Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#36390
1   2   3

Көз ауруы

46. Талаптарға 1-кестенің 46-тармағы бойынша 1) тармақшаға қабақтың теріс айналуы және жетіспеушілігі, жиіленген трихиаз, ойық жаралы қабақ қабынуы, созылмалы көз қарығуы, емге берілмейтін, қатерлі жаңатүзілім, көз қызметін бұзушы және операциялық емдеуге жатқызылмайтын қатерсіз ісік кіреді.

2) тармақшаға жай түрдегі қабақ қабынуы аса айқын білінбейтін көз қарығуы, қабақ терісіндегі 1-дәрежелі обыры емделгеннен кейін (онколог қорытындысы бойынша), шағын мөлшердегі қатерсіз ісік, көз ағзасы қызметін бұзбайтын, қабақтың тыртықтық өзгеруі кіреді.

Қабақтың созылмалы ауруы және көз қарығуы жіті немесе асқынған кезде емдеу өткізіледі.

Алдамшы көз жарғағы (қызыл шел), пингвекула, мейбоми безінің айналасындағы шеміршектің аздап қабынуы, жекеленген көз қарығуында үстіңгі аналық бездің көпіршіке клеткасы (фолликулалар) - ұшқыштық оқу орнына оқуға кедергі емес.

Қабақтың созылмалы ауруы және көз қарығуы, 2) тармақшаға қатыстылар.

47. Талаптарға 1-кестенің 47-тармағына көз жасы органдары және көзден жас шығару жолдары жатады. 1) тармақшаға жататындар: тарылу, көзжас нүктелерінің жолы, көзжасқабы, көзжас безі қабынушылығы, көзжас ағуын болдыратын жарақаттық зақым және басқа аурулар.

Көзжас тиылуы қызметі қалпына келтірілген және төменгі көзжас нүктесі мен түтікшелер (түтікшелік және мұрындық сынақ бағаланады) болмауы кезінде сараптау қорытындысы 2) тармақша бойынша шығарылады.

48. Талаптарға 1-кестенің 48-тармағына көздің алмасы аурулары жатады. 1) тармақшаға жататындар: көздің ажырауы, көз қабатының бояутектілік қабынуы, ауыр буын аурулар, жарақат, көздегі қатерлі жаңатүзілім.

Жіті ауруларды бастан өткергеннен кейін: көз қарығуы, ақ қабақтың қабынуы, қасаң қабақтың қабынуы, нұрлы қабақтың қабынуы, нұрлы қабақ пен бүршікті дененің қабынуы, жеңіл көз зақымы жұмысқа жіберілуі туралы қорытынды сауықтырылғаннан кейін шығарылады.

Тамырлы қабақ қабынуы кезінде, ұзақ өтетін, қайталанатын қасаң қабақтың қабынуы және нұрлы қабақ пен бүршікті дененің қабынуы, хориоретинит, нервнің қабынуы, көз алмасының сауығуға бейімді жарақаттық зақымдануы ұшқыштар құрамы және бортсеріктер 3-6 ай аралығында емделуге, әрі қарай 2) тармақша бойынша куәландырылуға жатқызылады.

Авиадиспетчерлері сауықтырылғаннан кейін еңбекке жарамсыздық парағы жабылуымен жұмысқа жіберіледі.

Жасы келгендердің көз бұршағы ағаруы бастамасы үдеусіз, көз бұршағының шектеулі бұлдырауы, жарақаттық сипаттағы шыны тәріздес дене, жалған сары дақты нәрсіздену, бастапқы үдемейтін көру жүйесінің көру қызметін жеткілікті сақтаумен семуі 2) тармақша бойынша куәландырылады.

Көру ағзасы қызметі сақталу жеткіліктілігі үшін, қолданылады: нашар көзіндегі көру өткірлігі ұшқыштар үшін түзетусіз 0,6, штурман, бортинженер, бортмеханиктерге түзетусіз 0,4 қос көзбен аумақты көру; басқа мамандықтардың иесі үшін - түзетусіз 0,1-ден төмен емес, көзбен қалыпты көру, қараңғылыққа бейімделу, бинокулярлық тұрақты көз көру. Екінші көздің көру қызметі 1-кестенің 52-тармақ талабына жауап беруі қажет.

Бір бағытты артифакия кезінде көз бұршағы орнына интраокулярлы линза қондырып, катарактаның экстракциясы бойынша операциясын жасатқан ұшу құрамын, авиадиспетчерлерін, бортсеріктерін жұмысықа жіберу мәселесі, көру қызметтерінің сақталуын ескере отырып, операциядан кейін кемінде 6 ай өткен соң шешіледі. Екі бағытты артифакиясы бар авиациялық қызметкерлері жұмысқа жарамсыз болып танылады.

Көру органдарында лазерлі операциялар жасалғаннан кейін ұшу жұмыстарына, авиадиспетчерлер жұмысына, бортсеріктер жұмысына жіберу мәселесі көру қызметтерінің сақталуы дәрежесін ескере отырып, операциядан кейін кемінде 6 ай өткен соң (қызметтегі ұшқыштар, авиадиспетчерлер және бортсеріктер үшін көздің ішкі тор қабағының лазерлі коагуляция жасалғаннан кейін – 4 аптадан кейін) жеке шешіледі. Ұшқыш, авиадиспетчерлер, бортсеріктер оқуына жіберілетін үміткерлер және ұшу жұмысына жаңадан қабылданатын тұлғалар лазерлі операциялардан кейін кемінде 12 ай өткен соң куәландыруға жіберіледі.

Туғаннан көз бұршағы қапшығында жекелеген ұсақ бояутектің шөгуі, қан тамырында шыны тәріздес дене қалдығы, көз торында миелиндік талшық АОО оқуына кедергі болмайды.

Туғаннан нұрлы қабығының және буын қабықтары колобомасы, поликория, Туғаннан көз бұршағы ағаруы, көру жүйесі дискісіндегі офтальмологиялық өзгеріс ұшу мамандығына оқуына қарсы айғақ болып табылады.

Барлық тұлғалар үшін әрбір медициналық куәландыру кезінде 1-4 бағандары бойынша қараңғылыққа бейімділігі тексеріледі, медициналық зерттеулер қолданылатын прибордың нұсқауында көрсетілген нормаға сәйкес болу қажет.

49. Талаптарға 1-кестенің 49-тармағы бойынша глаукома болуына күдік туындаған кезде, соның ішінде бір көзінде, медициналық тексеру арнайы мекемеде жүргізіледі. Тұлға қатерсіз гипертензиясымен ұшқыштық жұмыстан шеттетілмейді, көздің барлық көру қызметі толық сақталуымен және миотиктің минималды режимі (күніне 2 ретке дейін) бірінші рет белгіленген ашықбұрышты 1-сатылық глаукома кезінде ұшу құрамы тұлғалары және авиадиспетчерлері емдеу-сауықтыру шараларын өткізу үшін және әрі қарай 2) тармақша бойынша куәлануын бақылау үшін жұмыстан 1 айдан аз емес мерзімге босатылады.

Куәландыру алдында глаукома бойынша мамандар кеңесі өткізіледі.

50. Талаптарға 50-тармағы бойынша түрлі-түсті көрудің бұзылуы диагнозы қабылданған жіктеме бойынша, түрі, формасы мен дәрежесі көрсетілуімен шығарылады.

51. Талаптарға 1-кестенің 51-тармағы бойынша әрбір медициналық куәландыруда 1-4 бағандар бойынша жасырын және анық қылилықтың болуы зерттеледі. Қылилық медициналық зерттеу синоптофор немесе Меддокс шкаласы бойынша өткізіледі. Елеусіз қылилық дәрежесі мен түрі арқылы анықталады.

Ұшқыштық және авиадиспетчерлік мамандықта оқитындарда бағана бойынша қылилық бұрышы көлденеңінен 3 градустан аспауы керек, 2-4 бағандары бойынша куәланушыда көлденеңінен - 4-тен артық емес, тігінен 1 градус, 3-баған бойынша 8 және 1 градусқа сәйкесті. Қылилық жағдайында фузиондық қор зерттеледі. Қалыпты жағдайда теріс фузиондық қор 5-8 градусты құрайды, оң - 15-20. Фузиондық қор азайған кезде емдеу-жаттығу шаралары көрсетіледі.

52. Талаптарға 1-кестенің 52-тармағы бойынша көру өткірлігі кеңістіктегі сынау белгілері немесе Ротт аппаратында Головин-Сивцев кестенің бойынша түзетусіз және түзетумен зерттеледі: шынайы көру өткірлігі (2,0-1,5-1,0) көрсетіледі.

Ұшқыштар көру өткірлігі 0,6-дан төмен емес, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер 0,4-тен төмен емес әр көзге түзетусіз жөне түзетумен 1,0 және әр түрлі қашықтықта көздің анық көру көлемімен сәйкес жас түрімен және жұмыс тәжірбиесі мен кәсіби дайындығы ескеріліп жеке баға беріледі.

Төмен көру өткірлігі бар ұшқыштар 0,5 (көздің көру бикокулярлы өткірлігі 0,6-дан төмен емес), штурмандарда, бортинженерлерде, бортмеханиктерде түзетусіз 03-тен төмен емес, түзетумен 0,1 аккомодация көлемімен жас ерекшелігіне сөйкес кәсіби дайындығы мен еңбек өтілін ескере отырып жеке баға қолданылады.

Аккомодацияның жасқа байланысты өзгеруінің әсерінен жақыннан нашар көру (пресбиопия) салдарынан ұшу құрамы тұлғалар ұшу қызметін түзегіш шынылы екі фокусты көзілдірікпен немесе жанаспалы шынылы линзамен орындауы керек және өзімен бірге тағы бір жұбын алып жүруі тиіс.

Авиахимиялық жұмыста түзету жанаспалы шынылы линзамен жіберілмейді. Көзілдірік (линза) сапасы мен оның болуы кезектегі куәландыру мен дәрігерлік тексеру кезінде қадағыланады.

0,5 Д дәрежелі жақыннан көрмеуде, 1,0 Д дәрежедегі алыстан көрмеуде, 0,5 Д астигматизм мен көру өткірлігі 1,0 түзетусіз медициналық құжаттың “диагноз” деген жазу жолында “сау” деп көрсетіледі, ал “сыну” деген жазу жолында сәйкес толтырады. Сыну аномалиясы кезінде көру өткірлігі төмендеуі 1,0-ден төмен болса куәландыру осы тармақ бойынша жүргізіледі.

53. Талаптарға 1-кестенің 53-тармағы бойынша ұшқыш, штурман, бортинженер, авиадиспетчер мамандығы бойынша АА оқу орнына түсушілерде, 1-баған бойынша циклоплегия шартындағы сыну түрі мен дәрежесі шынайы тәсілмен (1% атропин ерітіндісі (мидриацил, тропикамида) 5 минут сайын 2 рет тамызылады) анықталады. Басқа бағандар бойынша циклоплегия сынуын (рефракциясы) анықтау үшін медициналық айғақтар болуымен өткізіледі.

Егер куәланушыда сыну (рефракция) жіберілетін нормадан артпаса, тармақ қолданылмайды.

54. Талаптарға 1-кестенің 54-тармағы бойынша кәсіптік іс-әрекет орындау үшін қажетті жұмыстық қашықтық (60-80 см) ескере, аккомодацияның жасқа байланысты өзгеруінің әсерінен жақыннан көру нашарлау (пресбиопия) дәрежесі сфералық шыны күшімен анықталады.


  1. Құлақ, тамақ, мұрын, ауыз қуысы және жақ аурулары

55. Талаптарға 1-кестенің 55-тармағы бойынша АА оқу орындарында ұшқыш, штурман, бортинженер даярлау бойынша оқуға үміткерлер мен оқитындар жоғарғы жақ қуысы қойнауында жылауығы, маңдай қойнауында жылауығы және остеомасымен жарамсыз деп танылады. Ұшу құрамындағы тұлғалар барокамералық зерттеулер мен ұшуға жақсы төзімділік танытқан жағдайда маңдай қуысының остеомасы ұшу жұмысын қарсы айғақ болмайды. Жоғарғы жақ қуысындағы сілемейлі қойнау қабырғалық қалыңдау кезінде, егер контрастылық затпен диагностикалық инемен тесуде (пункция) патологиялық өзгеріс айрықшаламаса және АА оқу орнына оқуға үміткер барокамералық зерттеуде барометрлық қысым ауыспашылығына төзімді болса, ұшқыштық оқуға кедергі болмайды. Поллиноз кезінде, мұрын қарығушылық синдромымен ұшу жұмысын жалғастыруына жарамдылығы туралы аллерголог қорытындысынан кейін шешімін табады.

56. Талаптарға 1-кестенің 56-тармағы бойынша қисайған мұрын қалқаларының толығымен болмауы немесе мұрын дем алуының қиындығы, жоғары тыныс алуының жолдарының сілемейлі дистрофиясы, өзгеруі, сөйлеу және тыныс алу қызметін бұзатын (мұрын қалқаны ұлғаюы, аденоидтық вегетация, қатерсіз жаңатүзілім, емделуден кейінгі қатерлі жаңатүзілім) сыртқы есту жолының экзостозы, құлаққасы аймағы остеомасы және радикалдық операциядан кейінгі созылмалы іріңді мезо - және эпитимпанит. Көрсетілген аурулар бойынша операциялық емдеуден кейін жұмысқа және оқуға жарамдылығы туралы мәселе қызметінің қалыптасуын ескере 2) тармақша бойынша шешіледі.

Құлақты радикалдық операциядан кейін операция соңы қуысының толық және тұрақты эпидермизациясы мен есту қызметін сақталуы кезінде (63-тармақ бойынша) куәланушы жарамды деп саналады. Естуін қалыптасру үшін операция жасалған (тимпанопластика, стапедопластика) тұлғалар 1-2-3-бағандары бойынша жарамсыз деп танылады.

Бұл тармаққа тісті қоршаған тіндер қабынуы (парадонтит), көп тістердің түсіп қалуы, алмалы-салмалы протез тістер, қызыл иектің қабынуы, шырышты қабықтардағы ақшыл дақтар, ауытқулы тістемаурулары жатады.

Алмалы-салмалы тісі бар адамның сөйлеу дәрежесі алмалы-салмалы тісін суырып алғаннан кейін тексеріледі. Көп тістер түсіп қалуынан шайнау қызметі бұзылған жағдайда комиссияаралық кезінде протез қою қажеттігі ұсынылады. 3 дәрежелі ауытқулы тістеме кезінде (күрек тістердің аралығы жоғары және төменгі жақ сүйектің тік және сагиталдық бағыты 10 мм жоғары) және 2 дәрежесі (6-дан 10 мм-ге дейін) сараптау шешімі 1) тармақша бойынша шығарылады. 1-дәрежелі ауытқулы тістемаурулары 2-тармақшаға жатады (күрек тістердің аралығы 5 жөне одан да кем мм)

57. Талаптарға 1-кестенің 57-тармағына қабынған бадамша безі бар тұлғалар операциялық емдеуге жатқызылады. Созылмалы жаншылған бадамша безі қабынуы операциялық емдеуден кейін асқынушылық болмаса ұшу жұмысына операциядан кейін 1 айдан соң жіберіледі.

Созылмалы декомпенссацияланған бадамша безі қабынған тұлғалар отоларингологтың бақылауы мен айғақ бойынша емделуге жатқызылады.

58. Талаптарға 1-кестенің 58-тармағында көрсетілген ауруы бар тұлғалар арнайы емделуге жатқызылады. Қатерлі ауру бойынша емделуден кейін жұмысқа қайтарылуы туралы мәселені онкологтың шешімі ескеріле отырып, 2 жылдан кейін қаралады.

59. Талаптарға 1-кестенің 59-тармағы сөйлеудің бұзылуын қарастырады: дыбыс шығару және кекештену кез келген дәрежедегі кекештену кезінде штурман, бортинженер, авиадиспетчерлері оқуына және бортсерік жұмысына үміткерлер жарамсыз болып танылады.

Кейбір дыбыстарды бұзып сөйлейтін, бірақ анық, сөзі түсінікті үміткерлер жарамды болып табылады. Сараптау қорытындысы логопед кеңесінен кейін шығарылады.

60. Талаптарға 1-кестенің 60-тармағы бойынша 1) тармақша радикалдық операциядан кейінгі операция жасалған қуыстың толық емес эпидермизациясы жағдайын (онда іріңнің, түймешік, түйіршіктер және інжу тәріздес ісік (холестеатома) болуы) қарастырады.

Біржақты созылмалы қатерлі емес эпитимпанит (түйіршіктерсіз, түймешіксіз, сүйек жегінің болмауы, лабиринт ауруы белгісі) мезотимпанит кезіндегі жұмысқа жарамдылығы 2) тармақша бойынша қарастырылады.

3) тармақшаға созылмалы құлақ талауруы (созылмалы тубоотит) сирек асқынушылығымен және біркелкі есту қабілетінің бұзылуы және барофункция ұшу жұмысына қарсы айғақ болмайды.

Сараптау қорытындысы құлақ есту сақтығы ескеріле шығарылады.

Теспелеу орнында кішкене тыртық, құлақ жарғағында әктік шөгіндену (оның жақсы қозғалуы, қалыпты есту кезінде, аудиграммамен расталған және бара қызметінің сақталуымен) диагноз белгілеуге негіз болмайды.

61. Талаптарға 1-кестенің 61-тармағы бойынша құлақ барофункциясы бұзылуының тұрақтылығы мен айқындылығы арнайы зерттеу арқылы расталуы қажет.

Сараптау шешімі 2) тармақша бойынша емделуден кейін барофункция бұзылуының нысаны (органикалық немесе функциялық) ескеріле отырып, шығарылады. Ұшқыш мамандығына оқитындарға айғақтар бойынша қысым айырмасының төзімділігін тексеруде барокамералық зерттеу өткізіледі. Құлақ жарғағындағы жеңіл қан кернеуі, отометрия жақсы айғақімен буынға балға бұраламасы бойымен жіберу және құлақ, мұрын, тамақ ағзаларында патология болмауы ұшқыштық оқуға кедергі келтірмейді.

62. Талаптарға 1-кестенің 62-тармағы бойынша тұлғаның статокинетикалық сезгіштік жағдайы туралы вестибулометрия қорытындысымен (айналмалы орындықта тексеріледі), ұзақ ұшуға төзімділігі бойынша, вестибулярлық сыртартқы бойынша қорытындылайды.

Жеңіл вестибуловегетативтік әсер (өңі сұрлану, сәл тердің пайда болуы), вестибулометрия кезінде ұшуға жақсы төзімді және денсаулық жағдайында ауытқушылық болмаса диагноз қоюға негіз бола алмайды.

63. Талаптарға 1-кестенің 63-тармағы бойынша АА оқу орнында оқитындар мен жер қызметі құрамы қатарындағылар, ұшқыштық жұмысқа штурман, бортинженер, бортмеханик, бортрадист, бортсерікке түсушілер сыбырлап сөйлеген жуан және жіңішкелік сөз тобын 6 метрден кем емес қашықтықта қабылдау және аудиометриядағы барлық диапазон жиілілігінде есту табалдырығы 10 ДБ-ға дейін қажет.

Бұл тармаққа беріш ауруы жатады. Беріш ауруымен зардап шегетін және есту қалыптамалау операцияын кешкен тұлғалар емделу нәтижесіне тәуелсіз барлық бағана бойынша жарамсыз болып табылады. Есту қызметін анықтауда келесі зерттеу әдістемелері қолданылады: сыбырлап сөйлеу акуметриясы, камертонмен тексеру, алдыңғы тоналды табалдырықты аудиометрия, сөйлеу аудиометриясы, ультрадыбыстық зерттеу.

Сараптау қорытындысы жуан не жіңішке сөз тобына тәуелсіз, есту қабілетінің нашар айғақімен негізделіп шығарылады. Ол үшін кохлеарлық нерв жүйесін жетілдіру қажет есту ағзаларының басқа ауруларынан және мүмкіндік болса нервнің қабыну этиологиясын көрсету (жұқпадан соң, уыттанудан кейін, жарақаттанудан кейін, шулау, атеросклероз, гипертониялық аурулар және тағы басқа).

Кохлеарлық нерв қабыну этиологиясымен ұшу құрамындағыларға жаз кезіндегі айлық норманы ұзартуға тыйым салынады. Ұшу жұмысына жіберу кезінде шектеулі есту қабілеттілігімен куәланушы екіжақтылық радиоалмасу жүргізу сапасын тексеру актісін беруі тиіс.





Каталог: images -> npa
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
npa -> Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже
npa -> Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы
npa -> Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет