«Қазақстан ғылымының жаңалықтары»



Дата08.09.2017
өлшемі36,13 Kb.
#31792
Мақала авторларына жаднама
«Қазақстан ғылымының жаңалықтары» ғылыми-техникалық жинағы – министрліктрдің, мекемелердің, ғылыми-зерттеу және оқу институттарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың мамандарын қазақстандық ғалымдардың республикадағы ғылым мен техниканың дамуының басым бағыттары бойынша болашақта практикада жүзеге асыруға бағытталған ғылыми жетістіктері туралы тікелей ақпараттандыруға арналған мерзімді республикалық басылым.

Басылымның шығуының мерзімділігі – 4 шығарылым.



Ғылыми-техникалық жинақ Жер туралы, химиялық, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдардың ЖАК төрағасының 2003 ж. 26 маусымындағы № 433-3ж бұйрығымен бекітілген тізіміне қосылған.

Республиканың экономикасына өзекті және практикалық жүзеге асыруда қызығушылық тудыратын соңғы жылдардағы қолданбалы сипаттағы аяқталған зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен тұратын ғылыми мақалалар жариялануға қабылданады.

Мақалалар орысша, қазақша және ағылшын тілдерінде жарияланады. Мақала мәтіні қысқа әрі нұсқа болуы қажет, көлемі кестелерді (суреттерді) қосқанда 5 беттен аспауы тиіс, аралық – 1,5. Мақалалар электронды түрде (Офис 2000, Word, Times New Roman, 14 pt) және 1 данасы басып шығарылған нұсқада ұсынылады. Кестелер мен суреттердің (4-тен аспауы тиіс) нөмірі және атауы болуы керек. Сөздердің мәтінде, кестелерде және суреттерде қысқартылуына, олардың ішінде бір ақпараттың қайталануына жол берілмейді. Мәтіндегі барлық қысқартылған сөздердің мағынасы ашылуы керек. Өлшем бірліктерін ХБЖ келтірген жөн.

Суреттерді стандартты ақ-қара пішінінде графикалық файл түрінде келтіру қажет. Сканерден өтілгендердің сапасы жоғары, рұқсат дәрежесі 300 dpi кем емес. Суреттерде тек сандық және әріптік белгіленулерге жол беріледі, түсіндірме жазбалар суреттің астына жазылады.

Суреттердің сапасы олардың қосымша өңделуінсіз полиграфиялық басып шығарылуын қамтамасыз етуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтінде ескертілген ретпен көрсетіледі. Мәтін ішінде әдебиет көзі шаршы жақшаға алынады. Жарияланбаған құжаттарға сілтеме жасауға тыйым салынады. Патенттерге және авторлық куәліктерге сілтеме жасау кезінде міндетті түрде жарияланған мерзімі мен бюллетень нөмірі көрсетілуі керек.

Мақалада барлық авторлардың қолы болу керек. Қосымша парақта барлық авторлар туралы мәлімет беріледі: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, мекеменің толық аты, индексі мен мекен-жайы, телефон, факс, электронды пошта.

Мақалаға мақаланың екі тілдегі (қазақ және ағылшын тілдерінде немесе орыс және ағылшын тілдерінде) атауы, орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мазмұны, жұмыс орындалған мекеменің жолдама қағазы, сараптамалық қорытынды, зерттелініп отырған сала бойынша жетекші маманның рецензиясы қосылып беріледі.

Келіп түскен ғылыми мақалалар рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялаудан өткен мақала жариялануға қабылданған жұмыстар тізіміне енеді және кезек ретімен жарияланады. Егер рецензиялаушы мақаланы түзеуге жіберсе, мақаланың келіп түскен мерзімі деп оның соңғы нұсқасын редакция алған күні болып есептелінеді. Мақала жариялануға қабылданбаған жағдайда қолжазба авторларға қайтарылмайды, редакцияның бас тарту себептері бойынша жауап бермеуіне құқығы бар.

Мақалаларды қысқарту және түзетуге редакцияның құқығы бар.

Мәліметтер көрсетілген мекен-жайға жіберіледі: 01000, Астана қ-сы, Пушкин к-сі, 15 «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Астана қ-ғы филиалы.

Жинаққа жазылуды «Қазпочта» ААҚ, «Евразия-пресс» ЖАҚ газет және журналдарының каталогы бойынша рәсімдеуге болады (индекс 75776).

Анықтама телефондары: 8 (7172)27-41-64, e-mail ncnti_astana@mail.ru



Ғылыми қызметкерлердің, докторанттардың, магистранттардың, ҒЗИ, ЖОО және мекемелердің мамандарының назарына!

«Қазақстан ғылымының жаңалықтары» жинағы Қазақстан Республикасындағы ғылым мен техниканың дамуының басым бағыттары бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми материалдарды жариялайды.

Жинақ InspecDirect халықаралық деректер базасына кіретін қазақстандық 10 журналдардың қатарында.

Деректер базасы ғалымдар мен мамандарға өздерінің жұмыстарын ғылым саласында жоғарылатуға, сондай-ақ әлемнің әр түрлі елдерінің ғылыми зерттеулері мен ашылулары жайында ақпарат алуға мүмкіндік беретін инновациялық онлайн-ресурс болып табылады.

Жинаққа жариялану үшін қолданбалы сипаттағы, бұрын жарияланбаған және практикалық жүзеге асыруда қызығушылық тудыратын жеке зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен тұратын ғылыми мақалалар қабылданады.

«Қазақстан ғылымының жаңалықтары» жинағы жоғары рейтингті рецензияланатын журнал. Ғылымның түрлі саласындағы Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары редакциялық кеңес мүшелері болып табылады.

Ғалымдарды, жетекші ҒЗИ, ЖОО және мекемелердің мамандарын, докторанттарды, магистранттарды әріптестікке шақырамыз!

Біздің мекен-жай: 01000, Астана қ-сы, Пушкин к-сі, 15 «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Астана қ-ғы филиалы.

Анықтама тел.: 8 (7172)27-41-64,



e-mail: ncnti_astana@mail.ru
Каталог: downloads -> nauka
nauka -> Республикалық «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби байқауының ережесі
nauka -> Как оформить отчет о нир
nauka -> Как оформить отчет по нир
nauka -> Семинарларды ұсынады: «Үздік шығарма»
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> Конкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет