Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі


«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бедел» партиялық ұйымы



бет6/11
Дата01.04.2017
өлшемі3,06 Mb.
#13466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бедел» партиялық ұйымы

ОҚМФА-да 2009 жылы қараша айында 125 адамнан тұратын (ПОҚ және ӘБҚ (АУП) 30%) «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бедел» партиялық ұйымы құрылды.

«Жас Отан» студенттік партиялық ұйымының білім алушылар қатарынан тұратын мүшелері 500-ден асады.

2010 және 2012 жылдары ОҚМФА «Бедел» партиялық ұйымы «Нұр Отан» ХДП тарапынан партияның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» дипломымен екі рет марапатталды.


ОҚМФА-ның қоғаммен байланыстары

ОҚО фармацевтикалық және медициналық мекемелерінің «Даму» ассоциациясы, ОҚО дәрігерлері ассоциациясы, ОҚО бойынша «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Одағының филиалы, «Нұр Отан» Халық-Демократиялық партиясы, жеке кәсіпкерлердің аймақтық Палатасы және т.б. қоғамдық мекемелер өкілдерімен кездесулер өткізіліп отырылады.



«Білім беру бағдарламаларын аккредитациялау арқылы Қазақстандық білім беру Еуропалық сапа стандарттары жолында»

2011 жылдың 14-15 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім беру бағдарламаларын аккредитациялау арқылы Қазақстандық білім беру Еуропалық сапа стандарттары жолында» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар қазақстандық білім беру сапасының мәселелері мен оның Еуропалық стандарттармен үйлесуіне арналды.

Тұңғыш рет М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде еуропалық сапа желісі жетекшілері, Еуропа, Ресей және Қазақстан аккредитациялық агенттіктері, казақстандық ЖОО басшылары бірге жиналды.

Семинар жұмысының нәтижесінде «Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету» Шымкент декларациясына қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы (ректор, профессор Сексенбаев Б.Д.) ҚР жетекші жоғары оқу орындарымен бірге қабылданған «Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету» Шымкент декларациясына қол қойды.

Шымкент декларациясының негізгі мақсаты – Қазақстанның жоғары оқу орындарының еуропа стандарттарына сәйкес ішкі кепілді сапа жүйесін құруға ұмтылысын растау және жетекші халықаралық агенттіктерден аккредитация процедураларынан өтуге міндеттеме қабылдау.
«20 жұлдызды күн» акциясы

Академияның Ғылыми кеңесінің 23 қараша 2011ж. кеңейтілген мәжілісінде «20 жұлдызды күн» акциясы бастау алды.

Ғылыми кеңестің құрметті қонағы – академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов.

Ғылыми Кеңеске ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына академияның жетістіктері, сондай-ақ негізгі бағыттары мен халықаралық ынтымақтастық болашағы ұсынылды.

Академия басшылары салтанатты түрде Төрегелді Шармановқа ОҚМФА Құрметті профессоры атағын берді, ал 20 үздік студент еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай атақты ғалымның қолынан 20 ноутбук алды.

Академияның кадрлық ПОҚ құрамы:

ОҚМФА-ның 2009 жылы қайта құрылуына байланысты профессор-оқытушылар құрамының саны (қайта құрылғанға дейін адам саны – 456) азайды. ПОҚ санының өзгеруі мен дәрежеленуі 2 суретте көрсетілген.


2009-2010 оқу жылында ПОҚ саны – 241 адамды (31.08.2009 ж. мәлімет бойынша) құрады, оның ішінде:

Ғылым докторлары – 26, оның ішінде профессор – 17;

Ғылым кандидаттары – 83, оның ішінде доценттер – 36,

Магистрлер – 0.

Оқытушылардың дәрежелену пайызы - 45,0%-ды құрады.
2010-2011 оқу жылында ПОҚ саны – 257 адамды (31.08.2010 ж. мәлімет бойынша) құрады, оның ішінде:

Ғылым докторлары – 27, оның ішінде профессор – 22;

Ғылым кандидаттары – 94, оның ішінде доценттер – 43, магистрлер – 16.

Оқытушылардың дәрежелену пайызы - 47,5%-ға көтерілді.


2011-2012 оқу жылында ПОҚ саны – 290 адамды (31.08.2011 ж. мәлімет бойынша) құрады, оның ішінде:

Ғылым докторлары – 28, оның ішінде профессор – 22;

Ғылым кандидаттары – 106, оның ішінде доценттер – 43, магистрлер – 22.

Оқытушылардың дәрежелену пайызы - 46,2%-ды құрады.


2012-2013 оқу жылында ПОҚ саны – 298 адамды (01.01.2013 ж. мәлімет бойынша) құрады, оның ішінде:

Ғылым докторлары – 22, оның ішінде профессор – 17;

Ғылым кандидаттары – 107, оның ішінде доценттер – 40,

Магистрлер – 21.

Оқытушылардың дәрежелену пайызы - 45,0%-ға көтерілді.
2013-2014 оқу жылында ПОҚ саны – 308 адамды (01.03.2014 ж. мәлімет бойынша) құрады, оның ішінде:

Ғылым докторлары – 22, оның ішінде профессор – 17;

Ғылым кандидаттары – 135, оның ішінде доценттер – 46,

Магистрлер – 38.



Оқытушылардың дәрежелену пайызы - 51,0%-ға көтерілді.

ОҚМФА-ның ПОҚ құрамына: 1 ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1 «Парасат» орденінің иегері, 1 ҚазСРО-ның еңбек сіңірген дәрігері, Қазақ Ұлттық академиясының 2 академигі, ҚазМҒА 1 академигі, ҚазМҒА 1 корр-мүшесі, ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының 7 лауреаты кіреді, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің 70 иегері, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің 2 иегері, Оңтүстік-Қазақстан облысының 80-жылдығына арналған медельдің 6 иегері кіреді.



ОҚМФА-ның материалды-техникалық базасы:

ОҚМФА-ның бас оқу ғимаратында компьютерлік-тестілеу, баспа орталығы (КТБО), баспахана (типография), кітапхана-ақпараттық орталығы (КАО), ОКСО (Оқу-клиникалық симуляциялық орталық) және КДЗ (Клиникалық-диагностикалық зертхана), телемедицина кабинеті, лингафон кабинеті, мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған дәрісханалар, оқу бөлмелері, бірқатар кафедраларда (химия және ФГЗ кафедрасы, биохимия, медбиология және микробиология кафедрасы, дәрілер технологиясы кафедрасы, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы және т.б.) заманауи зертханалық құралдармен жабдықталған оқу зертханалары, әскери кафедра, акт залы, анатомиялық мұражай, кіші мәжіліс залы, спорт және 2 тренажер залы, қызметтік және әкімшілік орындары, медпункт, буфет және 150 орынға арналған асхана, ұста шеберханасы, АҚ штабы бар. Бейнемониторингімен қамтамасыз етілген.

ОҚМФА-ның инфрақұрылымына жатақхана, спорттық-сауықтыру лагері (жалпы ауданы 4,5 га.) кіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының клиникалық базаларымен оқу сабақтарын өткізу туралы келісім-шарттар құрылған. ОҚО ДСБ ЕСМ-нің клиникалық базасының жалпы ауданы 2011-2012 оқу жылында 2746 ш.м құрады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында орналасқан бас оқу корпусының ғимараты 1968 жылы КСРО Су шаруашылығы Министрлігінің «Союзгипрорис» жобалау институты үшін салынған. 1992 ж. облыстық әкімшілік басшысының шешімімен ғимарат қайта құрылған Оңтүстік-Қазақстан медициналық институтына берілді. Ғимарат 5-қабатты, цокольді қабатымен және екі 2 қабатты қосымша құрылысымен жалпы ауданы 12833 кв.м.

Бас ғимаратта оқытудың аудиовизуальді құрылғыларымен жабдықталған 10 лекция залдары бар. 1-ші қабаттың сол жақ қанатында анатомиялық мұражай, оқу клиникалық-симуляциялық орталық (ОКСО) және клиникалық-диагностикалық зертхана бар. 2-ші қабаттың сол жақ қанатында қызметтік, әкімшілік бөлмелер орналасқан. Басқа қабаттарда, соның ішінде цокольді қабатта оқу кабинеттері, аудиториялар мен лабораториялар орналасқан. Аудиториялық қор ауданы, қаладағы клиникалардағы жалдаған аудиторияларды қоспағанда 7010 кв.м.

2-ші қабаттың оң қабатында 3 компьютерлік сыныбы бар КТБО орналасқан.

Бас ғимараттың оң жанынын салынған қосымша ғимараттың 1 қабатында акт залы, ал цокольді қабатта – 150 орынға арналған асхана, стоматология кафедрасының оқу бөлмелері, қойма және қызметтік бөлмелер бар.

Бас ғимараттың сол қанатындағы қосымша құрылыста кітапханалық-ақпараттық орталық (КАО) орналасқан.

Бас ғимараттың сол қанатындағы қосымша құрылыста медпункт, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы және үлкен спорт залы бар. Қосымша құрылыстың жертөлесінде 2 тренажер залы, гараж, ұста шеберханасы, гигиена кафедрасының оқу бөлмелері, АҚ (ГО) және химиялық қойма орналасқан.

«Құрылысмаркетинг» ЖШС-нің 2007 ж. нысанды техникалық тексеруіне сәйкес ОҚМФА-ның бас оқу ғимараты құрылыс нормасының талаптарына жауап береді. Нысанның техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Бас оқу ғимаратына күрделі жөндеу соңғы рет 2009 ж. республикалық бюджет есебінен 38600 мың теңге көлемінде жүргізілді. Ағымдық жөндеу 2010 бас ғимараттың «В» және «Г» бөліктерінде (желдетпе және ІК ішкі желісін) 19941 мың теңге көлемінде бюджеттен тыс қаржыға жүргізілді. 2011 жылы «В» және «Г» бөліктерінің жылу жүйесін бюджеттен тыс қаржыға 7011,24 мың теңге көлемінде ағымдық жөндеуден өткізді. 2012 жылы «А» және «Б» бөліктерінің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары 100% жылу құбырларын ауыстырумен басталды.

Әл-Фараби, 3 «б» алаңда орналасқан №2 оқу ғимараты 1969 жылы қабырғалары ірі панелден 2 қабатты типтік балабақша-ясли ретінде соғылған ғимараттың жалпы көлемі 2088 ш.м., Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік шешімінің негізінде ОҚМФА-ның негізін қалаушы медициналық институтқа берілген. Ғимаратты қайта жөндеу бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ғимарат толығымен СанЕмН талаптарына сай.

2009 жылы №2 оқу ғимараты Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне 7 жыл мерзімге сенімді басқаруға берілді. Ғимараттың техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің шешімімен қазіргі уақытта 4 қабатты оқу ғимараты «ОҚМФА» ШЖҚ РМК үшін спортзалымен соғылды. Жаңа нысан (№2 оқу ғимараты) 2011 жылы Мемлекеттік қабылдау комиссиясы шешімімен пайдалануға берілді. №2 оқу ғимаратының жалпы ауданы 3 652,76 ш.м. Онда: шет тілдер кафедрасы, қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы, орыс тілі кафедрасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы, әскери кафедра, сонымен қатар 120 орынға арналған 2 дәрісхана, спорт залы бар.

Академия балансында Байтұрсынов, 84 көшесінде орналасқан 390 орынға арналған жатақхана бар. Жатақханада: интернетке қосылған компьютер сыныбы, оқу залы, кітапхана, мәдени-көпшілік шаралар өткізуге арналған зал бар. Жатахқана ғимараты 1983 жылы қабырғалары ірі панелден соғылған, 2 бөліктен (арасы 1 қабатты кірістірмесі бар) тұрады. Ғимараттың жағдайы «Құрылысмаркетинг» ЖШС-нің 2007 ж. нысанды техникалық тексеруіне сәйкес құрылыс нормасының талаптарына жауап береді. Нысанның техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2011 жылы 41950 мың теңге сомасына республикалық бюджеттің қаржысына жүргізілді. Ағымдағы ұсақ жөндеу жұмыстары жыл сайын жатақхана ұжымы күшімен жүргізіледі. 2011 жыдан бастап бекітілген жоспарға сәйкес жатақхананың 2-5 қабаттарының терезелері мен есіктерін ауыстыру, ыстық сулы 40 душ орнату, 1-5 қабаттарында сумен жабдықтау және канализация құбырларын ауыстыру бойынша кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Жатақханадан орын бірінші кезекте шет қалалардың жетім студенттеріне және көп балалы отбасының студенттеріне беріледі. Бүгінгі таңда ОҚМФА жатақханада тұруды қажет ететін студенттердің барлығына орын тауып бере алмайды, себебі ЖОО-ның материалдық базасы оған жеткіліксіз.

Төлеби ауданы, «Қасқасу» ауыл округінің «Керегетас» елді мекенінде оқу-өндірістік және спорт-сауықтыру базасы орналасқан. Онда: 75 орынға арналған асхана, ашық жүзу бассейні және 8 жатын вагондары бар. Жалпы ауданы 4,5 га.



КТБО: Компьютерлік-тестілеу, баспа орталығы (КТБО) 1997 жылы академия ректорының №378-к бұйрығымен «Компьютерлік ақпараттық-тестілеу орталығы» болып құрылды, кейін 2000 жылы «ОҚММА» РМК ректорының 20.09.2000 ж. №286-к бұйрығымен «Компьютерлік-тестілеу баспа орталығы» болып аты өзгертілді.

КТБО (жалпы ауданы 326,2 кв.м.) келесі кабинеттерден тұрады: олардың бірі «Сервер» кабинеті, төрт компьютер классы, техникалық-жөндеу кабинеті, Баспахана кабинеті; академияның web-сайт және виртуалды база кабинеті, ҰБТ жүргізу пункті. КТБО 150 жаңа заманауи компьютерлермен, принтерлермен, сканерлермен, біріккен локальді желілер мен интернетке қосылған мультимедиялық проекторлармен жабдықталған. Бейнебақылау бар.

Жаңа инновациялық технологияларды әзірлеу мен қолданудың басты факторы болып заманауи компьютерлік техниканы, академияда бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін желілік жабдықтардың болуы және заманауи бағдарламамен қамтамасыз етілуі.

Ақпараттық ресурстардың қарқынды даму жағдайы техникалық құралдарды үнемі жаңартып отыруды талап етеді. 2013-2014 оқу жылы академияда негізгі өндірістік процесстерді ақпараттық-технологиямен қамтамасыз ету үшін (білім беру, ғылыми, басқару және т.б.) 994 компьютер бар.

Жыл сайын компьютерлік техниканың ұлғаюы білім алушылардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Статистика және басқарулың орталықтандырылған интернет-жүйесі, барлық серверлер мен сервис желісіне нақты бақылау жүргізуге, сондай-ақ желіні тарату мен қолдануды бақылауға мүмкіндік береді

Академияда ақпараттық-білім беру сайты (www.ukgma.kz) құрылып, академияның виртуальді оқу-әдістемелік базасы және бейне-конференция байланысы табысты жұмыс істейді.

Сайттың жалпы ақпараттық бөлімінде академия туралы мәліметтер, оның құрылымдары, академия қабырғасында өтіп жатқан оқиғалар туралы жазылған. Бұл бөлімнің ақпараты кең аудиторияға бағытталған: білім алушыларға, қызметкерлерге, оқытушыларға, талапкерлерге және олардың ата-аналарына, жұмыс берушілерге, академия серіктестеріне, ғылыми және қоғамдық ұйымдарға.

Академияның ресми сайты 3-тілде ұсынылған.

КТБО баспаханасы көрсетілген жабдықтармен жабдықталған: көбейту аппараты – 2 ризограф DUPLO-430, RIZO-2000, ксерокс, ламинатор, электростеплермен.

1998 жылдан бастап баспаханада квартал сайын «Академия хабаршысы» журналы орташа тиражы әрқайсысы 250 беттен 50 дана шығарылады. 2002 жылы «Академия хабаршысы» журналы ҚР БҒМ білім беру саласын қадағалау және аттестациялау Комитеті коллегиясының шешімінің негізінде диссертациялық зерттеулердің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған баспалар тізіміне енгізілді.

«Денсаулық» газеті де академия базасында баспаханады тираждалып, ОҚМФА ұжымы мен жастарының студенттік өмірі мәселелерін баяндайды. 1998 жылдан бері, жылына 6-7 рет 1000 экзамплярда басылып шығады.

Баспахана ОҚМФА құрылымдарының сұранысы бойынша қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектер, оқу-есептік және басқа оқу бланкалары мен құжаттамаларын басып шығарумен және көбейтумен айналысады, көшірменің жалпы саны жылына 10 млн. асады.

ОҚМФА базасында құрылған материалды-техникалық базада брыңғай кеңжолды корпоративті ақпараттық желі оптикалық-талшықты кабелмен қызмет етеді.

Барлық оқу ғимараттары мен жатақхананы біріктірген академияның локальді желісі, сондай-ақ заманауи жоғары жылдамдықтағы компьютерлік желіні ұсынады. Internet - ке сымсыз байланыс жүйесі орнатылған. Академия құрылымдары мен кафедралары сұраныстары бойынша тіркелу және компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету бойынша «Ring» электронды сұраныс жүйесі жұмыс жасайды. Сервердің техникалық қызмет көрсетуі:- аудиторияларға, лекция залдарына, компьютер класстарына бейнебақылау жүйесі орнатылып, ІР телефоны пайдаланылуға енгізілді.

Білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының электронды журналы орнатылып, енгізілді: - электронды журналды орнату, ЭЖ базасын құру, ЭЖ базасын жаңарту, ЭЖ толтырылуына бақылау жасау және техникалық қызмет көрсету;

Білім алушыларды тестілеу үшін "Test" бағдарламасы пайдалануға берілді: - тест тапсырмаларын қабылдау, тест базасын құру, тестілеу бағдарламаларын іске қосу, оқу бөлімі бекіткен кесте бойынша тестілеуді қабылдау және тестілеу нәтижесін қағазға шығарып беру;

Осылайша, академияда құрылған ақпараттық желі академия ақпараттық - білім беру ортасының толыққанды қызмет етуін техникалық қамтамасыз етеді. Академиядағы ақпараттық-білім беру ортасы оқу процесіне ақпараттық технологияны енгізудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Соңғы 5 жылда білім беруде компьютерлік техниканың болуы мен қолданылуына, арнайы зертханалар мен кабинеттердің ашылуына байланысты, Интернет желісіне кіру мүмкіндігіне қарай студенттердің қанағаттануы өскені байқалады.

Академия қызметкерлері де, білім алушылары да академияның материалды-техникалық қорларына толықтай қанағаттанады деген қорытынды шығаруа болады.


Компьютермен қамтамасыз етілгендігі туралы ақпарат



Көрсеткіш атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Білім беру мекемесінің Интернет желісіне қосылуы (Ия/Жоқ)

Ия

Ия

Ия

Ия

2

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы

8 mb/s

14 mb/s

24

30

3

Білім беру мекемесінде есептеу желісінің бар болуы (Ия/Жоқ)

Ия

Ия

Ия

Ия

4

Интернет – серверлер саны

1

1

1

1

5

Серверлердің жалпы саны

3

3

4

6

6

Білім беру мекемесінде локальді желі саны

1

1

1

1

7

Интернет желісіне қосылған терминалдардың саны

741

848

994

994

8

Компьютерлердің жалпы саны, дана

922

848

994

994

9

Оқу мақсатына қолданылатын компьютерлер саны, дана

922

848

994

994






Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2010-2011

оқу жылы


2011-2012

оқу жылы


2012-2013

оқу жылы


2013-2014

оқу жылы


5.4

Редакциялық-баспа орталығының бір жылдық қуаты:

баспа парақ

100 000

100 000

100 000

100 000

5.5

Internet-ке қосылған компьютерлер саны

саны

741

848

994

994

Кафедралардың компьютерлермен, мультимедиялық құрылғылармен және оргтехникалармен қамтамасыз етілуі өсуде. Интерактивті тақталар жұмыс істейді және жабдықталған лингафонды кабинеттер бар.



КАО – электронды кітапханасы бар, кітапханалық-ақпараттық орталық, жалпы ауданы – 1525 кв.м. КАО құрамына 252 орынға арналған 7 оқу залы, соның ішінде 36 орынға арналған жатақханадағы оқу залы кіреді.

Негізгі кітап қорының құрамы:

2013 жылы – 462957 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде – 187905 дана;

2014 жылы – әдебиеттің жалпы түсімі 29517 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде 20744 дана (70%) 154 583 907 тенге көлемінде.

Ортақ қорлар: «РҒТК» АҚ Отүстік-Қазақстан бөлімшесі, Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы. Облыстық клиникалық аурухана кітапханасы.

Мәліметтер базасы, реферативті және толық мәтінді электронды қорлар:

- Республикалық ЖОО-аралық электронды кітапхана (РЖЭК),

- «Заң» ақпараттық-заңдық қамтамасыз етудің толықмәтінді мәліметтер базасы,

- "Дәрігер кеңесшісі" электронды ақпараттық-білім беру жүйесі,

- электронды-кітапханалық жүйе «Студент кеңесшісі. Медициналық жоғары оқу орнының электронды кітапханасы», «Студент кеңесшісі. Медициналық колледж электронды кітапханасы»,

- Thomson Reuters баспасының Web of Knowledge деректер базасы,

- Полпред,

- ОҚМФА виртуалды (электронды) оқу-әдістемелік базасы.

Белсенді түрде электронды және магнитті тасымалдаушы басылымдар сатылып алынуда, қор 2013 жылы 2528 дананы құрады. Одан басқа, негізгі оқылатын пәндер бойынша басылымдарды құрайтын электронды ақпараттық-білім беру жүйесі сатып алынды. Кітапхана қолданушыларына «Студент кеңесшісі» (жеке кіруге 500 карта) электронды-кітапханалық жүйесі деректер базасына кіруге мүмкіндік ұйымдастырылған.

2014 жылы:

- Science Direct Компании Elsevier ДБ;

- Scopus Компании Elsevier ДБ – деректер базасына кіруге мүмкіндік алу үшін келісім-шарттар құрылды.

- 6 жеке компьютерге «Параграф» «Медицина» бөлімімен толық мәтінді ақпараттық жүйесі орнатылды;

- ЕАПАТИС Евразиялық патент ұйымының деректер базасына еркін кіру мүмкіндігі ашылды;

- «Студент кеңесшісі» электронды-кітапханалық жүйесі деректер базасына жеке қолжетімділіктің 500 картасы алынды.

- қолданушының ақпараттық қажеттілігін қамтамсыз ету үшін, кітапхананың жеке меншікті және жойылған деректер базасымен жұмыс жасауға қосымша 6 автоматтандырылған жұмыс орны ұйымдастырылды.

2013-2014 оқу жылы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыздық 1 студентке шаққанда 167 дананы құрады, мемлекеттік тілде – 85 дана.

Білім алушыларды қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, «РҒТК» АҚ Отүстік-Қазақстан бөлімшесі, Облыстық клиникалық аурухана кітапханасы және қалалық кітапханалармен келісім-шарттар түзіледі.

ОКЗО – Оқу-клиникалық зертханалық орталық ҚР ДМ 2007 ж. 003-109 «Мемлекеттік медициналық академияларда оқу-клиникалық орталықтар құру» бағдарламасына сай құрылды. Академия ректорының 02.09.2010 ж. №113n бұйрығының негізінде ОКЗО құрылымына өзгерістер енгізілді, нәтижесінде орталық екі құрылымдық бөлімге бөлінді:

- Оқу-клиникалық симуляциялық орталық (ОКСО),

- Клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ).


Класс (аудитория)



Жалпы ауданы, кв.м.

Пайдалы аудан, кв.м.

112 класс «Педиатрия»

32,45м2

32,45м2

112а класс «ЖТД»

32,45м2

32,45м2

121 класс «Реанимация»

15,4 м2

15,4 м2

121а класс «Акушерия және гинекология»

15,4 м2

15,4 м2

119 класс

15,4 м2




111 класс «Терапия»

11,4 м2

11,4 м2

111а класс «Терапия»

11,4 м2

11,4 м2

114 класс «Мейірбике ісі»

11,5 м2

11,5 м2




«Хирургия» 114 а сынып

11,5 м2

11,5 м2

«Қойма» 115 сынып

15 м2

15 м2

«Әдістемелік кабинет» 115 а сынып

15 м2




«Дәліз»

70,35 м2




Жалпы саны

257,25 м2

156,5 м2

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет