Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «21ғасыр көшбасшысы»



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі0.74 Mb.
  1   2
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған « 21ғасыр көшбасшысы»

Күні: 15.12.2016

Сынып: 3-4 сыныптар арасында

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.



Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 

Ойын барысы:



І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 12 оқушы  қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.



1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

 

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға  пән бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  ұпайдан алады.

 

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша ,ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 3 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасы мен орысшасын ғана айтатын болса 2ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз

 

1-о: Қолы менен қаламы жоқ,



        Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз -)

 

1-о: Қоймасын қыс ақтарып,



Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-)

 

2-о: Бірін-бірі қоштаған,



Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква -)

 

2-о: Жұқа тақтай бөлшегі,



Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка -)

 

3-о: Қалқиып екі құлағы,



Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц -)

 

3-о: Жолбарыстан аумайды,



Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка -)

 

4-о: Жеп көріп ем өзім мен,



Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-)

 

4-о: Бұлаңдаған құйрығы,



Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-)

 

5-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,



       Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

 

5-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,



      Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.     (мұз-лед-)

 

6-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.             (күн-солнце-)



6-о: Тігіп алып көк шатыр,

      Қызыл күрең доп жатыр.                    (қызылша-свекла-)



ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

 

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр оқушыға 2  сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда  ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

 

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)



2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

 

1. Бетінен оты шықты (ұялу)



2. Ит өлген жер (алыс)

 

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)



2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

1.Таяқ тастам  жер (жақын)



2.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты

 

1.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)



2.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)

 

V айналым «Білгенге маржан»



1 - оқушы

1.ҚР тұңғыш президенті?

2.Киіз үйдің төбесін қалай атайды?

3. Барлық қабырғалары тең фигура?

4. ҚР рәміздерін ата

5. 2+2•2 мәні қанша

6. Қыс мезгілінің екінші айы?

7. Үш биді ата

8. Наурызда пісірілетін тағам?

9 Қазақтың ішекті аспабы

10.Қазақ қыздарының ұзатылғанда киілетін бас киім

2-оқушы


1. 1 желтоқсан қандай мереке?

2. Киіз үйдің қабырғалары?

3. Қарама-қарсы қабырғалары тең фигураны ата

4.Мемлекеттік нышандарды ата

5. 2+2:2 мәнін тап

6.Жаз мезгілінің екінші айы

7. Қазақтың батырларын ата

8. Күн мен түн теңелетін күн?

9. Қазақтың ұлттық аспабы

10. Қазақ ұлдарының бас киімі?


3-оқушы

1.Көшіп-қонып жүретін ыңғайлы баспана?

2.Шеңберді басқаша қалай атауға болады?

3.Туда не бейнеленген?

4.2∙2:2 мәні нешеге тең

5.Көктем мезгілінің екінші айы?

6.Алғашқы әліпби жазған кім?

7.Төрт түлікті ата

8.Қазақтың ұлттық тағамы?

9.Әжелердің бас киімі?



10. Н. Нарзарбаев кім?

Қорытынды:Жеңген оқушыны анықтап ,бағалау









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет