Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары): № 1 ЕСЕП САБАҒЫ



бет3/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,81 Mb.
#18989
1   2   3   4   5   6   7   8   9

(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары):
1 ЕСЕП САБАҒЫ

Сарыкөл ауданының әкiмi IIБ қызметкерлдерiн аудандық шаруашылыққа пайдалануды ұйымдастарды, атап айтқанда полиция қызметкерлерiн көше жұмыстарын орындауға және ағаштарды кесуге жұмсауғак өкiм шығарды.

Осы аталған есеп мазмұны бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет:

1.Аудан әкiмi заңды бұзды ма?

2.Егер заң талабы бұзылса онда нақты заң актiсiн айтып берiңдер.

3.IIБ қызметтiк мiндеттерi қандай заң актiсi бойынша реттеледi, нақты заңды

айтып берiңдер.
№ 2 ЕСЕП САБАҒЫ

“Ласточка” ЖШС санитарлық – эпидемиялық ернежесiн сақтау жөнiндегi жұмысын дүкеншiлердiң санитарлық кiтапшасын, олакрдың кезектi медициналық тексеруден өтуi туралы мәселесiн тексерудi жүргiзген полиция учаске инспеторы Хасенов Х.Х. жүргiздi. Осы аталған есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болды:

1. Тамақ-тағам және сауда-саттық орындарында санитарлық пен тазалықты

сақтау мәселесiн ҚР заңнамалардың талабы бойына қандай органға

жүктелген?

2. Полиция учаске инспекторының мiндеттерi неден тұрады және ол қандай

заңнамларда көрсетлген?
№ 3 ЕСЕП САБАҒЫ

Аудандық әкiмдiктегi жер қорын есепке алу бөлiмiнiң бастығы Жалпақов.Ж.Ж. аудан аумағында тiркелген жер аумағының құнарлығы мен сапасы жоғары жерлерiнiң санын жасырып оның кейбiр есептiк бониттерiн төмендетiп облыстық архитектураға жалған мәлiмет бердi. Жалпақов.Ж.Ж. қандай құқыты бұзды? Осы аталған есеп бойынша мына мән жайды анықтаңдар:

1. Бониттiк деңей ненi көрсетедi?

2.Жалпақов қандай нақты заңды бұзды?

3.Жауапты негiздеңдер.
4 ЕСЕП САБАҒЫ

15 жастағы Ақылбаев А.А. мектептегi залдың iшiнде өзiнiң кластасын жаман сөздермен қорлап айтты .Мұны байқаған мекептiң күзетшiсi мен сынып жетекшiсi Ақылбаевты мектеп директорына алып барды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайларды анықту қажет болады:

1.Ақылбаев А.А. қандай құқыты бұзды?

2.Кәмелетке толмағандарға мемлекеттiк органдарының тұсында қандай

комиссия жұмыс iстейдi?

3.Жауапты негiздеңдер.


5 ЕСЕП САБАҒЫ

“Қалалық ГАЗ” қызметiн азамат Жалғанбаев Ж.Ж. өзiнiң тұратын көшесiнде газ иiсiнiң шыққаны туралы және газ құбырынынң жарылғаны туралы хабарлады. Оқиға болған жерге келген “Газ қызметi” ешқандай газ иiсiн және газ құбырының бұзылған жерiн таппады. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Жалғанбаев Ж.Ж. қандай құқыты бұзды?

2.Жауапты негiздеңдер.


6 ЕСЕП САБАҒЫ

“АҚ-Нәсiл” ұйымының басшысы Нәсiлбаев Н.Н. Қазақстанда тек ақ нәсiлдер билеу керек ал қалған ұлттар, олар қоғамның ең төменгi деңгейдегi адамдар деп ақпарат хабар көздерi арқылы үгiт-насихат жұмысын жүргiздi. Басқа нәсiлдердi ұрып-соғуды, олрды мемлекеттен кетiру деген сөз-ұрандарын жазып көшеге және үй сыртына жазуларды жазды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Нәсiлбаев Н.Н. қандай құқыты бұзды?

2.Жауапты негiздеңдер.


7 ЕСЕП САБАҒЫ

СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны “Бизнес орталық” ғимаратын салып аяқтаған соң көршiлес үйлердiң ауласында құрлыс материалдарын қалдыпы кеттi, оның себебiнен балалар аулада ойнай алмай және тұрғыедардың жүрiп-тұруына жзәне жеке автокөлiктердiң жүруiне мүлдем кедергi жасады.

Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1. СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны қандай құқыты бұзды?

2. Жауапты негiздеңдер.

8 ЕСЕП САБАҒЫ

Машина жасау заводының жинау цехның мастерi Шебербаев Ш.Ш. өзiнiң қарауындағы токар-фрезировщиктi баксына арнайы колпакты кимей жұмысқа жiбердi. Жұмыс кезiнде станоктың төменгi жағына еңкейген кезде шашы оралып аздап жұлынып қалды. Жұмыс сменына кiрiспестен бұрын техника қаупсiздiгiн кiм өткiзуге және әрбiр жұмысшының жұмысқа кiрсуiн кiм бақылау жүргiзуге тиiстi? Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Бұл жағдайда кiм кiналы болып табылады.

2.Жаупты негiздеңдер.
9 ЕСЕП САБАҒЫ

ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде негiзгi жазаның қандай түрлерi бар?



Қосымша жазаның қандай түрлерi бар? Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Негiзгi жазаларға қандай жазаның түрлерi жатады?

2.Қосымша жазаның қандай түрлерi?

3.Жауапты негiздеңдер

10 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Мақтанбаев М.М. «Мерседес-Бенц» автокөлiгiн жүргiзiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiктi жүргiзу туралы куәлiгi және көлiк құралының иесi кiм туралы анықтайтын құжат болмай шықты. ҚР Заңдары бойынша автокөлiк құралдарын жүргiзу туралы және көлiк иесiн анықтайтын туралы қандай құжат мiндеттi түрде болуы керек. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1. Мақтанбаев М.М. қандай құқыты бұзды?

2. Сонымен қатар құжаттың атын айтып берiңдер.

3. Жауапты негiздеңдер.
11 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Қоқанбаев Қ.Қ. өзiнiң жеке автокөлiгiмен жұрiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы жезламен тоқтату белгiсiн бердi. Бiрақ Қоқанбаев бұған еш мән бермей тоқтамай өтiп кеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Қоқанбаев қандай құқыты бұзды?

2.Жауапты негiздеңдер.


12 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Даукесбаев Д.Д. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп кле жатқан кезде жол полициясы инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiк жүргiзушiнiң аузынан алкогольдiк иiсi шыққаны байқалды. Мұны байқаған инспектор медециналық сараптамадан өтудi талап еттi. Даукесбаев Д.Д. медициналық сараптамадан өтуден бас тартып инспекторге қоқан –лоқы көрсеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Даукесбаев Д.Д. қандай құқыты бұзды?

2.Жауапты негiздеңдер.


13 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Қашқынбаев Қ.Қ. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп келе жатып жолда тұрған автокөлiктi соғып өтiп, және авариялық белгiнi басып өтiп және бұл әрекет жасғаны үшiн ешкiм көрмедi деп оқиға болған жерден дереу тоқтамай өтiп кеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1. Қашқынбаев Қ.Қ. қандай құқыты бұзды?

2. Жауапты негiздеңдер.

14 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Жолаушиев Ж.Ж. Москва-Астана поезының № 12 вагонның жолсерiгi Мамбетов М.М. жолығып мынаны айтты: “Менде билет жоқ ,маған жедел түрде Астанаға жетуiм керек , ал жолақысын саған төлеймiн ” дедi. Ал вагон жолсерiгi бұған келiсiп бiрден жол ақысын төлеудiә талап еттi. Жолаушиев 3-мың теңгенi төледi. Ал вагон жолсерiгi ешқандай квитанция бермедi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Мамбетов М.М. қандай құқыты бұзды?

2.Жауапты негiздеңдер.


15 ЕСЕП САБАҒЫ

Прокуратура органы әкiмшiлiк құқы бұзу фактiлерi жөнiнде қандай құжатты: хаттаманы, қаулыны, айыптау қортындысын, талап-арызын және т.б. жазуы керек болады. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Бұл туралы ҚР ӘҚБ туралы кодексте қалай айтылған.

2.Жауапты негiздеңдер.

16 ЕСЕП САБАҒЫ

Әскери қызметте жүрген прапорщик Әскербаев Ә.Ә. мас күйiнде келе жатып былапы жаман сөздердi айтып, көшедегi адамдарға жөнсiз кемiту сөздерiн айтты. Мұны көрген әскери полиция қызметi ұстап комендаптураға алып келдi. Әскербаевтың арақ iшiмдiгi анықталды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Әскербаев Ә.Ә.құқықты бұзды ма?

2.Ал егер бұзған жағдайда ол қандай құқықты бұзды және қандай заңды

нормативтiк актiсi бойынша жауапқа тартылуға тиiстi?
17 ЕСЕП САБАҒЫ

Полиция патруль қызметшiсiне азамат Борсықбаевқа Б.Б. жеке құжатты көрсетудi талап еткенi үшiн дөрекi, кемiту сөздерiн айтты. Бұл қылығы үшiн полиция қызметшiсi полиция бөлiмiне алып келдi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Борсықбаевқа Б.Б.әкiмшiлiк құқықты бұзды ма?

2.Жауапты негiздеңдер.


№ 18 ЕСЕП САБАҒЫ

Азамат Абенов А.А. мемлекеттiк қызметке кiру туралы тисiт құжаттарын тапсырды. Бiрақ кадр бөлiмiнiң бастығы Абеновтен қосымша талап қойды: ол өзiнiң сотталмағаны туралы және полицияға есепте жоқ екендiгi туралы құжатты алып келудi талап еттi. Запң бойынша бұндай сұраныстар ресми түрде мемлекет органдары өздерi сұраныс жасаулары керек. Бұл өйткенi қызметтiк құпия болатын. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Кадр бөлiмiнiң бастығы құқыты бұзды ма?

2.ҚР Конституциясында азаматтардың құқытық мәртебесi және жалпыға

қолжеткiлiктi мәлiметтерiн әрбiр жеке талап бойынша беру туралы қалай

көрсетiлген?

3.Жауапты негiздеңдер.
№ 19 ЕСЕП САБАҒЫ

Қостанай қалалық IIБ кезекшiсi Р.М.Романовқа азамат Мәкенов М.М.,жеке көлiк автомобилiн белгiсiз адам айдап кеткенi жөнiнде қазақ тiлiнде арыз берген болатын. Бiрақ кезекшi Романов Р.М. арыз қабылдаудан бас тартты, өйткенi ол қазақ тiлiн бiлмегендiктен орыс тiлiнде жазуды талап еттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Романов құқыты бұзды ма?

2.“Тiл туралы” ҚР заңында қандай мән-жайлар айтылған?

3. Жауапты негiздеңдер.
№ 20 ЕСЕП САБАҒЫ

“Центр Финанс”Банк қызметкерi Мақтанов М.М. “ВЕСНА” ЖШС салық төлеу мәлiметтерi мен қаржы саны туралы оның бәскесi “Ласточка” ЖШС бастығына бердi. Өйткенi “Ласточка” ЖШС бастығы оған туыс болатын.

Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау қажет болады:

1.Мақтанов М.М. құқықты бұзды ма?

2.Жауапты негiздеңдер.

№ 7. Тақырып: Мемлекеттiк қызметшiлердiң әкiмшiлiк- құқықтық

мәртебесi.

(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):

1.Мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдары.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

2.Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

3.Адам-әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн

басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

4.Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

5.Мемлекеттiк басқарудағы саясат пен мақсат.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

6.Басқару функциялары:ұйымдастыру (басқару жүйесi мен

үдiрiстерiн), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар

жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

7.Мемлекеттiк басқарудың нысандары.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

8. Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдерiнiң ерекшелiктерi.

9. Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актлерi,

мемлекеттiк тiркеу.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

10.Орындалаған шешiмге баға (нәтижесiне) беру.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

11.Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

12.Бақылау және оның түрлерi.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

13.Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

14.Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

15.Мемлекекттiк қызметтiң қандай түрлерi болады?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

16.Саяси мемлекеттiк қызметшiлер деген кiмдер және оған қандай қызмет

дәрежелерi кiредi?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

17. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер деген кiмдер және оған қандай

қызмект дәрежелерi кiредi.

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

18.Мемлекеттiк қызметшiлерге өзiнiң бұрынғы жекеменшiк мүлкi туралы

қызметке кiргеннен бастап қандай мерзiм iшiнде қандай шешiм қабылдауы

керек.


Нақты мысалдар келтiрiңдер.

19. Мемлекеттiк қызметшiлерге қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қандай

талаптар қойылады?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.

20. Милитаристiк мем леукеттiк қызмет дегенiмiз не және оның құрамына

қызметтiң қандай түрлерi кiредi?

Нақты мысалдар келтiрiңдер.
№ 8. Тақырып: Мемлекеттiк қызметшiлердiң әкiмшiлiк - құқықтық

құзыреті.



(СОӨЖ сабағының тест- есептiк жаттығулары):

1. Адамдардың әлеуметтiк қызметiнiң бiр түрi:

А) лауазым;

В) қызмет;

С) лауазымдық өкiлеттiгi;

D) мамандық;

Е) бiлiмi.

*************

2. ҚР мемлекеттiк қызметтi бiрiншi болып мемлекеттiк қызметтi



ретiне келтiре бастады ?

А) ПрезидентЖарлығы;

В) Үкiмет қаулысы;

С) Премьер- министрдiң өкiмi;

D) Заң;

Е) ҚР Мемлекеттiк қызмет туралы Агенттiктiң бұ йрығы.



*************

3. Мемлекеттiк қызмет және басқарудың оқу пәнi дегенiмiз-ол:

А) ҚР азаматтардың атақаратын функциясын және қызмет

саласындағы қатынасты анықтау мiндетi;

В) ұлттық қаупсiздiктi қамтамасыз етудегi қатынастығы;

С) мемлекеттiк қызметшiлердi қорғау саласндағы қатынастар;

D) мемлекеттiк аппарат саласындағы қатынастар;

Е) ҚР мемлекеттiк қызм,етшiлердiң және басқа да тұлғалармен

өзара қызмет көрсету қатынастығы.

**************

4. ҚР аумағында мемлекеттiк қызметтiң даму қарқындары қай

кезеңдерде өттi:

А) 1991-1995 ж;

В) 1995-1998 ж;

С) 1998-1999 ж;

D) 1995-2000 ж;

Е) 1995-2004 ж.



***************

5. Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамалар қандай қызмет түрiн

реттейтiн болады?

А) қоғамдық;

В) мамандалған;

С) алқалық;

D) республикалық;:

Е) мемлекеттiк.



6. Кеңес Одағы кезеңiнде қызметтiк мансаптық мәселесi қандай

ережеде жүзеге асырылатын болады:

А) “мамандар бәрiн шешедi”;

В) “заң алдында бәрi тең”;

С) “барлық салалық қызметке жалпының кiруiне жағдай

болуы”;

D) “совет халқының патироттығы;



Е) “барлығ да мемлекеттiк қызметтi дамыту үшiн”.

**************



7. ТМД елдерiнде ең бiрiншi рет мемлекаеттiк қызметтi реттеу

туралы нормативтiк құқық актiсi қай елде пайда болды?

А) Қазақстан Республикасында;

В) Ресей Федерациясында;

С) Қырғызстан Республикасында;

D) Тәжiкстан Республикасында;

Е) Түркiменстан Республикасында.

**************

8. ҚР заңнамалары бойынша мемлекеттiк қызмет қалай

түсiндiрiледi:

А) тек шектелген сана-сезiмде;

В) тек кең сана-сезiмде;

С) шектелген және кең сана-сезiмде;

D) тек мамандалған сана-сезiмде;

Е) шектелген және мамандалған сана –сезiмде.

**************

9. Мүлiктiк нысанға байланысты қызмет мынадай болуы мүмкiн:

А) тек мемлекеттiк;

В) тек мемлекеттiк емес;

С) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

D) қоғамдық және кәсiбилiктiк;

Е) тек жекенiкi.

**************

10. ҚР қәзiргi кезеңде мемлекеттiк қызмет қай мекемеде немесе

ұйымдарда мемлекеттiк қызмет жүзеге асырылады?

А) мемлекеттiк органда;

В) мемлекеттiк ұйымдарда;

С) мемлекеттiк кәсiпорындарында;

D) мемлекеттiк мекемелерде;

Е) мемлекеттiк қорында.

*************

11. Жоғарғы орталық билiктi атқару органдаындағы

мемлекеттiк қызметтердiң деңгейi қалай аталады?

А) жергiлiктi;

В) республикалық;

С) муниципалдық;

D) аумақтық;

Е) мемлекеттiк.

****************

12. Жалпы принципке байланысты мемлекеттiк қызмет мына

деңгейлiк жүйесiн сақтайды:

А) қазақстандық патриотизм;

В) мемлекет мүддесiнiң артықшылығы;

С) азаматтардың құқығы мен бостандығының артықшылығы;

D) бiлiктiлiгiн үнемi нығайтуы;

Е) мемлекеттiк қызмет жүйесiнiңт бiркелкiлiгi.

****************

13. Төменде көрсетiлген принциптердiң қайсысы мемлекеттiк

принципке жатпайды:

А) мемлекеттiк қызметке өз екрiмен кiру;

В) мемлекеттiк қызметшiлердiң үнемi бiлiктiлiк деңгейiн нығайту;

С) мемлекеттiк орган бастығына аса сенiмдiлiк бiлдiруi;

D) қоғамдық пiкiрдi есепке алу және жариялық;

Е) азаматтардың құқығы және бостандықтарының

артықшылығы.

****************



14. Төменде көрсетiлгендердiң қайсысы мемлекеттiк қызметтiң

арнайы принципiне жатпайды:

А) мемлекеттiк қызметшiлердiң үнемi есеп беруi және үнемi

бақылауда болуы;

В) мемлекеттiк қызметке өз еркiмен кiруi;

С) шешiмдi мiндеттi түрде орындау;

D) мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық

қорғануын қамыту;

Е) құқық пен бостандықтың артықшылығы.

****************

15. Мемлекеттiк органдарындағы мемлекеттiк қызметшiнiң

атқаратын мiндетi дегенiмiз-ол:

А) мемлекеттiк қызымет;

В) лауазымды тұлға;

С) мемлекеттiк басқару;

D) лауазымдық құзырет;

Е) муниципалдық басқару.



16. Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз-ол:

А) мемлекеттiк ұйымдарда лауазымдық өкiлдiктi атақаратын

қызметтiң бiр түрi;

В) мемлекеттiк функцияларын , мақсаттарын жүзеге асыруға

бағытталан өкiлдiктердi атқару арқылы мемлекет

органдарында, мемлекеттiк қызметшiнiң көрсететiн қызметiн айтады;

С) ҚР азаматтарының мемлекеттiк басқаруағы қызметiн айтады;

D) мемлекет органдарында мемлекеттiк қызметшiнiң, келiсiм-

шарт негiзiнде атқаратын лауазымдық өкiлеттiгiн айтады;

Е) азаматтардың мемлекеттiк ұйымдарында және органдарында

нақты жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауын айтады.

***************



17. Мемдлекет органдарында саяси партиялардың құрылуына жол

берiле ме?

А) егер ҚР заңнамаларында көрсетiлген болса;

В) мемлекет оргадарының басшысы келiсiмiн берсе;

С) жол берiлмейдi;

D) егер өкiлеттi орган келiсiмiн берсе;

Е) егер құрылатын партияның жарғысы , мемлекеттiк органның

қызметтiк мақсатына қайшы келетiн болса, жол берiлмейдi.

***************



18. ҚР Мемлекеттiк қызмет туралы Агенттiгi кiмнiң алдына есеп

бередi?

А) ҚР Үкiметiне;

В) ҚР Парламентiне;

С) ҚР Президентiне;

D) ҚР Конституциялық Кеңесiне;

Е) ҚР Ақпарат министрлiгiне.

**************

19. “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңының таратылатын күшi:

А) тек әкiмшiлiк мемлекетiiк қызметшiлерiне ғана;

В) ҚР балық азаматтарына;

С) тек саяси мемлекеттiк қызметшiлерiне;

D) ҚР Конституциясында және басқа да ҚР заңамалар актерiнде

құқықтық мәртебесi нақты анықталуына байланысты , кейбiр

мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, барлық мемлекеттiк

қызметшiлерiне таратылады;

Е) мемлекет органдарында кемiнде 3 жыл iстеген қызметшiлердiң

бәрiне таратылады.

**************

20. “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңы қай жылы

қабылданды?

А) 2000 ж 1 қаңтар;

В) 1999 ж 23 шiлде;

С) 1998 ж 5 маусымда;

D) 1998 ж 23 тамыз;

Е) 1998 ж 23 қыркүйек.

***************

21. “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңы қай уақыттан бастап

күшiне егдi:

А) 1999 ж 23 шiлде;

В) 2000 ж 5 қаңтар;

С) 2000 ж 1 қаңтар;

D) 2001 ж 1 қаңтар;

Е) 1999 ж 30 маусым.

****************

22. Мемлекеттiк қызметтiң бiр тұтас жүйесiн қай орган құрайды:

А) ҚР Мемлекеттiк қызмет туралы Агенттiгi;

В) ҚР Үкiметi;

С) Өкiлеттi және оған бағынысты аумақтық органдары;

D) ҚР Парламентi;

Е) Республикалық және жергiлiктi билiк органдары.

****************

23. Мемлекеттiк емес саласына жататындар:

А) мемлекеттiк органдағы қызмет;

В) жергiлiктi өзiн- өзi басқаратын органындағы қызмет;

С) мемлекеттiк ұйымдарындағы қызмет;

D) мемлекеттiк мекемелерiндегi қызмет;

Е) мемлекеттiк кәсiпорындарындағы қызмет.

***************

24. Мемлекеттiк қызмет қандай принциптiң түрiне бөлiнедi?

А) конституциялық және арнайы;

В) арнайы және ұжымдық;

С) ұжымдық және арнайы;

D) аралас және арнайы;

Е) жалпы және нақты.

***************

25. Халықаралық мемлекеттiк қызмет қандай екi жүйесiн бөлетiн

болады?

А) мансаптық және кәсiби;

В) мансаптық және көзқарастық;

С) көзқарастық және жүйелiк;

D) белсендiлiк және енжарлық;

Е) мемлекеттiк және көпдеңгейлiк.

****************

26. Аумақтық мемлекеттiк қызметiнiң өкiлдiк органаның шешiмi

қандай түрде рәсiмделетiн болады:

А) қаулы;

В) нұсқау;

С) бұйрық;

D) жарғы;

Е) өкiм.


****************

27. Өкiлеттi органның шешiмi қандай актi нысаны бойынша

рәсiмделедi:

А) бұйрық;

В) өкiм;

С) қаулы;

D) нұсқау;

Е) жарлық;

**************

28. Мемлекеттiк қызметшi өкiмнiң дұрыстығана күдiктенген кезде

не iстеуi керек:

А) бұл туралы ,жазбаша түрде өзiнiң тiкелей бастығына

мәлiмдеуге мiндеттi;

В) өкiмдi берген тұлғаға мәлiмдеуге мiндеттi;

С) бұл туралы, дереу, жазбаша түрде өзiнiң тiкелей бастығына

және өкiм берушiнiң бастығына мәлiмдеуге мiндеттi;

D) жоғарғы деңгейдегi басшыға мiндеттi түрде мәлiмдеуi керек;

Е) бұл туралы өкiлеттi органга мәлiмдеу керек.

****************

29. Мемлекеттiк қызметшiлер бiр айдың iшiнде өзiне тиесiлi

мүлiктердi сенiм арту басқаруына беруге байланысты , мына

көрсетiлген мүлiкттiң қай түрi сенiмдiк басқаруға

берiлмейдi:

А) сол тұлғаларға заңды түрде тиесiлi ақшалар;

В) коммерциялық ұйымның iшiндегi жарғылық капиталдың

акция пакеттерiн және үлестерi:

С) сол тұлғаларға заңды түрде тиесiлi ақшалар мен жалға

алынған мүлiктер;

D) көлiк құралдары және жылжымайтын мүлiкткр;

Е) жарғы капиталындағы акция пакттерi.

***************

30. Өзiнiң қызметтiк мiндетiнде мемлекеттiк қызметшiлер мынаны

сақтауға мiндеттi болады:

А) қарапайымдықты сақтау;

В) қызметтiк өкiлдiк пен мiндеттiң нақты көлемiн анықтай бiлу;

С) мемлекеттiк билiк беделiн нығайуына әрекет ету;

D) мемлекеттiк және еңбектiк тәртiптi сақтау;

Е) әдептi және нақтылы.

****************

31. Қарауында қызметшiлерi бар мемлекеттiк қызметшiнiң мiндетi:

А) құқыққа қарсы әрекет жасауға өз қызметкерiне салмақ

көрсетпеу;

В) мемлекеттiк тiлге құрметпен қарау;

С) басқа тұлғалардың ар-намысын, қадiр қасиетiн сыйлау;

D) құқық пен бостандықты сақтауын қамтамасыз ету;

Е) кәсiби-мамандық деңгейiн үнемi жоғарлату.

****************



32. Барлық деңгейдегi әкiмдердiң мiндеттерi:

А) жергiлiктi атқару органдарында мамандарды қабылдау және

орналастыру әрекеттерiне жол бермеу;

В) басқа тұлғалардың ар-намысын, қадiр қасиетiн сыйлау;

С) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн құрметтеу;

D) қарапайымдылықты көрсету;

Е) өкiлеттiк мiндеттiң көлемiн нақты анықтау.

***************



33. Мемлекеттiк қызметтiк этика ережесiн бұзғаны үшiн

мемлекеттiк қызметшi мынадай жауапқа тартылады:

А) қылмыстық жауапкершiлiкке;

В) азаматтық жауапкершiлiкке;

С) тәртiптiк жауапкершiлiкке;

D) материалдық жауапкершiлiкке;

Е) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке.

***************


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет