Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі



Дата04.07.2018
өлшемі124,2 Kb.
#46924
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы

Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: Денім сау болсын десең...

Өзін – өзі тану пән мұғалімі: Б.Данабаева

Шардара қаласы

2016 – 2017 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан обл.

Шардара ауданы.

Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі

Өзін-өзітану пәнінің мұғалімі:

Данабаева Ботакөз

Денім сау болсын десең...



Мақсаты: денсаулық адам баласының қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету,оқушыларды салауатты өмір сүруге және зиянды заттардан аулақ болуға үйрету, ой өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі:аралас сабақ.

Әдісі: «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы.

Пән аралық байланыс:дүниетану, салауаттану.

Техникалық жабдық:интерактивті тақта.

Көрнекілігі: суреттер, маркер , т.б.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Бес құндылық.

1.Ақиқат

2. Дұрыс әрекет

3. Тыныштық

4.Сүйіспеншілік

5. Қиянат жасамау

3.Бес «Т» ережесі

1. Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық



4.Тазалық

5.Татулық

4.Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда,қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңыға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізгеде жетті, көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп , басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте -бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық тіршілікке таралсын..... ғаламның барлық түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Осындай нұр, махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет!


5. Үй тапсырмасын тексеру.

Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Зянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

1-бөлім. «Таныстыру». Қоржыннан 1 деген саны бар сыйлықты аламыз. Оның ішінде әр топтың аты мен ұраны жазылған, оны топ оқушылары таныстырып өтеді

1. «Шымыр» тобы: «Шынықсаң шымыр боларсың.»

2. «Денсаулық» тобы: «Денсаулық-ел байлығы»

3. «Сымбат» тобы: «Сымбатты болу өзіңнен».

2-бөлім: «Дәйексөз» Қоржынан 2 деген сан сыйлығын алып, денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтып жарысу

1-оқушы: сұрап алған аурудың емі табылмас.

2-оқушы: көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

3-оқушы: бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық –он саулық

4-оқушы: тазалық-саулық негізі, сұлулық-байлық негізі

5-оқушы: жан ауырса-тән азады,қайғы басса-жан азады.

3-бөлім: Қоржыннан 3деген сан сыйлықты алып, орындаймыз.

1-топ: «Шымыр» тобы «би билеу» жарнамасы

2-топ: «Сымбат» тобы «сұлулық» жарнамасы

3-топ: «Денсаулық» тобына «күлдіру» жарнамасы

4. Мәтінмен жұмыс. «Ұлықпан хакімнің 7 өсиеті» аңызын оқып, оны талдау. Әр оқушының күнделікті жоспарын құрып, талдау.

Ұлықпан хакімнің 7 өсиеті:

Біріншісі- ерте тұру.

Екіншісі-орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі- дене шынықтыру.

Төртіншісі-дене тазалығы.

Бесіншісі- сергектік.

Алтыншысы- артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі- көп ұйықтамау.

4-бөлім: Қоржыннан 4 деген сан сыйлықты алып оны орындау. «Шығармашылық жұмыс».

1-топ: «Шымыр»:

... ... баламыз,

... ...даламыз,

... ...жоямыз,

... ...келеміз,

... ...қоямыз,

... ...құрамыз,

... ...тұрамыз,

... ...боламыз.

2-топ: «Денсаулық». «Дені саудың жаны сау» тақырыбында коллаж құрастыру.

3-топ: «Сымбат». Денсаулық сөзінің әр әріпінен басталатын тақырыпқа орайлас сөз жазу.

Д-... (демалу)

Е-...(еңбектену)

Н-...(нашақорлыққа жоламау)

С-...(салауатты болу)

А-...(алғырлық)

У-...(уайымсыз өмір)

Л-...(лайықты өмір)

Ы-...(ынта)

Қ-...(қозғалыс)

Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсерде болды сол туралы өз-ойларын қолдарындағы стикерлерде жазады.

«Шомыр» тобы тақтадағы «Ағаш» суретіне жабыстырады.

«Сымбат» тобы «Үйдің» суреті салынған плакатқа жабыстырады.

«Денсаулық» тобы «Күн сәулесі» бар плакатқа жабыстырады.

Қорытынды: Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, «Денсаулық- зор байлық» екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй, күлкі сыйлап жүрейік.

Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,

Ауыруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ.

Жылы сөз, жеңіл тамақ,жақсы әуен,

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.

1. «Шымыр» тобы: «Шынықсаң шымыр боларсың»

1. «Денсаулық» тобы: «Денсаулық-ел байлығы»

1. «Сымбат» тобы: «Сымбатты болу өзіңнен».

2. денсаулық туралы мақал-мәтел айту

2. денсаулық туралы мақал-мәтел айту

2. денсаулық туралы мақал-мәтел айту

3. «Шымыр» тобы «би билеу» жарнамасы

3. «Сымбат» тобы «сұлулық» жарнамасы

3. «Денсаулық» тобына «күлдіру» жарнамасы

4. «Шымыр»: Тамшыдан теңіз

4. «Денсаулық»: «Дені саудың- жаны сау» тақырыбында коллаж жасау

4. «Сымбат» : Денсаулық сөзінің әріптеріне орайлас сөз жазу




Денсаулыққы пайдалы



тазалық

табиғат



шынығу

тамақтану



жалқаулық

ішімдік

темекі

наша шегу

Денсаулыққа зиян

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет