Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қалалық білім бөлімі қалалық Ғылыми әдістемелік орталығЫ



Дата29.03.2017
өлшемі120,7 Kb.
#12444
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

57 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2016 жылғы «____» __________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ



«Өсімдіктер әлемі»

арнаулы курс бағдарламасы

5-класқа арналған

Ақтөбе - 2016

Бағдарлама негізі: Р.Сәтімбековтың, Р.Әлімқұлованың «Қызықты биология», С. Көшкінбаевтың «Туған жер қазынасы», И.В. Костинскаяның «Табиғатты зерттеушілер», Р.Ә.Әлімқұлова,М.А.Тәртенованың «Өсімдік табиғат қазынасы», Қ.Құрмановтың «Жасыл әлем» еңбектеріне сүйене отырып «Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы жасалды.

Құрастырған (дар): Бекмағамбетова Г. №57 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Жүргізуші: Контаева К.К. №57 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі

№ 57 жалпы білім беретін орта мектебінің әдістемелік (педагогикалық) (мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы) кеңесі отырысында «Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы талқыланды.

Хаттама № ____ ______ _____________ 2016 жыл


Мектеп директоры: ___________________Досжанова М.Б.

(қолы) (аты-жөні)


Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Өсімдіктер әлемі» арнаулы курс бағдарламасы мақұлданды.

Хаттама №______ «_____» _____________ 2016 жыл
Сараптау комиссиясы төрағасы _________________Ж.Ж.Мұхамбетова

(қолы)


Түсінік хат

Мектептерде білім сапасын дамыту бағыттарының бірі білімді саралау болып табылады. Мектепте оқытылатын биология пәнінің мазмұны тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді,сондай-ақ тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын,биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажет . Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 5 класқа «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында арнайы курс бағдарламасы жасалынды.



Өсімдік―табиғат қазынасы, халық байлығы.Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдіктерде болатын барлық құбылыстарды толық зерттейді. Осы бағдарлама барысында өсімдіктердің ең жуан сабағын және жәндіктер жоламайтын өсімдіктердің түрлерімен танысады. Сонымен бірге сүт беретін сабақтар, жарық шығаратын сабақты өсімдіктердегі ерекшеліктерді біле отырып олардың маңыздылығын түсінеді. Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады . Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады; ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сонымен бірге өсімдіке тоқталатын болсақ, қарапайымдардан бастап, ең күрделі организмдерге дейінгі бүкіл тіршілік иелері жануарлардың да адам үшін маңызы өте зор. Жануарлардың ерекше қасиеттері мен маңыздылығын және айырмашылығын ажыраты білу маңызды.

Бағдарламаның жылдық сағат саны 34, аптасына 1 сағат. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Бағдарлама мазмұнында биология ғылымының даму деңгейін ескере отырып білімнің әр түрлі компоненттері (жаңа ұғымдар мен түсініктер, қызықты мәліметтер мен деректер т.б.) қамтылады. Соған орай түрлі сұрақтар мен тапсырмалар, әңгіме, саяхат сабақтар оқытудың теориялық бөлімімен қатар практикалық жағы да қарастырылған.



Мақсаты:Оқушыларды өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.Оқушылардың базалық білім деңгейін жетілдіріп,қызығушылығын арыттыру және ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері: -Тірі организмдердің құрлысын,қызметін,тіршілік әрекетін эволюциялық тұрғыда түсіндіру.

-Тірі табиғаттың заңдылықтарын оқып білу үрдісінде ,тірі нысандарды бақылау,биолгиялық тәжірбиелер жүргізуде танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

-Өсімдіктер,жануарлар әлемін бақылау нәтижелерін және оқулық мәтінін,сурет,сызба, кестелерді пайдалану арқылы тіршіліктің даму факторларын,өлі және тірі табиғаттың өзара байланыстылығын дәлелдеп көрсете білу.

Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:


  • туған жерімізде өсетін өсімдіктердің түрлерін;

  • өлкемізде мекендейтін жануарлардың түрлерін танып білу;

  • өз ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;

  • ғылыми ізденімпаздығы мен іскерлігін кеңейту;

ізденіс пен еңбекке және табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Бағдарлама бойынша оқушы бойында қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар

    1. Өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ояту.

    2. Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу үшін дағды мен біліктілікті шындаун.

    3. Оқушының өзіндік ерекшелігін ашу, дамыту.

    4. Оқушы бойындағы мүмкіншілігі мен қабілеттерінің ашылуына септігімді тигізу.

    5. Оқушылардың өмірлік құндылықтар мен мақсаттарын айқындап алуына ықпал ету.

    6. Оқушылардың интеллектуалды, эмоцияналды, рухани дамыған тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

    7. Сөздік қорын, еркін ойлауын дамыту.



Күтілетін нәтиже

  • жаңа білім алуға, жаңашылдыққа ұмтылады;

  • алған білімдерін талдайды, сараптайды;

  • шығармашылық қабілеті рухани бай, елінің өркендеуіне үлес қоса алатын тұлға қалыптасады.

  • алдына мақсат қойып, оған жету жолдарын білу.



Оқу пәнінің мазмұны мен құрлымы.

Барлығы 34 сағат, аптасына (1-сағат)

Табиғат-тағдыры (5-сағат)

Табиғат-тағдыры. Табиғаттың маңызы. Табиғаттың таңғажайып сырлары. Өсімдік-жер сәулеті,ел дәулеті.

Тамыр (6-сағат)

Өсімдікте мүше бола ма?.Тамырдың басты міндеті не?.Тереңге тартқыш тамырлар.Тамыр қорек заттар қорын не үшін жинайды? «Мико» мен «риза» қалай дос болған? Тамыр туралы нені білу керек?

Сабақ (15 –сағат)

Сабақ өсімдік мүшесі.Гүлсидам қандай өсімдік?. Бамбук неге ағаш емес?.Ең жуан сабақ . Жәндіктер жоламайтын киелі сабақ. Құмыра сабақ өсімдіктер.Тәтті сабақ өсімдіктер. Сабақтың ғажайып түрлері. Тез өсетін сабақтар. Арамтамақ сабақтар. Жер астында өсетін сабақтар. Сүт беретін сабақтар.Жарық шығаратын сабақтар. Ең жуан сабақ. Ең жеңіл сабақ.

Сәнді өсімдіктер (7-сағат)

Сәндік үшін өсірілетін өсімдіктер. Тозаңдандыратын жәндіктерді гүлдер өзіне қалай тартады?. Аналық мойны ұзын гүл қай өсімдікте?. Барометр –гүлдер. Ең алып гүл-Арнольда.Көріксіз реңсіз гүлдер. Барлық мүшесі7 санынан тұратын өсімдіктер.

Қорытынды (1-сағат)

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. С. Көшкінбаевтың «Туған жер қазынасы» Алматы «Қайнар» 1983ж

2.И.В. Костинскаяның «Табиғатты зерттеушілер» Рауан 1981ж

3. Р.Ә.Әлімқұлова,М.А.Тәртенованың «Өсімдік табиғат қазынасы» «Қайнар» 1984ж

4.М.Қажымұратов «Пайдалы өсімдіктер» .«Қайнар» 1986ж

5. Қазақстанның өсімдіктер әлемі .Энциклопедия.Алматы кітап -2008ж

6. Қ.Құрманов. «Жасыл әлем» «Мектеп» 1977ж

7.Қазақстандағы өсімдіктердің түрлері 2011жыл

8.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

9.Биолог анықтамалығы №2 2013 жыл

10.Қызықты биология «Алматы» 2006 жыл (Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова)

11.Жалпы биология №1 2013ж 31-36 бет



5-класс (аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)



Тақырып мазмұны

Сағат саны

Сабақтың

әдіс-тәсілдері



Өтілетін

күні


1

Табиғатым-тағдырым

1

Баяндау




2

Табиғаттың таңғажайып сырлары

1

Баяндау,талдау




3

Табиғаттың адам үшін маңызы

1

Түсіндірілім




4

Өсімдік-жер сәулеті,ел дәулеті

1

Дәріс




5

Өсімдікте мүше болама?

1

Жарыс сабақ




6

Тамыр мен топырақ-егіз ұғым

1

Дәріс




7

Тамырдың басты міндеті не?

1

Дәріс




8

Тереңге тартқыш тамырлар

1

Баяндау,талдау




9

Тамыр қорек заттар қорын не

үшін жинайды?



1

Жарыс сабақ




10

«Мико»мен «риза»қалай дос болған?

1

Аралас сабақ




11

Тамыр туралы нені біліу керек?

1

Баяндау,талдау




12

Сабақ өсімдік мүшесі

1

Дәріс




13

Гүлсидам қандай сабақ?

1

Конференция




14

Бамбук неге ағаш емес?

1

Баяндау




15

Ең жуан сабақ

1

Дәріс




16

Жәндіктер жоламайтын киелі сабақ

1

Дәріс




17

Құмыра сабақ өсімдіктер

1

Түсіндірілім




18

Тәтті сабақ өсімдіктер

1

Дәріс




19

Сабақтың ғажайып түрлері

1

Түсіндірілім




20

Тез өсетін сабақтар

1

Аралас сабақ




21

Арамтамақ(паразит)сабақтар

1

Баяндау,талдау




22

Жер астында өсетін сабақтар

1

Баяндау




23

Сүт беретін сабақтар

1

Түсіндірілім




24

Жарық шығаратын сабақтар

1

Конференция




25

Ең жуан сабақ

1

Баяндау




26

Ең жеңіл сабақ

1

Баяндау




27

Сәндік үшін өсірілетін өсімдіктер

1

Түсіндірілім




28

Тозаңдандыратын жәндіктерді гүлдер өзіне қалай тартады?

1

Жарыс сабақ




29

Аналық мойны ұзын гүл қай өсімдікте?.

1

Баяндау,талдау




30

Барометр –гүлдер

1

Дәріс




31

Ең алып гүл-Арнольда.

1

Дәріс




32

Көріксіз реңсіз гүлдер.

1

Дәріс




33

Барлық мүшесі жеті санынан

тұратын өсімдіктер



1

Баяндау,талдау




34

Жылдық қорытынды

1

Тест







Каталог: uploads -> doc -> 08af
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08af -> Сабақ жоспары №23 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: Тобы: по-17 Сабақтың лексикалық тақырыбы
08af -> Сабақтың тақырыбы Иррационал теңдеулер Сабақтың түрі: білім мен білікті жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет