Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі



бет1/95
Дата04.08.2017
өлшемі9,41 Mb.
#22732
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ, СЕМЕЙ Қ.




СБЖ 3 деңгей құжаты

ПОӘК

ПОӘК.042-14-2-06.01.20.68/02-2013




«ЭЛЕКТРОДИНАМИКА ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚТЫҢ АРНАЙЫ ТЕОРИЯСЫ»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


«_6_»_09_ 2013 ж.

_2_ басылым



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«ЭЛЕКТРОДИНАМИКА ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚТЫҢ АРНАЙЫ ТЕОРИЯСЫ» пәні бойынша




05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын


3-курс студенттеріне арналған

Семей, 2013




ПОӘК.042-14-2-06.01.20.68/02-2011


№ 2 баспа 6.09.2011


беттің -ші беті



Мазмұны:

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және зертханалық сабақтар

4 Курстық және рефераттық жұмыстар тізімі

5 Студенттің өздік жұмысы

6 Әдебиеттер тізімі


ПОӘК.042-14-2-06.01.20.68/02-2011


№ 2 баспа 6.09.2011


беттің 3 -ші беті


Пән бойынша глоссарий:
Ампер - ток күшінің Халықаралық бірліктер системасы (СИ) мен электрлік және магниттік системасындағы (МКСА) өлшеу бірлігі.

Ампер заңы – тогы бар өткізгіштің бірлік өлшем ұзындығына магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күш.

Ампер – сағат – электр мөлшерінің жүйеден тыс өлшеу бірлігі.

Био – Савар – Лаплас заңы – электр тогының әсерінен пайда болған магнит өрісінің индукциясын анықтайтын заң.



Ватт – қуаттың СИ системасындағы өлшеу бірлігі.

Ватт – сағат – жұмыстың немесе энергияның өлшеу бірлігі.

Вебер – магнит ағынының СИ системасындағы өлшеу бірлігі.

Видеман – Франц заңы – металдың жылу өткізгіштігі мен электр өткізгіштігінің температураға байланысты қатынасын анықтайтын заң.

Вольт – потенциалдар айырмасының (кернеудің, электр қозғаушы күштің) МКСА системасындағы өлшеу бірлігі

Гаусс – магнит индукциясының абсолюттік СГС (гаусстік) және СГСМ (электромагниттік) системасындағы өлшеу бірлігі.

Генри – индуктивтіліктің және өз ара индуктивтіліктің МКСА системасындағы өлшеу бірлігі.

Гистерезис – ферромагнетиктердің магниттелу процесінің магниттеуші сыртқы өрістен қалып қоюы.

Джоуль - жұмыстың және энергияның МКСА системасы мен Халықаралық бірліктер системасындағы өлшеу бірлігі.

Джоуль – Ленц заңы - өткізгішпен ток жүргенде бөлініп шығатын жылу мөлшерін анықтайтын заң

Диамагнетизм – кейбір заттың сыртқы магниттеуші өріске қарсы магниттелу қасиеті.

Индуктивтілік - электр тізбегіндегі токтың өзгеру жылдамдығы мен сол тізбек құрамындағы өткізгіштерде индукцияланатын ЭҚК арасындағы байланысты сипаттайтын шама.

Кирхгоф ережелері – бірінші ереже – түйінде тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нольге тең.; екінші ереже – тармақталған электр тізбегінің кез келген тұйық контурындағы ток күштерінің ,иток жүретін бөліктердің кедергіліріне көбейтіндісінің алгебралық қосындысы, сол контурдағы ЭҚК дің алгебралық қосындысыны тең.

Кулон - электр мөлшерінің абсолюттік және МКСА системасындағы өлшеу бірлігі.


ПОӘК.042-14-2-06.01.20.68/02-2011


№ 2 баспа 6.09.2011


беттің 4 -ші беті


Парамагнетизм - кейбір заттардың сыртқы магниттеуші өрісінің бағыты бойынша магниттелу қасиеті.

Сегнетоэлектриктер - сыртқы өрістің әсерінсіз – ақ өздігінен поляризацияланатын аймақтары бар және диэлектрик өтімділігі жоғары диэлектриктер

Электростатика деп қозғалмайтын зарядтардың кеңістікте туғызған электр өрістерінің қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімін айтады.

Электр өрісі деп көмегімен кеңістікте зарядтар арасындағы өзара әсерлесу жүзеге асатын материалдық ортаны айтады.

Электр өрісінің кернеулігі деп өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталатын шаманы айтады.

Электр өрісінің потенциалы деп өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясымен анықталатын шаманы айтады.

Электр өрістерінің суперпозиция принциптерінің мәні электр зарядтары жүйесінің қорытқы өрісінің кернеулігі әрбір жеке заряд туғызған өріс кернеуліктерінің векторлық (геометриялық) қосындысына тең болатындығымен байланысты.

Электрлік диполь деп бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан шамалары тең, таңбалары қарама-қарсы екі зарядтың жүйесін айтады.

Электр тогы деп зарядтың қандай да бір бет арқылы өтуін айтады.

Механика - механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және бұл қозғалысты туғызушы немесе өзгертуші себептерді қарастыратын физиканың бөлімі.

Кинематика денелердің қозғалысын осы қозғалысты туғызушы себеппен байланыстырмай зерттейді.

Динамика – денелердің қозғалыс заңдарын және бұл қозғалысты туғызушы немесе өзгертуші себептерді зерттейді.

Материалдық нүкте – берілген есептің шарттарында өлшемдерін есепке алмауға болатын массасы бар дене.

Абсолют қатты дене – ешбір жағдайларда деформацияланбайтын және барлық жағдайларда екі нүктесінің (дәлірек айтса, екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермейтін дене.

Абсолют серпімді соққы – нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысы) сақталатын соққы.

Абсолют серпімсіз соққы нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы) сақталмайды және ол энергияның басқа түріне, мысалы жылулық энергияға ауысады.

Дененің массасы – дененің инерттілігінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.

Күш – денелердің өзара әсерлесуінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.


ПОӘК.042-14-2-06.01.20.68/02-2011


№ 2 баспа 6.09.2011


беттің 5 -ші беті


Қозғалыс траекториясы – қозғалған материалдық нүктенің кеңістікте уақыттың өтуіне байланысты сызатын сызығы.

Дененің импульсі – сан жағынан дененің массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең және бағыты жылдамдықтың бағытымен бірдей векторлық шама.

Молекулалық физика – заттың құрылысы мен қасиеттерін барлық денелер үздіксіз хаосты қозғалыстағы молекулалардан тұрады дегенге негізделген молекулалық – кинетикалық түсініктерді басшылыққа лаып қарастыратын физиканың бөлімі.

Моль – молекулаларының немесе атомдарының саны Авогадро санына (моль) тең зат мөлшері.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет