Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



бет1/4
Дата09.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
#23043
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.126/03- 2014



ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар «Органикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері »



Баспа № 1

күні 11.09 2014ж.






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ»


6М060600 – «Химия» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Семей


2014

Мазмұны

1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

4

3

Зертханалық сабақтар

30

4

Білімалушылардың өздік жұмыстары

32


1 ГЛОССАРИЙ


  1. Алмасу реакциялары - айырылып, бір байланыс түзіп және сол жерге ескі атом тобының орнын жаңасы келіп басу реакциясы.

  2. Қосылу реакциялары – екі атом тобы немесе атом қос байланыстың үзілген жеріне қосылу реакциясы

  3. Бөліп алу реакциялары (элиминдеу) –екі σ – байланысын бір π - байланысымен ауыстыру

  4. Ациклді қосылыстар – ашық көмірсутегі тізбегі күйіндегі заттар.

  5. Карбоциклді қосылыстар – көмірсутегі атомдарының сақиналы тізбек күйіндегі қосылыстар.

  6. Көмірсутек қаңқасы – көміртегі атомдарының тізбегі

  7. Қаныққан көмірсулар - сутегіге бай, сутегі және галоген атомдарын қосып ала алмайды.

  8. Қанықпаған көмірсутектер - қосып алуға бейім.

  9. Изомермолекулалық массасы және құрамы бірдей, бірақ физикалық және химиялық қасиеттері әртүрлі заттар

  10. Гидрлеу – сутегінің қосылуы

  11. Дегидрлеу – сутегігің бөлінуі

  12. Галогендеу –галогенді қосу

  13. Дегалогендеу – галогенді бөліп алу

  14. Гидрогалогендеу –галогенсутегін қосу

  15. Дегидрогалогендеу–галогенсутегін бөліп алу

  16. Гидратация –суды қосу

  17. Дегидратация – суды бөліп алу

  18. Карбоксилдеу –СО2 қосу

  19. Декарбоксилдеу –СО2 бөліп алу

  20. Полимеризация - қос байланыс үзілгенде бір молекулаға екішнші бір молекуланың келіп қосылуы.


2 ДӘРІСТЕР
Микромодуль 1 – Кіріспе
Дәріс 1 – Органикалық құрылыс теориясының қазіргі күйі.

Дәріс жоспары:



  1. Химиялық құрылыс теориясы

  2. Химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары

  3. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының дамуы мен маңызы

ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы. О. х-ның органик. заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және хим. реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. О. х. терминін алғаш 1808 ж. швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді. 19 ғ-дың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органик. қосылыстар синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. О. х-ның ғылым ретінде дамуы осы кезден басталады. О. х-ның дамуында 1861 ж. А.Бутлеров ашқан органик. заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады. Осыған байланысты О. х-ға химиялық байланыс, молекулада атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т.б. жаңа ұғымдар енді. Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келген изомерия құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т.б. көптеген жаңалықтар О. х-ны одан әрі дамытты. 20 ғ-дың басында талдаудың жаңа физ. әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматогр., ЭПР, рентген, құрылымдық талдау, масс-спектроскопия, ядр.-магн. резонанс, инфрақызыл- және ультракүлгін-спектрометриясы, т.б. Бұл әдістер хим. әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органик. заттардың құрылымын тез және дәл анықтау мүмкіндігін берді. 1915 – 16 ж. химияға кванттық механика әдістерін қолдануға байланысты органик. қосылыстарда электрон және оның тығыздығының таралу табиғатын түсінуге мүмкіндік туды (мезомерия және резонанс теориясы). 20 ғ-дың 2-жартысында тізбекті реакциялар теориясы,  қышқыл-негіз және гетерогендік катализ теорияларын түсінуге жол салған зерттеудің кенетик. әдістері қолданыла бастады. Әсіресе сұйық отын тапшылығы туғанда Бергиус реакциясы арқылы көмірді сұйық көмір сутектерге гидрлеу орын алды (1912 – 13). Полимерлер химиясы кең өріс ала бастады. 1897 – 99 ж. полимерлеу нәтижесінде каучук, медицина мен техникада қолданылып жүрген бластомерлер алынды. Ал 1936 ж. синтетик. полимерлер найлон, тефлон синтезделді. Полимерлер хи-миясы жоғары молекулалы қосылыстар деп аталатын химияның үлкен бір саласына айналды. О. х-да бояулар химиясы ерекше орын алады. Бұл саланың дамуында неміс химик-органигі А.Гофман (1818 – 1892) лаб-ның еңбектері зор болды. 1856 ж. ең алғашқы синтет. бояғыш – мовеин, ал 1858 ж. фуксин алынды. Бояғыш заттар фотогр. ісінде кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда О. х. өткен ғ-дың 30-жылдарынан дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар: А.Ш. Шәріпханов, И.Н. Назаров, И.Н. Азербаев, Т.І. Шомбалов, Н.Н. Воронцов болды. Олар өз зерттеулерін екі бағытта жүргізді: жаңа органик. заттар синтездеу және Қазақстан өсімдіктерінің хим. құрамын зерттеу. Зерттеулердің мақсаты синтез жолымен және өсімдіктер дүниесі негізінде дәрілік, биол. белсенді заттар алу. Қазақстанның органик ғалымдары гетероциклді және ацетилен қосылыстары негізінде нәзік органик. синтезді жүзеге асырып, дәрілік препараттар “Рихлокаин”, “Алмакаин”, “Цефедрин”, “Пирикаин”, “Просидол”, өсімдік тектес препараттар “Алхидин”, “Рамон”, “Сүттіген”, т.б. синтездеп, өндіріске енгізді. О. х. басқа пәндермен (биохимия, агрохимия, медицина, т.б.) тығыз байланысты. Ол тірі организмдердегі биохим. процестерді анықтап, көптеген ауруларды емдеудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. О. х-ның жетістіктері қазіргі кездегі өндірісте (өсімдік өсуін реттеуіштер, бояу, жасанды каучук, жанармай өндіру) кеңінен қолданылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет