Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет1/9
Дата24.04.2017
өлшемі1,13 Mb.
#14805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

Е ПОӘК 042-18-25.1.88 - 2015

ПOӘК

«Инженерлік экология» пәннінің оқу-әдістемелік материалдар



«11»06. 2015 ж.

№ 1 басылым




«ИНЖЕНЕРЛІК ЭКОЛОГИЯ»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В060800 «Экология»

мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015

Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а.

Сарсембенова О.Ж. ____________ « 15 » 09 2015 ж.

Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәріс сабақтары




3

Лабораториялық-практикалық сабақтар




4

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары









































I. Глоссарий
Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстарырдың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталғал мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның зандармен қоғалатын құрамдас бөліктері;

Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға щудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және номративтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындалуға міндетті шектелулер және ондай қызметке тыйым салу ;



Жалпы жоспар – бұл жер учаскесінің барлық негізгі, көмекші, тұрақты, уақытша, жобаланатын, реконструкцияланатын ғимараттардың, инженерлік торлар мен коммуникациялардың, жолдардың, өтетін жерлердің, алаңдардың және көгалдандырудың ауданы.

Жел розасы – жылдың жаз мезгілінде бағытталған желдің қайталануының берілгендері бойынша өнеркәсіп орналасқан жердегі қала үшін жел розасын салады.

II. Дәріс сабақтары

Дәрістер негізгі маќсаты пән бойынша таќырыптарды теориялыќ негізде жеткізе білу болып табылады.


Дәріс № 1

Тақырыбы: Кіріспе. «Инженерлік экология» пәннің мақсаты. Терминдер мен анықтаулар.

Мақсаты: «Инженерлік экология» пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен танысу.

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Пәннің мақсаты

  3. Негізгі терминдер мен анықтаулар

«Инженерлік экология» курсы 06М0608– «Экология» мамандықтары үшін негізгі пәндердің біріне жатады.

«Инженерлік экология» пәні 6М0608– «Экология» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған. Студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі мен қажеттілігін, оқу процесінде игеретін курс саясатымен таныстырады.

Бұл курста арнаулы пәндерден алған мәліметтер, өндірістік ғимараттарды жобалау, оларды дұрыс пайдалану, тұрмысқа қажетті бөлмелерді іріктеу және санитарлық жабдықтарын есептеу үшін қолданылады.

Пәннің мақсаты студенттерді тек қана дипломдық жобаны орындауға бағыттау емес, сонымен қатар олардың ой-өрісін өсіру, қажетті есептерді техникалық жолмен өздігімен шешуді үйрету.

Оқу жоспары бойынша бағдарламадағы келтірілген сұрақтар 3 курста, курстің негізгі бөлімдерінен дәріс және тәжірибе сабақтары ретінде берілуі жобаланған. Студенттердің пәнді оқу процессінде алған білімі сынақ кезінде берілген сызбаны орындаумен және ауызша тексеріледі.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет