Қазақстан аумағындағы монғолдардың шапқыншылығы. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі39,05 Kb.
#31022
Алибеков Нышанбек Ермекбаевич,

Тұрар атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі.

ОҚО, Түлкібас ауданы
Қазақстан аумағындағы монғолдардың шапқыншылығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру; Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру. Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету; Оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, бейнематериал көрсету

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер, карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әбу Наср әл-Фараби қай жерлерде білім алған?

  2. 2.Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?

  3. Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?

  4. «Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?

  5. Қожа ахмет Йасауидің әулиелігі неде?

  6. «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Монғол империясының құрылуы.

2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

3. Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.

4. Жаулап алудың зардаптары.

5. Ұлыстардың құрылыстары.



Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?

Жаулап алудың  зардаптары

  • Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

  • Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

  • Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

  • Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

  • Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін,  балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Қазақ жерінде ұлыстар

1. Монғол империясы қашан құрылды?

2. Шыңғысқан туралы қандай аңыздарды білесің?

3. Нояндар деген кімдер?

4. «Яса» заңына сипаттаңдар.

5. Монғол шапқыншылығынан Отырардан басқа қандай қалалар зардап шекті?

6. Қазақ жерлері қандай ұлыстарға енді?

«Монғол», «Шыңғысхан» фильмдерін көрсету, кері әсер парағын беру. 3. Шапқыншылық соғыстар 


Жылдар Оқиғалар 
1207-1208 жж. Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы 
1207-1209 жж. Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр 
1211-1215 жж. Қытай жері, соғыс техникасы 
1216 ж. Жошы, Керей, Торғай даласы 
1217 ж. Жебе Ноян –Жетісу –Күшілік хан 
1218 ж. Отырарға керуен 
1219 ж. 200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара 
1220 ж. Мауараннахр 
1221 ж. Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран 
1223 ж. Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ

IV. Сабақты бекіту: 5 минут.       
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет