Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет74/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Өтініш

      Сізден __________________________ жинақтаушы зейнетақы қорындағы (қордың атауы мұрагерлікке құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі) зейнетақы жинақтарын салымшы (Т.А.Ә.) _______________ қайтыс болуына байланысты (қайтыс болуы туралы куәліктің №______, куәліктің берілген күні) кәмелетке толмаған балаларының (Т.А.Ә.) _______________ алуына рұқсат беруіңізді сұраймын.

Күні: _________жылғы «___ »
Өтініш беруші(лер) қолы __________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    


кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресімдеу үшін анықтамалар беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына    
7-қосымша                 

Үлгі


Жеке тұлғаға арналған үлгі

Аудандық (қалалық) білім бөлімі       


(өтініш берушінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________

Өтініш

      Сізден кәмелетке толмаған балалар


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады) (банк атауы) ________________________ банктегі салымдарына иелік етуге (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу) рұқсат беруіңізді сұраймын.

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)


____________________________________________________________________
_____________________________________________қолы __________________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
____________________________________________________________________
_____________________________________________ қолы _________________
Күні: _________жылғы «___ » Ерлі-зайыптылардың қолдары _____________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    


кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресімдеу үшін анықтамалар беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына    
8-қосымша                 

Үлгі


Жеке тұлғаға арналған үлгі

Аудандық (қалалық) білім бөлімі       


(өтініш берушінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________

Өтініш

      Сізден кәмелетке толмаған бала (балалар)


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ меншік құқығында тиесілі көлік құралына қатысты мәміле жасауға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Күні: ______жылғы «______ »        Өтініш беруші(лер) қолы __________

«Зейнетақы қорларына, банктерге    
кәмелетке толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне  
кәмелетке толмаған балаларға мұраны 
ресімдеу үшін анықтамалар беру»   
мемлекеттік қызмет стандартына    
9-қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы

мәні


Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік
қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11 кіре-беріс, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе өтініш иесінің электрондық цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭСҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 1 және 2-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;
      2) порталда орналастырылады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты саll-орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) уәкілетті органда – осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес апостиль қойылған құжатты беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      2) порталда – құжаттың апостильдеуге қабылданғаны туралы хабарлама алу не ЭСҚ қойылған уәкілетті тұлғаның қызмет көрсетуден бас тартуы туралы уәкілетті органның дәлелді жауабы болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) уәкілетті органда: апостильді қоюға ұсынылған құжат түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      2) порталда: мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады. Төлеу тәсілі (қолма-қол және қолма-қол емес) төлем жүргізілетін банктің ұйғаруы бойынша белгіленеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс жіберілген жағдайда, төлем электронды үкіметтің «төлем шлюзі» арқылы жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органда – еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс кестесі бойынша 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі:
      1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттар стендімен жабдықталған, күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға арналған орындар қарастырылған уәкілетті органда.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынға қойылатын талаптар.
      Күту орнына, мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы сұраныстарды толтыруға арналған орынға, толтыру үлгілері және мемлекеттік қызметті ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі бар ақпараттық стенділерге қойылатын талаптар:
      мемлекеттік қызметті алушылардың күту орны қолайлы жағдайлармен, жиһазбен (орындық, үстелмен т.б.) қамтамасыз етілуі;
      ақпараттандыру орны ақпараттық стендімен, құжаттарды рәсімдеуге қажет үстелдермен және орындықтармен жабдықталуы тиіс;
      ақпараттық материалдардың мәтіндері оқуға ыңғайлы қаріппен жазылуы, түзетусіз болуы, маңызды жерлері белгіленіп (сызылып) берілуі тиіс;
      уәкілетті органның орынжайы санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болуы, өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталуы қажет;
      2) порталда «жеке кабинетте».

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе мемлекеттік қызметті алушының өкілі сенімхат (нотариалды расталған) бойынша мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) уәкілетті органға:
      апостильге қоюға ұсынылған құжат;
      мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
      мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
      құжаттар мәліметтері:
      мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының мәліметтері.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.
      Уәкілетті ұйымның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттың түпнұсқасын көшірмесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып, содан кейін мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқаларды қайтарып береді;
      2) порталда:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭСҚ қойылған электрондық құжат түріндегі сұранысы;
      апостиль қоюға ұсынылған құжат;
      құжаттар мәліметтері:
      мемлекеттік қызметті алушының жеке куәлігі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.
      12. Өтініш нысандары және мемлекеттік қызметті алу туралы басқа да ақпараттар уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында, күту залындағы стендіде және арнайы бағандарда орналасқан.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау уәкілетті органның кеңсесінде жүзеге асырылады, мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 839-кабинет, байланыс телефоны: 74-24-30.
      Порталда құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) уәкілетті органға өтініш тапсырылған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      сұраныстың нөмірі мен күні;
      сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қосымша құжаттардың атауы мен саны;
      құжаттың берілетін күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеу үшін сұранысты қабылдап алған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефондары көрсетіледі;
      2) портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) уәкілеттік органда осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік қызметті алушының немесе сенім білдірген өкілінің жеке қатысуы арқылы) көрсетілген мекенжайда қолма-қол беріледі.
      2) порталда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде».
      16. Уәкілетті орган осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылса, мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаты көрсетіліп, қолхат беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік міндетті атқару кезіндегі заңдылық;
      3) сыпайылық;
      4) толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті орган қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 13-тармағында телефоны көрсетілген уәкілетті органның басшысына хабарласады.


      Сондай-ақ, уәкілетті орган қызметкеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;
      2) www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 26-тармағында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым ауызша немесе жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде (уәкілетті органның электронды поштасы: www.educontrol.kz) не жұмыс күндері уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның сапасыз қызмет көрсеткенін немесе уәкілетті орган қызметкерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қаралу нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Портал арқылы жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін уәкілетті органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркелуі, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады. Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының білім, 


ғылым органдарынан және оқу    
орындарынан шығатын ресми     
құжаттарға апостиль қою»     
мемлекеттік қызмет стандартына  
1-қосымша             

Қазақстан Республикасының білім және ғылым органдарынан, оқу
орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі
басшылар мен жауапты орындаушылардың байланыс деректері


Р/с

Лауазымы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 919-кабинет

8 (7172) 74-20-56

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Талдамалық жұмыс және мониторинг басқармасының бастығы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс. 839-кабинет

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Талдамалық жұмыс және мониторинг басқармасының бас сарапшысы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 839-кабинет

8 (7172) 74-24-30

«Қазақстан Республикасының білім, 
ғылым органдарынан және оқу    
орындарынан шығатын ресми     
құжаттарға апостиль қою»     
мемлекеттік қызмет стандартына  
2-қосымша             

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын білім туралы құжаттарға апостиль қою»
үлгісі


APOSTILLE
( Convention de la Hay
е du 5 octobre 1961 )
1.
Ел: Қазақстан Республикасы
Рауs, Country
2.4.1. Осы
ресми құжатқа,
2.4.2. Le present acte public, This public document
2.4.3. 2.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры қол қойды
a ete signe par, has been signed by
3.
Лауазымды тұлға ретінде
agissant en qualite de, acting in the capacity of
1.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
мөрімен/ мөртаңбасымен бекітілді
est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of
2.4.4
Куәландырылды, Atteste,
2.4.5 Certified
5.
Астана_ қаласында  6. 2011 ж. « »_________ күні
a,
аt                     le, the
7.
Кіммен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Ирсалиев
8. sous № _________________
9.
Мөр/мөртаңба 10. Қолы ________________
Sceau/timbre, Seal/stamp Signature


«Қазақстан Республикасының білім, 
ғылым органдарынан және оқу    
орындарынан шығатын ресми     
құжаттарға апостиль қою»     
мемлекеттік қызмет стандартына  
3-қосымша             

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет