Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



бет72/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың
салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар
беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетілген Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.


      Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 66128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
      3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;
      4) порталда орналасады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:
      1) Орталықта – осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікпен әрекетті жүзеге асыру үшін қағаз тасымалдағышта анықтамалар (бұдан әрі – анықтама) беру;
      2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭСҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) Орталыққа жүгінген кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      2) портал арқылы жүгінген кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
      2) порталда – «жеке кабинетте».

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) Орталыққа жүгінген кезде:
      осы стандартқа 67 және 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      банк салымының бар екенін растайтын құжат;
      көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда;
      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан);
      мынадай:
      мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;
      баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
      некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);
      некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);
      № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса) деректері.
      Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады;
      2) порталда:
      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
      қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      банк салымының бар екенін растайтын құжат – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама) –егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда - сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      мынадай:
      мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;
      баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілері Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
      1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау перациялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
      2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      сұраныстың нөмірі мен қабылданған күн;
      сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
      2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді;
      1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.
      Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;
      2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.
      16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті орган мамандары мен Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашық болуы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.


      Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін жердегі уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
      Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

«Зейнетақы қорларына, банктерге    


кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресімдеу үшін анықтамалар беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына    
1-қосымша                 

Жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдерінің тізімі

Р/с№

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1

«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сі, 81

8(716 38) 228-47

2

«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Тәшенов к-сі, 47

8(716 44) 225-14

3

«Астрахан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 50

8(716 41) 236-84

4

«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сі, 11

8(716 43) 242-72

5

«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19

8(716 46) 213-87

6

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, нөмірі жоқ

8(716 42) 213-51

7

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин к-сі, 68

8(71639) 216-20

8

«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби к-сі, 10

8(716 33) 216-64

9

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1

8(716 47)214-86, 215-69

10

«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 3

8(716 35)217-04

11

«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30

8(716 48 929-43

12

«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43

8(716 32) 226-02

13

«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14

8(716 37) 221-98

14

«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120

8(716 40) 917-01

15

«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмола ауылы, Гагарин к-сі, 15

8(716 51)312-06, 311-33

16

«Шортанды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылайхан к-сі, 2

8(716 31)215-04, 211-44

17

«Щучье ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылай хан к-сі, 3

8(716 36)458-88

18

«Степногор қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1

8(716 45) 619-09

19

«Көкшетау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сі, 57

8 (7162) 401-364

Ақтөбе облысы

1.

«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а»

8(713 37)318-76, 333-46, 541-95

2.

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52

8(713 39) 215-35, 216-80

3.

«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36

8(713 45) 225-56, 228-50

4.

«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан д-лы, 52

8(713 43)213-77, 215-635

5.

«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2

8(713 42)215-33, 230-02

6.

«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық к-сі, 53

8(713 41)215-33, 214-39

7.

«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сі, 36

8(713 31)216-33, 215-49

8.

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш ауылы, Гагарин к-сі, 6

8(713 33)362-01, 367-22

9.

«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сі, 4

8(713 46)227-48, 227-84

10.

«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3

8(713 32)217-44, 217-32

11.

«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8(713 36)216-51, 216-52

12.

«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібарұлы к-сі, 84

8(713 35)213-36, 231-93

13.

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2

8(7132) 211605, 211580

Алматы облысы

1.

«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Қонаев к-сі, 50

8(728 33)210-33, 225-64

2.

«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір кенті, Желтоқсан к-сі, 5

8(728 32)215-80, 222-90

3.

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев к-сі, 72

8(728 73)913-70, 918-53

4.

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы к-сі, 312

8(728 75)453-57, 415-50

5.

«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сі, 31

8(728 36)312-00, 307-74

6.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сі, 4

8(728 70)228-51, 233-48

7.

«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33

8(728)52-235-05, 236-94

8.

«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сі, 67

8(728 34)215-36, 213-82

9.

«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сі, н/ж

8(728 71)210-80, 220-37

10.

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек кенті, Тимирязев к-сі, 1

8(728 40)320-68, 314-34

11.

«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би кенті, Мырзабеков к-сі, 38

8(728 38)217-61, 202-95

12.

«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22

8(728 31)507-69, 517-75

13.

«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19

8(728 77)212-52, 214-50

14.

«Сарқант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сі, 8

8(728 39)227-39, 213-04

15.

«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65

8(728 74)214-00, 236-89

16.

«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сі, 70

8(728 78)228-25, 217-04

17.

«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13

8(728 72)422-65, 411-76

18.

«Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылайхан к-сі, 34

8(728 72)425-24, 447-70

19.

«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256

8(728 22)710-00, 707-08

Атырау облысы

1.

«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а»

8(712 23)548-47, 328209

2.

«Жылыой ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлсары қаласы, Әбдірахманов к-сі, 47

8(712 37) 214-85

3.

«Индер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер ауылы, Қонаев к-сі, 18

8(712 34) 210-50

4.

«Махамбет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы

8(712 36) 210-21

5.

«Исатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сі, 7

8(712 31) 204-57

6.

«Мақат ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мақат кенті, Орталық алаң, 2

8(71239)300-13

7.

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Күшікбаев ауылы, 25

8(712 33) 204-99

8.

«Қызылқоға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Миялы ауылы, Қарабалин к-сі

8(712 38) 211-75

Шығыс Қазақстан облысы

1.

«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарауыл ауылы, Кұтжанов к-сі, 1

8 (722)52-918-17

2.

«Аягөз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аягөз қаласы, Момышұлы к-сі, 58

8(722 37)315-34

3.

«Бесқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162

8(722 36) 914-44

4.

«Бородулиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауылы, Түсіпжанов к-сі, 39

8(722 51) 291-77

5.

«Глубокое ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 6

8(722 31) 215-33

6.

«Жарма ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы,

Ленин к-сі, 101



8(722 47) 619-74

7.

«Зайсан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан қаласы, Жангелдин к-сі, 54

8(722 40) 217-88

8.

«Зырян ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырян қаласы, Киров к-сі, 54

8(722 35) 400-69

9.

«Қатонқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан к-сі, 109

8(722 41) 214-40

10.

«Көкпекті ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауылы, Раев к-сі, 44

8(722 48) 273-11

11.

«Курчатов қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Курчатов қаласы, Ленин к-сі, 10

8(722 51) 257-45

12.

«Күршім ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 85

8(722 39) 331-43

13.

«Риддер қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Риддер қаласы, Семей к-сі, 10

8(722 36) 424-98

14.

«Семей қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная к-сі, 8

8(722 25) 225-40

15.

«Тарбағатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылайхан к-сі, 14

8(722 46) 220-16

16.

«Ұлан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Молодежный кенті, 1

8(722 38) 273-45

17.

«Үржар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үржар ауылы, Жамбыл к-сі, 19

8(722 30) 213-78

18.

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шемонаиха қаласы, Чапаев к-сі, 35

8(722 32) 317-04

19.

«Өскемен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Урицкий к-сі, 10 «а»

8(722 22) 411-91

Жамбыл облысы

1.

«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр к-сі, 104

8(726 37) 218-67

2.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аса ауылы, Абай к-сі,121

8(726 33) 211-54

3.

«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Момышұлы ауылы, Жамбыл к-сі, 273

8(726 35) 211-70

4.

«Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кордай ауылы, Жібек жолы к-сі, 273

8(726 36) 210-94

5.

«Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Меркі ауылы, Ысмайылов к-сі, 146

8(726 32) 217-86

6.

«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байқадам ауылы, Рыскұлбеков к-сі, 133

8(726 42) 243-36

7.

«Тұрар Рысқұлов атындағы аудан әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлан ауылы, Жібек жолы

к-сі,1


8(726 31) 212-39

8.

«Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратау қаласы, Алексеев к-сі 3

8(726 44) 609-19

9.

«Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңатас қаласы, Жібек жолы к-сі, 31

8(726)34-630-32

10.

«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Төле би ауылы, Төле би к-сі, 240

8(726 38) 321-94

11.

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Асқаров к-сі, 47

8(726 24) 31679

Батыс Қазақстан облысы

1.

«Ақжайық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Чапаев ауылы, Қонаев к-сі,72

8(711 36) 924-46

2.

«Бөкейордасы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сайқын ауылы, Жароков к-сі, 29

8(711 40) 211-12

3.

«Бөрлі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсай қаласы, Шәкенов к-сі, 4

8(711 33) 223-32

4.

«Жаңақала ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақала ауылы, Халықтар достығы к-сі, 42

8(711 41) 222-50

5.

«Жәнібек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жәнібек ауылы, Ықсанов к-сі, 93

8(711 35) 214-74

6.

«Зеленов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Периметное ауылы, Гагарин к-сі, 71

8(711 30) 231-76

7.

«Казталов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Казталов ауылы, Шарафутдинов к-сі, 3

8(711 44) 316-80

8.

«Қаратөбе ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратөбе ауылы, Кұрманғалиев к-сі, 18

8(711 45) 313-08

9.

«Сырым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жымпиты ауылы, Қазақстан к-сі, 14

8(711 34) 313-06

10.

«Тасқала ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тасқала ауылы, Абай к-сі, 23

8(711 39) 210-92

11.

«Теректі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федоров ауылы, Бойнов к-сі,18

8(711 32) 230-54

12.

«Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шыңғырлау ауылы, Қылышев к-сі, 89

8(711 37) 336-37

13.

«Орал қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Достық к-сі, 145

8(711 25)086-47

Қарағанды облысы

1.

«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы, К.Маркс к-сі, 43

8(721 31)437-69, 433-78

2.

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Бөкейхан д-лы, 10

8(721 37) 213-99

3.

«Бұқар жырау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті, Абылай хан д-лы, 36

8(721 54)211-43, 212-16, 219-91

4.

«Жаңаарқа ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атасу ауылы, Сейфуллин к-сі,10

8(721 30)274-98, 265-02

5.

«Қарқаралы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы, Ленин к-сі, 55

8(721 46)321-82,

329-22


6.

«Нұра ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті,

Тәуелсіздік к-сі, 41



8(721 44)226-40,

7.

«Осакаровка ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Осакаровка ауылы, Целинная к-сі, 3 «а»

8(321 49)413-73, 415-73

8.

«Ұлытау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұлытау ауылы, Бұлқышев к-сі, 19

8(721 35)212-95,

214-27


9.

«Шет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай к-сі, 14

8(721 31)215-11, 215-82, 214-41

10.

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы, Уәлиханов к-сі, 5

8(710 36)462-37, 462-38

11.

«Жезқазған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы, Алаша хан алаңы, 1

8(710) 712-399, 712-787

12.

«Қарағанды қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Мичурин к-сі, 3/1

8(7212) 415-079, 424-778

13.

«Қаражал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, 25-ші орам, 23

8(710 32)269-00

14.

«Приозерск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы, Пушкин к-сі, 7

8(71039) 530-92

15.

«Саран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы, Жамбыл к-сі, 65

8(721 37)405-55

239-90


16.

«Сәтбаев қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сәтбаев қаласы, Сәтбаев д-лы, 111

8(710 63) 379-34

17.

«Теміртау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, Димитров к-сі, 11/1

8(721 39)85-482,

84-963


18.

«Шахтинск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы,

Абай д-лы, 58«б»



8(721 56)550-95,

552-38


Қызылорда облысы

1.

«Қызылорда қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Тәжібаев к-сі, н/ж

8(7242) 276-216

2.

«Арал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арал қаласы, Школьная к-сі, 35

8(724 33) 216-70

3.

«Қазалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әйтеке би ауылы, Жаңақожа батыр к-сі, 11

8(724 38) 221-84

4.

«Қармақшы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жосалы ст-сы, Рысқұлов к-сі, 21

8(724 37) 221-84

5.

«Жалағаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жалағаш ауылы, Желтоқсан к-сі, 3

8(727 31) 314-48

6.

«Сырдария ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тереңөзек ауылы,

Жамбыл ауылы, 18



8(724 36) 217-78

7.

«Шиелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шиелі ауылы, Рысқұлов к-сі, 19

8(724 32) 414-16

8.

«Жаңақорған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақорған ауылы, Амангелді к-сі, н/ж

8(724 36) 223-36

Қостанай облысы

1.

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Силантьевка ауылы, Шипин к-сі, 1

8(714 45)212-54 8(714 45)211-84

2.

«Аманкелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Амангелді ауылы, Б. Майлин к-сі, 14

8(714 40) 215-83 8(714 40) 212-68

3.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әулиекөл ауылы, Ленин к-сі, 29

8(714 53) 211-40 8(714 53) 211-40

4.

«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Денисовка ауылы, Калинин к-сі, 5

8(714 34) 913-06 8(714 34) 926-01

5.

«Жангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Торғай ауылы, Алтынсарин к-сі, 4

8(714 39) 211-62 8(714 39) 215-77

6.

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жітіқара қаласы, 4-шағын ауданы, 27

8(714 39) 211-62 8(714 39) 215-77

7.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабалық ауылы, Ленин

к-сі, 9


8(714 35) 230-37 8(714 35) 249-77

8.

«Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қамысты ауылы, Ленин к-сі, 22

8(714 41) 331-76 8(714 41) 323-22

9.

«Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарасу ауылы, Исақов к-сі, 68

8(714 37) 216-52 8(714 37) 210-71

10.

«Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Затобол ауылы, Школьная к-сі, 40

8(714 52) 214-80

11.

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Боровское ауылы, Школьная к-сі, 6

8(714 52) 214-80

12.

«Наурызым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарамеңді ауылы,

Ш. Жәнібек к-сі, 1



8(714 55) 218-47 8(714 55) 242-48

13.

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкөл ауылы, Ленин к-сі, 91

8(714 43) 222-71 8(714 43) 216-89

14.

«Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Таран ауылы, Калинин к-сі, 60

8(714 54) 214-49

15.

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынкөл ауылы, Абылайхан к-сі, 38

8(714 51) 217-43

16.

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы, Ленин к-сі, 14

8(714 36) 367-54

17.

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арқалық қаласы, Абай д-лы, 29

8(714 44) 242-35

18.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, Байтұрсынов

к-сі, 68


8(714 42) 219-04 8(714 42) 219-50 8(7142) 54-55-03

19.

«Лисаковск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лисаковск қаласы,

2-шағын ауданы, 8



8(714 30) 709-36 8(714 30) 719-50

20.

«Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Рудный қаласы, Ленин к-сі, 30

8(714 33) 326-91 8(714 33) 343-61

Маңғыстау облысы

1.

«Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтау, 4-шағын ауданы

8(729 23) 36-551

2.

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, ББ ғимараты

8(729 34) 317-52

3.

«Бейнеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауылы, Әкімшілік ғимараты

8(729 32) 210-46

4.

«Қарақия ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құрық ауылы, Батыр к-сі, 2

8(729 37) 213-54

5.

«Түпқараған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев к-сі, 5

8(729 38) 227-49

6.

«Маңғыстау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шетпе ауылы, Орталық алаң, 1

8(729 31) 216-65

7.

«Мұнайлы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауылы, Қоғамдық ұйымдар үйі

8(729 24) 661-62

Павлодар облысы

1.

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қ-сы Кривенко к-сі, 25

8(718 23) 209-50

2.

«Ақсу қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Қамзин к-сі, 14

8(718 37) 512-12

3.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Ленин к-сі, 101

8(718 77) 716-92

4.

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Абай к-сі, 77

8(718 41) 215-77

5.

«Баянауыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы, Әуезов к-сі, 19

8(718 40) 915-36

6.

«Железин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауылы, Квитков к-сі, 7

8(718 31) 220-80

7.

«Ертіс ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Елгин к-сі, 4

8(718 32) 211-40

8.

«Қашыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қашыр ауылы, Ленин к-сі, 236

8(718 33) 215-85

9.

«Лебяжі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Бейбітшілік к-сі, 1

8(718 39) 217-86

10.

«Май ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауылы, Абылай хан к-сі, 24

8(718 38) 917-70

11.

«Успен ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауылы, Петровский к-сі, 17

8(718 34) 910-69

12.

«Шарбақты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауылы, Советов к-сі, 53

8(718 36) 217-77

13.

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Толстой к-сі, 22

8(718 23) 294-84

Солтүстік Қазақстан облысы

1.

«Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саумалкөл ауылы, 20-шағын ауданы

8(715 33) 271-56

2.

«Ақжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талшық ауылы, Целинный к-сі, 13

8(715 46) 221-74

3.

«Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Смирнов ауылы, Труд к-сі, 16

8(715 32) 220-38

4.

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Явленка ауылы, Ленин к-сі, 12

8(715 43) 210-37

5.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Пресновка ауылы, Шайкин ауылы, 30

8(715 44) 200-01

6.

«Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Булаев қаласы, С. Мұқанов к-сі, 34

8(715 31) 201-66

7.

«Қызылжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бішкүл кенті, Молодежный к-сі, 2

8(715 38) 211-63

8.

«Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауылы, А. Құнанбаев

к-сі, 5


8(715 41) 225-38

9.

«Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Новоишим кенті, Школьная к-сі, 19

8(715 35) 221-02

10.

«Тайынша ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 206

8(715 36) 210-75

11.

«Тимирязов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тимирязов ауылы, Уәлиханов к-сі, 25

8(715 37) 205-85

12.

«Уәлиханов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кішкенекөл ауылы, Жамбыл к-сі, 76

8(715 42) 220-83

13.

«Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сергеев қаласы, Желтоқсан к-сі, 14

8(715 34) 220-48

14.

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 23

8(715 24) 605-61

Оңтүстік Қазақстан облысы

1.

«Арыс қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арыс қаласы, Ибрагимов к-сі, 35

8(725 40)217-01, 226-82

2.

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шаян ауылы, Тасболатов к-сі, 1

8(725 48) 215-52

3.

«Қазығұрт ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Казығұрт ауылы, Қонаев к-сі, нөмірі жоқ

8(725 39) 228-00

4.

«Мақтаарал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жетісай қаласы, Яссауи к-сі, 3

8(725 34) 652-65

5.

«Ордабасы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Темірлан ауылы, Рысқұлов к-сі, 17

8(725 30) 221-21

6.

«Отырар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-сі, нөмірі жоқ

8(725 44) 214-51

7.

«Сайрам ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аксукент ауылы, Жібек жолы к-сі, нөмірі жоқ

8(725 31) 214-51

8.

«Сарыағаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыағаш қаласы, Ұманов к-сі, 10

8(725 37) 214-93

9.

«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шолаққорған ауылы, Жібек жолы к-сі, нөмірі жоқ

8(725 46) 422-21

10.

«Төле би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Леңгір қаласы, Төле би к-сі, 294

8(72547) 616-22

11.

«Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Т. Рысқұлов ауылы, Қонаев к-сі, 44

8(725 38) 521-21

12.

«Түркістан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы, Әйтеке би к-сі, 29

8(725 33) 430-67

13.

«Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шардара қаласы, Шардара тұйық к-сі, нөмірі жоқ

8(725 35) 221-51

14.

«Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кентау қаласы, Қонаев к-сі, 10 «а»

8(725 36)300-50, 325-41

15.

«Шымкент қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы, Жангелді к-сі, 42

8(7252) 542787

Астана қаласы

1.


«Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы, Бейбітшілік д-лы, 11

8(7172) 55-68-75

Алматы қаласы

1.

«Әуезов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Алтынсарин д-лы, 23

8(7272)98-28-31

2.

«Бостандық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Айманов к-сі, 191

8(7272)75-24-75

3.

«Жетісу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Жібек жолы к-сі, 115

8(7272)79-25-87

4.

«Алатау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, «Ұлжан-1» ОШ-152 ауданы

8(7272)71-10-91

5.

«Алмалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 260

8(7273)75-82-37

6.

«Медеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72

8(7272)93-91-61, 91-73-01

7.

«Түріксіб ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Шолохов к-сі, 28

8(7272)34-10-50

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресімдеу үшін анықтамалар беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына    
2-қосымша                 


Каталог: files -> userfiles
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет