Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010



бет1/5
Дата19.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#10614
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы
      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.



2.Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;



2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.


Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

     
Қазақстан Республикасының     

Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



  1. Бағдарламаның Паспорты


Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 ж. № 423; 12.08.2014 N 893 Жарлықтарымен.


Бағдарламаның

атауы 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Әзірлеу үшін      

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
негіз Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 
Жарлығы;

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 957 
Жарлығы


Бағдарламаны

әзірлеуші   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым        министрлігі

Мақсаты 

Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру


Бағдарламалық 

мақсаттар 

білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз         етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

педагог мамандығының беделін көтеру;

білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық
жүйесін қалыптастыру;

білім беру процесінің барлық қатысушыларының


үздік білім беру ресурстары мен технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне
қажеттілігін қанағаттандыру;

жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан


Республикасының зияткерлік, дене бітімі және
рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге
қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту
моделіне көшу;

қоғамның және экономиканың индустриялық -инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі –
ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру
кеңістігіне бірігу;


еңбек нарығының, еліміздің индустриялық -инновациялық даму міндеттері мен жеке
тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және
білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге
сай келетін жоғары білім сапасының жоғары
деңгейіне қол жеткізу;

өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін


қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,


әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді,
жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді
қалыптастыру

 Міндеттері         

сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға
бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа
тетіктерін әзірлеу;

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен


қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды күшейту;

білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның


ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу,
білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін
қалыптастыру;
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін
жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды
ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;

2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды


даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын


жаңарту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын
кадрлармен қамтамасыз ету;

12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру


мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ)


проблемаларын шешу;

мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін


жетілдіру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының
құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың


инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;

еліміздің индустриялық-инновациялық даму
жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз
ету;
жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді
қамтамасыз ету;

білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін


қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен
технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін
жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және
ғылыми–педагог кадрларды даярлау;

өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай


жасау;
жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және олардың
азаматтық белсенділігін, әлеуметтік
жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін
қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке


дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі
бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз
ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және
халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере
отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті
желісін ұлғайту;

мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы


проблемаларын шешу үшін қажетті
қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;

мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен


толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың
біліктілігін тұрақты түрде арттыру;

инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі
ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен,
көтергіштермен, лифтілермен және т.б.
жарақтандыру);
оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын
енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын
жаңарту



Іске асыру мерзімдері     

(кезеңдері)            

2011 – 2020 жылдар      

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:

бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;

екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.



Нысаналы 

индикаторлар

ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан       басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері
енгізілген;
педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және
бірінші санаты бар жоғары білікті педагог
қызметкерлердің үлесі - 54%;

білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық


кеңестер құрылған;

білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы


менеджмент саласында біліктілігін арттырған және
қайта даярлаудан өткен;

орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық


оқыту жүйесі пайдаланылады;

2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар


мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100%
қамтамасыз етілетін болады;

12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге


асырылған;
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі
мектептердің саны - 20;

бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 70 %;

қазақстандық жалпы білім беретін мектептер
оқушыларының халықаралық салыстырмалы
зерттеулердегі нәтижелері:

оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі


халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және
8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12 орын, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеу» (PIRLS) - 10-15 орын;

мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті


білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің
үлесі – 70 %;

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби


даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті
беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің
үлесі - 80%;

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру


тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды
бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен
қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың
үлесі – 80 %;

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен


өткен колледждердің үлесі – 30 %;

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті


тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары
бітірушілердің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %;

жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру


тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80
%-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл
ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;
әлемнің үздік университеттері рейтингінде
көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының
саны – 2;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық


институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу
орындарының үлесі – 65 %;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық


мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу
орындарының үлесі – 30 %;

отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін


өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды
біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге
асыратын жоғары оқу орындарының үлесі - 13%;

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда


жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы
құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %;

барлық жастағы адамдар үшін білім берудің әртүрлі


нысандары мен типтері енгізіледі;

жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен


патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске
асыруға белсенді түрде қатысатын болады.

Қаржыландыру

көздері мен  көлемі   

Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру 509,7 млрд. теңгені көлемі құрайды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті


жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін
дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге
асырылатын болады.

     
2. Кіріспе



Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ ерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:   макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;

зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
3. Ағымдағы жай-күйді талдау

Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2014  N 893 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.



2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.

Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.



Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.

Тәуелсіз сыртқы бағалау элементтерін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.

Республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу басталды.

Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.

2009 жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 – лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрі – ЛМК), 10 физика кабинеті, 78 химия кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті тақталармен толықтырылды. Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық мультимедиалық кабинеттері бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейіп отыр.

Білім беру сапасы арттырылуда.

Инклюзивті білім дамуда.

Орта мектептің балаларын тегін тамақтандыру және жеткізу мәселелері баяу шешілуде.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.

Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.

Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді.

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептердің желісі құрылды. Қазіргі уақытта республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді.

6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.

Ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – «Назарбаев Университеті» құрылды.

Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейін ұлғайтылды.

Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнің 27 елінде оқиды.

Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.

Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйінде қалып отыр.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда 7 жасқа дейінгі балалардың 70%-ын қамтитын Орталық Азиядағы ең үздік білім беру жүйесі болды.

1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) "оңтайландыру" кезеңінде жекешелендірілді, балабақша ғимараттарының бір бөлігі қараусыз қалып, бұзылды. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалардың саны 1144-ке дейін азайды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 644,3 мың бала барады.

Халықаралық (Германиядағы, Жапониядағы және т.б.) тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен көбірек қамту мақсатында белсенді түрде шағын орталықтар ашылуда (шағын орталықтар - 63,5%, балабақшалар - 36,4%).

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.

Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.

Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.

Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген.

Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

2010-2014 жылдар аралығындағы үш жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны құрылыс, жекеменшік балабақшалар ашу және бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру, тұрғын үй кешендерінің 1-қабатында ашу сияқты өзге де енгізу тәсілдері есебінен 288,3 мың орындық 4 мыңнан астам бірлікке (1211 балабақша және 2811 шағын орталық) өсті.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2010 жылдан бастап 16,5%-ға өсіп, 71,5%-ды құрады.

Сонымен бірге елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік барлық өңірлерде байқалды.

2010 жылдан бастап балабақшаларда орын күтушілердің саны 34,9 мың балаға өсті және қазіргі уақытта 406,6 мың баланы құрады, олардың 3-6 жастағы 196,6 мыңы мектепке дейінгі ұйымда орын алуға тіркелген.

Елдегі демографиялық процестер - республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында орын алуға кезектің өсуінің айқындаушы факторларының бірі.
      Қазақстанда соңғы 20 жылдағы бала тууды талдау: 1990 және 1999 жылдар аралығында туу деңгейінің төмендегенін, ал 2000 жылдан 2013 жылға дейін туу деңгейінің орташа есеппен 13 мың адамға өскенін көрсетті, бұл кейін мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға кезектің жылына 5-7%-ға өсуіне әкеледі.

2013 жылы ең көп бала саны Астана қаласында (4978), Алматы (11254) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (20448) туылған. Жалпы республика бойынша халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2716 адамды құрады.

Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін демографиялық процестерге байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін.
      Демографиялық процестердің оң серпіні орын алған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілік туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны артады.

Тәуекел деңгейін төмендету үшін балаларды қамтудың артуы және мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды қаржыландыру көрсеткіштерін жыл сайынғы нақтылау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) жандандыру қажет.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Бұл мынадай проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талаптарына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі.

Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:

1) мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;

2) консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;

3) мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту;

4) балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі мектепте оқуға дайындау үшін ең қолайлы жас екенін көрсетіп отыр. Осылайша, Францияда мектепке дейінгі білім беру міндетті болып табылмайды, бірақ 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Мұндай жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда орын алған. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы қазақстандық құрылымға ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін, балабақшалар - 3-тен 6-7 жасқа дейін.

Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.

Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін республикада ата-аналарға арналған 1046 консультативтік пункт жұмыс істейді.

Ел Президентінің халыққа жолдауы жаңа мәдениет пен миссияға ие, үш тілді (мемлекеттік, ұлтаралық келісім мен қатынас тілі ретінде орыс және шет тілі) меңгерген жаңа форматтағы адам тәрбиелеуді көздейді.

1867 (59,6%) балабақша және жалпы контингенті 340,4 мың баланы құрайтын 3780 (69,2%) шағын орталықта тәрбиелеу-білім беру процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады.

310 балабақшада (9,9%) және 1682 шағын орталықта (29,8%) 92,1 мың бала орыс тілінде, 948 балабақшада (30,3%) 211,5 мың бала орыс және қазақ тілдерінде және 3 балабақшада (0,1%) 267 бала өзбек тілінде тәрбиеленуде.

Мемлекеттік тіл мәртебесінің артуы қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті емес ұлт балалары санының өсуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда оларда орыс және басқа ұлттардың 93 мыңнан астам баласы тәрбиеленуде.

Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 60422 адам (12957 - шағын орталықтардың педагогтері) еңбек етеді, оның ішінде жас педагогтер саны - 18387 адам.

Білім деңгейі: 58%-ы жоғары білімді, бұл ретте арнайы мектепке дейінгі - 21,2%, орта арнаулы - 37,9%, оның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі барлар - 53%.

Қайта даярлау курстарынан өткен педагогтердің үлесі, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлер, дефектологтер, логопедтер, психологтер және басқалары 26,1%-ды құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың және енгізудің 2014-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін кадрларға қажеттілік - 25607 адамды (тәрбиешілер - 14952, психологтер - 2724, басқа мамандар - 4894, басшылар - 3037) құрайды, ол колледждер (8097 адам) мен ЖОО (37200 адам) түлектері есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың (мектепке дейінгі жоғары білімі бар) педагогтермен қамтамасыз етілуін талдау негізінен педагогтердің жоғары педагогикалық білімі бейіні бойынша емес екендігін көрсетіліп отыр. Бұл ретте аталған педагогтердің 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар.

Мектепке дейінгі ұйымдардың 56795 педагогі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамында (бұдан әрі -"Өрлеу" БАҰО" АҚ) 2020 жылға дейін қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарымен жоспарлы түрде қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға медициналық бикеге 1,5 мөлшерлеме және диеталық бикеге 0,5 мөлшерлеме қарастырылған. Ұйымдарда физиотерапия кабинеттері бар, балаларды дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту бойынша міндеттерді орындайтын дәрігер қызметіне бір штаттық бірлік қарастырылады.

Шағын орталықтарда, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектепке дейінгі жастағы балаларға медициналық қызмет көрсету аумақтық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) арқылы жүзеге асады.

Баяндалғанды ескере отырып, мынадай күшті және әлсіз жақтарын атап көрсетуге болады.

Күшті жақтары: мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан орналастыру жекеше секторды білім беру саласына тартуды жалғастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру айтарлықтай өседі (5%-дан 15%-ға дейін). Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасы, оның ішінде кадр құрамы жақсарады. Бағдарлама 120 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі (2014 ж. - 17,8 мың адам, 2015 ж. - 14,8 мың адам, 2016 ж. -15,2 мың адам, 2017 ж. - 11,8 мың адам, 2018 ж. - 13 мың адам, 2019 ж. - 18,2 мың адам, 2020 ж. - 37,9 мың адам).

Әлсіз жақтары: мектепке дейінгі ұйымдардың желісі, негізінен, үлгілік балабақшалардың құрылысын салу есебінен емес, баламалы желі (шағын орталықтар, мектепке дейінгі ұйым ашуға болатын бос тұрған ғимаратты ыңғайластыру, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және т.б.) есебінен өседі.



Каталог: upload
upload -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет