Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



бет7/19
Дата31.12.2019
өлшемі2,82 Mb.
#54596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка

«Музыка» пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген.


Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. 2-сыныпта сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра түсіп, коммуникативтік қызмет атқарады. «Мұғалім – оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат -сабақ , концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны:
2-4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағат.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерилерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей эмоционалды жауабы , тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері , және музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі; орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы

62


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.


«4» бағасы – екі немесе бір критерилерге сәйкес болғанда; «3» бағасы – берілген критерилерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.
Бейнелеу өнері

Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.


Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады, меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады және жеткізе сипаттай алады.

«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.


«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.

63


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Еңбекке баулу

Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын , іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.


4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен оқу бағдарламасына сәйкес алмастыра алады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесі:

2-4- сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды



Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау «5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз
және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сонымен қатар, сабақ бойы жұмыс орнында тазалықты сақтау білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмысқа бағаны бір ұпай көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағамен бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, оны түзетуге, қайта жасауға болады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық оқушыларға қойылады. (Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).
Жеке технологиялық операциялар
«5» бағасы әртүрлі белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес, үнемді және тиімді пайдалануына; жетекші сұрақтар бойынша жұмыс жоспарын құру ептілігіне (2-сынып); бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құруға

64


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

(3-сынып); жоспар құру, бұйымға өздігімен талдау жасауына (4-сынып), іс жүзінде бұйымды көрсету ептілігіне (2-сынып), түсіндірумен көрсету білігіне (3-4-сыныптар) қойылады.


«4» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; жұмыс жоспарын мұғалімнің жетелеуші сұрақтарынан кейін құрса (ІІ сынып), мұғаліммен бірге (3-сынып), алдағы жұмыс жоспарын өздігімен 1 қатемен құрса (4-сынып) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе: 3мм-ден 10 мм-ге дейін – 2-сыныпта, 2мм-ден 5 мм-ге дейін – 3-сыныпта, 5 мм-ге дейін – 4-сыныпта; материалды үнемсіз қолданса (2-сынып); материал мен құралдарды тиімсіз қолданса (3-сынып), жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; мұғалімнің жетелеуші сұрақтары бойынша жоспар құру кезінде 3 логикалық қате жіберсе (2-сынып), мұғаліммен бірге жұмыс жоспарын құру кезінде 3 логикалық қате жіберсе (3 -сынып), бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе (4-сынып) қойылады.
Оқушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін . Сабақтың жоспарында бақылайтын 3-4 оқушының тегін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 3-4 оқушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 3-4 оқушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін , сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуін бақылайды.
Егер оқушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін оқушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.
Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше бағалайды, бірақ олар оқушының нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі , оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.


Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің

65


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру қосымша сабақтары немесе оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу жоспарының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.
«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4- сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты құрайды

Бағалау нормалары:
Оқушы жұмысын бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.
Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар береді.
«5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса, қойылады. Тапсырманы орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.
«2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін қолданбаған жағдайда қойылады.

66


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


4 НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды . Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық . Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.


Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде, негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады.
Тілдік және әдеби білім берудің маңызды міндеттері:


  1. барлық деңгейдегі қазақ тілінің жүйесі туралы білімді меңгеру негізінде оқушылардың тілдік сөйлеуін дамыту (фонетика, лексика, сөз құрамы және сөзжасам, морфология, синтаксис);




  1. сөйлеудегі тілдік құралдардың қызметі туралы ережені, сөздік қорды кеңейтуді және сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы, сауатты жазу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;




  1. қазақ әдеби тілінің нормаларын, сөйлеу әрекетінің әртүрлі тәсілдері мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттері өмірдегі

67

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс (тілдік және сөйлеу біліктілігі). 5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің
5-9сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы

апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант) (16-кесте).
16-кесте. Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі


Сыныптар

Жазба жұмыстар




Оқу тоқсандары




Барлығы




түрлері



















І

ІІ

ІІІ

ІҮ




5

Диктант

3

3

3

3

12

6

Диктант

3

3

3

3

12

7

Диктант

3

3

3

3

12

8

Диктант

3

3

3

3

12

9

Диктант

1

1

1

1

4




Барлығы:

13

13

13

13

52

Диктант – оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.


Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады (17-кесте).

68


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

17-кесте. Диктанттар нормасы




Сыныптар

Диктант саны

Сөздер саны

Орфограмма

Тыныс белгілері










саны




5

12

90-100 сөз

12

2-3

6

12

100-110 сөз

16

3-4

7

12

110-120 сөз

20

4-5

8

12

120-150 сөз

24

10

9

4

150-170 сөз

24

15

Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.

Диктанттың мәтінінде:


  1. 5- сыныпта - 5 сөзден артық емес,




  1. 6-7- сыныптарда - 7 сөзден артық емес,

  2. 8-9- сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген

орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.


Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

  1. «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;




  1. «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;




  1. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;




  1. «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.


Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар
аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:


  1. сөзді тасымалдау;




  1. мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

69


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

3) әлі меңгерілмеген ережелер;


4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.


Жеңіл қатеге жатады:


  1. ережеге бағынбайтын сөздер;

  2. автор сөзін берудегі тыныс белгілер.


Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:


  1. «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;




  1. «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

    1. «3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;

  2. «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.


Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.

Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескертін жағдайлар:


1) мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
2) орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
3) түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;


  1. емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;




  1. сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.




  1. оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады. «Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:

Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады (18-кесте).


70


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

18-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны




Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Сөздік дәптер

Барлығы

Қазақ тілі

2

2

1

5

Дәптер тексеру тәртібі:



    1. 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;




    1. 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;




    1. 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;

    2. 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).

«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:




  1. дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;




  1. дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет:

«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады);

«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері; Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай


отырып жүргізілуі керек:

  1. ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  2. күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.




  1. үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;




  1. жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);




  1. сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;




  1. мәтін азат жолдан басталады;

  2. сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  3. талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;




  1. ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі

тиіс.

Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).


Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет

71


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.


Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:


  1. орфографиялық қате – /.

  2. тыныс белгілер қатесі – ۷

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі,


шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының мәселелерін қарау ұсынылады:


  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тілші-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде дамытушы технологияларды пайдаланудың артықшылықтары;




  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша факультатив сабақтарын, элективті курстарды ұйымдастырудың ерекшелігі;




  1. Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);

  2. «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»




  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;




  1. Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары.


«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында үнемі «Мәңгілік Ел» идеясының жоғарыда аталған құндылықтарымен байлыныстырып отыру ұсынылады.


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу – мектеп пен ұстаз қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
Оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілді) пәнінен оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары (19-кесте).

72


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

19-кесте. Жазба жұмысына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)




Сыныптар

Жазба жұмыстар




Оқу тоқсандары




Барлығы




түрлері



















І

ІІ

ІІІ

ІҮ




5

Мазмұндама

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

6

Мазмұндама

2

2

-

-

4




Шығарма

-

-

2

2

4




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

7

Мазмұндама

2

2

-

-

4




Шығарма

-

-

2

2

4




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

8

Шығарма

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

9

Шығарма

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

Мазмұндама оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (20, 21-кесте).


20-кесте. Мазмұндама мәтінінің көлемі


Сыныптар

Мәтін көлемі

5

100-150 сөз

6

150-200 сөз

7

200-250 сөз

8

250-300 сөз

9

300-350 сөз

21-кесте. Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері





Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер




мен сөйлемдер

...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген




белгі

...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

73


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:



  1. дайын мәтін бойынша мазмұндама;

  2. сурет бойынша мазмұндама;




  1. аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:



  1. мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;

  2. мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;

  3. өз жанынан қосымша оқиға қосу;

- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;




  1. қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;




  1. кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;




  1. берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:




  1. мазмұндылығы мен идеялылығы;

  2. ой-пікірдің жүйелілігі;

  3. стилі;

  4. грамматикалық сауаттылығы;

  5. әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы ; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.


Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:
Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.
Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру. Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына
1 рет тексерілуі қажет (22-кесте).

74


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

22-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны




Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

2

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:




  1. дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

  2. көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

  3. дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.

  4. қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);




  1. «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:




  1. ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  2. күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;




  1. сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;




  1. мәтін азат жолдан басталады;

  2. сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады ;

  3. дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;

  4. дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

«Қазақ әдебиеті » пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:


4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);
5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937);
17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922 -1993); 28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл
(1932 ж);
15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007);
2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889);
26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 );
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым

75


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006);


22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы , мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985);
15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007);
көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802-1874);
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920)

1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922);


9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл

(1882-1939);


Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:


  1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;




  1. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

  2. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар

сайты;


  1. http://abai.kz-ақпараттық-танымдық сайт;

  2. http://u-s.kz- ұстаздар сайты;

  3. http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;

  4. http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;

  5. http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;




  1. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік

сайт;

  1. http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;

  2. http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;

  3. http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;

  4. http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;

  5. http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді

сайт;


  1. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;

  2. http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;




  1. http://bilimtime.kz – ұстаздарға арналған сайт.


Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет