Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



бет1/3
Дата08.07.2017
өлшемі0,61 Mb.
#20830
  1   2   3

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi

ПОӘК

«Хорды дирижерлау 5» пәнінен оқу әдістемелік материалдар

2 баспа

ПОӘК 042-14.4.01.20.14/01-2013




«Хорды дирижерлау» пәнінен

ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 Музыкалық білім

мамандығы үшiн


оқу әдістемелік материалдар

Семей


2013

Алғы сөз

1 Құрастырған Айтжанова Ж.Н., Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы

«____» _______2013 ж.
2 Талқыланды

2.1 Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасында


Хаттама «____» __________ 2013 жыл, № __.
Кафедра жетекшiсi ___________ Б.К.Бодауова
2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
Хаттама «____» __________ 2013 жыл, № __.
Төрағасы ______________ Т.Ш.Ахметова
3 Бекiтiлдi
Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң мәжiлiсiнде мақұлданды
Хаттама «____» __________ 2013 жыл, № __.

ОӘК төрағасы _____________



Мазмұны


1. Глоссарий

2. Практикалық сабақтар

3. Студенттердің өздік жұмысы



4. Пәнінен оқу - әдістемелік картасы


  1. Глоссарий

Альт – төменгі әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Аралас хор – көп дауысты ерлер мен әйелдер партияларынан тұратын хор ұжымын айтамыз.

Артикуляция – сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелерінің қызметін атқаратын вокалды - хор техникасының маңызды құраушысы.

Ансамбль – тұтас орындаушылықтың өзара байланысқан түрін және стройдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен дыбыс күші жағынан үйлесімділік.

Бірыңғай хорлар – бірыңғай дауыстан тұратын хорларды айтамыз. Олар бірыңғай ерлер және әйелдер хоры.

Бас – төменгі ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Вариация –бір әуенді қайталаған сайын бірнеше түрге салып құбылту, өрнектеп, әсірлеу

Гармония – (гректің harmonia – байланыс, үйлесу, сай келу) көп дауыстылық құрылым, музыкалық дыбыстардың бүтін тік құрылымды жинағы.

Дыбыс қатары (строй) – хордағы дыбысталудың сапасы, яғни ходың құлақ күйін келтіру, интонациялық жағынан таза, нақты айтуды айтымыз.

Дикция – вокалдық хор дикциясы әрбір даусты және дауыссыз дыбыстарды анық айтып, сөз бен сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс қоя білуді музыкадағы мәнерліліктің көркемдік құралдарын пайдалана отырып, оның мазмұның, идеясын тыңдаушыға жеткізе білуді, сезімге әсер ету дағдысын айтамыз.

Динамика – көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылысы, көркемдік техникалық өзгешелігі, дыбыс күшінің құбылу жолдарының сипаттамасын айтамыз.

Дыбыс күші– біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қатты немесе жай шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне – амплитудасына немесе тербелу қимылының серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым кең болса, дыбыс соғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын – дыбыс жай шығады.

Дыбыс тембрі – дыбыстық бояу.

Жанр - өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Ьелгілі бір тарихи жағдайдын әсерімен пайда болып, мазмұны мен тұр жағынан үздіксіз дамып отырған жанрдың өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келуі.

Затакт –музыкалық шығарманың үлес саны толық емес тактіден басталуы
Интонациялық тазалық – әуеннің немесе музыкалық шығарманың әр дыбысы биіктігі жағынан таза, нақты және көркем орындалуын қарастырады.

Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармонялық құрыдым.

Кода –музыкалық шығарманың қорытынды бөлім

Контральто - тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел

дауысы

Кульминация– (латынша culmen - шың) әуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиеленісу шыңы.

Кантата- жеке дауыс, хор және оркестрге арналған бірнеше бөлімді күрделі музыкалық шығарма.

Кантилена - өте сазды әуен

Музыкалық екпін – латын тілінен аударғанда “темп” уақыт деген мағынаны білдіреді.

Модуляция – бір тональдіктен екінші тональдікке ауысу.

Музыкалық акустика - музыкалық дыбыстар мен үндестіктердің табиғатын және музыкалық жүйелер мен құрылымдарды зерттейді.

Опера – (итальян тілінде «еңбек, шығарма» деген сөз) – үлкен музыкалы-драмалық шығарма, Ол сөзге, сахналық қозғалысқа және музыкаға негізделіп жазылады. Операда әнмен қоса би өнері де қойылады.

Оратория - хор шығармаларының ең ірі құрылымды хор шығармасы

Партитура – шығарманың толық ноталық үлгісін айтамыз.

Регистр –дауыс пен аспап дыбыс ауқымның белгілі көлемі

Резонатор – дыбыстарды қалыптастырып, оның сыртқа шығуына ықпал ететін мүшелер жиынын айтамыз.

Сопрано – жоғары әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Симфониялық поэма – терең мағыналы әдеби бағдарлама негізінде жазылған бір бөлімді симфониялық шығарма

Сюита – (француз тілінде «қатар», «жүйелілік»деген сөз)-бірнеше бөлімнен тұратын шығарма, мұндағы әр бөлімнің мазмұны бір біріне қарама-қайшы келеді.

Тенор – жоғары ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Тональдік – берілген шығармадағы негізгі тон, немесе ладтың дыбыс биіктігінің сипаттамасы.

Тесситура – дауыс диапазонына қатысты әуен дыбыстарының биіктік ара­‑қатынасы.

Транспозиция - әуен-сазды орындаушы ыңғайна қарай бір тональдықтан басқа тональдыққа ауыстыру

Хор – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым
Хор –көп дауысты вокалды музыка. Оны орындаушылардың үлкен тобы орындайды. Хор - XVII ғасырда пайда болған опера жанрынын негізгі компоненттерінің бірі.
Хор партиялары – хорды құраушы дауыстар: сопранолар (1;2); альттер (1;2); тенорлар (1;2); бастар (1;2) және кей хорларда сирек кездесетін октавистер.

Унисон- бірнеше дыбыстың бір уақытта, бірдей дыбыс қатарында айтылуы

Унисондық дыбысталу – дауыстардың мінсіз біртұтастылыған көздейді, хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан алуан штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.

Фактура – музыкалық немесе хор шығармаларының құрылысы мен сипатына байланысты бөлінуі және көркемдік бейнелілігі жағынан, техникалық ерекшелігі жағынан өзгешелігін айтамыз.

Фугато – (итал.–«fugato» фугобейнелік) полифониялық эпизод немесе экспозициялық фуго түріндегі шығарма. Фугато хорға арналған шығармаларда жиі кездеседі. форма полифонической музыки с таким же, как в фуге, экспонированием и развитием темы, но без устойчивого завершения. В отличие от фуги не бывает самостоятельным произведением. Обычно используется внутри др. форм — во вступительных построениях, при изложении темы, особенно часто — в разработке сонатной формы.

Фраза –музыкалық тақырыптың аяқталған мағынасы бар бөлшегі

Фермата –дыбысты еркін созу белгісі

Фугетта – кішірек фуга,бірінші бөлімдегі тақырыпты өткізумен және екінші,үшінші бөлімдегі қысқартаған тақырыптармен. Егер шығарма фугадан бастап, гомофонияға кең тараса мұндай қабылдау фугировалық құрылым деп аталады.

Тәжірибелік сабақтарды жүргізуде әдістемелік нұсқау
2.2 Жекеше сабақтың жоспары:

1 – 2 семестр

Жеке сабақ № 1,16.

Хорды дирижерлау пәніне кіріспе.



  1. Кіріспе бөлім.

  2. Дирижерлау пәнінің мақсаты мен міндеттері.


Әдістемелік нұсқау:

Дирижерлік өнер – өзіне тән кәсіптік көркемдеуші құралдарымен (дирижерлік жест, музыка мазмұнына сай мимикалық қозғалыстар жасау және түсіндірмелі сөздер арқылы), орындаушы ұжыммен бірге шығармашылық жұмыстың пайда болуын қамтуымен және образды суреттеуді көркемдікпен жеткізу жағдаятын тудыруымен ерекшеленеді. Бұл нәрселер үнемі жүйелі түрде дирижер мен хор ұжымы арасындағы үзіліссіз байланыста дамып жетіледі.

Дирижер үш процестің (музыкалық шығарманың композиторы, орындаушылар, тыңдаушы – көрермен) арасындағы шығармашылық байланыстың ашылуына ықпал ететін және оны игеретін басты тұлға. Композитордың шығармасын өне бойынан өткізе отырып, ол шығарманың идеялық – көркемдік мазмұнын орындаушы ұжымға жеткізіп, орындаушылардан композитордың айтайын деген ойын жеткізуін талап етеді.

Дирижер өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болады. Өйткені, дирижер да музыкалық шығарманың қоюшы режиссері болып табылады.Дирижердің (орындайтын шығарманы хорға үйретпес бұрын өзі танып біліп) композитор ойын іштей сезінуі сол туралы өз ой - толғауының пайда болуына әсер етеді. Композитор музыканы жазу кезінде не ойлады, нені сезді? –деген сұрақтарға жауап бере отырып, шығарманы рухани қабылдауы керек. Сондықтан, дирижерлауға үйрену, музыканы іштей ести білу қабілетін жетілдірумен бірге, соған өз ойын ұштастыра білуді көздейді. Дирижердің тікелей негізгі жұмыс істейтін тірі аспабы – оның алдындағы орындаушылар ұжымы болып табылады. Сондықтан , оған ерекше талап қойылған.

Дирижерлік шығармашылық өз ішінде маңызды әрі қажетті іс-әрекетті біріктіреді. Біріншіден, дирижер музыкалық шығарманың, оның көркемдік жүйесін, формасын, стилистикалық ерекшеліктерін қабылдап, ұғынуы қажет. Ал әуенді қабылдау – барынша күрделі үрдіс. Оған арқау, негіз болатын нәрселер – шындықтың көркемдік бейнесін сезіне және толғана білу. Екіншіден, дирижер барлық ұжымды шығармашылық қалыпқа жеткізіп, оны қызықтырып, жандандырып, берілген шығарманы өзіндік сезінуіне, қабылдауына сәйкес орындатуға міндетті. Үшіншіден, дирижер өзінің орындаушылық мақсаттарын анық әрі нақты анықталуы қажет. Содан кейін концерттік орындаушылықты жүзеге асыру.

Бұл мақсаттарды орындау үшін, дирижерге музыкалық, интерпретаторлық, музыкалық шығарманы қоюшы сияқты сапалармен қатар спецификалық әсіресе дирижерлық мамандықтың сапаларын игеруі қажет, және орындаушылармен шығармашылық контакт орнату, хор орындаушыларына талап қойып, оны орындату, репитиция жоспарлап құрып, орындаушылардың сеніміне кіре алуы керек. Міндетті түрде педагогикалық қабілеті болу керек, себебі хор жеттекшісі тек қана музыкант қана емес, ол сонымен қатар педагог – тәрбиелеуші болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығын іс жүзінде іске асыру үшін дирижер шығармашылық жұмысының мына кезеңдерден өтуі тиіс: шығарманы талдап, танысу жұмыстары (орындаушылық ойдың қалыптасу кезеңі), хорға шығарманы үйрету, дайындық жұмыс(ойдың шындалуы), концерттік орындаушылық(ойдың жүзеге асыуы). Осы аталған кезеңдердің әрбіреуі бір-бірінен өзіндік әдістемесімен, спецификалық құралдары және тәсілдерімен, техникасымен ерекшеленіледі. Дайындық кезеңіне дейін, дирижер шығармамен танысу, талдау жұмысын үш кезеңге бөліп, қарастыруға болады:

1.Берілген әуен жайлы негізгі көркемдік бейнелері жайында жалпы түсініктерді қалыптастыру.

2.Берілген шығарманың түп негізіне біртіндеп тереңірек бойлау.

3.Жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде орындаушылық ойдың қалыптасуы, шығармаға жекеше талдау оны іске асыру жоспары.

Сонымен шығармаға жүргізілетін барлық жұмыстар онымен толықтай танысудан басталады. Орындаушының алғаш ойнауынан немесе тындауынан туған түрлі әсерлер әуез айқындығының дәрежесін сезінуге толық мүмкіндік береді. Ал шығарманың тек партитурасымен танысу оның толығымен естілу әсемділігін көрсете алмайды, өйткені ол тек қана бір тембрлік бояудағы, оның ырғақтық және хор фартитурасындағы жеке элементтерінің дыбысаралық қатынастарын анықтайды.

Автордың ойластырғанына едәуір жақын келетін музыкалық бейнені қалыптастыру дирижердің шығармашылық қиялына музыкалық ести білу қабілетіне тікелей байланысты. Бірақ ондай қабілетті дамыту оңайға түспейді. Көп жағдайда ол хор ұжымының көп уақыт бойы жасалатын дайындық және концерттік шығармашылығы нәтижесінде қалыптасып дамиды. Шығарманың алғашқы көрінісі неғұрлым жарқын және толығырақ болса, жүргізілетін келесі жұмыстар соғұрлым нәтижелі және табысты болып, болашақтағы орындаушылық жобасының түп негізін көру жеңілге түседі. Алайда орындаушы әуеннен алғаш алған әсері мен интуитивтік сезіммен шектелмеуі қажет.

Шығарманың келесі бір кезеңі дирижердің терең ойластырған талдауымен байланысты. Ол орындаушының әуен және мәтіндік бейнелеу мазмұны жөнінде түсініктерін тереңдетіп, объективтік және де жеке орындаушылық трактовкасының қалыптасуына толық жағдай жасайды.

Концерттік орындаушылық дирижерден орындаушылық техниканы қажет етеді.

Орындаушылық талдаудың келесі кезеңі – ноталық жазудың барлығын музыкалық дыбысталуда шыңдау. Ол үшін қажетті әдіс-тәсідерді іздестіріп, таңдай білу қажет. Осы орайда музыкалық шығарманың мазмұнын көрермендерге жеткізу үшін орындаушының өзі қандай әдістерді қолдануы қажет? Деген сұрақ туындайды. Музыка шығарманың мазмұнын биіктік, ұзақтық, дыбыс күші және тембр сияқты қасиеттерін иемденген дыбыс арқылы береді. Ал дыбысты өзінің қалауы бойынша бағындыратын –музыкант-орындаушы. Ол берілген әуенді көтеріңкі дауыспен немесе бір қалыпты орындауы мүмкін. Мұнынң барлығы орындаушының музыкалық тәжірибесі арқылы көптен белгіленген тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Бірақ дирижер мынаны ұмытпауы керек: хорға талап қоймас үшін, ол өзіне үлкен талап қоя білуі қажет.

Орындалудың сәттілігі тек дирижерға ғана байланысты емес, сондай-ақ хордың техникалық мүмкіндігіне, шеберлігіне де қатысты. Сондықтан да хордың типін, түрін, құрылысын, дауыстардың фактурасын, тесситурасын, диапазонын, ансамблін музыкалық ести білу қабілетіне тікелей байланысты. Бірақ ондай қабілетті дамыту оңайға түспейді. Көп жағдайда ол хор ұжымының көп уақыт бойы жасалатын дайындық және концерттік шығармашылығы нәтижесінде қалыптасып дамиды.

Хордағы орындаушылық спецификасының қиыншылықтарын (вокалдық, ырғақтық, интонациялық динамикалық, тесситуралық, дикциялық) анықтаумен қатар вокалды-хор дыбысталудың ерекшеліктерімен байланысты жүргізілетін жұмыстар дирижерлік партитура талдауының соңғы кезеңі болып табылады. Бұл хор мен берілген шығарманы жаттаудағы негізгі міндеттерді анықтау, қиынлық келтіретін бөліктерін белгілеу, тиімді құралдарды таңдау, дайындық уақытын белгілеу.

Шығарманы хормен жаттамас бұрын дирижер алдымен партитураны жан – жақты меңгеруі қажет. Ол үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіледі. Бұл жұмыстың түрлері мынадай:

Шығарманы ойнап көріп, оның музыкалық және поэтикалық мәтінімен танысу.

Тарихи эстетикалық талдау жасау (автордың шығармашылығымен таныстыратын арнаулы әдебиеттерді оқу, хордың мазмұнын, идеясын анықтау).

Партитураны вокалдық және аспаптық жолмен меңгеру.

Теориялық талдау (партитураның гармониясы мен көп дауысты хор фактурасының даму ерекшеліктері).

Шығарманы дирижерлау техникасын меңгеру (өлшемін, жылдамдығын, ұн кідірістері, цезураларды мәнерлік белгілерін көрсету, хорды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауды қамтамасыз ету).

Шығарманы хорға үйретудің жоспарын жасау, дайындық жұмыстардың түрлерін белгілеу.

Шығарманы бірнеше рет ойнап көріп, жалпылама танысқан соң, оның әдетте музыкалық мәтіндерін жақсылап жаттап, олардың структуалық, интонациялық ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін пайымдап, идеясы мен шеберлігінің шыңдалуына вокадық жаттығулардың тигізетін пайдасы өте зор. Әрбір жаттығудың өзіндік ерекшелігі мен мақсаты болады.

Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстың бірқалыпты шығуына, тыныстың дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық, қысқа айтылып, орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшінәр түрлі буындарды ақырын және жылдам айтқызу өте пайдалы.

Хор басқарушы, яғни дирижер бұларды ең алдымен, қысқа, жеңіл, әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу, созып айту әншінің өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте – бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағын да үнемі қадағалап отыру қажет.

Әнді орындау кезінде ойды үзбей, өлең сөздерін анық айту оңай емес. Кейде әншілер вокалдық желіні, әуенді нақышына келтіре отырып, бірақ көмескі айтады. Бұл дұрыс емес, тек сөзді анық естігенде ғана тыңдаушы шығарма мазмұнын толық түсіне алатынын ұмытпау керек.

Дегенмен ән айту – сөйлеу емес, сондықтан тіліміздегі сөйлеу орфоэпиясын ән салуда түгелдей дерлік пайдалануға болмайды. Демек, үндестік заңының ережелерін ән салуда өте ұқыптылықпен икемді түрде пайдаланған жөн. Бұл ретте жұмыс барысында басшылыққа алатын басты принцип – сөздердің мазмұны мен түрін өзгертіп жібермеу және әуеннің үнділігіне нұқсан келтірмеу.

Қисын, яғни логика – вокалды –хор дикциясының басты элементі. Әндегі жалаң сөздерді емес, осы сөздер жеткізіп тұрған нақтылы ойды дөп басу, осыған орай дауыс ырғағы мен үн бояуын дұрыс келтіру хор әншілеріне қойылатын негізгі талап.

Хор шығармасының көркемдік әсемдігі мен хор ұжымының техникалық шеберлігі тікелей дирижерға байланысты болғандықтан, автор алдында да, орындаушы алдында да, тыңдаушы алдында да дирижердің жауапкершілігі шексіз. Өзінің спецификалық дарындығына , спецификалық тәсілдеріне және спецификалық техникасына сүйене отырып хор ұжымының шығармашылығын реттеп қана қоймай, оның түбегейлі мазмұнын көрермендерге, тыңдаушысына жеткізу мақсаты мен қиялын іс-тәжірибеде жүзеге асыра алады.

Хор өнері түрлі музыкалық өнерден тұрады, ал хормен ән айту трлі музыкалық орындаушылық болып табылады. Хор деп әртүрлі дауыстардан құрылған хор ұжымын айтамыз. Хор жанрының халық арасында кеңінен таралып, көпшілігі орындалатын лайықты шығармаларды уағыэдау, халықты өнерге тәрбиелеумен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды. Тіпті, жеке дауыста орындауға бейім шығармаларды бәрі бәр дауыста орындаса да, хормен орындадық деп, мәз болысады. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға болмайды. Хор - әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып ұйымдасқан коллектив. Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз - шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбау, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағұлматы бар коллективі. Хормен ән айтудың өзіне тән спецификалыық ерекшеліктер болады. Атап айтсақ:

а) адам факторы (хор –тірі организм),

б) синтетикалық мінез–құлық (сөздердің байланысуы),

в) аспаптар спецификасы (адамның дауысы),

г) ұжымдық мінез – құлық,

д) дирижер.


Адам факторы.

Хортану әдебиеттерінің көпшілігінде хор спецификасы ең біріншіден оның вокалдық табиғатымен байланыстырылады және вокалды қызметке қажетті жауапты сапалар мен дағдыларға арналған. Назар аударылмай қалатын мына факт, бұл хорды дауыстар құрамайды, дауыс иелері – тірі, ойлай алатын және сезіне алатын адамдар, шығармашылық қызмет процесіне олардың айқын қарым-қатынастары бір-бірімен қалай болса, дирижермен де солай болады. Соған қарамастан, маңызды кезең, айқындаушы специфика және хормен ән айту «аспап» және хормен орындаушылық, хордың сапасы дауыстардың дыбысталуына ғана тәуелді емес, сонымен қатар әншілердің бір-бірімен қатынасы, өз жетекшісіне, қаншалықты олардың эстетикалық қажеттіліктерінің ұқсасатығына, қызығушылыққа, ұмтылуға, ұжымда қандай шығармашылық өнегелі, эстетикалық атмосфера, олардың қаншалықты көркемдік қажеттілікті түсінуіне байланысты.

Дирижердің әсер етуші объекті адам болып табылады, оның ақылы, жаны мен жүрегі, ол педагогикалық тәрбиелілікпен дирижерлық қызметті жақындатады. Тәрбиелілік жағынан дирижерлік, режиссерлік, педагогикалық шығармашылық эмоциялық – коммунативтік сферада көптеген жалпы ұқсастықтары болады.Дирижердің өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болар еді. Өйткені, дирижер да музыкалық шығарманың қоюшы – режиссері болып табылады.

Басқа жалпылық маңызды белгі дирижерлік, режиссерлік және педагогикалық процестердің мақсаттары бірдей.Үшінші көрсеткіш олардың бірізділік аспапқа әсер етеді, бұлардың барлық оқиғаларында психофизикалық табиғат алға шығады, субъектіге әсер етеді (дирижерға, режиссерға, ұстазға).

Сөйтіп, біз дирижерлық, режиссерлық және педагогикалық қызметтің жалпылығын байқаймыз мақсатпен (адамға адам әсер және әсерленуші шақырады), құрылымымен (коммуникативтік шығармашылық процесс), аспаптық (дирижердің, режиссердің, педагогтың психофизикалық табиғаты).

Қазіргі педагогикалық ғылымда негізгі педагогикалық қабілеттерді былай белгілейді:



  1. дидактикалық қабілеттілік;

  2. конструктивтілік қабілет;

  3. перцептивті қабілет;

  4. экспресивті қабілет;

  5. коммуникативті қабілет;

  6. организаторлық қабілет;

Атап айтылған қабілеттерді музыкалық-орындаушылық қызмет жағынан қарастырсақ, бірінші мен екінші аналитикалық аспектіге қарайды, ал кейінгі төртеуі тірі тәжірибеде болады.

Сонымен қатар, аталған қабілеттіліктерден басқа суггестивті (латын тілінен suggestio) және адаптивті (латын тілінің adaptatio) сапалары бар.

Коммуникация ұғымына тоқталатын болсақ, ұжымды меңгеру процесі толық мағынада байланысты.

Коммуникация (лат. Gommunicare – біреумен кеңесу) қатынас белгілеуші категория. Бұл термин кең мағынада жиі қолданылыды.

Дирижердің хормен ән айту педагогикалық қатынастарының құралдарына орындаушылық көрсету (дауысқа немесе аспапқа), сөйлеу, сонымен қатар сөздік құралға жатпайтын құралдар – кейіп, жест, мимика, екпін.

Интонация сөйлеу мәнерінде өте маңызды кезеңді айқындайды. Интонация (лат. Intonatre – қатты айту) сөйлеу тоны, оның ырғақтық-әуендік характерлерін, дауыстардың төмендеуі мен жоғарлауының алмасуын білдіреді.

Дирижердің «эмоциональді сөйлеуі» орындаушылармен және онымен педагогикалық қатынас жасау барысында көрінеді.

Хор жетекшісі оорындаушыларға батыл тік қарап, бет пішіні ашық мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына сай (мысалы қаспен, көзбен, иық, баспен көрсету) пайдалана қолдана білуі керек. Қолдың қимыл қозғалыстары біркенлкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай үнемі дәл және нақты болуы талап етіледі. Дирижер орындалатын музыкалық шығармасынын партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі үш, төрт хорды басқарғанда оның әр дауысын жақсы естіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке орындап көрсете білуі керек. Оның ерні дикциялық жаттыққан, ешбір дыбыссыз сөйлеу алатын қалыпқа дағдыланған, есту сезімі жақсы жетілген, дамыған дәрежеде болуы керек.

Әлеуметтік психологияда екі аспектпен шектеледі: 1).жекелік қабілеттерді қолдану арқылы іскерлікті комуникативті мақсатқа жеткізу;

2). Жалпылама орындаушылық қабілет.

Хор жетешісінің абыройлы болуы үшін оның сөйлеуі мен ісеген жұмысы өте маңызды.

Әрине, хор ұжымын басқарушы әрқашанда өз бойындағы жақсы және жаман сапаларын мойындап, өзінің мінез –құлқымен, темпераментімен, интелегентілігімен, ақыл шамасымен, мәдениеттілігімен музыкалық дәрежені хормейстерді арнайы дайындау кезінде өз жұмысының шеберлігін көрсетуі керек. Өйткені біреу өзін музыкант ретінде, басқа біреу өзін педагог, ал кейбіреуі жек адам ретінді жайғастырады. Абсолютті біркелкі шамалардың сапалары дирижерлік шығармашылыққа өте маңызды. Дамуға және толық жетілуге ұмтылу әрбір хор жетекшісінің міндеті, өйткені оған тірі адамдар өздарынын, өз дауыстарын, өз уақыттарын тапсырады, ол өте үлкен жауаптылық.


Сөзбен байланыс.

Музыканың басқа өнер түрлері әдебиет, кескіндеме немесе мүсін, бейнелеуші және кескіндеуші құбылыстарының пәндік жағынан айырмашылығы музыкада құбылыстың мінез-құлқы, көңіл-күйі жайлы айтылады.

Егер музыка ақындық мәтінде жазылуы оларды байланыстырып айқындайды. Музыкант-орындаушыларға және оны тыңдаушылар үшін шығарманың маңызын ашу тек қана оның интонациялық жолдары ғана емес, сонымен қатар мәтіннің мағыналық мәнінде. Сонымен қатар тыңдаушыларға музыка мен сөздің байланысы әсер береді: мәтін қандай да бір ойды жеткізіп, мәтіннің мағынасы арқылы әсері күшейеді, және ло өз кезегінде бейнелі және қызу жақпен әсер етеді.

Дегенмен, музыкалық әдеби мәтінді оқу және оны түсіну өте кең мағынада. Мәтін музыкамен өте жиі бірге туады, кейде музыкадан бұрын мәтін шығарылады, ақын мен композитор бірлесіп тексті музыкаға жүйелеу арқылы шығармалыр жазылады. Бірақ көп жағдайда хорға арналған шығармалар дайын мәтінге жазылады.Композитор мәтінді таңдамас бұрын оның мәтіннің негізгі ойына, мәнәне, бейнесіне, муыкаға жақындылығына наэар аударады. Композитор шығарманың музыкасын мәтіннің мазмұнына байланысты өз ойын жеткізеді.

Композитордың әдеби мәтіні толық пайдаланған, пайдаланбағанына қарамастан хорда сөз бен әуен қатар дамып, біріне – бірі көркем түрде толықтырып, тұруы шарт.

Хор партитуасында кейде ұзақ созылатын ноталар болады. Сөзде сол ноталарға тура келіп тұрған дауысты дыбыстарды аяғына дейін созып, негізгі үн сапасын жоймай, басқа дыбысқа өңін айналдырып жібермеуді қадалаған жөн. Ол үшін сол дауыстыларға тән еркін формасын аяғына дейін сақтаған жөн.

Өлең сөзі тыңдаушыға түсінікті болу үшін дауыссыз дыбыстар бейне бір ағып жатқан өзен болса, ал дауыссыз дыбыстар сол өзен суын шашыратып, жайылтып жібермей арнаға салып тұрған екі жағасы тәрізді.

Хор дирижері мынаны еске алуы керек музыка сапасы мен ақындық сапа алыс тең бола алады. Белгілі, қарама – қарсы жағдайларды байқаймыз, кейде нашар жазылған мәтінге өте керемет музыка жазылғанын, керісінше керемет мәтін өз музыкасын таба алмады.

Егер аспаптық музыкалық орындаушылық жолдарын жасау жолдарында және көркем бейне іске асырушылар былай қарастырады: композитор – орындаушы – тыңдаушы деп қарастырса, вокальды – хормен орындаушылықта бұл жол былай белгіленеді: ақын – композитор – орындаушы – тыңдаушы, мұнда орындаушы тек қана композитор мен тыңдаушының арасын байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар ақын мен тыңдаушыны байланыстырушы болып табылады.

Хормен ән айтуда синтетикалық мінез – құлық мазмұнына, түріне, шығарманың құрылымына, сонымен қатар орындаушылық интонированиеге әсерін көрсетеді.

Дирижердің ақындық мәтінге жасаған талдауы екі бетті, жан-жақты бейнелі – мағыналы, сонымен қатар конструктивті болуы керек. Сонымен қатар дирижерден ақындық жанрлар, түрлері жайлы айқын білімі болуы қажет.

Ең бірінші дирижер мынаны білуі қажет: музыканың көркемдік құралдары: екпін, саз, ырғақ, интонация, әуен, гармония , өлшем фактурасыныңмузыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін талдай білуі.

Ең алдымен мынаны ескеру керек, мәтін ырғақтық ұйым тенденциясына көп жағдайда сүйенеді. Сонымен қатар, екпінсіз буындар және сөздің өзіне тән ырғақтық – мағыналы топтар жасайды. Ырғақтық ұйым өлеңде сөйлеу акценті екпінді және екпінсіз буындардың алмасуымен ескеріледі, орналасу тәуелділігіне байланысты үш типке бөледі: силлабическалық, тоникалық, силлоба – тоникалық.

Композитор музыкада маңызды және көркем мәнерлі функцияның тәуелдігіне тыныс белгілерді цезура арқылы белгілейді. Вокалды сөйлеуде цезура характері олармен сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі немесе өлеңде цезураның басқа да түрімен үлкен мәнерлі мағына болады.

Музыкалық цезура өлеңнің құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:


  1. рифмикалық немесе өлеңдік,– яғни ұйқасқа лайықты және әрбір жолдың аяқталуы.

  2. синтактикалық – синтактикалық түрде лайықталған, тыныс белгілерімен бөлініп алынады.

  3. асинтактикалық – музыкалық-мәнер мақсаттарымен, өлеңнің аяқталуы және синтактикалық бөліктермен байланыспайды.

Ситактикалық характер хормен ән айту орындаушылықта дирижер этикалық мәтіні және музыканы бір бірлікке біріктіріп, қарауы керек. Сондықтан музыка мен мәтіннің сәйкестенуі бағалануы керек.


Аспаптардың спецификасы.

Хормен орындаушылықтың негізгі аспабы ән салатын дауыс болып табылады. Хормен орындаушылықтың сапасы әншілердің дауыс сапасына, хордың құрамына, және оның құрамындағы әрбір мүшелерінің дауыстарына байланысты.

Егер скрипкалар немесе флейталар, тромброндар немесе контробастар тіпті әрбір аспаптың сапаларындағы өзгерістерге қарамастан, көптеген жалпы дыбысталу характерлері бірдей, ал әнші дауыстары бір топта болса да, олар бір-бірінен дауыс күші, тембрі, диапазоннына байланысты ерекшеленеді.

Әншінің дауысы – өте күрделі, көп қырлы құпиялы ұғым. Бір жағынан, бұл өте жетілген және иілгіш аспап., қаншалықты ол орындаушылармен, оның ойларымен, сезімдерімен және эмоциясымен, бір уақытта келуімен және құралдарымен, қатынас құралымен, коммуникациямен байланысты. Сонымен қатар бұл аспап музыкалық шығарманың жанрына, стиліне, көркемдік-эмоциясына байланысты қабілетті дыбыс күші және тембрлік характері өзгеріп отырады.

Басқа жағынан қандай да музыкалық аспап ретінде әнші дауысы өзінің қасиеттеріне ие болып, әншінің вокалдық шеберлігін айтады. Дәл ослай әнші дауыстарын айырып таниды қойылған (профессионалды) және қойылмаған «ашық» және «жабық», «қозғалмалы» және «ауыр». Сонымен қатар әрбір ән салатын дауыс диапазонмен, күшпен, тембрмен сипатталады және басқа да ерекшеліктермен қалыптасады және жетіледі. Тек қана күрделі сауатты педагогикалық жұмыс шатты жетілдіреді. Соңғы кезеңді белгілеп қою керек, дауыстармен жұмыс жасаудың ең қиыны ән айту процессін басқару және бақылау дыбысталу сапалы бағалау арқасында жүзеге асады. Әнші өз аспабын қолына ала алмайды, оның құрылымын көзбен көре алмайды.

Хор жетекшісі хормен ән салу процесін өте жақсы білуі және сезінуі керек, өзі сол дауыстарға ие болуы керек, өзі ән салатын формада болуы керек, сонымен қатар, өзінің вокалдық шеберлігін көрсетуі тиіс. Егер ән айтуды басқаларға үйрету үшін, ол ең біріншіден өзіжақсы әнші және вокалдық мамандыққа жақын болуы керек. Сонда ғана хор жетекшісі абыройлыболар еді, осы шындықты көптеген дирижерлер түсінгені керек еді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет