Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті



бет3/12
Дата31.12.2019
өлшемі2,29 Mb.
#54334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12





П О Р Я Д ОК



проведения строевого смотра личного состава

МВД Республики Казахстан
Дата проведения: 20 апреля 2012 года

Время: с 11.00 до 12.00 час.

Место проведения: плац МВД

Порядок построения: развернутый строй в линию взводных колон.

Форма одежды: летняя повседневная вне строя.

Цель смотра: проверка внешнего вида сотрудников, определение строевой подготовки, слаженности подразделений МВД.


Действия руководителя проводящего строевой смотр

Действия командиров и личного состава

1

2

Заместитель начальника ДКР полковник полиции Каратаев С.К.

подаёт команду: «Становись!»

Руководитель строевого смотра выходит к месту построения и направляется к середине строя.
После подачи команды для встречи

Руководитель прикладывает руку к головному убору и выдвигается на встречу.


Приняв рапорт,

Руководитель здоровается с личным составом:

«СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ МЫРЗАЛАР»
Руководитель командует:

«К строевому смотру приступить».


Полковник полиции Каратаев С.К. подаёт команды:

Первая шеренга на 16, вторая на 14 …. шагом-МАРШ, Первая, третья …. кру-ГОМ.


Ответственные офицеры

«К строевому смотру приступить».


После окончания смотра:

Вторая, четвертая .... кру-ГОМ, на свои места шагом-МАРШ.



«РАВНЯЙСЬ, СМИРНО, равнение на-СЕРЕДИНУ» докладывает руководителю: «Господин генерал-майор строевой смотр лич­ного состава министерства проведен.
Руководитель приняв доклад, дает команду «Вольно», после того, подводит итоги строевого смотра и указывает сроки для устранения недостатков.
Полковник полиции Каратаев С.К. подает команду: «СМИРНО. К торжественному маршу, по подразделениям, первое подразделение прямо, остальные напра-ВО». «Равнение направо, шагом-МАРШ».

Руководители выстраивают личный состав в развернутый строй - линию взводных колонн (интервал между подразделениями два шага). Оркестр становится в отдельно отведенном месте.
С приближением Руководителя на 40-50 шагов полковник полиции Каратаев С.К. командует: «РАВНЯЙСЬ, СМИРНО, равнение на-ПРАВО» строевым шагом подходит к Руководителю и докладывает:

«Господин генерал-майор, лич­ный состав МВД для проведения строевого смотра построен.

Личный состав отвечает:

«САУЛЫҚ ТІЛЕЙМІЗ ГЕНЕРАЛ МЫРЗА»

Личный состав выполняет команды.

Ответственные офицеры ДКР проводят строевой смотр.


Личный состав выполняет команды.

полковник полиции Каратаев С.К. дублирует команду «Вольно».

Руководители подразделений принимают к сведению выявленные недостатки.



Личный состав МВД проходит торжественным маршем.


Қазақстан Республикасы ІІМ-нің

жеке құрамымен саптық байқау өткізу

ТӘРТІБІ
Өткізу күні: 2012 жылғы 20 сәуір

Уақыты: сағат 11.00 ден 12.00-ге дейін.

Өткізу орны: ІІМ-нің плацы

Сапқа тұру: взводтық лектер сызығына өрістетілген сапқа тұру.

Киім нысаны: күнделікті жазғы саптан тыс.

Байқау мақсаты: Қызметкерлердің сырт келбетін тексеру, ІІМ бөліністерінің саптық дайындығын, жинақылығын анықтау.


Саптық байқауды өткізетін басшының іс-әрекеті

Командирлер мен жеке құрамның іс-әрекеті

1

2

КЖД бастығының орынбасары полиция полковнигі С. Қаратаев: «Сапқа тұр!» деп команда береді.

Саптық байқаудың басшысы жеке құрам алдына шығып, саптың ортасына қарай беттейді.

Қарсы алу үшін берілген командадан кейін

Басшы қолын бас киіміне апарып, алға қарай жүреді.


Баяндауды қабылдағаннан кейін Басшы жеке құраммен сәлемдеседі:

«СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, МЫРЗАЛАР»
Басшы «Саптық байқауға кірісіңіз» деп команда береді.
полиция полковнигі Р.Құрымбаевтың жеке құрамға беретін командалары:

Бірінші қатар 16, екінші 14 .... адым-БАС. Бірінші, үшінші ..... артқа-БҰРЫЛ.


Жауапты офицерлер саптық байқауға кірісіңіз.
Байқау аяқталғаннан кейін: Екінші, төртінші ..... артқа-БҰРЫЛ, өз орындарыңызға адым-БАС.
«ТҮЗЕЛ, ТІК ТҰР, Назар орта-Ға», Басшыға баяндайды:

«генерал-майор мырза, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы саптық байқаудан өткізілді.


Басшы «ЕРКІН ТҰР» деп команда береді, одан кейін саптық байқауды қорытындылайды және кемшіліктерді жою мерзімін белгілейді.
полиция полковнигі С. Қаратаев команда береді: «ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, бөлініс бойынша, бірінші бөлініс тура, қалғандары оң-Ға». «Назар оң-ҒА, адым-БАС»

Басшылар жеке құрамды өрістетілген сапқа тұрғызады – взводтық лектер сызығына (бөліністер аралығы екі адым). Оркестр белгіленген орында жеке тұрады.
Басшы 40-50 адымға жақындағанда полиция полковнигі С. Қаратаев сапқа: «ТҮЗЕЛ, ТІК ТҰР, назар оңға (солға)» деп команда береді.

Басшыға саптық адыммен жақындап:

«генерал-майор мырза, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы саптық байқауға тұрғызылды» деп баяндайды.
Жеке құрамның жауабы: «СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ГЕНЕРАЛ МЫРЗА»

Жеке құрам команданы орындайды.

КЖД жауапты офицерлері саптық байқауға кіріседі.
Жеке құрам команданы орындайды.


полиция полковнигі С. Қаратаев

«ЕРКІН ТҰР» командасын қайталайды.

Бөлініс басшылары кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.

Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы салтанатты шерумен өтеді.



1-тапсырма: Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз.


Жарғы

строй, команда, строевой шаг, походный шаг, устав

Саптық дайындық


торжественный парад, строевая подготовка, команда, дистанция, команда

Саптық байқау

строевой шаг, походный шаг, устав, команда, строевой смотр

Арақашықтық

устав, торжественный парад, строй, команда, дистанция, строевая подготовка

Пәрмен

команда, дистанция, строевая подготовка,

походный шаг, устав




2-тапсырма: Берілген сөздер мен тіркестерге ілік септіктің жалғауын жалғаңыз.

Жарғы, басшы, сап, дайындық, саптық байқау, арақашықтық, пәрмен.

Аббревиатуралардың жазылуы

(қысқарған сөздер)
Есте сақтаңыз:
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді.

Мысалы: Ішкі істер министрлігі деген ІІМ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы деген ТМД, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген БҰҰ болып, қысқартылып жазылады.

Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.

Күрделі атаулар әртүрлі жолдармен қысқартылады.

– күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады:


Мысалы:
ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ҚР ҚМ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР ӘдМ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

КПККриминалдық полиция комитеті

ТКТергеу комитеті

ІІДІшкі істер департаменті

ТБТергеу басқармасы және т.б.

Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады.

Мысалы: ІІМ-нің, (Ішкі істер министрлігінің),

МТАД-тан (Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінен);

ГАЗ, ВАЗ, УАЗ, ТУ тәрізді техника түрлерінің (машина, трактор, ұшақ т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады.

Мысалы: ТУ-154-пен ұшып кетті.

Әртүрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм), т (тонна), га (гектар), т.б. (тағы басқа) тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.
3-тапсырма: Қызмет бабында қандай қысқарған сөздерді жиі қолданасыз? Оларды қазақша жазыңыз, әрі толық айтып жаттығыңыз.

8 – С А Б А Қ
ӨМІРБАЯН
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіппен баяндалатын құжат. Өмірбаян, әдетте, оқуға түсерде, қызметке орналасу кезінде жазылады.
1-тапсырма: Өмірбаян үлгісімен танысыңыз.
Өмірбаян
Мен, Меруерт Асқарқызы Омарова, Алматы қаласында 1977 жылы 15 қаңтарда дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгергенмін. Қазақстан Республикасының азаматшасымын.

Білімім – жоғары. 1985-1995 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №35 орта мектепті бітірдім.

1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1999 жылы бітірдім.

1999-2003 жылдар аралығында Алматы қаласы Жанкелді ауданының ІІБ-те тергеуші болып қызмет еттім.

2003 жылдың 7 наурызынан бастап, отбасы жағдайыма байланысты, өз қалауым бойынша жұмыстан босатылдым.

2003 жылдың 17 наурызынан бастап, Астана қаласы Сарыарқа ауданының ПБ-те тергеуші болып қызмет етемін.

Тұрмыстамын.

Күйеуім – Данияр Төлегенұлы Оспанов, 1974 жылдың 7 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге келген. Астана қаласының №4 емханасында терапевт-дәрігер болып жұмыс істейді.

Ұлым – Бектемір Даниярұлы Төлегенов, 2002 жылы туған, Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің 2 сыныбында оқиды.

Әкем – Асқар Сағындықұлы Омаров, 1952 жылы туған, Алматы облысында құрылыс басқармасының бастығы.

Анам – Маржан Әміржанқызы Әшімова, 1954 жылы туған, Алматы қалалық ауруханасында бас хирург болып жұмыс істейді.

Ағам – Әмір Асқарұлы Омаров, 1975 жылы туған, Астана қаласында «Қазмұнайгаз» ЖАҚ-та (Жабық акционерлік қоғам) жетекші менеджер.

Мен және менің жақын туыстарым қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Шетелде жақын туыстарым тұрмайды.

Мекенжайым: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 18-ші үй, 43-ші пәтер.

Үй телефоны: 72-35-77;

Ұялы телефоным: 8-702- 524-54-29


Ескертпе. Өмірбаянды үміткер өз қолымен еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады.
Төмендегі мәліметтерді есте сақтаңыз


Білімі

жоғары

аяқталмаған жоғары

орта

орта арнаулы



Әскери қызметке қатысы

әскери қызметке міндетті

әскери қызметке міндетті емес



Отбасы жағдайы

тұрмыста (тұрмысқа шыққан)

тұрмыста емес (тұрмысқа шықпаған)

үйленген

үйленбеген

ажырасқан


Қосымша мәліметтер

спортпен айналысу

курстар бітіру

ағылшын тілінде еркін (аздап сөйлей білу)

сөйлей алу

көлікті басқара алу

орыс тілінен қазақ тіліне аудара алу

ісқағаздарын жүргізе алу

компьютер бағдарламаларын білу




Сөздік
Үміткер – кандидат

Мәлімет – сведение

Тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары – меры дисциплинарного, материального, общественного воздействия

Әскери міндеттілікке қатысы – отношение к воинской обязанности

Лауазым – должность

Дерек – сведения, данные, факты;

1) сандық деректері – цифpовые данные;

дерекке сүйену – опиpаться на факты;

2) известие, весть;

одан ешбіp дерек жоқ – от него нет никаких вестей

Туысқандық дәрежесі – степень родства

Әскери атағы – воинское звание

Вооруженные силы – Қарулы күштер

Некені бұзу туралы куәлік – свидетельство о расторжении брака

Бұрынғы анықталған деректер – прежние установочные данные

Шетел азаматтығы – иностранное гражданство



Қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту – привлечение к уголовной или административной ответственности
2-тапсырма: «Жыл» сөзінің дұрыс қолданылуын есте сақтаңыз.
2007 жылы Алматы облысы бойынша 300-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

2008 жылы Атырау облысының Ішкі істер департаментінде 425 қылмыстық іс тоқтатылды.

2005 жылы 21 шілдеде Қанат Асылұлы Қалиев Қарағанды қаласының ІІБ Михайлов ПБ-ның ақпараттық-техникалық қызмет тобына жұмысқа қабылданды.

2009 жылдың 21 қаңтарында Жамбыл облысының ІІД КПБ бастығы тағайындалды.

2010 жылдың 5 сәуірінде Қостанай қаласының ІІБ-ке азамат Д.М. Сағындықовтың арызы келіп түсті.

2000-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласының ІІБ учаскелік полиция қызметкері болып қызмет атқарды.

2003-2005 жылдар аралығында ол Павлодар қаласы Октябрь ауданының ІІБ Жаңа Майқұдық ПБ ТБ-да тергеуші болды.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Теміртау қаласының ІІБ Ескіқалалық ПБ КПБ-ның жедел уәкілі қызметін атқарады.

1997 жылдан 2004 жылға дейін Ақ қайың ауданының ІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2008 жылдан бері Нұра ауданының ІІБ Теңіз КПБ-да анықтаушы болып жұмыс істеді.

2009 жылдан бері Байзақ ауданының ІІБ аға инспекторы болып қызмет етті.
Ескертпе. Ресми іс жүргізу мәтінінде жыл және жылдар сөздері толық жазылады және оларды қысқартуға болмайды.
3-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.


  1. Султанов Аскар Омарович родился 29 июня 1970 года в селе Казахстан Енбекшиказахского района Алматинской области.

  2. В 1995 года окончил юридический факультет Алматинского государственного университета.

  3. С сентября 1998 года – заместитель директора, а с 1999 года директор Института права и государственной службы КазГЮА.

  4. С 2002 года по 2006 года был заместителем прокурора Алматинской области.


4-тапсырма: Жоғарыда көрсетілген үлгіні басшылыққа ала отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
5-тапсырма: Шартты қысқартуларды есте сақтаңыз.


ІІБішкі істер басқармасы

УВД – управление внутренних дел

ІІБішкі істер бөлімі

ОВД – отдел внутренних дел

ПБполиция бөлімі

ОП – отдел полиции

КПБкенттік полиция бөлімі

ПОП – поселковый отдел полиции


6-тапсырма: «Менің қызметім» тақырыбына эссе жазыңыз.
Аралық бақылау

9 – С А Б А Қ
ӨТІНІШ, АРЫЗ, ШАҒЫМ
Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде анықталған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Арыз (өтініш, кейде шағым). Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.
І. ҮЛГІ
Павлодар қаласының ІІБ

Орталық ПБ бастығы

полиция майоры

Д.Ж. Сағындықовқа

Руслан Каримовтан,

11.03.1948 жылы туған,

Мекенжайы: Павладар

қаласы, Ленин көшесі, 19-үй,

55-пәтер; зейнеткер,

үй тел.: 53-48-03

ұялы тел.: 8-702-36-01-16

А Р Ы З
Сізден 2007 жылдың 02-24 желтоқсаны аралығында Павлодар қаласы, № 35 үйдің ауласында орналасқан гараждың есігін бұзып, мемлекеттік нөмірі М 403 MWT, түсі көк, 2003 жылы шығарылған «ВАЗ-21099» автокөлігімді жасырын ұрлап кеткен белгісіз адамға шара қолдануыңызды сұраймын. Маған келтірілген зиян елеулі.
Арыз өз қолыммен жазылды. Қолы Күні, айы, жылы: 24.12.2007ж.

Мен қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген жағдайда, ҚР ҚК-нің 351-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілдім.

Қолы


175-бап. Ұрлық

ІІ. ҮЛГІ
Көкшетау қаласы

ІІБ-нің бастығы

полиция подполковнигі

А.Ж. Бейсенбековке

Майра Оралқызы Ахметовадан

11.02.1947 жылы туған,

Мекенжайы: Көкшетау қаласы,

Әуезов көшесі, 14-үй, 28-пәтер,

КМУ-дың аға оқытушысы,

үй тел.: 44-25-96

ұялы тел.: 8-777-258-25-98
А Р Ы З
Сізден 19.12.2007 жылы сағат 21.15-те Көкшетау қаласы, Абай көшесіндегі «Ласточка» аялдамасында құны 18000 теңге тұратын, нөмірі 87023732525, «Самсунг» ұялы телефонымды ашық түрде иеленген екі белгісіз адамға шара қолдануыңызды сұраймын. Маған келтірілген зиян елеулі.

Мен қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген жағдайда, ҚР ҚК-нің 35-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілдім.
Арыз өз қолыммен жазылды. Қолы Күні, айы, жылы: 19.12.2007ж.
Қолы
178-бап. Тонау

ІІІ. ҮЛГІ
Петропавл қаласының

ІІБ бастығы

полиция полковнигі

Б.Қ. Құсайыновқа

Айдос Жандосұлы Әлиевтен,

15.25.1975 жылы туған,

Мекенжайы: Петропавл

қаласы, Терешкова көшесі,

25-үй, 42-пәтер,

«Альянс банк» директорының орынбасары,

үй тел.: 33 -98-74

ұялы тел.: 8-700-587-25-85
А Р Ы З
Сізден, 11.11.2007 жылы сағат 14.00 шамасында Петропавл қаласы, Н.Төлепов көшесі, № 2 үйдің ауласында тұрған «Мерседес» маркалы, м/н М 154 ВРН, құны 25000 АҚШ доллары тұратын меншікті автокөлігімді айдап кеткен белгісіз адамға шара қолдануыңызды сұраймын. Маған келтірілген зиян елеулі.

Арыз өз қолыммен жазылды. Қолы Күні, айы, жылы: 11.11.2007ж.
Мен қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген жағдайда, ҚР ҚК-нің 35-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілдім.

Қолы
185-бап. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, заңсыз иелену.


1-тапсырма: Қазақстан Республикасының әртүрлі баптары бойынша, өз салаңызға қатысты бір арызды қазақ тілінде толтырыңыз.
2-тапсырма: Мына сөздерді тәуелдеңіз, септеңіз.

Өтініш, арыз, шағым.
10 – С А Б А Қ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Мемлекеттік тіл қызметі
Ішкі істер органдарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және Үкіметтің мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты басқа да қаулыларын жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар жүйелі жалғасын табуда.

Мемлекетік тіл және ақпарат департаментінің Тіл басқармасында «Редакциялық сараптама және ілеспе аударма», «Мемлекеттік тіл» бөлімдері жұмыс істейді.

Мемлекеттік тіл бөлімі ІІО қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқыту, мемлекеттік тілдегі іс жүргізуді бақылау, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстарымен айналысады.

Еліміздің ішкі істер органдарында қазақ тілін оқып-үйрену төңірегінде бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Осыған орай, бүгінгі күні барлық ішкі істер органдарында қызметкерлердің мемлекеттік тілді еркін және тегін оқуына толық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі күні республика бойынша 42 қазақ тілі кабинеті бар. Олар этнографиялық бұрыштармен, қазіргі заман талабына сай көрнекі және техникалық құралдармен жабдықталған.

ІІМ-нің орталық аппараты мен аумақтық ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту саласында әртүрлі іс-шаралар (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, конкурстар, тағылымдамалар және т.б.) өткізілуде. Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Мемлекеттік тілді оқыту», «Мемлекеттік қызметтегі аударма ісі» атты курстар ұйымдастырылып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет