Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар облысы білім беру басқармасы дарынды балаларға арналған абай атындағЫ



Дата25.08.2017
өлшемі133,85 Kb.
#25843
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ

10 ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ



Бекітемін

Мектеп директоры

___________ Х.Ж.Абилова

__ _____________ 2012 ж.


Бағдарлама іске қосу мектептің Педагогикалық Кеңесімен ұсынылған

№ ___ ___________ 2012 ж.

«Ұлттаным» бағдарламасы

1-4 сынып оқушыларына арналған

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі – 8 жыл
Абай атандағы лицей мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Д.Х.

Павлодар - 2012



ТҮСІНІКТЕМЕ

ХХІ ғасыр тілтанымдық зерттеулердің бағыты мен ерекшелігі – тілді адамзаттық құндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі тұрғысынан этностың болмысымен тікелей байланысты зерттеу. Бұл – жаңа ғасырдың өмір талабы. Себебі қоғамдағы кейбір саяси жағдайларға байланысты ұлттық құндылықтарымызды елеусіз қалдырып, көптеген этностың өзіндік ерекшеліктері назардан тыс қалды.

Әрбір халықтың өзіндік рухани-мәдени өмірі болары анық. Бүгінгі таңда аса өзекті тақырыптардың бірі ұлттық құндылықтарды зерттеу, оны жас ұрпақ санасына сіңдіріп, ұлттық мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу болып отыр. Мұхтар Құл-Мұхаммед: «... мәдениетке тоқсан тоғыз анықтама берсек те ұлттық мәдениетің тірегі біреу ғана, ол – тіл» - деген болатын. Осы сөзді жадымызда ұстай отырып тіл мен әдебиет, еңбек пен қолөнер байланысы негізінде рухани байлығымыздың көзі ұлттық тәрбиеде екенін түсініп, «Ұлттаным» бағдарламасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Ұлттану» бағдарламасы, негізінен, бастауыш сыныпқа арналып құрастырылды, алайда ол өз жалғасын орта және жоғары сыныптарда тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, «Ұлттану» бағдарламасы бойынша мектепте әдебиеттік оқу пәнінде әңгімелерді оқыту барысында үстірт айтылып кететін ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық тұрмыс пен мәдениетке, саятшылық, қолөнерге байланысты түсініктер неғұрлым толық және жан-жақты меңгертіледі. Бағдарламаға, сондай-ақ білім берудің типтік бағдарламасында бар тақырыптар да енеді.

«Ұлттану» бағдарламасы бойынша жасөспірімдердің білім-біліктіліктерін жетілдіруде дамытушылық мақсат-міндеттерді ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілді байланыстыра отырып, ұлттық бай мұраны бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқытуда маңызды, әрі мазмұнды материалдар беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл қосымша курс дидактикалық материалдар мен жинақ арқылы оқытылады (жинақты мектептің практик мұғалімдері мен ғылыми дәрежесі бар адамдар бірлесіп дайындады). «Ұлттаным» қосымша сабағын оқытуда театрлық (сахналық) қойылым, еңбекке баулу сияқты іс-шаралар қосалқы жүргізілуі ықтимал. Бұл курс жас бүлдіршіндердің ойлау деңгейін арттырып, байланыстырып сөйлеуге, ой түйін жасауға жетелейді, ізгілікті, сондай-ақ елжанды дара тұлға тәрбиелеп,отансүйгіштікке баулып,оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Қосымша курсты оқу барысында оқушылар өздігінен ізденуге, қорытынды жасауға үйренеді. Мәселен, өз ата-әжелерінен ұлттық өнер түрлерін жазып алып, қолөнер бұйымдарын жинақтап сыныпта (мектепте) шағын «Ұлттаным» мұражайын жасауға көмектесе алады. Бұл курсты өту барысында мониторинг жасалып, баланың даму динамикасы анықталады. Пәнге қойылатын арнайы талаптар мен шарттар белгіленеді. Жұмыс үрдісі барысында жеке бастың даму динамикасы электронды журналға белгіленіп отырады.

«Ұлттану» тіл дамыту пәні мектептің бастауыш сатысының 3 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат.

«Ұлттану» оқу құралы қазақтың салт-дәстүрлері, тұрмысы мен мәдениеті туралы оқушылардың білімдерін кеңейтуді көздейді. Ондағы себеп жас буынды өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезім тудыра отырып, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Бұл қазіргі таңда өте шешімін күтуші мәселелердің бірі. Оқу мен тәрбие егіз жүргенде ғана біз болашақ ел тағдырына әділ де адал қызмет ететін азаматтар өсіріп шығарамыз.

Оқу бағдарламасы бастауыш сыныптарға арналғандықтан, оқу әдісі де ойластырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламаға түрлі ойын элементтері де енгізіледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың әдеби сауатын ашумен қатар сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту, сондай-ақ жас өспірімдердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ата-бабаларының тұрмысы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту, ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

«Ұлттану» тіл дамыту пәнін оқытудың міндеттері:

- көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру;

- оқушулардың оқу дағдыларын қалыптастыру;

- қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту;

- өзіндік ойын жеткізуге дағдыландыру;

Бағдарламаны оқыту барысында мұғалім дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, пікір-талас, сурет салу, слайд жасау, жобалау әдістері) сын тұрғысынан ойлау технологиясын т.с.с. оқытудың тиімді жолдарын да қарастырады.

3 сыныпта оқушылар өз бетінше оқуға, ізденуге, өздігінен жұмыс жасауға, жобалауға, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу, қазақ тілі.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар өздігінен шағын өлең шумақтарын, эссе жаза алады.

2. Өзінің ата-бабаларының мәдениеті мен тұрмысын жетік біледі, ата-тегін, жеті атасын таниды.

3. Пікір-таластарға, дебаттарға қатысады.

4. Жобалар (сән үлгілері, мектеп формасы, мектеп, үй жобалары) жасай алады.

5. Мектептегі «Әжесі мен немересі», отбасы, тұрмыс-салт дәстүрге арналған тақырыптардағы сайыстарға еркін түсе алады.

6. Ана тілі пәніндегі шығармалардағы оқиға желісін еркін түсіне алады.

Күнтізбелік–тақырыптық жоспар

3 сынып


Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат



Сабақ тақырыптары

сағат

саны


мерзімі

І

Киелі киіз үйіміз

5




1

Киіз үй. Қ.Баянбаев.

Киіз үйдің қасиеті



1




2

Біздің үй. Ж. Маман.

Үй құрылысы



1




3

Үй жиһаздары мен мүліктері

1




4

Мұражайға саяхат

1




5

Менің қиялымдағы жоба

1




ІІ

Кімдер менің туыстарым?

9




1

Үш ұл. В.Осеева

1




2

Әкесі мен ұлдары. Л.Толстой

1




3

Ата қуанышы. Д.Әбілев

1




4

Әже. Н.Исахметов.

Жалқау немере



1




5

Нағашы атам кім өзі?

Нағашы апаң қандай адам?



1




6

Әпкешім.Сіңлім.

«Қолаң қара шашы бар жібек талды...»



1




7

Менің ағам. Менің інім. Ә.Кекілбай

1




8

Туыстық қатынастар. Отбасы сыйластығы Менің шежіре кітабым. Жеті ата


1




ІІІ

«Төрт құбылада – төрт түлік»

7




1

«Қой жасаған той туралы»

1




2

Төрт түліктің төрелігі

1




3

Бұзау мен құлын

1




4

Тұяқ пен таға. Д.Ахметұлы.

Ереулі атқа ер салмай



1




5

«Қолымда бір қамшым бар...»

Найза мен қалқан









6

Ерке ботақан (ертегі)

1




7

«Қасиетті төрт түлігім» пікір-талас

1




8

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы

1




ІY

Ас – адамның арқауы

5




1

Ауылдағы сүт тартқыш. М.Әуезов

1




2

Бір туғандар. Қ.Мырза Әли

1




3

Құрт қатқан көже. Н.Қадыр

1




4

Саумал. Е.Елубаев

1




5

Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері

Жәрмеңке


1




Y

Адам көркі – шүберек

8




1

Күзем

1




2

Шапаның неден жасалған?

1




3

Етік неге мұңайды?

1




4

Кімнің тоны жылы

1




5

Қасқыр ішік

1




6

Бөрік – адамға көрік

1




7

Киім үлгілерінің жобалары

1




8

«Әжесі мен немересі» сайыс

1































































«Ұлттану» бағдарламасының 3 сынып бойынша жіктелуі:

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Оқу материалы төмендегідей тараулардан тұрады:

І. «Киелі киіз үйіміз»

ІІ. Менің туыстарым кімдер?

ІІІ. «Төрт құбылада – төрт түлік»

ІY. «Ас – адамның арқауы»

Y. «Адам көркі – шүберек»

Ұсынылған мәтіндер мен тапсырмалар 3 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне негізделіп құрылған. Әр сабақ қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы әңгіме, ертегілерден басталады. Мәдениетті, ұлттық ерекшеліктерді танумен қатар оқушылар достыққа, адалдыққа, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге үйренеді.

І. «Киелі киіз үйіміз» тарауында ата-бабаларымыздың қара шаңырағы, оның қасиеті, сондай-ақ киіз үй құрылысымен танысады. Киіз үй ерекшеліктерін меңгере келе, жұлдыздарды бақылау, жыл санау, табиғат пен ауа-райын болжауда киіз үйдің ерекшеліктерін таныту, сол арқылы ата-бабаларымыздың асыл қасиеттерін айта отырып, ұлттына деген мақтыныш сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

ІІ. «Менің туыстарым кімдер?» тарауында туыстарын танып, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиеленеді. Отбасы сыйластығы ұғымын қалыптастыру. Әкені құрметтеуге, ананы аялауға, кішіге қамқор болуға дағдыландыру. Жеті атасын тануға үйрету.

ІІІ. «Төрт құбылада – төрт түлік» тарауы арқылы төрт түліктің пайдасымен таныстыру. Малжанды болуға үйрету. Төрт түлікке байланысты ертегілер оқыту арқылы бауырмалдылыққа, қамқорлыққа, тәрбиелей отырып, адамгершілік қабілеттерін дамыту.

ІY. «Ас – адамның арқауы» тақырыбын оқыта отырып, ұлттық тағам атауларымен таныстыру, олардың неден және қалай жасалатынын білгізу. Дастарқан басында өзін-өзі ұстау әдебін, дастарқан үстінде әңгімелесу тәртібін меңгерту.

Y. «Адам көркі – шүберек» тарауында сәнді де, үйлесімді киім кие білуге тәрбиелеу. Ұлттық киім үлгілерімен таныстыру және ұлттық киімдердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.

Аталмыш тарауларға орай ертегілер мен әңгімелерді оқыта отырып, көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру және жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Сол арқылы өзіндік ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Әр тарауды өткеннен соң ой түйін, ой толғау, өздігінен шағын өлең шумақтарын, эссе жазғызу. Сондай-ақ пікірталас, дебаттар ұйымдастыру. Түрлі жобалар жасату.



Қорыта келгенде «Ұлттану» бағдарламасы «Қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі – оның білімділігі, жасына лайық түрлі жағдаяттарда жол тауып шыға алатын, өз ой-пікірін анық та ашық, түсінікті жеткізе білетін құзіреттілікке қол жеткізу» деген Елбасы Жолдауында айтылған пікірге сай құрастырылып назарларыңызға ұсынылып отыр. Бағдарламаның өміршеңдігі сіздердің қолдауларыңызға байланысты болатындығын естен шығармасаңыздар екен!
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет