығында, меніңше, мемлекет туралы біреу жақсы айту үшін осындай жағдайды арнайы тудырып отыр немесе мемлекетке бір нәрсені өзінде ұстау пайдалы деген пікірлердің қалыптасуы жақсы емес, зияны көп тәжірибе. Бұл мүлдем қажет емес және жұмыс істегісі келеді немесе келмейді деген ұғым құқықтық қоғамда болуы тиіс емес. Егер ҮЕҰ-ның азаматтық бастамасы болса, белгілі бір мәселені шешуге мүдделі болса, нақты жұмыс алгоритмі болса, онда алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін ҮЕҰ басшылыққа алатын құқықтық-нормативтік шеңберлер нақты сызылуы тиіс. Олар осы мәселені шешу үшін мемлекетте бар механизмдерді іске қосуға ықпал етеді. Яғни маған анау адам ұнамайды, онымен жұмыс істегім келмейді, жалпы жұмыс істегім келмейді деген жағдай болуы мүмкін емес, себебі заң бәріне ортақ. Егер ҮЕҰ заң аясында жұмыс істесе, мемлекет жағдай жасап жатыр. Ол жай ғана ҮЕҰ-ды құруды көздеп отырған жоқ, құқықтық механизмдерді қалыптастыруға мүдделі, ҮЕҰ азаматтардың бастамасын жүзеге асыра отыра, сол бір мәселені шешу жолы болып табылатын нақты мақсаттарға қарай жылжуын көздейді. Осы мәнмәтінде ҮЕҰ-дардың сұранысқа ие болуына қатысты шенеунік ретінде пікірімді білдірсем, біздің тарапымыздан ҮЕҰ-дардың қызметіне жүгіну – бұл тұрғындардың мәселесін жақсы білетін, олардың мәселені шешетін іс-әрекеттер алгоритмін айқын көре алатын тиімді серіктес қызметін пайдалану болып табылады. Ал мақсатты топтар арасында сұранысқа ие болуы деген – бұл көрермендерге қойылатын сұрақ. Осы жағынан қандай тәжірибелері бар, үкіметтік емес ұйымдарға барып, мәселелерін шешкен кездері болды ма екен?

Динара Хайрикенова, модератор: Көп рахмет. Ендігі сөз кезегін Ира Бобковаға беремін. Алдында таныстырып өткенмін, ол Павлодар облысындағы «Таңдау» қоғамдық қорының директоры. Ира өзінің бақылағандары, сұхбаты, шенеуніктермен әңгімесіне сүйене отыра, мемлекет азаматтық қоғамсыз тиімді бола ала ма деген алғашқы сұрағыма жауап беруге тырысып көреді. Менің түсінгенім бойынша, Ира бұл көзқарасты олардың жұмысы үкіметттік емес ұйымдардың көмегінсіз тиімді бола ма деген тұрғыдан қарастыратын болады.

Ирина Бобкова, «Таңдау» ҚҚ: Менің атым Ирина Бобкова, мен «Таңдау» қоғамдық қорының директорымын. Қор 12 жыл бойы жұмыс істеп келеді, осы 12 жылдың 10 жылында осы қорды мен басқарып келемін. Соған қарамастан, мен Астанада тұрғаныма 5 жыл болды. Бірақ Қор ерте қалыптасқан, ұйымшыл адамдар тобы жұмыс істеуде және жақсы жұмыс істеп келеді. Бұл танымал павлодарлық қор. Басқарған уақытымда мен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен тығыз байланыста болдым, тіпті, кеңес беріп отырдым. Мен қазір өз атымнан, яғни үкіметтік емес ұйымның атынан ғана емес, мемлекеттік қызметкер ретінде де айтып отырмын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істемесем де, үш жылымды Ішкі саясат басқармасының кабинетінде отырумен өткіздім, сондықтан мемлекеттік мекемелер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс кезінде қандай қиындықтарға, тосқауылдарға кезігетіні жайлы жақсы білемін. Сонымен, мен не айтқым келеді. Павлодарда қалай болғанын бәрі түсіну үшін, алдымен, қысқаша артқа шегініс жасап кетсем деймін. Басында, сіздер кез келген аймақ туралы сөз болып отыр деп ойлауларыңыз үшін, нақ Павлодар екенін айтқым келмеді. Жалпы, жағдай барлық жерде ұқсас, алайда аймақтық ерекшеліктерге байланысты кей тұстарында өзгешелік бар. Ал бірақ Павлодарда басқа аймақтағы сияқты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдар көп емес. Барлығы бірін-бірі біледі, қарым-қатынаста, әркім өз бағытымен жұмыс істеп келеді. Осылай белгілі бір уақытқа дейін, яғни тапсырыс беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өзі реттеуге кіріскенге дейін жалғасып келді. Мен қазір қандай-да бір жемқорлық немесе арадағы келісім туралы еш айтып отырған жоқпын. Жай ғана тапсырыс беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді жүзеге асырғысы келді. Он бағыт, он ұйым бар, олардың әрқайсысы өз бағытында жұмыс істейді. Ал тапсырыс беруші ұйымдармен келісе отыра, яғни мына бағыт сіздердікі, басқа ештеңемен айналыспаңыздар, тек өздеріңіздің міндеттеріңізбен айналысыңыздар деп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өзі реттемекші болды. Бұл ұзақ бойы жалғасты. Кейін бір уақытта жағдай өзгерді. Жаға басқармаға жаға басшы келді. Жас қыз, онымен болған Павлодардағы жемқорлыққа қатысты жағдайдан бәріңіз хабардар шығарсыздар, ол ҮЕҰ-дардың ешқайсысымен келісуді жөн көрмеді. Яғни жағдайды өз бетінше қоя бергісі келмеді. Бізде мемлекеттік тапсырыс туралы заң бар, нарықтық қатынастар бар, өтінімді толтырдық, келесі кезеңге өттік, құны бойынша ұтып алдық па, жоқ па, яғни тапсырыс беруші ретінде жағдайды өте дұрыс қабылдады. Бәрі қалай жүзеге асуы қажет екені айқын жазылған заң бар. Өзінің беделіне нұқсан келтірмес үшін ол біреулермен келісуге қатысты барлық рәсімдерге мүлде араласқан жоқ. Мұның соңы неге әкелді? Жақсы оймен жасаған оның ұстанымынан өзінің қызметін ең алдымен коммерциялық деп қабылдап, қолына түскеннің бәрін ала берген ҮЕҰ-дар қалыптасты. Ал бірақ бұған дейін бәріміз түсінетінбіз, мемлекеттік тапсырысқа қатыспаған, тіпті бұл жүйеге мүлде бас сұға алмайтын ҮЕҰ-дар бар, себебі өз жұмысының бағыт-бағдарын білетін тапсырыс беруші бар. Бір бағытта ғана жұмыс істеп келе жатқан аймақтық ҮЕҰ-дар бар екенін ескерсек, сіздер түсінесіздер, ақшасы соншалықты көп емес, ал осы сәтте құрылғанына 2 ай ғана болған ұйым пайда болады да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты олардан алып қояды, әрине, олар ренжиді. Неге ренжімеске, 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді, алға қарай ұмтылуға тырысып жүр. Ақырында не бола бастады? Қандай-да бір қаржыландыруға ие болып, өздері жұмыс істеп келген бағытта қалу үшін ҮЕҰ-дар жұмыстарына үйлесетін басқа бағыттарға ойыса бастады. Сосын не болды? Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі, балдық жүйе өзгерді. Заңның арқасында жағдай өзгерді. Тапсырыс беруші жобалық өтінімге баға беру арқылы өзіне қолайлы өнім берушіні, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы іске асыратын заңды тұлғаны таңдай алатын болды. Мұны Астанада басқа тәсілмен өткізсе, ал Павлодарда басқа тәсілдермен өткізеді. Нәтижесінде, барлық қиындықтарды шешуі тиіс бұл жүйе, керісінше, аймақтағы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді, себебі бәсекелестерді ығыстырып шығару сол баяғы күйінде қалды. Нәтижесінде, мемлекеттік тапсырыстағы елуден артық жобаларды жауапсыз ҮЕҰ-дар алды, олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы орындап шыға алмады. Ал тапсырыс беруші не істеді? Жауапсыз өнім берушілерге арыздану механизмі бәріне белгілі. Ол тапсырыс беруші үшін несімен жаман? Ең алдымен, істің сотта қаралуы, қаржының игерілмей қалуы, келесі жылғы бюджеттің қысқартылуы. Тапсырыс берушіге бұл өте қолайсыз. Содан барып, Басқарма өз жұмысын дұрыс орындай алмаған өнім берушілерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға көмектесе бастады. Олар өздерінің жұмыс деңгейін өте жақсы көтеріп алған, барлық аймақтарда Жастар бастамасын дамыту орталығы бар, мен қазір Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма туралы айтып отырмын. Оларда жоғарыда айтылған орталықтан басқа қажет техникамен толықтай жарақтандырылған өз ғимараты бар, үлкен әкімшілік ресурсы бар. Осылардың арқасында жұмыстарын толық аяқтап, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобаларды өздері жүзеге асыра бастады. Жұмысын дұрыс жасай алмаған ҮЕҰ-дар бар, басқарма іс-шараны солардың орнына өткізе бастады. Қаржылық төлемдерге еш қатыспайды, бірақ шараны өткізетін орын, аппаратура, спикерлерді тауып беру, қатысушыларды қамтамасыз ету сынды барлық дүниелер басқарманың мойнында. Нәтижесінде бірнеше жылдың ішінде олардың жұмысы соншалықты жаппай сипатқа ие болып, тиімді атқарылып отыр. Қазір Павлодардағы жағдайға баға берсек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау жағынан бүкіл ҮЕҰ-дарға қарағанда басқарма тиімді жүзеге асырып отыр. Мен өзім де үкіметтік емес ұйымда жұмыс істеймін, өз жұмысыма және үкіметтік емес секторға адалмын, бірақ басқармаға қарағанда ҮЕҰ-дар жақсы іске асырып жатыр деп өтірік айта алмаймын, жоқ олай емес. Павлодарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жасалып жатқан қазіргі барлық жобаларды басқарма өзі-ақ, үкіметтік емес секторсыз, өте жақсы жүзеге асыра алады. Өйткені олардың қолында әкімшілік ресурс бар және жобаны сапалы және тиімді орындап шығу үшін барлық мүмкіндіктері бар. Иә, келісемін, басқармаға қарағанда аймақтарда ҮЕҰ-дар жақсырақ жасай алатын аясы тар бағыттар бар. Бірақ бұл тұста, басқарма ҮЕҰ-дарда жұмыс істейтін сарапшылар мен мамандарды қосалқы мердігер ретінде немесе қызмет көрсету келісім шарты арқылы пайдаланып, осы жобаларды үкіметтік емес секторға қарағанда тиімдірек іске асыра алады. Басқа облыстарда мұндай бар ма екенін білмеймін, бірақ Жастар бастамасын дамыту орталығы бар, алайда олар Павлодар облысындағы сияқты үлкен ауқымда жұмыс істемейді. Осыған орай, нақты Павлодар аймағындағы жағдайды бағалай отыра, Павлодардағы ҮЕҰ-дарға өзгеру керек, өздерінің жұмыс бағытын өзгерту керек, себебі қазір мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты басқарма ҮЕҰ-дарды тартпай-ақ өзі жүзеге асыра алады.

Каталог: documents -> page -> projekt -> 2014
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
2014 -> Қазақстандық полиция: жазалаушы орган ба әлде
2014 -> Есеп беруші мемлекет: алынған сабақтар мен алдағы міндеттер
2014 -> Дағдарыс тұсындағы тұрғын-үй нарығы
2014 -> Азаматтарға медицина қашан қолжетімді болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет