Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



бет1/7
Дата02.07.2018
өлшемі0,8 Mb.
#45739
  1   2   3   4   5   6   7




Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі
Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті
Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

2016-2020 жылдардағы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕРЕЙТОЙЛАР ЖӘНЕ АТАУЛЫ КҮНДЕР ТІЗБЕСІ

Алматы

2015
Мазмұны


Алғысөз


3

2016 жыл


4

2017 жыл


18

2018 жыл


32

2019 жыл


45

2020 жыл


54

Қысқартылған сөздер


65

Есімдер көрсеткіші


66

Маңызды оқиғалар көрсеткіші


76

Географиялық көрсеткіш

77


АЛҒЫСӨЗ
2016-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының мерейтойлар мен атаулы күндер тізбесіне (бұдан әрі – Күнтізбе) республикалық деңгейде аталып өтілетін жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндері, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, мәдениетінің өркендеуіне аса зор үлес қосқан жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың, мәдениет пен өнер майталмандарының, саяси қайраткерлердің мерейтойлары және атаулы күндері енгізілген.

Күнтізбе Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарында сақталған Ұлттық мұрағат қорының құжаттары негізінде құрастырылды.

Күнтізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі «Мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өту жөніндегі» № 1465 қаулысына сәйкес жасалған.

Күнтізбенің мақсаты – Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жұртшылыққа насихаттау, мұрағат материалдарын ғылыми-зерттеу, ағартушылық және оқу тәрбиелік жұмыстарында кеңінен пайдалану болып табылады.

Күнтізбе хронологиялық тәртіппен құрылған. Күнтізбе бір жылдың шеңберінде екі бөлімнен тұрады: біріншісінде уақыты нақты белгіленген, оқиғаның (айы, күні бойынша) хронологиялық тәртібі негізінде құрылған мағлұматтар болса, екіншісінде – жылы ғана белгіленген оқиғалар көрсетілген.

«Іздестіру мағлұматтары» бағанында күнтізбе беттеріндегі мағлұматтар алынған мемлекеттік мұрағаттардың атаулары, мұрағаттық қорлардың нөмірі көрсетілген.

Күнтізбе кіріспе, қысқартылған сөздер, есімдер, маңызды оқиғалар, географиялық атаулар көрсеткіштері сияқты ғылыми-анықтамалық аппаратпен қамтамасыз етілген.

Күнтізбеден алынған деректер мәдени-ағартушылық мекемелері мен қоғамдық бірлестіктерде, жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулер, ғылыми конференциялар, көрмелер т.б. әртүрлі іс-шараларды өткізу барысында пайдалануға арналған.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт

министрінің

2015 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 395 бұйрығымен бекітілген

2016-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының

мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі



Оқиға күні

Оқиғаның атауы

2016 жыл

Іздестіру

мағлұматтары











1946 жыл

1 қаңтар

Кинорежиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Александр Федорович Головинскийдің туғанына 70 жыл


Алматы қ. ОММ,

КФҚ

1916 жыл

15 қаңтар

Ғалым, текстолог, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, КСРО Журналистер одағының мүшесі, КСРО және ҚазКСР ағарту ісінің үздігі, алғашқы ҚазКСР Мемлекеттік гимні авторларының бірі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл


1. ҚР ОММ,

2196 қор;

2. Шығыс Қазақстан обл. ҚЗТҚО,

1574 қор.

1936 жыл

22 қаңтар


Кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Алиевич Беляловтың туғанына 80 жыл



ҚР ОМКДЖМ

1926 жыл

10 ақпан


ҚазКСР мәдениет саласына еңбек сіңірген қызметкер, Маңғыстау аудандық халық театрының негізін қалаушы Нұретдин Ермұханұлы Мұхамбетжановтың туғанына 90 жыл


Маңғыстау ауд.

ММ,

53 қор


1916 жыл

23 ақпан


ҰОС ардагері, Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Ботабай Садықовтың туғанына 100 жыл


Оңтүстік Қазақстан обл. ММ,

296 қор

1916 жыл

25 ақпан


ҰОС ардагері, Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Каукен Кенжетайұлы Кенжетаевтың туғанына 100 жыл


1. ҚР ОММ,

1903 қор;

2. Алматы қ.

ОММ,

416 қор;

3. ҚР ОМКДЖМ

1926 жыл

28 ақпан

ҰОС ардагері, «Ақмола қаласына 150 жыл» төсбелгісі мен құрмет грамоталарының иегері Василий Федорович Фирсовтың туғанына 90 жыл


Астана қ. ММ,

512 қор

1956 жыл

3 наурыз

Әнші, ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасының иегері Қаракөз Ақжігітқызы Ақдәулетованың туғанына 60 жыл


Қызылорда обл. ММ,

898 қор

1916 жыл

9 наурыз

Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» және І дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Иван Федорович Махориннің туғанына 100 жыл

1. Қарағанды обл. ММ,

724 қор;

2. Атырау обл. ММ,

210 қор.


1916 жыл

14 наурыз


Қазақстан Республикасының халық әртісі Мүсілім Мүкімұлы Абдуллиннің туғанына 100 жыл



ҚР ОМКДЖМ

1916 жыл

14 наурыз


Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО халық әртісі, «Октябрь Революциясы» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен медальдардың иегері Ришат Мүкімұлы Абдуллиннің туғанына 100 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1866 жыл

25 наурыз


«Алаш» партиясының басшысы, ғалым және қоғам қайраткері, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл

1. ҚР ПМ,

141, 718 қорлар;

2. Шығыс Қазақстан обл. ҚЗТҚО,

48, 37 қорлар;

3. Қарағанды

обл. ММ,

1558 қор.


1946 жыл

25 наурыз


Күйші-домбырашы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» ордені мен медальдардың иегері Қаршымбай (Қаршыға) Ахмедиярұлы Ахмедияровтың туғанына 70 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1916 жыл

30 наурыз

ҰОС ардагері, жазушы, прозаист, І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Василий Федорович Ванюшиннің туғанына 100 жыл


ҚР ОММ,

1927 қор

1926 жыл

30 наурыз

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 90 жыл

Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықт. 2-ші бас.– Алматы: Арыс, 2010. – 580 б. + 32 б. түрлі түсті суретті жапсырма.

539 бетте


1916 жыл

наурыз

Еңбек ардагері, «Ленин», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Сәндіғали Құсайынұлы Құсайыновтың туғанына 100 жыл


Ақтөбе обл. ММ,

294 қор


1946 жыл

15 сәуір

Ақын, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Жыл адамы – Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, Франц Кафка атындағы алтын медальдің иегері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің туғанына 70 жыл


1. Алматы қ. ОММ,

КФҚ;

2. ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

24 сәуір


Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділұлы Жұмаділовтің туғанына 80 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1946 жыл

25 сәуір


Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Күләш Ділдәқызы Ахметованың туғанына 70 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1916 жыл

1 мамыр


Кинорежиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі», «Октябрь Революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Отан» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Ораз Әбішұлы Әбішевтің туғанына 100 жыл


1. ҚР ОММ,

2024 қор;

2. ҚР ОМКДЖМ


1936 жыл

6 мамыр


Жазушы, композитор, журналист, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Дәнекер» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Ілия Жақановтың туғанына 80 жыл


1. ҚР ОМКДЖМ;

2. ҚР ҰМ,

171 қор.

1916 жыл

8 мамыр

ҰОС ардагері, Кеңес Одағының Батыры, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» және «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Хамит Қожабергенұлы Көбіковтің туғанына 100 жыл

Герои Социалистичес-кого Труда – казахстанцы.

Т. 1. – Алма-Ата: Казахстан, 1970. – 595 с.

С. 377-378


1926 жыл

10 мамыр


Композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәкәлім Қойшыбайұлы Қойшыбаевтың туғанына 90 жыл


ҚР ОММ,

1713 қор


1936 жыл

18 мамыр


Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы», І дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендері, Азербайжан Республикасының «Шухрат», Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Франция және Ресей Федерациясының «Достық» ордендері мен бірқатар медальдарының иегері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың туғанына 80 жыл


1. ҚР ПМ,

5-н қор;

2. ҚР ОММ,

2225 қор;

3.ҚР ОМКДЖМ;

4. Қарағанды обл. ММ,

1558 қор.

1946 жыл

21 мамыр


Тарихшы, мұрағатшы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 70 жыл


ҚР ОММ,

2222 қор


1916 жыл

22 мамыр


ҚазКСР халық әртісі, Ұйғыр музыкалық драма театрының әртісі Мариям Тохтаханқызы Семятованың туғанына 100 жыл


ҚР ОММ,

1748 қор


1926 жыл

1 маусым

Суретші, ҰОС ардагері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық және республикалық көрмелердің лауреаты Юрий Самуилович Шнейдерманның туғанына 90 жыл


Алматы қ. ОММ,

641 қор

1936 жыл

10 маусым

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Закаш Камалиденұлы Камалиденовтың туғанына 80 жыл


Атырау обл. ММ,

193 қор

1891 жыл

14 маусым


Ғалым, балалар жазушысы Александр Мелентьевич Волковтың туғанына 125 жыл

Шығыс Қазақстан обл. ММ,

456 қор


1926 жыл

26 маусым

Мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО және ҚазКСР білім беру ісінің үздігі Қожахмет Балахметұлы Балахметовтың туғанына 90 жыл


Астана қ. ММ,

527 қор

1936 жыл

1 шілде


ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Аңшыбаевтың туғанына 80 жыл


Мақат ауд. ММ,

119 қор

1926 жыл

4 шілде


Опера әншісі, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, профессор, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Октябрь Революциясы», «Отан», екі мәрте «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 90 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1916 жыл

16 шілде


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Хабиба Қарақбайқызы Елебекованың туғанына 100 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

19 шілде


Әнші, ҚазКСР халық әртісі, «Парасат» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Гүлвира Тұрсынқызы Разиеваның туғанына 80 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1946 жыл

27 шілде

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, КСРО еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы, КСРО ғарышкер-ұшқышы, Қазақстан Республикасының ғарышкер-ұшқышы, авиация генерал-майоры, техника ғылымының докторы, профессор, «Отан», «Құрмет Белгісі», «Ленин», «Октябрь Революциясы» және екі мәрте Австрия Республикасының «Алтын Крест» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың туғанына 70 жыл


1. ҚР ПМ,

7 қор;

2. ҚР ОМКДЖМ;

3. Қарағанды обл. ММ,

1608 қор.

1936 жыл

1 тамыз


Геолог, мұнайшы, КСРО және Қазақстан Республикасының жер қойнауларын үздік барлаушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, «Құрмет Белгісі» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Болат Өтебаевтың туғанына 80 жыл


ҚР ОММ,

2322 қор


1841 жыл

2 тамыз

Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлының туғанына 175 жыл


Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықт. 2-ші бас.– Алматы: Арыс, 2010. – 580 б. + 32 б. түрлі түсті суретті жапсырма.

399 бетте


1916 жыл

6 тамыз

ҰОС ардагері, Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалінің иегері Петр Данилович Дутовтың туғанына 100 жыл

Герои Советского Союза – казахстанцы.

Т.1 - Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 475 с.

С. 17


1946 жыл

7 тамыз


Киноактер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» ордені мен «Қажырлы еңбегі үшін В.И. Лениннің туғанына 100 жыл мерейтойы құрметіне» медалінің иегері Меңтай Смағұлұлы Өтепбергеновтің туғанына 70 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

25 тамыз


Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Марфуға Ғалиқызы Айтқожинаның туғанына 80 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1946 жыл

7 қыркүйек

Өлкетанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Парасат» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Владимир Николаевич Проскуриннің туғанына 70 жыл


Алматы қ. ОММ,

360 қор

1926 жыл

10 қыркүйек

Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Шаймұхамбет Сапиевтің туғанына 90 жыл



Талдықорған қ. ММ,

4 қор

1936 жыл

11 қыркүйек


Ғалым, балалар хирургі, Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының Вице-президенті, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Алтын адам» атағы, «Парасат» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Камал Саруарұлы Ормантаевтың туғанына 80 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1841 жыл

26 қыркүйек

Ғалым, өлкетанушы, Ресей география қоғамы медалінің иегері Евгений Петрович Михаэлистің туғанына 175 жыл

Шығыс Қазақстан обл. ММ,

50, 1070 қорлар


1926 жыл

2 қазан


Кинорежиссер, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орта Азия мен Қазақстан кинематографияшыларының байқауы мен Канн қаласында өткен халықаралық кинофестиваль диплом-дарының және Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі күміс медалінің иегері Абдулла (Абдолла) Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

4 қазан


Ғалым, қоғам қайраткері, физика математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ҒА академигі, КСРО мемлекеттік сыйлығы, ҚазКСР мемлекеттік сыйлығы және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендері мен ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасының иегері Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 80 жыл



ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

5 қазан



Социалистік Еңбек Ері, көрнекті ауыл шаруашылық қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», «Парасат» және екі мәрте «Ленин» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның туғанына 80 жыл


Талдықорған қ. ММ,

4 қор


1916 жыл

14 қазан


Ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» және І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Халықтар достығы» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Хамит Ерғалиұлы Ерғалиевтің туғанына 100 жыл


1. ҚР ПМ, 708 қор;

2. ҚР ОММ,

1946 қор;

3. ҚР ОМКДЖМ;

4. Атырау обл. ММ,

238 қор.


1916 жыл

15 қазан


Театр және кино әртісі, ҚазКСР халық әртісі, «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен медальдардың иегері Рахия Рысбайқызы Қойшыбаеваның туғанына 100 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1926 жыл

15 қазан

Қоғам қайраткері, «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы», үш мәрте «Ленин» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жүніс Әбуғалиұлы Әбуғалиевтің туғанына 90 жыл


Балқаш қ. ММ,

287 қор.

1936 жыл

15 қазан


Жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

1 қараша

Композитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Халықтар достығы» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың туғанына 80 жыл

Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықт. 2-ші

бас. – Алматы: Арыс, 2010. – 580 б. + 32 б. түрлі түсті суретті жапсырма.

292 бетте


1841 жыл

2 қараша

Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл


ҚР ОММ,

25 қор

1916 жыл

24 қараша

ҰОС ардагері, жазушы Баубек Бұлқышевтың туғанына 100 жыл


ҚР ОМКДЖМ

1936 жыл

1 желтоқсан

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарының иегері Мәди Хасенұлы Хасеновтың туғанына 80 жыл


Астана қ. ММ,

368 қор

1916 жыл

7 желтоқсан

Сәулетші, ҚазКСР еңбек сіңірген құрылысшысы, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалінің, КСРО және ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасының иегері Аркадий Константинович Деевтің туғанына 100 жыл


ҚР ОМҒТҚМ,

95 қор

1936 жыл

16 желтоқсан



ҚазКСР халық әртісі, КСРО халық әртісі, ҚазКСР және КСРО еңбек сіңірген әртісі, ҚазКСР және КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Фарида Шәріпқызы Шәріпованың туғанына 80 жыл


1. ҚР ОММ,

1973 қор;

2. ҚР ОМКДЖМ


1926 жыл

17 желтоқсан



Журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет Белгісі» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Темірбек Қожакейұлы Қожакеевтің туғанына 90 жыл


ҚР ОММ,

2316 қор


1916 жыл

20 желтоқсан



Жазушы, әскери журналист Мұқан Иманжановтың туғанына 100 жыл


ҚР ОММ,

2195 қор


1916 жыл

27 желтоқсан

ҚазКСР халық әртісі Шахан Әлімханұлы Мусиннің туғанына100 жыл


ҚР ОММ,

1905 қор

1936 жыл

27 желтоқсан

Өлкетанушы, тарихшы-мұрағатшы Борис Васильевич Токаревтің туғанына 80 жыл

Астана қ. ММ,

543 қор


Каталог: news
news -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
news -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері
news -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
news -> Исатай Кенжалиев
news -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
news -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
news -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
news -> Құрастырғандар
news -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет