Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі Қордай ауданы әкімиятының білім бөлімі



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі422,83 Kb.
#21611
  1   2
Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі

Қордай ауданы әкімиятының білім бөлімі


Бекітемін: Келісемін:

№9 орта мектеп директоры АББ әдіскері


----------------------------------- -----------------------------

Молдажанов Б.Ш Бахрамова С.А




Авторлық бағдарлама

Тақырыбы: «Қазақтың салт- дәстүрі»


Сыныбы: 8 орыс сыныбы

Орындаған:

№9 Ауқатты орта мектебінің

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы

Ауқатты ауылы

2016 жыл

Автор туралы мәлімет


Аты-жөні – Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы
Білімі – жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Қызметі – қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Біліктілік санаты – 13/1
Педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл
Наградалары:

Жамбыл облысы әкімінің Білім басқармасы білім беру және ғылым қызметкерлерінің Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының дипломы. 2004 ж.
Аудандық білім басқармасының Құрмет грамотасы. 2005 ж. мамыр
Жамбыл облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының мақтау қағазы. 2006 ж.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ІІ орынды жүлделі дипломы. 2008 ж. сәуір


РЕЦЕНЗИЯ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы мектебіміздегі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі. Мұғалімнің 8 орыс сыныбына арнап жазған «Қазақтың салт-дәстүрі» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында біздің мектеп әкімшілігі бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

-бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес;

-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты жаза білуіне үйретеді;

-тұрақталған сөз орамдарымен, тілдік құралдарымен, сөзжасам ерекшеліктерімен таныстырады;

-мәтіндердің мазмұнын қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару дағдылары қалыптасады, әр түрлі грамматикалық жұмыстарды орындау арқылы сөздік қорларын молайтады;

-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;

-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;

-оқушылардың екі тілде сөйлеу арқылы коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады;

-өзге ұлт балаларына сөйлеу үрдісінің индикативтік, коммунакативтік және сигнификативтік қызметтерін іске асыруға үйретеді;

-өзге ұлт балалары мен қазақ балаларына халық педагогикасынан толық мағлұмат бере алады;

-балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып №9 орта мектептің әкімшілігі оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде мұғалім Жарығасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келіседі.

№9 орта мектеп директоры: Молдажанов Б.Ш.


Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Мыңжасаров К.Н.



Түсінік хат
Бағдарлама Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясы үздіксіз білім беру институты даярлаған орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалды. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы методологиялық басшылыққа алынды.

Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның мазмұндық бағыттары төмендегідей мақсаттарға бағдарланып құрылды.

Тәрбие беру – сан-сапалы тексіз рухани күш. Қазіргі кезде қазақ халқының рухани жағынан қайта даму кезеңі басталды. Дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Қазақ өз ұрпағын, ең алдымен, ата дәстүріне үйреткендігін, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, зергерлікке, шешендікке, ұлт өнеріне құштарлыққа баулығанын білеміз. Халқымыздың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі бар екендігіне өзге ұлт балаларының көзін жеткізуіміз керек.

Бағдарлама негізі халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып бала тәрбиесін тіл үйретуден бастау, тіл мәдениетін бейімдеу, санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер үйрету. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеу, әңгімелер, өлеңдер арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы баланың қиялын дамыту, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беру, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйрену сияқты мақсаттарды көздейді.

Бағдарламаның екінші мақсаты: ұлттық салт-сананы танытып үйрету. Оларға: әдет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, салт-саналар жатады.

Үшінші мақсаты: өзге ұлт балалары үшін қазақ тілін үйрену, этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу сияқты мақсаттарын көздейді, ал қазақ балалары үшін өз тілін, салт-дәстүрді ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етуге үйрету.
Мақсаттары:

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Орыс тілді басқа ұлт өкілдері оқушыларының ұлттық педагогикадан білімдерін тереңдету. Барлық балаларды ұлт дәстүрлерін білу арқылы қазақ халқының мәдениетін сыйлауға, ең озық салт-дәстүрлерін қабылдау, қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылық. Орыс мектептеріндегі балаларды өткізіліп отыратын олимпиадаларға, сайыстарға, фестивальдарға дайындау.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Тұлғаның өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілетін дамыту, белсенділігі мен саналылығын қалыптастыру, психикалық, физиологиялық даму заңдылықтарын, жалпы әлеуметтік құнды белсенділігін дамыту.

Міндеттері






Орыс мектебінде оқып жүрген қазақ балаларын өз ұлтының мәдениетін, дәстүрін тамаша жақтарымен таныстыру

Оқушылардың сана-сезімдерінде ұлтына деген мақтаныш, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдерін ояту.



Қазақ тілінде айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім, әрекеттерін меңгеру.

Қазақша сөйлесуге, қазақша киінуге ұялмайтын, келешекте еліне қызмет ететін, елін қорғайтын ел азаматы, елдің ұл-қызын қалыптастыру.

Сөздік қорын молайту, аударма түсіндірме және т.б. сөздіктерін пайдалана алу.

Ата-аналарының тіл білмеуінен бере алмай жүрген ұлттық тәрбиенің аз да болса қалыптасуына мүмкіндік жасау.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ БӨЛІМІ


І.Баланың тууы, өсіп-жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер.
Олар қазақ халқының баланы мұрагерім, шаңырақтың жалғасы деп қарауы, қыз баланы басқа шаңырақтың болашақ анасы деп құрметтеуін; балаларына енші жасау, дайындау, отау тігу, қыз ұзату;

Бесік тойы, шілдехана; баланың әр түрлі сырқатының қазақша емі, шілдехананың маңызы, бесік жырының психологиялық көркемдік мәні;

Сүндет тойы, оның ислам дініндегі айнымас қағидасының орындалуы, денсаулыққа, тазалыққа бейімделуі;

Тілашар тойы, ана-әженің, әке-атаның бала тілін қалыптастыруы; жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі аңыздарды үйретуі сияқты түрлері.

Қазақ халқының тілі – бесігінен, басқа тілдерді білмей тұрып қалыптасуы керектігін түсіндіру. Ұлт тілі мен тәуелсіздіктің бір-бірімен мұңдас екендігін баланың санасына құю, шет елде тұрып жатқан қазақтардың өз ұлтының тілін, мәдениетін, әнін, әдебиетін қалай құрметтеп, қалай сақтап отырғандығын әңгімелеу.

Басқа ұлттардың тіліне құрмет көрсету және де өзі тұрып жатқан мемлекетінің тілін де құрметтеу керек екендігін түсіндіру.

Тұсау кесер, атқа мінгізу тойларындағы халықтың даналығын, тәрбиелік мәні айтылатын өлең-жырларды айту.

Тыйым сөздер мен ишара сөздер, нақыл сөздер, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ұл тәрбиесінің айырмашылығын түсіндіру. Қазақтың ертеден келе жатқан дене тәрбиесі – ұлттық ойындары туралы; табиғатты қорғау, табиғаттың байлығын білу, тамашалау сезімдеріне тәрбиелеу.

Қазақ халқының ерекше қасиеттері: қонақжайлылығы, ашықтылығы, меймандылығы, басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынастылығы. Сонымен бірге аңқаулығы, қарапайымдылығы, еліктегіштігі жайлы да айту.

ІІ.Қазақтың жылдың төрт мезгіліндегі мекен-жайлары – киіз үй туралы.
Көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы. Киіз үйдің қолайлылығы, жеңіл жиналып, құрылатындығы. Киіз үйдің көшпенді халықтардың ғасырлар бойғы жинаған сәулет өнерінің белгісі екенін айту. Киіз үйдің дайындалуы, түрлері; құрал-жабдықтарын дайындайтын ағаш шеберінің ісі, киіз басу өнері, өрнектеу өнері туралы.

Мал шаруашылығының адам өміріне тигізетін пайдасы. Киіз үйдің ішкі жасауы. Олардың арнайы жасалатын түрлері. Киіз үйдің төрі, әр нәрсенің өз орны. Киіз үйдің қысқы, жазғы түрлері.

Шаңырақ ұғымы, шаңырақтың айтылуы, маңызы. Киіз үйдегі жиһаздар, қазақ қолөнерінің туындылары - әйелдің шеберлігінің көрмесі. Киіз үйдің қазіргі заманда қолданылуы.

Қазақтың зергерлік өнері: қазақ халқының асыл тастарды, алтын, күмісті қадірлеуі; байлықтың, барлықтың белгісі етіп қолдануы. Қыз баланы, бозбаланы, жас келіндерді зергерлік бұйымдармен әшекейлеп, мәнерлегені. Зергерлік бұйымдардың атадан балаға мұра болып қалуы.

Зергерлік бұйымдармен әшекейленген сақ киімі туралы. Зергерлік өнердің ұлттық киімінің бір бөлшегі, сәндік бұйымдарға жататындығы, оның түрлері туралы түсіндіру.

Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекшеліктері.

Бұрын негізінен ет, сүт тағамдары болған, оны өндіру, сақтау, әр түрлі тағамдарды дайындау. Сүт, ет, нан тағамдарының аттары, құрамы, көшпенділік тұрмысқа бейімділігі. Қазақша еттің, қой етінің, жылқы етінің мүшеленуі. Ет тарату, ет жасау, ас беру дәстүрлері қойдың басы – құданың асы деп аталуы. Сүттің ақтығының қасиеті. Нанды, ақты аяққа баспа делінуі. Жылқы етінің емдік қасиеті, тазалығы. Қазақ ұлтының мұсылман қауымының шошқа етін харам деп жемеуі туралы.

Ас алдында қол жуу, «биссимилляһи» деп, үлкендерден кейін табаққа қол салу. Ас ішіп отырғанда көп сөйлемеу. Астың бетін ашық қалдырмау. Асқа бата беру, ас дайындаушыға құрмет, үй иесіне ризашылық білдіруге үйрету.

Төрт түлік малға байланысты ұғымдар.

Текті жануар, ат адамның қанаты, малдың түрлері: Қамбар ата, Ойсыл қара, Шекшек ата туралы.

«Мал-жаның аман ба?» сәлемдесуінің төркіні, қалың мал, жұрт, жайлау, тебін ұғымдарын түсіну. Малға байланысты қазақтың «ботам, қозым» деген сөздерінің, Ботагөз, Тайлақ тағы басқа адам аттары. Жылқы малының көшпенділер өміріндегі көліктік қызметі, жаугершілік, барымта мәселелері. Егіншілік пен балық аулуға байланысты дәстүрлер.

ІІІ.Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер.


Қазақ өмірінің ертеден келе жатөан мәдени деңгейі, той, кештер, шешендік өнерге құрмет, өнер адамдарының төңірегінде шоғырлану.

Қазақ ауылында жасайтын бастаңғы, тоқым қағу, ақындар айтысын тыңдауға жиналу. Айтыскер ақындар – Жамбыл Жабаев туралы, Біржан-Сара айтысы, қазіргі заманғы айтыстардың тақырыбы, мазмұны жөнінде айту. Қазақтың ұлт аспаптары туралы түсіндіру.



Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер.
Танысу, құда болу, қыз ұзату тағы басқа түсініктерге байланысты дәстүрлер. Қалың мал, жасау, киіт кигізу туралы. Той әндері, той ырымдары, ойындары жайлы айту.

Наурыз тойы жаңа жыл мерекесі. Наурыздың экологиялық, астрономиялық, имандылық, табиғи мәнін түсіндіру.

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлер, ұлттық өнерді насихаттау, халық әндерін үйрену, ұлттық киімдерді киюге баулу, наурыз көженің мәні туралы түсіндіру.

Діни мейрамдар: құрбан айт, ораза айт туралы айту.

Қазақ халқы киелі деп есептейтін «3», «5», «9» сандарының алыну төркіні және осы сандарға байланысты ұғымдар жайындау әңгімелеу.

Нормативтік бөлік
Теориялық




Тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе. Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

2

2

Ұлттық ерекшелік. Салт-дәстүр туралы


4

3

Қасиетті қара шаңырақ


4

4

Қолөнер – зор өнер


4

5

Ас – адамның арқауы


4

6

Қарға тамырлы қазақ


6

7

Төрт құбылада – төрт түлік


4

8

Табиғат – тал бесік


4

9

Киелі сандар


2

10

Қорытынды


2

Тақырыптық жоспар


Аптасына 1 сағат





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны



Кіріспе

1



Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

1



Ұлттық ерекшелік. Қазақтың салт-дәстүрі туралы

1



Салт-дәстүрді сақтау жолдары

1



Жақсы сөз – жарым ырыс. Халықтың ырымдары

1



Шағын шығарма

1



Қасиетті қара шаңырақ

1



Киіз үйге байланысты ұғымдар

1



Тұрмыстық және шаруашылық заттардың атаулары

1



Диалог құрастыру

1



Қолөнер – зор өнер

1



Шеберлер шешімін тапқан

1



Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

1



Мазмұндама

1



Ас – адамның арқауы

1



Ыдыста ырыс бар

1



Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

1



Эссе

1



Қарға тамырлы қазақ

1



Ағайын жұрт

1



Нағашы жұрт

1



Қайын жұрт

1



Жақындық және іліктік атаулар

1



Ойтолғау

1



Төрт құбылада – төрт түлік

1



Төрт түлікке қатысты атаулар

1



Жан-жануарларға байланысты ырымдар

1



Әңгіме құрастыру

1



Табиғат – тал бесік

1



Халық ауа райын қалай болжаған?

1



Шағын шығарма

1



Киелі сандар

1



«7», «5», «9» сандарының мағынасы

1



«Салт-дәстүр – асыл қазынам» жұлдызды сағат

1



Қорытынды

2


Барлығы: 36 сағат

Ақпараттық-әдістемелік бөлік
1.Баланың тууы, өсіп жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлерді жете меңгеруі тиіс.
2.Қазақтың жылдың төрт мегзіліндегі мекен-жайлары киіз үйі, көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы туралы білуі тиіс.
3.Оқып, танысқан деректерді өмірмен сабақтастыра білуі тиіс.
4.Қазақ өмірінің ертеден келе жатқан мәдени деңгейі, табиғи мәніне өзіндік тұжырым жасай білуі тиіс.
5.Туған жерінің табиғатын сүйе отырып, оны қорғай білуді үйренуі тиіс.
6.Салт-дәстүрді сақтау жолдарын оқып үйрене отырып адамгершіліктің, азаматтықтың алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
7.Дәстүрді қастерлей отырып ұлтын, елін шынайы махаббатпен сүюді үйренуі тиіс.
8.Ұлттық салт-сана туралы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасуы тиіс.
9.Қазақтың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, мол тәжірибесі бар екендігіне өзге ұлт балаларының көзін жеткізу.
10.Аңыз-әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйренуі тиіс.

Білімді меңгеру барысын анықтау түрлері:
-сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талдау арқылы

-қазақтың салт-дәстүріне байланысты жинақталған тақырыптық ғылыми жұмыстарын қорғау, талдау.

-мұғалім әрбір тақырып бойынша ой толғау, пікір, эссе жаздыру, сұрақ тапсырмалар арқылы курсты меңгеру деңгейінен анықтайды.

-оқушының білім деңгейін «меңгерді», «меңгермеді» деген қорытындымен айқындалады.



Каталог: materialy -> avtorbagdar
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
avtorbagdar -> №2 Төлеби балалар үйі
avtorbagdar -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы
avtorbagdar -> Шымкент қаласы «№26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
avtorbagdar -> 26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы шешендік өнер (таңдау курсы) Сынып – 5 Сағаты – 1 Жылдық сағаты – 34 Бағдарламаны құрастырған
avtorbagdar -> Бекітемін: Келісемін: «Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет