Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі баұО «Өрлеу» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы



Дата11.01.2017
өлшемі19,57 Kb.
#7370

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БАҰО «Өрлеу» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы Жобаның тақырыбы: “Оқушы бойында эстетикалық тәрбие қалыптастыруда музыка сабағының алатын орны” Жобаны орындаған Бірік ОЖББ мектебінің музыка пәні мұғалімі: Козина А.В Дайындаған:Казталов ауданы Бірік ОЖББМ музыка пәні мұғалімі Козина А.В

Жобаның туындау себептері

  • 1.Болашақта музыка сабағын қандай деңгейде көргім келеді?
  • 2.Музыка сабағын жоғары деңгейге көтеру жолдары қандай?
  • 3.Кәсіби құзіреттілікке негізделген сабақ қандай болуы керек?
  • 4.Эстетикалық пәндердің оқушыларға қажеттілігі, берері бар ма?

1.Жобаның мақсаты: Оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыдан дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру. 2.Жобаның міндеті: Баланың табиғи мүмкіндіктерін ашып, қабілетін дамыту арқылы білім қорын жинақтаған шығармашылық әрекет жасай алатын тұлға тәрбиелеу.

  • Нәтежиеге бағытталған іс - әрекетті жоспарлау.
  • 1- кезең:
  • Музыка сабағында жаңа технологияны пайдалану тәсілдері.
  • 2 – кезең:
  • Оқушылардың шығармашылық деңгейін, дарындылық қабілетін дамыту

1.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практикалның жетістіктері жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын және өз замандарына сай мәдени талғамы зор, эстетикадан сусындаған, жан – жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу.Біздің қазіргі мектептерде тәрбие алып жүрген жастарымыздың эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасқан деп айтуға болады

Оқушы көзқарасы бойынша

  • Теориялық білімді
  • Өз ісінің кәсіби шебері
  • Псмхолог
  • Іскер - беделді
  • Инабатты, иәдениетті
  • Талапшыл
  • Жаңа заман мұғалімі
  • Шыншыл

2.Себебі эстетикалық тәрбиенің барлық салаларын бір – бірімен байланыстыра білген ұстаз ғана оқушыға, көркем өнердің салалары арқылы жан – жақты әсер етіп,олар жөніндегі дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезім қалыптастыра алады. Эстетикалық қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен басталады да, баланың өсуімен байланысты үздіксіз дамып отырады. Жас сәбилер өзінің сүйікті анасының әуенін тыңдап өседі. Алайда ол баланың өскен ортасына, музыкалық эстетикалық талғамының жетілуіне, қабылдау қабілетіне және табиғи дарындылығына т.б. мәселелерге байланысты.

3.Балаларға музыкалық эстетикалық тәрбие беретін – ең әуелі отбасы, балалар бақшасы, мектеп, радио мен теледидардан берілетін мәдени, музыкалық хабарлар т.б. Осылар арқылы балалардың шығармашылық талпынысқа қызығушылығы басталады. Ал сол қызығушылықтың даму процесіне тікелей әсерін тигізетін негізгі тұлға – ата – ана мен музыка мұғалімі.Баланың кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебеі, оның астарында, баланың таза ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. Ол бір суретші, музыкант, немесе ақын болып кетпесе де, керемет математик,дәрігер ,мұғалім болары анық. Міне, дәл сол кезде балалық шақтағы шығармашылықтың, еліктеулердің өз бағасын көрсеткендігін байқаймыз.Жасөспірімдердің музыка және өнердің салалары туралы түсініктерін байыту және олардың шығармашылық қабілеттерін одан әрі ұштау көбінесе сабақтан тыс музыкалық іс – шараларда іске асады, ал оның мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындатып, әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейту. Сөйтіп оқушылардың санасына,әсіресе, олардың эмоциясы мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.

4.Әдетте жасөспірімдердің музыкалық – эстетикалық талғамы бірдей бола бермейді. Тіпті олардың бірі музыканы тез қабылдап, екіншісі орташа, үшіншісі баяу қабылдайды. Бұл баланың табиғи қабілетіне байланысты болады да кейіннен баланың өскен ортасына музыкалық – эстетикалық талғамының жетілуіне, қабылдау, сезіну қабілетіне және табиғи дарындылығына байланысты дамиды. Сондықтан баланың ән, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру, дұрыс бағыт- бағдар сілтеу музыка мұғалімінің басты міндеті болып саналады.Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио,теледидар, магнитафон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез келген үйде кездеседі. Бұл қуанышты жағдай. Өйткені, мұның өзі мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі барын, талап – талғамының артқанын дәлелдейді

5.Жобаның тақырыбы айтып тұрғандай Оқушылар бойында эстетикалық тәрбие қалыптастыруда музыка сабағының алатын орны ерекше маңызды дер едім. Музыка сабағы – оқушының оқу – танымдық, рухани – танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнайы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, бұл сабақта да оқу – тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн – мағына, оқу әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің логикасымен құрылады. Сабақтың мақсаты оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың,мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтыңмақсаты мен мазмұнын анықтап алып, содан кейін ұстаз оқытудың түрі мен әдісітемесін таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

Заманауи технологияны пайдалану

  • Дамыта оқыту
  • Концерт сабақ
  • Аукцион сабақ
  • Деңгейлеп саралап оқыту
  • Саяхат сабақ
  • Болжау сабағы
  • Музыка сабағының әдіс- түрлері
  • СТО стратегиясы
  • сабақта
  • Танымдық сабақ
  • Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану әдіс – тәсілдері

6.Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады:Ән үйрену, музыка тыңдау, музыкалық сауат ашу. Оқушы – ұстаз – музыка, міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құраған жоспарына сәйкес оқушыларға музыка мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыка білімінің негізін қабылдауға,шығармашылық үрдіске баулуға үйрету. Музыка сабағының басты мақсаттары оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыдан дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру болғандықтан, ұстаздың адами – сезімдік қасиеті, адами тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы тақырыптардың өзара байланымтылығы ұстаздың шеберлігімен өрбиді. Бұл байланыстылық оқу бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ тақырыптарына, музыкалық материалдарға, музыка оқытуда қолданылатын әдістемелік амалдарға байланысты іске асырылады.Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ барысындағы тақырыптарды ауыстырулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы керек.

7.Музыка сабағын ұйымдастыру барысындағы негігі мақсат, нақты бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу - тәрбие ісінің көрнекті компоненттері бойынша іске асырылуға тиісті. Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы, жоспарлаған тақырыпқа кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту сабақтары және тақырыпты бекіте, жан – жақты оқыту сабақтары. Сондай – ақ оқу жылының әр тоқсан соңында қорытынды мағынадағы концерт – сабақтар жоспарлануы өте қажет.

8.Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету, тыңдап естірту сияқты амалдар қолданылады. Осындай сабақтар әр тоқсанда бір – екі рет өткізілгені дұрыс.Кіріспе сабақтарда композитор – орындаушы – тыңдаушы тақырыпты барынша мол қамтуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада құрылады. -Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар. -Өтіп жатқан тақырыптарды жан – жақты түсіндіруді, нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың қызу араласуы негізінде жүргізу. -Тақырыптарды бекіту сабақтары оқушылар түсінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып отыру. Тақырыпты жан - жақты, бекіте оқыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық тұрғыдағы теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі. Музыка сабақтарын ең алдымен, оқушылардың музыкамен қарым – қатынасы деп қарау керек

9.Музыканы тыңдап, қабылдауды үйрету, сабақтардың түрлері мен әдістемелік амалдардың дұрыс қолданылуын үнемі дамытып, жетілдіріп отыру ұстаздың тәжірибенің үлесіне тиеді. Сонымен музыка пәні мұғалімнің шығармашылық - кәсіби сауаттылығы – бұл әрқашан тек өзінің жеке ойы, жеке қатынасы, материалды топтастыру мен оларды бағалауы. Жиналған материалдарды еңдіру бағыты, өзіндік жаңа идеялардың пайда болуымен жаңа сұрақтардың қорытындысы ретінде болады. Себебі шығармашылық жұмыс – әрқашанда ізденіс.

Қорытынды: 10.Жалпы білім беретін мектептердегі берілетін музыкалық – эстетикалық тәрбиенің мағызы зор Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу бүкілхалықтық іс болып тұрғаны баршамызға белгілі. Мектеп қабырғасында сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі көркемөнер үйірмелері арқылы оқушылар заман талабына сай музыкалық – эстетикалық білім алады. Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты - жаңа адамды қалыптастыру. В.А.Сухамилинский музыканы өнегелі, тәрбиелі, ақылды адамды тәрбиелейтін құрал деп есептеген. «Болашақта еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиелейтін елінің дамуына өз үлесін қосатын – мектеп оқушылары. Қазақстанның болашағы жастар десек, жастарға білім мен тәрбие беретін – қстаздар. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» деді Елбасымыз Н.Назарбаев. Балалар шығармашылығын дамытуда музыкалық – эстетикалық тәлім – тәрбие мен білім беру ісін әлемдік дамыған 50 – елдің деңгейіне жеткізу, оны жүзеге асыру бүгінгі таңда ұстаздар қауымының алдындағы басты міндет болып табылады.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет