Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы



Дата10.06.2017
өлшемі133,45 Kb.
«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Шығыс қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы

19 тамыздағы №218 қаулысын орындау туралы ақпарат

(2014 жылға)
1–тармақ. Саяси партиялармен бiрлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және iс-шаралар өткiзу

Тұрғындар арасында әлеуметтік түсініспеушілікті болдырмау мақсатында 2014 жылдың наурызында Зырян ауданының кәсіпкерлерімен бірінші кезектегі қажет тауарлардың бағаларын ұстау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 2014 жылдың наурыз-сәуірінде «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен бірлесіп «Түбіртекті талап ет-патриот бол» акциясы мектеп оқушылары арасында өткізілді.

Зырян ауданының білім беру бөлімімен «Нұр Отан» ХДП партиясының Зырян филиалымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша плакаттар мен суреттер конкурсы өткізілді.

«Нұр Отан» партиясының мүшелерімен шілде айында Соловьево ауылының тұрғындарымен «Бюджет қаражаттарын шығындау: шешімдерді қолдану және іске асыру. Мемлекеттік сатып алулар рәсімін өткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.



2–тармақ. Лицензияланатын қызмет түрлерiн және мемлекеттiк органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту жөнiндегi жұмысты жалғастыру

Жергілікті атқарушы органдармен лицензия беру «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылмаған. Жергілікті атқарушы органдармен берілетін рұқсаттар бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың рұқсат функцияларын қысқарту бойынша жоғарыдағы мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберіледі.



3-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, пресс-конференциялар, брифингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру

БАҚ басшылардың сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған баяндамалары өз жалғасын табуда. Өткен жылы 24 қаңтарда Зырян ауданында құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Заря Востока» газетінің 29.01.2014 жылғы № 5, «Ал істер күннен- күнге көп....»;

«Заря Востока» газетінің 05.03.2014 жылғы № 10, «ТҮКШ бөлімінің басшысы тілшілермен кездесті» атты мақала жарияланды;

«Заря Востока» газетінің 02.04.2014 жылғы № 14, Зырян ауданының сот төрағасымен брифинг өтті;

«Заря Востока» газетінің 2014 жылғы 23- сәуірдегі № 17 «Сот тілшілермен кездесті»;

«Заря Востока» газетінің 04.06.2014 жылғы № 23 «Елдің экономикалық мүддесін қорғауда 20 жыл»;

«Заря Востока» газетінің 2014 жылғы 30- шілдедегі № 31 «Сот тілшілермен кездесті»;

«Заря Востока» газетінің 06.08.2014 жылғы № 32 «ШҚО прокурорымен тікелей байланыс»;

«Заря Востока» газетінің 08.10.2014 жылғы № 41 «Ғасыр қылмысы»;

«Көктас таңы» газетінің 06.03.2014 жылғы № 9 «Талай өзгерістер болмақ»;

«Көктас таңы» газетінің 01.05.2014 жылғы № 17 «Малға да қарау қажет»;

«Пульс Зыряновска» газетінің 17.07.2014 жылғы № 17 «Көңіл бөлу аймағындағы мәселелер мен жоспарлар»;

Зырян және Серебрянск қалалалары әкім аппараттарымен өткізілген іс-шаралар тұрақты түрде «Пульс Зыряновска» газеті мен «Заря Востока» газетінде басылып тұрады және Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады.



27.03.2014 ж

Зырян ауданының сот төрағасымен брифинг

18.04.2014 ж

Зырян ауданының сот төрешілерімен баспасөз конференциясы

26.06.2014 ж

Білім беру бөлімінің басшысы С.С.Винивитинмен баспасөз конференциясы

4-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тақырыптық айдарлар, теледидар бағдарламаларының, роликтердің шығуын, буклеттер мен үндеухаттар шығаруды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру

Аудандық БАҚ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады (жауапта мемлекеттік қызметшілердің мақалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы телеарналық бағдарламалар, сонымен қатар жарнамалық - имидждік роликтер, буклеттер, парақшалар шығару, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарды бюджеттік қаражатты ұстау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру және т.б.).

Бұқаралық баспа ақпарат құралдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Кері байланыс», «Сұрақ – жауап» айдарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта келесі мақалалар жарияланды:

«Заря Востока» газетінде «Біз және заң», «Қоғам» айдарлары бар, нөмірлері:



29.01.14 ж №5

02.04.14 ж №14

25.06.14 ж № 26

12.02.14 ж №7

23.04.14 ж №17




19.03.14 ж №12

04.06.14 ж № 23




«Пульс Зыряновска», «Көктас таңы» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» мақалалар бар, нөмірлері:



08.05.14ж. № 18

(2 мақала),

03.07.14 ж.№ 26

16.10.2014ж. № 41

29.05.14 ж № 21

(2 мақала),

10.07.14ж. № 27

13.11.2014 ж. № 45

05.06.14 ж.№ 22

(2 мақала),

07.08.14 ж. № 31

27.11.2014 ж. № 47

12.06.14 ж. № 23

28.08.14 ж.№ 34

(2 мақала)




26.06.14 ж. № 25

11.09.14 ж. № 36



«Өзіңнен баста» акциясы аясында мемлекеттік органдардың 13 басшысы өздерінің табыстарын «Пульс! Зыряновска», «Көктас таңы» қоғамды – саяси газеттерінде, Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырды.

Жергілікті «Алва» телеарнасында «24 сағат» бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы 9 сюжет көрсетілді (20.01.14 ж., 22.01.14 ж., 07.02.14 ж., 14.03.14 ж., 22.09.14 ж., 07.10.14 ж., 09.10.14 ж., 18.11.14 ж., 02.12.14 ж.).

5–тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен интернет-конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Қала азаматтарының сенімін нығайту, қызметтің айқындығын арттыру, тұрғындардың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны және бұзушылық жасағаны, Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызмет заңанамасы нормаларын, азаматтардық құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактілері бойынша уақытында хабардар ету мүмкіндігі мақсатында және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел әрекет ету үшін әкім аппараты жанында, құқық қорғау және қаланың басқа да мемлекеттік органдарында «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді, олардың нөмірлері ай сайын тұрғындар назарына жергілікті, қалалық газеттер арқылы жеткізіліп тұрады.

Зырян ауданының мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қажеттігіне қарай бейне-селекторлық кеңестерге, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық комиссия отырыстарына қатысады.

ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім беру бөлімдерінің өкілдерімен, ШҚО прокуроры Б.Таимбетовпен, Зырян ауданының прокуроры В.Н.Шабермен 9 «тікелей желі» өткізілді, Зырян қаласы сотының төрағаларымен және төрешілерімен 4 кездесу (А.Е.Исмагулов, А.К.Каленов), Зырян өңірі бойынша ҚПАБ бастығы Р.Абраевпен, кездесу барысында тұрғындардан көптеген сауалдар түсті, барлығына нақты жауаптар берілді.

6–тармақ. Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары білім оқу орындарында сабақтар өткізуді, білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы біліктіліктерін арттыруды жалғастыру

Зырян ауданының білім беру мекемелерінде тұрақты түрде құқық қорғау органдарының өкілдерімен сабақтар өткізіліп тұрады.

2014 жылдың 28- ақпанында Зырян ауданының білім беру мекемелері басшыларымен семинар өткізді: «Сыбайлас жемқорлыққа жататын қаржылық бұзушылықтарға басшылардың жауапкершілігі», оған Зырян өңірі бойынша ҚПАБ басшысы Р.Е.Абраев қатысты.

Зырян өңірі бойынша ҚПАБ, ЗҚАІІБ мен Зырян ауданы прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен 6 сабақ өткізілді. Бұдан басқа, Зырян ауданының білім беру бөлімі және Зырян өңірі бойынша ҚПАБ арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға 2 жыл мерзімге қол қойылған.



7-тармақ. Мемлекеттік органдар мен азаматтық-қоғамдық институттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін түсінікті түрде түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдарын әзірлеуді қамтамасыз ету

Зырян ауданында 25 АНТ қызмет етеді. Ішкі саясат бөлімімен Елбасының Қазақстан халқына жолдауының жыл сайынғы негізгі жағдайын түсіндіру жөнінде, соның ішінде мемлекеттік органдар мен азаматтық-қоғамдық инстуттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін түсінікті түрде түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар дамытылуда. Өткен 2014 жылы 8 әдістемелік құралдар жасалды және таратылды.



8-тармақ. Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдескені үшін жауапкершілік туралы жаднамалар әзірлеп, халықтың әртүрлі топтары арасында тарату, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарына орналастыру

Зырян ауданының атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта материалдар орналасқан ақпараттық стендтер бар. Мемлекеттік органдарда Ақпараттық қормен әзірленген сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін түсіндіру туралы ақпараттар бар брошюркалар еркін таратылады.



9- тармақ. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын мақсатты және жүйелі қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға тарту арқылы қолдауды қамтамасыз ету

Құқықтық сана мақсатында колледж студенттері арасында «Чистая сессия» акциясын өткізуде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты тапсырамасы студенттер арасында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға төзімсіздік, білім айқындығын жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында көрсету мен белсенді азаматтық позицияны ұйымдастыру.



10-тармақ. Жеке және заңды тұлғалардың «Сенім телефонының», олардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің жұмыс істеуінің оңды тәжірибесін кеңейту

Зырян ауданының барлық мемлекеттік атқарушы органдарында, Зырян және Серебрянск қалаларының әкім аппаратында, Зырян ауданының ауылдық округтері мен кенттерінде:

- азаматтар мен заңды тұлғалардың сыбайлас құқық бұзушылық фактілері туралы өтініштерін есепке алу және қарау нәтижелері мониторингінің бірыңғай жүйесі құрылды;

-шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер орналастырылды;

-«сенім телефоны» қызмет етеді, телефон номерлері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;

- басшылар азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты жүзеге асырады;

- бекітілген кестеге сәйкес айдың бірінші дүйсенбісінде ай сайын азаматтардың арыздары мен өтініштерін қабылдау бойынша «тікелей байланыс» өтеді.

12 -тармақ. Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесу өткізуін тәжірибеге енгізу

Ауданда мемлекеттік орган басшыларының азаматтық қоғам институтының өкілдерімен тұрақты кездесулері өткізіледі. Еңбек ұжымының бөлек кестесі бойынша Құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторы Е.Н.Маматаевпен еңбек қарым-қатынасын реттейтін мәселе бойынша 280 адамды қамтумен 40 кездесу өтті. Еңбек заңнамасының сұрақтары бойынша 160 буклет таратылды.



13 -тармақ. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

2014 жылы қаңтарда Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрған азаматтардың тізімі жарияланған.

2014 жылдың мамырында Зырян ауданы әкімінің ресми сайтына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінің тізіміне азаматтарды тіркеу туралы ақпарат ұсынылған, маусым айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алған тұрғындардың тізімі, олардың тізіммен бекітілген кезектілігін, отбасы құрамы туралы анықтамалар, кезекке қойған уақыты, үй алуға негіздеме мен үй берілген уақыты көрсетіле отырып жарияланған.

2014 жылдың 5- мамырында 8 жер телімін жалға беру құқығын сату бойынша конкурс өткізілді.

20- мамырда аукцион өтті, 37 телім шығарылды, соның ішінде өткен жылы іске аспай қалған 8 телім қойылды.

Аудандық жер комиссиясының отырыстарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Зырян ауданы мәслихатының депутаттарының қатысуымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсынуға қоғамдық бақылау орнатылған. Бұдан басқа, қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен арнайы ақпараттық стендтерде, тұрғындарға қол жетімді орындарда тоқсан сайын жер телімін алған тұлғалардың тізімі орналастырылп тұрады.

Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында аудандағы жер қорының жағдайы туралы, жер телімін ұсыну тәртібі, сауда жүргізу туралы ақпараттар орналастырылған.

14 -тармақ. Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына көмек көрсететін журналистерді көтермелеу

БАҚ жергілікті ауданда жыл сайын журналистер күнінде журналистердің жұмысының қорытындысы болады, олардың ең үздігі әр түрлі номинациямен марапатталады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылы аудан тұрғындары арасында қылмыс, құқық бұзушылық профилактикасына қатысты мәселерді баяндағаны үшін «Пульс Зыряновска» газетінің тілшісі Н.Т.Акулова аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.



21 -тармақ. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу жөнінде ұжымда жүргізілетін жұмыстар жөнінде мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдау тәжірибесін жалғастыру

Ведомствоаралық комиссия отырысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы әрекет рейтингінің деңгейін жоғарылату жөнінде Зырян ауданының құқық бұзу профилактикасы бойынша үнемі мемлекеттік орган басшыларының жүргізген жұмыстары мен жауаптары тыңдалады. Сонымен, бірінші тоқсанда 2014 жылы 26- наурызда мәдениет және тілдерді дамыту, құрылыс бөлімі басшыларының; екінші тоқсанда 2015 жылы 25-маусымда ауыл шаруашылығы және ветеринария, ТКШ, ЖК және АД бөлімдері басшыларының, төртінші тоқсанда 2014 жылы 24 желтоқсанда Серебрянск қаласының әкімі С.А.Гордиенконың, Жаңа Бұқтарма кентінің әкімі Ж.А.Солменбаеваның жауаптары тыңдалды.



23 -тармақ. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша жарияланымдар мониторингін қамтамасыз ету. БАҚ арқылы мәселелерді түсіндіре отырып, оларға шұғыл ден қою

Ішкі саясат бөлімінің мамандары республикалық, облыстық және аудандық БАҚ, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жөнінде күн сайын сыни жариялау мониторингі өтеді. 2014 жылы әртүрлі БАҚ 8 басылым, оның 1-сыни жарияланым жарияланды. Барлық сыни мақалаларға, сюжеттерге ШҚО болжам мен талдау инстуты мен газет редакциясына түсініктеме жарияланды.

22.01.2014 ж. «Время» газетінде- «Концы в землю» мақаласы;

13.02.2014 ж. № 17 «Рудный Алтай» газетінде- «Кто защитит коммунальщика от потребителя»мақаласы;

22.04.2014 ж. № 45 «Рудный Алтай» газетінде- «Просьба о помощи»;

22.06.2014 ж. № 22 «Пульс! Зыряновска» газетінде- «22 мая текущего года проведено очередное заседание дисциплинарного совета», «Борьба с коррупцией» мақалалары, «Өзіңнен баста» акциясы;

26.06.2014 ж. № 25 «Пульс! Зыряновска» газетінде- Тәртіптік кеңестің төрағасы;

11.06.2014 ж. № 22 «Заря Востока» газетінде- «Наказаны по закону» мақаласы;



15.05.2014 ж. №20 «7 дней» газетінде- «Золотое тепло Серебрянска» мақаласы;

27.06.2014 ж. №25 «Караван» газетінде- «Оставьте Серебрянску культуру» мақаласы;

«Астана» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасында 17.03.2014 жылы, «7 канал» 17.03. 2014 жылы, «Евразия» 17.03.2014 жылы және 31 канал 18.03.2014 жылы көрсетілді.

24 -тармақ. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі баспа өнімдерін (жастар мен азаматтардың басқа да топтарына арналған листовкалар, буклеттер, сенім телефондары көрсетілген анықтама материалдарын) шығаруды көздеу

«Жастар орталығы» КММ мемлекеттік органдарда мемлекеттік мекемелердің сенім телефондарын көрсетумен жастар үшін анықтама материалдар шығарылды және таратылды. ШҚМУ колледжі мен филиалдары студенттеріне, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына 183 дана таратылды.

Зырян ауданының білім беру бөлімдері мен мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды оқу бойынша сабақтар өткізіліп тұрады. 2014 жылы 17 сабақ өтті, олар: «Біз сенетін адамдар», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Біздің болашағымыз сыбайлас жемқорлықсыз», «Сыбайлас жемқорлық- қастық!».
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу