Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары



Дата01.04.2017
өлшемі343,87 Kb.
#13203



Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген  




Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Осы Қағидалар энергетикалық ұйымдардың қызметкерлерін дайындау және оның біліктілігін қолдау түрлеріне және көлемдеріне негізгі талаптарды белгілейді.

Осы Қағидалар энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, монтажды, пайдалануды, жөндеу жұмыстарын, жөндеуді және сынақ жұмыстарын жүзеге асыратын барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың электр энергетикалық саласындағы ұйымдардың қызметкерлері мен электр жабдықтарының пайдаланылуын бақылауды немесе электр энергетикасы саласында сараптау жұмыстарын орындайтын қызметкерлер үшін, сондай-ақ энергия өндірісінің технологиялық үдерісін басқаруды қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, энергетикалық қондырғыларда жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар мен мамандар;

2) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

3) жөндеу персоналы – энергетикалық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер;

4) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

5) қайталау - қайталаушыны дайындауға жауапты адамның бақылауымен энергетика қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру;

6) құрылымдық бөлiмшенiң басшысы – ұйымның басшысымен еңбек шартын (келісімшарт) жасасқан немесе ол құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн басқару үшiн тағайындаған адам (бастық, шебер, меңгерушi және оның орынбасарлары);

7) нұсқама – жұмыскерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны;

8) өртке қарсы жаттығулар – өрт кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын игеру, өрт сөндіру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарды жасау, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккен адамдарға дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша жаттығулар;

9) өрт-техникалық минимум – өндірістің технологиялық процесінің ерекшеліктерін, өртке қарсы күрестің құралдары мен әдістерін ескере отырып, жұмыскердің өрт қауіпсіздігі нормаларын білуінің ең аз қажетті көлемі;

10) персоналмен жұмыс – персоналдың өндiрiстiк функцияларды орындауы үшін оның қажетті кәсiптік бiлiм деңгейін қолдауды қамтамасыз ететін өндірістік қызмет нысаны;

11) тағылымдама – жұмысты немесе жұмыс топтарын орындау дағдыларын тікелей жұмыс орнында практикалық игеру;

12) жедел басшылар – ауысымда өздеріне бекітілген объектілерге жедел басшылықты жүзеге асыратын жедел персонал қатарынан жұмыскерлер санаты;

13) жедел персонал – энергетикалық қондырғыларды жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;

14) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергетикалық қондырғылар үшін бекітілген көлемде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан жұмыскерлер санаты;

15) энергетикалық қондырғы – энергияны өндіруге немесе қайта құруға, беруге, жинақтауға, таратуға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты жабдықтар мен ғимараттар кешенi;

16) энергетикалық объект – өз құрамында электр-техникалық және жылу-техникалық жабдықтар мен қондырғылары бар энергетикалық ұйымның (учаске, цех, кешен) өндірістік бөлімшесі.



2. Негізгі талаптар
3. Қызметкерлермен жұмыс энергетикалық ұйымдардың әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің және мамандарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

4. Қызметкерлермен жұмыста жұмыс орнының ерекшеліктері, қызмет көрсетілетін жабдықтың күрделілігі мен маңызы, қызметкерлердің техникалық дайындықтары ескерілуі керек.

5. Жедел және жедел-жөндеу қызметкерлерімен, энергия қондырғыларын басқаруды жүзеге асыратын жедел басшылармен жұмыс төмендегі түрде өткізілуі керек:

1) Жаңа қызмет бойынша дайындау, оның ішінде:

оқыту;

жұмыс орнында машықтану;



алғашқы біліктілікті тексеру;

қайталау.

2) Мерзімді біліктілікті тексерулер.

3) Бақылау аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар.

4) Нұсқаулар.

5) Біліктілікті арттыру.

6. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлерімен жұмыс төмендегі түрлерде өткізілуі керек:

1) Жаңа қызмет бойынша дайындау, оның ішінде:

Қауіпсіз жұмыс жүргізу тәсілдеріне үйрету;

Жұмыс орнында машықтану;

Алғашқы біліктілікті тексеру.

2) Мерзімді біліктілікті тексеру.

3) Бақылау өртке қарсы жаттығулар.

4) Нұсқаулар.

5) Біліктілікті арттыру.

7. бөлімшелердің басқарушы қызметкерлерімен және осы Ережелердің 5 және 6 тарауларында аталған қызметкерлердің санатына жатпайтын мамандармен жұмыс төмендегілерден құралуы керек:

Кіріспе және, қажет болса, мақсатты нұсқаулардан;

Алғашқы және мерзімді біліктілікті тексеру;

Бақылау өртке қарсы жаттығулар;

Біліктілікті арттыру.

8. қауіптілігі жоғары энергетикалық емес нысандарға қызмет көрсету немесе олармен жұмыстарды орындайтын көмекші жұмысшы қызметкерлермен жұмыс төмендегілерден тұруы керек (білдек жабдығы, құрал-сайман, жүк көтергіш механизмдер, отты, пісіру және жөндеу-құрылыс жұмыстары, цех ішіндегі көлікті басқару):

Қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйрету;

Жұмыс орнында машықтану;

Алғашқы және мерзімді біліктілікті тексеру (қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау жөнінде нұсқауларды, арнайы ережелерді білу);

нұсқаулар;

өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар;

бақылау өртке қарсы жаттығулар;

біліктілікті арттыру.

9. Басқа мамандар, қызметшілер мен жұмысшылар – энергия қондырғыларына және басқа технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетумен байланысты емес қызметкерлер үшін, қызметкерлермен жұмыс төмендегі түрлерде өткізілуі керек:

нұсқаулар (кіріспе және, қажет болса, мақсатты);

өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар;

бақылау өртке қарсы жаттығулар;

біліктілікті арттыру.

10. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер жұмысқа алынған күннен бастап бір ай ішінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің әдіс-тәсілдеріне үйретілуі керек.

11. Зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) және қолайсыз өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жер асты жұмыстарына тұлғаларды қабылдау алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттегі заңнама талаптарына сәйкес денсаулығының жайы бойынша қарсы көрсеткіштердің жоқтығы анықталғаннан кейін басшымен жүзеге асырылуы керек.

12. Әрбір ұйымда қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу үшін жауапты тұлға тағайындалуы керек.

13. Медициналық тексерудің нәтижелері қызметкердің біліктілік куәлігіне енгізілуі керек.

14. Егер қызметкер медициналық тексеруден жалтарса немесе ол өткізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындамаса, қызметкер заңнамамен белгіленген тәртіпте еңбек міндеттерін орындаудан шеттетілуі керек.

15. Жұмысшыларды және өнеркәсіпте жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін мемлекеттік қадағалау органдарымен бақыланатын нысандарға қызмет көрсететін жеке мамандар санатын дайындау және өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру осы органдардың ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

16. кәсіптерді (қызметтерді) қоса атқарып жүрген тұлғаларды дайындау және біліктілігін қолдау негізгі үшін де, қоса атқарып жүрген кәсіп (қызмет) үшін де қарастырылған қызметкерлермен жұмыс түрлері толық көлемде қолданылады.

17. Электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды орындау үшін энергетикалық ұйымдардың нысандарына қызметкерлерін іссапарға жіберген кәсіпорын іссапарға жіберілген қызметкерлердің орындайтын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігі, осы қызметкерлердің нысандарды пайдалануды жүзеге асыратын энергетикалық ұйымдардың жұмыскерлері үшін белгіленген көлемде нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары және нұсқаулар жөніндегі білімі үшін жауапты болады.

3. Ұйымдық талаптары
18. Әрбір энергетикалық ұйымда жылдық қызметкерлермен жұмыс жоспары басшымен әзірленіп, бекітілуі керек. Құрылымдық бөлімшелерде тоқсандық немесе айлық қызметкерлермен жұмыс жоспарлары құрылуы қажет.

19. Қызметкерлермен жұмыс жоспары төмендегі бағыттар бойынша іс-шаралардан құралуы керек:

Қызметкерлерді дайындау (жұмысшылар мен мамандарды);

Біліктілікті тексеру;

нұсқаулар;

бақылау аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар;

біліктілікті арттыру;

техникалық кітапханалардың, техникалық кабинеттердің, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кабинеттердің, полигондардың, жаттығу дайындықтарының орталықтары мен пунктерінің жұмысын ұйымдастыру;

жұмыс орындарын тексеру;

кәсіби шеберлік және басқа қызметкерлермен жұмыстың ұжымдық түрлері бойынша жарыстар өткізу;

қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексерулерден өткізу.

20. Жалпы нысан бойынша қызметкерлерді дайындау, біліктіліктерін көтеру және қолдау барысын басқару ұйымның бас техникалық жетекшісіне жүктеледі.

21. Жаңа жұмысшыларды оқытуды, жұмысшыларды, басқарушы қызметкерлерді және мамандарды қайта дайындау және біліктілігін арттыруды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, кадрларды дайындау жөніндегі мамандар мен осы міндеттер жүктелген басқа да қызметтердің жұмыскерлерін қатыстырып, кадр бөлімімен жүзеге асырылады.

22. Энергия нысандарында мамандандырылған оқу-өндірістік бөлімшелер жұмыс істеуі керек (оқу-курстық комбинат немесе тұрақты әрекет ететін курстар, жаттығу дайындықтары және т.б. орталықтар немесе пунктер).

Қызметкерлерді дайындау үшін оқу-өндірістік бөлімшенің полигондары, оқу сыныптары, шеберханалары, зертханалары болуы керек, оқыту мен жаттықтыру техникалық құралдарымен жабдықталуы тиіс. Қызметкерлерді оқыту үшін жоғары білікті мамандар тартылуы керек.

23. Әрбір энергетикалық ұйымда техникалық кітапхана жұмыс істеуі керек, үлгі ережелерге сәйкес техникалық кабинет пен қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кабинеттер ұйымдастырылуы керек.



4. Жаңа қызмет бойынша дайындау
24. Жаңа қызмет бойынша дайындауға тиісті кәсіптік білімі бар тұлғаларға рұқсат берілуі керек. Дайындауға рұқсат берілген тұлғаның білім деңгейіне және жұмыс өтіліне талаптар тиісті лауазымдық нұсқауларда немесе біліктілік сипаттамасында жазылуы керек.

25. Тиісті білімі немесе жұмыс өтілі жоқ тұлғалар, жаңадан қабылданған тұлғалар да, жаңа қызметке ауыстырылғандар да салада әрекет ететін оқыту түрі бойынша дайындықтан өтуі керек.

26. Өнеркәсіпте жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы нысандарға қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлерді, сондай-ақ негізгі өндірістің жетекші кәсіптерінің қызметкерлерін дайындау оқу орталықтарында және оқу-курстық комбинаттарда (пунктерде) өткізілуі керек. Бұл кәсіптер бойынша жұмысшыларды жеке оқыту түрі рұқсат етілмейді.

27. Салынып жатқан немесе қайта жаңғыртылған энергия қондырғылары үшін озық іс-шаралар қарастырылуы керек: қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша. Дайындау ұзақтығы енгізілген жабдықтың күрделілігі мен қуатына, технологиялық үдерістердің жаңалығы мен күрделілігіне байланысты анықталады.

28. Қызметкерлерді жаңа қызметі бойынша дайындау бас техникалық жетекшімен бекітілген әрбір қызмет пен әрбір жұмыс орны үшін әзірленген үлгі бағдарламалар бойынша өткізілуі тиіс.

Қызметкердің санатына байланысты бағдарламада дайындау кезеңдері мен олардың ұзақтығы анықталады.

29. Жедел басшылар үшін үлгі бағдарламасы негізінде бас техникалық жетекшімен бекітілетін жеке дайындау бағдарламалары құрастырылады.

Жеке бағдарламада әрбір дайындау кезеңінің ұзақтығы мен қажеттілігі қызметкердің біліміне, оның техникалық білімінің деңгейіне, сабақтас қызметтер бойынша тәжірибелік жұмыс өтіліне байланысты белгіленеді.

30. Жеке бағдарламалар теориялық дайындықты, машықтануды, біліктілігін тексеруді, қайталау және жедел қызметкерлердің негізгі жұмыс орындарында олардың тікелей басшылары болып табылатын жедел басшылардың қысқа мерзімді жұмысын, сондай-ақ жұмыс орындарында олардың жедел қарауында болатын жабдықпен машықтануды қарастыруы керек. Бұл дайындау орындары мен түрлерінің тізбесі әрбір жеке жағдайда дайындалатын қызметкердің біліктілігі мен алдыңғы жұмысының сипаттамасына байланысты анықталады.

31. Ауысымдардың, цехтардың, электр бекеттерінің (ЭБ) бастықтары (электротехникалық қызметкерлерден басқа) электр жабдығына қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты кезекші электромонтердің жұмыс орнында машықтанудан және осы қызмет бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері (ҚТЕ) туралы білімін тексеруден өтіп, электр қауіпсіздігі бойынша топ беріледі.



5. Білімді біліктілік тексеру
32. Білімді біліктілік тексеру қызметкердің кәсіби дайындық деңгейін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.

Білімнің біліктілік тексеруін өткізу барысында қызметкердің 2004 жыл 9 шілде Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» № 588 Заңының 5 бабына сәйкес бекітілген лауазымдық нұсқауларда белгіленген нормаларды білуі бағаланады.

33. Білімін біліктілік тексеруден, осы Ереженің 9 тарауында аталған қызметкерлердің санатынан басқа, ұйымда жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер өтуі керек.

Білімін біліктілік тексеруден босатылған тұлғалардың тізімі немесе мұндай тексеру талап етілмейтін қызметтер мен кәсіптердің тізбесі кәсіпорынның бас (бірінші) техникалық жетекшісімен бекітілуі керек.

34. білімін біліктілік тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының 2004 жыл 9 шілдедегі № 588 «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5 бап 40 тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен әзірленген және бекітілген электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен таратуды жүзеге асыратын және энергиямен жабдықтау мақсатында ұйым басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуін біліктілік тексеруден өткізу ережелерімен белгіленеді.

Білімін біліктілік тексеруден өтуден бас тарту, сондай-ақ қызметкердің лауазымдық нұсқауына сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тобының расталуын алмау осы қызметкерді энергия қондырғыларында өз бетімен жұмыс істеуге рұқсаты және электр энергетикасы саласында наряд пен өкім беруге құқығы жоқ тұлғаға теңестіреді.

35. Ұйымның және сенімділік пен еңбекті қорғау қызметтерінің (бөлімдердің) техникалық басшылары, сондай-ақ олар жұмыс орнында уақытша болмаған кезде орнын басатын лауазымды тұлғалар мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органының орталық комиссиясында білімін біліктілік тексеруден өтулері керек.

Осы комиссияның құрамы және орталық салалық біліктілік комиссиясының тексеру кестесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органымен бекітіледі.

36. Орталық салалық біліктілік комиссиясынан өткен тұлғалардан энергетикалық ұйымның орталық комиссиясы негізделеді.

37. Энергетикалық кәсіпорындардың қызметкерлерінің білімін біліктілік тексеруді жыл сайын ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын және тұрақты әрекет етуші ретінде қызмет ететін комиссия жүзеге асырады.

Орталық комиссияны нысанның бас техникалық жетекшісі басқаруы тиіс, құрылымдық бөлімшенің комиссиясын – бөлімшенің басшысы.

38. Энергетикалық нысанның орталық біліктілік комиссиясының құрамына технологиялық және атқарымдық бөлімшелердің басшылары, пайдалану, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторлар (инженерлер) кіруі керек.

39. Нысанның орталық комиссиясында білімін біліктілік тексеруден құрылымдық бөлімшелердің басшы қызметкерлері, жедел басшылар, сондай-ақ осы қызметтерге тағайындалатын тұлғалар өтуі керек.

40. Құрылымдық бөлімшенің біліктілік комиссиясы құрамына осы бөлімшенің мамандары және сабақтас бөлімшелердің мамандары кіреді.

41. Құрылымдық бөлімшенің біліктілік комиссиясының білімін тексеруден осы бөлімшенің қызметкерлері және осы бөлімше бойынша дайындау бағдарламасында білімін біліктілік тексеру қарастырылған тұлғалар өтуі керек.

42. Ұйым қызметкерлері (олардың құрамында комиссия құру мүмкін емес) Қазақстан Республикасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органының аумақтық бөлімшелерінің өңірлік комиссиясында өтеді.

43. Жөндейтін, реттейтін және басқа да мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлері өз ұйымында дайындықтан және білімін біліктілік тексеруден өтеді.

44. Әрбір тексеруге дербес комиссия құрамы тексерілушінің кәсібі мен қызметіне байланысты төрағамен белгіленеді. Құрамында үш адамнан кем комиссиямен білімді тексеруге рұқсат берілмейді.

Білімді біліктілік тексеруде мемлекеттік қадағалаудың қызметкерлері өзара келісілуімен қатыса алады.

45. Әрбір қызметкердің білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып және жазбаша түрде жеке өткізілуі тиіс.

46. Білімді біліктілік тексеру хаттамасында, білімі мен біліктілігіне берілген бағадан басқа, қызметкердің лауазымына сәйкестігі (сәйкессіздігі) белгіленетін комиссияның қорытындысы жазылады, қайталау мерзімі тағайындалады (жедел қызметкерлер ішіндегі тұлғалардың білімін алғаш рет тексерген кезде), қайта тексеру мерзімі белгіленеді (біліміне қанағаттандырарлықсыз баға қойылғанда) және т.б. шаралар.

Комиссия тексеру нәтижелері бойынша қызметкерге электр қауіпсіздігі бойынша топ береді.

Тексерілуші комиссия қорытындысымен хаттамаға қол қойып таныстырылуы керек.

6. Машықтану
47. Салада әрекет ететін жүйе бойынша теориялық оқудан өткеннен кейін жаңа қызмет бойынша дайындау барысында: жедел, жөндеу және көмекші қызметкерлер машықтанудан өтулері керек. Машықтану жауапты үйретуші тұлғаның басшылығымен өткізіледі.

48. Машықтануға рұқсат ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімші құжатпен рәсімделеді.

Өкімші құжатта көрсетіледі: машықтану мерзімі, үйретуші тұлғаның және қызметкерді дайындауды бақылайтын тұлғаның тегі.

49. Әрбір жұмыс орнында машықтану ұзақтығы кәсібі (қызметі), үйренушінің дайындығы ескеріліп, жекелей белгіленеді және 2-ден 20 жұмыс күніне дейін болуы керек.

Жеке дайындау бағдарламасы болғанда, машықтану мерзімі осы бағдарламамен анықталады.

50. Дайындалушы қызметкер машықтану барысында:

Энергия қондырғыларын қауіпсіз пайдалану нормалары мен ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгеруі тиіс;

Схемаларды, пайдалану, лауазымдық нұсқауларды және осы қызметте жұмыс істеу үшін білуі міндетті еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауларды оқып білуі керек;

Өз жұмыс орнында айқын бағдарын меңгеріп алуы қажет;

Өндірістік операцияларды орындау барысында қажетті тәжірибелік дағдыларға үйренуі керек;

Қызмет көрсетілетін жабдықты апатсыз, қауіпсіз және үнемді пайдаланудың тәсілдері мен шарттарын меңгеріп алуы тиіс.

7. Қайталау
51. Қайталау алғашқы біліктілікті тексеруден, жұмыста ұзақ үзілістен кейін және ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің басшысының шешімі бойынша басқа жағдайларда тағайындалады.

52. Қайталауға рұқсат қағаз ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімші құжатпен рәсімделеді (қызметкердің білімін тексеретін біліктілік комиссиясының дәрежесіне сәйкес). Өкімші құжатта қайталау мерзімі және дублерді дайындау үшін жауапты тұлға тағайындалады.

53. Жедел басшыларға қайталауға рұқсат беру туралы жоғары тұрған және жедел бағынышты персонал, сондай-ақ жедел келіссөздер жүргізілетін сабақтас ұйымдардың қызметкерлер құрамы хабарландырулары керек. Бұл берілген және қабылданған ақпарат жедел құжаттамада жазылуы керек.

54. Жұмыскерді қайталау ұзақтығы біліктілік комиссиясымен белгіленеді – алғашқы тексергенде немесе нысан басшысымен (құрылымдық бөлімше) – жұмыста ұзақ үзілістен кейін (үш айдан алты айға дейін) және басқа жағдайларда.

Қайта дайындалатын қызметкерлерді қайталау ұзақтығы төмендегідей болуы тиіс:

жедел басшылар (кезекші диспетчерлер, кезекші инженерлер, ауысым бастықтары, аға машинистер және т.б.), қазандықтардың, турбиналардың, энергия блоктарының, гидробекітпелердің машинистері, қазандық және турбина жабдықтары бойынша машинист-қараушылар, электр станцияларын басқарудың бас қалқанының (ББҚ) электр монтерлері, жылу автоматикасы мен өлшеу (ЖАӨ) цехының кезекші электр слесарлары үшін – 12 жұмыс ауысымынан кем емес;

басқа лауазымдар үшін – 2-ден 12 жұмыс ауысымына дейін.

Бағынышты персоналдың жұмыс орындарында жедел басшыларды қайталау ұзақтығы дайындау бағдарламасымен белгіленеді.

55. Қайталау кезеңінде қайта дайындалатын қызметкер жеке апаттан қорғану және өртке қарсы жаттығуларды өтуі керек. Жаттығулардың саны және олардың тақырыптамалары ұйым немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен анықталады.

56. Егер қызметкер қайталау уақыты ішінде жеткілікті жедел жұмыс дағдыларына үйренбесе немесе жаттығу кезінде қанағаттандырарлықсыз баға алса, оны қайталау мерзімін ұзарту керек немесе қосымша бақылау жаттығуын белгілеу қажет. Қосымша қайталау ұзақтығы негізгі қайталау мерзімінен аспауы керек.

Қызметкердің жеткіліксіз дайындығы туралы және қайталау мерзімін ұзарту туралы шешімді, дублерді дайындау үшін жауапты тұлғаның пікірі ескеріліп, ұйымның (құрылымдық бөлімшенің) басшысы қабылдайды және осы Ереженің 52 тарауында баяндалған тәртіпте өкімші құжатқа сәйкес рәсімделеді.

8. Өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру
57. Қайта қабылданған персоналға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат қағаз олар осы Ереженің 5.1), 6.1), 7, 8 және 9 тарауларында аталған тәртіптері мен кезеңдерін өткеннен кейін беріледі.

58. Дайындықтан өткен қызметкерді өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімші құжатпен рәсімделеді, бұл қызметкердің білімін тексерген біліктілік комиссия деңгейіне байланысты.

59. жедел басшыларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы осы Ереженің 53 тарауында белгіленген тәртіпте сабақтас жедел құрылымдар ақпараттандырылады.

60. Біліктіліктерін тексеру міндетті болып табылатын тұлғаларды өз бетімен жұмыс істеуге берілген рұқсат қағаздың әрекеті кезекті тексеру мерзіміне дейін сақталады және бұл тұлғалар нормативтік құжаттармен және өндірістік нұсқаулықтармен белгіленген Ережелерді бұзған жағдайда, нысан (құрылымдық бөлімше) немесе қадағалау органдарының басшыларының шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

61. Жұмысында ұзақтығы үш аптадан екі айға дейін үзіліс болған жедел персонал өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алғанға дейін 1-2 жұмыс ауысымы ішінде өз жұмыс орнында жұмыстан тыс нұсқамалықтан және қайталаудан өтуі керек, ал жұмысында ұзақтығы екіден алты айға дейінгі үзілістен кейін – 2-6 жұмыс ауысымы ішінде жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқамалықтан және қайталаудан өтуі тиіс.

Қызметкер қайталау және нұсқамалықтан өту барысында төмендегілермен танысуы керек:

жабдықтың құрамындағы және жағдайындағы өзгерістермен;

энергоқондырғылардың сұлбасындағы және құрылысындағы өзгертулермен;

қайта шығарылған нормативтік және өкімші құжаттардың, өндірістік нұсқамалықтардың мазмұнымен және бұрын шығарылған құжаттардағы өзгертулермен.

62. Жөндеу және реттейтін персонал жұмыста ұзақтығы бір айдан екі айға дейін үзіліс болған кезде жұмысқа жіберер алдында жоспардан тыс нұсқамалықтан өтуі керек, ал екі айдан алты айға дейін үзіліс болған кезде – бір-екі жұмыс күні ішінде жоспардан тыс нұсқамалықтан және сынақ мерзімінен өтуі керек.

63. Жұмыста алты айдан астам үзіліс болған жедел, жөндеу және реттейтін персоналға жұмыс істеуге рұқсат осы Ережелердің 57 тарауындағы талаптарға сәйкес қайта қабылданған персонал үшін белгіленген тәртіпте беріледі.

64. Жабдық ұзақ тұрып қалған кезде немесе оның жұмыс істеу шарттары өзгерген кезде персоналды энергоқондырғылармен басқаруға рұқсат ету тәртібі ұйым басшылығымен анықталады.



9. Нұсқамалықтар
65. Нұсқамалықтардың төмендегідей түрлері белгіленеді:

кіріспе;


жұмыс орнындағы алғашқы;

қайталама (мерзімді);

жоспардан тыс

мақсатты.

66. Кіріспе нұсқамалық:

1) Кіріспе нұсқамалық осы мамандық немесе лауазымы бойынша олардың біліміне, жұмыс өтіліне тәуелсіз барлық жұмысқа қабылданатындармен, уақытша қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, кәсіпорынға өндіріске үйрену немесе тәжірибе үшін келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі.

2) Кіріспе нұсқамалық мемлекеттік стандарт талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін ескеріп әзірленген бағдарлама бойынша өткізілуі керек.

Кіріспе нұсқамалық бағдарламасына енгізілуі тиіс болжалды сұрақтардың тізбесі 1 Қосымшада келтірілген.

3) Жоғары тұрған лауазымды тұлғалар жұмысқа қайта қабылданған бөлімшелердің басшыларын және мамандарды төмендегілермен таныстыруы керек:

оның басқаруына берілген нысандағы (цехтағы, бөлімшедегі және т.б.) жұмыс шарттарының жағдайымен және өндірістік ахуалмен;

қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарының жағдайымен;

өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқаттану жағдайымен;

өз құзіреті шегінде лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген ережелермен.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайымен жұмысқа қабылдаған кезде олар кәсіби сырқаттың пайда болу мүмкіндігі туралы ескертілулері керек.

4) Кіріспе нұсқамалық оқытудың техникалық құралдары мен көрнекі құралдарды пайдаланып, қаіпсіздік техникасы бойынша кабинетте өткізілуі қажет (плакаттар, натуралық экспонат, үлгілер, фильмдер және т.б.);

5) Кіріспе нұсқамалықты қауіпсіздік техникасы жөнінде инженер (инспектор) немесе бұйрықпен осы міндеттер жүктелген басқа тұлға өткізеді.

6) Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналына нұсқама берілген тұлға мен нұсқама жүргізушінің қолдары қойылып, кіріспе нұсқамалық өткізілгені туралы жазылады. Журнал нысаны 2 Қосымшада келтірілген.

67. Жұмыс орнында алғашқы нұсқаулық жүргізу:

1) Жұмыс орнында алғашқы нұсқамалық қызметкердің өндірістік қызметі басталғанға дейін өткізіледі.

2) Алғашқы нұсқамалық өткізіледі:

жұмысқа қабылданатын немесе бір құрылымдық бөлімшеден басқасына ауыстырылатын барлық тұлғаларға;

олар үшін жаңа жұмысты орындайтын қызметкерлерге;

іссапарға жіберілгендерге және уақытша қызметкерлерге;

өндіріске үйренуге немесе тәжірибеге келген студенттерге және оқушыларға;

3) Алғашқы нұсқамалықтан жабдыққа қызмет көрсетумен, жөндеумен, реттеумен және сынаумен, құрал-сайманды пайдаланумен, шикізат пен материалдарды сақтаумен және пайдаланумен байланысты емес тұлғалар босатылады. Алғашқы нұсқамалықтан босатылған қызметкерлер мамандықтарының (лауазымдарының) тізімін ұйым басшысы бекітеді.

4) Жұмыс орнында алғашқы нұсқамалық мемлекеттік стандарт талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін ескеріп, жеке мамандықтар (лауазымдар) үшін әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Алғашқы нұсқамалықтың негізгі сұрақтарының үлгі тізбесі 3 Қосымшада берілген.

Алғашқы нұсқамалықтың бағдарламалары энергонысанның бас техникалық жетекшісімен бекітіледі.

5) Алғашқы нұсқамалықты құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары әрбір қызметкерге еңбектің қауіпсіз амалдары мен тәсілдерін тәжірибелік көрсетіп, оның жұмыс орнында жеке өткізеді.

68. Қайталама нұқамалық:

1) Қайталама нұсқамалықтан осы Ережелердің 2) және 3) тармақшаларының, 67 тарауында анықталған топтың қызметкерлері өтеді.

2) Қайталама нұсқамалықты өткізу мақсаты персоналдың өндірістік және лауазымдық нұсқаулық ережелері туралы білімін тиісті деңгейде ұстап тұру және білім деңгейін кеңейту, сондай-ақ жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу, қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру болып табылады.

3) Өз құзіреті шегіне кіретін сұрақтар бойынша «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 қаулысымен бекітілген қайталама нұсқамалықтың көлемінде ережелерден көрсетілген лауазымдық нұсқамалықтан үш-төрт сұрақ қосылуы керек. Нұсқама барысында орын алған технологиялық бұзушылықтарды, жазатайым уақиғаларды, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды талдау қажет.

4) Әрбір құрылымдық бөлімшеде бас техникалық жетекшімен барлық лауазымдар мен мамандықтар үшін бір жылға арналған қайтамала нұсқамалық тақырыптарының тізбесі әзірленуі және бекітілуі керек. Нұсқамалықты өткізетін тұлға осы тізбеден нұсқама тақырыбын таңдап алады.

5) Қайталама нұсқамалық қызметкердің тікелей әкімшілік-техникалық немесе жедел басшысымен өткізіледі (цех, бөлімше, қызмет, зертхана бастығы, бастықтың орынбасары, шебер, ауысым бастығы және т.б.).

6) Қайталама нұсқамалық, әдетте, жеке жүргізіледі. Біртектес жабдыққа және ортақ жұмыс орны шегінде қызмет көрсететін жұмыскерлер тобына нұсқамалық өткізуге болады.

Қайталама нұсқамалық кемінде тоқсанына 1 рет өткізілуі керек.

69. Жоспардан тыс нұсқамалық:

1) Жоспардан тыс нұсқамалық төмендегі жағдайларда өткізілуі керек:

Энергоқондырғыларды қауіпсіз пайдалану тәртібін белгілейтін жаңа (өзгертулер) нормативтік құжаттардың талаптарын белгілегенде;

Технологиялық процесс өзгергенде, жабдықты, құрылғыларды және құрал-саймандарды, жанармайды, материалдарды және басқа да өндіріс факторларын ауыстырғанда немесе жаңартқанда;

Жұмыс істеушілер жарақатқа, технологиялық бұзушылыққа, жарылысқа немесе өртке әкелген немесе әкелуі мүмкін ережелерді немесе нұсқаулықтарды бұзған жағдайда;

Жедел персоналдың үш аптадан астам, жөндеу және реттеу – бір айдан астам жұмыста үзіліс болғанда, басқа қызметкерлер үшін – екі айдан астам жұмыста үзіліс болғанда;

Қадағалау органдарының және жоғары тұрған ұйымдардың талап етулері бойынша.

2) Жоспардан тыс нұсқамалықты өткізуді үйымдастыру 68 тарау, 5) және 6) тармақшаларда көрсетілгендерге ұқсас.

Нұсқамалықтың көлемі мен мазмұны оны өткізуге қажеттілік тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда анықталады.

Алыстағы учаскелердің жедел персоналымен жоспардан тыс нұсқаманы телефон арқылы өткізуге рұқсат етіледі. Мұндай учаскелердің тізімін ұйым басшысы бекітеді.

70. Мақсатты нұсқамалық мамандығы бойынша тікелей міндеттерімен байланысты емес бір жолғы жұмыстар персоналмен орындалған кезде (тиеу, түсіру, территорияны тазалау және т.б.), апат, табиғи апат және зілзаланы жойғанда, жүктелім және өкім бойынша жұмыс жүргізгенде, сондай-ақ нысанда экскурсия өткізгенде жүргізіледі.

Нұсқамалықты жұмыскерлер тобымен өткізуге рұқсат етіледі.

71. нұсқамалықтарды тіркеу журналына нұсқамалықты жүргізуші мен нұсқамалықтан өтушінің қолдарымен алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамалықтардың жұмыс орнында өткізілгені туралы жазылады (4 Қосымша); жүктелім бойынша жұмыс істелген кезде мақсатты нұсқамалық жүктелім жолдарына жазылады.

Жоспардан тыс нұсқамалықты тіркеген кезде журналда оны өткізу себебі көрсетіледі.

72. Жұмыс орнында нұсқамалық (алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты) аяқталғаннан кейін ауызша сұрау арқылы немесе техникалық оқыту құралдарының көмегімен материалды меңгергенін және қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері дағдысының болуын тексеру қажет. Тексеруді нұсқамалықты өткізген қызметкер жүзеге асырады.

Нұсқамалық материалын қанағаттандырарлықсыз меңгерген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді және нұсқамалықты қайта өтуге міндетті.

10. Бақылау жаттығулары
73. Жедел персонал апаттық жағдайларды өз бетімен жою мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қайта-қайта апатқа қарсы бақылау жаттығуларына қатысулары керек.

74. өртті жоюдың тәжірибелік дағдыларына үйрену және өрт қаупі жағдайында энергонысанның жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету үшін нысанның бүкіл персоналы өртке қарсы бақылау жаттығуларына қатысулары керек.

75 Мерзімділік, дайындық тәртібі, өткізу және талдау бақылау жаттығулары энергетика мекемелерімен өңделген техникалық құжаттармен анықталады.

76. Апатқа қарсы жаттығуларды өртке қарсы жаттығулармен біріктіруге рұқсат етіледі.

77. Дәлелді себептерсіз бақылау жаттығуларына қатыспаған тұлғалар өз бетімен жұмыс істеуден босатылады.

Оларға қосымша жаттығу белгіленеді.



11. Біліктілікті арттыру
78. Персоналдың біліктілігін арттыру қызметкерлердің біліктілік деңгейін өзгерістегі өндірістік шарттарға сәйкестендіру, оларда кәсіпқойлықты негіздеу мақсатында, басшылар мен мамандарды қызметін ауыстыруға дайындау, жұмысшыларға біліктілік дәрежесін беру мақсатында жүргізіледі.

79. Персоналдың біліктілігін арттыру төмендегі түрлерде жүзеге асырылады:

қызметкерді өз бетімен жүйелі дайындау (өздігінен білім алу);

өндірістік-экономикалық курстарда және мақсатқа арнаулы курстарда оқыту;

қысқа мерзімді кезеңдік оқыту;

ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту;

жетекші ғылыми ұйымдар мен оқу ғимаратының озық өндірістік ұжымдардың тәжірибесін меңгеру.

80. Басшылар мен мамандарды қысқа мерзімді кезеңдік оқыту қажеттілігіне қарай енгізбелік ғылыми-техникалық, экономикалық және кәсіпорын саласының деңгейінде туындайтын басқа да міндеттерді шешу мақсатында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында (бөлімшелерінде) өткізіледі.

81. Басшылар мен мамандарды ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту кемінде бес жылда бір рет ғылым және техниканың ең жаңа жетістіктерін, өндірісті басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заман әдістерін тереңдете оқу және тәжірибелік меңгеру үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында өткізілуі керек.

82. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру өндірістік-экономикалық курстарда, мақсатқа арнаулы курстарда өткізіледі.

Жұмысшылардың оқу түрлері, ұзақтығы және мерзімдігі өндірістік қажеттілікке, қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейіне және әрбір жұмысшының міндетті түрде жыл сайын кәсіби оқу шарттарына сүйеніп, ұйым басшысымен анықталады.

12. Жұмыс орындарын аралап шығу және тексеру
83. Ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары персоналдың өндірістік жұмыс орындарын әрдайым аралап отырулары керек.

84. Жұмыс орындарып аралау тексеру мақсатында жасалады:

персоналмен ережелердің, өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын, жабдықтың бекітілген жұмыс істеу тәртібінің сақталуын;

персоналмен ауысымды қабылдау-тапсыру, жедел құжаттаманың жүргізілу тәртібінің, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын;

персоналмен жабдық жұмысындағы ақаулардың және олқылықтардың уақтылы анықталуын және оларды жою үшін шаралардың қабылдануын;

жөндеу және арнайы жұмыстарды орындаған кезде жүктелім-рұқсат беру жүйесінің дұрыс пайдаланылуын;

персоналмен жұмыс орындарында еңбек гигиенасының сақталуын;

қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі құралдары мен аспаптарының болуын және дұрыстығын.

85. Жұмыс орындарын аралау әрбір жұмыс орнын кемінде жарты жылда бір рет ұйым басшыларының бірімен, ал құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен – кемінде айына бір рет бақыланатындай етіп ұйымдастырылады.

Энергонысанның әрбір басшысы ай сайын кемінде бір жұмыс орнын, ал құрылымдық бөлімше басшысы – аптасына кем дегенде бір жұмыс орнын тексеруі керек.

86. Әрбір жұмыс орнын аралаудың нәтижелері жұмыс орнында жедел журналда немесе басқа жедел құжаттамада рәсімделуі керек.

13. Персоналмен жұмыс істеудің ұжымдық түрлері
87. Әдетте, жеке сипатта болатын персоналмен жұмыстың аталған түрлерімен қатар, ұйымдарда ауысым, бригадалар, бөлімшелердің және басқа ұжымдарымен жұмыс жүргізілуі керек. Персоналмен жұмыстың ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:

өндірістік кеңестер;

байқаулар-жарыстар;

кәсіби шеберлік бойынша жарыстар;

еңбектің қорғалуын қоғамдық бақылау;

ақпаратпен қамтамасыз ету.

88. Өндірістік кеңестер жұмысты қорытындылау, өкімші құжаттарды анықтап алу, орын алған технологиялық бұзушылықтарды, жарақаттанушылық, өрт, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушылық жағдайларын талдау мақсатында ай сайын цехтарда, ауысымдарда, бригадаларда, учаскелерде өткізілуі керек.

Электр бекеттерінің жедел қызметкерлеріне Өндірістік кеңестерді ауысым бастықтары өткізеді. Электр бекеттерінің және жөндеу ұйымдарының, электр және жылу тораптарының құрылымдық бөлімшелерінің жөндеу-реттеу персоналына өндірістік кеңестерді цехтардың, қызметтердің, аудандардың, учаскелердің басшылары өткізеді.

89. Ұйымда қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіпшілер одағының органымен (мұндай орган болмаған жағдайда – қызметкерлердің ортақ жиналысымен) тағайындалған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.

Қосымша 1

(Ұсынылатын)

Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына


Кіріспе нұсқамалықтың болжалды сұрақтарының тізбесі
1. Кәсіпорын (ұйым) туралы жалпы мәлімет, өндірістің өзіндік ерекшеліктері.

2. Еңбекті қорғау туралы заңнаманың басты ережелері:

1) Еңбек шарты, жұмыс уақыты және демалу уақыты. Әйелдер мен 18 жасқа жетпеген тұлғалардың еңбегін қорғау. Жеңілдіктер мен өтемақылар.

2) Ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелері, ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

3) Нысанда еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Еңбекті қорғау жағдайын ведомстволық, мемлекеттік қадағалау.

3. Жұмысшылардың нысан территориясында, өндірістік және көмекші ғимараттарда жалпы жүріс-тұрыс ережелері. Негізгі цехтардың, қызметтердің, көмекші ғимараттардың орналасуы.

4. Осы өндіріс үшін тән негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жазатайым оқиғалардың және кәсіби ауырудың алдын алу әдістері мен тәсілдері. Ұжымдық қорғану құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, дабыл.

5. Өндірістік санитария және жеке гигиенаның негізгі талаптары.

6. Жеке қорғану құралдары. Жеке қорғану құралдарын беру тәртібі және нормалары, тасу мерзімі.

7. Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін осы өндірісте және басқа ұқсас нысандарда болған жеке өзіндік жазатайым уақиғалардың, апаттардың, өрттердің себептері және жағдайлары.

8. Жазатайым уақиғалар мен кәсіби ауыруларды тексеру және рәсімдеу тәртібі.

9. Өрт қауіпсіздігі. Өрттің алдын алу әдістері мен тәсілдері. Олар туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті.

10. Зардап шекккендерге алғашқы көмек. Жұмысшылардың жарақаттанған кезде іс-әрекеті.

Қосымша 2

(Ұсынылатын)

Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына

Пішін 297х210

Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналының нысаны

(Мұқабасы)
Кіріспе нұсқамалықты тіркеу

журналы
_____________________

(мекеменің атауы)

Басталды___________________________________ 20__ж.

Аяқталды___________________________________ 20___ж.
_______________________________________________________________
Ескертулер: 1. Журнал беттері нөмірленуі және алынып қалудан қорғалуы керек.

2. Толтырылған журналды сақтау мерзімі 10 жыл.


Қосымша 2

(аяқталуы)
Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналының нысаны

(келесі беттер)




Нұсқамалық

күн


Нұсқамалық жүргізгеннің

Т.а.ж.


Нұсқамалық

(лауазымы)



Нұсқамалықжүргізілген қызметкер жіберіліетін

бөлімшенің

атауы


Нұсқамалық жүргізілгеннің Т.а.ж..

Қолдар

Нұсқамалық

жүргізушуінің




Нұсқамалық

жүргізілгеннің




1

2

3

4

5

6

7





















Қосымша 3

(Ұсынылатын)

Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына




Кіріспе нұсқамалықтың болжалды сұрақтарының тізбесі
1. Осы өндірістік учаскедегі технологиялық үдеріс және жабдық туралы жалпы мәліметтер. Осы технологиялық үдеріс кезінде туындайтын басты қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

2. Жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және ұстау.

3. Жабдық құрылғысы, қызмет көрсетудің қауіпті аймақтары. Сақтандырғыш жабдықтар және қоршаулар, бұғаулау және дабыл жүйелері.

4. Жұмысқа дайындау тәртібі (жабдықтың, іске қосу құрылғыларының, құрал-саймандарды және бұғаулау, жерге тұйықтау құрылғыларының және басқа да қауіпсіздік құралдары мен құрылғыларының дұрыстығын тексеру). Жеке қорғану құралдары мен оларды пайдалану ережелері.

5. Жұмыстың қауіпсіз амалдары мен тәсілдері. Қауіпті жағдай туындаған кезде іс-әрекеттері.

6. Жұмысшылардың нысан, цех, учаске аумағында қауіпсіз жүру схемасы.

7. Цех ішіндегі көлік және жүк көтергіш құралдар мен механизмдер. Жүкті тиеу-түсіру және тасымалдаған кезде қауіпсіздік техникасы.

8. Апаттарға, жарылыстарға, өндірістік жарақат жағдайларына тән сипаттар, олардың алдын алу шаралары.

Қызметкерлердің апат, жарылыс, өрт кезінде әрекеттері. Өртті сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері, олардың орналасқан жерлері.

Қосымша 4

(Ұсынылатын)

Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына


Пішін 297х210

Жұмыс орнында нұсқамалықты тіркеу журналы

(Титул парағы)

Жұмыс орнында нұсқамалықты

тіркеу журналы
_____________________

(ұйым, цех,

______________________

учаске, бритгада және т.б. атауы)

Басталды___________________________________ 20__ж.
аяқталды___________________________________ 20___ж.
_______________________________________________________________
Ескертулер: 1. Журнал беттері нөмірленуі және алынып қалудан қорғалуы керек.

2. Толтырылған журналды сақтау мерзімі 10 жыл


Қосымша 4

(жалғасы)
Жұмыс орнында нұсқамалықты тіркеу журналы

(Екінші және үшінші беттері)


Нұсқама жүргізілетін қызметкерлердің тізімі




№№

Тегі, инициалдары

Лауазымы

(мамандығы)



Беті











Ескерту: Журналда мақсатты топтық нұсқамалықтарды тіркеу үшін беттерді алдын ала қарастыру қажет.

Қосымша 4

(соңы)
Жұмыс орнында нұсқамалықты тіркеу журналы

(Келесі беттер)

_____________________________________________________________________


_______________________ ______________________

(тегі, инициалдары) (лауазымы)





Нұсқамалықты

өткізу күні



Нұсқамалықтың түрі

Жоспардың тыс нұсқама

лықты өткізу себебі



Нұсқамалықтың тақырыбы

Нұсқамалықты жүргізушінуің Т.А.Ж..

Қолдар

Нұсқамалық жүргізушінің

Нұсқамалық жүргізілгеннің






















Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет