«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»


Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу



бет5/13
Дата04.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#46517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.

ҚР ЭК-нің 102-бабына сәйкес табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. Жер, Су, Орман кодекстерінде және өзге де саладық нормативтік актілерде тиісті табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы баптар бар, олар да Салық кодексіне сілтеме жасайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-П қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кдзақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі мен төлеу жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастарды реттейді.

Атап айтқанда, экологиялық төлемдерге келетін болсақ, онда ҚР Салық кодексінің 60 және 62-баптарына сәйкес құқықтық қатынастардың осы саласында мынадай салықтар мен төлемдер көзделген:

1. Экспортталатын мұнай шикізатына, газ конденсатына салынатын рента салығы;

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

3. Жер салығы.

4. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

6. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

7. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

ҚР Салық кодексінің «Экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының» 9-1 бөліміне сәйкес шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және занды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісімшарттар жасасқан жер пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылды. Бұл жағдайда рента салығын салу объектісі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табьшады.

ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі - «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу», өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және:

1) үстеме пайда салығын;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Үстеме пайдаға салынатын салықты төлеушілер, өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда, барлау мен өндірумен байланысты емес жалпы таралған пайдалы қазындыларды және жер асты суларын өндіруге, сондай-ақ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға, осы келісімшарттар пайдалы қазындылардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Үстеме пайдаға салынатын салық объектісі салық кезеңі ішіндегі әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады.



Өнімді бөлу жөніндегі Казақстан Республикасының үлесі, пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесін шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлінуге тиісті пайдалы өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады.

Өнімді бөлу туралы келісім шарт шарт болып табылады, оған сәйкес келісім-шарт аумағында ақылы негізде пайдалы қазбаларды өндіруге және өзінің есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 12-бөліміне – «Жер салығына» сәйкес жер салығы:

1)меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану қүқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 каңтарыңдағы жағдай бойынша берген жерлердің меімлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есейтеледі.

ҚР Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 82-тарауына сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғамы үшін төлемақы жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады. Қүрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды түлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 84-тарауына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін алынады. Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшін үстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде төлемақы алынбайды.

Жануарлар дүниесінің мынадай санаттары:

аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;

сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлері;

өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлері (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшін төлемақы белгіленеді.

Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесін басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргізіледі.

ҚР Салық кодексінің 85-тарауына сәйкес орманды пайдаланғаны үшін төлемақы орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосымша ағаш ресурстарын (қабықты, ағаш көгін және басқаларын) дайындау т.б.

ҚР салық кодексінің 86-тарауына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін өтемақы Қазақстан Рес-публикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

ҚР ЭК-нің 101-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады. 

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шектi ставкалардан жоғары болмайтындай етiп белгiлейдi. 

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды. 

Төлемақы ставкаларын уәкілетті органның келісімімен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары жыл сайын белгілеп отырады, бірақ ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілді орган жасаған есеп-қисаптан аз болмауы керек.

Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу:

Нарықтық экономика, өндіріс, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін оның маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру нарығының қызмет аткаруын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру қызметі мемлекетгік реттеуді көздейді және кеңінен пайдаланады. Шаруашылық қызметінің кез келген саласындағы табиғи зілзалалардың, әр түрлі күтпеген оқиғалар мен қатерлердің жайсыз зардаптарын жою сақтандыру ұйымдарының есебінен болған кезде, нақ сол кезде мемлекет те сақтандыруды дамытуға мүдделі болады, өйткені материалдық нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаттары салынады.

ҚР ЭК-нің 107-бабында экологиялық сақтандыру мақсаты мен түрлері көзделген.

Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн Экологиялық Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 

Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады. 

Міндетті экологиялық сақтандырудың объектісі шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі болып табылады.

Экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналыстын жеке немесе заңды тұлғалардың қызметіне шарт жасалмаған міндетті экологиялық сақгандыруға жол берілмейді. Мұндай шарт сақтанушы мен сақтандырушы арасында үшінші түлғаның пайдасына жасалады, олардың мүліктік өзге де мүдделеріне жеке және заңды тұлғалар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде зиян келтіруі мүмкін.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады және сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім болып табылады, ол бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы сақтандыру сомасы шектерінде үшінші тұлғаға сақтандыру төлемдерін жүргізуге міндеттенеді, ал сақтанушы сақтандыру сыйлығын төлеуге міндеттенеді, оның мөлшері шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың жауапкершілігінің міндетгі экологиялық сақтандыру шартындағы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

Сақтандыру жағдайын, сондай-ақ оған келтірілген залалды дәлелдеуді сақтандырушы мойнына алады. Сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру реті сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындаған деп есептеледі.

Жәбірлеушінің жазбаша, немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты арқылы ресімделген шағымы бойынша төлем қоршаған ортаны, денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызметтер көрсеткен (көрсететін) адамға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

Экологиялық сақтандыруды жүргізу кезінде өндірістік объектілерде сақтандыру жағдайының нәтижесінде қоршаған ортаға ықтимал зиянды бағалау үшін, сондай-ақ экологиялық ортаның нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтандырушының сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиттің қызметтері тартылуы мүмкін.

Сөйтіп, міндетті экологиялық сақтандыру - бұл қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші адамның өміріне, денсаулығына (немесе) мүлкіне зиянкелтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындаған кезде жеке немесе занды тұлғалардың (сақтандырылған) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі кешенді катынастар.

Ерікті сақтандыруды олардың ерік білдіруіне карай жеке және занды түлғалар жүзеге асырады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақганушы арасындағы келісімдермен анықталады.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Қоршаған экономикаылқ басқару ерекшелігі

2.Міндетті салықтар

3.Экологиялық сақтандыру

4.Табиғатты ұтымды пайдалану және қаржыландыру
Тақырып 7. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік

1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.

2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы.

3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері.

1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы

Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық занды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады.

Жауапкершіліктің экологиялық-құқықтық институтын ғылым мейлінше жеткілікті зерттелген, бірақ Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі кезеңінде қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа кодекстер мен заңдардың қабылдануымен ол қосымша зерттеуді қажет етеді.

Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады.

Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін - жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.

Экологиялық кодексте бұл жауапкершілік түрі топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн. Экологиялық — құқықтық жауапкершілік— бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салықаралық институты.

А) табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын;

Б) құқықты бүзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.с.с.) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары.

Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жаупкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі:

1) құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын;

2) қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру;

3) жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

4) экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды.

Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты — кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы.

Экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін зандық жауапкершілік тандауының негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықың нормаларын реттеуді бұзатын құқықка қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян кел-ірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық катынастар түсініледі.

Бұл анықгамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет.

Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с. с. бұзушылық заңдарының тізбесі келтірілген.

Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: кұқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік тарап, объект, объективтік тарап жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады.

Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.

Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.

Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды үтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның ҚК-нің 3-бөлімі 187-бабы — «Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру». Занды тұлғаларға, экологиялық құқық катынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен көсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықгың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілеріңде топырақка, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқық бұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің зандылық күші көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жар пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Казақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғал-ды. Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларда экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің заңдылығы болып табылады.

Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құқыққа қарсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіңде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар — бұл 288-бап – «Заңсыз аңшылық», 287-бап — «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау», «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кату қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әректтер» — 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқа да зиянды авариялық ықпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК «Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау»— 294-бап.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы бұзушының кінәсі болып табылады. Мүнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын— жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей ниетті карастырамыз.

Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді.

Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық кұқық бұзушылықгың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:

1) Жер құқық бұзушылығы;

2) Су құқық бұзушылығы;

3) Орман құқық бұзушылығы;

4) Тау-кен құқық бұзушылығы;

5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқықбұзушылықтары);

6)Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.

Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық ЭК-тің 315-бабы экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік және мүліктік жауапкершілік көзделген.

3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері.

ҚР ЭК-тің 320-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Казақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нүқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қьшмыстық жауапкершілікке жауапты болады. ҚР ҚК-нің 11 тарауына – «Экологиялық қылмыстарға» мына баптар:

277-бап — «Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы»;

278-бап — «Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бүзылуы»;

279-бап — «Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттар жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бүзылуы»;

282- бап – «Атмосфераны ластау» т.б.

Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданьшған кінәлі адамға қолдануды көздейді.

Экологиялық қьшмыстар объектісі табиғат объектілері мен ресурстарының сапасы, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі, адам денсаулығы болып табылады. Экологиялық қьшмыстардың мәні тұтастай алғанда немесе нақты табиғи ресурстардың сапасы, немесе қоршаған орта болады. Сондықтан экологиялық қылмыстарды топтастыруға болады.

1. Объектісі қоршаған орта болатын қылмыстар. Мұнда экоцид үшін жауапкершілікті реттейтін бапты ерекше атауға болады.

2. Объектісі жекелеген табиғи ресурстар — жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералықауа болатын қылмыс.

3. Табиғат ресурстары меншік иесінің немесе табиғат пайдаланушыларының меншік иесінің меншік құқығы мен өзге де мүліктік құқығына қарсы қылмыстар. Бүл жерде 284-бапты — «Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бүзылуын» атауға болады.

4. Белгіленген экологиялық, шаруашылық ветеринарлық өзге де талаптарды бұзатын қылмыстар, оларды орындамау қоршаған ортаға ықпал жасауы мүмкін.

Объективтік жағынан экологиялық қылмыстар әрекет нысанында, сондай-ақ әрекетсіздік нысанында көрінуі мүмкін. Субъективтік жағынан жанама ниет және абайсыздық нысанында білдіріледі.

Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жүмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып табылады. Қолданыстағы заңнама бойынша ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалары көзделген:

1) ескерту жасау;

2) әкімшілік айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу;

5) белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру;

6) түзеу жұмыстары;

7) әкімшілік қамау.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған азаматтар мен лауазымды адамдар, сондай-ақзаңды тұлғалар тартылады.

ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 19-тарауына 240- 306-баптар аралығыңдағы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтары кіргізілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген:

— атмосфералықауаны қорғау (243-249-баптар);

— жерді қорғау мен пайдалану (250-258-баптар);

— жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275-баптар);

— суды қорғау мен пайдалану (276-281-баптар);

— орманды қорғау мен пайдалану (282-294-баптар);

— жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (295-299-баптар);

— құрлықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306-баптар);

— қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылтын жалпы экологиялықталаптар (240, 241, 245-баптар).

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекетік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың, ауаның, судың, орманның және т.б. ластануымен келтірілген нұқсанды есептеген кезде барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осымен байланысты заңнамамен азамат немесе заңды тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдай тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда, экологиялық заңды бүзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері, арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, ҚР-ның Азаматтық Кодексіне және ЭК-тің 321-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі

Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды ЭК-ке Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.

Мыналардың:
      1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;

2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;

3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;

4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.

ЭК-тің 322-бабына сәйкес қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян
келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.

Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.

Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.

Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет