Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі №143 орта мектеп Пәні: Математика Тақырыбы



Дата24.05.2017
өлшемі66,89 Kb.
#16796
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

143 орта мектеп



Пәні: Математика

Тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер

Сыныбы: 4 «Ә»

Пән мұғалімі: Әлиасқарова Әлия

Қызылорда, 2014 жыл

Уақыты: 20.02.2014

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Нүктелерді топтастыру арқылы оқушыларға жаңа білімді меңгерту,

Тереңдету және бір жүйеге келтіру.



Дамытушылығы: Есеп шығару барысында оқушылардың міндетті және

Шығармашылық ойлау қабілеттері, іскерлік білім, білік

дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, сауатты және

жинақылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: үдм, кестелер, логикалық тапсырмалар және есептер,

«Бәйтерек» сәулетті кешені жұлдыздар,



Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту, кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық және

ұжымдық жұмыс.



Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүние тану, ән- әуез, орыс тілі, шет тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу.

А) Үй тапсырмасын сұрау (ауызша).

Ә) Өткен сабақты пысықтау.

Б) V Мұны білу пайдалы

а) «Бәйтерек» сәулет құрылысының көру алаңының диаметрі 22 метр.

Көру алаңының радиусын см,мм өрнекте.

ә) Астана қаласындағы пирамида пішінінде салынған Бейбітшілік және келісім сарайының биіктігі 62 метр болса, «Бәйтерек» кешенінің биіктігі одан 350 дм артық. Бәйтерек кешенінің биіктігін тап?

б) оқушы дәптерлерін тексеру

Нәтижені оқыту

Шығармашылық жұмыстар: Оқушылардың Астана жайлы өлеңдерімен үзінді келтіру.

Жаңа сабақ

Жаңа мағынаны таныту

Ауызша есептеулер

Есептемей-ақ, бөліндінің мәнінде неше цифр болатынын анықта

1)


Бөлінгіш

10 395

2 112

845 386

7552

Бөлгіш

27

44

32

236

Бөліндінің мәніндегі цифрлар саны













2 Жаңа мағынаны таныту

Геометриялық фигураларды ата?

Кесінді дегеніміз не?

Кесінділерді қандай әріптермен белгілейді?

2 Көрнекілікпен жұмыс

а)Берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

Нүктелерді қандай топтарға бөлуге болады?

ә) АВ,ОК, СД кесінділерімен тиісті барлық нүктелерді жазып шық

б) ОМ кесіндісіне тиісті емес нүктелерді жаз.

3 Өлше және сыз

Ұзындығы 72 мм, ені одан 17мм қысқа тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есепте.

Полиглот ойыны

Bag- Сумка- сөмке

Ball-мяч- доп

Box-коробка - жәшік

Fine-хорошо- жақсы

Game-игра- ойын

4 Есептің дұрыстығын тексер

2 574 512 3 671 ∙ 235 35 721 ÷ 63

4 488 ÷ 264 4 206 214 25 954 ÷ 683

5 Кесте бойынша өрнекті құрастыр, мәнін тап

Қосылғыш

1 254∙ 31

12 428÷ 26

855÷ 285

Қосылғыш

25 250

25 108

11∙ 265

Назар аудар! «Сиқырлы жәшік»

Логиқалық есептер

1.Оқушы үй жұмысын орындауға 2 сағат отырды.Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 мин оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 мин уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?

2. Бір жанұяда 5 ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

3. Бірдей 5 алманы 8 балаға теңдей бөліп бер. Бөліктерге бөлу кезінде тәсілдің ең кіші санын қолдан.

6 Есептерді шығар.

І топқа


а) Ақауы бар су шүмегінен ең аз тамшылағанның өзінде бір тәулік ішінде 150 л ауыз суын жоғалтамыз. 672 сағ ішінде неше литр су пайдаланылмай, ысырап болады?

ІІ топқа


ә) Қоршаған ортаға16 автокөліктәулігіне 320 кг улы газ шығарады.Егер автокөліктердің әрқайсысы бірдей мөлшерде газ шығаратын болса, онда 53 автокөлік тәулігіне неше килограмм улы газ шығарады?

ІІІ топқа

Су туралы эссе немесе мақал- мәтелдер жаз

7 Көрнекілікпен жұмыс

Төртбұрыштың периметрі 4м. Оның бірінші қабырғасы 96см, екіншісі біріншісінен18см артық, ал үшіншісі екіншісінен 2 есе кем. Төртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап.

8 логикалық тапсырма

301- ден артық, 400-ден кем 0-менаяқталатын неше цифр бар? 2-мен аяқталатын ше

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Шілдір- Паутина ойыны

Сұрақтарға жауап бер.

Төртбұрышқа тиісті нүктелерді ата.


  • Тіктөртбұрыш пен үшбұрышқа да, тіктөртбұрыш пен шеңберге де бірдей тиісті нүктелердіді ата.

  • Үшбұрышқа да, шаршыға да бірдей тиісті нүктелерді ата

  • Тек шаршыға , тек төртбұрышқа және тек шеңберге тиісті нүктелерді ата.

  • Шеңберге де, шаршыға да тиісті емес нүктелерді ата.

Үйге тапсырма: №5 есептің Ә нұсқасы

8 есеп

Сабақты қорытындылау

«Жұлдызды сәт» ойыны

Әр оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жұлдыздарға жазып қою.

Оқушыларды бағалау



Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет