«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»


Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi



бет10/13
Дата04.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#46517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi

     1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;

2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;

4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға;
      5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
      6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге міндетті.



Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi

1) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуге;

2) өздерiнiң меншiгiндегi ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;

4) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөнiндегi қажетті шараларды қолдануға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.



Орман иелену құқығының тоқтатылуы

 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда;

2) мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.

Орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет.

Орман пайдаланушы - Орман Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы

 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.

Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.

Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.

Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн.

Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi.

Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.

 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану

 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi

Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс



Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтар

1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға

2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;

4) мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажеттіктері үшiн алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға құқығы бар.

     Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi



Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi

     Мемлекеттiк 1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiмен, орман билетiмен белгiленген талаптарды сақтауға;

2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге;

3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;

4) сүрек дайындаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлген техника мен технологияларды пайдалана отырып ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;

5) мемлекеттiк орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, өртке қарсы iс-шараларды жүргiзуге, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етуге;

6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде жүзеге асыруға т.б.

орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптарын бұзған;

2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

1) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған;

2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектелуi мүмкiн.
     Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.

Орман пайдаланушы өзiнiң орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.



Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi

  Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;

2) орман пайдалану мерзiмi өткен;

3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;

4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген ережелерiн немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған;

5) мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда т.б.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Орман учаскелері

2.Орман учаскелерінің ерекшеліктері және заңнама

3.Мемлекеттік орман обьектілерін қорғау негіздері
Тақырып 13. Тақырып Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау

1. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау.

1. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компонентi.

Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Экологиялық кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу Экологиялық кодекспен тікелей жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.



Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi.

Атмосфералық ауа, жер, жер үстi мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiктер дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады. 



Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады. 

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң принциптерi: 

1) бiрыңғай ұйымдық, әдiстемелiк, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негiзiнде жұмыс iстеу; 

2) қолданыстағы мемлекеттiк және өзге де мониторинг жүйелерiнiң мүмкiндiктерiн барынша пайдалану болып табылады. 

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:

1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу; 

2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау; 

3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады. 

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады. 

Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес табиғи объектiлерге зерттеу жүргiзуге және мониторинг түрлерiн (кiшi жүйелердi) ұйымдастыруға мiндеттi. 

Қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастырады. 



Атмосфералық ауа жай-күйiнiң мониторингi - Қазақстан Республикасының елдi мекендерiнде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйiне бақылау жасау жүйесi. Мемлекеттiк бақылау бекеттерiнiң санын және оларды әрбiр нақты елдi мекенде орналастыруды халық саны, жер рельефi, ластанудың нақты деңгейiн ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде айқындайды. 
     Атмосфералық жауын-шашын жай-күйiнiң мониторингi - атмосфераның ластануының көрсеткiшi болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезiнде атмосфераның өңiрлiк ластануын бағалау және елдi мекендер мен өнеркәсiп объектiлерiнен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшiн қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесi. 
Метеорологиялық мониторинг - мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардың туындау ықтималдығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстiнiң физикалық параметрлерiне, метеорологиялық, оның iшiнде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешендi жүйесi. Метеорологиялық мониторинг деректерiнiң негiзiнде климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингiн жүргiзу жүзеге асырылады. 
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау мынадай принциптерге негізделеді:

1) климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсіту;

2) атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттік реттеудің міндеттілігі;

3) климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы;

4) климатты және Жердің озон қабатын қорғау әдісінің ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі.

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар парниктік газдардың атмосфераға шығарылуын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын азайту жөніндегі іс-шараларды, парниктік газдар шығарындыларының мониторингі деректерін, парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын бақылау нәтижелерін ескере отырып, климатты және Жердің озон қабатын қорғау жөніндегі тиісті мемлекеттік, салалық және жергілікті атқарушы органдармен келісілген өңірлік нысаналы бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлейді.
     Климатты және Жердің озон қабатын қорғау бағдарламаларының жобалары климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының салдарларын болдырмау және бәсеңсіту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескеру мақсатында олардың талқылауына ұсынылуы мүмкін.

ҚР ЭК-нің 313-бабы «Парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындылары және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын регламенттеу» деп аталады. Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын мемлекеттік реттеу мақсатында парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың лимиттері (квоталары) белгіленеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларын белгілейді. Озон бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

Озонды бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың импорты, экспорты, озонды бұзатын заттар пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      Атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көздері бар және озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс.

Тиісті аумақтарда климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы статистикалық байқауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша айқындайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес реттелетін озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді ұйымдастырады.

Озонды бұзатын заттарды әкелуді және тұтынуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың жылдық тұтынылуы туралы деректерді табыс етеді.

Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады.

Парниктік газдардың көздері мен сіңірушілері бар заңды тұлғалар парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне түгендеу жүргізу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарға түгендеу жүргізу және мемлекеттік кадастрын жасау үшін бастапқы ақпаратты табыс етеді.

Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады.

3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау: 

1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды; 

2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын; 

3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн

4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын; 

5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс. 

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

 Атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның куәлiгi бар аттестатталған зертханалар жүргiзедi. 

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздерi бар заңды тұлғалар атмосфералық ауаны қорғауды, оның сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға тиiс. 

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды жүргiзуге жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiне және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына табыс етiлiп отырады.



Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттiк инспекторларының құқықтары: 

1) меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып) кiруге, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулардың нәтижелері мен өзге де материалдарды танысу үшін сұратып және тегін алуға;

2) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуын және тазалау құрылыстарының жұмысын, осындай шығарындыларды бақылау құралдарын тексеруге; 

3) атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi жоспарлар мен iс-шаралардың орындалуын, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар талаптарының сақталуын тексеруге; 

4) табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияларда белгiленген талаптардың сақталуын және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) мен берiлген рұқсаттардың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою туралы нұсқамалар беруге немесе ұсыныстар енгiзуге; 

5) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң белгiленген нормативтерiнiң сақталуын тексеруге; 

6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге

7) экологиялық қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағына атмосфералық ауа сапасының нормативтерiн бұза отырып әкелудiң (әкетудiң) жүзеге асырылуына, сондай-ақ олардың транзитiне (одан әрi тасымалдануына) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға; 

8) сот органдарына Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап арыз беруге; 

9) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарауға, тиiстi органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге; 

10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуына және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттардың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға, егер мұндай рұқсаттардың талаптары сақталмаса, тиiстi құқықтық рәсiмдi қолдана отырып, олардың күшiн жоюға, бұл жағдайда рұқсат иесiне алдағы уақытта оның күшi жойылатыны туралы алдын ала хабарланады; 

11) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi тұлғалардан осы зиянды өз еркiмен өтеудi талап етуге не сотқа талап қоюға; 

12) тұрақты және жылжымалы көздер, оның iшiнде көлiк құралдары жүзеге асыратын атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын өлшеу iсiн жүргiзуге; 

13) тиiстi қаржы-кредит ұйымдарына экологиялық талаптарды бұзып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар енгiзуге; 

14) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге; 

15) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуын жою туралы жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нұсқамалар шығаруға құқығы бар.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет