Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет1/10
Дата05.11.2016
өлшемі2,71 Mb.
#986
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Х. Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік антропология ғылыми-тәжірибелік орталығы

халқының батыр ұлдары
(Кереку-Баян өңірінің батырлары

бойынша мақалалар мен материалдар жинағы)

Павлодар

Кереку


2008

УДК 94(574.25)

ББК 63.3(5Каз)5/6-8

Е 45
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

М.А. Сүлейменов - т.ғ.к., ИНЕУ профессоры;

Б.Қ. Қосаяқов - т.ғ.к., ПМУ-дің Х.Арғынбаев ат. ҒТО-ң аға ғылыми қызметкері;

Е.Б. Қасенов - т.ғ.к., ПМПИ ректорының кеңесшісі


Редакция алқасы:

Арын Е.М. (бас редактор), Артықбаев Ж.О. (жауапты редактор), Кадысова Р.Ж., Ақышев А.А., Нұрбаев Қ.Ж., Ерманов А.Ж.




Құрастырушы Ә.Қ. Елемесов
Е 45 Халқының батыр ұлдары: Кереку-Баян өңірінің батырлары

бойынша мақалалар мен материалдар жинағы / құраст. Ә.Қ. Елемесов. – Павлодар : Кереку, 2008. – 182 б.

Жинаққа Кереку-Баян өңірінде туған және елін-жерін қорғаған белгілі қаһарман батырлар туралы өмірбаян мәліметтері, ел аузындағы әңгімелері еңді. Олардың ішінде ХVІІІ ғ. қолбасшы батырлары мен батыр ұлдары, ХІХ ғ. ер-тұлғалары және Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының батыры атанған азаматтар да бар.

Басылым үлкен оқырман қауымға – тарихшылар, мұғалімдер, студенттер, және өлкеміздің тарихына қызығын танытушыларға арналды.

УДК 94 (574.25)

ББК 63.3(5Каз)5/6-8

© Елемесов Ә.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008



Алғысөз
Қымбатты оқырман қауым! Ел тарихының қырлары қайта қолға алынып, зерттеліп жатқан тұста, өлке тарихымыздың сырт қалмай жаңданып, жаңа қырларымен жинақталып зерттеле түсуі қуантарлық жағдай. Қазіргі таңда сол ел ішіндегі айтулы тұлғаларымызды жарыққа шығарып, көпшілік қауымға таныстыру ұрпақ аманаты.

Жинақ хронологиялық ретте жасалынған, яғни алғашқы тарау батырлары ХVII – ХVIIІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасындағы жаугершілік заманын қарастырса, келесі тарауда Бұқар Үмбетай секілді жыраулардың жауынгерлік қырларын байқауға болады. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан ХVIIІ ғасырды ең жарқын және ең қаратүнек кезеңдерінің бірі болғандықтан «ерлік дәуірі» /эпоха рыцарства/ деп атаған. Олай болса бұл кезеңнің өлкемізге қатысты тұлғаларын жан-жақты көрсете білу, батырлар тақырыбы бойынша отан тарихының бір қырын кеңейте түседі. Сана-ойын отарына қарсы тұрып, жерін жауына жақындатқысы келмеген ХІХ ғасыр батырларының іс-әрекеті оларды саяси сахнадан көрсетті. Дүниені дүр сілкіндірген ІІ дүние жүзілік соғыстағы фашизмге қарсы күресте Павлодарлық 23 адам Кеңес Одағының батыры атағына лайық болды. Өлкеміздің 10 мыңдай жауынгері әртүрлі дәрежедегі ордендер мен медальдерге ие болса, 8 адам (1,2,3 дәрежелері бойынша) Данқ орденінің иегерлері атанды.

Келешекте әлі де болсын «Ертеңі үшін елімнің» деп, бүгінгі жарқын болашақ үшін жанын жәннәтқа қиған ер-азаматтарымыз жайында еңбектер жазылады да, жазылмақ та.


Құрастырушыдан
Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында

Б. Момышұлы


Кереку-Баян өңірінде елін сыртқы жаудан азат етуші ержүрек батыр ағаларымыз аз болмаған. Батыр ағаларымызды ел жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру біздің міндетіміз. «Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы» - деп, тегін айтпаған халқымыз. Батыр бабаларымыздың көрсеткен ерліктері көбіне-көп ауыздан-ауызға батырлар жыры, дастандар арқылы және халық жадында аңыз түрінде біздерге жетіп отыр. Сонымен қатар ХVІІІ-ХХ ғғ. аралығында батырларға қатысты деректер көптеген этногроф, фольклоршы, тарихшылардың еңбектерінде және шежіре нұсқаларында молынан ұшырасады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы күресте батырлар есімін Үмбетай, Бұқар т.б. жыраулардың шығармаларында айтулы орын алады. Жыраулар әр уақыт батырлардың ерліктерін дәріптеп, жауға қарсы бірлікке шақырып қоймай, өздері де ұрыс даласында қолдарына қару алып, жауға ұмтылды. Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батыр болса, Үмбетай Бөгенбай батырдың майдангер серіктесі болғанынан көп нәрсені аңғарамыз. Өз толғауларында жыраулар жау қолында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонып, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді.

Ұсынылып отырған жинаққа тек қана Кереку-Баян өңірінде туып-өсіп, ерлік көрсеткендер ғана емес, жалпы қазақтың біздің өлкемізге ат басын тіреп, жауды тазартуға ат салысқан үзенгілес ерлер де кірді. Бұл жинаққа өлкемізде дүниеге келіп, ерлік көрсеткен батырлардың барлығын қамтыдық деп, айта алмаймыз. Бізге деректер жинақтау барысында қолымызға түспеген немесе тек есімдері ғана белгілі болған батырлар баршылық. Солардың ішінде атап айтсақ, Жанке батыр, Жарасбай, Қайыпберді, Байқожа, Көлебе, Сейітқұл, Жебеке, Аманбай, Шақ, Ақсары, Қожым, Лепес, Мойнақ, Қожаберген батырлар т.б. Батырлар жөнінде немесе әр батырға қатысты өмірбаяндары, көрсеткен ерліктері жөнінде әлі де болсын материалдардың басын жинақтап, толықтыру өте қажет. Бұған дейін әр батыр бойынша өлкемізге қатысты жинақталып шығып жүргені марқұм Ж. Мардановтың «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы және Е.Қ. Жүсіповтың «Мәшһүр - Жүсіп - тарихшы» оқу құралында бірнеше батырлар есімі қамтылған.
Х. Арғынбаев атындағы ҒТО-ң ғылыми қызметкері Ә.Қ. Елемесов

1 ХVII-ХVIIІ ғғ. батырлары
Бөгенбай батыр
Ақшаұлы Бөгенбай (1680-1775) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, қолбасшы сардар. Шыққан тегі – Орта жүздің арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен.

Батырдың атасы Әлдеуін – қазақтың атақты ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені ат үстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерең ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуінұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы болыпты. Әз-Тәуке ханның сеніміне ие болып, оның 80 мың сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскер басылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, әбден титықтап біткен қазақ-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден бастап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. Осы шайқастардағы көрсеткен ерлігі, жағдайды дұрыс бағалап, тез шешім қабылдап, шабуылды шебер ұйымдастыра білуі – оның данқын асқақтата көтереді. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725—1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген соң қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Бөгенбай батырдың жауынгерлері қытай әскеріне ойсырата соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуады.

Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі – Аягөз өзені бойында болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңілгенің мойындап, келісімге келуге мәжбүр болған. Осы арада батыр жоңғарлардан ақ үйлі аманат алып, олардан бұдан былай Бөгенбай белгілі бітімші мәмлегер де болған. Ол Абылай ханның Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым-қатынастың орнауына үлкен үлес қосады.

Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй-көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған. «Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт!» деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ауыздан-ауызға таратуда. Бөгенбай батыр 1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге де барған. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншыларына қарсы шайқастардағы Бөгенбай батырдың жетістіктері Ресеймен достығымызды нығайтып, біріккен одақ құруға септігін тигізді. Бұл қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық пен бірліктің бастамасы болып табылады.

Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып дәуірлеп тұрған шағында өз ажалынан дүние салды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезіне жерленіп, басына граниттен құлпытас орнатылды. [1, б.126-127]


«Қанжығалы қарт Бөгенбай» кітабынан

Бөгенбай бастаған қол Сарыарқадан аттанып сол бетінде Зайсан көліне бір-ақ тоқтады. Жолай қалмақтың бірлі-жарым жан сақтап қашып жүрген адамы кездеспесе басқа жан жоқ. Қалмақтың көбі Зайсан көлінің оң жағасында ескі заманнан бері келе жатқан қалашықтардың маңына ұйлығып, жиналған екен. Зайсаң көл Алтай мен Тарбағатай арасында, Қара Ертістің ағысында орналасқан көл. Ертіс осы көлдің шығысынан еніп батысынан шығып кетеді. Бұл жер алапат қазан шұңқыр сияқты. Жан-жағының бәрі Орталық Азияның алапат таулы-тасты жоталары. Сол ірі жотаның бірі Тарбағатай мен Сауыр-Сайқанның арасында жатқан Маңырақ. Қазақ үлкен жотаны Қой Маңырақ, кіші жотаны Қозы Маңырақ дейді. Бөгенбайдың алдымен кездескені осы екі Маңырақтың арасындағы көп қалмақ.

Маңырақтың қалмағын тас-талқан қылған Бөгенбай әскері Ақшәулінің өрінен асып, үш мың шақырым биік асуды артқа тастап Алакөлге жаздың басында табан іліктірді. Үржар, Қатынсу, Шаған тоғай маңындағы қалмақ бекіністерінің тас -талқанын шығарған Бөгенбай қолы Жоңғар Алатауының солтүстік сілемін бойлап Қапал-Арасан өлкесіне түскенде Абылай хан бастаған оңтүстік бағыт әскерлерімен кездесті. Бұл XYIII ғасырдың «Ақтабан шұбырындысында» шашылып қалған қазақ әскери өнерінің бұрын-сонды болмаған жеңісі еді. Жоңғарияны екі қабырғадан орай шауып, ұлан байтақ өңір Қазақ хандығының құрамына қосылды. Қазақ жауынгерлері бұрын-сонды көрмеген қиыншылықтарды бастан өткерді, қол бастаған батырлар ерен тәжірибе жинады. Абылай мен Бөгенбайдың алапаты асып, аттары ұранға айналды. Қолдың ішінде жауынгерлерге рух беріп жүрген қазақтың жыраулары бұл ұлы жорықты тамаша толғауларына тақырып қылды:

Бұқар:


Асу салған, тас бұзып,

Тарбағатай белінен

Қол қондырған қос тігіп,

Борлы деген көлінен.

Қалмақты шапқан шулатып,

Ақшәулінің өрінен,

Қоныс қылған найманға

Бәрін қуып жерінен,


Үмбетей:
Қалақайлап дулатқан,

Қалдамаңдап шулатқан

Қалмақты қудың, Бөгембай.

Құбыла көшкен байтақтың

Ордасындай Бөгембай.

Темір жұмсап, оқ атқан

Қорғасындай Бөгембай.

Қолтығы ала бұғының

Пәйкесіндей Бөгембай.

Жалаң қия жерлерден

Жазбай түсіп түлкі алған

Білегі жуан бүркіттің

Тегеуріндей Бөгембай!

Баянаула, Қызыл тау,

Абралы, Шыңғыстау,

Қозымаңырақ, Қоймаңырақ

Арасы толған көп қалмақ,

Қалмақты қуып қашырдың.

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың!

Ақшәуілге қос тігіп,

Ауыр қол жинап алдырдың,

Қалмаққа ойраң салдырдың.

Қабанбай мен Бөгембай

Арғын менен Найманға

Қоныс қылып қалдырдың

Қайран қыран, Бөкем-ай!
Батырың өтті Бөгенбай!

Қазақта «пайғамбар жасы» деген тамаша ұғым бар. Мұсылман баласы 63-ке келген жасты тіршіліктегі үлкен белес деп есептейді. Осы жасында ислам дінінің негізін салған Мұхаммед ғалайссалам фәни дүниеден бақиға, мәңгілік өмірге сапар шеккен дейді ғұламалар. 63-ке келген жасында Құл Қожа Ахмет Иассауи де бұл дүниенің қызық-шыжығынан безіп қылуетке, жер астынан қазылған бөлмеге түсіп, қалған өмірін Құдайға жалбарынумен өткізді. Ислам қағидалары мен әдет-ғұрыптарының бәріне бірдей бас ұрмаса да қазақ қариялары алпыс үш жасты ерекше атайды. Жасында ұстаз алдын көрген, үлкендерден ұлағатты тәрбие алып қалған, өзі де үлкен ақыл-ойдың иесі болған Бөгенбай батыр қазақтың ендігі тірлігіне рухани тиянақ көбірек қажет деп санайды.

Бұқар жырау мен Бөгенбай арасындағы соңғы кездегі әңгімелер де осы тақырыпқа тікелей қатысты. Бір жағы христиандық ілімге иек артқан Батыс елдері және Ресей, бір жағы пұтқа табынған Шығыс, оның ішінде Қытай, болғандықтан қазақтың жан сақтар жері ислам шапағаты. XYIII ғасырдың соңына қарай балға мен төстің ортасына түскенін сезе бастаған қазақ елінің басшылары елді сақтаудың жалғыз жолы ислам деп шешті. Тіршілікте қандай қиындық басқа түссе де адамның адамгершілігін, бірі-біріне бауырмашылдығын, қанағаты мен тәубесін сақтайтын ілім – ислам. XYIII ғасырдың жаугершілігінен аман-есен шыққан қазақ елінің алдында бұдан да зор сын күтіп тұрғанын жырау да, сардар да сезеді. Осындай шақта Бөкеңмен әңгіме-дүкен құрып отырған Көмекей жырау:

Жарқ-жұрқ еткен жайда бар,

Жарау семіз байда бар,

Құйрығы бітеу қойда бар.

Қос қанаты күймеген

Қанаты бітеу қуда бар.

Ат тұяғы тимеген,

Ақ кірпіш тас суда бар.

Әзірейіл келгенде,

Жан қалар жерде қайда бар?! -

деп таусылса, бірде:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз,

Бір шұғыл, пасық залымның,

Тіліне еріп азбасқа,

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкілсіз көйлек кимеске,

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Біреуін қаза қылмасқа, -

деп Алладан тілек айтып, қазынасынан көмек сұрап, шүкіршілікке келеді.

Бөгенбай мен Бұқардың тағы бір жасағын шаруасы Мәуреннахр жерінен белгілі дін иелерін шақыру. Осы мақсатпен аттанған Бұқар жырау қарақалпақ елінің ішінде аса белгілі, өзі дін басы, өзі қази Сарғалдақ қожамен жолығып пікірлескен еді. Ол екеуі кезінде Бұхара қаласындағы Кекілташ медресесінде қатар оқыған, ынтымағы жарасқан, білімі көкпен таласқан адамдар. Осы Сарғалдақ қожаның Шын қожа атты ұлын Бұқар жырау Абылай ордасына ала келген. Ол бала-шағасымен, жақын көмекшілерін ертіп бір ауыл сияқты келді де Бурабайдағы хан ордасының жанына қонды. Сарыарқаның игі жақсылары осы оқиғаға бола Бурабайда жиналғанда Бөгенбай батыр қанжығалы еліне деп Шын қожаның үлкен ұлы Күдері қожаны «аттай қалап, алтындай сұрап» - алған. Қазіргі уақытта сардар ауылына қатар қонған кішкене ауыл сол Күдері қожаның ауылы. Кейін келе Шын қожаның тағы бір баласы Қарақасқа қожа да осы жаққа келіп Бала Шідертінің бойында Қызыл тасқа ие болды. Бір сөзбен айтқанда Бөгенбай елі осыдан кейін қасиетіңнен айналайын Ахмет Иассауи кіндігінен тарайтын қожа әулетімен тығыз араласып, аралас-құдандас болып кетіп еді.

Бөгенбайдың хабарын Абылайға естіртуге Үмбетей дайындалды. Елдің ақсақалдары батырдың өлімін Абылайға естіртуге Үмбетей жырау барсын десті. Үмбетей болса өзінің сырлас ағасы, ескі досы Бөкеңнің тірлігінде сыйласып өткен замандасы, ұстазы Бұқар жыраумен бірге барайық деп өтінішін жасады. Екі жырау осы хабарды алып Көкшетаудағы Абылай ордасына қарай аттанады. Қазақтың екі ғұламасы бір ғасырға жуық тіршілікке осы жолы сараптама жасады. Қазақи аттың аяңы қандай жақсы асықпай әңгімелескен екі жыраудың көкіректеріндегі түйген ойлары асыл- жауһардай мөлдір, алмастай өткір, теңіздей терең, шыңдай биік:

Ей, Абылай, Абылай,

Абылай ханым, бұл қалай?

Бұл қалайдан сескеніп,

Сөзімді қойма тыңдамай!

Талай істер басыңнан

Өтіп еді-ау жасыңнан,

Қиын-қызық әрбір жай.

Жас күніңде, Абылай,

Үргеніштен мұнда кеп,

Сарыарқаны жерім деп,

Қалың қазақ елім деп,

Келмеп пе едің жаяулай.

Төле биді тапқанда,

Күндіз түйе баққанда,

Жалғызбын деп шошымай,

Еш малшыға қосылмай,

Қара жерге отырмай,

Күпіңді салып астыңа

Жең жастанып басыңа,

Қол-аяғын төрт жақта

Жатушы едің сол шақта

Ұмыттың ба соны Абылай!

Жиырма жасың толғанда

Қалмақпен соғыс болғанда

Алғашқы бақты тапқанда,

Шарыштың басын қаққанда,

Қанжығаңа бас байлап,

Жау қашты деп айғайлап,

Абылайлап шапқанда:

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Сол ерліктен хан болдың,

Әлем асқан жан болдың,

Барша әлемге даң болдың,

Ұмыттың ба соны, Абылай

Дүние кезек, Абылай!

Қаласың әлі-ақ сен былай,

Артыңдағы балаңа

Табылар батыр тағы да-ай!

Сондай ерлер көп тусын

Деп тілей бер, а, құдай!

Орта жүзде қатын көп,

Туатын кейін батыр көп,

Сол мұқатар жауды деп,

Елестер көзге сағымдай.


Ей, Абылай, Абылай,

Сөзімді тыңда тағыда-ай!

Өзіңнен біраз жасы үлкен,

Дөмпеш таудай басы үлкен,

Жасында болған сырласың,

Үлкен де болса құрдасың

Сексеннен аса бергенде,

Қайрылмас қаза келгенде

Батырың өлді – Бөгембай!

Иманын айтып өлерде,

Иекке жаны келгенде

Сәлем айтты үш қайта:

«Кеттім, -деп, - сізді көре алмай»
Батырды қолдан өткіздім,

Сәлемін міне жеткіздім,

Жыламай тыңда, Абылай,

Қазаға жақсы қасқарар,

Ойбайлап жаман бас салар,

Көріспей айтты демеңіз,

Осы еді біздің келген жай.
Көзіңнің жасын тия көр,

Жақсылық бата қыла гөр.

Тағы да талай бақ берсін,

Балаңа алтын тақ берсін,

Бөгембайдай жас берсін,

Өлшеусіз мал мен бас берсін!

Бөгембай сынды батырдың

Береке берсін артына-ай,

Сабыр берсін халқына-ай,

Жасаған ие жар болып,

Бейіште нұры шалқығай!

Бұқар жырау:

Қазақтың ханы Абылай,

Ақиықты аспанға

Ұшпастай ғып торлады.

Құлағанға ұқсайды,

Қазақтың қамал қорғаны.

Қайғырмаңыз, ханзадам,

Айтпасыма болмады,

Батырың өтті Бөгембай!


Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған.

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған,

Қазақ деген халқынан,

Батыр шыққан даңқынан,

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған,

Батырың өтті Бөгембай!
Бұтақты мүйіз бұғысы,

Саласында жайылған.

Мылтық атқан мергені,

Киігін қойдай қайырған.

Құланы құлындай тулаған,

Түлкісі иттей шулаған,

Қыс қыстайтын жеріңді,

Сол сықылды тау қылған,

Батырың өтті Бөгембай!

Асу салған, тас бұзып,

Тарбағатай белінен,

Қол қондырған қос тігіп,

Борлы деген көлінен.

Қалмақты шапқан шулатып,

Ақшәулінің өрінен,

Қоныс қылған найманға

Бәрін қуып жерінен,

Батырың өтті Бөгембай!


Қара керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгембай,

Қаз дауысты Қазыбек,

Шақшақұлы Жәнібек

Ормандай көп орта жүз,

Содан шыққан төрт тірек.

Тұғыр болған сол еді,

Сіздей төре сұңқарға.

Бәйгелі жерде бақ болған

Сіздей жүйрік тұлпарға.

Қайғырмаңыз, ханзадам,

Келмей тұр ауызым айтарға

Батырың өтті Бөгембай.

[2, б.88]


Олжабай батыр
Белглi бiр iстеген iс-әрекетi, сөйлеген сөзi, тұжырымдаған ой-пiкiрi арқылы қатардағы қоғам мүшелерi арасынан ерекшеленiп, ел тарихынан орын алған жеке адам - тұлға. Отан тарихының жалпы даму барысына өз үлестерiн қосқан тарихи тұлғалар қазақ қауымының саяси-экономикалық, әлеуметтiк, рухани өмiрiнде хан, сұлтан, би, батыр, рубасы т.с.т. ретiнде танылған едi.

Ел тарихында елеулi iз қалдырған тұлғаларымыздың бiрi - Олжабай Толыбайұлы (1709-1783). Батыр туралы сақталынған деректер әр алуан: Жер аттары (Олжабай асуы, “Олжабай сөресi”, “Шүршiтқырған”...), ресми архив құжаттары, ғалымдар жазбалары (Н.Я. Коншин, Ф.А. Щербина), мұражайлық экспонаттар (Омбы музейiнде сақталулы Жаяу Мұса тапсырған Олжабайдың қылышы, белдiгi, дулығасы, шарайнасы), зерттеушiлердiң еңбектерi (Ә.Х.Марғұлан, Б. Адамбаев, М. Хақанов), қолжазба күйiнде жеткен халық ауыз әдебиетi нұсқалары. Щербина Ф.А. мәлiметi бойынша, Олжабайдың жеңiсiнiң айғағы ретiнде шайқас болған жерде өз бейнесiн тастан қашатқызып, ескерткiш қоятын әдетi болған.

Әйткенмен, қаһарман хақында нақтылы деректер жұтаң тартады. Олжабай батыр ұрпақтарының мәлiмдеуiне қарағанда, О. Толыбайұлының естелiк “Қара кiтабы”, Қалдан Сереннiң қаһарманға сыйға тартқан З жарлығы (150 х 30 см.), жай тасы, сары ала туы (150 х 60 см.) - Әлкей Марғұланның шешесi Нүриламен бiрге жерленiп кеткен.

Патшалы Ресей тұсында қазақ елiн, жерiн зерттеген орыс ғалымдары Олжабай сынды тарихи тұлғаларды жеке алып қарастыруға мүдделi болмаған, тек жер атауына “Жасыбай асуы” т.т) байланысты тарихи аңыз-әңгімелердi жинастырумен шектелген. С.И.Гуляев А.С.Поповтан естiген соғысы хикаясын алғаш рет баспа бетiнде жариялайды. Ал Н.Я.Коншин бұл аңыз мағлұматын ғана келтiрiп қана қоймай, Олжабайдың батырлық тұрпаты туралы халық арасында сақталынған сипаттама дерегiн де қоса бередi. Ф.А. Щербина өз еңбегiнде мекен қылған жайлау, қыстау орындары туралы құнды мәлiмет қалдырған.

Мәшһүр-Жүсiп О. Толыбайұлы тарихына ерекше көңiл бөлiп, қаһарман өмiрiне қатысты аңыз-әңгiме, жыр нұсқаларын қағазға түсiрiп, жинастырып отырған. Әлеуметтiк жағдайына, қылған қоғамдық-саяси қызметiне қарай жiктемей әрқайсысын жеке адам - тұлға ретiнде зерделеуге ұмтылу барысында Мәшһүр Жүсiп жазбаларындағы қаһарман тұлғаларымыздың шежiрелiк ата-тегi, өмiр сүрген уақыты (туған, қайтыс болған жылдары), мекендеген жерлерi, әкiмшiлiк-сот жүйесiндегi орны (би, заңгер, хан, сұлтан, рубасы), әлеуметтiк жағдайы (бай, орташа ауқатты, кедей), қоғамның iшкi, сыртқы өмiрiндегi ролi (елшi, мәмлегер), белгiлi бiр тарихи оқиғаларға (шайқаска, бiтiмге) араласуы т.т. туралы мол деректердi тарихи зерттеулермен, кұжаттармен өзара байланыста қарастырдық. Жанұялық архивтегi Әлкей Марғұлан жазбасында: “Сүйiндiк Олжабай батыр” ертегiсiн Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы”, - деген мәлiмет бар. Бұған сүйенiп Олжабай туралы деректердi жинастыру ақынның 7 жасар бала кезiнен басталғанын танимыз.

1907 ж. Қазаннан басылып шыққан “Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi” кiтабында Мәшһүр-Жүсiп қалмақтармен соғысып жүрiп қазақ батырлары азат еткен Сарыарқа даласын патшалы Ресейдiң шенеунiктерiне сүйенген орыс шаруаларының тартып алып жатқанын ашық сынайды, өз сөзiнiң дәлелi ретiнде Баянауылды қалмақтардан азат қылған Олжабайдың есiмi Ерейментаудағы мұжықтардың поселкесiне қойылғанын жазады: “Бұл қазақ иесiз жатқан жерге текке келiп ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен, жаннан кешiп, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнiбек замандарында қалмақпен жаудай алысып, жаттай салысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау жолында оққа ұшып, өлгенi өлiп, қалғаны қалып, сөйтiп алған жерi еді... Бұл Сарыарқа бiздiң қазаққа атасының құны болып, олжа болып тиген едi. Бiреу бiреуге: “Соңымнан қалмастай атаңың құны бар ма едi”, - дейдi ғой. Сондай атамның құны болғаны үшiн, жер-судан айырылып, қаңғып қоныссыз жүргенiме iшiм күйiп, өлсем ойымнан кетер емес. Дүние деген шiркiн көшпелi дегенi осы екен; қазақтың тұлпар мiнiп, ту ұстаған, кейiнгi үрiмi-бұтағына олжа салған батыр ең, ақырында мұжықтың поселкесiнiң аты болды. Ереймен тауындағы Олжабай қаласы атанған қала сол Олжабайдың өлген жерi”. Өз зерттеулерiңде аңыз, шежiре деректерiмен шектелуге мәжбүр болған Мәшһүр Жүсiп шайқас барысында Жасыбай мен Олжабай батырлардың тұрақ қылған мекен атауларын ғана көрсетiп кеткен.

Тарихшы М. Тынышпаев 1925 ж. басылған кiтабындағы шежiре кестесiнде қаһарманның 1750-1758 жылдары екi iрi шайқаста қалмақтарды қырғынға ұшыратқаны туралы мәлiмет келтiредi. Батырдың ұрпағы, академик Әлкей Марғұлан Кеңестiк дәуiрде О.Толыбайұлы бабасы туралы зерттеу мақалаларын баспа бетiнде жариялайды. Олжабайға арналған тарихи жырларды зерттеген әдебиетшi ғалым Б. Адамбаев өз тұжырымдауларында Ә.Марғұлан пiкiрлерiне сүйенедi.

Жаяу Мұса дәптерiндегi дерекке сүйенген Ә.Марғұлан тұжырымдауы бойынша, Олжабай 1709 ж. Түркiстанда туып, 1783 ж. Ереймен тауының сыртындағы жазық пен Сiлетi өзенiнiң басында дүниеден өткен.

Қаһарманның тарихта бiрнеше есiмi болған: Жаяу Мұса жазбасындағы бала кезiндегi аты - “Алажағы” (“Алажақы”); халқының қойған есiмi - “Олжабай”; ту ұстаушы батыр болғандықтан, жасақ арасында таралған лақап аты “Ала ту”; жаудың атқан оғы тимейтiндiгiнен Абылай ханның берген есiмi - “Қу жарғақ”. Олжабай батырдың көшiп-қонған жерлерi туралы мәлiметтер жер-су аттарында, Ф.А.Щербина жазбасында, аңыз-әңгiмелерде шоғырланған. Балалық шағын Түркiстан, Ташкент қалаларында өткiзген Олжабай Ақтабан шұбырынды жылдары басталғанда 12 жасында үйсiндегi нағашысы Қаратай батырдың үйiне барып, сонда ер жетедi. Ал, Орта жүз қазақтары 1723-1725 ж. Бұхара жұртында, шығыс Бұхарадағы Жиделi (тау) -Байсын (қала) жерлерiн мекендейдi. Ф.А.Щербина дерегiнде: “Олжабай қалмақтарды ығыстырып, олардан босаған жерлердi Айдаболдың жетi ұлынан тараған ұрпақтарына бөлiп бердi. Өзi Малқозы тұқымымен әуелi Ақкелiн, Семiзбұғы, Қарағайлы бұлақ (Ақшоқы), Шалқар, Аққұдық, Арқалық, Қызылағаш, Қурайлы бойын алды. Кейiн қытайлардан қауiп туғанда, ол өзiнiң қыстауын Баянауылға ауыстырып, Жасыбай көлiнiң жағасынңа қоныстанады... Содан былай ескi қыстауы, негiзiнде, күзеу болытп қалады да, тек кейбiр жылдары ғана Ақкелiн тауын қыстайтын болады”.

Олжабайдың Баянауылды мекен қылғанын жер-су аттары да айғақтайды: “Жасыбай көлi”, “Шойынды көл”, “Қарақуық”, “Ескi жұрт” т.с.с. Өмiрiнiң соңында Ереймен тауында ауырып, көз жұмады. Әзiретi күмбезге апарамыз деп сөрелеп қойған жерi - “Олжабай сөресi”, “Олжабай қаласы” - атанып қалады. Мәшһүр-Жүсiп жазбасында Олжабай денесiнiң Көкшетаудағы бiр жайлауға жерленгенi, ол жердiң “Олжабай тамы” аталғаны жайлы мағлұматтар келтiрiледi. Сондай-ақ Олжабай батырдың ұрпағы Шiдертi бойында мекен қылып жатқандығы сөз болады. Ә.Х.Марғұлан мақаласында ел басқарушы болыстардың ХІХ ғ. соңында Олжабай ұрпағының Жасыбай көлi жағасында қоныстанғанын көпсiнiп, оларды Шiдертiге көшiрткенiн жазады. Мәшһүр-Жүсiп қолжазбасында батырдың ата-тегi, дүниеге келуi, ерлiк iстерi, жеке басының ерекшелiгi-найзагерлiгi, ұрпақтары, көшiп-қонған жерлерi туралы баяндаулары да Олжабайтануға толықтыру енгiзе түседi.

Қазақ халқының қаһармандары” жинағында берiлген шежiреде Олжабайдың арғы ата-тегi былай таратылады: Сүйiндiк-Суғыншы-Мамық (Шуманақ) - Құлболды Айдабол - Малғозы - Толыбай - Олжабай. Ал Мәшһүр-Жүсiп шежiресiнде сәл өзгешелiк бар: Сүйiндiк - Суғыншы - Айдабол - Малғозы – Толыбай - Олжабай.

Шiдертi бойындағы батырдың ұрпағы туралы Мәшһүр-Жүсiп қолжазбасында көрсетiлген шежiрелiк деректердiң өзi батырдың қалмақ, қарақалпақ елдерiне қарсы жорықтарға қатысқанын аңдатады. Батырдың кескiн-келбетi туралы суреттеулердi Орманшы Сақау ақынның “Ер Олжабай” жыр жолдарынан ғана кездестiремiз:

Қақпақтай жаурынды, орта бойлы,

Шүйделi, қайқы құлақ, қара қасы,

Сабырлы, кiшiпейiл, жанға жайлы,

Қатардан асып туған мәртебесi

Он төртке жасы келдi сол уақытта ...

Н.Я. Коншин сипаттауы бойынша: “Олжабайдың батырлығы сондай - ол ат‚ үстiне мiнгенде ең мықты деген аттардың өзi теңселiп кетедi екен және ат үстiнен еңкейгенде қолдары жерге жеткен”.

Тарихи зерттеулерге сүйенiп, М.Ж.Көпейұлы жазбаларында Олжабай батырдың 3 үлкен шайқаста (“Қалмаққырған”, “Шүршiтқырған”, “Талқы” соғысы) жеңiмпаз атанғанын бiлемiз.

1739-1740 ж. қысында 30000 қолды басқарған Септен мен Сары Манжа оңтүстiк (Сырдариядан) және солтүстiк (Ертiстен) бағыттардан шабуылдап, Орта жүз жерiне басып кiредi. Ұрыс қимылдары 1741 ж. күзгi бiтiмiне дейiн жалғасады. В. Моисееев зерттеуiнде 1741 ж. қыс айларында қазақ жасақтарының Септен ұлысын талқандағаны, Орта жүзге жасалған жоңғар шапқыншылығының солтүстiк бағыттағы (Кычик Чюганов көрсетуi бойынша жоңғар майдан шебiнiң оң қанатынан) шабуылын тойтарған шайқастарда Олжабай батырдың атағы шыққаны берiлген.

Ә.Х. Марғұлан зерттеуiнде де бұл оқиғаға көңiл бөлiнген. 1741 ж. Орта жүзге басып кiрген жоңғар әскерiнiң бiр тобымен Баянауылда болған ұрыста Олжабайдың қарулы серiгi, әрi жиен туысы (Жасыбай - Олжабайдың апайысынан туған жиенi) Жасыбай батыр оққа ұшады. Бұған кектенген Олжабайдың әскерiмен қоршап алып қалмақты қырған жерi “Қалмаққырған” атанады.

М.Ж.Көпейұлы жинап қалдырған аңыз мәлiметтерi “Қалмаққырған” соғысы тарихын толықтыра түседi, Н.Я.Коншин, Ф.А.Щербина жазбаларындағы жер атауларын айқындайды. Мұнда Баянауылды жаудан қорғамақ болып, екi батыр екi асу бойын күзетуге уағдаласады. Қалмақтар Қызылтаудан асу бойына дейiнгi жердi түн iшiнде жүрiп өтiп, жауырыншылығына сенген Жасыбай батырды қапылыста атып өлтiредi. Мұны естiген Олжабай әскерiмен жетiп, Шойынды көлiнiң басында қалмақтарды талқандайды. Қызытаудың бауырында (Қызылтау - Баянауыл тауының оңтүстiк шығысындағы 55 км. қашық жердегi биіктігі 1055 м. тау- Ә.Қ.) Олжабай қалмақты қойдай қамап қырған жерi “қалмаққырған” атанып кеткен. Зерделей қарасақ, Олжабай Баянауылға Бәсентиiн малы үшiн емес, қазақ жерiн қалмақтан қорғау үшiн келген. Жасыбаймен бiрлесiп күзетiскен уақыттында Баянауылдың иесiз, елсiз жатуы 1739-1741 ж. қазақ-қалмақ қақтығыстарынан туындаса керек. Шайқас барысына көз салсақ, алғашқы шабуылды Жасыбайдың шағын жасағы тежегейi, кейiн негiзгi күштiң қалмақ әскерiн қоршауға түсiрiп, жеңгенi байқалады.

Кейбiр зерттеулерде бұл шайқас 1752 ж. Әмiрсананы iздеген Лама Доржының 20000 ойраттарымен болған делiнедi. М. Тынышбаев шежiресiнде де “Қалмаққырған” ұрысы ХVIII ғ. 50-жылдары болған деп қарастырылады. Бiрақ бұл пiкiр тарихи шындыққа сай келе қоймайды. Жоңғарлар шабуылдайтын Баянауыл жерiнде Абылайдың 1752 ж. қазанында әскер жинастыруы қолайсыздық тудырар едi. Басымдық. қазақ жағында болғанымен, 20000 ойрат жасағы 1752 ж. қысында Лама Доржы өлтiрiлiп, жаңа қонтажы Давацидiң әскердi қайтару туралы жарлығынан кейiн ғана ұрыс қимылдарын тоқтатады.

1739-1742 ж. қалыптасқан саяси жағдай талабы бойынша, жоңғар ықпалын шектеу және Абылайды тұтқыннан босаттыру шараларын дипломатиялық тәсiл арқылы жүзеге асыру мақсатында Олжабай батыр Толыбайұлы 1742 ж. Әбiлхайыр бастаған қазақ билеушiлерiнiң бiрi есебiнде Арғын тайпасы атынан Ресей мемлекетiне қарауға ант бередi. Елшi ретiнде Олжабайдың 1749, 1761 ж, 2 рет Орынбор қаласына жiберiлуi де оның қазақ билеушiлерi‚ үшiн сенiмдi адам болғанын, әрі Ресей мен Жоңғар хандығы үшiн елеулi тарихи тұлғаға айналғанын аңғартады.

МәшҺүр-Жүсiп Көпейұлы қолжазбасында Олжабайдың соғысында ерлiк көрсеткенi баяндалады. Бiрақ бұл мәселеде ресми Қытай мәлiметтерi (қолбасшы Хадаха деректерi) мен қазақ, арасындағы аңыз, жыр мағлұматтары, жер атаулары арасында шайқастың қалай аяқталғаны турасында кереғарлық бар.

М.Ж.Көпейұлы аңызына сүйенген Ә.Х. Марғұлан зерттеуiнде ескiше Баянауыл, жаңаша Қарағанды облысы, Молодежный ауданына қарасты “Шүршiтқырған” жерiнде Олжабай батыр Әмiрсананы iздеп келген бiр топ қытай әскерiн алдап бiр жерге жатқызып, тез арада он сан қол жинап, соғыс ашып, қытай әскерiн тегiсiмен қырады. Ал, қытай қолбасшысы Хадаха баяндауында: “Баян тауының батыс жағында, Бэйцзы Дарчжаның айтуынша, оның алдында мыңнан астам қазақ қолы пайда болыпты. Бiзден алты жүз адам қорықпай шабуылға шықты, жауды талқан қылды. Жүз адамды өлтiрдiк, көлiк пен аттарын тартып алдық. Бес адамды тұтқынға алып, азаптадық. Бәрiнiң айтуынша, бiздiң кездескенiмiз Абылайдың қолы екен”, - дейдi.

Бiздiңше, жазба мәлiметтердiң қандай жағдайда қағазға түсiрiлгенiн ескере отырып, 1756 ж. Олжабайдың жасағы Қытай армиясынан бөлiнiп шыққан бiр топ шүршiт әскерiн “шүршiтқырған” жерiнде қоршап алып талқандағанын тарихи шындық деп қабылдаймыз.

Олжабайдың батырлығын танықан тағы бiр ұрысы - Талқы соғысы. Мәшһүр-Жүсiп жазбасындағы қақпасы қалайы, мыс, қорғасын араластыра құйып жасалған “қалмақтын ежелден алынбаған қорғаны” басқа деректерге әртүрлi аталынады: “Темiр қақпа” (Жаяу Мұса жырында); “Талқын, Талқы, Талқы” (Шоқан еңбегiнде); “Талқы - Құлжа” (О.Нұралыұлы дастанында).

Талқы шайқасын көзбе-көз көрген француз суретшiсiнiң суреттеуiне (Мәскеудiң тарих музейiнде фотокөшiрмесi сақтаулы) сүйенген Ә.Х. Марғұлан тұжырымдауы бойынша, Олжабай Толыбайұлы 1757 ж. Жоңғар тауындағы Талқы қамалында қытайлармен болған соғыста ерлiк көрсетедi. Ал, ғалымдар: Р.Б.Сүлейменов, Б.А.Моисеев “Из истории Казахстана ХVIII века” зерттеуiнде қазақ-қытай соғыстары көбiнесе 1756 ж. (жаз, күз айлары) ғана болып, 1756- 1757 ж. қыс айлары өзара дайындықта өтiп, 1757 ж. жазында Қазақстан жерiне қайта кiрген Қытай әскерiмен Абылайдың тез арада бiтiмге келгенiн мәлiмдейдi.

Шоқан өз еңбегiнде Абылайдың үшке бөлiнген әскерiнiң бiр тобын бастаған Жантай жасағымен Талқы асуын бұзып өткенi, жонғар ұлыстарын шапқаны, көп олжамен оралғаны туралы аңыз-әңгiме дерегiн келтiредi. Бұған сүйенiп, Олжабай батыр ХVІІІ ғ. 50-жылдарында Талқы асуы бойында қалмақтармен де, қытайлармен де бiрнеше рет соғысқан деген түйiн жасаймыз. Талқы бекiнiсiнiң құрылысы туралы мағлұматтар О. Нұралыұлы дастанында берiлген. Асудың ортасында темiр қақпалы ұзын қабырға (қорған) салынған. Сонда бекiнiсте топталған дұшпан мергендерiнiң оқ боратуларынан атты әскерi дарбазаға жақындай алмай, тауға жаяу шыққан сарбаздары қамалдың екi жағында бекiнген жау жасақтарын ығыстыра алмай, қазақ қолы “талқыға түскен терi” кейпiн киген. Сол себептi бұл ұрыс та “Талқы соғысы, қақпа” шайқасы деп айтылып кеткен.

Мәшһүр -Жүсiп жинастырған аңыз - әңгiмеде Абылайдың Талқы ұрысында қолданған соғысу тәсiлi, хан қосынындағы әскери құрамалардың қызметi, жас сарбаздарды батырлыққа баулу дәстүрi хақында мәлiмет келтiрiледi.

Аңызда Абылай хан әскерiн 3 топқа бөледi. Қалмақ қамалын барлауға шыққан кезеуiлшi топқа бекiнiстегi мергендер оқ атып, Малайсары батыр белiнен жараланып, батырлар шегiнiп кетедi. Ханның өзi ортаншы топ —тосқауылшыларды бастап шабуыл жасаса да, қорғанды бiрнеше күн ала алмай жатады. Сол кезде қатардағы салықшы болып жүрген Олжабай “Олжабайлап” шауып, жасақты бастап, қолының қос басынан оқ тисе де, туын түсiрместен қорған қақпасына жетiп, қалайы, мыс, қорғасыннан құйып жасалған дарбазасын қылышымен қос қолдап шапқылап турап тастайды. қалың қол қорған iшiне өтiп, олжаға кенелiп, Олжабай батырдың есiмi “Он сан Орта жүзге” ұран болады.

Жоңғарлармен, қытайлармен болған шайқастарда ерлiк көрсеткен қаҺарман бейбiт өмiр уақытында өз руының шаруашылығының қамын ойлаған азамат ретiнде танылады. Бұған Олжабайдың Едiге бимен бiрлесiп, 1761 ж. Екатеринаға жазған өтiнiш хаты дәлел болады.

ХУІІІ ғғ. қазақтардың сана-сезiмiнде жалпы ұлттық сезiммен қатар рулық сана да болғанын анғарамыз. Мысалы, Жаңабатыр бидiң жоғалған бес көк ала бас атанын iздеудi қолқа қылып сұрап алған Олжабай Қаракесек Қарсынкернейден жылқы барымталайды. Қарсынкерней жағы Қуандық, Сүйiндiктен мал алысып, ел арасы ушығып кетедi. Соңында бас қосып, бiтiм жасасып, Едiге би кесiмiмен Жарылғап Жаңабатырға айыбын төлейдi.

Батырлар қоғамның iшкi өмiрiне де белсене қатысқан. Мәселен, “Абылай аспас сары бел” оқиғасында Ботахан құнын жоқтаған Олжабай, Алтай Жиенәлi, Қозған Биікше мерген ханға қарсы шықса, Балта керей Тұрсынбай батыр Абылайды жақтайды, келiссөзге бiрге ерiп келедi. Ақыр соңында екi жақты да келiстiру бағыын ұстанған үшiншi топ өкiлдерiнiң: Жәңке, Жанақтардың қөздеген мақсаты орындалып, Абылай хан Арғын руы адамдарымен өзара бiтiмге қеледi Ал бұл оқиғаның 1779 ж. болғанын қытай құжаттары көрсетедi.

Зерттеуде қамтылған Мәшһүр Жүсiп қолжазбаларының ғылыми таным арнасына жан-жақты тартылуы Отандық тарих ғылымы дамуына өз үлесiн қосады деп санаймыз. М.Ж.Көпеев мұрасын игеру тарихта болған тұлғаларымызды жан-жақты тануымызға өз үлесiн қосады деп санаймыз. [3, б.96]


Барлыбай батыр
Бәсентиін елінің ХVІІІ ғасырдан бергі жауынгерлік ұраны «Барлыбай» екені тарихи деректерден белгілі. Ол ерте заманда өмір сүрген адам емес, сол ХVІІІ ғасырдың ерен тұлғасы. Бала жасынан ерлікке құмар, қайсар қайтпас мінезімен көзге түскен екен дейді ақсақалдар. Оған бір дәлел «Абылай туралы жыр». Жартылай қазақша, жартылай қырғызша жазылған осы әдеби нұсқа алғашқы рет Шоқан мұрасының ішінде жарияланып еді. Бұл 1760-1770 жылдардағы қазақ-қырғыз жаугершілігін сипаттайтын туынды. Екі арадағы жанжалдың басталу себебі жер дауы. Абылайдың Жауғаш елшіден қырғызға айтқан сәлемі:

Есенқұл мен ер Сәдір,

Қырғызға данқы шыққан ер еді.

Бар, Сәдірге бара гөр,

Елдесейін Сәдірмен,

Таластың бойы тар жайлау,

Кеңесе барып жайлайық.

Қазы мен қартаны

Қия кесіп шайнайық.

Осыған жауап ретінде қырғыз Ақсу мен Көксудағы елді алды, Қара қуыс, Шыңғырда семіз найманды шапты, қоңырат-елі жаугершілікке ұшырады. Қазақтың үш жүзінен әскер жинап Абылай қырғызға қарай аттанады. Қазақтың әскері көк бөрідей желді, ителгідей ілді, қаршығадай қақты, тұрымтайдай қонды дейді жыр. Жорықтың соңына таман Тоқал терек деген жерде әскери кеңес болып, алқа-қотан отырған батырдың ішінен бәсентиін Барлыбай ханға осы тойғанымызбен қайтайық десе керек:

…Бәсентиін ұлы Барлыбай

Омыраулап сөйлейді,

Кісі ырқына көнбейді:

-Сен көк бөрідей желдің, хан.

Иманды қолға түсеміз,

«Кел, қайтайық» дейді хан.

Бірақ қырғызды бір жолата белін сындырмақ болған Абылай алған бетінен қайтпады. Баяу жатқан қырғызды Сарыбелде тоздырды, шапты да қайта Абылай.

Осы соғыстың жуан ортасында болған Үмбетей жырау қырғызға қарсы жорықтың себебін басқаша суреттейді. Бір жылы қазақтың бір топ жауынгері қырғыз әскерімен қақтығысып, бәрі де қырылады. Бұл Шу өзенінің бойында болса керек. Осы жерге қырғыздар келте мұнара тұрғызып, қазақ жауынгерлерінің бастарын шым кесекпен араластырып, мұнараның арасына қалап жібереді. Бұл енді қазақ осы шекарадан бері аспасын деген қатал нышан болса керек. Сол хабарды ел біліп, хан етіп қалын әскерімен қырғызға аттанған екен.

Ұлы сәске болғанда,

Жасаған жақсы жол беріп,

Жол бергенде мол беріп,

Ойлаған бақ беріп

Қырғызды тәңірім қақ бөліп,

Садыр бала бітем деп,

Әтеке соғыс күтем деп

Бірі көнбей біріне

Садыр кетті бөлініп

Соғысудан түңіліп.

Әтеке сынды жырықтың

Қабырғасы сөгіліп,

Шапқанда батыр төгіліп,

Қара керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай,

Қырмап па еді жауынды

Қуантпап па еді қауымды

Ұмыттың ба соңы Абылай!

«Абылай туралы жырда» айтылатын Барлыбай батыр жас кезінде немере ағасы Әйтей батырдың тәрбиесінде болған екен дейді. Бір жаугершіліктің кезінде Әйтей батыр жас өспірім інісіне «мен жорыққа кетіп барамын, ал сен елдегі қалғаң ата-анаңа, кәрі құртанға бас көз бол» дейді екен. Қош, Әйтей батыр бастап Бәсентиіннің жігіттері аттанып кетеді. Олардың соңынан ағасының айтқанын тындамай, қисық мінезді, қыңыр Барлыбай да жылқыдан бір мініске жарамды атты таңдап, қолына түскен қаруды алып, батырлардың аттанған жағын бетке алып жолға шығады. Қалын жауға кездесіп, жекпе-жекке батырлар дайындалып жатқан уақытында Барлыбай да шепке жеткен екен. Келген бетінде майдан ортасына өзінің атын өзі ұран қылып айғайлап «Барлыбайлап» шығады. Бәсентиіннің жауға «Барлыбайлап» шабу осы себептен болса керек. Айтқан сөзін тындамаған Барлыбайға Әйтей осы жолы қатты ренжіп, ұрысқан екен деседі, Әйтей батырдан тараған ұрпақ ХІХ ғасырда тұтас бір болыс болып Ертістің оң жағасын жайлады. Қыстаулары Кривинка, Подпуск / Босбос/ Қиық/ Лебяжіге/, Қарақала, Тұзқала/ Ямыш/ мекендерінің маңында орналасқан. Қазіргі күні Аққу, Май аудандарының жерінде өмір сүріп жатыр. 1850-ші жылдардағы есеп бойынша Әйтей Бәсентиін болысында мыңға тарта үй саны /түтін/ бар. Көбінесе Көшеншүрек, Сағынай, Иман, Төртсары, Андас, Есенкелді, Тілмәмбет аталары осы болыстың санағында жүр. [4, б.166-168]


Малайсары батыр
Қазақ елі тарихында Сырым Малайсары Тоқтауылұлы атақты батыр, елші, мәлімгер, тархан, қоғам қайраткері, дәулетті бай Бәсетиін руының басшысы «старшыны», қол бастаған қолбасшы ретінде танылған тұлға болып танылады. Ол туралы сақталған деректер көзі әр-алуан.

Малайсары батыр туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Шоқан берген баға бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орыны Қаз дауысты Қазыбек, уақ Деріпсал, Баян батыр денгейінде:

«Малайсарының түр келбеті ақсақалдардың айтуынша, батыр ұрпақтарының ата-бабаларынан естіген деректері бойынша-кең иықты, ұзын бойлы, алқымды, шекелі, мұрынды болыпты» - деп сипаттайды Жеңіс Марданов.

Шоқан еңбегінде Абылайханның Малайсарыға берген бағалауы келтіріледі. «Ал өз батырларымыздың ішінде байлығы мен батырлығы, мінезі жөнінде Малайсары, ақылы мен өжеттігінен Уақ Баян батыр бәрінен жоғары тұр». [5, б.75]

Сол замандағы қазақ жырауларының батырды «Абылайды сан қалмақ қамап жатыр, туыңды алып шаба гөр Малайсары» деп дәріптеуінде де терең сыр жатыр. Иісі қазақтың тоқсан жақсысын бастап барып Қазыбек би мен Малайсары тарханның Абылайды Қалдан Серен қолынан аман –есен босатып алып келгенін бүгінгі күні кім білмейді?! XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының тағдыры Абылайға байланысты болса, Абалайдың Абылай болуына Малайсарының еңбегі күшті.

Мәшһүр Жүсіп Малайсары батырға қатысты қызықты әнгімелерді қазақ батырларына, оның ішінде Олжабайға арналған аңыздар топтамасында келтіреді. Шежірешінің айтуына қарағанда «Орта жүз Арғын Сырым Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманыңда батыр атанған кісі екен». Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып, оттасын, жайылсын деп бұйдасын түріп бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып, «оп, оп» деген дауыс естіген соң, дәуде болса, бұл жолбарыс шығар деп жұрт ду көтеріле шапқанда Малайсары шұбар тай мініп олай - былай шапқылап жүрген бала. Жұрттан бұрын абайсызда жолбарысқа барып қалғанда жолбарыс шұбар тайдың құйрығынан алып «оп» деп аспанға атқанда бала тайымен бірге кетіпті. Жолбарыстың үстінде мойнынан құшақтап, ұйқы - тұйқы болып жүргеннің үстіне Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, баласын аман айырып алыпты.

Қаһарманның әлеуметтік жағдайы жағынан дәулетті болғаны, әрі «орыс» партиясына қарсы «қалмақ» бағытын ұстанғаны Кеңес өкіметі идеологиясы тарапына сынға алынып, Малайсарыны зерттеу ісіне тыйым салынды.

Батырдың ұрпақтары саяси қудалауға ұшырап, Малайсарының сауыты т.т. заттары ел арасына таратылып кетілді. Ал кейінгі В.А. Моисеев, Р.Б. Сүлейменов зерттеулерінде көбінесе оның қоғамдық саяси көзқарас бағыты ғана басым қарастырылады.

Ата-тегі: Бәсентиін-Сырым-Жабық-Досым-Тоқтауыл-Малайсары.

Ал Мәшһүр шежіресінде сәл өзгеше таратылады: Бәсетиін-Сырым-Жабық-Самай-Досым-Тоқтауыл-Малайсары.

Қаһарманның ХVІІІ ғғ. қазақ қоғамында ұстанған саяси бағытына, тарихи өміріне назар аударайық:

«ХVІІІ ғ. бірінші жартысында халық арасында Абылайдың алғашқы жақтастарының бірі болған Малайсарының беделі өсті... Абылай манына әр- түрлі партиялар топтасты. Солардың арасында азаттық партиясын Малайсары басқарды», - деген мәлімет Шоқан жазбасында келтірілген. В.А. Моисеев пікірінше ХVІІІ ғ. 40 жылдары Қалдан Серен саясатынан туындаған «қалмақ» бағытын жақтаушылар тобының партиясын Малайсары бастаған.

Тарихта Абылайдың тұтқынға түсіп, 1741-1742 жылы жүргізілген келіссөздер барысында босатылғаны белгілі. Ауыз әдебиет үлгілерінде бұл оқиға әр-түрлі айтылады. Бұхар Жыраудың:

Абылайдың мінгені ыңғай сары,

Айғайласып келгенде жердің тары,

Абылайды сан қалмақ қамап жатыр.

Туынды ал шаба көр, Малайсары, - деп батырды көмекке шақырған сөзі. 1741 жылы Абылайдың шағын жасағымен қоршалып тұтқындалған оқиғасын меңзейді.

1741 – 1742 жж. Абылайды тұтқыннан қайтару жөнінде жүргізілген келіссөздер барысында қалмақ жағын жақтағаны үшін, Қалдан-Серен Малайсарыға 1743 жылы тархан атағын берді. «Тархан» атағы көнеден келе жатқан лауазым, дәреже, бұл атақтың иелері алым - салықтан босатылады, анау-мынау ұсақ қылмыс бойынша тек хан алдында ғана жауап береді. Көне түркілік «тархан» дәрежесі XVIII ғасырда Жоңғария мемлекетінде барынша көрініс табады.

Шоқан Уалиханов Малайсарыға қатысты Абылай тарапынан берілген жоғары бағаларды сүйсіне отырып жазады. Бір басында ерілігі де, мырзалығы да, терең ойлы кемеңгерлігі де жарасып тұратын Малайсарыны қалай мақтасаң да сиымды.

Тағы бір әңгіме Қаракерей Кабанбай батырдың жары болыпты делінетін Малайсары батырдың қарындасы Гауһар туралы. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда Гауһар батыр ағасы сияқты батыр екен, «Калмаққырғанның сыртындағы тауға Гауһар батыр қарауылға шығады екен». Бұл бұрыннан бері ақсақалдардың аузында жүрген дерек болса керек.

Малайсарының ұлы Тілеуқабыл да әрі бай, әрі батыр болыпты. Бірақ көпке дейін ер баласы болмай құдайға жалбыранып: «мына қалың жылқыға ие бере көр?» деп сұрайды екен. Ақыры мұқтажы орындалып, дүниеге келген ер баланың атын «Бісміллә» қойған екен. Бұл ауызша деректер де «Қазақ халқының каһармандары» кітабына Жеңіс Тілеукеұлы енгізген ел аузынан жиналған дүние.

«Үш жүздің батырларының ішінен қайсысын ерекше құрметтейсіз?» деп сұрағанда Абылай: « Мен өзіммен бұрын болған екі кісіге таңданамын, ол Қаракесек Қазыбек пен уақ Дербісәлі.

Бұл екеуі де жау қолындағы тұтқындарды босатып алды. Қазыбек Қалданға барып өтініп, 90 туысын босатты, ал Дербісәлі ауылында отырып, қорқытып босатып алды.

Өз батырларымның ішінде Бәсентиін Малайсары мен Уақ Баян батыр бәрінен де жоғары тұр.

Ертіс пен Сырдың бойын еркін жайлаған бәсентиін-сырым елінің қалың ортасында, Тоқтауыл батырдың шаңырағында дүниеге келген.

Малайсарының маңдайына жас кезінен ақ ерлік- азаматтық істер жазылғанын айтпасақ та болады. Ол 1754 жылы Алтын Емел тауының баурайында, қазір Малайсары аталған үлкен - алып жотаның, үстінде қайтыс болды.

Қаратал өзені екі ғасыр қалмақ қонтәжілерінің ордасы /ұрға/ болған үлкен саяси орталық. Қалдан Серен заманында көтерілген құрылыстардың орыны бұл жерден әлі де көрінеді. Онымен қатарлас Алтын Емел жотасы. Алтын Емел атанатын жерлердің билікке тікелей қатысы бар. Қазақшаға аударғанда «алтын ердің қасы, немесе ердің алтын қасы» деген ұғымды білдіреді. Осы Алтын Емел тауының бір сілемінде Малайсары батыр оққа ұшты. Сол заманнан бері бұл жота Малайсары атанады: биіктігі 1446 м, батыстан шығысқа қарай 100 шақырым созылып жатыр, ені 10-20 шақырым. Жоңғар Алатауының басталатын тұсы да осы жер.

Абылай хан еш уақытта жорыққа Сырым Малайсарысыз, Тарақты Байғозысыз, Уақ Баянсыз, Балта керей Тұрсынбайсыз аттанбайды екен. Бірде Малайсары қалмаққа тұтқынға түсіп, қонтажы екеуі өзара сыйласып, ақ мылтықтың аузын жаласып, соғыспауға анттасады. Бірақ Абылай болмай жорыққа ертіп кетеді. Қорғанды барлауға шыққан кезеушілерге қалмақ мергендері оқ атып, Малайсары белінен қатты жараланады. Ұрыс даласынан алып шығып, қосқа әкеліп қарайды. Абылай көріп, ішегін жыртатын сүр ет бермеуін қадағалауды тапсырып кетеді. Бақыршысына бармай ала қоржын түбіндегі қазының ортасын жеп қалып, батыр көз жұмады.

Малайсарының анттасқаның алдыға тартып, жорыққа шығудан бас тартуы арқылы оның тарихта қалмақтарды жақтағаның аңғару Абылай көріп, ішегін жыртатын сүр ет бермеуін қадағалауды тапсырып кетеді. Бақыршысына бармай ала қоржын түбіндегі қазының ортасын жеп қалып, батыр көз жұмады.

Малайсарының анттасқаның алдыға тартып, жорыққа шығудан бас тартуы арқылы оның тарихта қалмақтарды жақтағаның аңғаруға болады. Жазба деректерде Малайсарының жоңғарларға тұтқын болғаны туралы дерек жоқ. Тек аманат ретінде Әбілфейіз сұлтанмен бірге Жонғарияда 1743 ж. аманатта болғаны, қалмақтарға қарсы бір жорықта қаза тапқаны мәлім. [4, б.93]
Жасыбай батыр
Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат еткен қолбасшы, батыр Бәсентиін Жасыбай Өмірұлы хақында Шоқан, М.Жүсіп, Н.Коншин жазбалары; Энциклопедия «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы, баспасөз материалдары бірқатар мәліметтерді ұсынады. Дүниеге келген жері белгісіз, Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған Жасыбай моласын кезінде Шоқан сипаттап жазып кеткен болатын.

Жасыбай Өмірұлының ата-тегін таратуда әртүрлі пікірлерге кездесеміз. Оны Сүйіндіктен («Қызыл Ту» 21.05.91), Қаракесектен (Жамалқожа), Бәсетиіннен тарататын шежіре нұсқалары бар. «Дауа» шығармашылық орталығы даярлаған мақаласында батырдың Қаракесек не Сүйіндік руларынан шыққандығына күмән келтіреді. Әлкей Марғұлан тұжырымдауы бойынша Жасыбай Сүйіндік Олжабайдың апайынан туған жиені болып келеді. Ал жеті атаға дейін қан араластырмау заңы сақталған сол заманда нағашылы жиенді бір руда налу мүмкінсіздігін ескертіп, Жасыбайдың Сүйіндіктен шыққаны жоққа шығарылады. Қаракесек шежірелерінен де Жасыбай есімі ұшыраспауы Жамалқожа мәліметіне сенімсіздік тудырады. Ал жұртқа мәлім Бәсентиін шежіресінде; «Бәсентиін-Бисен-Матай-Өмір-Жасыбай», деп тарқатылады. М.Жүсіп шежіресінде осы үлгіні қолдайды. Мәшһүр аңызындағы: «Сол күндерде Бәсентиін деген руының Таз аталған ұрпағынан Жасыбай деген батырдың беті қайтпай жүрген күн екен», - деп берілген дерегін, сын көзбен қарау қажет деп ойлаймыз. Осы орайда, Бейсеннің Таз, Матай, Сексен, Бүкі, Шоқай туғанын, Матай болуына адамдарының өсіп өнген Таз ұрпағы тасасында айтылып кетуі мүмкіндігін ескертіп, бұл мағұлыматты әлі де болса салыстыру керек деп білеміз. М.Ж. Көпеев жинағы аңыз нұсқалары мен Ф.А. Щербина, Н.Я. Коншин, Д.С. Примак кітаптарында Жасыбай батырдың Баянауылда болған «Қалмаққырған» ұрысында қаза тапқаны баяндалынады.

Қазаннан 1907 жылы басылып шыққан «Сарыарқаның кіндігі» екендігі «кітабында» М.Ж. Көпейұлы батырдың Қызылтау бауырында жер үшін болған шайқаста оққа ұшқандығын мәлімдейді. Тарихта Бәсентиін Жасыбай мен Сүйіндік Олжабай батырлар жүргізген бұл соғыс туралы әр түрлі, бірнеше пікірлер кездеседі.

Ә.Х. Марғұлан еңбегінде 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары Жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабайдың қалмақтарды тегісімен жойған бір тау «Қалмаққырған» атанады. Б.Адамбаев мақаласында Н. Коншин қолжазбасындағы материал толық сипатталынады: «Жасыбай Баянауыл аймағынан қалмақтарды қазақтар ығыстырған арғы замандарда өмір сүрген… Бұл дұшпанға әлденеше рет соққы берген белгілі батыр. Бір жолы қазақтардың қолбасы батыры Олжабайдың тапсыруымен Жасыбай батыр шағын жасақпен мың-мың қолмен келе жатқан қалмақ қонтайшысын тауда бөгеуге аттанады. Арада кескілескен ұрыс болады. Жасыбай асқан ерлік көрсетеді, бірақ осы соғыста сауытының ашық жерінен, желке тұсынан қалмақ қонтайшысының оғы тиіп, ол содан өледі… Қазақтар ығыса бастайды, осы сәтте қырғын болған жерде Олжабай батырдың өзі жетеді. Шатқалға қамалған қалмақтар «жан сауғалап» ұлардай шулайды. Сонда олардың қонтайшысына Олжабай: «Сендердің бәрін өлген Жасыбайдың бір шынтағына татымайсындар», - дейді. Және жауынгерлеріне жауды аямандар деп тапсырады. Қалмақтар бей-берекет қашып, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалады.

Енді бір деректерде 1752 жылы Әмірсана мен Давациді іздеген Лама Доржының 20000 ойрат әскерімен болған Баянауылдағы ұрысқа оқ тиіп Жасыбай қаза табады. «Халық аңыз әңгімелерінің қайғысына назар аударсақ та Бәсетиін Жасыбай батыр Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған қырғын соғыста өлген және содан былай батырдың құрметіне Жасыбай көлі деп атап кеткен. Бір назар аударарлық жағдай Қазақстан жерінде Жасыбай атындағы көлдер екеу: бірі Баянауылда, енді бірі Алматы облысы Кеген ауданында. М. Тынышбаев пікірлеріне сүйенсек Жасыбай асуы Шойынды - Жасыбай көлі, «Қалмаққырған» тауы тек жер-су аттарының тарихы ғана емес, қазақ жоңғар майданы барысын бейнелеген соғыс картасы болып табылады.

Жасыбай туралы М.Жүсіп мағұлыматын Н.Я. Коншин дерегімен салыстырып, зерделей қарағанда аңыздары жеке адамдар әрекеттері арқылы қазақ жерлерін қалмақтардан босатуға келген жасақтың әскери қимылдарын, Баянауылдағы болған ұрыс барысын, соғысу тәсілін асу бойын түзеткен қарауылшылық қызметін танимыз. Бұған қарап, Олжабайдың Баянауылға Бәсентиін малы үшін емес, Жасыбаймен бірлесіп қалмақпен шайқасуға келгенін пайымдаймыз. Жасыбайдың, Олжабайдың апайысынан туған жиені екендігін ескерсек өмірде туысқан екі батырдың ешқашан өзара жауласпағаны белгілі болады. Ұрыс алдында Олжабай, Жасыбай қолбасшылар соғыс жоспарын құратын. Жау Жасыбай күткен асу бойында келгенде, ол шағын қолмен бөгеуге міндеттенеді. Осы кезде Олжабай да неігізгі күшімен жетіп, қорашуға тиісті болады. Мақсатына жетіп, қалмақтар талқандалғанымен қазақ әскері қолбасшы, батыры Жасыбайдан айырылады. [5, б.92-93]


Жасыбай батыр екен ту көтерген

18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі Жасыбай батыр жөнінде жыр дастан қалғаны белгілі. Дастанда суреттелетін Ер Жасыбай – Орта жүз ішінде Арғынның Бәсентиін руынан шыққан атақты батыр. Ол Олжабай батырдың досы, жауырыншы, әрі құралайды көзге атқан мерген болған. Ер Жасыбай туралы жыр-дастанмен бірге аңыз-әңгімелер де бар. Олардың ел аузынан жазылып алынған нұсқалары бұрыңғы Қазақ ССР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында.

Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы бар. Ел намысын қорғаған аяулы батыр Жасыбайдың бейіті сол асудың үстінде”.

Жоңғар мемлекетінің хандық тағына таластың нәтижесінде жеңілген ойрат шоңжарлары Амурсана, Даваци мен Банжур Абылайдан пана іздегені белгілі. Жарға тағылған жетім қозыдай пана іздеген бұл қашқындарды шығарып бермедің деп Лама-Доржы бастаған 20 мың ойрат әскері 1752 жылы қыркүйек айында қазақ жеріне басып кіреді. Бұл хабарды естісімен-ақ Абылай батырларға жаушы жіберіп, қазаң айының ортасында Баянауылда жиналу жөнінде жар салады. “Олжабай батыр” жырында осы соғысты сипаттай келе:

“...Келген жолмен шұбырып,

Есепсіз жолда қырылып,

Баян тауын жанапты...

Қайқайып садақ тартқанда,

Қалмақтың тиіп сұм ұғы;

Жасыбай қалды жығылып...” –

деп Жасыбай батырдың қаза тапқанын баяндайды.

Н.Я. Коншиннің дерегі бойынша Жасыбай батыр қалмақтарды қазақтар Баянауыл өңірінен ығыстырған ерте заманда өмір сүрген. Ол – жауларға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға әлденеше мыңдаған қолмен келе жатқан қалмақтарды тауда бөгеп, жібермеуді тапсырады. Мыңға толмас жасақты бастаған Жасыбай асқан ерлікпен соғысады. Бірақ андаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан өледі. Қазақ жасақтары қалмақтарға төтеп бере алмай, ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай батыр бастаған әскер кіреді.

Осы бір тарихи оқиға Т.А. Енсебаевтың еңбегінде «ХVІІІ ғасырдың 40- - жылдарында жоңғарлар Ертіс өзені жағындағы Баянауыл далаларын басып аламыз деп әрекет жасаған. Қазақтар жауға тойтарыс беру үшін шұғыл қосын ұйымдастырды. Арғындардың әскерін Олжабай батыр Төлебайұлы басқарады, жеке әскери топтардың басында Олжабайдың жиені бәсентиін Жасыбай батыр, Едіге, Жәуке, Алпыс, Жаңабек, Көшет, Дулат, Жалаңтөс батырлар тұрады.

Соғысқа бірінші болып Жасыбай батырдың сарбаздары түседі. Оның әскери тобы тау шатқалында тұрып, қарсыластарды өздеріне тым жақындатып алып, қолдарына найза мен қылыш ұстап, тосқауылдан шыға келген. Жау қаша жөнеліп, Сабындыкөлдің жанында ғана есін жиған. Күні бойы қан шайқас болған. Қорғанып жатқан қазақтар қырғынға ұшыраған. Жоңғар мергенінің оғынан Жасыбай батыр қаза болады. Бұл туралы естіген Олжабай бар әскерімен шабуылға шығып, жауды тас талқаның шығарып жеңеді. Шайқас Баянауылдан Ақшиман жеріне ауысады. Бұл жерде Олжабайдың жоңғарды қоршауға алып, оларды қыра бастайды. Сол кезден бұл жер «Қалмаққырған» деп аталады, яғни қалмақтар қырылған жер» деп түсіну керек.

Қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан таудың іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр қалмақтарға: “Сендердің бәрінді қосқанда өлген Жасыбайдың бір шынтағына тұрмайсындар”, - деп жауынгерлеріне жауды аяған жаралы екендігін ескертеді. Жасыңды тый. Ер елі үшін туады, елі үшін өледі. Қара жерге кіргенше қанын іздеймін боздағымның!

Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне кояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар кабір басына белгі ретінде үш түп жас қайың егеді. Сол қайыңдар әлі өсіп тұр. Сол жер Жасыбай асуы аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарады. Содан бері Жасыбай көлі аталады.

Жасыбайдың кегін қуған Олжабай батыр Серіктасқа бекінген жау қолын қырып, Ежен ханның ордасын талқандайды. Бұл жерді халық «Қалмаққырылған», «Қалмаққырған» атап кеткен. Қалмаққырған тауы Баянауылдың күншығысына таман 60 шақырымдай жерде. Қалмаққырғанның баурайында қазір Павлодар облысы Май ауданының «Ақшиман» совхозы орналасқан.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет