«Қазақстан – 2050» стратегиясы



бет1/2
Дата04.06.2020
өлшемі325,81 Kb.
#72346
  1   2
Байланысты:
ҚР 2050 стратегия
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1

«Қазақстан – 2050» стратегиясы


Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр.

Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.

   Жолдауда Елбасы: «Біздің басты жетістігіміз –тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деп атап көрсетті. Осы ретте тарих өлшемімен салыстырғанда қас-қағымдай уақыт – тәуелсіздіктің жиырма бір жылында еліміз қол жеткізген, Жолдауда атап айтылған табыстарға қысқаша тоқтала кеткен жөн: «Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды.

Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біз елімізге 160 млрд доллардан астам шетел инвестициясын тарттық. Стратегия – 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. 15  жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды,жұмыссыздар саны екі есе қысқарды».

Осы жылдарда Қазақстанда: «Білім алуға  тең мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Соңғы бес жылда  ана өлімі  шамамен 3 есе азайды,  бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік».

   

Әлемдік саясатта біздің еліміз  – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына және ұжымдық қауіпсіздік ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсындық.



Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда  ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста  осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі  болып танылды».

     Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл 15 жыл бұрын қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мерзімінен бұрын орындалғандығын атап өтті. Оның басты қорытындылары: «Болашақта  кез келген аумақтық  даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға  көршілермен  даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.

  Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Бізде  көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы  18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ  бар, оның  90%-ы – жеке иелікте. Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде өтті.

     Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, еседен астам өсті. Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар ішіндемұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды.  Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік».

 Сонымен  қатар республикада «үдемелі индустрияландыру  бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.Халықтың нақтылы ақшалай кірістері  16  есе өсті.

     Егер  1999 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 46  млрд теңгені құраса, 2011  жылы 631 млрд теңге болды. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны   14 млн-нан 17 млн адамға дейін өсті.Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.

    «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың  94,7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Соңғы 12 жылда  жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.

1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды. Астанада  халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық».





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет