Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Россиядағы хор орындаушылық өнері және кәсіби хор өнерінің қалыптасуы



бет2/4
Дата06.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#1139
1   2   3   4

2.2 Россиядағы хор орындаушылық өнері және кәсіби хор өнерінің қалыптасуы

Орыс хор өнері – көпғасырлық дәстүр бойынша сіңірген ұлттық мәдение қазынаға жатады.

Кәсіби хор орындаушылық Киев Русінің гүлденуін яғни X ғасырдағы христиан дінінің бекуімен тұста – тұс келеді. Алғашқы ән орнынын византия хоры деп атайды, оны князь Владимир Киевке ән салу мектебіне өзі ала келген екен XI ғасырда.

Шіркеу әнінің негізі – бір дауысты еш аспап көмексіз орындау өнері болып табылды. Бұдан басқа Киевке кондокарлы ән салу жанры, яғни мадақ әнұрандары орындау кең өріс алды.

Хорды басқарып тұру үшін арнайы қимыл жестка құрылған (хейронамия) жүйесі қолданылды. Даместиктер әншілерді ауыр мелодия иірімдерінде ескертіп, темп қосуға арнайы жестпен білдіріп, отырды.

XII ғасырда Новгород, Владимир, Суздан, Псков, Рязань қалаларында хор мәдениеті жақсы дамып қарқын алды. Ән өнерінің орталығы болып Новгород қаласы аталды. Кейін хор мәдениетінің орталығы Мәскеуге ауыстырылды.

1551 жылы әр қаладағы шіркеу өмірін орталықтандырып реттеу мақсатында IV Иван тұсында үлкен жиылыс өтіп әр қалада балаларға арналған ән мектептерін ашу тапсырылды.

Иоан III тұсында әнші хатшылар хоры ұйымдастырылды бұл Петербор сарай хорының негізіне айналды. XVIII ғасырда бұл хор сарай капелласы аталып жетекшісі композитор Д. Бортнянский болды.

XVIII ғасырға дейін хор тек ерлер дауысынан құралды (тенор мен бас). XVII ғасырдың соңында бұл хорда дискант, альт дауыстары ән салды. Капеллада әйелдер дауысы тек 1920 жылы пайда болды.

XVI ғасыр соңында Патриарх хоры құрылды кейін бұл хор мәдениетін 1721 жылы Мәскеудегі Синадаль хоры басшылыққа алды.

Бұл Мәскеу хорына музыканттарды Украинаның Глуховская мектебі жіберіп отырды. 1886 жылы Синодаль хоры негізінде Синодаль училищесі құрылды.

Бұл училищеде А. Д. Кастальский, В. С. Калинников, М. И. Ипалитов, Н. С. Иванов сияқты мықты ұстаздар сабақ берді. 1910 жылы училище өзінің репертуарымен бағдарламасы жағынан консерваторияның бағдарламасына жақындады. Училище шіркеу хорларына регент (дирижер) дайындаумен қатар, халық мектептеріне де оқушылар дайындады. Көптеген атақты орыс дирижерлары училищенің түлектері болды.

1886 жылы Синодаль хоры Петербург каппеласымен кезекті жарыста жеңіп шығып, орыс хорларының жақсы үлгісін көрсетті. Бұл ұжым көптеген шетел қалаларында концерттер берді. Мысалы: Вена, Варшава, Рим, Дрезден, Берлин т.б. Европа қалаларында үлкен жеңістерге жетті. Орыс дирижеры Н. М. Данилиннің хорды басқару мәдениеті бүкіл Европаны таңдандырды. 1918 жылы Синодаль училищесі негізінде «Халық хоры академиясы» құрылды. 1923жылдан бастап халық академиясы Москва консерваториясына енгізіп, хор бөліміне айналды.

Училищеде хор мәдениетіндегі 2 бағыт деместволық ән орындау мен строчное немесе жол бойынша орындау стильдері кеңінен таратылды. Деместволық ән орындауда 9 дауысты орындаушылық мерекелік құдайға құлшылық рәсімдерінде көнен қолданыс тапты.

XVII ғасырдың 2 ші жартысында 5 тараулы партесті ән орындау кеңінен қолданылды.

Ал XVII – XVIII ғасырда орыс кәсіби хорында кант стилі орнығып көпшілікке таралды.

XVIII – XIX ғасырда көптеген ірі жер иелері өздерінің шаруашыларынан құралған жеке хорларын құрды. XVIII ғасырдың 50 – жылдарында аты әйгілі граф Шереметьев капелласы дүниеге келіп хор 150 жылдай өмір сүрді. Бұл капелланың жетекшілері дарынды композитор Сапенци болды. Капелланың жетістіктерге жетуі көрнекті орыс хормейстері Г. Я. Ломакинмен тығыз байланысты.

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Ресейде және шетелде Ю. Н. Галицин хоры кеңінен танымал болды. Сонымен бірге Ю. А. АгряневаСлавянскидің хоры да көптеген елде танымал болып өнерлерін көрсетті.

XIX ғасырдың 50- жылдары Ресейге И. Е. Молчановтың басшылығымен ең бірінші кәсіби халық хоры пайда болды. 1880 жылдары А. А. Архангельскийдің хоры өзінің концерттік жолын бастады. Архангельский хорында әйелдер дауысы қатыстырылып ансамбльмен сүйемелденді.


2.3 Орыс халқының хор музыкасы

Хор әдебиеті барлық хор шығармаларымен тығыз байланысты. Барлық елдердегі сияқты Ресейде де мәдениет өте жоғары дамыған. Орта ғасыр дәуірінде шіркеу болды. Ол шіркеулер халыққа өзінің билігін жүргізу үшін адамдардың сана – сезіміне, ойын әсер ететін әртүрлі құралдар қолданды. Ең басты құрал әуен болған.

XV ғасырдың 2 – ші жартысында россияда әнші дьяктардың тұңғыш профессионалдық хоры ұйымдастырылды, кейіннен 1763 жылы I Петр оны Император сарайының әнші капелласы деп атады. Сарай капелласы шіркеу салт – сияпатына қызмет етуге, патшаның салатанатты мейрамдарында көңілдендіру мақсатында халық әндерін орындауға белгіленді. Россияда көп дауысты хор пайда болды, көп дауысты хормен бірге сызықты нота системасы пайда болды. 1679 жылы ән мұғалімі, әрі композитор Н. П. Дилецкийдің «Музыка сауаты» деген орыс ән өнерінің оқулығы шықты. Бұл кітапта ән айтуға үйрету әдістері; демалу, дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дикция т.б. ән айтуға үйрету тәжірибесінде қазіргі дейін қажетті құнды ойлар айтылған.

XVIII ғасырдың 30- жылдарында Россияға Италияның ән айтуға (вокальная музыка) өнері ене бастады. Алдымен шақырылған әншілер мен музыканттар шағын көріністер қойып, 1737 жылдан бастап операларын орындай бастады да, оған орыс хоры қатысты, сөйтіп, көрермендердің ризашылығына ие болды. Сөйтіп хор айту өнеріне қызығушылық осы кезеңнен басталды.

Италия өнер шеберлерінің Россия хорының жоғарға дәрежеде дамуына ғасырлар бойы әсерін тигізді. Оның ішінде өнер шебері В. Манфрединидің атын айтуға болады, оның «Правила гармонического и мелодического для обучения всей музыки» атты еңбегінің үлкен маңызы болды.
2.4 Хорға өңделіп жазылған халық әндері

Халықтың бар өмірі әнмен байланысты. Еңбек, демалыс, қуаныш, қайғы, соғыс, жеңіс – бұның өзінің көріністері бар. Өлең ауыздан – ауызға, атадан – балаға және халықтың есінде сақталады. XVIII ғасырдан бастап әуесқой әншілер Ресейдің әр түкпірінен өлеңдерді, ертегілерді, аңыздарды жазып алды. Халық әндерінің жақсы үлгілері жинаған және құрастырған: Кирша Данилов, В. Трутовский, И. Прач.

XIX ғасырдың 30 – жылдары орыстың халық әндері өңделіп бірінші хор жинағы шыға бастады. Оның бірі И. Рупиннің жинағы «Фортепианрның сүйемелдеуімен және хорға арналып өңделген орыстың халық әндері» деп аталды.

«Ах! ты слышишь ли, мой сердечный друг» хорға өңдеген Рупин И.

Орыс композиторларының шығармашылығында халық әндерінің хорға өңдеу барысында мынадай типтер пайда болды: үндестілік, мұнда әуен ең жоғарғы дыбысқа аккордтардың сүйемелдеуімен, басқа дауыстардың орныдалуымен беріледі; өңдеудің полифониялық типі, кемелденген дауыс құрылымдардың, имимтациялар, дауыс жүргізудегі контрасты полифонияны береді; аралас тип, бұл өзіне өңдеудегі үндестілік пен полифониялық элементтерді енгізеді; еркін өңдеу, бұл жоғарыда берілген өңдеу типтерінің бірігуі негізінде және халық әндерінің тақырыбына өзіндік жекеше құрастыруға жақындайтын негізде жасалады.

Ескі әндердің ерекшіліктерін сақтай отырып, фортепианонаның фактурасын өте маңызды бере білген М. Балакирев болды. 1866 жылы оның ең бірінші жинағы «Орыс халқының 40 әні» деген атпен шықты.

Орыстың халық әндері М. Мусоргскийдің шығармашылығында да үлкен роль атқарды (1839 - 1881). Композитор оларды өз операларында кең қолдана және жеке хор орындайтын етіп өңдеді. Орыстың төрт халық әндері – «Ты взойди, взойди, солнце красное», «У ворот, ворот батюшкиных»» «Скажи, девица милая» және «Ах ты воля моя, воля» - сүйемелдеусіз төртдауысты ерлер хорына Мусоргский өңдеп жазды.

Н. Римский-Корсаковтың шығармашылығында халық әні басты орын алды. (1844 - 1908). 1979 жылы «Сүйемелдеусіз, халықтық ладта жазылған орыс халқының 15 әні» деген жинақ шықты.

А. Лядов (1855 - 1914), А. Глазунов (1865 - 1936), А. Кастальский (1856 - 1926) классик композиторлардың традициясын жалғастырды және халық әндерін хорға өңдеу барысында кейбір жаңалықтар енгізді.

А. Лядов – музыкалық миниатюралардың шебері. Оның хорға өңделген шығармаларына тесситураның ұстамдылығы, камералық үнділік, хорға жазу өнерінің көркемдігі, әсемдігі, музыкаға өзгеше түр берудің жай – жапсармалары тән. Мысалы, «Ты река ли моя, реченька» өлеңінен байқауға болады.



А. Глазуновтың хоға өңдеген шығармасы «Эй, ухнем» және «Вниз по матушке по Волге» сүйемелдеусіз орныдалатын монументтілігі мен және дыбыс шығарудың қуаттылығымен ерекшеленеді.

А. Кастальскийдің творчествосы еті тірі, табиғи құштарлығымен халық әндерінің қатарына енеді. Ол өте білімдар және хорға арналған жаттығуларды жинаушы, халықтық әндердің рухани ерекшілігіне жақын хор шығармалардың авторы ретінде танымал болды. «Поля неоглядные», «Стенька Разин», «Ты рябинушка», «У ворот, ворот батюшкиных», «Кума» және хорға арналған өңдеулерінде дауысты жүргізу еш күштемей – ақ өсіп, дамып жүргізіледі, табиғи мелодиялық демге өзін - өзі әкеледі.

Орыс композиторлары Калинников, Никольский, Гречанинов, Чеснаков ізашарлардың, негізді салып кеткен композиторлардың хорға арнап халық әндерін өңдеу жанры барысында жасап кеткен традицияларын әрі қарай дамытып, жалғастырды.

Халық әндерін халыққа танымал еткен, оны таратқандардың бірі Новиков болды, ол өзінің бес жүз әндерден құралған үш томдық жиынтығын шығарды, онда жай екі дауыстан бастап көп дауысты дамытылған орыстың халық әндеріне жасалынған өңдеулері берілген.

Давиденконың, Шехтердің, Александровтың жасаған өңдеулері де ереше орын алады. Еркін жасалынған өңдеулері «Узник», Давиденконікі, «Море яростно стонало», «Слушай» Шехтердікі «Там вдали, за рекой» Александровтың азамат соғысы және орыстың революциялық әндер тақырыбына жазған өңдеулері хор поэмаларының формасына жақындайды және орындаушыға әжептәуір қиындық туғызады деп білеміз.

А. В. Александров халық әндерін халыққа тарату барысында көп жұмыс жасады. Мысалы: «Горы», «Во поле березонька стояла», «Вниз по матушке по Волге» т.б.

А. В. Свешников белгілі хордың дирижері, СССР – дің мемлекеттік хор академиясының жетекшісі орыстың көптеген халық әндеріне өңдеулер жасады. 1928 жылы А. В. Свешников радио хорын ұйымдастырды және оның көркемдік жетекшісі болды. 1936 жылы СССР – дің мемлекеттік хоры ұйымдастырылды және Свешников олармен 1937 – 1941 жылдар аралығында Свешников – СССР мемлекеттік академиялық хордың алмаспайтын жетешісі болды. 1944 жылы ол Москваның хор училищесін және балалар хорын ұйымдастырды. Свешников Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, СССР халық әртісі, профессор. 1948 жылдан 1974 жылға дейін Москва консерваториясының ректоры болып қызмет жасады.

Өзінің көптеген хорға аспап сүйемелдеуінің функциясын береді, мысалы, италия халқының әні «Прощание» - де дауыстардың әдемі тембрлік бояуларын қолдана отырып, «Вечерний звон» әніндегі сияқты дыбысқа еліктеу эффектісін туғызады.


2. 5 Орыстың опералық хор әдебиеті

XVIII ғасырда музыка мәдениеті қатты екпінмен дами бастады. Мұнда ең басты орынды театр алды. 1730 жылдары Россияға италияның опералық тобы келіп, өз репертуарындағы коммедиялық пьесаларды, музыкалық интермедияларды көрсетті.

XVIII ғасырдың ортасынан бастап орыс халқының артитерінің қатысуымен опералық спектакльдер орыс тілінде орындала бастады. Орыстың опералық театрының туылған күні деп, сарайда Араийдің «Цефал және Прокрис» операсының қойылған 1755 жылды айтуға болады.

Сол кездегі опералардан бізге жақсы жеткен М. Соколовскийдің «Мельник – колдун, обманщик и сват» дегені және «Санкт – Петербургский гостинный двор» - деген опералары өте жоғары бағаланып, мұндағы хорларға көрнекті орын берілген. Бұл оперладың музыкасы белгілі халық әндеріне құрылған. «Мельник» операсында әйелдер хорымен орындалатын («Что без бури, без вихоря ворота отпиралися») созылыңқы, ескі той малт – дәстүріне арналған.

Композитор Е. Фомин халық әндерінен хорға арналған күрделі өңдеулер жасады. Оның «Ямщики на подставе» ең бірінші «хор» операларының бірі болып сааналады. «Орфей» мелодрамасы ең ірі көпшілік сахнасында көрінді. Бортнянскийдің «Сын соперник» операсында хор ең маңызды орын беріледі.

1815 жылы «Иван Сусанин» операсы орыс операсының құрылуының алғашқы қадамы болып саналады.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс композиторларының романтикалық талпынысы опералық жанрда да өзінің нақты көрінісін тапты. Әсіресе Верстовскийдің «Пан Твардовский», «Аскольдова могила», «Вадим» т.б. опералардың оқиғасының желісінің дамуы фантастикамен, құпиялылығымен, ертегілерімен ұштасады.

М. Глинканың опералық-хор шығармашылығы (1804 - 1857). Орыстың ұлы композиторы, орыс халқының ұлттық классикалық музыкасының негізін қалаушы. Оның «Иван Сусанин»,
«Руслан и Людмила» опералары шындықты, сиқырлы ойларды, тарихи жырлар және тұрмысты да көрсетеді.

Композитор «Иван Сусанинді» отандық қаһармандық трагедиялық опера деп атады. Негізгі мазмұны – Иван Сусанин шаруаның ерлігі, жаумен күрестегі орыс халқының батырлығы, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі жатыр.

«Руслан и Людмила» операсы «Сусанин» сияқты зор бағалы, мәңгілік хор шығармаларымен көмкермеленеді.

Бірінші және бесінші көріністердегі хорлардағы ертедегі Русьтің музыкалық мәдениеті, оның тұрмысы жайлы, тіл ерекшеліктері туралы анық музыкалық суреттеме береді. «Руслан мен Людмила» операсы фантастикалық характер алады, шығыстың ладтық бояуларымен әшекейленген.

Интродукцияда киевтің князі Святозавравтың сәулеті сарайындағы той дәстүрін суреттейді. Әкесімен қоштасатындағы туралы ойлап отырған жас князьша Людмиланың кавантинасынан кейін «Не тужи, родимое» деген қонақтардың хоры айтады:

Операдағы әйгілі хордың бірі «Ах ты свет Людмила» аралас хор қайғылы, мұңды характерде орындайды. Синкопамен берілген әуен халықтың жоқтауын еске түсіреді.

Глинканың опрералық хор жанры өзінің вокальдық ерекшіліктері жағынан, тесситурасының ыңғайлығы, тембрлік байлығымен, структурасының метроритмдік және формасының динамикалық варияциялығымен ерекше көрінетін дүние:

1) Опера «seria» - батырлық мазмұнға құрылған маңызды опера;

2) Опера «buffa» - тұрмыстық мазмұнға құрылған күлкілі опера;

3) Земзелюшка – кукушка – көкек;

4) Контрапункт – екі немесе одан да көп дауыстардың бір мезгілде қосылып орындалуы;

5) Рондо – музыкалық форма, мұндағы берілген музыкалық бас тақырып эпизодтарымен кезектесіп, кемінде үш рет қайталанады;

а) Рефрен – бірнеше рет қайталанатын рондо формасының негізгі бөлімі;

б) шумақ формасында жазылған шығарманың екінші бөлімі (қайырмасы);

6) Кульминация – шарықтау шегі, музыкада эмоциялық өрлеу сатысы.

А. Даргомыжскийдің опералық – хор шығармашылығы

А. Доргамыжский (1813 - 1869) музыка тарихында өнердегі сыншыл реализмнің өкілі ретінде енді. Ол шындыққа қарсы қарама – қайшылықты жақтарын, сол кездегі қоғамның әлеументтік теңсіздігін өткір сықақпен және осымен қатар адам жанының жағыдайын музыкамен бере білген өте нәзік психолог болды.Орыс фольклоры композиторға үлкен әсерін тигізді: әндер, ертегілер, тұрмыс – салттар. Даргомыжскийдің композиторлық таланты оның вокальдық және опералық шығармашылығында толығымен айқындалды.

Глинканың «Руслан» операсынан кейінгі бірінші үлкен орыс операсы – «Русалка» 1859 жылы қойылған.

«Ах ты, сердце» - созылмалы лирикалық ән. Бұл әнді гобой бастайды. Хор шумақты – варияциялық формада жазылған. Бірінші шумағы ре минорда гармониялық складта басталады және сонында ля минорға модуляция жасайды.

А. Бородиннің опералық – хор шығармашылығы

Ұлы ғалым – химик, орыстың танымал композиторы Александр Порфирьевич Бородин (1833 - 1887). Ол барлық жанрда өзін жарқырап тұрған шебер ретінде көрсете білді.

А. Бородин «Князь Игорь» операсымен 1869 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. Композитордың кенеттен қайтыс болуына байланысты опера аяқталмай қалды, оны достары Римский – Корсаков пен Глазунов жазып бітірді.

«Князь Игорь» - орыстың ұлттық – эпикалық операсы, Глинканың «Русланымен» тағдырлас. Либреттосын композитор өзі жазды. Негізгі мазмұнында ертедегі тұрмыс-салт жырланады. Ертедегі шежірелер «Слова о полку Игореве» 1185 жылғы драмалық жағдайлар бейнеленіп көрсетілген қыпшақтардың шабуылы орыстың князьдық құруына. Қыпшақтар – түрік тегінен шыққан көшпелілер. Оларға князь Святославичтің жүргізуімен жорыққа шыққан Путивлядан, Рыльскіден, Трубчевскіден, Курскіден қоныстанған жауынгерлер тұрды.

Операда халықтың орны өте зор. Композитор екі елдің дәстүрін көрсетеді: орыстар және қыпшақтар. Өздерінің князьдарымен бірге өз Отанын қыпшақтардан қорғауға тұрған орыс халқы, операның прологында «Солнцу красному слава» хорымен ұсынылады. Операның бірінші көрінісінде князьді мадақтап ерлер хоры «Княжьи молодца гуляли», «Княжья песня» хорларын айтады.

Николай Андреевич Римский-Корсаков 1844-1908 ж.

Оның опералары мазмұны, формасы, музыкалық драматургиясы әртүрлі болып келеді. Біз бұл композитордан халықтың өмірі мен тұрмысын, тарихын, табиғатқа деген ұмтылысын, сарқылмас қиялы мен жоғары адамгершілігін бейнелейтін шығармаларды таба аламыз.

«Псковитянка» - Римский-Косаковтың ең бірінші операсы. Бұл операда халықтың трагедиясын және жан ұясының драмасын көрсетеді.

«Майская ночь» - операсын Римский-Корсаков 1878 жылы Гогольдің повесі бойынша жазды. Бұл операда шындық ескі тұрмыс-салтпен және қиял-ғажайып көріністермен тығыз байланысты. Операда мазмұны мен құрамды аралас хордың орындауындағы «Проса» әнімен басталады.

«Майская ночь» - операсында мазмұны мен құрамына қарай әртүрлі хорлар көп. Мұндағы «Песня про Голову» әні операның ең комедиялық эпизодтарының бірі. Хордың формасы – рондо тектес шумақты-варияциялық.

1894 жылы Римский-Корсаков Гогольдің сюжеті бойынша «Ночь перед Рождеством», «Снегурочка» операсын жазды. «Снегурочка» операсындағыдай бұл опера да шындық пен қиял, тұрмыс-салт, табиғат көріністері, фантастикалық образдар мен түрлі қиялдан туған нәрселер қатар келіп жатады. Операның музыкасы украин халық әндерінің интонациясына қаныққан. «Коляда девчат» әйелдер хоры «Павочка ходя, пирьячко роня» атты көне украин халқының әніні варияция түрінде жазылған. Табиғаттың жарқын шешуші хор – «в память Гоголя» украин халқының әншілік өмірін терең бойлаған.

«Садко» 1895-1896 жылдары жазылған. Композитор операның либреттосын бай көрестермен, теңіз ханшасының өзіне деген махаббатын жеңіп алатыны жөнінде бәстескен және де жеңіс оның пайдасына шешілген гусляр Садко және оның су асты патшалығында болуы мен адамдарға қайтып оралуы, сонымен бірге өнердің ұлылығы, құдіреттілігі негізінде жазды. Саудагер қонақтардың «Будет красен день» хоры бірінші көріністе орындалады. Дәстүрлі «Гой!» деген махамды, шешімді, батыл эпикалық құрылымдағы әуен ежелгі батырлар жырының әуеніне жақын. 11/4 өлшемі тек Римский-Корсаковтың хорларында кездеседі. Симметриясыз өлшемдер (7/4, 11/4) және күрделі аралас өлшемдерді қолдана отырып, хор өнеріндегі үздік шеберлігі, алуан түрлі стиль байлығы, формалары халық өміріне терең бойлауы – композитор творчествосының, келешек ұрпақтың хор өнерінің керемет мектебіне айналуына негіз болды.

«Снегурочка» - бл опера басқа шығармаларға қарағанда композитордың ең сүйікті операсы болған. Сюжеті А. Н. Островскийдің ертегі пьесасынан алынған. Пьесасында да, операсында да халықтың өмірін бақытты, әдемі етіп көрсеткен.

Операның басталуын оркестр ашады. Көктемнің басталуы флейта-пикколамен беріледі. Сонымен бұл басталу операның үш музыкалық бейнемесімен суреттеледі (Аяз Ата, Шайтан, Көктем).

Петр Ильич Чайковскийдің опералық-хор шығармашылығы

П. Чайковский (1840 - 1893) опералық жанрға көп көңіл бөлді. Адамдардың ішкі жан-дүниесі, олардың нәзік жақтары композиторды толғандырды және де оның шығармашылығында негізгі маңызды орынды алады.

Чайковский өзінің халқын, әндерін, оның тұрмыс-салттын сүйді. Оның операларында да халықтың жеке бір орындайтын көпшілік көріністер көп; бұл «Евгений Онегин» операсынан шаруалар хоры, «Мазепадан» халық хоры, «Опричниктен» опричниктер хоры, және «Пиковая дамадан» және «Опричниктен» балалар хорлары.

Халық әндерінің интонациясын, тұрмыс-салт, би хоровод стильдерін, метроритмикалық құрылымның байлықтарын өзінің қорларында пайдалану барысында ол орыс және украин халықтарының фольклорымен терең байланысты жатқанын көрсетеді. «Евгений Онегин» операсындағы хоры, «Я завью, завью венок мой душистый» әйелдер хоры «Мазепа» және «На море утушка» «Опричник», «Выросла у тына» «Червички» хорлары халықтық-ән стилінде жазылған.

Сергей Ивановия Танеев 1856 жылы Владимир қаласында дүниеге келді. Танеев халықтық музыканы меңгеруге үлкен көңіл бөлді. А. А. Гатцуктан жиырам жеті украин әнін жазып алып, оларды хорға өңдеді.

С. Танеевтің 80 жылдары жазылған шығармаларының ішінен «Иоанн Дамаскин» кантатасы ерекшеленеді. Кантата үш бөлімнен тұрады.

«Орестея» операсында Танеев ежелгі кездегі Эсхил жеріндегі трагедия жайлы айтады. Опера сегіз көрініске бөлінген үш бөлімнен тұрады.

Танеевтің сүйемелдеусіз айтылатын хорға арналған шығармалары өзінің қарапайымдылығымен, көлемінің шағындылығымен ерекшеленеді. Көптеген хор партитуралары арнау арқылы беріледі: «Синодальному хору», «Русскому хоровому обществу», «Хору императорской оперы в Петербурге», «Хору Московских Причестенских курсов для рабочих», «Хоровому обществу чешских учителей». Танеевтің сүйемелдеусіз айтылатын шығармаларының көпшілігі гомофонды-гармониялық складта жазылған. Осындай хорларына ерлер даусына арнап жазған шығармаларды алуымызға болады: А. Хомяковтың сөзіне жазған «Вечерняя песня», «Песня короля Регнера», «Венеция ночью» және «Ноктюрн», «Веселый час» т.б.

«Посмотри, какая мгла» - Танеевтің хор шығармашылығындағы нәзік үлгісі ретінде композиторды тағы да қырынан көрсетеді.

Бұл әсер барлық париялардың «non legato» - ға си-минор тональностінде айтулары барысында күшейе береді. Хор төрт дауысты аралас хорға арналып жазылған. Формасы қайталаумен күрделі үш бөлімді. Тональдық планы бойынша бұл сонаталық формаға жақындайды, репризада ең әуелі қосымша және аяқталушы партиялар айтылады, содан кейін си минор тональностінде негізгі партия естіледі.

Аталған шығармалар классикалық хор музыкасының тамаша үлгілерінің бірі болып саналады.



Көпшілік әндер

Көпшілік деген жанр музыка өнеріне Ұлы Октябрь Социалистік революциясының жеңісінен кейін келді. «Көпшілік» деген терминнің өзі көпшілік халықпен орындау үшін жаңа шыққан әндерге қолданыла бастады.

Көпшілік әндердің даму сатылары тарихи этаптарымен сәйкес келеді.

Бірінші этап (1917-1920) – еліміздің азамат соғысының және революциялық күрестің кең өріс алған кезеңі. Осы кездегі әндердің тақырыбы батырлық күрестерді мадақтайтын әндер мысалы: «Смело товарищи в ногу», «Варшавянка», «Дубинушка», «Замучен тяжелой неволей», «Расстрел коммунаров», «Марсельеза», «По долинам и по взгорьям», «Яблочкаә.

Екінші этап (1921-1932) жылдар аралығында дамыды. Көптеген әндер азамат соғысымен тақырыбына құрылды. Мысалы: «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер», «Железными резервами», «Юность», «Цирк», «Веселые ребята», «Волга-Волга», «Вратарь», «Весна» т.б.

1941-1945 жылдар аралығында көпшілік әндер жанрының негізгі сипаты - әскери – қоғаныс тақырыбында болды. А. В. Александровтың «Қасиетті соғыс» соғыстың алғашқы күндері жазылды. «Священная война» әнін ұлы ұранға айналдырды. Оның сөздері сол уақыттағы негізгі ойды толғады. «Идет война народная, священная война».

Осы кездегі композиторлар шығармашылығында махаббат, адалдық және солдаттың достығы жайлы жырланады: Соловьев-Седойдың «Соловей», «Вечер на рейде»; Богословскийдің «Темная ночь»; Листовтың «В землянке»; Блантердің «В лесу при фронтовом».

1944 жылы 1 қаңтарда С. Михалков пен Г. Эль-Регистанның сөзіне жазылған А. А. Александровтың «Совет Одағының гимні» алғаш орындалды.

Сүйемелдеусіз айтылатын хорлар

20-шы жылдары көпшілік әндермен және халық әндерінің хорға арналған өңдеулерімен қатар сүйемелдеусіз айтылатын хорға арналып бірінші шығармалар да шыға бастады. Өнер шеберлігі, композиторлар А. Кастальский, Д, Васильев-Буглай, Г. Лобачев жаңа революциялық өнерге өздерінің күштерін сарп етті.

А. Каситальский сүйемелдеусіз айтылатын аралас хорға арнап, «Русь» хорын жазды, бұл В. В. Стасовқа арналып жазылған. Кастальскийдің екінші «Красная Русь» хорында Отан тақырыбынан ашық көрсетеді.

Васильев-Буглай тарихи-революциялық тақырыпқа хорлар циклын жазды, оның ішінде белгілі хоры «Девятое января» және ауыл өмірін суреттейтін әндік хорлары «Гармоника», «Уражайная плясовая» деген. Ловачевтің де хорлары көршілік әндерге жақын болып келді. Ловачевтің де хорлары көршілік әндерге жақын болып келеді. Оның «Да здравствует Первое мая!», «Мы победим» хорлары фаефарлы ырғалығымен ерекшеленеді.

Сюиталар, кантаталар, ораториялар

Хор сюиталары. Сюита деген жанр хор музыкасына аспаптық музыкадан енді. Сюита (француздың suite – қатар, тізбек деген ұғымды білдіреді) жалпы-көркемдік ой-желісімен біріккен, бірнеше жеке бір – біріне қарама-қарсы бөлімдерден тұратын цикликалық музыкалық форма. Хор музыкасында бұл жанр советтік дәуір кезінде пайда болды.

1926 жылы А. Пащенконың аралас хорға сүйемелдеусіз жазған «Төрт орыс-әндерінен құралған сюитасы» жарық көрді. Д. Васильев-Бугайдың «Стенька Разин», А. Давиденконың «Чечен сюитасы», М. Ковальдың «Халақтар семьясы» атты хор сюиталары шықты.

А. Новиков хор сюитасының жаңа бір «әндік» түрін ашты. 1938 жылы ол Хасан көліндегі жағдайларға байланысты «Хасан сюитасын» жазды. Сюита 5 бөлімнен тұрады: «Пала темная ночь», «Расскажи ты, ночь сырая», «Лейтенант Галимов», «Граната», «Стрелковая заозерная». Новиковтың соғыс жылдарында жазған екі хорға арналған сюитасы да ән үлгісіне жатады. Олар – «Солдатские напевы» және «Волжские напевы».

Солдаттың ерлігі, партизандардың айбынына арналған шығармалар соғыс жылдарында көп туындады. Мысалы: Д. Кабалевскийдің «Народные мстители», В. Беловтың «Славянская сюита» фашизмге қарсы балкан партизандарының күресіне арналады.

Бейбіт өмірі мен еңбектерін қамтитын хор сюиталары шықты. Солдаттың Отанына оралуы, соғыстан бұзылған үйлерді қайта тұрғызу, колхоздардағы той салтанаты – осы мазмұнда В. Макаровтың «Солнечные плесы» хор сюитасы кіреді.

XIX және XX ғасырдың басында революциялық ақындардың сөзіне жазған Д. Шостаковичтің «Десять поэм» циклі хор сюитасы жанрына жақындайды (сүйемелдеусіз аралас хорға арналған).

«Десять поэм» түрі бойынша жазылған хор сюиталарының көпшілігінде революциялық тақырып орын алады. Олардың ішінде сюиталар: Ф. Маслотың «1917 жыл». Бұлардың барлығы а’сapeIIa хорларынын тұрады.

Кантата (итальянша - петь, ән салу) – хорға, солистке, оркестрге арналған бірнеше номерлердің басын құрайтын, лирикало-эпикалық немесе салтанатты характердегі шығарма (вокалдық).

Кантата XVII ғасырда вокалдық музыка формасы түрінде Италияда пайда болды, бәрінен бұрын бұл лирикалық характердегі жеке шығармалар болды, кейде екі немесе үш дауыста әншілерге жазылды, кейіннен кантатаға хор енгізілді, оның сюжеттерінің және бейнелерінің ортасы кең ауқымды алды. XVIII ғасырда Европалық музыкада жеке кантаталармен қатар оның ақсүйектік және хорлық жанрлары пайда болды. Ю. Шапориннің «На поле Куликовом», С. Прокофьевтің «Александр Невский» кантаталары үлкен шығармалар қатарына жатады.

С. Прокофьевтің «Александр Невский» кантатасы 1938 жылы жазылған.

Кантата жеті бөлімнен тұрады: «Русь под игом монгольским», «Песня об Александре Невском», «Крестоносцы во Пскове», «Вставайте люди русские», «Ледовое побоище», «Мертвое поле», «Вьезд Александра во Псков».

Орыс халқының бейнесін суреттей келе, композитор тұпнасқалы халық әуендерін сол қалпынды қайталаған жоқ, біріақ оны музыкасы ұлы ертедегі эпикалық батырлар жырын, созылмалы әндерді еске асалады. «Песня об Александре Невском» бөлімінде халықтық әуен айрықша шыққан:әуендер фразаны аяғында октавалық және квинталық жүрістермен төмен қарай қозғалыс жасайды. Хор үш бөлімді формада жазылған.

Ю. Шапориннің «На поле Куликовом» симфония- кантатасы да орыс халқының тарихының батырлық кезеңдеріне арналады. «Александр Невскийдегі» сияқты мұнда да екі түрлі әлемнің – орыс адамдары менмонғол-татар шапқыншылығының бейнелерін қарама-қарсы қояды.

Соғыс жылдарында сол кездегі адамдардың батырлығы жайлы, жауынгер тақырыбына көптеген кантаталар жазылды. Олардың ішінде мыналарды айтуға болады: «Киров с нами» В. Маяковскийдікі, «Родина великая» Д. Кабалевскийдікі, «О Балтике и Ленинграде» М. Юдиндікі, «Красной Армии слава» А. Новиковтікі.

Соғыс жылдарынан кейін де батырларға, жеңіске арналған патриоттық мазмұндағы кантаталар шықты. «Победосная кантата» А. Новиковтікі, «Утро Отчизны» және «Сады цветут» В. Сорокиндікі, «Зоя» В. Юровскийдікі және тағы басқа. Бейбітшілік үшін күрес тақырыбына да кантаталар шықты. «Голос мира» Пашенконікі, «За мир» А. Маневичтікі, «Песнь труда и борьбы» В. Чистяковтікі.

А. Арутюнянның «Отан туралы кантатасы» аралас хорға, оркестр және солистер-баритон және меццо-сопранаға арналып жазылған, сөзі Сармен мен А. Граштікі. Бұл 1948 жылы жазылған және бұған бірінші дәрежедегі мемелекеттік сыйлық берілді.

50-ші жылдары совет композиторларының шығармашылығында вокальдық және хор шығармалары үлкен орын алды. Кантата жанрына Г. Свиридовтың «Поэма Сергея Есенина» атты вокальды-симфониясы жатады. Бұл Есениннің әртүрлі өлеңдеріне жазылған, және бұл ақын мен революциясының, ақын мен халықтың ара байланысының тақырыбын ашады. Б. Пастернактың сөзіне Г. Свиридов «Снег идет» және «Курские песни» деген кантаталары жазылды.

Оратория (латынша oratoria - шешендік) – хорға, жеке әншілер мен симфониялық оркестрге, драмалық мазмұндағы концерттік орындаушыға арналған ірі шығармалардың бірі. Кантататадан ораторияның айырмашылығы - өлшемінің үлкенділігінде, мазмұның кең көлеміндігінде.

1927 жылы совет мемелекетінің 10 жылдығына арнап, жас композитор оратория жазуға алғашқы қадам жасады. Композиторлар В. Белый,А. Давиденко, М. Коваль, З. Левин, Б. Шахтер, Н. Чемберджи және басқалары Давиденконың басқаруымен «Путь Октября» ораториясын жазды. Оратрия үш бөлімнен тұрады: біріншісі – 1905 жыл, екіншісі – 1917 жылғы февраль революциясының салтатанатына арналып жазылған.

30-шы жылдардың аяғында оратриялық жанр қанатын кең жая бастады. Сол жылдары Е. Голубевтің «Возвращение солнца», А. Пащенконың «Ленин», М. Ковальдың «Емельян Пугачев».

Г. Свиридовтың «Патетикалық ораториясы» Маяковскийдің революция туралы жазған поэмаларынан үзінділер және өлеңдер қолданылған.

«Здесь будет город-сад» - «Патетикалық оратрияның» бесінші бөлімі – бұл Маяковскийдің «Рассказ о Кузнецкстрое и о людях Кузнецка» өлеңіне жазылған. Свиридов бұл бөлімді де әңгімелесу формасында жазған, мұнда автор болып жеке әнші (меццо-сопрано) орындайды. Хордың негізгі мазмұны – социалистік құрылыстың бірінші жылдарындағы адамдардың ашықты, жаланыштықты білмей жаңа өмір құруды батырлықпен еткен дағдылы жұмыс күндері туралы.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет