Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі



Дата13.10.2019
өлшемі33,39 Kb.
#49786
Байланысты:
Адам және азамат, азаматтық қоғам туралы түсінік

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Адам және азамат, азаматтық қоғам туралы түсінік

Орындаған: МТП-901 Сақпан А.А.

Тексерген: Мукатаева А.А.

Семей қ.

2019 ж.

Адам және азамат, азаматтық қоғам туралы түсінік
Адамзат баласы мына қара жерде пайда болғалы бері небір оқылым заманалар өтіп, қаншама ұрпақтар жалғасын табуда. Алайда, өзге жаратылыстардан адамзат баласы ақылды сана – сезімі күшті болғанымен нағыз әділетті, нағыз мамыражай қоғам құра алмай келеді.

Адам баласы өмірге бір – ақ рет келеді. Бұл жалған ешкімге мәңгілік, тұрақты емес. Әркім жарық дүниеде еркіндік пен бостандықта өмір сүргісі келеді. Әрине, адам жалғыз өмір кеше алмайды, қоғамдасып өмір сүреді, қоғамның белсенді субъектісі. Адам қоғамдық құрылымда, оның бірлігінде, институттарында,  ұйымдарында,  әрекет  ететін  шешуші  тұлға.  Сөйтіп,  адам  біртұтас, әлеуметтік жүйеге яғни, қоғамға бірігіп өмір сүреді. Алайда, қоғам деген құпиясы терең, күрделі материя. Қоғам деген түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Нақты айтқанда қоғам адамаралық қатынастарды реттей отырып, адамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, әрі рухани – мәдени құндылықтарды жасаудағы өзара байланыстарды реттейді. Қоғамдық қатынас өте күрделі әрі ерекшеліктерге толы. Ол – адам өміріндегі экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени салаларын реттейді, қоғамдық қатынас түрлерін жасайды. Қоғамдағы субъект топтық сипатты иеленеді әрі адам сол қоғамға енгісі келе ме, жоқ па? Соған қарамай өмір сүреді. Бұл ерекшеліктерсіз қоғам өмір сүру мүмкін емес. Жаратылыс әлем де, яғни табиғат және хайуанаттарда мен өсімдіктер де өмір сүріп олар да өз қағидаттарымен өмір кешуде. Олардың да өмір сүру заңдылықтары бар. Өмір сүру үшін талас – тартыстары жетерлік. Мысалы, биік ағаштар күн сәулесін өзі жұтып, пәстеріне жұтқызбайды, күшті хайуандар әлсіздеріне зорлық көрсетеді, т.т. Сол секілді адамдар да егер қоғамдасып, тәртіп орнатпаса, солар секілді, тіпті олардан да асып түсетіні шындық. [1.]



Қоғам дегеніміз адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан саяси–әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі. [2–696 б.] Адамзат баласы пайда болғалы топтасып өмір сүріп келе жатқаны тарихтан белгілі. Сонымен, қоғам белгілі бір өмірлік қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру үшін бірігіп еңбек ететін адамдардан құралады. Қоғамның ең кішкентай бөлшегі – отбасы. Философия және социология тарихының тұжырымдары бойынша адамның қоғамда, бірлікте өмір сүруі ұзақ тарихи дамуды басынан кешірген. Қоғам - саясиланбаған, арнайы басқару органдар қалыптаспаған «мемлекет» десек те болады. Гректің ұлы философы Аристотель қоғамды әлеуметтік түйсіктерді қанағаттандыру үшін біріккен адам индивидтерінің жиынтығы деп есептеген.

Француз философтары Сен–Симон, Ш. Фурье, британдық ойшыл Р.Оуэн, т.б. болашақтағы әділетті қоғам (яғни, азаматтық қоғам) туралы тұжырымдар айтып, азаматтық қоғам идеясын көтерген болатын. О. Конт болса қоғам да отбасы, әлеуметтік топтар мен мемлекеттен құралады және еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделетін жүйе деп түсіндіреді. Қазіргі ойшылдар да дәл осы теорияны ұстанады. Қоғамсыз адамдардың өмір сүруі мүмкін емес. Қоғамның құрамдас бөліктері не жеке адамдар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар, байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым–қатынастар, т.б жатады.

Қоғам өмірінде экономикалық, саяси идеология күнделікті тұрмыс – тіршілікте және басқа да алуан түрлі қоғамдық қатынастарда өзара күрделі – байланыста өтіп жатады. Қоғам – мақсаттылық, мүдделілік, бірыңғай бағыт ұстау негізіде адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруін сипаттайды. Қоғамдық қатынастарда бірыңғай бағытқа кереғар, айдауға көнбегендерді қоғам өз арасынан аластаған (Мысалы, етегін кесіп елден қуу). Қоғам отбасылардан ұжымдарға, ұжымдардан қоғамға бірігеді. Әрине, мұндай бірігу ұзақ тарихи мерзімді өз ішіне алады.



Азаматтық қоғам әлемдегі барлық жүйелердің ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі, адамдардың алуан түрлі сапалы іс – қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасатын тарихи бірлік. Азаматтық қоғам бірыңғай шаруашылығы ұқсас, дүниетанымның бастауы бір, қандас, мүдделес адамдардан тұрып, бірге әрекет етеді, қоғамның ажырамас бір бөлігі әрі оған тәуелді болады. Қоғам сөйтіп, өз қолына төмендегідей әкімшілік әрекеттерді иеленеді:

–адамдардың өміріне қажетті материалдық игіліктер жасайды; –еңбек өнімдерін бөледі;

–әлеуметтік қызмет атқарады;

–әлеуметтік қатынастарды тәртіпке келтіріп, оны рухани жағынан реттейді;

–қоғамдық қатынастарды жетілдіреді;

–қоғамның ар–намысын қорғайды;

–қоғамдық сананы биік дәрежеге көтереді.

Қоғамның дамып, жетілуіне қоршаған географиялық – табиғи орта да әсер етіп, олардың өмір сүру салты мен ұйымшылдығының орнығуына ықпал етеді [3-660 б.].

Азаматтық қоғам жайлы адамзат баласы көне дәуірлерден-ақ толғанып келе жатыр. Сонау көне заманда біздің жыл санауымыздан бұрынғы 450 жыл шамасында «Азаматтық құқықты» цивильді( ius civile) – Рим азаматтарының құқығы деп атаған [4. -9 б]. Қазір де азаматтық құқық заң терминологиясында цивилистік құқық деп аталып жүр. Бұл құқықтың мәні көне Римде кең болып, онда мемлекеттік, қоғамдық және жеке қатынастарды реттеп отырған. Бір қызығы Римде құқықты жария және жеке (ius pallicum, ius privatum) деп екі салаға бөлген, оны Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі айнытпай, жария және жеке құқыққа бөледі. Шындығына келсек, қазақ халқының азаматтық құқығы Римдік құқықтан мүлдем өзгеше өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екені даусыз. Бұл бізді қатты толғандырады. Азаматтық құқықпен айналысушы ғалымдарымыз мұны терең ойластырар  деген  үміттеміз.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  азаматтық  құқықпен  реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастардан туындаған. Мүліктік қатынас сату және сатып алуда, отбасы дауларында, өзгенің мүлкін иеленуде, сыйға тартуға бергенде, тауып алғанда, пайдалануға бергенде, т.б. қатынастарда көрініс тапқан. Азаматтық құқық жайлы айтудан бұрын адам, азамат, азаматтық қоғам жайлы, оның мәні мен мазмұны, ол жайлы түсініктерді зерделеп алуымыз шарт. Дәстүрлі қазақ қоғамы да бүкіл әлем халықтарының азаматтық құқық тарихына тән кезендерді басынан өткерген. Қайсы бір халық болмасын өздері біріккен қоғамдағы оның мүшелерін азамат, қоғам азаматы, мемлекет азаматы деп атаған. Қазір де солай атайды.

Азаматтық ұғым өте терең мәнді иеленеді. Жалпы адамзат баласы адам болса,ол азамат деген терминің мәні терең әрі күрделі. Сөздіктерде «азамат» деген термин сөздің мәні: «адамның белгілі бір мемлекеттің азаматтары қатарына жатуы, әрі сол адамның өз мемлекетіне саяси - құқықтық қатыстылығын білдіреді. Ол өзі азаматы болып есептелетін мемлекеттің заңын мойындауға, өзінің азаматтық парыздарын адал атқаруға міндетті» – деп көрсетіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамы адам мен азамат аражігін ажыратып, ерекше зейін қояды. Мысалы, «адам» термині де қазақ қоғамында мәні терең, моральдық тұрғыдан қаралады. Ол «нағыз адам» немесе «адам емес» тәрізді. Ал, азамат адамнан гөрі өз еліне, жеріне, ұлтына шын берілген адам. Кез-келген адамға азамат сөзін қолдана бермеген.

«Азаматтық» деген термин Ұлттық энциклопедеяда: 1) Ұлылық, мәртебелік, 2) тәкаппарлық, 3) кереметтілік, 4) ұлы мәртебелік; (сұлтандар титулы) - 1) ел азаматы, 2) кәмелеттік, 3) дара тұлға – деп берілген. Жалпы азамат деген ұғым «адам» деген ұғымның жетілген, кемелденген, адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын ұғым. Азамат қазақ халқында жетілгендікті, кемелденгендікті әрі ұлтжандылықты білдіреді. Әрине, әр елде азамат ұғымы бірыңғай  емес. Мысалы, Англияда 23 - 24 жасқа келген өмір тәжірибесі кемелденгендерді азамат дейді [5. – 214 б.].

Біздің қазақ халқы азамат деген сөзге терең мән береді. Азамат - әке – шеше, отбасының немесе руының ғана емес, бүкіл халықтың ұлы. Азамат солар үшін өмір сүреді.

«Азаматтық қоғам» атауы кейін пайда болғанымен азаматтық қоғам дәстүрлі қазақ қоғамында өз көрінісін рулық – туыстық жүйе арқылы тапқан. Сөздікте азаматтық қоғам деп адамгершілік, ізгілік, діни, ұлттық әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттар жиынтығы. Осы аталғандардың көмегі арқылы жекелеген адамдардың және олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады – деп жазған. Осы анықтамаға сүйене келе, біз азаматтық қоғам ұлттық, рулық, діни, саяси, әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан мүдделестердің жиынтығы десек артық айтпаған болар едік. Себебі, қоғам мүшелері белгілі бір мүдделерінің қажетсінуінен туындаған мәселелерді қанағаттандыру үшін бір қоғамға бірігеді.

Қоғамсыз, адамаралық қатынассыз өмір сүруге болмайды. Қоғам - өмір сүрудің басты тәсілі. Қоғамның ең майда бөлігі – отбасы. Екінші сатысы - ұжым. Ұжымдардан қоғам құралады. Үшінші сатысы - қоғам дами келе әлеуметтік топтарды жүзеге келтіріп, одан мемлекет пайда болады. Мемлекет ішінде әлеуметтік топтар, этностар, ұлттар, таптар болуы заңды нәрсе. Олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни өмірдегі сан қырлы байланыстары мен іс - әрекеттері қоғамдық қатынас деп аталады. Мемлекет осыларды реттеп отыру үшін қажет. Ең жақсысы біртекті, туыстық, дүниетаным, материалдық тұрғыдан өзара жақын (дүниеқоңыз емес), діндес ұжымдардан тұратын қоғам. Мұндай қоғамда «алтын ғасыр» идеясын жүзеге асыру оңай. Азаматтың әлемдік рухани - мәдени ой-пікірлері әлімсақтан басталып, әлі күнге өз шешімін таба алмай,  адамзат баласына «алтын ғасыр» тудыра алмай келеді. Өйткені, бұл ой-пікірлердің зерттеу және талдау объектісі - билік нақты айтқанда адам бойындағы және қоғамдағы билік. Өйткені, биліктің табиғаты, негізі, қайнар көздері, мәні, мақсаты, нысандары қоғамды өз еркіне көндіру. Негізгі мәселе осы дәстүрді бұзып, қоғам бірлігін сақтай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, кепілдік беретін шынайы азаматтық қоғам құру. Мұны Конституциямызда мойындап:

«Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» – деп басталғаны тектен тек емес. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билікке көзқарас өзінің дүниетанымдық пәктігімен, адамгершілік көзқарастарымен ерекшеленеді. Бұл көзқарастың негізгі мәні билік те, байлық та өткінші нәрсе. Билік халыққа қызмет етуі, ал байлық - көпке шашылатын ырыс, қолдың кірі, ал адамдық қасиет, ар - намыс, имандылық, бәрінен де жоғары дегенге саяды. Билік қазақ қоғамында ешқашан да басты құндылық, асыл мұрат деп есептелінбеген. Ал билікке келгендер «ұлық болсаң, кішік бол» деп, оның қадірін біліп, халық игілігіне жұмсауы тиіс. Өйткені, халық - биліктің негізі, тірегі, қайнар көзі. Міне, осы қөзқарастар көшпелі қазақ қоғамындағы басты тұтқа болды. Халықтың билікке деген көзқарасы мемлекеттік билік саласындағы құбылыстарда өз көріністерін таба білді.

Көне дәуірдегі ойшылдар: Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон, Гераклит, Дидро, Конфуций, т.б, былай қойғанда, өз ойшылдарымыз әл-Фараби, А. Яссауи, Майқы би, Қорқыт, Асан Қайғы, Баласағұни, Қашқари, Төле би, Қазбек би , Әйтеке би, Жиренше, және т.б. мемлекет, қоғам, адам, игілік, әділдік, адамгершілік, имандылық, жайлы толғаныстары бір төбе. Тәуелсіздік, еркіндік, бостандық, әділдік, имандылық сияқты дүниетанымдар қазақ халқын ұзақ мерзімге өзгенің құлдығынан құтқарып, егеменді мемлекет етті. Сондықтан да, тәуелсіздіктің басты  ұғымы - мемлекет, қоғам. Себебі, тәуелсіздік дегеніміздің өзі этностың ұлттық мемлекет құру туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын дүниетаным [6-19 б.] .

Қоғам қандай болу керек? Ол жайлы, мысалы, әл-Фараби бабамыз «жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді,  осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай  да бір затты тауып беріп отырады. Оның бері жағында әрбір адам нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады» – дей келе, «алтын ғасыр» орнатушы «қайырымды қала» екенін айтады. Асқақ игілік ең биік кемелденіп дәрежесіне жеткізуші «қайырымды қала», егер халық бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болатынын ескертеді. Біз Әл-Фараби бабамыздың «қайрымды қала» деп отырғаны қазіргі «азаматтық қоғам» деп түсінеміз. Ол қайырымды қала кемелденген, сырқатсыз денеге ұқсайды, ал оның барлық мүшелері тірі жанның өмірін сақтау үшін, оны барынша қызғылықты ету үшін бір- біріне көмектесіп отырады. Дене мүшелері бір-бірінен өзгеше, өздерінің жаратылысымен асып түсіп отырады.[7-26б.] – деп, азаматтық қоғам мүшелерін адамның он екі мүшесіне теңестіре отырып, өте жоғары дәрежедегі санаға ие екенің, алдымен өздерін емес, қоғамдар ойлайтынын баса көрсетеді. Сөйтіп, «азаматтық қоғам» және «азамат» деген ұғымдар әл-Фараби бабамыздың «қайырымды қала» жайлы түсініктемелеріне сәйкес келеді. Біз жоғарыда «адам» және «азамат» терминдері жайлы өз ойларымызды білдірген едік. Тек оған қоса айтарымыз, адам құқығы табиғи құқықтан (яғни, Алла өзі берген құқықтан) туындайды және ол барлық адамзат баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Оның түрі де алуан. Мысалы, өмір сүру, бостандық еркіндік, теңдік, езгіге қарсы тұру, дем алу, емделу, еңбек ету, бақытты болуға ұмтылу, т.т. Бұл қасиеттер бүкіл адамзат баласына тиесілі құқықтар.



Ал, азамат құқығы негізінен адамның бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланысты өрбейді. Сондықтан да, бұл екі термин арасында үнемі сәйкестілік бола бермейді. Сол себепті де кейбір мемлекеттер адам құқықтарының табиғи құқықтан туындайтын талаптарын түгел орындай бермеуі мүмкін.

Бұл жайлы заңгер А.К. Котов: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы»  мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық - адам құқығы мемлекеттің мойындауынан тыс бола береді. Олар дүнежүзілік қауымдастық пен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар, күнделікті заңнамаларында дәріптейді» [8.-193б.] – деп жазады. Әрине, құқықтық - демократиялық мемлекет азаматтық қоғам құруға бекінген мемлекеттер адам құқығы мен бостандықтарын барынша құрметтеп, өз Конституцияларынан орын беруі тиіс. Себебі, адам құқықтары мен бостандықтары демократияның негізгі мәйегі.

Әдебиеттер

  1. Зиядин Камали. Қағидаттар фәлсафасы. 1–бөлім 1911. –329 б. 2.Қазақстан. Ұлттық Энциклопедия. 5–том. Алматы. 2003.– 720б. 3.Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 1-Том . Алматы. 1998. -720 б.

  2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы 1-том. Алматы Қаз МЗА .2001-380 б.

  3. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 1-Том . Алматы. 1998. -720 б.

  4. Есім Ғ. Сана болмысы(саясат пен мәдениет туралы ойлар) 7-кітап. Алматы. «Ғылым». -272 б.

  5. Әл-Фараби. Адамның бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі // Қазақстанның саяси және құқықтың ой тарихы (хрестоматия). 1-Кітап. Алматы. Өркениет 2004-148б.

  6. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет