Қазақстан Республикасының балалар және ересектерге сурдологиялық көмек көрсету қағидалары



Дата01.04.2017
өлшемі354,2 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының балалар және ересектерге

сурдологиялық көмек көрсету қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының балалар мен ересек халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 31-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Денсаулық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінің құзыретіндегі ұйымдарда есту бұзылыстарына байланысты аурулар кезінде көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиологиялық скрининг – скринингілік әдістермен – отоакустикалық эмиссияны тіркей отырып, балалардың есту бұзылысын ерте айқындау;

2) бала – он сегіз жасқа толмаған адам;

3) білім алуға арналған арнайы жағдай – арнайы білім беретін оқыту бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тіршілік ету ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және оларсыз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын игеруі мүмкін емес өзге де көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда білім алу жағдайы;

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

7) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

8) есту аппараты (бұдан әрі – ЕА) – бұл микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;

9) есту аппаратымен протездеу – бұл аппарат моделін таңдау, құлақішілік жеке ішпекті дайындау, аудиограммаға сәйкес оңтайлы күйін келтіру;

10) естуді протездеу – адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін есту аппараттары немесе электродты естуді протездеу арқылы дыбыс сигналдарын күшейту жолымен қалпына келтіру;

11) ЕА бинауралді естуді протездеу – екі құлақты да ЕА протездеу;

12) ЕА монауралді естуді протездеу – ЕА бір құлақты протездеу;

13) есту сөйлеуді оңалту – бұл естуді қабылдауын дамытуға, айту дағдыларын қалыптастыру мен автоматтандыруға, сөйлеуді, танымдық қызметті дамытуға бағытталған ұзақ жүйелі түзету-педагогикалық жұмыс;

14) жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) – азаматтарға диагностика мен емдеудің ерекше қиын әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияны пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмек;

15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оңалту орталығы – арнайы үйлестіруші жеке, топтық және кіші топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады;

16) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және мидың есту орталығына электрлік импульстерге түрленген жыбыстық ақпаратты беретін медициналық құрал;

17) кохлеарлық имплантация (бұдан әрі – КИ) – бұл адамда жоқ физикалық естуді қалпына келтіруге және терең сенсоневралдық есту мүмкістігі мен саңраулығы бар науқастарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;

18) кохлеарлық имплантация жүйесі – бұл нерв талшықтрының электрлік ынталандырылуын қамтамасыз ете отырып, зақымдалған немесе жоқ талшықтық жасушалар функциясын атқаратын құрылғы;

19) күйін келтіру сессиясы – кохлеарлық имплантация жүйесінің сөйлеу процессорының күйін келтіру параметрлерін нақтылау жүргізілетін уақыттағы кезең (2-4 күн);

20) медициналық оңалту – науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалған функциясын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;

21) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

22) Мүгедектерді КИ дейін және кейін әлеуметтік-естуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультацияға, сөйлеу процессорының күйін келтіруге, оларды пайдалануды оқыту және жаттықтыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі, мүгедектермен және олардың заңды өкілдерімен әлеуметтік-психологиялық жұмыс істеу.

23) ортаңғы құлақ имплантациясы – ортаңғы құлақтың есту сүйектері тізбегінің немесе құрыш сұйықтығының тікелей ауытқуындағы дыбыстардың трансформациясына ықпал ететін естуді протездеудің жан-жақтылығы;

24) отоакустикалық эмиссия (бұдан әрі – ОАЭ) – ішкі құлақтың талшықты жасушаларының жай-күйін бағалау әдісі:

25) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – халыққа даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеріп-қарау, тәрбиелеу мен оқытуға, олардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау құқығын белгілеу мәселелері бойынша көмек көрсететін арнайы білім беру ұйымы;

26) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады және даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қалалық және ауылдық аудандарда құрылады;

27) сурдологиялық көмек – бұл есту функциясының бұзылысы бар адамдарды уақтылы айқындауға, емдеуге, диагностикалауға, естуді протездеуге және оңалтуға бағытталған және тіршілік етудің шектелуін жеңуге және компенсациялауға арналған жағдайды, сондай-ақ есту бұзылыстары бар адамдарға қоғам өміріне басқа азаматтармен қатар қатысу мүмкіндігін жасауды қамтамасыз ететін кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек;

28) сурдологиялық кабинет – есту бұзылысын диагностиклауа және емдеу, тереңдетілген аудиологиялық тескеріп-қарау, консультация беру, естуді протездеуге жіберу, есту бұзылыстарын сараптау, есту бұзылыстары бар адамдарды диспансерлік есепке қою жүргізілетін, сондай-ақ сурдологиялық көмек көрсетілетін мамандандырылған кабинет;

29) сөйлеу процессоры – механикалық табиғаттың дыбыс толқынын кохлеарлық имплантқа берілетін электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электронды медициналық құрылғы;

30) сүйек өткізгіштігін имплантациялау жүйесі – имплант бастың самай терісінің астында болатын және сыртқы сөйлеу процессорынан сигнал алатын жартылай имплантталатын есту жүйесі;

31) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

32) электродты естуді протездеу – медициналық ұйымдарда жүргізілетін есту нервісіне электрлік сигналдардың сөйлеу процессорының көмегімен беруүшін электродты ішкі құлаққа оперативті кіріктендіру;

3. Халыққа сурдологиялық көмек есту аппараттарымен және сөйлеу процессорларымен қамтамасыз ету бөлігінде естуді протездеуді қоспағанда ТМККК шеңберінде жүргізіледі.

4. Сурдологиялық көмек халыққа сурдологиялық кабинетте консультациялық-диагностикалық, емдеу нысанында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және стационар деңгейінде сурдопедагогикалық көмек көрсету нысанында көрсетіледі.

5. Сурдологиялық кабинеттер (орталықтар) балалардың 60 мыңына арналған кабинет, ерескетердің 100 мыңына арналған кабинет есебінен ашылады.

6. Сурдологиялық кабинет (орталық) ересектерге және/немесе балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін (облыстың, қаланың) денсаулық сақтау базасында ұйымдастырылады.

7. Сурдологиялық кабинет (орталық) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақтандырылады.

8. Сурдологиялық кабинеттердің штаттар типі және штаттық нормативтері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітіледі.

9. Балаларға сурдологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологы үйлестіреді.

10. Ересектерге сурдологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас сурдологі үйлестіреді.
2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсету тәртібі
11. Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек кезең-кезеңмен көрсетіледі:

I кезең – жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың босандыру және МСАК ұйымдарындағы аудиологиялық скринингі;

II кезең – сурдологиялық кабинеттерде (орталықтарда) естуді тереңдетіп зерттеп-қарау, емдеу және оның бұзылуларын үйлестіруге жіберу;

III кезең – мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) көрсету;

IV кезең – денсаулық сақтау, білім және ғлым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында есту бұзылысы бар, оның ішінде операциядан кейінгі пациенттерді оңалту.

12. Барлық жаңа туған нәрестелерге өмірінің 2-3-тәулігінде неонатолог дәрігер немесе арнайы оқытылған мейіргер жекелеген жағдайда баланың жағдайы бойынша күтіп қараудың 2-кезеңінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 478 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5828 болып тіркелген) ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне сәйкес аудиологиялық әмбебап скрининг жүргізіледі.

13. Ерте жастағы балаларға аудиологиялық скринингті алдыңғы скринингтің нәтижесіне қарамастан емханалардың немесе МСАК ұйымдарының дені сау бала кабинетінің медицина қызметкері мынадай декреттелген мерзімдерде (1 жасқа дейінгі балаларға –тоқсан сайын, 3-жасқа дейінгі балаларға – жылына 2 рет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 478 Бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5828 болып тіркелген) ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне сәйкес аудиологиялық әмбебап скрининг жүргізіледі.

14. Аудиологиялық скринингтің оң нәтижесі бар балалар (ОАЭ тіркелмеген, «өткен жоқ»), есту бұзылысына күдік, есту мүкістігінің даму қаупі факторлары бар, сондай-ақ есту ағзаларының және сөйлеу патологиялары бар балалар мен ересектер тереңдетілген аудиологиялық зерттеп-қаралу үшін сурдологиялық кабинетке (орталыққа) жіберіледі.

15. Босандыру және МСАК ұйымдары тоқсан сайын есту бұзылыстарын уақтылы диагностикалау мен түзету мақсатында сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға), есту сөйлеуді оңалтудың дұрыс жағдайын айқындау үшін аумақтық МСАК-қа есту өткірлігінің төмендеуіне күдік бар балалардың деректерін көрсете отырып, жүргізілген аудиологиялық скрининг туралы есеп жібереді.

16. Сурдологиялық кабинеттерде (орталықтарда) халыққа ТМККК шеңберінде отологиялық тексеріп-қарау, диагностиканың субъективті әдістерімен (тоналдық бастапқы аудиометрия, сөйлеу аудиометриясы және басқалары) және объективті әдістермен (импедансометрия, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, мидың әлеуетімен шақырылған естуді тіркеу және басқалары) есту функциясын тереңдетіп зерттеп-қарау жүргізіледі.

17. ОАЭ «өткен жоқ» тіркеу әдісімен аудиологиялық скрининг нәтижелері бар балаларға түпкілікті диагнозды (есту мүкістігінің түрі және дәрежесі) бала өмірінің 3 айдан кем емес уақытында қойылуы қажет, есту бұзылысын үйлестіру немесе емдеу бала өмірінің 6 айдан кем емес уақытында жүзеге асырылады.

18. Балалар мен ересектердің есту функцияларын зерттеу нәтижелері бойынша сурдологиялық кабинеттің (орталықтың) мамандары естуді протездеуді және/немесе бейінді мамандарда емделуді және/немесе мамандандырылған (консервативтік немесе хирургиялық) медициналық көмек көрсетуді ұсынады.

19. Орташа естімейтін (56-70 децибел) есту функциясы бұзылған, естіу функциясының екі жақты бұзылуы бар (71-90 децибел), есту мүкістігі бар (91 және одан көп децибел) балалар мен ересектер медициналық-әлеуметтік сараптамаға тұрғылықты жеріне жіберіледі.

20. Балалар естуді оңалту жағдайын айқындау және білім беру бағдарламасының үлгісін таңдау үшін психологиялық – медициналық-педагогикалық косультацияларға (бұдан әрі – ПМПК) жіберіледі.

21. Сурдологиялық кабинеттің балалар сурдолог дәрігерлері (олар болмаған кезде – облыстың бас оториноларингологтары) тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологына есту аппараттарымен естуді протездеуден, кохлеарлық имплантациядан, ортаңғы құлақ имплантациясынан, сүйек өткізгіштігіне имплант орнату бойынша операциядан кейін есту мүкістігінің әртүрлі түрлері мен дәрежелері бар балалардың саны туралы, сондай-ақ аудиологиялық скринингтен кейін айқындалған есту бұзылыстары бар балалардың саны туралы есеп ұсынады.

22. Оториноларинголог дәрігерлер тоқсан сайын өңірдің бас оториноларингологына есту аппараттарымен естуді протездеуден, кохлеарлық имплантациядан, ортаңғы құлақ имплантациясынан, сүйек өткізгіштігіне имплант орнату бойынша операциядан кейін есту мүкістігінің әртүрлі түрлері мен дәрежелері бар ересектердің саны туралы есеп ұсынады.
3. Есту қабілетінің бұзылуын түзету әдістері


    1. Есту аппараттарымен естуді протездеу

23. ЕА естуді протездеу сурдологиялық кабинет дәрігерінің қорытындысы бойынша мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

1) клиникалық-аудиологиялық тексеру;

2) ЕА оңтайлы түрін және жұмыс режімін анықтау және таңдау;

3) ЕА-ға жеке құлақ қосымша парағын әзірлеу;

4) акустикалық ақпаратқа жаңа жағдайларына бейімдеу.

24. Балаларда екі жақты симметриялық және ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда бір үлгідегі заманауи сандық ЕА-мен бинауралді естуді протездеу ұсынылады.

25. Ересектерде екі жақты симметриялық және ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда бір үлгідегі заманауи сандық ЕА-мен бинауралді естуді протездеу ұсынылады. Ересектерде екі жақты ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда, оң жақ және сол жақ құлағындағы есту қабілетін жоғалудағы едәуір айырмашылықта (кемінде 30 децибел) жақсырақ еститін құлаққа монауралді естуді протездеу қажет.

26. Екі жақты ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда жақсырақ еститін құлақта жаңа үлгідегі сандық ЕА-мен монауралді естуді протездеу мүмкін.

27. Есту қабілеті бір жақтан 90дБ-ға дейін жоғалған жағдайда (екінші құлақта есту қабілеті сақталған жағдайда) сандық ЕА-мен монауралді естуді протездеу ұсынылады.

28. ЕА таңдау және баптау тиімділігінің критерийі ЕА-мен және онынсыз бос дыбыс өрісінде үндестік шеткі және сөйлеу аудиометриясын нақты құлақта өлшеу әдісімен ЕА шығатын сигналын өлшеу нәтижелері болып табылады.

29. Есту аппараттарымен естуді протездеу кезінде пациентке сурдолог дәрігер жүргізген аудиометриялық тексерулердің нәтижелері, жеке қосымша парақ(тар)т(д)ың түрі, баптау сессияларының деректері, нақты құлақта өлшеу әдісімен есту аппаратының шығатын сигналын өлшеу нәтижелері (RECD) енгізілетін қорытынды беріледі.


3.2. Электродтық естуді протездеу

30. ЖММК көрсету «Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 Бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6711 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.


31. Кохлеарлық имплантанттармен естуді протездеу – мыналарды қамтитын іс-шаралар жүйесі:

1) операция алдындағы диагностикалық тексеруді және пациенттерді имплантациялауға іріктеу;

2) КИ бойынша хирургиялық операциялар;

3) кохлеарлық импланттары бар пациенттерді операциядан кейін медициналық және есту-сөйлеу оңалту.

32. КИ-ға жататын пациенттерде есту және сөйлеу функциясын қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларға мыналар кіреді:

1) медициналық кезең:

а) операция алдында тексеруді және пациенттерді КИ-ға іріктеу;

б) кохлеарлық имплантантты имплантанциялау бойынша хирургиялық операция жүргізу;

в) сөйлеу процессын қосу және кейін оны бүкіл оңалту мерзімі ішінде баптау;

2) педагогикалық кезең:

имплантацияланған баланы, ересекті оның тұру орны бойынша операцияға дейн, операциядан кейін есту-сөйлеу оңалту.

33. Сурдологиялық кабинеттің (орталықтың) оториноларинголог-сурдолог дәрігерімен КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілімдер бар болған жағдайда кандидат-пациенттер КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі.

34. КИ-ға кандиттарды іріктеу КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.



35. Осы ЖММК түрін көрсететін медициналық ұйымда КИ бойынша комиссияның құрамын осы медициналық ұйымның басшысы бекітеді.

36. Комиссия төрағасы болып КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымның басшысы, немесе оның клиникалық жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады.

37. КИ бойынша комиссияның құрамына осы ЖММК түрін көрсететін медициналық ұйымның осы салада тиісті даярлауы мен біліктілігі бар мамандары кіреді: хирург-оториноларинголог, сурдолог, невропатолог, педиатр (терапевт), рентгенолог, анестезиолог, сурдопедагог, психолог, логопед.

38. КИ жүргізу үшін медициналық көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) есту қабілетінің ауыр екі жақты бұзушылығы (орташа жоғалту 71 – 90 децибел), сөйлеу жиілілігі саласында (500 – 4000 Гц) екі жақты кереңдік (орташа жоғалту 91 және одан да көп децибел);

2) есту қабілетінің ауыр екі жақты бұзушылығы (орташа жоғалту 71-90 децибел), сайма-сай таңдалған және бапталған есту апараттарының төмен тиімділігінде, оларды тұрақты түрде пайдалану жағдайында, аудиторлық нейропатия;

3) ауыр екі жақты бұзушылығымен (орташа жоғалту 71 – 90 децибел), екі жақты кереңдігімен ауызекі тілінің жақсы дағдылары бар (орташа жоғалту 91 және одан да көп децибел) кеш керең болып қалған балалар мен ересектер;

4) сайма-сай таңдалған және бапталған есту апараттарымен естуді протездеудің төмен тиімділігі (500-4000 Герц диапазонында бос дыбыс өрісінде есту аппаратындағы есту қабілетінің межелері 55 және одан да көп децибел құрайды, көп буынды сөздердің анықтығы 40% төмен, бір буынды сөздердің анықтығы 20% төмен);

5) операциядан кейінгі есту-сөйлеу оңалтуын жүргізу кезінде ата-аналардың, туыстардың қатысуы.

39. Аудиторлық нейропатия жағдайында КИ мінез-құлықтық межелерге қарамастан есту аппараттарын пайдаланудан тиімділік болмағанда ғана (сөйлеуді түсінуде және есту мен тіл дағдыларын дамытуда прогресстің болмауы) жүргізіледі.

40. 3 жасқа дейінгі балаларға КИ жүргізу үшін сурдопедагогикалық көрсетілімдер болып 3 метр қашықтықта төмен-, орташа,- және жоғарыжиілілікті сөзсіз дыбыстарға ықтиярсыз шартсыз барлау реакцияларының бар болуы немесе жоқ болуы табылады.

41. 3 жастан асқан балаларға КИ жүргізу үшін сурдопедагогикалық көрсетілімдер болып мыналар табылады:

1) 3 метрден аспайтын қашықтықта төмен-, орташа,- және жоғарыжиілілікті сөзсіз дыбыстарға шартты-рефлекторлық қимыл (бұдан әрі – ШРҚ) реакциясының бар болуы;

2) пайдаланылған ШРҚда 2 метрден аспайтын қашықтықта сөйлеудің төмен- (пу-пу-пу, па-па-па), орташа- (ш-ш-ш, ж-ж-ж) және жоғарыжиілілікті (с-с-с, ц-ц-ц, и-и-и) дыбыстарын қабылдау;

3) есту реакциялары дамуының оң динамикасының болмауы немесе оның қатты дыбыс пен дауысқа ғана болуы;

4) сөйлеген сөзді тек көріп есту негізінде («бетіне қарап» оқу) түсіну;

5) көзге көрінетін артикуляцияның дауысты және дауыссыз дыбыстары (п, м, т және басқалары) арқылы дауыс белсенділігін ұлғайту;

6) ауызекі тілі бар балалар үшін есту аппаратында сөйлеу анықтығы (Л. В. Нейман, Е. П. Кузмичева, Н. Б. Покровский тізімдері): сайма-сай таңдалған және бапталған есту апараттарымен бос дыбыс өрісінде бағалау кезінде ашық тізімдегі көп буынды сөздер – 40%-дан төмен, бір буынды сөздер – 20%-дан төмен;

7) есту аппараттарын тұрақты 6 ай пайдаланғаннан кейін тек сөзсіз дыбыстарға есту реакциялары дамуының оң динамикасының бар болуы;

8) есту аппараттарын тұрақты пайдалану және сөйлеп есту оңалтуының сайма-сай әдістемесі жағдайында тіл даму динамикасының жоқ болуы.

42. КИ жүргізу үшін қарсы көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) электродтар тізбегін енгізу мүмкінідігі болмаған жағдайда ішкі құлақ иірімінің толық немесе едәуір оссификациясы;

2) аудиторлық нейропатиядан басқа ретрокохлеарлық патология (ішкі құлақ иірімінің немесе есту нервінің жоқ болуы, есту жүйесінің одан да жоғары деңгейлерінің зақымдануы);

3) естуді электрофизиологиялық тестілеудің теріс нәтижелері;

4) хирургиялық операцияға абсолюттік қарсы көрсетілімдері болып табылатын ілеспе соматикалық аурулардың бар болуы;

5) кохлеарлық имплантты пайдалануды және сөйлеп есту оңалтуын жүргізуді қиындататын психикалық және өрескел неврологиялық бұзушылықтардың бар болуы;

6) ұзақ операциядан кейінгі сөйлеп есту оңалтуына ересек пациентте, баланың заңды өкілдерінде (жасөспірімдер үшін – олардың жеке) уәждемесінің жоқ болуы.

43. КИ-ға пациенттерді іріктеу осы ЖММК түрін көрсететін ұйымдарда жүргізілген аудиологиялық, рентгенологиялық, сурдопедагогикалық, логопедиялық, психологиялық, жалпы және арнайы клиникалық тексерулердің негізінде жүргізіледі.

44. Аудиологиялық тексерудің міндеттері болып мыналар табылады:

1) есту қабілетінің бұзылу үлгісін және оны төмендету дәрежесін анықтау;

2) есту нервінің сақталуын бағалау;

3) естуді протездеу тиімділігін бағалау.

45. КИ-ға кандидатты аудиологиялық тексерудің мазмұны мен нәтижелері:

1) анамнезді жинау және отологиялық қарап тексеру;

2) тимпанометрия ортаңғы құлақтың қалпын бағалау мақсатында жүргізіледі. Тимпанометрия деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін екі жақтан «А», «Аs», «С», «Ad», «D» немесе тимпанограммасының үлгісі болып табылады. Пациентте дабыл жарғағының перфорациясы бар болған жағдайда – «В» үлгісі;

3) акустикалық рефлексометрия есту мүкістігінің немесе кереңдіктің жоғары дәрежесін растау, сонымен қатар ішкі құлақ иірімінің немесе ретрокохлеарлық кереңдікті саралау мақсатында жүргізіледі. Акустикалық рефлексометрия деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім екі жақтан да акустикалық рефлексті тіркеудің жоқтығы болып табылады;

4) Тоқтатылған шақыртылған отоакустикалық эмиссияны (бұдан әрі - ТШОАЭ) тіркеу Корти органының жасушаларының ықтимал сақталуын алып тастау мақсатында жүргізіледі. ТШОАЭ деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып тексерудің екі жақтан да «тіркелмеген» нәтижесі табылады. Аудиторлық нейропатия жағдайында зерттеудің нәтижесі «тіркелген» болуы мүмкін;

5) мидың қысқа латенттік шақыртылған есту потенциалдарын (бұдан әрі – ҚШЕП) тіркеу балаларда есту мүкістігінің немесе кереңдіктің жоғары дәрежесін растау, сонымен қатар ішкі құлақ иірімінің және ретрокохлеарлық кереңдіктік дифференциациялау мақсатында жүргізіледі. ҚШЕП деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып екі жақтан 80 децибелге V шыңының көзбен шолу детекциясының жоқтығы табылады;

6) балаларға жиілілікті-модуляцияланған үнге стационарлық шақыртылған есту потенциалдарын тіркеу есту сезгіштігінің межелерін объективизациялау мақсатында жүргізіледі. Модуляцияланған үнге стационарлық шақыртылған есту потенциалдарын тіркеу деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім мыналар болып табылады: есту функциясының ауыр екі жақты бұзылуы (орташа жоғалту 71 – 90 децибел), екі жақты кереңдік (орташа жоғалту 91 және одан да көп децибел);

7) естуді электрофизиологиялық тестілеу 14 және одан да үлкен жас шамасындағы пациенттерге үндестік аудиометриясы және басқа да тексеру әдістері кезінде дыбыс стимулдарына реакциясы болмаған жағдайда есту нервінің талшықтардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізіледі. Естуді электрофизиологиялық тестілеу деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып электр стимуляциясына жауап ретінде пациентте есту сезімінің бар болуы табылады;

8) Үндестік межелік аудиометрия 6 жастан бастап және одана да үлкен жастағы пациенттерге 500, 1000, 2000 және 4000 Герц жиіліліктерінде естуді қабылдау межелерінің орташа мағыналарын анықтау мақсатында жүргізіледі. Үндестік аудиометрия деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып есту қабілетінің ауыр екі жақты бұзылуы (орташа жоғалту 71 – 90 децибел), екі жақты кереңдік (орташа жоғалту 91 және одан да көп децибел) табылады;

9) есту аппаратымен үндестік межелік аудиометрия 6 жастан бастап және одан да үлкен жастағы пациенттерге бос дыбыс өрісінде естуді протездеу тиімділігін және есту аппараттарын баптау сайма-сайлығын бағалау мақсатында нақты құлақта RECD өлшеу әдісімен есту аппаратының шығатын сигналын өлшегеннен кейін жүргізіледі. КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып 2000 және 4000 Гц жиіліліктерінде 55 децибелден асатын бос дыбыс өрісінде естуді қабылдау межелерінің бар болуы табылады;

10) есту аппаратымен сөйлеу аудиометриясы 6 жастан бастап және одан да үлкен жастағы пациенттерге естуді протездеу тиімділігін және есту аппараттарын баптау сайма-сайлығын бағалау мақсатында нақты құлақта RECD өлшеу әдісімен есту аппаратының шығатын сигналын өлшегеннен кейін жүргізіледі. Есту аппаратымен сөйлеу аудиометриясының деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып 6 ай бойына есту аппараттарын пайдаланғаннан кейін ашық таңдауда 30%-дан төмен көп буынды сөздерді тану табылады. Менингитпен ауырған балаларда осы аралық қысқартылуы мүмкін.

46. Рентгенологиялық тексерудің міндеті (самайсүйектер пирамидасының компьютерлік томографиясы немесе ішкі құлақ иірімінің магниттік-резонансстық томографисы) ішкі құлақ иірімдерінің өткізгіштігін және ішкі құлақ құрылымының жағдайын бағалау болып табылады. Рентгенологиялық тексерудің деректері бойынша КИ операциясын жүргізу үшін көрсетілім болып имплантациялауды жүргізуге кедергі жасайтын кохлеовестибулярлық патологияның, ішкі құлақ иірімі өтуінің едәуір обструкциясының, сонымен қатар ретрокохлеарлық патологияның жоқ болуы табылады.

47. Сурдопедагогикалық тексеру мыналарды бағалауды қамтиды:

1) есту аппаратын пайдаланып және онсыз естуді қабылдауды;

2) естуді протездеу тиімділігін және есту аппаратын баптаудың барабарлығын;

3) естуді қабылдау процестерінің қалыптасуын – анықтауды, ажыратуды, тануды, түсінуді;

4) еріннен оқу дағдысын және сөйлеу естіп-көруді қабылдауды;

5) мектеп жасындағы балалардың оқу және жазу дағдыларын;

6) естуді қабылдау және сөйлеуді дамыту үшін КИ перспективалығын;

7) пациенттің есту-сөйлеуінің дамуын болжауды және оның және оның жақындарының КИ нәтижелерін барабар күтуін.

Сурдопедагогикалық тексеру қорытындылары КИ-ге сурдопедагогикалық көрсеткіштердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды болып табылады.

48. Логопедиялық тексеру мыналарды бағалауды қамтиды:

1) ерте жастағы балалардың сөйлеу алды дамуын: дыбыстық белсенділікті, вокализацияларды (гуілдеу, былдырлау, былдырлаған сөздер, дыбысқа еліктеу);

2) сөйлеуді түсіну жағдайын: нөлдік, жағдаяттық, номинативтік, предикативтік, түсінуді жіктеу деңгейі;

3) сөйлеудің барлық жақтан даму деңгейін: артикуляциялық аппаратты, дыбыс шығаруды және буын құрылымын, сөздікті, грамматикалық құрылымын, фразалық сөйлеу.

Логопедиялық тексеру қорытындылары сөйлеудің бұзылу (сөйлеу диагнозы) сипаты мен дәрежесі туралы қорытынды болып табылады.

49. Психологиялық тексеру мыналарды бағалауды қамтиды:

1) таным қызметінің даму деңгейін: ойлау, назар аудару, жады, ақыл-ой еңбегі қабілеті;

2) оқуға мүмкіндік беретін әлеуетті зияткерлік мүмкіндіктерді;

3) коммуникативтік қызметтің даму деңгейін, қарым-қатынас дағдылары мен тәсілдерін;

4) эмоциональдық-ерікті сала мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін;

5) жүйелі және ұзақ есту-сөйлеу жұмысына пациенттің және оның жақындарының психологиялық дайындығын және уәжін;

6) пациенттің және оның жақындарының кохлеарлық имплантация нәтижелерін барабар күтуін.

Психологиялық тексеру қорытындылары пациенттің психологиялық даму деңгейі, пациенттің, балалардың ата-аналарының ұзақ есту-сөйлеу жұмысына уәжді дайындығы туралы қорытынды болып табылады.

50. Жалпы және арнайы клиникалық тексерулердің міндеттері мыналарды бағалау болып табылады:

1) пациенттің соматикалық жағдайын;

2) пациенттің психоневрологиялық жағдайын.

51. Жалпы және арнайы клиникалық тексерулер мыналарды қамтиды:

1) оториноларинголог-хирургтың консультациясын;

2) педиатрдың (терапевтің) консультациясын;

3) анестезиологтың консультациясын;;

4) невропатологтың консультациясын;

5) электроэнцефалографияны;

6) (3 жастан асқан балаларға) психиатрдың консультациясын.

Медициналық көрсеткіштер бойынша осы тізбе кеңейтілуі мүмкін.

52. КИ-ге пациенттер-кандидаттар:

1) жиілікпен-модульденген тонда стационарлық есту тудырған әлеуеттерді тіркеудің объективті аудиометриялық әдісімен расталған естуді екіжақты ауыр жоғалтуды (71 – 90 децибел) қоса алғанда, екіжақты саңырау (орташа жоғалту 91 және одан астам децибел) 3 жасқа дейінгі балалар;

2) ауызша сөйлеу дағдысы жақсы, естуді екіжақты ауыр жоғалтқан (71 – 90 децибел), екіжақты саңыраулық, кейіннен саңырау болған балалар мен ересектер;

3) (менинигиттен немесе нейроинфекциядан кейінгі) құлақ иірімінің оссификация қаупі бар есту функциясы ауыр екіжақты бұзылған (орташа жоғалту 71 – 90 децибел), екіжақты саңырау пациенттер.

53. Аудиторлық нейропатиясы бар, естуді ауыр жоғалтқан (71 – 90 децибел) есту функциясы екіжақты бұзылған 3 жастан асқан пациенттер есту аппараттарымен естуді протездеуге, сондай-ақ есту-сөйлеумен оңалту жүргізу жағдайларын анықтау үшін аумақтық ПМПК-ға жіберіледі.

ПМПК-те естуді протездеуден кейін 6 ай өткен соң есту-сөйлеуді қабылдаудың, ауызша сөйлеудің және басқа да жоғары психикалық функциялардың даму динамикасын бағалау жүргізледі.

54. Ұсыным берудің алдында операцияға дейін есту-сөйлеуді оңалтудың ұзақтығы баланың дамуының жеке жас ерекшелік, психологиялық-физикалық ерекшеліктерімен айқындалады және 3 жастан асқан балалар үшін кемінде 6 айды құрайды, бұл ретте 3 айдан кейін баланың даму динамикасын аралық бағалауға рұқсат етіледі.



55. Барабар таңдап алынған және есту аппараттарымен бапталған естуді протездеудің төмен тиімділігі кезінде (еркін дыбыс аймағындағы есту аппаратының есту шегі 500 – 4000 Герц диапазонында 55 децибелді және одан астамды құрайды, көп қиын сөздерді ажырату кемінде 40%, бір қиын сөздер – кемінде 20%) аудиторлық нейропатиясы бар, естуді ауыр жоғалтқан (71 – 90 децибел) есту функциясы екіжақты бұзылған 3 жастан асқан пациенттерді сурдологиялық кабинеттердің дәрігер-сурдологтары операцияға таңдау жүргізу үшін КИ бойынша ЖММК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

56.Өңірлік сурдологиялық кабинетте қажетті мамандар мен жабдықтар болмаған кезде КИ-ге пациент-кандидат КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымда, сондай-ақ тексерудің қажетті тізбесі бар жеке ұйымдарда тексерудің қажетті тізбесінен өте алады.



57. Пациенттің және оның жақындарының операциядан кейін оңалтуға әлеуметтік-психологиялық дайындығын бағалау білім беру саласындағы уәкідетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға (нұсқаулыққа) сәйкес балаларға ПМПК-да жүргізіледі.

58. КИ қажеттілігі туралы қорытындыны барлық қажетті аудиологиялық, рентгенологиялық, сурдопедагогикалық, логопедиялық, психологиялық, жалпы және әлеуметтік клиникалық) тексерулерді өткізе отырып және сурдологиялық кабинеттің (орталықтың) КИ-ге жолдамасын, естуді протездеу кабинетінің қорытындысын және пациентің және оның жақындарының операциядан кейінгі оңалтуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы туралы қорытындыны есепке ала отырып, ЖММК осы түрін көрсететін медициналық ұйымның комиссиясы жеке тәртіппен шығарады.

59. КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымда кандидатқа нөмір бере отырып және шешім шыққаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша хабарлай отырып, медициналық көмектің осы түріне жүгіну тәртібімен КИ-ге кандидаттардың ішінен күту парақтары қалыптастырылады.

60. Пациентке операциядан ауызша немесе жазбаша бас тарту кезінде (егер пациент бала болып табылатын болса, оның ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне) күту парағындағы кезек сақталмайды. КИ бойынша ЖММК көрсететін медициналық ұйымның комиссиясы операциядан бас тарту хаттамасын рәсімдейді.

61. КИ жүргізуге қарсы көрсеткіш анықталған жағдайда ЖММК-ның осы түрін көрсететін медициналық ұйымның комиссиясы үш жұмыс күні ішінде операциядан бас тарту туралы жазбаша қорытынды береді, пациент одан әрі бақылануы үшін сурдологиялық кабинетке жіберіледі.

62. КИ-ге дайындалған кандидатта жіті қабыну процесі немесе басқа да салыстырмалы қарсы көрсеткіштер (жарақат, улану және т.б.) анықталған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ақпараттық парақты және міндетті түрде жазбаша хабарламаны ресімдей отырып, барынша кейінгі мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

63. Операциядан кейін 4 аптадан соң КИ жүйесінің сөйлеу процессорларын қосу және баптау, кохлеарлық импланты бар пациенттің паспортын беру, пациентке немесе баланың заңды өкіліне сөйлеу процессоры мен оның жинақтаушы бұйымдарын жоғалтқан немесе бұзған жағдайда қайта берілмейтіні туралы жазбаша хабарлау жүргізіледі.

64. Кохлеарлық импланты бар пациенттің паспортына мынада ақпарат жазылады:

1) импланттың, сөйлеу процессорының моделі мен типі, олардың сериялық нөмірлері;

2) жиынтығы (базалық, кеңейтілген, толық кеңейтілген), операция күні, қосу және баптау;

3) операциядан кейінгі техникалық қолдау;

4) есту-сөйлеуді оңалтау.

65. Баланы операциядан кейін есту-сөйлеуді оңалту баланың тұрғылықты жері бойынша білім және ғылым және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында жүргізіледі.

66. Кохлеарлық имплантацияны жүргізгеннен және сөйлеу процессорын қосқаннан кейін пациент үшін алғашқы жылы кемінде 4 баптау сессиясы, келесі жылдары – жылына немесе қажеттілікке байланысты кемінде 2 баптау сессиясы жүргізіледі.

67. КИ-ден кейін балалар білім беру бағдарламасының, түзетудің барабар жағдайының, оқытудың және тәрбиелеудің түрі мен типін анықтау үшін аумақтық ПМПК-ға жіберіледі.

68. Баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің міндетіне мыналар кіреді:

1) сурдопедагогтың ұсынымдарына сәйкес кохлеарлық имплантацияның сөйлеу процессорын қосу және баптау рәсіміне баланы дайындау;

2) балаға кохлеарлық имплантпен есту-сөйлеуді дамытудың тиімді жағдайын қамтамасыз ету (сөйлеу процесорын үнемі тағып жүру, сөйлеу ортасы, тұрақты өзіндік сабақтар, сондай-ақ сурдопедагогпен логопедпен сабақтар).

3) сөйлеу процессорының және жинақтаушы бұйымдар жағдайына күтім жасау.

69. Сөйлеу процессорларын ауыстыру еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.




    1. Ортаңғы құлақты имплантациялау, сүйек өткізгіш

импланттарын орнату

70. Ортаңғы құлақтың имплантын орнату бойынша операция жүргізу үшін мыналар көрсеткіш болып табылады:

1) есту бұзылыстарын тудыратын құлақтың туа біткен аномалиясы (даму ақауы);

2) тимпаносклероз;

3) отосклероз;

4) ортаңғы құлақтың адгезивтік ауруы;

5) I – III дәрежелі сенсоневральдық есту мүкістігі;

6) естуді жақсарту операциясынан кейін естудің жақсаруының болмауы;

7) 75 децибелден аспайтын жоғары жиіліктерде 55 децибелден аспайтын 500 Герцке естуді жоғалту;

8) 65 децибелде сөйлеуді 50 % астам ажырату;

9) ортаңғы құлаққа оперативтік емдеу жүргізгеннен кейін немесе 55 децибелден аспайтын 500 Герцте және 75 децибелден аспайтын жоғары жиіліктерде сүйек дыбыс өткізгіші шектері кезінде ортаңғы құлақтың даму аномалияларында пациенттерде сенсоневральдық, кондуктивтік немесе аралас есту кемістігінің болуы;

10) ауа өткізгіш есту аппараттарын пайдалану тәжірибесі және оларды ұзақ тағып жүру кезіндегі қанағаттанғысыздық;

11) 24 ай ішінде есту функциясының тұрақтылығы;

12) 24 айдың ішінде ортаңғы құлақта қабыну процесінің асқынуының болмауы.

71. Ортаңғы құлақ имплантын орнату бойынша операцияны жүргізу үшін қарсы көрсеткіштер мыналар болып табылады:

1) сүйек дыбыс өткізу 500 Гц-ке 55 децибелден артық, жоғары жиіліктерде 75 децибелден артық болғанда есту шегі жоғарылаған есту мүкістігінің айқын сенсоневральдық компоненті;

2) сөйлеу анықтығының төмен проценті (дыбыс қарқындылығы 65 децибелден кем болғанда сөйлеу анықтығы);

3) спонтандық вестибулярлық бұзылыстар (эндолимфатиялық гидропс, зақымданудан кейінгі лабиринтопатия, естудің экстралабиринттық бұзылуы, қан айналымының вертебробазилярлық бұзылулары);

4) холестеатома және дабыл ойығындағы іріңді-кариоздық процестің рецидиві;

5) ауыр соматикалық аурулар (қант диабету, қан аурулары, гипертониялық ауру, омыртқа остеохондрозының ауыр түрлері, ауыр аллергиялық және аутоиммундық аурулар).

72. Сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияны жүргізу үшін мыналар көрсеткіштер болып табылады:

1) созылмалы туботимпанальды іріңді ортаңғы отит;

2) созылмалы эпитимпано-антральдық іріңді ортаңғы отит;

3) естудің бұзылуын тудыратын туа біткен құлақ аномалиялары (даму ақаулары);

4) ортаңғы құлақтың адгезивті ауруы;

5) бір жақты сенсоневральдық кереңдік;

6) есту сүйекшелерінің жарылуы және дислокациясы;

7) басқа да есту сүйекшелерінің жүре пайда болған кемістіктері;

8) отосклероз;

9) естуді кондуктивті және нейросенсорлық жоғалту;

10) холестеатома;

11) естуді жақсартатын операциядан кейін естудің жақсаруының болмауы;

12) құлақ артында және құлақ ішінде есту аппараттарын пайдаланудың мүмкін болмауы.

73. Сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияны жүргізу үшін мыналар қарсы көрсеткіштер болып табылады:

1) сүйектің жеткіліксіз көлемі мен сүйек тінінің нашар сапасы;

2) сүйек тінімен оссеоинтеграцияға кедергі келтіруі немесе бұзуы мүмкін аурулар (остеопороз және басқалары);

3) жараның қалыпты жазыла бастауына кедергі келтіретін декомпенсацияланған аурулар (стрептодермия, қант диабеті және басқалары);

4) психиатриялық аурулар, жарыместік, пациенттің нерв жүйесінің тұрақсыз жағдайы, психологиялық проблемалар, есірткіге тәуелділік.

74. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операциялар ЖММК көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

75. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияны жүзеге асыратын медициналық ұйым ЖММК-ның осы түріне жататын пациенттерге іріктеу жүргізеді.

76. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияға кандидаттарды іріктеуді және операция алды тексеруді ЖММК-нің осы түрлерін көрсететін денсаулық сақтау ұйымының комиссиясы өткізеді.

77. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияға іріктеу жөніндегі комиссияның құрамын ЖММК-нің осы түрін көрсететін медициналық ұйымның комиссиясы бекітеді.

78. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияға іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына ЖММК-нің осы түрлерін көрсететін, хирург-отоларинголог, сурдолог, невропатолог, педиатр, рентгенолог саласында тиісті дайындығы және біліктілігі бар денсаулық сақтау ұйымының мамандары кіреді.

79. Комиссияның төрағасын ЖММК-нің осы түрлерін көрсететін медициналық ұйымның басшысы немесе оның клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындайды.

80. ЖММК-нің осы түрлерін көрсететін медициналық ұйымда ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияға кандидаттардың ішінен оң шешім қабылданған науқастардың күту парақтары жасалады.

81. Ортаңғы құлақ имплантын, сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операцияға күту парақтарының тізімдері ай сайын кандидатқа нөмір беру және шешім шығарылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама беру арқылы ресімделеді және бекітіледі.

82. Сүйек өткізгіштігі имплантын, ортаңғы құлақ имплантын орнату бойынша операцияны өткізуге қарсы көрсеткіштер анықталған жағдайда ЖММК-нің осы түрлерін көрсететін медициналық ұйым комиссияның қорытындысын ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде операциядан бас тарту туралы жазбаша қорытынды береді.

83. Сүйек өткізгіштігі имплантын, ортаңғы құлақ имплантын орнату бойынша операцияға дайындалып жатқан кандидатта жіті қабыну процесі немесе басқа да салыстырмалы қарсы көрсеткіштер (зақым, улану және т.б.) анықталған жағдайда, ақпараттық парақ және үш жұмыс күн ішінде міндетті жазбаша хабарлама ресімдеу арқылы операция барынша кейінгі мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

84. Ортаңғы құлақ имплантын немесе сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операциядан кейін 6 аптадан соң жүйенің аудиопроцессорларын қосу және баптау, пациентке немесе баланың заңды өкіліне жоғалтқан немесе бұзған жағдайда аудиопроцессорды және оның жинақтаушы бұйымдарын беру жүргізілмейтіні туралы жазбаша хабарлама жүргізіледі.

85. Ортаңғы құлақ имплантын немесе сүйек өткізгіштігі имплантын орнату бойынша операциядан және сөйлеу процессорын қосқаннан кейін бірінші жылы кемінде 4 баптау сессиясы, келесі жылдары – жылына кемінде 2 баптау сессиясы немесе пациент үшін қажеттілігіне қарай өткізіледі.

86. Баланың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің міндеті мыналар кіреді:

1) баланы сурдопедагогтың ұсынымдарына сәйкес ортаңғы құлақ немесе сүйек өткізгіштігін имплантациялау жүйесінің аудиопроцессорын қосу және баптау рәсіміне дайындау;

2) балаға аудиопроцессормен есту сөйлеуді дамыту үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету (аудиопроцессорды үнемі тағып жүру, сөйлеу ортасы, тұрақты өзіндік сабақтар, сондай-ақ сурдопедагогпен, логопедпен сабақтар);

3) аудиопроцессордың жағдайына күтім жасау.


4. Есту сөйлеуді оңалту және әлеуметтік-естуге бейімдеу
4.1. Есту сөйлеуді оңалту
87. Пациенттердің есту сөйлеуін операцияға дейін оңалту ЕА пайдалана отырып жүргізіледі және пациенттің жасына байланысты сөйлеу және сөздік емес сигналдарды естуді қабылдауды, сөзді түсінуді дамытуға бағытталған.

88. Есту аппараттарымен немесе импланттармен естуді протездеуден кейін есту сөйлеуді оңалту ұзақ әлеуметтік, медициналық-педагогикалық және түзету қолдаудан, пациенттің барлық кейінгі өмірінде есту аппараттарын, сөйлеу процессорларын, аудиопроцессорларды баптаудан тұрады.

89. Балалардың есту-сөйлеуін оңалту арнайы білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі бола тұрып, арнайы (түзету) мектепке дейінгі және мектеп, жалпы білім беру ұйымдарында, оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, сурдологиялық кабинеттерде және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда жүргізіледі.

90. КИ-ден кейін балалардың есту сөйлеуін оңалтуды жүзеге асыру үшін жалпы білім беру ұйымдарында (бала бақшалары мен мектептерде) оқу сыныптарын, жеке және топтық түзету жұмысына арналған кабинеттерді, сондай-ақ акт залдарын, асханаларды, кітапханаларды көзбен шолып қарау құралдарымен, ҒМ-жүйелермен және дыбысты зорайтқыш аппаратурасымен қамтамасыз етуді қоса алғанда, арнайы білім беру жағдайларын жасау қажет.

91. КИ-ден кейін балалар жалпы білім беру ұйымдарына (көпшілік бала бақшалар мен мектептерге) мынадай жағдайларда жіберіледі:

1) 3 жасқа дейін КИ;

2) жасын шектеусіз кейіннен саңырау болған балалар;

3) қабылдау және қарым-қатынас үшін ауызша сөйлеуді пайдалану дағдылары қалыптасқан балалар.

92. КИ-ден кейін балалар сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына (сөйлеуді үйрететін бала бақшалар мен мектептер) мынадай жағдайларда айқындалады:

1) операцияға дейін кемінде 6 ай есту аппараттарын тұрақты тағып жүру тәжірибесі бар 3-тен 5 жасқа дейін КИ;

2) егер операцияға дейін балада ЕА-да қалдық естуді пайдалану дағдылары қалптасса, 5 жастан кейін КИ.

93. Тиімді есту сөйлеу оңалтудың 6-12 айынан кейін балаларға жалпы білім беру және сөйлеуді үйрететін бала бақшаларына, сурдопедагогпен және логопедпен параллель қосымша жеке сабақтар жүргізілетін мектептерге бару ұсынылады.

94. КИ-ден кейін балалар саңырау балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқу үшін жолданбауы мүмкін.

95. Білім беру ұйымдарының мамандары кохлеарлық имплантациядан кейін баланың білім беру мекемесінде болған уақытында сөйлеу процессорын пайдалануын бақылауға міндетті.


4.2. Кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін мүгедектерді әлеуметтік-естуге бейімдеу
96. Имплантацияға дейін мүгедектерді әлеуметтік-естуге бейімдеу мынадай іс-шаралардан тұрады:

1) құқықтық, психологиялық-педагогикалық және сурдологиялық консультация беруді қоса алғанда, операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңде мүгедектерді оңалту үшін тиімді жағдайлар жасау бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультация беру;

2) ата-аналарды және/немесе мүгедекті оңалтудың техникалық құралдарын пайдалануға оқыту;

3) барабар таңдап алынған есту аппаратын пайдалана отырып және онсыз естуді қабылдауды бағалаудан тұратын сурдологопедтік тексеру.

97. Кохлеарлық имплантациядан кейін мүгедектерді әлеуметтік-естуге бейімдеу мынадай іс-шаралардан тұрады:

1) бірінші жылы кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын баптау – тоқсан сайын, келесі жылдары – 6 айда бір рет немесе пациент үшін қажеттілігіне қарай;

2) мүгедектердің есту сөйлеуді оңалтуын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу (әлеуметтік-педагогикалық түзету);

3) кохлеарлық имплантация жүйесінің сөйлеу процессорын және оның жинақтаушы бұйымдарын, қосалқы бөлшектерін, қуат көздерін пайдалануды үйрету;

4) КИ жүйесінің сөйлеу процессорын және жинақтаушы бұйымдарын, қосалқы бөлшектерін, қуат көздерін бақылау және оларға қызмет көрсету;

5) пациентпен және оның ата-анасымен коммуникация дағдыларына оқыту бойынша әлеуметтік-психологиялық жұмыс.



98. Имплантациядан кейін әлеуметтік оңалту жүргізудің ұзақтығы естуі бұзылған адамның жасына, естуінің төмендеу дәрежесіне, естуді жоғалту себептеріне (туа біткен, жүре пайда болған), сөйлеу функциясының дамуына, естуді жоғалту мен кохлеарлық имплантты орнату арасындағы уақыт интервалына, жеке ерекшеліктеріне, өткізілген есту сөйлеу оңалтудың сапасына және отбасының қолдауына байланысты болады.

99. Мүгедектерге кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін әлеуметтік оңалту жүргізуге қажеттілік медициналық ұйымның қорытындысы және бірыңғай ұлттық тіркелім деректері негізінде қалыптасады.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет