Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



бет17/19
Дата31.12.2019
өлшемі2,82 Mb.
#54596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Балды бағаға ауыстыру шкаласы


Жиынтық бағалау

Бағалау көрсеткіші

Баға

балының пайыздық







мазмұны
















0 %

Бағаланбады

«1»

1%−20%

Қанағаттанғысыз

«2»










21%−50%

Қанағаттанарлық

«3»










51%−80%

Жақсы

«4»










81%−100%

Өте жақсы

«5»










Б қосымшасы



Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)


Білім алушының

_____________________

Пән

_______________________

аты-жөні

_____________________

Сынып

_______________________
















224


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Тоқсан ____
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________»
Оқу жетістігі деңгейі


Бағалау критерийлері








Төмен




Орта




Жоғары




























(бағалау

критерийлерінің






















тұжырымдамасы)




























(бағалау

критерийлері

(бағалау




(бағалау










бойынша




білім

критерийлері




критерийлері










алушылардың

оқу

бойынша

білім

бойынша

білім







жетістігінің

төмен

алушылардың

оқу

алушылардың оқу







деңгейінің сипаты)

жетістігінің

орта

жетістігінің



















деңгейінің сипаты)

жоғары

























деңгейінің

























сипаты)































(бағалау

критерийлерінің






















тұжырымдамасы)




























(бағалау

критерийлері

(бағалау




(бағалау










бойынша




білім

критерийлері




критерийлері










алушылардың

оқу

бойынша

білім

бойынша

білім







жетістігінің

төмен

алушылардың

оқу

алушылардың оқу







деңгейінің сипаты)

жетістігінің

орта

жетістігінің



















деңгейінің сипаты)

жоғары

























деңгейінің

























сипаты)




























Мұғалімнің қосымша

(мұғалімнің пікірі)













пікірлері:














Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________
Қолы:_______________
Күні_____________

225


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


В қосымшасы
1-4-сыныптарда сынып журналын жүргізуге арналған

НҰСҚАУ


    1. Сынып журналы - мектептің әр мұғалімі үшін жүргізу міндетті болып табылтын мемлекеттік құжат.




    1. Мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары сынып журналдарын сақтауды және дұрыс жүргізілуін жүйелі тексеруді қаматамасыз етуге міндетті.




    1. Сынып журналы бір оқу жылына арналған. Қатар сыныптардың журналы мына литерлермен нөмірленеді. Мысалы, 1 «А» сынып, 1 «Б» сынып, 1 «В» сынып және т.б.




    1. Директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары (директор) бастауыш сынып мұғалімдеріне журналдың беттерін бөлу туралы нұсқау

береді. Бір жылғы оқу жоспарындағы әр пәнге берілген сағат санына сәйкес оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысының ағымдағы есебіне бөлінеді.


5. Мұғалім әр сабақта оқушылардың сабаққа қатысын жүйелі белгілеп отыруға міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің сол жағына сабақ өткізген күнін жазуға, сабаққа қатыспаған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің оң жағына сабақтың ең жоғарғы балдарын, тарау бойынша оқушылардың жиынтық бағаларының қорытындысын белгілеуге міндетті / ортақ тақырыптар, тоқсандық, тоқсан бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/, сондай-ақ, сабақта өтілген тақырыпты және үйге берілген тапсырманы жазуға міндетті. «Мұғалім ескертпесі» бағаны жекелеген оқушылардың тәртібі, оқу жұмысынан алға жылжуы немесе қалып қоюы туралы мұғалім ескертулерін жазуға қызмет етеді.
6. Оқушылардың тарау бойынша жиынтық бағалау қорытынды балдары / ортақ тақырыптар, тоқсандық , тоқсан бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/ екі күннің ішінде аталған жұмыстарды өткізген соң журналдың бағанына қойылады.
7. Өткізілген практикалық және зертханалық жұмыстар, экскурсия, бақылау, жазба жұмыстар бойынша олардың тақырыбын және қолданылған сағат санын нақты көрсету қажет.


  1. «Үй тапсырмасы» бағанына тапсырма мазмұны және оны орындау сипаты жазылады (оқу, жатқа оқу және т.б.), беті, тапсырма нөмірі, есептер және жаттығулар, практикалық жұмыстар. Егер оқушыларға қайталауға тапсырма берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.

  2. Тоқсандағы пән бойынша соңғы сабақты өту мерзімі жазылғаннан кейін мұғалім әрбір оқу тоқсанының қорытынды бағасын қояды. Сонымен қатар, бір мезгілде тоқсандық баға электронды журналға қойылып сақталады.




  1. Бастауыш сынып мұғалімі сынып журналына оқушылардың тегін және атын алфавит ретімен жазады; жеке ісіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Оқушы туралы жалпы мәліметтер» бөлімін толтырады, ай сайын «Оқушының

226


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сабаққа қатысы есебі» бөлімін толтырады, әр оқушының және сыныптың тоқсан және жыл бойынша босатқан сағаттары мен күндерінің барлық санын жазады.




  1. «Физикалық дайындығының көрсеткіштері» бетін дене тәрбиесі мұғалімі жылына екі рет толтырады.




  1. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.

227


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:


  1. балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;




  1. шығыстардың көлеміне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламаларының түріне және білім беру деңгейіне байланысты);




  1. мекемелерді емес, балаларды қолдаудың мекенжайлық жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;




  1. педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейту арқылы білім беру сапасын арттыру;




  1. мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;




  1. бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.


Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын оқушылардың санына байланысты.
Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен, оқу шығыстарымен (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекі материалдар мен құралдар) байланысты шығындарды, сондай-ақ, мектептердің педагог қызметкерлерге олардың жұмыс іс-әрекеті нәтижелері мен көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын және білім беру процесін іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқалар) қамтамасыз ету атқарымдары өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жай-күйіне және дамуына жауапкершілікті сақтау, мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.


Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
228

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.


Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.


Жан басына шаққандағы нормативті және білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды ескереді:


  1. мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайына төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемақылар;




  1. қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);




  1. сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптарындағы оқушылар саны шекті толымдылықтан асатын мектептер үшін оқушыларды оқыту құны азая түседі.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарының сыныптар бойынша оқушылар саны туралы деректерінің негізінде ҚР БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді (білім беру деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).


Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте іске асырылуда. 2015 жылға дейін апробация 1-11 сыныптарда өткізілді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялаудың пилоттық 3 жылдағы нәтижелерін талдау қорытындысы берілген (38-кесте).

229


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы





Көрсеткіштің атауы

2012/2013

2013/2014 оқу

2014/2015







оқу жылы

жылы

оқу жылы
















1

Біліктілігін арттырған қызметкерлер

21%

26%

28,5%
















2

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар

58%

60%

79%

педагогикалық қызметкерлердің үлесі































Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын










3

балаларға арналған үйірмелер мен

780

953

1 196




секциялардың саны




























Оқушыларға өткізілген танымдық және










4

өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін

445

651

757




өткізілген тренингтердің саны




























Педагог қызметкерлер басып шығарған













(газеттерде, конференциялардың










5

жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп

1 251

2 492

2 598

сайтында) жарияланымдар, әдістемелік
















құралдар (жинақтар, кітапшалар,













электрондық құралдар) саны.




























Конкурстарда және сайыстарда (спорттық,










6

пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз

17%

22%

20%




атанған оқушылардың үлесі

























7

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)

71

76

80
















8

Педагогтердің орташа айлық жалақысы

72

105

105,3

(мың теңге)



























2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда

7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагог қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).


Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.
Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.
2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.

230


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.


Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін жоғарылады.
Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.
Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9 сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту, ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық - ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
2016 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11-сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.
ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға сәйкес мыналар жобалануда:
1. Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:
- білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры; - оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер,
плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар, еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-шараларға даярлау және қатыстыру);

- Интернет қызметтерін төлеу.


2. Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:


  1. білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;




  1. коммуналдық қызметтер;

  2. Интернеттен басқа байланыс қызметі;

  3. ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы

231


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

шығыстар.



3. Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын, тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

232


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту ( «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап 39- тармақ).


Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23,

28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары).

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы.


«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы.
Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.
Заманауи мектептердегі мазмұны мен технологиялардың өзгерістерінің инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгедегі уәждемелін болжайды, яғни тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды.

Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдастарының вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.


Негізгі және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.
Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.
Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу

233


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.


Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды орынды пәндік үйірмелер мен секциялар алады . Бір жағынан – бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.
Қосымша білім білімнің әр деңгейіне қатысты белгілі жастық кезең жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады:
мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық;

бастауыш білім деңгейінді – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;
жалпы негізгі білім деңгейінді – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;
орта білім деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтау процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету.
Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері:

  1. Білім берудің негізгі құндылықтарын дұрыс қабылдау және оның мазмұнын жақсырақ меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоционалды-боямды орта құру.




  1. Балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында «байланғышсыз» тәрбиені жүзеге асыру процесінде өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасады.




  1. Балалларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін оқушылардың бағдары.

  2. Білім алушылардың негізгі білімдеріндегі жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.


234


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде білім алғаны маңызды. Идеология барлық өткізілетін іс-шараларда құрамдас бөлігі болуы керек.


Қосымша білім беру педагогтеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.
Балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы басқа сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысныда білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде өмір сүруге талпыну.
Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығының дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, мазмұны жоғары адамгершіліктен тұратын драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн..
Бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетті дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар және көрмелер «Өнер арқылы-бірлікке және өзара түсіністікке» көрінісінде келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін еді:


  1. «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);




  1. «Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана тілінде фольклор шығармасын орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);




  1. «Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихы, символикасы және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);




  1. «Дәстүр ордасы» қолданбалы-сәндік шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);




  1. «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тамадарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет);

235


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгімені фото суреттерді, видеожазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, баслымдарды, жанұя мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және қызықты тарихы бар үйде сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);

  2. «Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б.

Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жаяу, шаңғылы, сумен, велосипедпен, сан турлі маршруттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.
«Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және т.б. тақырыптарында, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.
Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға « ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне ерекше назар бағытталуы керек.
Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен бір қатар сабақтар өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараларды өткізудің формалары түрлі болуы мүмкін (« Жасыл планета», «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің кө-қарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің битурлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және т.б. номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).
Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан өзектрі мәселелер туралы білім алуларын ғана емесе, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бірінші сыныптан бастап (2016-2017 – 1-сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7-сыныптар; 2018-2019 – 3, 6, 8 және 10-сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 және 12-сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне ерекше роль беріліп отыр, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.
5 күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күнінің оқу-тәрбие процесінің негізгі ұйымдастырылуы қосымша білім болуы қажет.

236


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Сабақтан тыс уақыттағы, оның ішінде сенбі күні балаларды бос уақыттарын толық қамту үшін пән-мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдлану қажет.


Пән мұғалімдері өз бейіндері бойынша қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды жүргізе алады, сондай-ақ танымдық, байқаулық, ойын-сауық бағдарламалырн ұйымдастыра алады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (авиа, судо жане тағы басқа техниканың түрлерін үлгілеу).
Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пәннен сабақ береді, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болады (бір уақытта).
Осыған байланысты, жалпы орта және мектептен тыс үйымдар үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.
Сонымен қатар сенбі күн білім алушылардың кәсптік бағдар күні болып жарияларынп жатыр: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу үшін ашық болады.
Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретін балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:
қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қару үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту; аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған
ғимараттарды тиімді пайдлану; балалар туристік базаларын, жаңа сыртқа шығу және жаяу өлкетану
туристік маршруттарын және т.б. ашу.

Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет