Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер



бет2/13
Дата24.05.2017
өлшемі2,2 Mb.
#16975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§1. Қызмет көрсетуді ұйымдастыру
38. Жедел ТҚК ӘК-нің жарамдылығын, даярлығын және оған кезеңдік техникалық қызмет көрсету нысандарының арасындағы арақашықтықта қамтамасыз ететін, даярлық жұмыстары, АТ-ның техникалық жай-күйін қарау және тексеру жүйесі болып саналады.

Жедел ТҚК түрлерінің құрамы, олардың мазмұны, тағайындау және орындау тәртібін нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ анықтайды.

39. Жедел ТҚК:

1) істен шығуларды іздестіруді және жоюды;

2) компоненттерді ауыстыруды (мұндай компоненттерге қозғалтқыштар да, әуе бұрандалары да жатады);

3) ТҚК жөніндегі жоспарлы жұмыстарды (еңбекті көп қажетсінетін тереңдетілген бақылауды талап етпейтін әдеттегі зақымдануларды, бұзушылықтарды анықтау үшін көзбен шолу байқауларын қоса алғанда);

4) оларды орындау үшін тез ашылатын панельдер/люктер арқылы қол жетімділігі бар конструкцияның, борттық жүйелердің және күш қондырғысының ішкі элементтеріндегі жұмыстарды;

5) елеулі бөлшектеуді талап етпейтін және құрылғылар мен құрал-саймандардың аса қарапайым түрлерімен орындала алатын ағымдағы жөндеу және күрделі емес түрленімдерді қамтиды.

40. Жедел ТҚК кезінде техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) берілетін жұмыстардың тізбелері және регламентте көзделмеген қосымша жұмыстар (бұйымдарды алмастыру, бір реттік байқаулар және басқалары) орындалады.

41. Жедел ТҚК көрсету жөніндегі жұмыстарды ұшуларды дайындау және қамтамасыз ету жоспарларына сәйкес ұйымдастырады.

42. ӘК-ні кешенді дайындауды диспетчерлік қамтамасыз етуді ӘК-ні пайдаланушы/барсінің және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның диспетчерлік қызметтері жүзеге асырады.

43. Жедел ТҚК тәуліктік бағдарламасы, ӘК-ні ұшуға дайындау мерзімдері және олардағы жұмыстардың қосымша көлемдерін ұшулардың тәуліктік жоспары, ПҚ талаптары және кемелердің жай-күйі негізінде жоспарлайды. Тиісті бөлімшелерге қызмет көрсету нысандары мен қосымша жұмыстар тізбесі көрсетілген өндірістік тапсырмалар береді.

44. Пайдаланушының тиісті бөлімшелерінде жедел ТҚК жүргізу ұйымы, әуежай ИАҚ ӘК ұшуларының қауіпсіздігін, қозғалыс кестесіне (ұшу жоспарына) және нақты жұмыстар өндірісінің технологиялық кестесіне сәйкес ӘК-ге уақытында және сапалы қызмет көрсетуді, жұмыс істеушілердің еңбегін қорғау талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

ӘК-ге жедел ТҚК жүзеге асыратын бөлімшелердің ИТҚ орындалатын жұмыстарды жүргізуге және оған рұқсат етуге дайын болғаны жөн.

45. АРЭЖ барлық жүйелерінің жедел ТҚК АРЭЖ-ның тиісті аралас мамандықтар және жүйелер бойынша даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен нақты жұмыстарды орындауға рұқсат етілген бір маманына карта-наряд ресімдеу арқылы орындалады. Бұл ретте күрделі ақауларды жоюға базалық (нақты жүйе бойынша) даярлығы бар мамандарды тартады.

Жедел ТҚК бөлімшелерінің бригадаларын перронға жақын орналастырады, оларды өндірістік және тұрмыстық үй-жайлармен, пайдалану құжаттасымен, арнайы қолданылатын, жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен, АТ-ның жай-күйін бақылау құралдарымен, байланыспен қамтамасыз етіледі.

46. ӘК-ге қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маман ТҚК-ге даярлықты және оны мынадай тәртіппен орындауды жүзеге асырады:

1) ӘК-нің тұрақ орнында кездесуін және оны тұраққа (перронға) қондыруды ұйымдастырады, кемеге энергиямен жабдықтаудың әуежайлық көзін қосу (ажырату) үшін жауаптыны тағайындайды;

2) қозғалтқыштар тоқтағаннан кейін кездесу бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды орындау туралы нұсқау береді;

3) ӘК-нің ұшудағы жүйелері мен жабдықтарының жұмысы туралы бортинженерден (бортмеханиктен, пилоттан) ақпарат алады;

4) ұшуда анықталған істен шығулар мен ақаулар туралы борт журналындағы жазбалармен танысады;

5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көзделген көлемде және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжаттарына, алдағы уақытта оның пайдаланылуына сәйкес өзі ӘК-ге алғашқы сыртқы байқау жүргізеді (техникалық жай-күйін анықтайды);

6) ТҚК белгілеген көлемін орындағаннан кейін орындаушылармен бірге егер ол ұшуға дайындалса, ӘК-нің жарамдылығын және ұшып шығуға даярлығын немесе кемені басқа ТҚК-ге немесе сақтауға табыстау үшін көзделген жұмыстар көлемінің орындалғанын қолдарымен растай отырып, карта-наряты ресімдейді.

47. Тіркелген ӘК-лерде орындалатын, қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар көлемін (ТҚК нысанын) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарына және бұрынырақ орындалған жұмыстарды есепке алу деректеріне сәйкес белгілейді. Транзиттік ӘК үшін жедел ТҚК және қосымша жұмыстар нысандарын тағайындау үшін жауапкершілік оның экипажына (осы мәселе бойынша қажетті өкілеттіктер берілген экипаж мүшесіне) жүктеледі. ТҚК-нің талап етілетін нысаны туралы және қосымша жұмыстар туралы экипаж мүшесі ұшып келгеннен кейін бірден борт журналына жазады.

Жедел ТҚК нысандары онда даярланған ИТҚ және қажетті техникалық құралдар болған кезде базадан тыс әуежайда орындалады.

48. Жедел ТҚК орындалғанын растайтын құжаттар мыналар болып табылады: қосымшаларымен карта-наряд (жергілікті әуе желілері бойынша және уақытша орналасқан жерлерінде ұшулар орындайтын әуе кемелерінің ТҚК ведомосі), оған орындаушылар және бақылаушылар қол қояды; ӘК-нің борт журналы, онда орындалған ТҚК нысанын және карта-нарядтің нөмірін көрсете отырып, осы ӘК-ге ТҚК үшін жауапты маман жазба жасайды.

49. Базалық, соңғы, запастағы және аралық болып табылатын әуежайларда, сондай-ақ уақытша әуежайларда пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес ӘК-ге жедел қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді. Бұл үшін әуежайлар ПҚ-мен, кемелерге арналған тұрақтармен, жалпы және арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен, АТ-ты бақылау құралдарымен қамтамасыз етіледі, осы үлгідегі әуе кемелеріне жедел ТҚК рұқсат етілген мамандары болады.

50. ӘК тиісті даярлықтан өткен ИТҚ жоқ (немесе ТҚК жөніндегі қызметтер өзге себептер бойынша көрсетілмейді) әуежайларға және алаңдарға қонған кезде ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуді оны ӘК қонған жерге жеткізу (соның ішінде экипаж құрамына енгізу жолымен), жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету - ӘК-тің пайдаланушысы/барсінің құзыретіне жататын мамандар бригадасы орындайды.

51. Жедел ТҚК үшін жауапты бөлімшелерге әуе кемелеріне кезендік ТҚК үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Осындай жұмыстарға тартылатын мамандардың тиісті даярлығы және рұқсаты болуы қажет. Жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК үшін жұмыстың осы түріне жіберілген ұшу экипажының мүшелерінің жедел қызмет көрсетуінің ұшу алдында және ұшудан кейінгі нысандарын орындауға жол беріледі.

52. Іссапарға жіберілген ӘК-лерге қызмет көрсетуді пайдаланушылар арасындағы келісім негізінде ұйымдастырады және нақты үлгідегі ӘК үшін Қағида мен ПҚ талаптарына сәйкес жүзеге асырады.


§2. Әуе кемелерінің кездесуі және олардың тұрағын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар
53. ӘК-ні жедел қызмет көрсетуге қабылдау алдында ТҚК басшысы кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерді тағайындайды, диспетчерлік қызметпен бұрын келісілген, оған әуе кемесі қабылданатын тұрақ орнын көрсетеді.

54. Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер ӘК қонғанға дейін:

1) ӘК қабылдау үшін бөлінген, тұрақ орнының жай-күйін және жабдықталуын, онда кеменің рульдеуіне (қондыруға) кедергі жасайтын құралдар мен мүлік болмауын тексереді;

2) арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдары мен құрылғыларын, соның ішінде ӘК тұраққа қарай рульдеу кезінде экипажға командалар беру үшін қолданылатын жалауларды, қолғаптарды, электр шамдарын пайдалануға дайындайды.

55. Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер тұрақ орнына қарай рульдеу кезінде уақтылы және қауіпсіз командалар береді және ӘК командиріне жақсы көрінетін жерде тұрып, белгіленген командалар мен сигналдарды бере отырып, рульдеуді басқарады (3-қосымша).

56. ӘК-ні тұраққа қойғаннан, қозғалтқыштарды ажыратқаннан және ауа бұрамалары айналысын тоқтатқаннан кейін орындалатын жұмыстардың құрамы мынадай жағдайларды ескере отырып белгіленеді:

1) негізгі тіректер доңғалақтарының астына таяныш қалыптарын орнату;

2) ӘК-ні жерге қосу («жер - әуе кемесі» схемасы бойынша ПҚ белгілеген сақтық шараларын сақтай отырып);

3) егер бұл ТҚК регламентінде көзделсе, ӘК-ні шынжырлап бекітіп қою (тікұшақтардың көтергіш бұрамаларының қалақтары);

4) ӘК-ні сыртынан байқау, экипаждың борт журналындағы жазбаларымен танысу, экипаж мүшелерінен кеменің техникалық жай-күйі туралы ауызша ақпарат алу, ТҚК-ге карта-нарядта оның бактарындағы отын қалдықтарын жазу;

5) ауысымдағы ТҚК жұмыстарының басшысына жоюды талап ететін ақаулар туралы баяндау;

6) реглаентте көзделген басқа да жұмыстарды орындау.

57. Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер ӘК-ні кездестіргеннен кейін тұрақпен қамтамасыз ету немесе қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды.

Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер мыналарды жүзеге асырады:

1) егер оны тұрақ бойынша кезекші қабылдамаған болса, ӘК-ті экипаждан қабылдауды;

2) ӘК-ні одан арғы ТҚК (жөндеу, сақтау) орнына тіркеп сүйреуді ұйымдастырады;

3) экипаж кабинасын тексереді және қажет болған жағдайда қозғалтқыштарды, бұйымдарды, жүйелерді басқару тетіктерін және электрмен жабдықтау ЖҚА-нің ажыратқыштарын ПҚ-да көзделген қалыпта орнатады;

4) ӘК-ге арнайы сұйықтықтарды, газдарды төгеді құяды;

5) ӘК-ні тоқсыздандырады, оны әуежай қорек көзінен ажыратады;

6) ӘК-нің ауажинағыштарына және қозғалтқыштарына қақпақшалар, сақтандыру құрылғыларын орнатады;

7) қозғалтқыштарды іске қосуды немесе рульдеуді болдырмайтын құрылғылар орнатады, басқару рульдерін тоқтатады немесе оларға бұрандама қысқыштар қояды;

8) экипаж кабинасы шамының желкөзін жабады, люк қақпақтарының фиксаттарларын жабық жағдайға орнатады, жүк, қызметтік және техникалық бөліктердің есіктерін (қақпақтарын) жабады, фюзеляж есігін ілтпен бекітеді;

9) ТҚК регламентінде көзделген басқа да жұмыстарды орындайды;

10) ӘК-ні күзетке тапсыруға дайындайды.

ӘК-ні қаптауды немесе оның үстін мұздануға қарсы сұйықпен өңдеуді әуе кемесінің ТҚК жетекшісінің нұсқауы бойынша, сондай-ақ экипаждың талап етуі бойынша жүргізеді.

ӘК тұрағын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар сондай-ақ мерзімді және жедел қызмет көрсетуден, бұйымдарды алмастырғаннан, ағымдағы жөндеуден кейін орындалуы мүмкін.


§3. Қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар
58. ӘК-ні қарауды және қызмет көрсетуді осы жұмыстарды жүргізу үшін тағайындалған маман ұйымдастырады. ӘК-ні қарауды және қызмет көрсетуді нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ белгілейтін жағдайларда орындайды.

59. Қарау және қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстардың көлемі ПҚ ұйғарымдарына, өндірістік тапсырмаға (қосымша тапсырмаларды қоса алғанда) сәйкес болуы тиіс.

Оның бортынан АТ-ның істен шығуы туралы хабар алынған ӘК-ні қабылдайтын жағдайларда, ТҚК үшін жауапты ақауды жоюға жұмсалатын уақытты қысқарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Егер байқау мен қызмет көрсетуді ӘК-ні сақтаудан алғаннан кейін жүргізсе, байқау мен қызмет көрсету үшін жауапты бұрын жүргізілген жұмыстарға құжаттаманың толық және дұрыс ресімделгеніне көз жеткізеді.

60. Оларға ӘК-ге тексеру жүргізу тапсырылған мамандар ӘК-тің техникалық жай-күйін дұрыс анықтауды, жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, орындалатын жұмыстардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді. Тексеру және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың көлемін азайтуға, ПҚ белгілеген оларды орындау технологиясын өзгертуге рұқсат етілмейді.

61. Ұшуда жән ӘК-ні жерде тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы деректерді (соның ішінде объективті бақылау құралдарының деректер бойынша да) карта-нарядқа (дефектация жөніндегі наряд) оларды анықтаған мамандар және ТҚК жетекшісі жазады (борт журналындағы экипаж жазбалары бойынша жарамсыздықтар туралы мәліметтер). Жарамсыздықтарды жою көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаушылар мен бақылаушылардың қолдарымен ресімделеді.

62. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтаған маман, сондай-ақ алғашқы рет, қайталама (қайталамаға АТ-ның оларды жоюға жасалған әрекеттен кейін келесі бес ұшудың бірінде қайтадан білінетін ақауларын жатқызады), көлемі үлкен бөлшектеу-монтаждау және реттеу жұмыстарын талап ететін, күрделі ақауларды жұмыстар басшысына баяндайды, ол жарамсыздықтарға қажетті талдау жүргізеді, ӘК-ні қатарға қосудың тәртібі және мерзімдері туралы шешім қабылдайды (қажет болған кезде - резервтік ӘК-ті пайдалануға шаралар қабылдайды). Нақты жағдайларда АТ-тың ақауларын қайталамалар санатына жатқызуды пайдаланушы жүргізеді.

ӘК-де әуежай жамылғылары бөліктерінің түсуінен пайда болған зақымдануларды анықтаған кезде пайдаланушының, әуежайдың комиссиясы әуежай жамылғыларын шұғыл тексеруді және зақымдану себептерін қарауды жүргізу қажет.

63. Ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды бригадирдің басшылығымен авиатехниктер (авиамеханиктер) орындайды. Қайталама ақаулар, сондай-ақ күрделі немесе қалпына келтірудің қалыптасқан технологиясы (құжат түрінде) жоқ ақаулар - инженер персоналының басшылығымен жойылады. Соңғы жағдайда қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын пайдаланушы белгілейтін тәртіппен әзірлейді және ресімдейді.

64. Ақауларды жою және істен шыққан жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жедел орындау мақсатында базалық, аралық және соңғы әуежайларда, сондай-ақ уақытша әуежайларда тіркелген ӘК-лер үшін бұйымдардың кемімейтін қорын және транзиттік кемелер үшін қайтарымды-айырбас қорын құрады.

65. Қайтарымды-айырбас қорының бұйымдарын транзиттік ӘК экипажы ресімдеген, белгіленген үлгідегі талап негізінде береді. Мұндай жағдайларда бұйымдарды ӘК-ге орнатуды ИАҚ мамандары жүргізеді, ол туралы олар борт журналында жазады. Қайтарымды-айырбас қоры бұйымының паспортына ол оған орнатылған ӘК-нің нөмірін жазады. Бұйымның уақытша барсіне паспорт берілмейді. Қайтарымды-айырбас қорының бұйымы бар ӘК-ні базалық әуежайға келіп қонғаннан кейін пайдалануға рұқсат етілмейді.

66. Ұшу ақпараты борттық тіркеушісінің таратқышын (үнтаспалар) орнатуды (айырбастауды) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) немесе экипаждың өтінімі бойынша, сондай-ақ таратушы толығымен шығындалған немесе ол алдағы ұшу үшін жеткіліксіз болғанда, тиісті лауазымдық тұлғалардың талабы бойынша белгіленген мерзімдерде жедел (кезеңдік) ТҚК кезінде ИАҚ мамандары жүзеге асырады. Таратқыштың қалдығын (жазғы сағаттарда) ұшудан экипаж жүргізген борт журналындағы жазбалар бойынша анықтайды. Жұмыс артық уақытты запасын көрсете отырып, таратқышты (үнтаспаны) ауыстыру туралы орындаушы пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес борт журналында және карта-нарядта жазба жүргізеді.

Тіркеушілерден алынған, ұшу ақпаратын өңдеуді (кодсыздандыру және дұрыстығын талдау) тиісті жабдықтармен жарақталған орындарда жүргізеді.

Ұшу техникасы жөніндегі талдауды және пайдалануды пайдаланушының ұшу бөлімшелері, ал ӘК жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін және жұмыс істеуінің дұрыстығын бағалау жөнінде пайдаланушының ИАҚ профильді бөлімшесі және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар жүзеге асырады.

67. ӘК-ні авариялық-құтқарушылық жабдықтармен және құрал-саймандармен (авариялық радиостанциялар, сигналдық құралдар, тағамдық азық-түліктер, су, қару, экипаж мүшелері үшін шаңғылар, құтқару жилеттері және жүзбелі құралдар, АТ-ны қыздыру құралдары және басқалары) толықтыруды бекітілген сипаттамаларға (тізбелерге) сәйкес және ұшудың ерекше жағдайларын ескере отырып жүргізеді. Жұмысты орындаушылар ӘК-нің авариялық-құтқарушылық жабдықтары мен құрал-саймандарын жеткізу, оның толықтығы және жай-күйінің кондицияға сәйкестігі үшін жауап береді.
§4. Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар
68. ӘК-ні ұшуға дайындау жөніндегі жұмыстардың бүкіл кешені үшін қорытынды болып табылатын, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау алдында ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың орындалуы үшін жауапты маман жедел ТҚК-ге карта-нарядты, борт журналын тексереді және көрсетілген құжаттаманың дұрыс ресімделгеніне және жұмыстардың орындалуы үшін жауапты лауазымды тұлғалардың қолдары қойылғанына көз жеткізеді.

69. Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды (көлемі, жүйелілігі, ұшуды кешіктірген кездегі іс-әрекеті) орындаушылар мен бақылаушылар техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және пайдаланушының құжаттарын қоса алғанда, тиісті ПҚ-ны нұсқаулыққа ала отырып жүргізеді.

Жұмыстарды орындау процесінде зақымдануларды, ақауларды және басқа да ақауларды анықтаған кезде, оларды анықтаған маман жұмыстардың жетекшісіне хабарлайды, ол ауытқуларды жою тәртібін, жұмыстардың аяқталу уақытын белгілейді, қабылданған шешім туралы диспетчерлік қызметке және жоғары тұрған басшыға хабарлайды.

70. ТҚК регламентінде көзделген, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардан басқа ӘК-де (қажет кезінде) ЖЖМ, арнайы сұйықтықтар және су құюды, жүйелерді газдармен зарядтауды, кеменің үстінен қарды, қырауды, мұзды кетіруді, жолаушылар салондары мен экипаж кабинасында ауаны кондицияға сәйкестендіруді, қозғалтқыштар мен бұйымдарды қыздыруды, қозғалтқыштарды іске қосу және сынау үшін кемені перронға, алаңға тіркеп сүйреуді орындайды.

71. Экипажға ұшуға дайындалған ӘК-ні ұсынады. Ұшуға дайындалған деп жарамды ӘК-ні санайды, онда:

1) планердің, қозғалтқыштардың және бұйымдардың ресурсы тапсырманы орындау үшін жеткілікті;

2) жүйелерге ЖЖМ (осы қағиданың 236-тармағының талаптарын ескере отырып), арнайы сұйықтықтар құйылған және ұшу тапсырмасына және регламентке сәйкес газдармен зарядталған;

3) кеме құжаттамасы ӘК-де, борттық авариялық-құтқарушылық, тұрмыстық жабдықтар және құрал-саймандар борт журналындағы тізімдемелерге (тізбелерге) сәйкес толықтырылған;

4) ТҚК процесінде және ӘК-ні экипажға тапсырғаннан кейін орындалатын, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілген;

5) ТҚК үшін жауапты маман карта-нарядта кеменің ұшуға дайындалғаны және ұшып шығуға рұқсат етілгендігі туралы қорытындыға қол қойған.

72. ӘК-нің ұшуға дайындығы және ұшып шығуға рұқсат беру туралы соңғы қорытындыны карта-нарядқа қол қоя отырып, оның дайындығының тікелей басшысы - тиісті рұқсаты бар, ИАҚ маманы береді. Ұшып шығуға рұқсат беретін маман алдын ала карта-нарядта ұшып шығуды қамтамасыз ету жөнінде жүргізілген ТҚКЖ-нің орындалуы және оны бақылау туралы қолдардың болуын тексереді.

73. ӘК-ні экипажға тапсырған кезде жедел ТҚК-ге ресімделген карта-нарядты ұсынады, борт журналын, бланк, АТ-ның рейстегі жұмысы туралы анықтаманы, кеме құжаттамасын, ӘК-нің кілттерін табыстайды, оны кеменің техникалық жай-күйі туралы хабардар етеді.

74. Экипаж жүргізетін, ӘК-ні ұшу алдындағы тексеру барысында ТҚК үшін жауапты мамандар ӘК-ден қаптамаларды, қақпақтарды, бұрандама қысқыштарды, қадаларды, бортинженерге (бортмеханикке, пилотқа) табысталатын, уақытша орнатылатын және ұшып шығу алдында алынатын басқа да құрылғыларды алып тастайды.

Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың орындалуы үшін жауапты маман ұшу алдындағы байқау және жүйелер мен жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін тексеру кезінде экипаж анықтаған ақауларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды.

75. ӘК-ні ұшуға дайындау үшін қажетті ТҚК жұмыстары кешенін орындағаннан кейін егер ол тексерілсе және оны экипаж қабылдаса, кеме ұшуға дайын болып есептеледі, ол бортинженердің (бортмеханиктің, пилоттың) борт журналындағы және жедел техникалық қызмет көрсетуге карта-нарядтағы қолымен расталады.
§5. Әуе кемесін ұшып шығуға рұқсат етілетін ақаулармен дайындау
76. ӘК-нің жойылмаған ақаулармен ұшып шығуына ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық көздеген жағдайлардан басқа да рұқсат етілмейді. Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықты көрсетілген ақаумен немесе зақымданумен ӘК-нің ұшып шығуына рұқсатты кеменің ТҚК үшін жауапты басшы береді.

Кеменің ТҚК үшін жауапты басшы ақаулардың сипатын борт журналына және жедел ТҚК-ге карта-нарядқа жазады және бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлайды.

ӘК-нің жойылмаған ақаулармен ұшып шығуына мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:

1) ӘК-нің базалық әуежайға қайту қажеттігіне байланысты. ӘК-нің ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықта көрсетілмеген ақаумен ұшып шығуы. Көрсетілген ұшып шығуға рұқсатты ӘК-нің пайдаланушы/барсінің ИАҚ басшысы немесе нақты жағдайда оны алмастыратын лауазымды тұлға береді;

ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтіндігі туралы негізделген қорытынды бар, ол туралы әуе кемесінің командиріне толық ақпарат беріледі;

борт журналына және карта-нарядқа пайдаланушының ИАҚ басшысының (немесе нақты жағдайда оны алмастыратын лауазымды тұлғаның) қолымен расталған, жоғарыда көрсетілген мәселелердің мәні жөнінде, жойылмаған жарамсыздығымен ұшудың қауіпсіз нәтижесін қамтамасыз ету жөнінде орындалған жұмыстар туралы, базалық әуежайға қайту үшін ӘК-нің ақаулығымен ұшып шығуына рұқсат беру туралы жазбалар енгізілген;

2) ӘК-тің оларды жою біршама белгілі бір мерзімге көшірілуі мүмкін, кемені пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтін ақаулармен ұшулары. Көрсетілген жағдайда ұшуға рұқсатты ӘК пайдаланушы-барсінің ИАҚ басшысы білікті мамандар комиссиясының техникалық акті болған кезде береді, онда:

ақаудың сипаты, себептері және салдарлары нақты анықталған;

нақты белгіленген кезеңде ақаудың ӘК-ні пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтіндігі туралы негізделген қорытынды болуы, ақауды жоюдың нақты мерзімдері, жарамсыздықты бақылау жөніндегі қажетті іс-шаралар және оларды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар көрсетіледі.

ӘК-нің кемені пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтін ақаулармен ұшуы кезінде:

борт журналына, АТ бұйымының формулярына («Жеке ерекшеліктері» бөлімі) және карта-нарядқа пайдаланушының ИАҚ басшысының (немесе нақты жағдайда оны алмастырушы лауазымды тұлғаның) қолымен расталған, жоғарыда көрсетілген мәселелердің мәні жөнінде, жойылмаған жарамсыздығымен ұшудың қауіпсіз нәтижесін қамтамасыз ету жөнінде орындалған жұмыстар туралы, ӘК-нің ақаулығымен ұшып шығуына рұқсат беру туралы жазбалар енгізіледі;

ӘК командиріне жойылмаған ақаумен әрбір ұшып шығу алдында жарамсыздықты бақылаудың нәтижелері және оның ұшу қауіпсіздігіне әсерін болдырмайтын шаралар туралы толық ақпарат хабарланады.

77. Онда жойылмаған ақаулар бар ӘК-нің ұшып шығуына түпкілікті шешімді алда тұрған ұшу жағдайларын, ұшып шығу және қону әуежайларының жабдықталуын ескере отырып, ӘК командирі қабылдайды.
5-тарау. Әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету
§1. Қызмет көрсету ұйымы
78. ӘК-ге кезеңдік қызмет көрсетуді ЭД белгілеген атқарым (қону, кезеңдердің саны, қонулар) мәндері немесе уақыт аралықтары (қызметтің күнтізбелік мерзімдері) арқылы қызмет көрсетудің берілген режиміне сәйкес (ескертулер: кезеңдік қызмет көрсету режимі, берілген жағдайда бұл - жұмыстар тізбесі және олардың кезеңділігі) орындайды. Кезеңдік ТҚК жөніндегі жұмыстар нысандарға жалғасқан. Әрбір нысан жұмыстарының кезеңділігі және көлемі ТҚК регламентімен, ал операцияны орындау технологиясы, қолданылатын бақылау құралдары, құрал-сайман, құрылғылар және материалдар – технологиялық нұсқаулармен белгіленеді.

Атқарымды және күнтізбелік мерзімді санауды ӘК-ні пайдаланудың басынан немесе оны соңғы жөндеуден жүргізеді. Алдыңғы қызмет көрсету кезінде пайдаланылған атқарымға (қызмет мерзімі) рұқсатты одан әрі есепке алмайды.

79. Атқарым, күнтізбелік мерзімдер, қонулар кезеңдер және тағы сол сияқты жөніндегі кезеңдік ТҚК тағайындау тәртібін - нақты үлгідегі ӘК-дегі ПҚ белгілейді.

80. Ұшулардың қауіпсіздігін арттыру және АТ-ның ұзақтығын арттыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, ТҚК нысандары бойынша жұмыстар көлемін ұлғайтуға немесе олар бойынша жұмыстарды пайдаланушы анықтайтын тәртіппен белгіленген мерзімінен бұрынырақ орындауға рұқсат етіледі.

81. Қызмет көрсетудің әрбір нысаны бойынша жұмыстарды орындауға жұмсалатын жоспарлы күнтізбелік уақытты өндірістік жағдайдың қолданыстағы нормаларын және нақты ерекшеліктерін негізге ала отырып белгілейді.

ӘК-тің қызмет көрсетуге түсу мерзімдерін оларды пайдалану жоспарлары бойынша белгілейді және кемелердің нақты пайдаланылуы бойынша түзетеді.

82. ТҚК-ге карта-нарядтардың үлгілерін уәкілетті орган белгілейді және қолданысқа енгізеді. Операциялар жөніндегі ведомостерді және басқа жұмыстарға нарядтарды жергілікті жағдайларға қарай және пайдалану құжаттамасы талаптарын сақтай отырып пайдаланушылар мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар әзірлейді.

Операциялар жөніндегі ведомост осы пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйым үшін нормативтік құжат болып табылады, ол өзінің мазмұнымен, орындаушылар мен бақылаушылардың қолдарымен орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын растайды.

83. ӘК-ге қызмет көрсетуді өндірістік ғимараттарда немесе технологиялық құрылғылармен жабдықталған, арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз етілген ашық тұрақтарда жүргізеді.

84. Кезеңдік ТҚК орындалуы жұмыстардың көрсетілген түрі бойынша мамандандырылған буындарға және пайдаланушының ИАҚ бөлімшелеріне немесе ТҚКЖ жөніндегі ұйымға жүктеледі.

АРЭЖ-ға қызмет көрсетуді, оны тексеруді және оларды жөндеуді, орындалған жұмыстарды есепке алуды, тіркеуді және құжаттамалық ресімдеуді ПҚ талаптарына сәйкес және пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен олардың өндірісіне рұқсат етілген мамандар жүзеге асырады.

Барлық жағдайларда кезеңдік ТҚК жүзеге асыратын инженер және техникалық персонал өзінің мамандығы (мамандандырылуы) бойынша кезеңдік ТҚК-нің орындалатын нысандары бойынша жұмыстар жүргізуге дайын және рұқсат етілген болулары қажет.

Бөлімшелердің өндірістік мамандануының нақты құрылымын жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейді.

85. Кезеңдік ТҚК процесін тікелей ұйымдастыруды ауысым бастығы, ауысым инженерлері, бригадирлер - әрқайсысы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Жұмыстарды бастаудың алдында ауысым бастығы (немесе оны алмастыратын адам) өндірістік тапсырма берілген мерзімде орындалатындай, әуе кемесін ақаулық нәтижелері бойынша қосымша жұмыстар орындау үшін процестің тиімді ырғақтылығы және уақыт резерві қамтамасыз етілетіндей есеппен әрбір бригаданың нақты міндеттерін тұжырымдайды. Тиісті жағдайлар болған кезде жұмыстардың технологиялық процесін жоспарлаудың компьютерлік технологиялары қолданылады. Ауысым инженерлері мен бригадирлер жұмыс орындарының техникалық құралдармен толықтырылуын тексереді, ӘК-де жұмыстар орындаудың ерекшеліктері, техника қауіпсіздігі және алдағы процесс жағдайларында еңбекті қорғау қағидалары жөнінде орындаушылардың нұсқамаларын өткізеді.

86. Бригадирлер неғұрлым күрделі жұмыстарды орындайды, өздеріне бағынысты мамандардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жеке орындаушыларға немесе онда үлкенін – топқа тапсырылатын жұмыстардың орындалуы үшін жауапты аға маманды тағайындайтын, орындаушылар тобына жұмыс тапсырмаларын береді.

Электр жабдықтары жөніндегі мамандардан бригадир ӘК-ге электр энергиясының әуежайлық көздерін қосуды (ажыратуды) және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз ететін адамды тағайындайды.

87. ӘК-дегі жұмыстарға нұсқаулықты ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі инженерге (ол болмаған кезде – бригадирге немесе планерге қызмет көрсету тобындағы үлкеніне) жүктейді. ӘК-дегі жұмыстардың басшысына әуе кемесінің жүйелеріне және АРЭЖ-ға қызмет көрсетуге қатысатын бригадирлерді (мамандарды) жедел бағындырады. ӘК-дегі жұмыстардың басшысы мамандандырылған бригадалардың жұмыс тәртібін және олардың өзара іс-қимылын белгілейді.

88. Пайдаланушының, ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа бөлімшелерінің орындауына жататын қосымша жұмыстарға жұмыстар басшысы тапсырыс ресімдейді, онда: жұмыстың мазмұнын, ӘК-нің түрін және таным белгісін, тапсырыстың орындалу мерзімін, тапсырыс берушінің тегін және пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен басқа да мәліметтерді көрсетеді. Тапсырыстың орындалуы онда оның орындаушысы мен бақылаушысының қолдарымен расталады.

89. ӘК-ні ақаулықты өздерінің қызмет көрсететін аймақтары шегінде жұмыс орындаушылар не арнайы тағайындалатын ақау жабушылар жүргізеді. Ақаулық кезінде анықталған ақаулар, сондай-ақ ӘК-нің борт журналында тіркелген жарамсыздықтар туралы мәліметтер кезеңдік қызмет көрсету карта-нарядына қоса берілетін ақау нарядына енгізіледі.

Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтаған маман, сондай-ақ алғашқы рет, қайталама (қайталамаға АТ-ның оларды жоюға жасалған әрекеттен кейін келесі бес ұшудың бірінде қайтадан білінетін ақауларын жатқызады), көлемі үлкен бөлшектеу-монтаждау және реттеу жұмыстарын талап ететін, күрделі ақауларды жұмыстар басшысына мәлімдейді, ол жарамсыздықтарға қажетті талдау жүргізеді, оны жою тәртібі туралы шешім қабылдайды. Нақты жағдайларда АТ-ның ақауларын қайталамалар санатына жатқызуды пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар жүргізеді.

ЕСКЕРТУ: ӘК-де әуежай жамылғылары бөлшектерінің түсуінен пайда болған зақымдануларды анықтаған кезде пайдаланушының, ТҚКЖ жөніндегі ұйым және әуежай комиссиясы әуежай жамылғыларын шұғыл тексеруді және зақымдану себептерін қарауды жүргізу қажет. Мұндай жағдайлардағы іс-қимыл тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

90. Ақаулық аяқталғанда жұмыстар жетекшісі тиісті бейіннің мамандарын тарта отырып (соның ішінде - егер бұл қажет болса, басқа бөлімшелердің мамандарын) анықталған ақауларды талдайды, ПҚ талаптарына сәйкес АТ-ның жарамсыздығын қалпына келтіруді және оны бақылауды ұйымдастырады.

Ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды бригадирдің басшылығымен авиатехниктер (авиамеханиктер) орындайды. Қайталама ақаулар, сондай-ақ күрделі немесе қалпына келтірудің қалыптасқан технологиясы (құжат түрінде) жоқ ақаулар - инженер персоналінің басшылығымен жойылады. Соңғы жағдайда қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен әзірлейді және ресімдейді.

91. Жұмыстың (операцияның) орындалуын карта-нарядтың, операциялық ведомостің, ақаулық нарядының тиісті бөлімдерінде, өндірістік тапсырмаға қоса берілетін басқа да өндірістік-техникалық құжаттарда орындаушы мен бақылаушы қолдарын қоюмен растайды. Олар жүргізілген жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді.

Нақты кезеңдік ТҚК ӘК-де техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) жұмыстарының тиісті тізбесі, өндірістік тапсырмамен ұйғарылған қосымша жұмыстар орындалғанда, барлық анықталған ақаулар жойылғанда, ал жұмыстардың орындалуы және ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды карта-нарядта және оның қосымшаларында жұмыстардың тікелей басшылары және сапа бақылауын қамтамасыз ететін тұлғалар растағанда аяқталған болып есептеледі.

92. ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды беретін басшылар мен мамандар жұмыстар жүргізу процесіне, анықталған ақаулардың себебін талдауға қатысады, оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Олар ӘК-нің техникалық жай-күйін дұрыс анықтауды, жарамсыздықтарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, орындалатын жұмыстардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.

Тексеру және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың ПҚ белгілеген көлемін азайтуға, оларды орындау технологиясын өзгертуге рұқсат етілмейді.

93. Ауысым бастығы (немесе оны алмастырушы адам) бөлімше үшін белгіленген күн тәртібіне сәйкес техникалық талдау жүргізеді, онда өндірістік тапсырманың орындалуын, жұмыста жіберілген кемшіліктер мен ақаудың себептерін, ӘК-де анықталған өзіндік жарамсыздықтарды, сондай-ақ өндірістік және технологиялық тәртіптің жай-күйін талдайды. Талдаудың қорытындыларын талдаулар журналына енгізеді.



Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан республикасы инвестициялар және даму министрлігінің операциялық жоспарын 2014 жылғы іске асырылуы туралы есеп
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №404 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет