Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы



бет1/5
Дата27.07.2017
өлшемі0,79 Mb.
#22225
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін»





Педагогика және психология

Институтының Кеңесі

«_27_ » __сәуір__2017 ж. № 9_ хаттама

____________________ Б.А.Әлмұхамбетов




«6М010500-Дефектология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2017

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1008 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;


Құрастырушы: психол.ғ.к. Аутаева А.Н., к.п.н. Бекбаева З.Н., п.ғ.м. Тулебиева Г.Н.

Арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № _9__ хаттама, 24.04.2017 ж.





Кафедра меңгерушісі:

___________

Аутаева А.Н.

ПжПИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


А.Т.Ақжолова



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № 9 хаттама, « 27 » __04__2017 ж.


АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА


  1. Арнайы педагогика ғылым ретінде.

Арнайы педагогиканың обьектісі, субьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, қағидалары. Арнайы педагогикалық ғылымдар (пәндік саласы). Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері және терминдері. Мүмкіндігі шектеулі балалар. «Қатер тобындағы» балалар. Мүгедек балалар. Арнайы білім беру қажеттіліктері. Физикалық жетіспеушілік. Психикалық жетіспеушілік. Коррекция. Компенсация. Абилитация. Оңалту (реабилитация). Бейімделушілік. Интеграция. Әлеуметтік жұмыс. Арнайы білім беру жүйесінің түсінігі. Скрининг. Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика. Ерекше білім беру қажеттілігі және арнайы білім беру мазмұны. Арнайы білім беру бағдарламасы. Арнайы білім беру шарттары. Арнайы (түзетушілік) білім беру ұйымдары. Арнайы оқу пәндері. Әртүрлі категориядағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты білім беру мазмұнының ерекшелігі.



  1. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу және даму тарихы

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өз күшіне енгенге дейінгі арнайы білім беру жүйесінің жағдайы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігі. Негізгі мақсат – түзетушілік оқыту. Арнайы білім беру ұйымдарының типтері және түрлері. Медициналық-педагогикалық комиссиялар. Мектепке дейінгі арнайы ұйымдары. Арнайы мектептер. Жалпы білім беретін мектептердегі теңестіру сыныптары.


  1. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасу және даму тарихы.

Арнайы білім беру жүйесінің эволюция кезеңдері (Н.Н. Малофеев бойынша). Мүгедек балалардың өмір сүруге деген құқықты иеленуі, Ликург Заңы. Кемтар адамдарға арналған корольдік-мемлекеттік паналардың құрылуы. Батыс еуропалық мемлекеттермен әлеуметтік қамқорлықты ресми түрде мойындау. Шіркеулік, зайырлы (қалалық, жекеменшік, мемлекеттік) қамқорлықтардың кең етек алуы. Естімейтін, зағип және ақыл-ойы кем балалардың арнайы білімге деген құқықты иеленуі. Арнайы білім беру жүйесінің дамуы және дифференцациясы. Дамуында ауытқуы бар балалардың көпшілігінің арнайы білімге деген кепілді мемлекеттік құқықты иеленуі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың толықтай азаматтық құқықты иеленуі. Арнайы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы, олардың кейінгі дифференцациясы, балаларды қамтудың үлкеюі. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалардың арнайы, сондай-ақ біріктірілген оқуға деген құқтың мемлекеттік кепілдемедері.


  1. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалар (жалпы сипаттама).

«Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі балалар» түсінігі – терминология мәселелері. Негізгі анықтамалар және жіктемелік сипаттамалар. Даму бұзылысының негізгі жіктемелері. Бұзылысты даму ерекшеліктері. Бұзылыстың ортақ белгілері. Бала дамуының биологиялық және әлеуметтік бірлігі туралы теория. Негізгі бұзылыстар мен екіншілік (ілеспелі) ауытқуларды біріктіретін ақаулық (дефект) құрылымы туралы түсінік. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы өзіндік дамуы кезіндегі қалыпты және «қалыпты емес» балалардың даму заңдарының бірлігі туралы ереже.


  1. Арнайы психология – психология ғылымының саласы ретінде.

Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі психикалық даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Зерттеудің нысаны және пәні, арнайы психологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Арнайы психология – психология ғылымының дербес бөлімі ретінде. Арнайы педагога мен арнайы психологияның өзара байланысы және психологиялық-педагогикалық циклдің өзге ғылымдарымен байланысы. Арнайы педагогика мен арнайы психологияның медициналық және жалпыбиологиялық блок ғылымдарымен, өзге де ғылымдармен байланысы. Арнайы психологяның негізгі салалары: олигофренопсихология, тифлопсихология, сурдопсихология, логопсихология, психикалық дамуы тежелген балалардың психологиясы, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалардың психологиясы. Әрбір саланың даму перспективалары.


  1. Жақын шет елдердегі мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелері бойынша заманауи психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

Жақын шет елдердегі (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Балтық елдері, Белоруссия, Украина) түзетушілік педагогика және психология саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайы. Ресей Федерациясындағы түзетушілік педагогика және психология саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайы. РБА (РАО) Түзетушілік педагогика институты. Ерте килігу институты (Санкт-Петербург қ.).


  1. Эмоционалдық-ерік саласындағы және мінез-құлық бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

«Мінез-құлық акцентуациясы» және «психопатия» түсініктері. Мінез-құлық акцентуациясының этиологиясы. А.Е. Личко бойынша мінез-құлық акцентуациясының жіктемесі. Мінез-құлық акцентуациясының динамикасы және психопатияны бағалау өлшемдері. Әр түрлі мінез-құлық акцентуациясы кезіндегі сөйлеу іс-әрекетінің ерекшеліктері. Әр түрлі мінез-құлық акцентуациясы кезіндегі есте сақтау және ойлау іс-әрекетінің сипаттамасы. Мінез-құлықтың патологиялық емес бұзылыс формалары (мінез-құлық акцентуациясы, реактивтік және конфликттік уайымдаулар және т.с.с.). Девиантты және деликвентті мінез-құлықтар туралы түсінік. Девиацияның себептері мен түрлерінің сан алуандығы. Қалыптасу мен дамудың механизмі.


  1. Балалық жастағы мінез-құлық бұзылыстары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде.

Эмоционалдық-ерік саласындағы бұзылыстар кезіндегі психикалық даму ауытқулары. Психопатия эмоционалдық-ерік саласындағы бұзылыс ретінде. Балалық және жеткіншек кездегі мінез-құлық бұзылыстары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде. Мектептік дезадаптация және әлеуметтік-психологиялық дезадаптация: себептері және фазалары.


  1. Қазақстан Республикасындағы мүкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау.

Пәнаралық тұғыр (подход) , дамудағы ауытқуларды алдын-алуды жүзеге асыру, ерте килігу, мемлекеттер арасында ақпаратпен кең көлемді алмасу. Арнайы білім берудегі халықаралық тұғыр. Түзетушілік педагогиканың және арнайы білім берудің мәселелері және міндеттері. Арнайы білім беру жүйесіндегі ұйымдастырушылық-құрылымдық өзгертулер. Арнайы білім беру мазмұнының жаңаруы. Білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерінің жетілдірілуі.


  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың теориясы және тәжірибесі.

Арнайы білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаття әзірлеу. Отандық ғалымдардың арнайы білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерінің дамуына қосқан үлестері. Қазіргі кездегі арнайы (түзетушілік) педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары.


  1. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары: «Ақыл-ойы кем тұлғалардың құқытары туралы Декларация» (1971), «Мүгедектер туралы Декларация» (1975), «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы (1989). «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002). Бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; арнайы тәрбие мен оқытудың бағдарламалары, жылдық және айлық жоспарлар; тәрбиелік-білім беру жұмыстарының жоспарлары; әдістемелік әзірлемелер, концепциялар; эксперименталдық жұмыс жоспарлары және т.б.


  1. Қазақстан Республикасындағы ерте түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі

Арнайы білім беруге ерекже қажеттілігі бар балаларға ерте психологиялық-педагогикалық көмекті көрсету қызметі (отандық және шетелдік тәжірибе). Ерте килігу бағдарламалары сипаттамаларындағы ортақ нәрсе. Қазақстан Республикасындағы ерте түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі (Р.А.Сулейменова және т.б.). Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмекті көрсететін ұйымдар. Арнайы білім беру мекемелеріндегі ерте жастағы балаларға түзетушілік-дамытушылық көмекті ұйымдастырудағы негізгі бағыттар және ортақ талаптар. Арнайы білім беру ұйымдарының жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарламаларды жүзеге асыру алгоритмі. Ерте түзетушілік-дамытушылық көмекті ұйымдастыру формалары. Түзетушілік-дамытушылық оқыту. Ата-аналарға кеңес беру. Үй жағдайын анықтау мақсатымен үйлерге бару. Ерте килігу кабинетінің оқу жоспары. Түзетушілік-дамытушылық үрдістің өзіндік дидактикалық қағидалары.



  1. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар мектеп жасына балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі.

Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі беталысы. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі арнайы оқытудың жүйесі. Білім берудің арнайы мектепке дейінгі ұйымдарының типтері және түрлері. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі. Әр түрлі білім беру ұйымдарында (арнайы балабақшалар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, кішігірім орталықтар) түзетушілік-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымдарындағы түзетушілік-педагогикалық үрдістің мазмұны және ұйымдастырылуы. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері, қағидалары және әдістері. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ – мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Түзетушілік-дамытушылық орта. Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі балаларға білім беру қызметін көрсететін арнайы мекемелердегі әдістемелік жұмыс.


  1. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін ұйымдардағы Арнайы білім беруге ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудың қазіргі жағдайы.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы. Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеулері. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне енгізудің тәжірибесі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби-еңбектік оқыту жүйесін жетілдіру. Жаңа ақпараттық дамытушылық технологияларды әзірлеу және енгізу.


  1. Зақымданулардың, мүгедектіктің және жарақаттардың халықаралық жіктемесі.

Зақымданулардың, мүгедектіктің және жарақаттардың халықаралық жіктемесі (МКП). Бұзылыстардың, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуінің және әлеуметтік жеткіліксіздіктің халықаралық жіктемесі (МКН-2). Қызмет ету, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеуінің халықаралық жіктемесі (МКФ). Аурулардың халықаралық жіктемесі (МКБ-10). МКФ бірлігі ретінде санаттарды әрбір денсаулық домендердің ішінде (ағзаның қызметтері және құрылымы) және олармен байланысты өзге домендерді (тіршілік әрекеті салалары) қолдану. МКФ-те денсаулықтың әр тараптарына биологиялық, тұлғалық және әлеуметтік позициялар тұрғысынан келісілген көзқарасты қамтамасыз ету. Бұзылыс, шектеулік немесе мүмкіндік шектеулігі, ағзаның қызметі мен құрылымы, белсендігі мен қатысуы, қоршаған орта факторлерінің және т.б. жағдайы тұрғысынан кедергі.


  1. Көру бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Тотальді және жартылай зағиптық түсінігі. Көру бұзылысының типологиясы. Көру ақаулықтары бар тұлғалардың психикасы дамуындағы ортақ және спецификалықтың үйлесімдігі. Көру бұзылыстары кезіндегі ақау құрылымы. Зағип баланың ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы даму ерекшелігі. Көру бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Көру бұзылысы кезіндегі біріншілік ақаудың эмоционалдық-еріктік, тұлғалық салаларға әсері. Көру бұзылыстары бар балалардың мектептік оқуға дайындық мәселесі. Көруі зақымдалған тұлғалардың кәсіби бағдарлану және әлеуметтік бейімделу мәселелері.


  1. Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Ақыл-ойдың артта қалуын сипаттайтын белгілер. Ақыл-ойдың артта қалу дәрежесінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Ақыл-ойдың артта қалуын диагностикалаудың негізгі қиындықтарын талдау. Ақыл-ой дамуындағы біріншілік және екіншілік артта қалушылықты анықтау. Ақыл-ой артта қалуын шектеу керек жай-күйлер. Олардың ақыл-ой артта қалуынан принципиалды психологиялық-педагогикалық айырмашылықтары. Ақыл-ой кемдігін өзге ұқсас жағдайлардан шектеудегі клиникалық және психологиялық-педагогикалық факторлардың мәні.


  1. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Тежелген психикалық даму – дизонтогенездің спецификалық түрі ретінде. ПДТ-ны – шекаралық жай-күй ретінде ерекшелеудің тарихи аспектісі. ПДТ психикалық даму темпінің бұзылысы ретінде. ПДТ жүйелілігі. К.С. Лебединская бойынша ПДТ түрлері. ПДТ балалардың психикасының бірегейлігі және өзіне тән заңдылықтары. ПДТ кезіндегі ақау құрылымы. ПДТ мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық саласының, тұлғасының және іс-әрекеттерінің ерекшеліктері. Мектеп жасындағы ПДТ-ның әр түрлі нұсқадары бар балалардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы негізгі беталыстар.


  1. Есту бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Есту бұзылысының себептері және жүйелілігі. Есту бұзылысы кезіндегі психика дамуының ортақ заңдылықтары. Есту бұзылысы кезіндегі ақау құрылымы. Қарым-қатынас пен дамудың үйлесімдігі мәселесі. Есту бұзылысы бар балалардың және жеткіншектердің психикалық дамуы. Танымдық үрдістердің даму ерекшеліктері. Есту бұзылыстары бар балалар мен жеткіншектердің эмоционалдық-еріктік жай-күйі. Есту қабілеті зақымдалған адамдардың тұлғасы және іс-әрекеті. Естуі зақымдалған балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу.


  1. Сурдопедагогика – ғылым ретінде және оның есту қабілеті бұзылған тұлғаларға қазіргі кезде білім берудегі рөлі.

Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру жүйесі. Сурдопедагогика – есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім беру туралы ғылыми білім жүйесін ұсынатын арнайы педагогиканың құрам бөлігі. Сурдопедагогика пәні, зерттеу нысаны, міндеттері. Естудің бұзылу себептері, оларды диагностикалау және медициналық оңалту. «Кереңдік», «мүкісқұлақтық», «естімейтіндер» және «нашар еститіндер» («глухота», «тугоухость», «неслышащие» и «слабослышащие») сияқты түсініктердің анықтамасы. Ақау құрылымы. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру. Мекеме типтері және оқыту формалары.


  1. Қалыпты және ауытқушылық дамуы туралы заманауи көзқарастар .

Адамның психикалық дамуының факторлары. Дамудың бұзылыстарының түрлері (дизонтогения). Даму бұзылыстарының жалпы заңдылықтары.

22. Дамуында бұзылыстары бар балаларды психологиялық зерттеу қағидалары.

Дамуында бұзылыстары бар балаларды психологиялық зерттеу қағидалары: салыстырмалы зерттеу, ауытқуы бар балалардың психикасын кешенді зерттеу, зерттеудің объективтігі, зерттеудің динамикалығы (генетикалық принцип); аномальді дамуының себептері, аномальді дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары, біріншіреттік ауытқуды, негізгі симптомдары мен екіншіреттік ауытқуларды ескеру, дара ықпал ету принципы, аномальді балалардың психикасының жас ерекшеліктерін ескеру принципі.



23. Дамуында ауытқуы бар балалардың психикасын зерттеу әдістері

Дамуында ауытқуы бар балалардың психикасын зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, сауалнама, анамнез жинау; катамнез жинау әдісі, сұхбат; тест қолдану, бала әрекетінің өнімі. Дамуында ауытқуы бар балалардың психикасын зерттеу әдістерін қолдануға қойылатын талаптар. Дамуында ауытқуы бар балалардың психикасын зерттеу кезеңдері: мәленің анықтау, белгілі мақсат міндеттерді анықтау, зерттеу тәсілдерін анықтау, нақты материалдарды жинау, нәтижелерін сапалық және сандық талдаудан өткізу, қол жеткізген нәтижелерін қорытындылау.



24. Зияты бұзылған балалардың әрекетінің жалпы сипаттамасы.

Әреет адамның белсендігінің көрсеткіші ретінде. Әрекет бұзылыстарының ерекшеліктері: мқсатты бағдарлаудың, саналықтың бұзылуы, мотивацияның төмендігі, өз өзін бағалау мен реттеудің жетіспеушілігі. Сөйлеу әрекетін ретеінің бұзылуы. Ойын әрекетінің ерекшеліктері. Оқу әрекетінің ерекшеліктері. Еңбек әрекетінің ерекшеліктері.



25. Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері.

Сөйлеу рекетінің ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің физиологиялық негіздері. Сөйлеу тілі ұғымы, қызметі (реттеуші, коммуникативті, ойлау, т.б.). Сөйлеу тілінің әртүрлі компоненттерінің өз ара байланысы: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық. Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілінің негізгі бұзылыстары.

Ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Дыбыс айтуының бұзылуы. Мәнерлік, интонация, мимика. Сөзді түсіну және қолдану. Белсенді және еңжар сөздік қоры, олардың арақатынастығы. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы. Диалогтық және монологтық сөйлеудің ерекшеліктері. Жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

26. Зияты бұзылған балалардың тұлғасының даму ерекшеліктері

Тұлға дамуын зерттеудің ғылыми –теориялық негіздері. Тұлғаны зерттеу әдістері. Зияты бұзылған балаларды зерттеу проблемасының қалпы (Л. С. Выготский, В. И. Лубовский, Н. Т. Морозова, В. Г. Петрова, Ж. И. Намазбаева, т.б.). Зияты бұзылған балалардың тұлға дамуының ерекшелігін шарттайиын факторлар. Оқушының мінез құлқы мен тұлға дамуының бағыттылығының типологиялық және жас ерекшеліктері.



27. Зияты бұзылған балалардың ерік жігер аймағының ерекшеліктері

Сезім адамның қоршаған әлемді көрсету формасы ретінде. Тұлға құрамындағы эмоциялар. Сезім және интеллект. Л. С. Выготский ақыл ойы кем бала тұлғасының құрамындағы интеллек пен аффектің өз ара байланысының дамуы туралы. Зияты бұзылған балалардың эмоционалды дамуының жалпы сипаттамасы.

Ерік, мінез құлықты ерікпен реттеу. Еріктің физиологиялық механизмы. Зияты бұзылған балалардың ерігінің бұзылуының сипаттамасы. Зияты бұзылған балалардың ерігінің дамымауының мәні және мінез құлқынын ара қайшылығы.

28. ПДТ балалардың таным аймағының ерекшеліктері

Қабылдаудың ерекшеліктері: естіп және көріп қабылдаудың саралауының жеткіліксіздігі, сенсорлы ақпаратты өңдеудің төмен болуы. Жадының дамуының бұзылыстары. Жадының көлемінің төмендеуі. Логикалық жадының дамуы.

Ойлау ереккшеліктері. ПДТ балалардың дара, типологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру.

29. ПДТ балалардың тұлға дамуының ерекшеліктері.

Тұлғалық эмоциялық аймағының және әрекетінің жалпы сипатының бұзылыстары. Белсендіктің, мақсатты бағытталған әрекеттің бұлыстары. Бақылаудың бұзылыстары. Тұлғалық көріністердің ПДТ формаларына тәуелділігі. ПДТ кіші жастағы оқушылардың қатынастың психологиялық ерекшеліктері. ПДТ балалардың тұлғасының қалыптасуында қоршаған орта факторының рөлі. ПДТ балалардың тұлғалық дамуының потенциалды мүмкіндіктері.

30. Көру жетіспеушілігі бар тұлғалардың психикасын зерттеудің жалпы мәселелері.

Адамның тәжірибелік әрекеті мен танымында көрудің рөлі. Көрмейтін және нашар көретіндіктің әртүрлігі, көру өткірлігінің төмендеу дәрежесіне байланысты жіктелуі.

Тифлопсихологияның заманауи бағыттары: а) көру бұзылыстары бар балалардың психиалық көріністері мен даму негізгі заңдылықтарының жасырынды болуы; б) тек көрмейтін және нашар көретіндерге тән ерекшеленген көріністерді ашу; в) психиканың дамуы мен көрінісінің көру патологиясының дәрежесі мен сипатымен , ауытқудың пайда болу уақытымен байланысын анықтау; г) жалпы аномальді дамудға тән ерекшеліктерін анықтау.

Көру бұзылыстарда психикалық дамудың ерекшеліктері ( психикалық белсендіктің төмендеуі, психикалық процестердің ауытқудың тереңдігі мен сипатына тәуелдігі). Көрудің бұзылуын компенсациялау механизмы.



31. Көрмейтін және нашар көретіндердің тұлға дамуының ерекшеліктері.

Көрмейтін және нашар көретіндердің тұлға дамуына деген көзқарастың қалыптасуы. Өруі бұзылған тұлғалардың сезім танымының, тәрбиенің жағымсыз жағдайының, әрекеттің шектелуінің жетекші рөлі.

Аутизация. Сипаттамасы. Мінез құлқы мінездемесінің негативті ерекшеліктері. Көрмейтін және нашар көретіндердің өз өзін бағалау. Эмоция мен сезім. Еріктің дамуы. Көрмейтіндердің тұлға аралық қарым қатынасының ерекшеліктері және көруге байланысты мүгедектерді қайта оңалту.

32. Көруі бұзылған балалардың таным аймағының даму ерекшеліктері.

Түйсік және көрмейтін және нашар көретіндердің өмірінде оның рөлі. Көру бұзылыстарының әртүрлі дәрежесінде жеке түйсік түрлерінің маңызы. Көрмейтін және нашар көретіндердің түсініктерінің ерекшеліктері. Көрмейтіндердің кеңстікті бағдарлау ерекшеліктері. Есте сақтаудың ерекшеленген ерекшеліктері. Есте сақтау көлемінің дара өзгешілігі.

Ойлау ерекшеліктері. Көрмейтіндердің қиялы. Көрмейтіндердің зейінінің ерекшеліктері. Сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалвқ жағының бұзылуы, сөздік қорының сақтаулы болуы. Қатынастың тілдік емес құралдарының ерекшеліктері. Көру бұзылыстарында сөйлеу тіліні компенсаторлы функциялары.

33. Есту бұзылыстарының жүйелілігі

Есту бұзылыстарының себептері. Баланың психикасының дамуына есту қабілетін жоғалту уақыты мен дәрежесінің тигізетін әсері. Есту бұзылыстарының жүйелілігі. Естімейтін (ерте естімей қалғандар, кейін естімей қалғандар). Нашар еститіндер (сөйлеу тілі шамамен сақталған, сөйлеу тілі терең бұзылған).



34. Есту бұзылыстары бар балалардың тұлға дамуының ерекшеліктері

Тұлғаның психологиялық құрылымының ерекшеліктері. Есту бұзылыстары бар балалардың тұлға дамуының ерекшеліктерін шарттайтын факторлар. Есту бұзылыстары бар балалардың тұлғасының қалыптасуы мен дамуында сөйлеу тілінің рөлі.

Есту жетіспеушілігі бар балалардың дамуының компенсаторлы жолы. Есту бұзылыстары бар балалардың тұлға дамуы және еңбек. Естуі бұзылған балалардың тұлғааралық және ұжым ішіндегі өз ара қатынасы. Эмоционалды дамуы. Ерік дамуының ерешеліктері.

35. Естуі бұзылған балалардың таным аймағының даму ерекшеліктері.

Есту түйсігі және қабылдауы. Олардың дамуы және естуі бұзылған балалардың танымдық әрекетінің қалыптасуындағы рөлі. Көру түйсігі мен қабылдауы. Тері түйсігі мен сипап сезу түйсігі. Кинетикалық түйсігі мен қабылдауы. Статиалық қабылдауы.

Бейнелі жадының ерекшеліктері. Сөйлеу логикалық жад. Естуі бұзылған оқушылардың сөйлеу логикалық жадының ерекшеліктері.естімейтін және нашар еститін балардың көрнекі әрекеттік және көрнекі бейнелі ойлауының дамуының ерекшеліктері. Сөйлеу логикалық ойлаудың сипаттамасы. Ойлау операцияларының ерекшеліктері. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері (ауызша, жазбаша, датильді, жесттік).


Каталог: docs -> postupaushim -> 2017.2018 magistratura
postupaushim -> 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары Бағдарлама сұрақтары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе»
postupaushim -> Оқу жылында 6D010200 «Бастауын оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін сұрақтар тізім І
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-iii «Білім туралы» Заңы
2017.2018 magistratura -> Н. К. Ахметов жги директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет