Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата26.08.2017
өлшемі89,99 Kb.
#29642
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында 2012 жылы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

2011 жыл ішінде облыста атқарылған жұмыстарға қорытынды жасау мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен 2012 жылдың 31 қаңтарында басқарманың кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді. Онда облыста тіл туралы заңнамалардың сақталуы талқыланып, кемшіліктерді болдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Басқарманың негізгі құзыреттерінің бірі – облыс көлемінде тіл туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау.

Осы мақсатта жыл ішінде Қызылорда қалалық және аудандық әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалуына тексеру жүргізілді. Тексеру жүргізілген 89 мемлекеттік мекемелердің барлығы да «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне» сәйкес - тәуекел дәрежесінің болмашы тобы деңгейіне, яғни, бес жылда бір рет тексерілетін объектілер қатарына жатқызылды.

Жылдың І тоқсанында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасына сәйкес қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің оқытылу сапасына және тіл туралы заңнамалардың орындалуына талдау жүргізу мақсатында Қызылорда қаласындағы 40 мектеп пен 7 балабақшаға сараптау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігіне ұсыныс хат жолданып, кемшіліктер жойылды.

2012 жылдың қорытындысымен облыс, қала, аудан әкімі аппараттары бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, жергілікті басқармаларда 99,5 пайызды, ал аумақтық басқармалар мен департаменттерде 99 пайызды құрады.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында басқарма тарапынан 7 облыстық байқау, 1 фестиваль, 2 олимпиада, 2 семинар, 2 дөңгелек үстел отырысы, 3 акция өткізілді.

Республикалық түрлі шараларға қатысқан бірқатар қызылордалықтар жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, орыс жастары арасында өткен республикалық «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты қазақ тілі білгірлерінің сайысында Жаңақорған ауданындағы № 169 мектептің 9 сынып оқушысы Л. Жидкова бас жүлдені, үш тілде өткен «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасында Қызылорда қаласының дарынды балаларға арналған № 2 «Мұрагер» орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л. Байтоқаева жүлделі І орынды, ақиық ақын М. Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық байқауда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ІV курс студенті М. Айтбай жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Кәнекей, тілім, сөйлеші!» атты республикалық байқауда М. Сүгірбай «Қаз дауысты Қазыбек би» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.


Облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында тіл тақырыбы кеңінен насихатталып келеді.

Басқарманың ұсынысымен жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан айына 4 рет тұрақты ұйымдастырылса, Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы қазақ тілін үйренуге ынта білдірген өзге этнос өкілдері мен қазақ тілін білмейтін басқа да азаматтар үшін «Қазақ тілін үйренейік!» атты телесабақтар айына 2 рет жүргізілді.



Осылармен қоса облыстық телеарнадан ай сайын тіл жанашырларының, филолог ғалымдардың қатысуымен «Тіл-таным» атты танымдық телебағдарлама берілуде. Мамыр-тамыз айлары аралығында осы телеарна арқылы «Қазақша сөйлесейік» атты бейнеролик тәулігіне 4 рет көпшілік назарына ұсынылса, қыркүйек айында «Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы» атты бейнеролик тәулігіне 4 рет, қараша, желтоқсан айларында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты бейнеролик тәулігіне 3 рет көрсетілді.

2012 жылы облыс орталығында тілге қатысты 3 бірдей республикалық деңгейде шаралар - Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының көшпелі республикалық семинар-кеңесі, Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп оқыту және тәжірибе алмасу республикалық семинары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетімен бірлесіп үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасы өткізілді.

Басқарманың мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру мақсатында берген ұсыныстарының нәтижесінде облыс әкімі «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік тіл саясатын жүргізу бағытында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті. Іс-шара жоспарының негізінде облыс әкімінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінде мемлекеттік тілде ресімделетін құжаттардың сапасын арттыру туралы», сондай-ақ, «Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу деңгейінің рейтингін анықтайтын сараптау комиссиясының құрамы мен әдістемесін бекіту туралы» өкімдері қабылданды. Осы құжат негізінде қала, аудан әкімдіктерінің мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жұмыстарының жылдық қорытындысы бойынша рейтингісі шығарылатын болады.

Аталған іс-шаралар жоспарының 5-тармағы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі, «Халықаралық» «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы және шетел инвестицияларының қатысуымен жұмыс жасайтын облыстағы ірі мұнай компаниялары арасында мемлекеттік тілді кеңінен қолданудағы өзара іс-қимыл мен әріптестік жайлы Меморандум әзірленіп, 1 қараша күні үшжақты келісімге салтанатты жағдайда қол қойылды.

Басқарманың бастамасымен облыстық әділет, ішкі істер департаменттері, көші-қон полициясы басқармасының қолдауымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тегіміз бен аты-жөнімізді мемлекеттік тілде жазуды көпшілікке насихаттау мақсатында «Ата-тек – ата-баба аманаты» атты акция жарияланды. Басқарма тарапынан есім қоюға байланысты жарнамалық көрнекі құралдар әзірленіп, АХАЖ бөлімдеріне, перзентханаларға таратылды.

Басқарманың ұсынысына сәйкес, жыл басында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының орындалуын бақылауға байланысты облыстық прокуратура мен облыс әкімдігі арасында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, түсіндіру, насихаттау және заңбұзушылықты жою жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін басқарма қызметкерлері 1124 нысанға (жеке шаруашылық субъектілері) түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 520 нысанда заңбұзушылық жойылды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптары бұзылуының алдын алу мақсатында «Қызылорда қаласының әкімі мен Қызылорда қаласы аумағында орналасқан жарнама агенттіктері басшыларының арасындағы бірлескен іс-қимыл мен әріптестік жайлы» үшжақты Меморандум қабылданды.

Осы бағыттағы жұмыстардың ықпалдылығын күшейту мақсатында «Нұр Отан» ХДП» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы жанынан «Таза тіл» жастар қоғамдық тобы құрылды. Бүгінде топ мүшелері 800 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, оның 677-не өз кемшіліктерін түзеуге ықпал жасады.

Топ мүшелерінің назарына іліккен, заңға қайшы көрнекі ақпараттар мен түрлі жарнамалардың суреттері жергілікті және республикалық тәуелсіз басылым беттерінде «Тілбұзарға тосқауыл!» атты айдармен жарияланды.

Тіл мерекесі қарсаңында «Таза тіл» жастар тобы Қызылорда қаласында тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсететін қоғамдық көліктерде «Тілге құрмет –елге құрмет» атты акциясын өткізді.

2012 жылғы 16 қарашада Астана қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жөніндегі «Таза тіл» тобының жұмысына айрықша тоқталып, күллі ел болып қолдауға лайық бастама екендігін атап өтті.

Басқарма тарапынан Қызылорда қаласының орталығында ескі атаулары алынбаған немесе жаңа және ескі атауы қатар ілінген көшелер немесе атауы тек орыс тілінде жазылған, атауларында грамматикалық және орфографиялық қателері бар көшелерге рейдтер жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде Қызылорда қаласы әкімдігіне ұсыныстар берілді.

Жыл ішінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтермен сәйкестендіруде қала, аудан әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, бүгінде бұл мәліметтер 100 пайыз сәйкестендірілді. Қазіргі таңда «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер статистика мәліметтерімен сәйкестендірілуде.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өңірдегі тілдік ахуалға талдау жасау мақсатында тәуелсіз «Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі арқылы әлеуметтік сауалнама жұмыстарын жүргіздік. Жүргізілген сауалнама қорытындысы жұмыс барысында пайдалану үшін қала, аудан әкімдеріне жолданды.

Сонымен қатар басқарма Халыққа қызмет көрсету орталығында және ІІ деңгейлік банктерде, олардың қызметін пайдаланушы азаматтар арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын зерделеу мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, нәтижесімен тіл заңнамаларын сақтай отырып, жұмыс жүргізу жөнінде аталған мекеме басшыларына ұсыныстар берілді.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көш басшылыққа үйрету мақсатында Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі жұмыс жасауда. Үйірме мүшелері жаз айларында Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы оқушылардың жазғы демалыс лагерьлеріне барып, тынығушылар арасында дебат ойындары мен семинар сабақтар, жергілікті атқарушы және өкілді органдары мен білім саласы, ҮЕҰ қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» айлығын өткізудің облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Тіл мерекесі облыс орталығында өткен «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестивалімен қорытындыланды.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, Астана қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының республикалық форумына Сыр өңірінен мемлекеттік тілді жетік меңгерген 10 өзге этнос өкілдері қатысты.

Республикалық форумның үндеуін біздің облыстан қатысқан делегация мүшесі, «Қоғам ТВ» телеарнасынын редакторы Елена Рыбина оқып, қорытындылады.

Форум аясында облыс атынан әзірленген көрме жұмысы ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

«Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК арқылы бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген топтар бойынша 96 мемлекеттік қызметші оқу курсынан өтсе, 72 мемлекеттік қызметші «Қазтест» – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша білімін жетілдірді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 қаулысымен бекітілген 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма мен тілдерді оқытудың өңірлік орталығы қызметкерлері «Қазтест» – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін түсіндіру мақсатында облыстық, аумақтық басқармалар мен департаменттерде, Қызылорда қалалық, аудандық әкімдіктер мен Байқоңыр қаласында және түрлі сала қызметкерлері арасында 31 іс-шара (семинарлар, семинар-тренингтер мен ақпараттық сағаттар) өткізілді.

2012 жылғы 22-25 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері байқау сынақтарын облыс бойынша 800-ге жуық адамға жүргізді.

2012 жылғы 7 желтоқсанда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрғалығымен, облыстық, аумақтық басқармалар мен департамент басшыларының және тілге жауапты мамандарының, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері орынбасарларының, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандарының, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының отырысы болып өтті. Онда облыстағы мемлекеттік тіл саясатының жүргізілу барысы сараланып, мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында әкімдіктер мен басқарма, департамент басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліс соңында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізіп отырған мекемелерді анықтап, оларды ынталандыру мақсатында өткізілген «Ең үздік қазақ тілді мекеме» байқауының қорытындысымен байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай 12 желтоқсан күні «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесе отырып этномәдени орталық жетекшілерінің, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің, «Таза тіл» жастар тобы мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігін нығайтудың кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Облыста мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда жыл ішінде республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-да мемлекеттік тіл туралы барлығы 178 мақала жарияланып, 63 телехабарлар таратылды.



2012 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға 11 млн 105 мың теңге қаржы, оның ішінде оқыту курстарын жүргізуге 7 млн. 50 мың теңге қаралса, 2013 жылы 11 млн 433 мың теңге, оның ішінде 7 млн 94 мың теңге оқыту курстарын жүргізуге бөлінді.
Каталог: sites -> default -> files -> documents
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> Ќызылорда облысындаєы
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет