Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы



бет3/8
Дата04.07.2018
өлшемі1,43 Mb.
#46938
1   2   3   4   5   6   7   8

Жеті жүйелік реформа

2025 жылға дейінгі жүйелік реформалар қайта құрудың негізгі бағыттары бойынша басымдықтар мен міндеттерді, сондай-ақ мұндай қайта құруларды іске асыру бойынша нақты шараларды – бастамаларды – қамтиды.

1-реформа. Жаңа адами капитал. Реформа тұрақты өсу үшін адами капиталды дамытуға және кадрларды даярлау деңгейін арттыру, білім беру жүйесін үздіксіз өмір бойы оқыту қайта бағдарлау және білім беру мен педагогикалық кадрлардың сапасын жақсарту, салалар мен өңірлер арасында еңбек ресурстарын тиімді бөлу процестерін басқару есебінен экономиканың кадрға деген ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

2-реформа. Технологиялық жаңарту және цифрландыру. Реформа 4.0 индустриясы технологияларын, экономиканы цифрландыруды қолдана отырып салаларды технологиялық жаңғыртуға және ғылымды қажет ететін экономиканы дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымдарды құруға және цифрландыру, ең алдымен қазіргі салаларды цифрландыру, технологиялық қайта жарақтандыру, инфрақұрылым және инновациялар құру есебінен оның өнімділігін арттыруға бағытталған.

3-реформа. Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес. Реформа бәсекелес орта мен экспорттық әлеуетті дамыту есебінен жеке секторды өзектендіруге бағытталған. Тиімсіз мемлекеттік компанияларды жекешелендіру және жою арқылы, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік (бұдан әрі – МЖӘ) шеңберінде қызметтің жекелеген түрлерін жеке секторға беру арқылы мемлекет пен монополиялардың рөлі қысқаратын болады. Бизнес үшін кедергілер төмендейтін болады және орта кәсіпорындардың өсуі үшін шаралар қолданылатын болады, жабылу рәсімдері оңайлатылатын болады, сондай-ақ тараптардың тең өкілдік қағидатын бұрмалайтын тікелей қаржылық қолдау практикасы қысқартылатын болады. Сапа стандартын импорттаушы ел стандарттарына сәйкестендіру, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру және экспортқа жылжытуды қолдау есебінен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басты назар аударылатын болады.

4-реформа. Құқықтық мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Реформа заңдарды сақтау, сыбайлас жемқорлықты жою және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу есебінен қолайлы әлеуметтік-экономикалық ахуалды құруға бағытталған. Бұл реформаның маңызды міндеті сот жүйесін халықаралық стандарттарға келтіру, меншіктік құқық кепілдігін қамтамасыз ету, заңнамалықтардың тұрақтылық деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың туындауының бастапқы себебінің алдын алу процестерді оңтайландыру және цифрландыру, адами факторды азайту, сатып алудың ашық рәсімдерін енгізу есебінен қол жеткізілетін болады.

5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу. Реформа өмір сапасының базалық деңгейін қамтамасыз ету кезінде өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты қысқартуға бағытталған. Даму өңірлерге экономикалық өкілеттіктердің үлкен бөлігін беру және өңірлік басшылардың жауапкершілік дәрежесін арттыру, өңірлік деңгейде инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру есебінен қол жеткізілетін болады. Урбандану процессі агломерацияларда ғана емес, экономикалық әлеуеті бар орташа қалаларда да қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті қолдау және білім берудің озық практикасын тарату ел бойынша өмір мен жұмыс үшін базалық жағдайларды қамтамасыз етеді.

6-реформа. Қоғамдық сананы жаңғырту. Реформа өзінің болашағына және Қазақстанның болашағына жауапкершілікті тәрбиелейтін, мықты және еліне адал адамдардың Біртұтас ұлтты қалыптастыруға, азаматтардың жеке бәсекеге қабілеттілігі мен прагматизмін арттыруға бағытталған. Ұлттық мәдениетті дамытуға және экстремизмнің алдын алуға ерекше назар аударылған.

7-реформа. Мемлекеттік сектор өзгерістердің көшбасшысы ретінде. Реформа елдегі өзгерістер агенті ретінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған. Мемлекеттің рөлін қайта ойлау, процестерді және деректер базасын цифрландыру есебінен мемлекеттік аппараттың өнімділігін арттыру маңызды. Клиентке бағдарлану және бейімділікті дамыту табысты жеке корпорациялар деңгейінде мемлекет басқаратын үкіметтің ірі міндеттерінің бірі болады.

«Қазақстан -2050» стратегиясын іске асырудың жеті басым саясаты

Іске асырудын басым саясаттары – ол 2025 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламалар және жоспарлар шеңберінде жүзеге асырылатын қағидаттар мен міндеттер.

1-саясат. Макроэкономикалық саясат бюджеттің тұрақтылығына және мұнай емес тапшылықты азайтуға, ақша-кредит саясатының икемділігі мен қаржы және құрылымдық саясаттың үйлесуін қамтамасыз етуге бағдарланған. Бұл бағытты іске асырудың негізгі нәтижесі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болады.

2-саясат. Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі – саясатәлем нарықтарындағы базалық салалардың позицияларын нығайту, олардың операциялық тиімділігін арттыру және қайта өңдеуді тереңдету; жаңа құзыреттілікті дамыту және технологияларды бейімдеу жолымен жаңа өнімдер мен қызметтерді өңірлік нарыққа шығару; өнімдер мен қызметтердің құнын төмендету және сапасын ұлғайту есебінен экономика секторларының бәсекеге қабілеттігін қосымша ұлғайту арқылы қазіргі салалардың сапалы өсуін қолдауға бағытталған.

3-саясат. Қаржылық нарықты дамыту саясаты экономикадағы қаржыландырудың, инвестициялаудың тиімді тізбегін құруға бағытталған, ол банк секторының қаржылық тұрақтылығын және экономиканы кредиттеуді арттыратуды, қаржыландырудың баламалы көздерін дамытуды, қолжетімді орта және ұзақ мерзімді қорландыруды, халықаралық қаржы орталығын дамытуды және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды қамтиды.

4-саясат. Экономикаға жеке инвестицияларды белсенді тарту саясаты елдегі инфестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқығын қорғауды күшейту, оларды тарту бойынша шараларды жандандыру, сондай-ақ инвесторлармен жұмыста инфрақұрылымды жақсарту есебінен инфестицияларды тартуға және ұстап тұруға бағдарланатын болады.

5-саясат. Өмір сапасын арттыру саясаты БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес халық денсаулығын жақсарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру жүйесін оңтайландыру, зейнеткерлік қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру есебінен адамдар өмірінің базалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

6-саясат. Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат халықтың өмір деңгейінің өсуі үшін дамудың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға; Қазақстаның су және жер ресурстарының сапасын арттыруға; ауа сапасын жақсартуға; қалдықсыз экономиканы дамытуға және биологиялық алуандықты сақтауға бағытталған. Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру, сондай-ақ жасыл қаржыландыру қағидаттарын енгізу маңызды бағыт болып табылады, бұл ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

7-саясат. Барынша белсенді сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге, әлемдік экономика интеграциялану жобаларына тиімді қатысуы және сыртқы нарықтарда елдің позициясын күшейту арқылы Қазақстан үшін неғұрлым қолайлы экономикалық жағдайлар құруға бағытталған. Халықаралық институттармен халықаралық саяси, әлеуметтік және экономикалық процестердің жағымды қатысушы ретінде Қазақстанның тығыз ынтымақтастығы жалғастырылуда.

4- тарау. Маңызды серпінді өзгерістер
1-реформа. Жаңа адами капитал
Реформаның мәні: XXI ғасырдың жоғары сапалы және қажетті дағдыларға ие адами капиталды дамыту Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі тәуелді болатын басым міндет болып табылады. Жаңа уақыттың құзыреттілігі жаңа қажетті дағдыларды үздіксіз үйренуге және меңгеруге дайын болуды қамтиды. Технологиялық жаңару мен цифрландыру өз жұмыс уақытын тиімді пайдаланатын, технология мен білімді қолдануға, процестерді жетілдіруге және инновацияларды жүзеге асыруға қабілетті персоналсыз мүмкін емес.

2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:

дәстүрлі оқу бағдарламаларынан функционалдық сауаттылыққа, болашақ еңбек нарығында талап етілетін заманауи дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыруға;

қазақстандық білім берудің жергілікті фокусынан сыртқы нарықтарда қазақстандық білім берудің қажеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

педагогтарды педагог кәсібіне ынталандырудың төмен деңгейінен барынша абыройлы лауазым ретінде көтеруге;

қалыптасқан орта және жоғары білімнен дағдылар мен құзыреттілікті өмір бойы тұрақты жетілдіруге;

еңбек ресурстарының өнімділігіне қарамастан олардың салалар мен өңірлердегі шоғырлануынан еңбек ресурстарын салалар мен өңірлер арасында теңгерімді бөлуге өзгеретін болады.



Алдағы міндеттер

Адами капиталды дамытудың қажетті шарттары жоғары сапалы және қажетті дағдылармен оқыту болып табылады. Осы мақсатта білім беру жүйесінің жалпы деңгейі артатын болады: білім беру бағдарламалары жаңа экономиканың сұраныстарына сәйкес халықаралық стандарттарды ескере отырып өзектендірілетін болады, педагогикалық кадрларды даярлау және ынталандыру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Білім беру саласындағы өзгерістер жеке бизнеспен әріптестікте іске асырылады және технологиялық және цифрлық құзыреттілікке ие білікті кадрлармен еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Кадрларға және осы кадрларды даярлау жүйесіне жаңа экономика сұранысын үйлестіру, сондай-ақ қазіргі жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Бұл процестің басталу нүктесі - жаңа экономиканың кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық болжамдау жүйесін дамыту мен қызметкерлерді қажетті дағдылармен және құзыреттілікпен қамтамасыз ететін ұлттық біліктілік жүйесін дамыту болады.

Қазіргі еңбек ресурстарының әлеуеті барынша тиімді пайдаланылуы тиіс. Кәсіпорындар, салалар және елді мекендер арасындағы жұмыс күшінің қозғалысы барынша өнімді жұмыс орындарына біртіндеп орын ауыстыруы үшін жағдайлар жасауды талап етеді, ол еңбек ұтқырлығы мен еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту есебінен іске асырылатын болады. Жұмысқа орналастыру және шетелден жоғары білікті мамандарды тарту бойынша белсенді шаралар экономиканы қажетті кадрлармен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


«Білім беру экономикалық өсудің негізі ретінде» басымдығы
Білім беру жүйесіне жаңа адами капиталды – «ХХІ-ғасыр дағдыларына» ие, Қазақстанда жаңа экономикалық қалып негізін құрайтын мамандарды даярлауға басым рөл беріледі. Білім беру жүйесі барлық деңгейлерде білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз етуге, жаңа операциялық және технологиялық шешімдерді ұсынуға және енгізуге, жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға және толтыруға қабілетті болашақ экономика сұранысына жауап беретін кадрларды – инноваторлар мен рационализаторды дайындауға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесін жаңғырту білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуды, білім беру саласын цифрландыруды, білім беру ұйымдарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуді, білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамның қатысу рөлін арттыруды, білім беру саласына жеке инвестициялар тартуды талап етеді. Жаңғыртудың ең басты шартының бірі білім беру жүйесін жаңартылған бағдарлама бойынша өзінің пәніне үйретіп қана қоймай, бағдарламаларды өзгеріп жатқан уақыт талаптарына үнемі бейімдеп, оқушыларға талап етілетін практикалық дағдыларды үйрететін педагогтармен қамтамасыз ету болып табылады.

Осылайша, бұл басымдықты іске асыру мынадай міндеттерді:

технологиялық дағдыларды ескере отырып, түгел қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізуді;

педагогикалық кадрларды даярлаудың мотивациясы мен сапасын арттыруды;

білім беруді жаһандық ортаға интеграциялауды талап етеді.
«Технологиялық дағдыларды ескере отырып түгел қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізу» міндеті

Жаһандық экономикалық сын-қатерлер, технологияның қарқынды дамуы мен білім экономикасының өсуі білім беру мен оқытудың жаңа әдістерін қажет ететіндігін көрсетеді. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған салалық дағдыларға, сондай-ақ күрделі кешенді міндеттерді шығармашылық және инновациялық шешу дағдыларына, үздіксіз жетілдіру және командада жұмыс істеу қабілетіне ие кадрларды даярлауға бағытталуы тиіс.



1.1 «Білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету» бастамасы. Мектепке дейінгі білім беру когнитивті дамыту және оқуға ықызығушылығын ынталандыру үшін маңызды басталу нүктесі болып табылады. Балаларды 1 жастан 6 жасқа дейінгі жаста мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жалғасын табатын болады. Бұл үшін жұмыс күні толық емес шағын орталықтар жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктері қаражаты есебінен біртіндеп толық жұмыс істейтін режимге ауыстырылатын болады.

Барлық тілек білдірушілерге жұмыс біліктілігі, оның ішінде курстық даярлық бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін тегін алғашқы жұмыс біліктілігіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт жасауға мүмкіндік береді. Курстық даярлықпен барлық тілек білдірушілер, оның ішінде біліктілігі жоқ жастар, аз қамтылған отбасылардың балалары, жұмыссыздар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында өз бетінше жұмыс жасайтындар, сондай-ақ жұмыс берушілер қамтылады.

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне еркін түсу мақсатында абитуриенттерге жоғары оқу орындарына түсу кезінде түсу емтихандарын өткізу формасын таңдау құқығы берілетін болады.

Талап етілетін жұмыс біліктіліктері бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын құру арқылы ерекше білім қажеттіліктері бар тұлғалар үшін барлық деңгейлерде білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.



1.2 «Білім берудің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалардың мазмұнын жаңарту» бастамасы. Балаларды бастауыш білім алуға дайындау үшін мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда сабақтастық құрылатын болады. Әліппи, оқу және жазу (оның ішінде, «Әліппе» - «Букварь»), сондай-ақ балалардың әлеуметтік, практикалық өмірлік дағдылары мен өзін-өзі тану дағдыларын ерте дамытуды нөлінші сыныпта өтетін болады.

Орта білім беру жүйесіне функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, нақты өмірде білім мен дағдыларды қолдану қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған білім берудің жаңартылған мазмұны енгізу ұсынылатын болады. Оқу бағдарламаларна жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарламалауды, роботтехникасын және бастапқы технологиялық дайындауды дамытуға бағытталған STEM-элементтері қамтылатын болады. Бұл үшін қосымша білім беру бағдарламалары, сыныптан тыс іс-шаралар, ғылыми үйірмелер мен сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылатын болады. Жоғары сыныптарда бірқатар пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады.

ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілердің қатысуымен және жаңа кәсіби стандарттар негізінде әзірленген WorldSkills халықаралық талаптарына, робототехникаға, цифрлық дағдыларға, көптілділікке негізделген жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына түсуі кезінде жекелеген пәндер бойынша кредиттерді ескеруге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына көшу жүзеге асырылады. Қазақстандық студенттер Worldskills кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту бойынша халықаралық және ұлттық чемпионаттарға қатысатын болады.

ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және тарату кәсіпорындармен бірлесіп құрылған базалық колледждер мен құзыреттілік орталықтары арқылы жүзеге асырылатын болады. Кадрларды даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бейіндер бойынша бөлу жұмыстары жалғасатын болады.

Білім беру бағдарламаларын өзектендіру үшін қорытындысы бойынша барынша талап етілетін мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімі жаңартылатын қолданыстағы бағдарламаларға бағалау жүргізілетін болады. Олардың өзектілігі мен қазіргі және болашақтағы бизнес қажеттіліктеріне сәйкестігін айқындау үшін бағалау жұмыс берушілердің қатысуымен жүргізіледі.

Нарықта барынша талап етілетін бағдарламаларды таңдау үшін білім беру бағдарламаларына тұрақты түрде мониторингілеу және олардың тиімділігіне салыстыру жүзеге асырылатын болады (мысалы, бітірушілердің жалақысының деңгейі, жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі бойынша). Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы кадрларға болжанатын қажеттіліктер мен бизнестің қатысуымен айқындалатын салалар арасындағы жұмыспен қамтылғандардың болжамды ағындары бойынша деректерді ескере отырып қайта қаралатын болады.

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияларды арттыру бойынша жұмыстар (пилоттық жобалар шеңберінде) жалғастырылатын болады. Бұл жұмыс барысында студенттер зерттеу қызметіне, ал ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы жоғары оқу орындарында оқыту үшін тартылатын болады. Бұл студенттерге арналған оқытудың ғылыми және қолданбалы құрамдауышын арттыруға, сондай-ақ оларды инновациялар мен технологияларды әзірлеуге және енгізуге ықпал етеді.

Жоғары оқу орындары түлектерінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және еңбек нарығында олардың ұтқырлығын арттыру мақсатында студенттерді таңдаудың құрамдауышы есебінен жоғары оқу орындарының негізгі білім беру бағдарламаларын игеру кезеңінде қосымша біліктілік алу мүмкіндігі берілетін болады.



1.3 «Академиялық еркіндікті және жұртшылықтың қатысуын арттыру» бастамасы. Орта білім беру ұйымдарының басқарушылық және қаржылық қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында қамқоршылық кеңестер өкілеттіктерінің спектрі кеңейтілетін болады. Қамқоршылық кеңестер мектептер мен балалар үйлерінің ішкі өмірін ұйымдастырудағы маңызды органдардың бірі болады, мектептердің өзін-өзі бағалау рәсімдері жетілдірілетін болады. Мектептерді мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Оқу орындарының академиялық, басқарушылық дербестігін орталықсыздандыру және арттыру саясаты жалғасады. Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын әзірлеуде, кадрлық жұмысты ұйымдастыруда, сондай-ақ бюджетті басқаруда дербестік ұсынылады. Жоғары оқу орындарының алдына түлектерді еңбек нарығына дайындау бойынша міндет қойылады. Жоғары оқу орындарында ақпарат көзі болып табылатын кәсіби бағдарлану және жұмысты таңдауға және жалға алу процесіне дайындауға (түйіндеме әзірлеу, сұхбат алуға дайындау және т.б.) байланысты мәселелерде оқушыларды қолдау кеңселері күшейтілетін болады.

Жоғары оқу орындарды басқаруға, академиялық, операциялық және қаржылық қызметті бақылауға, сондай-ақ жоғары оқу орындары басшылығы қызметінің тиімділігін бағалауға белсенді қатысатын қадағалау кеңестерінің рөлі күшейтілетін болады. Тиімділікті бағалау білім беру процесінің сапасына және оқу орнын басқару сапасына, мысалы еңбек нарығында түлектердің талап етілуіне, жүргізілетін зерттеу жұмысының өзектілігіне және басқаларға байланысты болады.

Аталған шараны іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарын басқару бойынша озық практиканың мысалы ретінде Назарбаев Университетінің тәжірибесі пайдаланылатын болады.



1.4 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту» бастамасы. Білім берудің барлық деңгейлерінде әріптестікті кеңейту және жеке инвестицияларды тарту білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың, мемлекеттік білім беру объектілеріне жүктемені және оқушылар орындары тапшылығын төмендетудің, жеке білім беру қызметтерін дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Барлық толық жинақталған мектептерде білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан «әрбір оқышуға бекітелітн ақша» қағидаты бойынша оқушылардың санына байланысты оларды оқытуға арналған шығындарды қаржыландыруды көздейтін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады. Бұл білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз етеді және білім беру қызметінің сапасын арттыруға ынталандырады. Бұл ретте, білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан мектептерде орналастырылатын болады, бұл жеке секторды жеке мектептер желісін кеңейтуге ынталандыратын болады. Жеке секторды ынталандыру және қолданыстағы МЖӘ тетіктерін күшейту мақсатында мектептердің СанЕжәнеН мен ҚНжәнеЕ қайта қаралады, мектептерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. Мектеп оқушыларын қызығушылықтары бойынша үйірмелермен барынша тарту мақсатында жеке сектор есебінен қосымша білім дамитын болады.

ТжКБ жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың нормативтері қайта қаралатын болады және ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. Дуалды оқыту шеңберінде студенттерге практикалық сабақтарды бергені және ұйымдастырғаны үшін қосымша төлем түрінде өндірістен инженер-педагогикалық кадрларды тарту үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады.

Жоғарғы білім беру жүйесінде жұмыс берушілерді тарта отырып академиялық кредиттердің игерілетін көлемін ескере отырып мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып жоғары оқу орнын кредиттік жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіру мәселесі пысықталатын болады.

Жеке қаржыландыруды тарту шеңберінде жоғары оқу орындары мен компаниялардың өзара іс-қимылы ұйымдастырылатын болады. Компания тарапынан әріптестік үлес білім беру гранттарын бірлесіп қаржыландыруды, тағылымдамадан өту мүмкіндігін, тәлімгерлік жүйесін, тренингтер мен практикалық оқу іс-шараларын өткізу үшін алаңдар беруді қамтитын болады. Өзара іс-қимыл жеке бизнестің жоғары оқу орындары базасында оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуына және оқытудың практикалық моделін құруға, персонал біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

1.5 «Білім беруді цифрландыру» бастамасы. Процестің барлық қатысушыларының электрондық деректер банкін және электронды форматта қажетті ақпаратты қамтитын оқушының электронды бейінін, сондай-ақ қажетті цифрлық сервистерді қамтитын білім беруді басқару жүйесі құрылады. Мысалы, балаларды бала бақшаларға қабылдау процесі автоматтандырылатын болады, орта білім беруде электрондық күнделіктер мен журналдар енгізілетін болады. Білім беруді басқару жүйесі мемлекеттік органдардың бірыңғай деректер базасына кіріктірілетін болады. Сондай-ақ Big Data технологиясын (үлкен деректерді өңдеу технологиясы) пайдалана отырып басқа цифрлық білім беру сервистері кіріктірледі.

Барлық деңгейлерде цифрлық білім беру контенті құрылады, интерактивті және қашықтықтан оқыту әдісі таратылатын болады. Атап айтқанда, интерактивті және инновациялық технологияларды пайдалана отырып электрондық білім беру материалдары мен электрондық кітапханалар құрылады. Арнайы материалдар аз қамтылған мектеп оқушылары үшін әзірленеді. Интернет-платформасында «ашық университеттер» құру, электронды оқыту ресурстарының контентін әзірлеу, жоғары оқу орындары, ТжКБ ұйымдары мен мектептер арасындағы оқыту бағдарламаларын кіріктіру есебінен қашықтықтан оқытудың қолжетімділігі артады. Бұл «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын насихаттауға және шалғайдағы, ауылдық өңірлердегі оқушыларға арналған оқу шарттарын теңестіруге қажетті жағдайлар жасайды.


«Педагогикалық кадрларды даярлаудың мотивациясы мен сапасын арттыруды» міндеті

Білім сапасын арттыру заманауи білімі бар жоғары білікті педагогтарсыз, сондай-ақ технологиялар мен оқыту әдістерінсіз мүмкін емес. Болашақ педагогтарды тартудың және оқытудың тәсілдерін қайта қарау, бүгінгі педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру, мұғалім кәсібінің беделін арттыру қажет.



1.6 «Педагогикалық кадрлардың беделін және ынталандырылуын арттыру» бастамасы. Мұғалімдердің еңбекақы төлемінің деңгейі үлгілік оқу жоспарларын қайта қарау жолымен кезең-кезеңімен артатын болады, педагогикалық қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемесі азайтылатын болады. Бұл шара оқыту сапасын, педагогтердің кәсіптік даярлығы мен қайта даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мұғалімдерге қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасайды, бұл педагогтер үшін ынталандыру шараларының бірі болып табылады.

1.7 «Педагогикалық оқу орындарындағы бағдарламаларды жаңарту» бастамасы. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып жаңа оқыту әдістерін енгізу және ағылшын тілінде оқыту мақсатында пелагогикалық кадрларды даярлауға арналған оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Жаңартылған жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқытушы құрам біліктілігін арттыру бойынша қажетті тренигтер өткізілетін болады.

Жоғары білікті педагогикалық кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін оқу орындарында тәлімгерлік жүйесі қайта іске қосылатын болады. Тәлімгер-педагогтерді ынталандыру шаралары көзделеді.



1.8 «Педагогтердің біліктілігін арттыру және озық педагогикалық практиканы тарату» бастамасы. Өңірлік оқу орындары мен озық оқу орындарындағы (Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, ҚБТУ, Назарбаев Зияткерлік мектептері және басқалар) пелагогикалық кадрлар арасында білім алмасу жалғасатын болады. Оқытушылар құрамы үшін халықаралық алмасу бағдарламасы ұйымдастырылады, бұл ретте озық педагогикалық практикаларды және цифрлық және технологиялық дағдыларды дамытуға, ағылшын тілін зерделеуге ерекше назар аударылатын болады. Ағылшын тілінде мамандандырылған пәндерді оқытуға қабілетті педагогтерді даярлау және қайта даярлаудың баламалы деңгейі мен мерзімдері қамтамасыз етілетін болады.

Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру және озық оқу орындарының тәжірибесін тарату үшін білім берудің онлайн-платформасы құрылады. Бұл шара өңірлердегі педагогтердің озық білім беру материалдарын алуға ықпал етеді.

Мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық кадрларының сапалық құрамын жақсартуға ерекше назар аударылатын болады. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы біртіндеп ұлғайтылады, ал 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды тәуелсіз сертификаттау енгізілетін болады.

ТжКБ жүйесінің педагогикалық кадрлары мен басшыларын қайта даярлау үшін практикалық бағдарлануды және кәсіби-тұлғалық әлеуетті дамытуды көздейтін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа моделі енгізіледі. Өндіріс мамандарына WordSkills стандарттары бойынша педагогикалық шеберлік оқытылатын болады.

Педагогтердің кәсіби даярлығын, қалыптастырушылық деңгейін және кәсіби құзыреттілікті дамытуын, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер көрінісін бағалайтын біліктілік емтиханы арқылы «Педагог» кәсіби стандартында көзделген талаптарға сәйкестікке біліктілігі расталатын болады.

1.9 «Педагогикалық ресурстарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерге тең бөлу» бастамасы. Еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерді педагогикалық кадрлармен толықтыру «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде жалғасады. Жыл сайын еңбек күші артық өңірлердің жастарынан педагогикалық кадрларды даярлауға еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлердің жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделетін болады. Бұдан әрі жобаны іске асыру шеңберінде магистранттар мен докторанттарды даярлауға басты назар бағытталатын болады.
«Білім беруді жаһандық ортаға интеграциялау» міндеті

Білім беру бағдарламаларының ағылшын тілін белсенді тарата отырып сыртқы нарықтарға шығуы қазақстандық білімнің сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігі мен талап етілуін арттыруға ықпал ететін болады.



1.10 «Білім беру хабын құру және ағылшын тілінде білім беру қызметтерін дамыту» бастамасы. Қазақстан Орталық Азияда білім беру хабына айналуға ұмтылыс жасайтын болады. Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетел студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін университеттер әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи инфрақұрылым деңгейін беретін халықаралық деңгейге қол жеткізу үшін барлық жағдайларды жасайтын болады. Шетел әріптестерімен кеңінен ынтымақтастық: бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу, шетел оқытушыларын, топ-менеджерлер мен студенттерді тарту, ғылыми жобаларды іске асыру, университетті басқаруға әріптестердің қатысуы арқылы болжанады. Шетелде қазақстандық білім форумдарын, көрмелерін және күндерін өткізу кеңінен пайдаланылады.

Ағылшын тілінде жүргізілетін білім беру бағдарламаларының саны ұлғайтылатын болады, ағылшын тілінде сөйлетін мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар үлесі артады, ағылшын тілінде оқыту үшін профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі арттырылады, ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен әзірленетін болады.


«Кадрларды даярлау жүйесін жаңа экономика талапарына бағдарлау» басымдығы
Қазақстанның білім беру жүйесі жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңартуға және цифрландыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұған білім беру жүйесінен еңбек нарығына жаңа білікті жұмысшылардың келуі және қазіргі жұмысшыларды оқыту есебінен қол жеткізілетін болады.

Экономиканың болашақтағы еңбек ресурстарына қажеттіліктерін бағалауға және болжауға мүмкіндік беретін жүйе құрылатын болады. Елдегі кәсіпорындардың қазіргі басшылары мен персоналдарын қайта даярлау болжанатын «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасы одан әрі дамитын болады.


«Ұлттық болжау және біліктілік жүйелерін дамыту» міндеті

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансқа жетуі керек, бұл үшін бүгінгі таңда, 5 жылдан кейін, 10 жылдан кейін елге қандай мамандар қажет; бұл мамандар қандай дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болуы керек?, деген сұрақтарға жауап беру қажет.

Кадрларға сұраныс пен ұсынысты ортақ теңдікке келтіру еңбек ресурстарын дамытудың ұлттық болжау жүйесі мен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

1.11 «Сабақтардың өзекті жіктемесін қолдау» бастамасы. Еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің әртүрлі элементтері арасындағы өзара байланысты қалыптастыру негізі еңбек нарығын диагностикалаудың негізгі құралы ретінде Ұлттық кәсіптердің жіктемесі (кәсіптердің біртекті топтарының стандартталған тізбесі) үнемі жаңартып отырылатын болады. Өзекті жіктеме еңбек нарығын уақтылы және толық есепке алуға және оны дамытудың егжей-тегжейлі болжамдарын жасауға мүмкіндік береді. Жіктеме жұмыс күшіне қойылатын сапалық талаптарды қалыптастыруды және Ұлттық біліктілік жүйесін толыққанды енгізуді қамтамасыз етеді.

1.12 «Болжау құралдарын дамыту» бастамасы. 2025 жылға қарай Қазақстанда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша математикалық модельдеуді, сараптамалық бағалауды және сауалнама сессияларын біріктіретін құралдар кешенін білдіретін еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі іске қосылады.

1.13 «Кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру» бастамасы. Кәсіби стандарттар мамандықтардың нақты бір түрлеріне арналған бизнес талаптарының эталоны болады. Олар бизнестен мамандарды даярлауға арналған техникалық міндеттердің бірі болады және барлық мамандықтар бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктердің толық жиынтығын айқындайды. Бастама шеңберінде жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді және елде бұрыннан бар кәсіптік стандарттар өзектендіріледі, олар тікелей бизнестің қатысуымен бекітілетін болады.

1.14 «Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу» бастамасы. Кәсіби стандарттар білім беру мазмұнын және білім беру үдерісін жаңа экономика талаптарына сәйкестендірудің негізгі шарты болатын техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу және жаңарту үшін негіз болады.

1.15 «Тәуелсіз біліктілік сертификаттау жүйесін енгізу» бастамасы. Еңбек нарығында кәсіптік стандарттардың өлшемшарты мен талаптары жаңадан келген жұмысшыларына тәуелсіз бағалау жүргізеді, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген жұмысшыларға тікелей бизнестің қатысуымен біліктілік санатын беруге мүмкіндік береді. Білім беру процессі мен білім беру жүйесі жұмысының нәтижелерін бағалаудың аражігі ажыратылатын болады және бизнес кадрларды даярлау сапасын өзі айқындай алады. Сондай-ақ, мамандарды сертификаттауға қойылатын жалпыұлттық талаптарды қалыптастыру және біліктілікті сертификаттау саласында ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін Ұлттық біліктілік органын құру процестері пысықталатын болады.
«Қызметкерлердің біліктілігін арттыруда кəсіпорындарды қолдау» міндеті

Технологиялық жаңғырту дәстүрлі салалардағы еңбек ресурстарына сұраныстың қысқаруына және жаңа салалардағы сұраныстың артуына байланысты еңбек нарығында елеулі өзгерістерге алып келеді. Экономиканы сұранысқа ие кадрлармен уақтылы және сапалы ұсынумен қамтамасыз ету және барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, біліктілігін арттыру және шетелде оқыту бағдарламаларына қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.



1.16 «Қайта даярлау бағдарламаларын дамыту» бастамасы. Жұмыс біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін, оның ішінде курстық дайындау арқылы барлық өтінім білдірушілерге беру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қазіргі жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы әртүрлі форматта - кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.

Қазіргі кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқу инфрақұрылымы кәсіпорындар мен жеке провайдерлердегі оқу орталықтарымен толықтырылады. Операторлардың бәсекеге қабілетті нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.



1.17 «Кәсіпорындардағы басқарушы буынның біліктілігін шетелде арттыру» бастамасы. Кадрларды шетелде дайындау бойынша қолданыстағы бағдарламаларда компаниялардың басқарушы буыны мен инженерлік персоналдары үшін операциялық тиімділігін арттыру, технологияларды басқару және цифрландыру бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған қысқа мерзімді курстардан өту мүмкіндігі көзделетін болады. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру талап етілетін білімді алуды және оларды Қазақстанда қолдануды ынталандырады. Компанияларға арналған бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері мен шарттары кеңінен жарияланатын болады. Уақыт өте келе, Қазақстан аумағында жеке операторлар базасында қайта даярлау және қайта оқыту бойынша ұқсас курстар жасалып, кеңейтілетін болады.
«Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» басымдығы
Басымдық қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге бағытталған болады. Өнімділікті ынталандыру жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Соңғысы салалар арасындағы өнімді еңбек ресурстарын оңтайлы бөлуге ықпал ететін кәсіптік ұтқырлықты, халықты экономикалық негізделген орналастыруға және өңірлердің демографиялық теңгеріміне ықпал ететін аумақтық ұтқырлықты және барлық қазақстандықтар үшін еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер құру үшін мемлекет арсеналында бар өнімді жұмыспен қамтуды қолдаудың өзге де белсенді құралдарын қамтитын болады. Бұл ретте, төменгі өнімділік салаларында, экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін халық санатын және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлану сақталатын болады.

Өнімді жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларына халықтың «қол жеткізу нүктесі» ретінде қызмет ететін еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте, Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін елдегі құзыретті кадрлардың жетіспеушілігі қажет болған жағдайда шетелден жоғары білікті қызметкерлерді тарта отырып орны толтырылатын болады.

Осылайша, бұл басымдықты іске асыру мынадай:

еңбек ұтқырлығына жәрдемдесу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары;

еңбек делдалдығының тиімді моделін құру;

шетелден жоғары білікті кадрларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау міндеттерін талап етеді.


«Еңбек ұтқырлығына жәрдемдесу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары» міндеті

Қолда бар еңбек ресурстары құрылымын өнімді жұмыспен қамту пайдасына өзгертуге бағытталған шаралар жүзеге асырылатын болады. Аз еңбек өнімділігі бар салаларда, экономиканың бейресми секторларында жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар санатына ерекше назар аударылатын болады. Еңбек ресурстарын экономиканың өнімділігі төмен салаларынан өнімділігі жоғары салаларға; еңбек күшінің артықтығы байқалатын және төмен өнімді өңірлерден еңбек тапшылығы бар және жоғары өнімді өңірлерге, сондай-ақ ауылдардан қалаларға; өнімсіз өз бетінше жұмыс істейтіндер, бейресми жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар санаттарынан өнімді өз бетінше жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлер және өнімді жалдамалы қызметкерлер санатына қайта бөлуге жәрдемдесетін шаралар іске асырылатын болады.



1.18 «Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бастамасы. Бастама шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Еңбек нарығында талап етілетін қысқа мерзімді курстар халықтың ең мұқтаж топтарына: жастарға («Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы шеңберінде, мұнда кәсіптік білімі жоқ адамдар талап етілетін жұмыс кәсібін меңгере алады); мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қарт адамдар (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) өзектендіріледі және іске асырылады. Осы жұмысқа жеке провайдерлер де тартылатын болады.

1.19 «Бейресми жұмыспен қамтылған жұмысшылардың қызметін қалыптастыру» бастамасы. Бейресми жұмысты қамтуды, бәрінен бұрын өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасында азайту үшін жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып еңбек шарттарын «заңдастыру» шаралары, «көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, «жосықсыз жұмыс берушілердің» тізілімін енгізу сияқты жазалау сипатындағы шараларды; электрондық коммерция саласында мониторинг, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалар мәртебелерін өзектендіру; ақпараттық-насихаттау жұмыстары бойынша белсенді шараларды қамтитын шаралар кешені әзірленетін болады.

1.20 «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бастамасы. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту өнімді жұмыспен қамту нысандарының бірі ретінде екі негізгі элементті қамтитын болады.Біріншіден, тәжірибелі бизнес тренерлерінің басшылығымен кәсіпкерліктің негіздерін оқыту бизнеске жаңадан келгендерге қажетті құзыреттілікті дамытуына көмектеседі. Екіншіден, ауылдар мен қалаларда өз ісін жаңадан бастаған көптеген адамдар үшін инвестициялық қаражаттың негізгі көзі болып табылатын микрокредит алуды одан әрі дамыту.

1.21 «Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу» бастамасы. Жұмыс күші артық орналасқан облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті қоныс аударуы кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғасатын болады.

Бұл тәсіл еңбек ресурстарының қалыптасып отырған сұранысына сәйкес ішкі мигранттар ағынын одан әрі саралай отырып өңірлік квота белгіленетін «экономикалық өсу нүктелерінде» (агломерацияларға, ірі және орташа қалаларға, елдік немесе өңірлік маңызы бар ірі жобалардың орналасуына, шекара аудандарының перспективаларына) негізделетін болады.

Көшіп-қонушыларға тұрғын үйді жалдау және біржолғы төлем мүмкіндігімен коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидия нысанында қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Бұл ретте, тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін субсидиялауға, қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға көзделген қаражатты пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Көшіп-қонушыларды жұмысқа орналасу үшін қосымша ынталандыру шаралары жергілікті атқарушы органдарды субсидиялау құқығымен, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін көшіп-қонушыларға алдын ала кәсіпкердіктің негіздерін оқыту және оларға мемлекеттік гранттар мен бау-бақша, ауылшаруашылығы мақсатындағы немесе коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін беруді қамтамасыз ете отырып жұмыс орындарын беруге қабілетті жұмыс берушілерді тарту сияқты шаралар болып табылады.


«Еңбек делдалдылығының тиімді моделін құру» міндеті

Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару мемлекет пен бизнестің тікелей немесе электрондық көрсетілетін қызметтер арқылы жүгінген азаматтарына қолдаудың барлық шараларын көрсетуі арқылы параллель арналарды біріктіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етілетін болады.



1.22 «Электрондық еңбек биржасын енгізу» бастамасы. Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарындағы, жеке агенттіктердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңдарындағы барлық бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай циярлық алаң енгізілетін болады. Электрондық биржа қаржылық шығындарсыз және ауқымды қамту географиясымен резюме мен бос орындарды электронды форматта іздестіру үшін кең мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған ақпараттық пакет бос орындар сипаттамасын және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаудың тиісті қолжетімді шараларын, оның ішінде уақытша тұрғын үй алу шарттары мен мүмкіндіктері, көшіп-қонуға дайындық тәртібі, біліктілік пен ұсынылатын оқу орындары туралы ақпаратты қамтитын болады.

Негізгі функционалмен қатар онлайн-порталдың ыңғайлы сервистері онлайн режимде кәсіптік бағдарлау, азаматтарды талап етілетін кәсіптер мен оқыту курстары, сапа болжамдары және еңбек нарығы бойынша талдама туралы хабардар ету сияқты қызметтердің кең спектрін қамтитын болады.



1.23 «Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту» бастамасы. Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі.

Жұмыссыздар мен өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар үшін кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптер бойынша оқыту және жұмысқа орналастыру сияқты сапалы қызметтердің кең жиынтығы ұсынылатын болады. Әрбір жұмыс іздеуші үшін оның дағдыларын диагностикалауға және оны тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атаулы шаралар кешенін әзірлеуге негізделген кәсіби дамудың жеке стратегиясы әзірленетін болады.

Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электронды форматын енгізеді. Бос жұмыс орындарын тіркеу рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде цифрлық арналар есебінен жұмыс берушілердің базасын едәуір кеңейтеді, ол үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары заманауи HR қызметтері ретінде жұмыс істейтін болады.

Жұмыспен қамту орталықтары жұмысының барлық рәсімдері барынша автоматтандырылады, ал жұмыс іздеушілермен де, жұмыс берушілермен де байланыстар «бір терезе» қағидаттарына, атаулылығы мен нәтижелерге бағдарлануына негізделетін болады. Бұл ретте еңбек делдалдығының көп арналылығы жүйесінің тиімділігі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне қолжетімділік нүктелерінің көп үлгілілігі: халыққа қызмет көрсету орталықтары, «E-gov» электрондық үкімет порталы, ауылдық елді мекендер әкімдері және бірыңғай электрондық еңбек биржасы есебінен қамтамасыз етілетін болады.



1.24 «Жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін азаматтарды жұмысқа орналастыруға тарту» бастамасы. Экономиканы технологиялық жаңғырту жағдайында азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жекелеген мемлекеттік қызметтер аутсорсингі арқылы жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері тартылатын болады. Оларға кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша қызметтер берілетін болады. Бұл үшін әділ тарифтік саясат әзірленеді.

Олардың әлеуетін барынша күшейту бойынша мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары жеке секторға сенімгерлік басқаруға үшін берілетін болады. Осылайша, еңбек нарығы қызметтері провайдерлері желісін кеңейту қамтамасыз етілетін болады, бұл азаматтар үшін еңбек ұтқырлығының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.


«Шетелден жоғары білікті кадрларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау» міндеті

Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қайта құрылымдаудың өтпелі кезеңінде жергілікті жұмыс күші құзыреттілігінің тапшылығы елге жоғары білікті мамандарды – шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар мен шетел жұмысшыларын Қазақстанға тарту бөлігінде еңбек нарығының айтарлықтай ырықтандыру арқасында ішінара қанағаттандырылатын болады. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарын қайтаруға басты назар аударылатын болады.

Шетелден жоғары білікті кадрлар үшін ашық нарық мамандар тапшылығын қысқартуға, экономика өнімділігін арттыруға, қазақстандық қызметкерлерге еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейту есебінен озық әлемдік практиканы қабылдауға және жергілікті персоналды кәсіби дамыту үшін ынталандыруға мүмкіндік береді. Шетел мамандарын тарту шетел мамандарын ұлттық кадрлармен одан әрі алмастыру мақсатында жалпыұлттық біліктілікті арттыру бағдарламасын іске асырумен сүйемелденетін болады.

1.25 «Шетелдегі жоғары білікті мамандарға Қазақстандағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру» бастамасы. Жоғары білікті кадрлар үшін жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстардың болуы туралы ақпарат жұмыс берушілерге де, Қазақстанға арналған Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарда да кеңінен таратылатын болады. Басшылық, инженерлік-технологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибесі бар Қазақстан азаматтарын отанға қайтаруға ерекше назар аударылатын болады.

1.26 «Жоғары білікті шетел жұмысшыларын тарту үшін ынталандыру шараларын енгізу» бастамасы. Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциальды режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік қызметкерлер үшін визаларды санаттау жүзеге асырылатын болады. Жоғары білікті мамандар, кәсіпкерлер мен олардың отбасылары мүшелері үшін квоталар жойылады, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды беру процессі жеңілдетіледі.

Ел үшін басым жобаларды іске асыруға қатысу үшін білікті шетелдік жұмысшыларға іске асыратын жобаларының сипатына байланысты бірден 3 жылға рұқсат беріледі. Қазақстанда, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және өңдеу өнеркәсібі салаларында дербес және ұзақ мерзімді кәсіптік қызметті жоспарлайтын жұмысшылар үшін біліктілінің сәйкестігі туралы анықтама да 3 жыл бойы жарамды болады. Бұдан басқа, отбасы мүшелеріне квотсыз жұмысқа рұқсат алуға мүмкіндік берілетін болады.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығы АХҚО базасында визалық-көші-қон мен салық қызметтеріне, АӨО, ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО қызметтеріне ғана емес, сондай-ақ тұрғын үйді, білім беру және медициналық мекемелерді және т.б. іздестіруге жәрдемдесу бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандырылған қолжетімділікке мүмкіндік беретін АХҚО Экспат Орталығы құрылады.

1.27 «Еңбек нарығын заңсыз көші-қоннан және өнімсіз жұмыспен қамту импортынан қорғау» бастамасы. Біліктілігі төмен қызметкерлерге олардың ағындарын шектеу мақсатында бір жылға дейінгі мерзімде уақытша жұмысқа рұқсат беріледі. Бұл рұқсаттар жасы бойынша шектей отырып және мемлекеттік бюджетке алым төлеуді сақтай отырып жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істейтін маусымдық шетел жұмысшылары мен иммигранттарға қолданылатын болады.
Күтілетін нәтижелер

Білім беру жүйесі өзекті мазмұны мен нәтижелі білім беру процесі арқасында отандық жұмыс берушілердің сеніміне және қоғам тануына ие болған біліктіліктің барлық деңгейлерінде еңбек ресурстарының тиімді жеткізушісі болады. Білім беру сапасының көрсеткіштері жақсарады; 2025 жылға қарай PISA тесті деректері бойынша орта мектеп білімінің сапасын бағалау математика бойынша 460-тан 480-ге дейін, оқу бойынша 427-ден 450-ге дейін, ғылым бойынша 456-дан 490-ға дейін болады.

Реформа еңбек өнімділігінің артуы, экономиканың сапалы даму қажеттіліктерін қанағаттандыратын дағдылардың болуы, тиімді еңбек мүмкіндігі мен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері арқасында жылдам экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білікті кадрлардың жеткілікті мөлшерін жұмыспен қамту бойынша ұсыныстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еңбек нарығы бейресми және нәтижесіз жұмыспен қамтудың төмен деңгейі кезінде формалды етудің жоғары дәрежесімен сипатталады. Елдің еңбек ресурстары еңбек нарығы мен экономиканың өзгермелі жағдайына тез бейімделуге қабілеті кәсіби және географиялық тұрғыдан ұтқыр болады. Тиімді жұмыс істеп тұрған еңбек нарығы институттары әрбір қызметкер үшін ең жақсы орын табуға және оның жеке әлеуетінің барынша ашылуына мүмкіндік береді. Жүргізіліп отырған реформа экономикаға аз өнімді жұмыс орындарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық тобын тартуға және 2025 жылы оның үлесін аз қамтылған халықтың 40%-ының кірісін халықтың жалпы табысынан 22, 8%-дан 27%-ға дейін көтере отырып өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 16%-дан 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Шетелдік жоғары білікті мамандарды қысқа мерзімді кезеңде тарту еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал шетелдік профессионалдар үшін нарықтың ашықтығы қазақстандық қызметкерлерге шетелден озық кәсіби тәжірибенің берілуіне ықпал ететін болады.



2-реформа. Технологиялық жаңарту мен цифрландыру
Реформаның мәні: Реформа қазіргі салалар мен тұтастай экономиканың өнімділігін ұлғайтуға, сондай-ақ оның күрделілігін арттыруға бағытталған. Шығындардың төмендеуі, тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің артуы, салалардың әртараптандырылуы және жоғары өнімді жұмыс орындары санының өсуі негізгі нәтиже болады.

2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:

барынша жоғары өнімділік пен ғылыми қарқындылық есебінен өсуге ресурстардың көп мөлшерін тарту есебінен экономикалық өсуден;

өңдеуші салалардағы өнімділікті барлық салаларға қолжетімді технологиялық қайта жарақтандыру мен цифрландыруға ұлғайтуға назар аударудан;

Үкіметтің қорғауымен және бақылауымен шетелдік технологияларды трансферттеу, бейімдеу және өз технологияларын дамыту үшін орта құруға алдыңғы қатарлы технологияларды дамытудан қол жеткізілетін болады.



Алдағы міндеттер

Реформа алдында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың технологиялық жаңаруы мен цифрлауын қамтамасыз ету арқылы өнімділікті арттыру бойынша міндет тұр. Қысқа мерзімді кезеңде реформа бүгінгі таңдағы экономика мен салаларды технологиялық жаңартуды және цифрландыруды іске қосуға бағытталатын болады, ол барынша ұзақ мерзімді перспективада жаңа жоғары технологиялық цифрлық экономиканы қалыптастыру үшін негіз жасауға мүмкіндік береді.


«Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру» басымдығы
Технологиялық жаңғырту қазіргі кәсіпорындардың өнімділігін арттырады, оларды сыртқы нарықтарда барынша заманауи және бәсекеге қабілетті етеді. Жаңа технологиялар жергілікті старт-аптартар ретінде де, сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан шетелдік компаниялар ретінде де жаңа жоғары өнімді кәсіпорындардың пайда болуының іргетасы болады.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін сақтауың және дамытудың кілті – мемлекет пен бизнестің, оның ішінде ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистикалық инфрақұрылымы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру және ақпараттық-коммуникаицялық технологиялар сияқты басым бағыт салаларындағы бірлескен күш-жігермен цифрлық құрамдауышты дамыту болып табылады.

Аталған басымдық шеңберінде мынадай міндеттер:

болашақ технологияларды дамыту;

инфрақұрылымды дамыту және цифрландыруға арналған заңнама;

жоғары өнімді технологиялық компанияларды тарту іске асырылатын болады.


«Болашақ технологияларын дамыту» міндеті

Өнеркәсіпті одан әрі жаңғыртудың маңызды бағыты – төртінші өнеркәсіп революциясы немесе 4.0 индустриясы деп аталатын элементтер қолданылатын базалық салаларды технологиялық қайта жабдықтау бойынша шаралар кешенін іске асыру. Цифрлық шешімдерді енгізу барлық физикалық активтерді түпкілікті цифрландыру және оларды цифрлық экожүйеге интеграциялау үшін негіз болады, бұл жаппай өндірістен жаппай дараландыруға өтуге, өндіріс икемділігін арттыруға, жаңа өнімдерге уақытты қысқартуға, логистикалық процестерді жеделдетуге ықпал етеді, ол жаңа бизнес моделдерін іске асыруға және клиенттермен жұмыс істеудің жеке тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. 4.0 индустриясы технологияларын әлемдiк практикада белсенді қолдану салалардағы өнiмдiлiкті 5-8%-ға, ал кейбір жағдайларда 15% -ға дейiн (машина жасау) ұлғайтуға алып келеді. 4.0 индустриясы технологиялары өнеркәсіптік салалардың капиталды қажет ететін кең базасы бар елдер үшін өте маңызды.

Салаларды технологиялық даму деңгейін арттыру үшін:

жаңа отандық технологияларды әзірлеуге және шетелдік технологияларды оқшаулауға сұраныс жасау, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс/сатып алу арқылы іске асыруға;

жаңа технологияларды енгізуге қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға;

жаңа технологияларды коммерциализациялау және трансферттеуді қаржылық қолдауға;

техникалар сараптамасын, технологиялар бойынша консультациялық қызметтерді және салаларда/секторларда алдын-ала бекітілген технологиялық шешімдерді қалыптастыруды қамтитын сараптамалық сүйемелдеуге бағытталған салалардағы тиісті технологиялық саясаттарды анықтау және іске асыру қажет.

Цифрландыруды дамыту үшін нарықтағы ойыншылар тарапынан цифрлық технологияға сұранысты ынталандыру маңызды. Оларды қолдануды мүмкіндігінше тиімді ету үшін жағдайлар жасау қажет, бұл олардың тартымдылығын арттырады. Мысалы, онлайн төлем процестерін жеңілдету электрондық коммерцияны, сондай-ақ салалас салаларды жедел дамыту үшін жағдайлар жасауға көмектеседі: қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы, цифрлық банктік қызметтер, бизнес үшін ұйымдастырушылық және логистикалық цифрлық шешімдер және т.б.



2.1 «Технологиялық процестерді стандарттау» бастамасы. Бәсекелестіктің артуына қарай стандарттар саясаты елдің ғылыми-техникалық прогресін одан әрі нығайтуға бағытталатын болады. Атап айтқанда, ұлттық стандарттарды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес үнемі жаңарту, салалық мемлекеттік органдарда стандарттау бойынша жекелеген құрылымдық бөлімшелерді құру, кәсіпорындарды заманауи стандарттарды алу және технологиялық құзыреттіліктерді арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру құралдарын кеңейту, аккредиттелген зертханалар желісін дамыту қамтамасыз етілетін болады. Технологиялық процестер, олардың арасындағы интерфейстер мен хаттамалар (мысалы, RFID, 4G немесе TCP / IP сияқты) стандартталатын болады. Бұл бастама қарапайымдылықты және енгізудің ең аз уақытын қамтамасыз ете отырып заманауи 4.0 индустриясы технологиясын пайдалануға енгізу процесін жеңілдетеді және өнеркәсіптік өндірістің қолданыстағы тізбектеріндегі «ақылды зауыттарды» интеграциялауды жеделдетеді. Бұдан басқа, кәсіпорындарды технологиялық жаңарту және экономиканың базалық салаларында құзыреттіліктерді оқшаулау үшін мемлекеттік тапсырыстың ішкі ресурстары пайдаланылатын болады. Жобалық тәсілдер шеңберінде стандарттар, сатып алу, мемлекеттік қолдау шаралары, сараптамалық сүйемелдеу (құзыреттіліктерді арттыру) саясаттарын қоса алғанда салалардағы технологиялық саясатты іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар мен даму институттарының функцияларын нақтылау бойынша дәйекті жұмыс жүргізілетін болады.

2.2 «I4.0 құзыреттіліктер орталығын құру» бастамасы. Инновациялық шешімдерді ауқымдандыру, ел бойынша өндірістер арасында 4.0 индустрисы технологияларын сипаттау және тарату үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктер негізінде құзыреттіліктер орталықтары мен пилотты алаңдар құрылатын болады. Аталған орталықтар ірі жергілікті және шетелдік өнеркәсіптік компаниялармен әріптестік шеңберінде ұйымдастырылады және жаңа технологияларды тестілеуге, оларды пайдаланудың практикалық тәжірибесін беруге, қажетті ұйымдастырушылық өзгерістерге және т.б. арналған алаң болады.

2.3 «Модельді цифрлық фабрикаларды құру» бастамасы. МЖӘ негізінде модельдік цифрлық фабрикалар құру жоспарланып отыр, бұл 4.0 индустриясы технологиясын енгізуді көздейді және ол өндіріске цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігін көрсететін болады.

2.4 «Компанияларды жабдықтарды жаңартуға ынталандыру» бастамасы. Өндірісті жаңғыртуға және жаңа шешімдерді (мысалы, 3D принтерлер, автоматтандырылған дрондар, сенсорлар және т.б.) сатып алу үшін қажетті жабдықтарды жаңартуға байланысты компанияларды ынталандыру шаралары әзірленеді және енгізіледі. Бұл шаралар қаржылық және қаржылық емес жеңілдіктерді, ақпараттық қолдауды және т.б. қамтиды. Корпоративтік және өңірлік қайта даярлау, біліктілікті арттыру және өнеркәсіптік кәсіпорын персоналының жаңа технологияларды игеруі бағдарламаларына қолдау көрсетілетін болады.

2.5 «Технологиялар трансферін ынталандыру» бастамасы. Мемлекет саланың технологиялық міндеттері мен стратегиялық проблемаларын айқындау бойынша жұмыс жүргізетін кәсіпорындармен бірлесіп технологиялар трансфері бойынша басым салаларды айқындайды. Білім трансфері мәдениетін, құзыреттіліктер мен технологияларды дамыту мақсатында өз білімдерін жұмыс беруші не өз фирмаларын құру арқылы жергілікті компанияларға және «стартаптарға» беретін шетелдік АТ-да және жоғары технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың пулдары тартылатын болады.

Технологиялар трансферіне қатысты мемлекеттік пен жеке бизнестің өзара байланысы тұрғысында кері технологиялар трансферін (reverse technology transfer) дамыту мақсатында шетелде жоғары технологиялық бизнесті сатып алатын қазақстандық компанияларды мемлекеттік қолдау бойынша тетік көзделетін болады. Әлемдік тәжірибеде дамушы елдердің компаниялары дамыған елдер активтерін сатып алатын көптеген прецеденттер бар.



2.6 «Технологиялық брокерлерді тарту» бастамасы. Елге заманауи технологиялардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында B2B (бизнеске арналған бизнес) форматында технологиялық брокерлік бойынша қызметтердің кең спектрін ұсыну бойынша жұмыс күшейтіледі және технологиялық брокерлер пулы қалыптастырылады. Технологиялық брокерлердің міндеті кәсіпорындар диагностикасын жүргізу, ынтымақтастық пен трансфер нысаны бойынша консультация және оқыту, жаңа технологияларды енгізуге қатысты ұсынымдар беру, мамандар мен әріптестерді тарту болып табылады. Кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыру үшін технологиялар трансферінің халықаралық желісіне қосылу арқылы алдыңғы қатарлы технологияларды скаутинг (іздеу) жүргізіледі. Бұл ретте, скаутингтерді енгізу инновациялық технологиялық шешімдерге мұқтаж кәсіпорындардың талаптарына байланысты болады. Бұл бастама бойынша жұмыстар «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өзектендірілітен болады.

2.7 «Жобаларға технологиялық сараптама жүргізу» бастамасы. Мемлекеттік бюджеттен қолдау табатын өңдеу өнеркәсібі жобаларына технологиялық сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдері /өлшемдері енгізіледі. Өндіріс пен өнімділіктің төмен рентабельді қолдау тапқан жобалар үлесі барынша қысқартылады.

2.8 «Жасыл технологияларды дамыту» бастамасы. Жаңа технологияларды таңдағанда және енгізген кезде шетелде энергия тиімді және ақылды деп танылған, климаттық жарамдылығы мен оларды Қазақстан жағдайында пайдаланудың экономикалық тиімділігі басымдық болып танылады. Электр энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қоса алғанда, генерацияның жаңа қуат көздері енгізіледі, бұл электр энергиясына сұраныстың артуына және ескі электр станцияларын пайдаланудан шығаруға байланысты өзекті болып табылады.

«Жасыл технологияларды» енгізудің негізгі факторлары заманауи стандарттарды енгізу, энергия тиімділікті арттыру және энергиягенерациялау станцияларының пайдалану шығындарын төмендету болып табылады.

Бұл үшін ішкі және халықаралық қаржыландырудың жеткілікті көлемі жұмылдырылады және қажетті инвестицияларға қолдау көрсетуге бағытталған қаржылық қызметтер құрылатын болады.

Жасыл жобаларды қаржыландыру бойынша жаңа құралдар (атап айтқанда «жасыл» облигациялар шығарылымы) АХҚО базасында құрылатын болады.

Қазақстанның технологияларды трансферттеу жөніндегі бастамасын іске асыру жалғасатын болады - «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы және оның логикалық жалғасы ретінде энергетикалық секторды трансформациялауға «жасыл» бизнеске көшуге, «жасыл» технологиялар мен үздік тәжірибелерді беруге және бейімдеуге және «жасыл» қаржыландыруды дамытуға қолдау көрсететін «Жасыл» технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық (бұдан әрі - ЖTХО) құрылатын болады.
«Инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру үшін кедергілерді жою» міндеті

Экономиканы цифрландыруды дамыту үшін телекоммуникациялар құралдарының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қажет. Желімен қамту және қол жеткізу сапасы, өткізу қабілеті ұлғайтылып, заңнамалық және әкімшілік кедергілер азайтылатын болады.



2.9 «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бастамасы. Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру бойынша жағдайлар жасау үшін сенімді, қол жетімді және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамыту жалғасатын болады. Ауылдардың цифрлық теңсіздігін төмендету мақсатында 1 227 ең перспективалы ауылдық елді мекен үшін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қол жетімділік қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, халықтың 95% цифрлық эфирлік хабарлармен қамтамасыз етілетін болады.

2.10 «Технологияларды дамыту үшін заңнамалық жағдайларды қамтамасыз ету» бастамасы. барынша қолайлы технологияларды пайдалануды стандарттау, өнертабу мен шешімдерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті заңнамалық шектеулер сияқты болашақ технологияларды дамытуды және экономиканы цифрландыруды ынталандыратын заңнамалық өзгерістер қабылданатын болады.

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет