«Қазақстан біздің ортақ үйіміз»



Дата20.06.2018
өлшемі14,52 Kb.
#44036
«Қазақстан біздің ортақ үйіміз»
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды. Жері шежірелі, кең-байтақ және өте бай.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды.

Біздің Қазақстанымыз көп ұлтты мемлекет. Сондықтан Қазақстан біздің ортақ үйіміз, Отанымыз, туған жеріміз. «Отан – алтын қазақ, ел тірегі» - дей келе кіндік қаны тамған туған жері әрбір азамат үшін қасиеттісі де, ауадай қажеттісі де. «Туған жердің қадірін алыстағанда білерсің» деп ой тамшысын салған еді. Шындыққа орай әрбір пенде туған жерінен алыстағанда жүрегі Отан деп соғады, көңілі, көкірегі өлі болғандай ақыл табуға сөз ұға алмай өзі бір тиянақсыздыққа ұшырайды. Мұның бәрі туған жерге деген сүйіспеншілік, парасаттылық. Өз өлкеңнен аз шақырым алыстағаныңда-ақ ыстық сезім қозғады.

Қазақ жері – талай ұлтқа достық құшағын ашқан құт мекен. Осынау халқы жомарт дарқан далада көптеген ұлт өкілдері көптеп өмір сүріп келеді. Елбасы көпұлтты еліміздегі басты байлық ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен достықтан тамыр тартатынын үнемі айтып келеді. Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті , бейбітшілік жағдайда өмір сүру – барша қазақтың қағидасы болуы шарт», деп атап өткен болатын. Бұл еліміздің барша халықтың қамын ойлау, бейбіт өмірін қамтамасыз етудің кепілі іспетті ойымызда қалады.

Төзімділік қазақ халқының ұлттық құндылығы десе де болғандай. Ел-жұрт, жеті атаны білу, қонақжайлық, айналасындағыларға асарлап көмектесу, сыйластық пен сабырлық қазақтың қазына біткен қасиеттер екенін өмірде көріп жүрміз. Осындай ізгіліктердің арқасында ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптасып отыр. Бұған бізге өз хал-қадірімізше үлес қосып келе жатқанымызды мақтаныш тұтамыз.

Әр ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын және тіл мен мәдениетін сақтауға және дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін айту орынды. Елбасы барлық ұлттарды ұйыстыратын қазақ тілі екенін ұдайы айтып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеру, жастардың қазақ тілін оқып-үйренуге құлшынысы шынайы отаншылдық сезімінің белгісі. Егер сен тіл білсең, еліңнің тарихын және мәдениетін білесің.

Гүлденген және өркендеген Қазақстан – біздің жарқын болашағымыз. Еліміздің ұлтаралық бірліктің қазақстандық моделін танытады. Бір мысал келтіріп кетейін: 1997 жылы болгар ұлттық-мәдени орталық құрылды, бүгінде ол Ақтөбе облыстық «Вяра» болгар этномәдени бірлестігі деп аталады. Болгарлар қазақтармен жүз жылдан астам бірге тұрып, тамырын тереңге жайды. Облыста 1 мыңға жуық болгарлар бар екен. Соның 500-ден астамы Алға ауданы Болгарка ауылында тұрады. Бұл ауыл қазақша білмейтін болгарды кездестірмейсің, барлығы біледі. Қыз алысып, қыз берісіп, құда-жегжат болып кеткендері қаншама. Біз де қазақ көршілеріміз сияқты соғым сойып, сыбағалы асып жатармыз. Біз осындай бірлігі жарасқан елде туып, өркенімізді мақтаныш тұтамыз, киінгілерге өнеге ретінде айтып жүреміз. Қазақстанның бүгінде , болашағы да мұндай құрметке лайық бола бермейтіне сенімім мол.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңінде:



Адамдық борышың,

Халқына еңбек ет.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта оны біл – делінген. Бұл да бір жастарға айтар жайттың бірі – ол әрі борышымыз болып табылатындығы. Әрі данышпан Абай атамыздың 1890-1898 жазған «қара сөз» ғибрат аларлық алтыншы сөзінде: «өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Ел боламыз десек бірлік, ырыс-ынтымақ керек. Әрі осы қара сөзінде:

Киелі жалқау қылжыңбас,

Әзір тамақ, әзір ас.

Сыртың – пысық, ішің – нас.

Артын ойлап ұялмас – деп Абай атамыз айтқандай жамандықтан аулақ болайық. Еліміздің көрнекті жазушысы – Ғабиден Мұстафин: «Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық» деген аталы сөз ұлағат етіп жадымызда тұтайық. Және де мен Абай Құнанбаевтың өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп – деп өзіміздің жарық сайымызды, терең де, мөлдір суларымызды, терең сайларымызды, тасыған өзен, көлдерімізді, бар байлығымызды сақтайық.

Қазақстан біздің – ортақ үйіміз, Қазақстан біздің – барымыз, Қазақстан біздің – мақтанышымыз, Қазақстан біздің – туған жеріміз.



Орындаған: логопед Нұрбекова Д.Т


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет