Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы облысы талдықОРҒан қаласы



Дата02.07.2018
өлшемі154,71 Kb.
#45329
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ



«Мойнақ ауылындағы шағын орталығы бар №23 орта мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі



Авторы: Тайбек Алиша

4 «А» сынып оқушысы

Тақырыбы: Киелі жеті саны

Бағыты: Этномәдениеттану

Жетекшісі: Класхан Кенже





2016 жыл

Абстракт

Зерттеу мақсаты: Қазақ халқы және өзге ұлттың арасында сандар тарих сонымен қатар жеті санның қасиеттілігін, құдіреттілігін, жайлы оқулықтарды аса көп ой қаптылмаса да өміршеңдігін зерттеу, бүгінгі дейін бірсыпыра мәтіндер де жинақталғанымен арнайы зерттеле қоймаған. Осы шағын жанрлық түрдің халқымыздың тұрмыс - тіршілігінде көтеріп келе жатқан жүгі орасан ауыр екендігін айшықтау, жастарды имандылыққа, әділеттілікке тәрбиелеу. Ұлттық салт дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жауапкершілігін сезіну, білімді, мәдениетті, іскер еңбекшіл азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосу.
Гипотеза: «Заңға дейінгі жазылмаған заң» деп аталатын жеті санына байланысты қасиетті қағидаларды тұрмыс- тіршілікте бұлжытпай орындау, жастарға ұлттық тәрбие ретінде қолдану.

Кезеңдер:

1.Киелі жеті саны.

2.Жеті санының шығу тарихы.

3.Жеті санының құпиялары.

4.Жеті санына байланысты қазақ халқының ырым-тыйымдары.

Зерттеудің жаңалығы ман дербестік дәрежесі: Жеті санына байланысты қасиетті қағидалар естияр жандар тарапынан бақыланып, үнемі қадағаланып отыратын қасиетке ие. Ол әлеуметтік- қоғамдық реттілікті, тәртіпті қалыптастырушы бірегей жүйе. Әрбір жеті санына байланысты қасиетті сөздердің өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарып отырған әдет- ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ырым-тыйымдардың сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр. Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік алар орны ерекше.

Жұмыстың жеткен нәтижесі:

Жеті санына байланысты қасиетті ұғымдар қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа әрі ең өміршең жанрдың бірі деп танылып,оның ғасырлар керуеніне өтіп,бүгінгі ұрпақтың зердесіне ұя салуы-қысқа да ұшқыр,ұтқыр да тұтқыр сипатында жатқандығы екеніне зен қойып,жеті санының қасиетті,киелі екендігі жайлы оқытуда қосымша болатын материал жинақтап,жүйеге келтірілді.



Қорытынды:

Қазақ халқының жеті саны туралы наным сенімдеріне көңіл бөлу, қасиетті жеті санының құдіреттілігі, киелі сан екендігіжайлы қағидалардықазіргі кездегі қолдануын  оқып үйрену.


Мазмұны

I . Кіріспе.

II. Зерттеу бөлімі


  1. Киелі жеті саны

  2. Сандар тарихы

  3. Жеті санымен аталатын кереметтер

  4. Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары

  5. Жеті санына байланысты ырымдар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Қосымшалар


I . Кіріспе.

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырын мен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарап танып бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктеледі: бірі- өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту ,екінші жағы- төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау.

Сонымен қатар үлкен жауапкершіліктің бірі ел тәуекелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды.

Ауыз әдебиеті –тәрбие көзі,өнеге-өсиет кені.Халықтық тәрбиенің жас ұрпаққа әсер-ықпалын зерделеп-зерттеу ісімен айналысқан ғалымдардың ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін жан-жақты ашық көрсеткенеңбектері баршылық.Атап айтар болсақ,А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш»,

М.Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес»,Қ. Жарықбаевтың,

С. Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Халық педагогикасының ауыз әдебиетінің көрінісі» және т.б еңбектерінде бұл мәселені жан-жақты ашып көрсеткен.

Түркі халықтарының әдебиетін жинақтаушы ,әрі зерттеуші ғалымдар

В.В Радлов, Г.Н Потанин, Ә. Диваеватар да қазақ халық ауыз әдебиетінің мазмұндық, тілдік сипаттарына жоғары баға берген болатын. Қазақтың белгілі ғалымдары М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұханов, М. Жолдыбаева, Ө. Тұрманжанов, М.Қаратаев т.б әдеби мұраларды игеру, зерттеу, жинақтап жариялау, оларды оқулық көлеміне баяндау мәселелерін көтерді. Халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдер, жұмбақ,жаңылтпаштар, ертегі, батырлар жыры сынды жанрлары оқулықтарда беріліп балалардың ақыл-ой, сана сезімін көтеріп жүргенімен, бала тәрбиесінде өзіндік орны бар қасиетті қағидалар мен ырым - тыйым сөздердің қамтылмауы өкінішті - ақ. Қазақ халқы есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандыра отырып, қасиетті уағыздары мен қағидаларды бала бойына сіңірген.



Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Осы орайда көшпелі қазақ халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып,сырына қанығу. Киелі жеті санына байланысты қасиетті түсініктермен, қағидаларды дәріптеу.

Жеті саны қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде көп қолданылады.Адам баласын тәрбиелеуде көп ықпалын тигізетіндігі өзекті мәселе ретінде алынды. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Киелі сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.

Міндеттері:

Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:

- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;

- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;

- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

- маңыздылығын анықтау;

- электронды нұсқасын әзірлеу.

Киелі жеті санының ұғымына байланысты қасиетті түсініктермен , қағидаларды дәріптеу оқулықтарда аса көп қамтылмаса да өміршеңдігін зерттеу болды.



Зерттеу үш кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде киелі жеті саны жайлы әдебиеттермен танысу болды.Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін басшылыққа ала отырып,жүйелік түрде тақырыпты жан-жақты ашуға дәйек болатын материалдарды жинақтадық.

Зерттеудің екінші кезеңінде жеті санының киелілігіне байланысты қасиетті қағидалардың түрлерін анықтау болды. Киелі жеті санына байланысты қағидалардың барлығында өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие берер ұлағаты мол.

Зерттеудің үшінші кезеңінде ата-бабамыздың өнегелі,қасиетті тағлымдарын басшылыққа ала отырып,тек ғылым негіздерін алып қоймай,тұрмыс түйткілдері шаруа сырлары мен тәсілдерін насихаттайтын халықтық қағидаларды басшылыққа алу керек екндігіне көз жеткіздік.

Қорыта түйген ой: жинақталған материалдар фольклорды оқытуда қосымша деректер болатындығы.

1.Киелі жеті саны.

«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз»-демекші, «Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиетті сан болып есептеледі.мысалы: ол Ислам дінінде декиелі сан болып есептеледі.Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран»-да «жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты.Оған жеті қат аспанды үлестірді»,-деген сөз бар.Яғни , «аспан-жеті қабат»деген Ислам дінінде де бар.

Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ,онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырады.Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үл пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам—әке,шеше,бала өмірдің негізін қалайды.Ал төрт-бұл жарық,жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан,өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті,дәмді) басындағы жеті «тесік» ( екі көз, екі құлақ,мұрынның екі танауы, ауыз ) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай,адам өмірінде жеті рет сәттілік болады.Христиан дінінде жеті саны-сенім,үміт,қайырымдылық,әділеттілік,сабырлық,ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны-жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа шалынған.

Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, жан-дүниесін байытуға барлық күш-қайратын жұмсайды. Олар өткен өмір жолына үңіліп, өзіне-өзі есеп береді, келешекке жоспар құрып, осыған дейін жіберген қателігін енді қайталамауға бет бұрады. Ой-өрісі кеңейіп, тереңдейді, дүниеге көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. Оның өмір бойы жинаған тәжірибесі шығармашылық жұмыспен айналысса, оң нәтижесін береді. Қай мәселені де талдап, талғамдай алатын қасиетінің қай істе де көмегі мол.

Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз, сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес. Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында туғандардан таудағы ұлардай, тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады



2. Сандар тарихы

Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.



Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1,2,3,4,5,6,7,8,9) меңгерсе , нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді. 0-« цифр»деген мағынаны берді. Ежелгі Үнді жерінде цифр-«сцнья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын », «түк жоқ» деген мағынаны білдіреді. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген.Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп ,санау, есептеу,сату және уақытты белгілеуді көрсетті. Бұл санның абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді. 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. Бір саны қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз,Алладан басқа тәңір жоқ.Қай тілде болмасын бірлік сөзінің түпкі түбірі болып саналады.Адам өмірін басқаратын,әр пенде ұмтылатын сан болып есептелінеді.Ал Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны.Қандай да бір құбылыстың,тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді.1 саны шыршамен теңестіріледі.Баяу болсада басқалардан биік,көркем болып өсетінұзақ жыл сақталып кез-келгеннің көзіне алыстан-ақ ілінеді. Қосылу,толықтыру символы.Жақсы мен жаман,ер мен ә йел, күн мен түн,ақ пен қара.Қазақ халқының көзқарасына сай Даостық ұғымда Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын ер мен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн,жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия : «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі.Бамбук ағашына теңеледі.Өсу жылдамдығы өте тез,қолданылу мүмкіндігі өте кең. « Оңай» сөзінің омонимі.Пифагорлықтарда екі саны бірліктің жоғалуын білдіреді.Бұл сан махаббат,тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пенсуықтық,меірімділік пен қатыгездік,жарық пен қараңғылықтың,байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді. Төрт сан қытайлықтардың үрейін ұшыратын сан.Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады.Өйткені қытайларда төрт-«өлім» сөзінің омонимі.Шынымен қытайларосы санды көп қолдана бермейді.Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың.Сонымен, төрт қасірет саны болып табылады.Дегенмен де бұл санның да өзіндік мағынасы зор.Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер ,Аспан, Күн мен Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз,Феникс, Панголин және Айдаһар.Қытайларда төрт саны шамға теңелген –бір қалыпты , жарық,ішінде жалын болса да ,сырты жайма-шуақ. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі.

3. Жеті санымен аталатын кереметтер.

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар.

Біздің ата-бабаларымызда жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігімен табиғат құбылыстарын, аспан денелерімен заң жүйелерді жеті санымен анықтайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады деген.

« Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы жеті жарлығы»

1.Ұлттық қауіпсіздік

2.Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

4.ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты

5.Энергетика ресурстары

6.Инфра құрылым әсіресе көлік және байланыс

7.Кәсіби мемлекет
Қазақтардың таным - түсінігінде «Жеті ата» Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.

Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.


«Жеті қазына» Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:

1. Адамның ақыл-ойы, санасы.

2. Денсаулық.

3. Ақ жаулық (ердің жары).

4. Бала (өмір жалғасы).

5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).

6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»).

7. Ит.
«Жігіттің жеті қазынасы»
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.


«Жетіқарақшы» Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

«Аптаның жеті күні» Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

«Кемпірқосақтың жеті түсі» Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

« Қазақстанның жеті кереметі»

1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

2.Тайқазан

3.Айша бибі мазары

4.Тамғал жартас суреттері

5.Алтын адам

6.Қасиетті домбыра

7.Күлтегін ескерткіші

«Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет»

1. Египет пирамидасы.


2. Вавилонның аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
7. Александрия маягі.


«Жеті континент» Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка.

« Спорттың жеті түрі» Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру.

«Жеті жұт» Бұлар:1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт.
4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

« Жеті жоқ» Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

«Жеті жетім»:

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.




«Жеті аспан» Ислам дінінде: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық.

« Жеті шәріп» Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).




«Жеті жақын»
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын – қарындасың,
Сыйлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.

«Жеті қымбат »
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.

«Жұрттың жеті белгісі»: Елтаңба,Елұран, Әнұран,Елтаңба,Төлқұжат,Ұлт жазуы, Ту

«Жетісудың жеті өзені»

1.Көксу өзені

2.Ақсу өзені

3.Лепсі өзені

4.Шарын өзені

5.Басқан өзені

6. Іле өзені

Қаратал өзені



«Жетісудың жеті саңлағы» Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев,Ілияс Жансүгіров, Саин Мұратбеков, Сара Тастанбекқызы, Мұқағали Мақатаев, Жұматай Жақыпбаев.

«Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары» Сылдырмақ.
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ.

Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған.

Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.





Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

4. Жеті санына байланысты ырымдар

Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні – жеті шелпек пісіреді. Бұл жеті шелпекті жеті үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек.

Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де жеті саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған.
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...


III. Қорытынды
Сөзіміздің соңында айтарымыз , қазақ халқының ұлы ақыны, әрі данышпаны Абай: «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын деп бермедім»,-деп жырлағандай қазақ халқы балаларын тек үйретіп қана қоймай,белгілі бір адамдардың, би-шешендердің ,ақын-жазушылардың өзін көрсетіп,сөздерін тыңдатқан Осы тақырыпты зерттей келе түйгеніміз: қасиетті жеті санының құдіреттілігі адам баласының әдепті, тәрбиелі болуына бірден-бір себепші екендігі даусыз. Сонымен қасиетті жеті саны қзақ фольклорында кездесетін ең қысқа әрі ең өміршең жанрдың бірі деп таныдық. Ол адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып, қағілез бақылаушылар тарапынан жария етілетін, қоғамдық санада, бағзыда қалыптасқан қатаң қағидаларының түйіні, түйіршігі деуге болады.

Қасиетті қағидалар кәріқұлақ естияр жандар тарапынан бақыланып, үнемі қадағаланып отыратын қасиетке ие. Ол әлеуметтік-қоғамдық реттілікті, тәртіпті қалыптастырушы, орнықтырушы бірегей жүйе деп қарағанымыз абзал. Бір сөзбен айтқанда, оны «заңға дейінгі заң» деп бағалауға болады.

Әрбір қасиетті қағидалардың өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды рөл атқарған әдет-ғұрыптардың сарқыны, қуатты қайнар көзі жатқандығы айқын. Біз осы тақырыпты зерттей жүріп өзге де елдердің, қасиетті жеті санына байланысты сенген ырымдары, салт санасы бар екендігіне көз жеткіздік. Бірақ, біздің түйгеніміз, халық тағлиматтарының, оның тілінің және мағына беру жағынан әртүрлі екендігінде.

Біз зерттеген жеті санының құдіретті қағидалары басқа ұлттарда да, жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті, киелі. Сондықтан да, келешекте осы тақрыбымызды ары қарай зерттеп, жеті санының құдіреттілігіне байланысты әр түрлі халықтар арасындағы нұсқасын жинап, өзара ұқсастығына зер салып, зерттейміз деген сенімдемін.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бәрі де сандар туралы, Алматы кітап 2008


2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан

5. Жұмбақ сандар Уәлиев Н, Жалын 1988

6. «Қасиетті сандар қатысқан қазақ естеліктері» Ғылыми басылым.2001

7.Қырық қазына Ә.Доспанбетов ,Алматы 1987



8. Жай сандар турал білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз, В.Серпинский.

Сауалнама:

1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?

а) иә ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-апаларымнан

3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

а) иә ә) жоқ

4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) иә ә) жоқ

5. Қандай қасиетті сандар білесің?



Сауалнама қорытындысы:

1. Иә - 20 оқушы - ( 100% )

2. Ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )

3. Мұғаліммен – 15 оқушы ( 75% )

Иә - 10 оқушы ( 50% )

Жоқ – 10 оқушы ( 50% )

«7 саны» - 20 оқушы ( 50% )

Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектебі»КММ 4 «А» сынып оқушысы Тайбек Алишаның

«Киелі жеті саны» атты жұмысына

ПІКІР

Тайбек Алишаның «Киелі жеті саны» атты зерттеу жұмысы сандар теориясының негізгі ұғымдарының бірі-киелі сандар ,оның ішінде киелі жеті саны мен оның алатын орнын, өмірдегі қолданысын көрсетуге арналған.Жұмыста нақты мақсат қойып,оған жетудің қарапайым жолдары көрсетілген.Мұндай мақсат қою- оқушының өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға тырысқанын дәне ғылыми жұмыстыорындауға ынтасы бар екенін көрсетеді.Оқушы жұмысты орындау барысында зерттеу жұмысы бойынша көп тарихи әдебиетті пайдаланып,мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтерді тауып, оларды орынды қолдана білгені көрініп тұр.

Тайбек Алишаның жұмысында келтірілген мәліметтер оқушыларды қисынды ойлауға,есте сақтауға, нәтижелерін салыстыруға әрі алдын ала болжауға үйретеді,бұл жұмыстың практикалық құндылығын арттырады.

Жұмыстың практикалық тиімділігі оның нәтижелерін оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың ойлау қабілетін жақсартуында және ең маңыздысы бүкіл ықыласын ойлануғажұмылдыра түсуге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамытуға пайдалана алуында.

Жұмыстың рәсімдеуі дұрыс, талаптарға сай. Тайбек Алишаның «Киелі жеті саны» атты зерттеу жұмыс қойылатын талаптарға сай орындалған және назар аударуға тұрарлық деп есептеймін.

Мектеп директоры: Г.Сыдыбаева

Жетекшісі: Класхан Кенже математика пәні мұғалімі



Аннотация

«Киелі жеті саны » атты ғылыми жобады жас зерттеуші жеті санының шығу тарихынан бастап ,оның қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты өзіндік қасиеті шариғатта, тәрбиелік мәні, саналы орны болған,киелі , қасиетті ұғымдарын аша білген.



Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған.

Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған . Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін жеті санының құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемде жұмыс жасаған.
Каталог: uploads -> doc -> 108d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
108d -> ТӘрбие сағаты тақырыбы: «Елбасы – дана тұлға» Күні: Сыныбы: 7/8 Мақсаты
108d -> Сабақтың тақырыбы Қоғам ерекше құбылыс Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет