Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі



бет1/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет «Экономика және құқық»

Кафедра «Есеп және аудит»



«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің тәжірибелік сабақ өткізуі бойынша әдістемелік нұсқау

5В050800 «Есеп және аудит» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН



Семей 2016

1. ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші Сарсенбаева А.А. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы

Әдімтемелік нұсқау «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша тәжірибелік сабақтардыжүргізу үшін 5В050800 «Eceп және аудит» мамандығының 2,3 курс студенттеріне арналған


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама №10 «05 » 05. 2016 ж.

2.Әдістемелік нұсқау оқу үрдісінде қолданылу үшін Экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде.

Хаттама № 5 «13» 05. 2016ж.
Төрайымы ______________ Н. Газизова

Мазмұны

Алғы сөз

Тәжірибелік сабақ 1.Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Қазақ тіліндегі бухгалтерлік есепке байланысты терминдер.

Тәжірибелік сабақ 2.Қазақ тілінің орфографиясы


Тәжірибелік сабақ 3.Тұсаукесерде. Бухгалтерлік есептің негіздеріне кіріспе

Тәжірибелік сабақ 4. Іскерлік кездесулер. Сөйлеу мәдениеті. Сөз тазалығы

Тәжірибелік сабақ 5.Орфоэпия. Сөз байлығы. Келіссөз жүргізу этикеті

Тәжірибелік сабақ 6.Сөз қисындылығы. Мәміле жасау мәдениеті және оны рәсімдеу

Тәжірибелік сабақ 7.Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет. Мамандыққа байланысты лексика

Тәжірибелік сабақ 8.Компания (фирма) тұсаукесері. Қазақ тілінің лексикасы. Отандық тауарлар көрмесі

Тәжірибелік сабақ 9. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу. Құжаттарды толтыруға байланысты пунктуациялық ережелер

Тәжірибелік сабақ 10.. Директорлар кеңесінің мәжілісінде (құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру). Жиналыс, мәжіліс, отырыс өткізуге байланысты лексика.

Тәжірибелік сабақ 11. Іскерлік кездесулер. Бейвербалдық тілдік қатынас құралы

Тәжірибелік сабақ 12. Жаңа кәсіби терминдермен жұмыс. Терминдердің қолдану аясы мен маңызы.

Тәжірибелік сабақ 13Салық комитетінде қазақ тілінде құжаттарды жүргізу. Әдеби тіл нормалары

Тәжірибелік сабақ 14. Банктегі қазақ тілі. Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшелігі. Есеп беру үлгілері

Тәжірибелік сабақ 15. Іссапардағы қазақ тілі. Ойды дәлелдеу. Сөз қисындылығы. Баяндама жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер

Алғы сөз
Тәжірибелік сабақтардың сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағанда студеннтер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Тәжірибелік сабақтардың бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең уғыну, мәселерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау.

Тәжірибелік сабаққа дайындықтың бастауы ― әдебиетпен жұсым істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Тәжірибелік сабақтардың өзінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпөқырлығымен ерекшеленеді.


«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін қолдана отырып, коммуникативті-функционалды бағытын дамыту. Мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны толықтыру.

Пәннің басты мақсаты – студенттерді кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және еліміздің мемлекеттік тілін толықтай меңгерген, басқарушылық және бухгалтерлік есептерді мемлекеттік тілде жүргізе білу және өз мамандығы аясында кәсіби түрде сөйлей білу.

Кәсіби қазақ тілінің мақсаты – болашақ бухгалтерлер мен аудиторларға іскери қатысылымдылықтың негізінен мағлұмат беру, студенттерді экономикалық ортада іскерлік қарым-қатынасқа үйрету, терминдермен жұмыс жасай білу.

Тәжірибелік сабақтар.

1-тақарып: Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері

Тірек сөздері: іскерлік әлемі, іскери қарым-қатынас, кәсіпкер, кәсіби, кәсіптік, тәуекел, әріптес, сөзжасам, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, дәлдік, негіз, ақпарат, ақпараттық жүйе, жобалау, дерекқор (деректер базасы), сараптау, жаңа технологияларды енгізу, экономикалық ақпаратты өңдеу, мамандық, мамандандыру, біліктілікті арттыру, ақпаратты сақтау мен өңдеудің осы заманғы әдістері, ұстаным, келісімшарт, көзқарас, қамтамасыз ету.


Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.



1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Іскерлік әлемі

Іскерлік (тапқырлық) кәсіпкердің бір-бірімен байланысты 4 қызметі арқылы сипатталады. Олар:


  • кәсіпкер жер, капитал және еңбек ресурстарын өндіріс пен қызмет үдерісінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;

  • кәсіпкер бизнесті ұйымдастыру және жүргізу үдерісінде кәсіпорынның әрекет ету бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін өзіне міндеттеме алады;

  • кәсіпкерлер – жаңашыл коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы зор адамдар;

  • кәсіпкерлер – тәуекелге бел буған адамдар.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: кәсіпкер өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәуекелге барады.Іскер адамдардың алдында жаңалық енгізудің көздерін, сондай-ақ табысқа қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін өзгерістері мен белгілерін мақсатты түрде іздеп табу міндеті тұр. Сол сияқты тапқыр адамдардың жаңалық енгізудің негізінде ойдағыдай шешілген принциптерді білулері және пайдалана алулары қажет. Инновациялық шешімнің басты мақсаты – жұмсалған ресурстардан алынатын өтемді арттыру. Қазіргі экономикалық пайымдауда жаңалық – тұтынушылардың ресурстардан алынатын бағалылығы мен пайданы өзгертетін құбылыс.
2-тапсырма. Ойтүркі. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?

ә) Әлдебіреудің фирма компаниясында жұмыс істей бергіңіз келе ме?

3-тапсырма. Айтыңыз.

Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а) егер өз ісіңізді бастасаңыз,

ә) басқа фирма компанияда, бюджетте істейтін болсаңы,



.............

............



.............

.............



4-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Егер өз ісіңізді бастайтын болсаңыз, қаржыны қайдан аласыз?



Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а) жинаған қаржымды жұмсаймын;

ә) әкемнен қаржы сұраймын;

б) туысымнан қаржы сұраймын;

в) достарымнан қаржы сұраймын;

г) достарыммен бірігемін;

ғ) демеуші (спонсор) іздеймін;

д) әріптес іздеймін;

е) инвестор іздеймін;

ё) үйімді сатамын, вагонеткада тұра тұрамын.


.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............



.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

............



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет