Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған



бет2/42
Дата01.06.2017
өлшемі6,92 Mb.
#17384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) жүйесі еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруда және ел экономикасының даму перспективасында маңызды рөл атқарады.

Облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім беру басқармаларының деректері бойынша елімізде 849 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 472 мемлекеттік, олардың 175-і немесе 20,6 %-ы ауылдық жерде орналасқан.

Білім алушылар контингенті 561,9 мың адамды құрайды, оның ішінде колледждерде күндізгі бөлімде 457,6 мың адам оқиды (104,3 мың адам сырттай бөлімде білім алады), олардың ішінде 244,4 мың адам мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

Оқыту 183 мамандық пен 463 біліктілік бойынша жүргізіледі. Білім алушылардың 51 %-ы немесе 286,1 мың адам техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуда.

2013 жылы 1480 орындық 3 колледж пайдалануға берілді (Алматы қаласында 720 оқушы орындық мемлекеттік жолаушылар көлігі және технология колледжі және Маңғыстау облысының Қарақия қаласында 400 оқушы орындық және ОҚО Шаян ауылында 360 оқушы орындық колледж).

Құрылыс және реконструкциялау есебінен жатаханаларда қосымша 772 орын енгізілді, соның ішінде:

1) Жамбыл облысында 32 орындық, Маңғыстау облысында 200 орындық 2 жатақхана салынды;

2) Қостанай облысында 100 орындық, ОҚО-да 300 орындық 2 жатақхана қалпына келтірілді;

3) Алматы облысында 140 орындық 1 жатақхана реконструкцияланды.

Техникалық және кәсіптік білім беруде қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай жүйеге көшуді жүзеге асыру қажет, ал білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) арқылы кәсіптік стандарттар негізінде қалыптасады.

2013 жылы ТжКБ мазмұнын жаңарту мақсатында кәсіптік стандарттар (бұдан әрі - кәсіптік стандарттар) негізінде 80 үлгілік оқыту жоспары мен бағдарламасы әзірленді. Министрлік Дүниежүзілік Банк қарызы есебінен «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы шеңберінде (2010 жылғы 24 қарашадағы № 7931 Қарыз туралы келісім, 2011 жылғы 2 шілдеде ратификацияланған, 2011 жылғы 9 тамызда күшіне енген) мемлекеттік органдарға 66 мамандық бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеуге көмек көрсетті (геология, тау-кен өндірісі мен пайдалы қазбалар өндіру - 7, энергетика және электр энергетикасы - 8, металлургия және машина жасау - 9, құрылыс, өндіріс, монтаж, эксплуатация және жөндеу (сала бойынша), транспорт (сала бойынша) - 11 жоба, байланыс - 10, ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология - 10, мұнай-газ және химия өндірісі - 11). ҰБЖ енгізу шеңберінде білім саласында 10 педагогикалық мамандық бойынша кәсіптік стандарттар әзірледі (ҚР ДСӘДМ есебінен бөлінген қаражат есебінен).

Пилоттық режимде мұнай-газ, тау-кен өндіру және туризм салаларындағы 3 жұмыс беруші бірлестігі («KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорны республикалық қауымдастығы, Қазақстан туристік қауымдастығы) базасында тәуелсіз біліктілікті растау орталықтары құрылды. Аталған орталықтар пилоттық оқу орындарындағы бітірушілерді сертификаттау жұмыстарын жүргізеді.

2013 жылы ТжКБ саласында кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға және біліктілікті беруге 737 колледжден 112 613 бітіруші 141 мамандық бойынша қатысты. Олардың ішінен 93 мың бітіруші (82,6 %) алғашқы реттен сертификаттаудан өтті.

2013 жылы кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында ТжКБ оқу орындарының 225 шеберханасы мен зертханасы 3,3 млрд. теңге сомасына қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылды, оның ішінде РБ есебінен - 2,4 млрд. теңге. Институционалды даму жоспарларының үздік әзірлемелері үшін 41 оқу орны Дүниежүзілік банк есебінен 2,2 млрд. теңге сомасында грантқа ие болды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (бұдан әрі - Холдинг) арқылы ТжКБ жүйесінде басқарудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістерін енгізу жұмыстары басталды.

Холдинг стратегиялық әріптестерді айқындады, жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтармен қарым-қатынас орнатты, оқытушыларды қайта даярлау бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Кәсіпорындармен өзара іс-қимылды дамыту мақсатында 176 колледжде 2108 кәсіпорынның қатысуымен дуальді оқытудың негізгі элементтері енгізілуде.

Оқу орындары мен жұмыс беруші компаниялар арасында жасалған 25776 келісім шеңберінде:

1) ТжКБ оқу орындарының 204,0 мың студентін практикадан өткізу үшін жұмыс орындарын бөлуге;

2) 618,5 млн. теңге сомасына ТжКБ оқу орындарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

3) 6,4 мың адамға компания қаражаты есебінен оқуға және стипендия төлеуге;

4) ТжКБ жүйесінің 2,2 мың инженерлік-педагогикалық қызметкерінің (бұдан әрі - ИПҚ) тағылымдамадан өтуіне жәрдем көрсетілді.

Жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі 66,7 %-дан 70,5 %-ға өсті.

ТжКБ жүйесінде 45,6 мың адам инженерлік-педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 4,5 мың адам - басқарушы кадрлар, 6,0 мыңы - өндірістік оқыту шебері, 35,1 мың адам - оқытушылар.

ИПҚ сапалық көрсеткіші мынадай: 45,7 мың адамның 41,2 мыңы - (90,2 %) жоғары білімді, 4,2 мың адамның (9,2 %) кәсіптік-техникалық білімі бар.

11,2 мың адамның (24,5 %) жоғары санаты, 9,1 мың адамның (20,0 %) бірінші санаты, 10,9 мың адамның (23,9 %) екінші санаты бар, 14,5 мың адамның (31,7 %) саны жоқ.

Жас ерекшелік топтары бойынша: 45 жасқа дейінгі қызметшілер саны - 27,2 мың адам немесе 59,5 %, 45 жастан асқандар саны - 18,6 мың немесе 40,7 % құрайды.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

ТжКБ жүйесінің қазіргі инфрақұрылымы және материалдық-техникалық жабдықталуы кадрлар даярлаудың сапасын және жастар үшін тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Шеберханалардың тек 30,8 %-ы ғана қазіргі заманғы жабдықтармен жаңартылған.

Қаржыландырудың және мемлекеттік тапсырыс бойынша бір маманды даярлауға кететін шығыстар құнының төмен болуы білім алушылардың заманауи біліктіліктерді алуына ықпал етпейді.

Әлеуметтік әріптестіктің әлсіз дамуы, кәсіпорындардың кадрлар даярлауға қызығушылығының болмауы.

Дуальді оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлауға жұмыс берушілерді тарту бойынша нормативтік құқықтық базаның болмауы.

Жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге мүдделі болмауы білім беру бағдарламалары мазмұнының уақтылы жаңартылуына кедергі жасауда.

Жалақының төмендігіне байланысты экономиканың басқа да салаларында жоғары білікті кадрлардың кетуі. Жыл сайын 3 мыңға жуық адам жоғары білікті инженерлік-педагогикалық қызметкері өндіріске кетеді.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

жергілікті бюджеттен (бұдан әрі - ЖБ) ТжКБ-ны қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі. Көптеген облыстарда ТжКБ қалдықты қағидат бойынша қаржыландырылады;

студенттерді оқытуға арналған мемлекеттік тапсырыс құны оқу процесін толыққанды қалыптастыру үшін барлық шығыстар құрылымын жаппайды;

жастар арасында кәсіби бағдар жұмыстары жүйесінің болмауы;

жұмыс берушілердің мамандар даярлауға жеткілікті түрде қатыспауы;

колледж студенттерінің өндірістегі өндірістік практикамен толық қамтылмауы;

Ішкі факторлар:

республиканың 24 ауданында ТжКБ оқу орындары жоқ. Қазіргі таңда ТжКБ жүйесінде жастардың тек 16,9 %-ы (561,9 мың адам) ғана оқиды;

жатақханалардың жетіспеуінен ауыл жастары үшін техникалық және кәсіптік оқытудың қолжетімсіздігі;

мемлекеттік тапсырысты қалыптастырудың және 1 маманды даярлауға кететін шығыстар есебінің бірыңғай әдістемесінің болмауы;

ТжКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі, инженер-педагог қызметкерлердің қазіргі заманғы технологияны аз меңгеруі. Бүгінгі таңда инженер-педагог кадрлардың тек 7,5 %-ы (норма бойынша 20 %) ғана біліктілігін арттырады;

дуальді оқыту жүйесіне қатысатын тараптардың: мемлекеттің, бизнестің және студенттің жауапкершілігі заңнамалық түрде айқындалмаған;

жоғары білікті өндіріс маманын колледждегі инженерлік-педагогикалық жұмысқа тарту және оның міндетті түрде кәсіпорындарда тағылымдамадан өту тетігінің болмауы.

 

    1.  Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі

параметрлері

 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім



Республикада 127 жоо (9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 1 ДБҰ, 1 халықаралық, 16 акционер, 56 жекеменшік) жұмыс істейді.

2014 жылғы 1 қазанға жоо-лар студенттерінің контингенті 482,3 мың адамды құрайды, оның ішінде бакалавриатта – 450,9 мың адам, магистратурада 29,6 мың адам, докторантурада 1,5 мың адам оқиды.

Профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі - ПОҚ) саны 41,6 мың адам. Олардың ішінде PhD докторлары - 694, бейіні бойынша докторлар - 108, ғылым докторлары - 4008, ғылым кандидаттары 15908 адам. ПОҚ-ның ғылыми дәрежелілігі 49,8 пайызды құрайды.

2014 жылғы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі: бакалавриат – 34165 грант, магистратура - 7065 орын, PhD докторантура - 656 орын. Магистратура гранттары санының бакалавриат гранттарының санына мұндай арақатынасы жоғары оқу орындары контингентінің әлемдік құрылымына (1:5) сәйкес келеді.

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың құрылымын қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тапсырыс салалық мемлекеттік органдар ұсынатын сұранысқа сәйкес қалыптастырылады. Гранттардың жартысынан астамы техникалық ғылымдар мен технологияларға, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдарға бөлінген.

Өңірлік жоо-лар мен ғылыми ұйымдар үшін мақсатты түрде докторларды даярлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте докторантура бағдарламалары шетелдік әріптестермен бірлесе отырып іске асырылады: міндетті түрде шетелден тең жетекші шақырылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі шетелде кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

1994 - 2013 жылдары 10346 стипендия тағайындалған, түлектер саны - 6282 адам.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру республикалық бюджеттің қаражаты, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізіледі. 2014 жылы 9378 (22 пайыз) оқытушы жоо-ның, кәсіпорындардың, инженерлік зертханалардың, салалық орталықтардың базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар жоо-да осы бағыттағы жұмыс жүйелендірілмеген, біліктілікті арттыру бағдарламаларын қаржыландыру қамтамасыз етілмейді.

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын белгілеу құқығы бакалавриатта 55 %-ға дейін, магистратурада 70 %-ға дейін, ал докторантурада 90 %-ға дейін өсті. Бұл жоо-лардың академиялық еркіндігі мен ұтқырлығын арттырып, нақты өңірдегі еңбек нарығының қажетті кадрларға қатысты ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Республикалық бюджет есебінен қазақ тілінде оқулықтар жазу және басып шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ шетелдік оқулықтар қазақ тіліне аударылып басылуда. Бағдарламаны іске асырған 3 жыл ішінде жоо кітапханаларына таралымы 350 мың данадан астам 300-ге жуық жаңа оқулық түсті.

Қазақстан Ұлттық біліктілік шеңберін қабылдаған елдер қатарына енді.

Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленді.

Қабылданған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі академиялық ұтқырлығы стратегиясының негізінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы дамуда. Үш жыл ішінде 1,7 мыңнан астам студент пен магистрант шетелдік жоғары оқу орындарында оқып шықты.

Бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын іске асыруға шетелдік ғалымдар тартылуда. Үш жыл ішінде Еуропа, АҚШ, Ресей Федерациясы, Оңтүстік Шығыс Азия, Беларусь Республикасы, Украина және т.б. елдердің жоо-ларынан 4,2 мыңнан астам ғалым мен оқытушы шақырылды.

Ішкі академиялық ұтқырлық та даму үстінде. Ол кафедрааралық байланыс негізінде дамиды. Бүгінгі күні мұндай шарттар 72 жоо-да бар, бұл ішкі ұтқырлықпен 1100 студентті, 250 магистрантты, 16 докторантты, 360 оқытушыны қамтуға мүмкіндік берді.

Болон процесінің параметрлерін орындау отандық білім беру бағдарламаларын шетелдік білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге, салыстырмалы білім беру бағдарламаларының үлесін ұлғайтуға және жоғары білімді интернационалдандыруға ықпал етеді. ЕСTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық моделі енгізілуде.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтар бойынша шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жасалған білім беру бағдарламалары іске асырылуда. 41 жоо-да педагогикалық, техникалық, жаратылыстану-ғылым мамандықтары бойынша көптілділік бағдарламалары енгізілуде. Оның ішінде 15 жоо-да 13 педагогикалық мамандық бойынша 1200-ден астам адам оқиды.

Жоғары білім берудің сапасын бағалау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жоо-ларды аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілген. Аккредиттеу бәсекеге қабілетті ортаға берілген. Қазақстан Еуропалық білім беру сапасын қамтамасыз ету тізілімінің үкіметтік мүшесі болды.

Ұлттық аккредиттеу органдарының тізіліміне 10 аккредиттеу агенттігі енген, оның ішінде 2-уі Қазақстаннан және 4-уі шетелден (3-уі Германиядан, 1-уі Австриядан, 3-уі АҚШ-тан, 1-уі Ұлыбританиядан).

Қазақстанның жоо-лары танылған халықаралық рейтингтерге қатысады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS рейтингісіне енген 300 үздік жоо-ның (299-орын) қатарына қосылды, Еуразия ұлттық университеті 303-орынды иеленді. «Топ 651-700»-ге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қазақстан - Британ техникалық университеті енді. «Топ 701+»-ке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті енді.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша 10 инновациялық бағыттағы жоо жұмыс істейді. Бұл жоо-ларға ғылым мен инновацияны дамыту, зерттеулерді коммерцияландыру, дарынды жастарды тарту үшін мақсатты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Жоғары оқу орындарында 500-ден астам ғылыми-зерттеу бөлімшесі мен құрылым жұмыс істейді.

Жоғары оқу орындарының іске асырылып жатқан ғылыми-техникалық бағдарламалары мен жобаларының саны 10 есе өсті (2011 жылы - 1 бағдарлама және 87 жоба, 2013 жылы - 10 бағдарлама және 927 жоба). Жоғары оқу орындарындағы ғылымды қаржыландыру мөлшері де артты: 2011 жылы - 1 млрд. теңге, ал 2013 жылы - 7,3 млрд. теңге. Халықаралық рейтингті журналдарда ғалымдардың жариялану белсенділігі артты.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша корпоративтік басқару енгізілуде. 15 жоо басшысы Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптесі Пенсильвания Университетінің (АҚШ) базасында оқытылды.

10 жетекші университетте байқау кеңестері жұмыс істейді. 64 жоо-дағы қамқоршылық кеңестердің жұмыс істеу қағидаттары қайта қаралуда.

Дегенмен, қазақстандық жоғары білімнің белгілі жетістіктері әзірше оның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары бола алмады: Қазақстан білім беру жүйесінің сапасы бойынша ДЭФ БҚИ-де 148 елдің ішінде 76-орынды иеленді.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жоо-ны басқарудың ұлттық және институционалдық моделі бәсекеге қабілетті кадрмен қамтамасыз ете алмайды және халықаралық тәжірибемен үйлестірілмеген. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен жоо-ны, оның ішінде мемлекеттік жоо-ны басқару жүйесі олардың әлеуетін тиімді іске асыруды шектейді. Тұтастай алғанда, жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етудегі қоғамдық тетіктер мен жұмыс берушілерді, қоғамдық ұйымдарды тартудың болмауы.

Жоо-ға оқуға түсу жүйесі халықтың жоғары білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етпейді. Ауылдық мектептер түлектерінің жоғары білімге қолжетімділігі тең жағдайда емес. Сырттай оқу бағдарламасына қабылдау деңгейі жоғары болып отыр (жалпы контингенттің 27 %-ы). Халық табысының төмен деңгейі жоғары білімге қолжетімділікті шектеп отыр.

Кадрлар даярлаудағы диспропорция еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне әкеп соқтыруда. Бизнес және құқық бағдарламасына қабылдаудың жоғары деңгейі - 41 %, және ғылыми-техникалық мамандықтарға қабылдаудың төмен деңгейі - 24 % инновациялар мен технологияларға негізделген экономиканың сұранысын қанағаттандырмайды.

Өңірлерде мамандықтардың 61 %-ы өңірлік жоо-да қайталанады және өңірлік дамудың басым бағыттарына сай емес. Жоо-ның қызметі өңірлерді дамыту бағдарламаларынан қол үзіп қалып отыр. Мамандандырылған жоо-лар саны аз. Жоо-ның басым көпшілігі - көпсалалы университеттер (65 %) және тек 35 %-ы ғана академиялар мен институттар. Жоо құрылымы мен студенттер контингенті құрылымындағы ауытқушылық еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне әкеп соқтыруда.

Жоғары білім мен ғылымның кірігуі жеткіліксіз деңгейде. Жоо ғылыми қызметке емес, білім беру қызметіне ден қойып отыр. ПОҚ-ның педагогикалық жүктемесі жоғары болып отыр (800 сағат, ЭДЫҰ елдерінде - 260 сағат). Осыған байланысты зерттеулерге арналған уақыт шектелген.

Сондай-ақ Қазақстанда зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру инфрақұрылымы дамымаған (барлығы 11 азаматтық жоо-ның (114) 9,9 %-ында ғана коммерцияландыру кеңселері бар). Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік шығыстар ЖІӨ-нің 0,16 %-ын құрайды, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 2,4 %-ы құрайды.

Жоғары білімді қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту үшін білім берудің талап етілетін сапасы мен деңгейін қамтамасыз етпейді. Жоғары білімнің және ел жоо-ның бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі бірқатар факторларға байланысты. Жоо-ны қаржыландыру шынайы баға қалыптастыруды есептегендегі ең төменгі шығыстар деңгейіне сәйкес келмейді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге арналған мемлекеттік шығыстар үлесі ЖІӨ-нің 0,4 %-ын құрайды. ЕО елдерінде осы көрсеткіш 2,2 %-ды құрайды.

Материалдық-техникалық, оқыту-зертханалық және ғылыми база әлсіз. Жоо-ны мемлекеттік қаржыландырудың негізгі көзі студенттік грант болып табылады. Жоғары білім беруге арналған мемлекеттік шығыстардың 94 %-ын мемлекеттік оқыту тапсырысы құрайды. 6 %-ы - өзге де, оның ішінде материалдық-техникалық базаны қолдауға арналған шығыстар. Осы мақсаттарды бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландыру мардымсыз. Жоо-ның инфрақұрылымы қатты ескірген. Студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі жалпы алғанда 65 %-ды құрайды. Жатақханаға мұқтаждардың ең көп саны Алматыда - 21,3 мың, Астанада - 10,1 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында - 7,6 мың, Ақтөбе облысында - 5,4 мың, Жамбыл облысында - 5,5 мың, Қарағанды облысында - 4,2 мың студент.

Экономиканың инновациялық дамуына және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз етуге ықпал ететін жоғары білім сапасына қол жеткізу жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің алдағы үш жылдағы негізгі мақсаты болмақ.

Қамқоршылық кеңестері бар жоо желісін кеңейту жоспарланып отыр. Қамқоршылық кеңестің құзыреті оның мүшелерінің ректорларды тағайындауды шешу, жоо-ның даму стратегиясын бекіту, қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мәселелеріне қатысуы есебінен кеңейтілетін болады.

Осы мақсатта заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер енгізілетін болады.

2014 жылы біліктілікті арттырудың көпдеңгейлі жүйесі әзірленетін болады. Тәжірибені іске асыру барысында менеджерлердің жоғары және орта деңгейдегі жаңа буыны даярланатын болады.

Болашақ кәсіби қызметке бейімділікті анықтауға бағытталған жоо-ға қабылдаудың жаңа жүйесі әзірленетін болады.

Кадрларды еңбек нарығы мен үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың қажеттілігіне сай даярлау үшін жоғары білім мамандықтарының еңбек нарығындағы мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі қамтамасыз етілетін болады. Кәсіби стандарттар негізінде модульдік оқыту бағдарламалары әзірленетін болады.

Білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті кіріктіру үшін ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жүйесі құрылатын болады.

Жоо-ны қаржыландыру жүйесін жетілдіру мақсатында жоо-ны қаржыландырудың көп арналық моделі және жоо-ны қаржыландырудың жаңа критерийлік әдістері әзірленетін болады.
1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

жоо-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мақсатты қаржыландыру бағдарламаларының жоқтығы. Жоғары білім беру жүйесі жеткіліксіз қаржыландырылуда;

жұмыс берушілердің кадрлар даярлауға қатысуының жеткіліксіздігі. Білім берудің төмен сапасы түлектердің еңбек нарығында төмен сұранысқа ие болуына себеп болып отыр. Инновациялық экономика үшін кадрлар даярлауда еңбек нарығы мен жоо жүйесі нақты өзара әрекет етпейді;

кәсіпорындарда кәсіби оқыту мен студенттердің практикасын өткізуге мүмкіндік беретін оқыту орталықтары жоқ;

корпоративтік басқаруды дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы. Қазақстандағы жоо-ны басқарудың орталықтандырылған моделі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз етпейді және халықаралық тәжірибемен үйлестірілмеген;

жоо-ның, оның ішінде мемлекеттік жоо-ның ұйымдастыру-құқықтық нысаны олардың әлеуетін тиімді іске асыруды шектейді. Бұдан басқа, жоғары білім сапасын қамтамасыз етуге стейкхолдерлерді тарту және қоғамдық тетіктер қалыптастырылмаған.

Ішкі факторлар:

жоо-лар қабылдайтын даму стратегиялары бәсекеге қабілеттілікті дамытуға бағытталмаған, мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларының басымдықтары ескерілмеген.

ПОҚ-тың әлеуетін жоғарылатудың жүйелі тәсілі жоқ. Осы бағыттағы жұмыс жүйелендірілмеген, біліктілікті арттыру бағдарламаларын қаржыландыру қамтамасыз етілмейді.

ректорлардың қызметі ашық емес. Жоо басшыларының қызметі көбінесе транспаренттілік және ашықтық қағидаттарына сәйкес келмейді. Жұмыс істеп тұрған ұжымдық басқару органдары формальды сипатқа ие.

 

 


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет