Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы



бет1/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ОТЫРАР» КОЛЛЕДЖІ

« Педагогика » пәнінен студенттері үшін лекция сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау

Шымкент- 2014ж.

Отырар колледжі әдістемлік кеңес отырысының № «____» «_____» 201 ж.


шешімімен бекітілген.
Әдістемелік кеңес төрайымы Альзахова А
Гуманитарлы және жаратылыстану циклдық комиссия мәжілісінде талқыланып.
Әдістемелік кеңеске ұсынылды.

Хаттама № «____» «_____» 201 ж.


Бөлім меңгерушісі: Уразбаева А.

Құрастырған : Жорабаева А А


Жұмыста: «Бастауыш білім беру» , «Мектепке дейінгі білім беру « Дене тәрбиесі», мамандықтарына «Педагогика» пәннен студенттері үшін лекция жинағы.

Ұсынылған әдістемелік кеңестер оқушыларға практикалық негізін терең түсінуге көмектеседі.

Мазмұны
Кіріспе
Тақырып-1. Педагогиканың теориялық -әдіснамалық негіздері................................................
Тақырып-2. Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері
Тақырып-3. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы
Тақырып-4. Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде екерілуі

Тақырып-5. Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі


Тақырып-6. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары

Тақырып-7. Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері
Тақырып-8. Оқушылардың ғылыми дүниетамын қалыптастыру
Тақырып-9. Адамгершілік тәрбиесі

Тақырып-10. Еңбек тәрбиесі


Тақырып-11. Эстетикалық тәрбие
Тақырып-12. Дене тәрбиесі
Тақырып-13.. Азаматтық тәрбие
Тақырып-14. Экологиялық тәрбие
Тақырып-15. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі

Тақырып-16. Тәрбие әдістеріне сипаттама

Тақырып-17. Ұжым – тәрбие құралы

Тақырып-18. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы

Тақырып-19. Сыныптағы тәрбие жүйесін құру.

Тақырып-20. Сынып жетекшісі жұмысының технологиясы

Тақырып-21. Жанұя тәрбиесінің негіздері

Тақырып-22. Отбасының тұтас педагогикалық процесін ұйымдастыру

Тақырып-23. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту

Тақырып-24. Оқыту заңдылықтары мен принциптері

Тақырып-25. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

Тақырып-26. Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Тақырып-27. . Қазіргі сабақ түрі

Тақырып-28. Сабақтың құрылымы және типологиясы

Тақырып-29. Оқытуды ұйымдастырудың басқа да түрлері

Тақырып-30. Талдау – педагогикалық процестің компоненті

Тақырып-31 Оқыту әдістеріне сипаттама.

Тақырып-32. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық- педагогикалық негіздері


Тақырып-33.Қазіргі жағдайда оқушының танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері

Тақырып-34. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу және бағалау


Тақырып-35 Білім беру технологиялары

Тақырып-36 Қазіргі оқыту технологиялары

Тақырып-37 Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы

Тақырып-38 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Тақырып-39 Мектептің оқу тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару

Тақырып-40 Мектептің педагогикалық кеңесі – мектепішілік басқарудың алқалы органы

Тақырып-41 Мектептің (сыныптың) оқу-тәрбие процесін диагностикалау - басқару негізі

Тақырып-42 Мектеп жұмысын жоспарлау

Әдебиеттер

Тақырып-1. Педагогиканың теориялық -әдіснамалық негіздері

Жоспары:

1.Педагогика тәрбие туралы ғылым.

2.Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.

3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

4.Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің “paidagogas”- баланы жетектеуші сөзінен алған.Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсерумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибиесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибиеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның “тәрбиенің” қызметін жүзеге асыру мен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибиені игеруі үшін – делдал-ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі-бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана- ақиқаттың нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызыметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

Ал педагогика пәні - индивиттің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірбиені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процес болып табылады. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда – қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.

Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық еркін беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп елеусіз қалып отыр.

Тәрбие жайында К.Д.Ушинский: «... мектеп,тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілер табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі болады», - деді.

К.Д.Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа ( әр түрлі дәстүр, үйілмен ішіндегі қарым-қатынастар және т.б.) себептерге де байланысты.

«Тәрбие» терминін әрдайым тар мағынада,»тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие – көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса, тәрбиені, кең мағынада, табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсінуі керек.

Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.



Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, өзара айырмашылығы, ал екінші жағынан, бір-бірімен ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Жастардың орта және жоғары дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.



Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, біртекті, процесс: біріншіден, оқытушы оқушыға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдарын бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұндау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды фашизмге қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарында оқушылар химиялық заңдар, фактылар, теориялық жөнінде ғылымның негізімен қаруланады. Халық шаруашылығының маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғілім оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендіктен рухында тәрбиелеуге көмектеседі.

Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту бірінен-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары.

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны. ХIХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы ) белсенді жүріп жатыр. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даярлануы басталды. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жеке ерекшеліктері, оқу-тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік психологиясы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дарбес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. дербес бөліне бастады.

Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика,логопедия), дене дамуына кейбір ауытқушылықтар ( есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе , өйткені педагогикалық ой қоғамның материалды және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, таным әрекет әдістері , ал жеке ерекшелік ( особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.



Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден-бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогикалық ғылымдар жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХIХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Казіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекеті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз өзгерту мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқиғаның және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикалық психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаның зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.



Педагогикалық зерттеулердің методологиясы. «Методология» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. «Метод» «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік пен қарама-қайшылықтың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп-салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. анықталады. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.

Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ, бұл сұраққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған. Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы-терминдік жүйесі жатады.

Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге «педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен пән әлеуметтіктің арақатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру, тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б..

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиканттардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Тақырып-2. Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері

Жоспары:

2.Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.

3.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.

4.Теориялық деңгей әдістері.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3. Педагогика ЖӘбиев, С.Бабаев, А.ҚҰдиярова Алматы, Дарын, 2004

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдінама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Кез келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық концепция психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.

Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.

Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын қарайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-пелагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогиаклық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Педагогика ғылымы сияқты педегогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістері мен олардың өзара байланысын сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.

Зерттеу әдістері педагогикалық тғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің д амуы педагогикалық зерттеу әдіс терінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдіс терінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.



Эксперименталды – эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық дәңгей әдістерінің тұтаас бір тобы бар (гр. Empeiria –тәжірибе)

1.Бақылап-зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал-саймандар.

2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды, олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза» күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыс тырукшы буын болып табылады. Оның мақсакты ғылыми теория немес болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту. Эксперимент пен практикалық іс-әренкеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрб ие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.

3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект-субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте «түсінік» терминінің мағынасы «білім» терминіне қарағанда кеңірек. «Түсінік» ұғымында суңбъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшклігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ беллгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет